Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Технология / Конспекты / Технология сабағында жобалау әдісін қолдану

Технология сабағында жобалау әдісін қолдану

  • Технология

Поделитесь материалом с коллегами:

Технология сабағында жобалау әдісін қолдану 
Шығармашылық жоба - әр оқушының жыл бойы мұғалімнің көмегімен орындайтын өзіндік жұмысы, басқаша айтқанда, технология пәні бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыс. Әрине жасалатын жобаның сапасы оқушының біліктілігіне, технология пәнінен алған біліміне, оқулықтағы материалды қалай меңгергеніне тікелей байланысты.

Жоба - әртүрлі бөлімдерден, арнайы сызбалардан, суреттерден, нобайлардан және жасалатын бұйымның технологиялық картасынан құралуы мүмкін. Ол бұйымды жасаған кезде есеп, экономикалық немесе экологиялық дәлелді түсінік хаттар да пайдаланылады.

Жобаның бірнеше нұсқасы болуы мүмкін. Мысалы, өте қүрделі жобаны оқушының өзі ғана орындауы шарт емес. Сондықтан жобаның кейбір бөлігі дайын күйде берілсе, кейбір бөлімін оқушы мұғалімнің, ата-ананың, т.б. көмегімен орындай алады. Егер бір күрделі жобаны, бірнеше оқушы бірлеісп орындас, әр оқушының үлесі алдын ала анықталуы қажет. Ол оқу жылының соңында өзінің орындаған шығармашылық жобасын оқушылардың және мұғалімнің алдында қорғайды.

Жобаны қорғау барысында қолданатын бұйымның ішінен қандай затты таңдап алу, ол бұым қоғамға, өзіне достарына және ата-анасына қандай пайда келтіретіні ескеріледі. Мысалы: оқушы жататын бөлмесін немесе асхананы жиһазбен жабдықтағысы немесе өзіне белгілі бір машинаның, механизмнің конструкциясын жаңаша, бәлкім дайын констраукциясын жаңалап, оны әшекейлегісі келетін шығар. Ол үшін таңдап алған жобасын дәлелдеп, неліктен осы бұйымды жасағысы келетін түсіндіреді.



Жобалау әдістемесінің талабы: 


  1. Міндетті түрде шешілетін мәселенің зерттемелік, ақпараттық, тәжрибелік болуы; 


  2. Жобаны орындау іс-әрекеті жобалаудан, нәтиже мен жария ету түрін ойластырудан баталады; 


  3. Әр жоба оқушыдан зерттеушілік жұмысты талап етеді. Сонымен, жобалау іс-әрекетінің ерекшелігі – ақпаратты іздеу болып табылады. Ол ақпарат артынан талқыланып, дайындалып, жобалау тобына ұсынылады. 


  4. Жобаның шығуының ең соңғы сатысы – нәтиже; 






  1. Жұмысты жоспарлау. 


  2. Сызбаны және технологиялық картаны дайындау. 


  3. Бұйым жайындауға материал, құрал-сайман және жабдықтар таңдау. 


  4. Бұйым дайындау. 


  5. Бұйымды сынау. 


  6. Мұғаліммен ақылдасу (қажет болса өзгерістер енгізу). 


  7. Көркем безендіру. 


3. Қорытынды кезең:

1. Жобаны алдын ала қорғауға дайындау және кемшіліктерін түзету;

2. Жобаны қорғау;

3. Жобаны бағалау;

4. Ұсыныстар;

- технология бойынша көрмеге қатысу;

- материалды оқу шеберханаларында көрнекі құрал ретінде қолдану;

- жеке қолдану.

5. Өзін-өзі бағалау және жұмысты жетілдіру туралы оқушы ұсынысы.

Ш 
Шығармашылық



жоба 

Рөлдік 

жоба 

Зерттеу 

жобасы 

Ақпараттық 

жоба 

Тәжірибелі 

Бағдарланған 

жоба 
ығармашылық жобаның технология пәнінде алатын өте зор. Шығармашылық жоба арқылы оқушының ұлттық дүниетанымы, эстетикалық талғамы дамиды. Оқушылар санасына жас кезінен бастап еңбек етудің қажеттілігін, маңыздылығын сіңіру, пайдалы іс жасауға, қандай іс болса да шын ниетпен және ұқыпты орындауға дағдыланды. 

«Алтын ине» бағдарламасы 
Аптасына 1 рет,2 сағат, жылына 68 сағат. Технологияпәні бойынша білім сапасының деңгейін жоғарылату мақсатында ұйымдастырылған «Алтын ине» үйірмесінің бағдарламасы – қазақстан Республикасының жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына негізделе отырып құрастырылды.http://flatik.ru/flax/558/557524/557524_html_m148f20b1.gifhttp://flatik.ru/flax/558/557524/557524_html_m415ec90d.gifhttp://flatik.ru/flax/558/557524/557524_html_4ba79d7d.gifhttp://flatik.ru/flax/558/557524/557524_html_m427a1681.gifhttp://flatik.ru/flax/558/557524/557524_html_m5f46a35d.gifhttp://flatik.ru/flax/558/557524/557524_html_60b42925.gif

Авторлық бағдарламасының мақсаты:

1. Ұлттық халық қазыналарының мәні мен пайдасын, ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлердің ерекшеліктерін оқушыға дәріптеу;

2. Сәндік-қолданбалы өнерді меңгерте отырып, оқушыларды еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, ұқыптылыққа, төзімділікке тәрибелеу;

3. Өз бетінше жұмыс дағдысын, бастаған ісіні тиянақыты, дер кезінде орындауға жұмылдырып және шығармашылық қабілетін дамыту.

Еңбекке тәрбиелеудегі міндеттері:

1. Жұмысты ұйымдастырып, керекті метериалдарды тиімді, ұқыпты пайдалана білук.

2. Оқушылардың іскерліктері мен дағыдалын қалыптастыру.

3. Оқушыларды еңбекке тәрбиелелеп, еңбек мәдениеті мен техника қауіпсіздігінің бастапқы элементтерін меңгеруге бағыттау.

4. Оқуышының еңбекке қызығушылық ынтасын нығайту және ой-өрісін кеңейтіп, мамандықты дұрыс таңдауға бағыттау.

5. Еңбектің қажеттілігін білуін бастаған ісін талғаммен аяқтауын қадағалау.

6. Балаларды тек жеке бастары үшін еңбек етуге емес, халықтық ортақ үшін еңбектенуге үйрету.

Баланың білімін тереңдетуде, шығармашылық қабылетін дамытуда, еңбекке қызығушылығы мен ой-өрісін кеңейтуде және эстетикалық талғам деңгейін жоғарылату барысында – «Алтын ине» үйірмесінің орны ерекше. Бұл бағадарлама баланың оқу процесінде алған білімін үйірмеде қолданып, сәндік-қолданбалы өнердің қыр-сырымен сусындап, халық шеберлерінің ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан керемет шығармаларымен таныса отырып, шеберлікке, еңбексүйгіштікке шыңдалуына мүмкіндік береді. Бағдарлама ұлттық қолөнерді игеру арқылы халқының тарихи құндылықтарын біліп, мәдени мұрамын қадірлеп, салт-дәстүрді өз бойларына сақтап, кәсіби ісіне қажетті эстетикалық, этикалық ұлттық қасиеттерді қалыптастыруға негізделген. 
Тест сұрақтары. 
1. Қазақстанда мақта өсіретін аймақ?

А) Оңтүстік Қазақстан

Ә) Оңтүстік Шығыс

Б) Қарағанды



2. Қазақстанға мақта қайдан тасып әкелінген?

А) Ұлы Жібек-жолы арқылы Ресейден

Ә) АҚШ-тан

Б) Ресейден



3. Қол жұмысын орындағанда ескеретін қауіпсіздік ережесі.

А) Инені тоққа қосарда қол су болмау керек.

Ә) Инені ауызға салмай, қанша екенін санау.

Б) тігін машинасына жақын отырмау.



4. Көктеу деген не?

А) Сәндік, әшекейлі тігістер

Ә) Машинамен тігер алдындағы әзірлік процесс

Б) Бөлшек екі матаның шетін өңдеу.



5. Ою-өрнек латынша қандай мағына береді? 

Біріктіру, жапсыру

А) Біріктіру, жапсыру.

Ә) Әсемдеу, сәндеу

Б) Мүйіз оюлар



6. Ою-өрнек түрлері қандай қорғаннан табылған?

А) Алтайдың Пазырық жерінен

Ә) Алтайдан

Б) Айша бибі мазарынан



7. Құрақ қандай фигуралардан тұрады?

А) Графикалық

Ә) Геометриялық

Б) Арифметикалық



8. Ресейде тігін машинасын шығаратын қандай зауыт бар?

А) Зигзаг

Ә) Зингер

Б) Подольск



9. Өндірістік киімдерге қандай киімдер жатады?

А) Санитарлық, аспаздық, дәрігерлік.

Ә) Милиция, ұшқыш, әскери

Б) Спорттық, ұлттық, салтанатты.



10. Сәндік-қолданбалы өнер түрлері

А) Кесте, тоқу, ою

Ә) Ұлттық киімдер сызбасы

Б) Мата өңдеу



Жауаптары: 1-а, 2-а, 3-ә, 4-ә,5-а, 6-ә, 7-ә, 8-ә, 9-а, 10-а. 

Краткое описание документа:

Шығармашылық жоба - әр оқушының жыл бойы мұғалімнің көмегімен орындайтын өзіндік жұмысы, басқаша айтқанда, технология пәні бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыс. Әрине жасалатын жобаның сапасы оқушының біліктілігіне, технология пәнінен алған біліміне, оқулықтағы материалды қалай меңгергеніне тікелей байланысты.

Жоба - әртүрлі бөлімдерден, арнайы сызбалардан, суреттерден, нобайлардан және жасалатын бұйымның технологиялық картасынан құралуы мүмкін. Ол бұйымды жасаған кезде есеп, экономикалық немесе экологиялық дәлелді түсінік хаттар да пайдаланылады.

Жобаның бірнеше нұсқасы болуы мүмкін. Мысалы, өте қүрделі жобаны оқушының өзі ғана орындауы шарт емес. Сондықтан жобаның кейбір бөлігі дайын күйде берілсе, кейбір бөлімін оқушы мұғалімнің, ата-ананың, т.б. көмегімен орындай алады. Егер бір күрделі жобаны, бірнеше оқушы бірлеісп орындас, әр оқушының үлесі алдын ала анықталуы қажет. Ол оқу жылының соңында өзінің орындаған шығармашылық жобасын оқушылардың және мұғалімнің алдында қорғайды.

Автор
Дата добавления 05.05.2015
Раздел Технология
Подраздел Конспекты
Просмотров585
Номер материала 266121
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх