Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Технология / Презентации / Технология сабағындағы оқушылардың қолөнерге деген қызығушылықтарын арттыру

Технология сабағындағы оқушылардың қолөнерге деген қызығушылықтарын арттыру


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Технология
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДАҒЫ ТЕХНОЛОГИЯ САБАҒЫНЫҢ РӨЛІ   Куандыкова...
Елбасымыздың «Мәңгілік ел» жолдауында білім беру саласына қатысты нақты мінд...
Жарамсыздық (осы мамандыққа). Ол уақытша немесе тұрақты болуы мүмкін. Жұмысқа...
-азаматтық қасиеттері (мысалы, отансүйгіштік, патриоттық, ұжымдылық, ортақ па...
Елбасымыздың «Бәсеке болған жерде, сапа бар»,- деген ұғымын бірінші орынға қо...
Бисер. Бисердің шығу тарихы. Су моншақтан сөмке тоқу технологиясы. Білімділіг...
Модель №3. Бұл сөмке бисерден леска арқылы тоқылған.Бисерлер параллель және а...
Қорытындылай келе, барлық сыныптарда оқушылар білезіктер, сөмкелер, түрлі ак...
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
1 из 9

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДАҒЫ ТЕХНОЛОГИЯ САБАҒЫНЫҢ РӨЛІ   Куандыкова
Описание слайда:

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДАҒЫ ТЕХНОЛОГИЯ САБАҒЫНЫҢ РӨЛІ   Куандыкова Тлеужан Аманжоловна Облыстык мамандандырылған дарынды балаларға арналған «Мұрагер» мектеп-интернатының технология пәнінің мұғалімі Қарағанды қаласы

№ слайда 2 Елбасымыздың «Мәңгілік ел» жолдауында білім беру саласына қатысты нақты мінд
Описание слайда:

Елбасымыздың «Мәңгілік ел» жолдауында білім беру саласына қатысты нақты міндеттер қойды. Бұл мұғалімдер қауымына көп ізденуді талап етеді. Болашақтағы білікті мамандар – мектеп оқушылары болғандықтан, оларды ұлттық негізде тәрбиелеп, жаңа заманға, жаңа технологияға сай сабақты түрлендіріп өткізсе, еңбек нәтижелі болмақ. Кәсіби жарамдылық – адамның жұмысы мен мамандығыны, өзара сәйкестігі. Атап айтқанда өзара: «адам – мамандық». Кез келген адамның белгілі қасиеттері, ерекшеліктері болады. Тұлғаның мамандық талаптарына қаншалықты сәйкес келетіндігі бойынша адамның кәсіби жарамдылығы туралы шешім қабылдауға болады.

№ слайда 3 Жарамсыздық (осы мамандыққа). Ол уақытша немесе тұрақты болуы мүмкін. Жұмысқа
Описание слайда:

Жарамсыздық (осы мамандыққа). Ол уақытша немесе тұрақты болуы мүмкін. Жұмысқа жарамсыздық денсаулық күйінің ауытқуына, бұл жағдайда дәрігерлердің шешіміне байланысты болады. Абсолюттік жарамдылық – жұмыста күтпеген жағдай және ахуалдардың пайда болу мүмкіндігі бар, денсаулық және адамдардың өміріне қауіпті мамандықтардың өкілдеріне (энергосистемалардың операторы, ұшқыш, хирург қажет). Сол тәрізді өнерге қажетті мамандықтар жөнінде де солай айтуға болады: мысалы, бейнелеу өнеріне қабілеті жоқ адамның суретші, сәулетші, мүсінші болуы екі талай. Жарамдылық (бір мамандыққа немесе мамандықтар тобына). Бұл кәсіби жарамдылық бір немесе бірнеше салаларда еңбекке қарсы көрсеткіштердің (жарамау) жоқтығымен сипатталады, бірақ бейімділіктерді де көрсетпейді. Бейімділік (осы мамандыққа, қызмет саласына). Ол адамның еңбеккер ретінде даму кезеңіндегі кәсіби жарамдылығының жоғарғы деңгейі деп санауға болады. Бұл жерде адамның үйрену және даму барысында, өзімен бірдей жағдайдағы құрдастары арасында, оның қандай ерекшеліктерімен өзгешеленетіні туралы сөз болып отыр. Кәсіби жарамдылықты үш дәрежесі бойынша танып біледі.

№ слайда 4 -азаматтық қасиеттері (мысалы, отансүйгіштік, патриоттық, ұжымдылық, ортақ па
Описание слайда:

-азаматтық қасиеттері (мысалы, отансүйгіштік, патриоттық, ұжымдылық, ортақ пайдаға еңбек сіңіру және т.б.); -еңбексүйгіштігі, еңбекке адал ниетпен қарауы, ойының тереңдігі мен кеңдігі, икемділігі; -өзіндік тәртібі, өзін-өзі бақылау қабілетінің дамуы, ынталылығы, денсаулық жағдайы; арнайы қабілеттілігі (мысалы, музыкалық қабілетінің жақсы дамуы). Адамның жұмысқа деген кәсіби жарамдылығы келесі негізгі қасиеттер бойынша анықталады:

№ слайда 5 Елбасымыздың «Бәсеке болған жерде, сапа бар»,- деген ұғымын бірінші орынға қо
Описание слайда:

Елбасымыздың «Бәсеке болған жерде, сапа бар»,- деген ұғымын бірінші орынға қойып, көбіне жарыс түрінде өткіземіз. Жарыс кезінде бұйымның сапасына, орындалуына, қауіпсіздік ережелерінің сақталуына, топ болып ұжымның барлығы жұмыс жасауына көп көңіл бөлінеді. Әрдайым жасаған бұйымдарымызды мектеп ішінде ұйымдастырылатын көрмеде қойып отырамыз. Кестелеу, аппликация, тоқу, бисермен кестелеу, бисермен тоқу тақырыптарына көптеп көңіл бөлінеді. (Мысалы, егер бисерден сөмке тоқу керек болса, олар сөмкенің әшекейлеуін, түсін, мөлшерін, стилін, моделін бір-бірінің жұмысына мүлдем ұқсатпауға тырысады). Қыз балалардың көбі моншақпен, бисермен тоқығанды ұнатады.

№ слайда 6 Бисер. Бисердің шығу тарихы. Су моншақтан сөмке тоқу технологиясы. Білімділіг
Описание слайда:

Бисер. Бисердің шығу тарихы. Су моншақтан сөмке тоқу технологиясы. Білімділігі – Бисердің шығу тарихымен таныстыру. Жобаның дайындалу кезеңін,тоқу технологиясын үйрету. Дамытушылығы – оқушылардың су моншақпен жұмыс істеудегі шеберлігін арттырып, білімін жүйелеу. Өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тәрбиелілігі–оқушыларды мәдениеттілікке, төзімділікке, әдемілікке тәрбиелеп, эстетикалық талғамдарын арттыру. Сабақ мақсаты:

№ слайда 7 Модель №3. Бұл сөмке бисерден леска арқылы тоқылған.Бисерлер параллель және а
Описание слайда:

Модель №3. Бұл сөмке бисерден леска арқылы тоқылған.Бисерлер параллель және айқас әдіспен орындалған.Ұстайтын ұстағышы аса үлкен емес, аса кішкене де емес. Алдыңғы бөлігінде сөмкенің аузын буып тұратын лента тағылған.Негізгі бисер түсі қызыл түстен болса, ал лента түсі – қара. Лента атлас матадан тігілген. Ортасында бисерлерді қосатын үлкен моншақтар бар. Мен өзімнің салған сөмкелерімнің ішінен №3 модельді таңдап алдым. Бұл сөмке қыздарға және аналарымызға да ұстауға ыңғайлы. Ендігі тоқталатынымыз жасалу кезеңдері: Материалдарды дұрыс таңдау Нұсқау картасын дайындау Есебін жасау Бұйым құндылығын анықтау, тексеру, көркемдеу Жобаны қорғау, қорытындылау. Сендер тоқыған сөмкелеріңе сұраныс болу үшін , жарнама жасауларың керек. Енді сөмкеге байланысты жарнама жасап көріңдер. Мысалы, Бисермен тоқылған ең ыңғайлы, Ұстап жүру әрқашанда оңтайлы Анаға да, қыздарға да сай тұрған Сыйлыққа да беруге оны болады Өте тамаша, сендердің сөмкелеріңді барлық ел талап әкететин болды.

№ слайда 8 Қорытындылай келе, барлық сыныптарда оқушылар білезіктер, сөмкелер, түрлі ак
Описание слайда:

Қорытындылай келе, барлық сыныптарда оқушылар білезіктер, сөмкелер, түрлі аксессуарлар, интерьерге керекті гүлдер, вазалар, талдар, т.б. бұйымдар жасағанды ұнатады. Бірі бисерден тоқып, бірі бисермен кестелеп, ал екіншісі тоқыма тоқып, кестелеп те үлгерді. Қолдан жасалған бұйымдар әрдайым қымбат әрі сұранысқа ие болып табылады. Жұмыстарымыз тек қана пайда әкелмей, түрлі жарыстарда, көрмелерде жоғары орындарға, алғыс хаттарға ие болып жүр. 2012ж - Марат Айгерім ІІІ орын Қарағанды мемлекеттік хайуанаттар паркі 2012ж. - Шакирова Ақбота сертификат Қарағанды қаласының білім бөлімі әдістемелік кабинет 2012ж. - Шакирова Ақбота құттықтау хат Қарағанды облысы бойынша балалардың құқықтарын қорғау департаменті 2012ж. – Сулейменова Диляра сертификат Қарағанды қаласының білім бөлімі әдістемелік кабинет 2012ж. – Жәнібекова Дайана сертификат Қарағанды қаласының білім бөлімі әдістемелік кабинет 2012ж. – Әбіл Ділара сертификат Қарағанды қаласының білім бөлімі әдістемелік кабинет 2013ж. – Бокан Дарига грамота Е.А. Бөкетов атындағы мемлекеттік университеті.

№ слайда 9 НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Описание слайда:

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!


57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 11.11.2015
Раздел Технология
Подраздел Презентации
Просмотров152
Номер материала ДВ-145615
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх