Инфоурок Технология КонспектыТехнология әдістемесі пәнінен "Ғажайып өрмекшіторы" тақырыбы бойынша сабақ жоспары

Технология әдістемесі пәнінен "Ғажайып өрмекшіторы" тақырыбы бойынша сабақ жоспары

Скачать материал

 

 

Сабақ жоспары

 

Пәні:

Технология әдістемесі

Тобы:

3аКДО

Уақыты:

18.12.2013

Сабақтың тақырыбы:

Ғажайып өрмекшіторы

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

 

А) ақпараттық құзыреттілік

Студенттерге жіппен бейнелеу әдістерін түсіндіре отырып, тарихымен таныстыру, орындалу жолдарын көрсету.

Ә) коммуникативтік құзыреттілік

Жіппен бейнелу арқылы орындалатын шеңбер, үшбұрыштардан түрлі бейнелерді құрастыру әдістрін меңгерту.

Б) проблеманы шешу құзыреттілігі

Жіппен бейнелеу технологиясын қолдана отырып түрлі композициялар құрастыра білуге үйрету.

Сабақтың типі:

Ааралас

Сабақтың әдісі:

Ауызша, АКТ, машықтық

Пәнаралық байланыс:

Бейнелеу өнері, сызу

Қажетті құралдар мен материалдар

 

Сабақтың барысы:

Оқытушының қызметі

Студенттің қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру бөлімі

Студенттермен амандаса отырып, сабаққа дайындау, құрал жабдықтарын дайындату.

Оқытушымен амандаса отырып, сабаққа дайындалады.

Сабаққа дайын болады.

ІІ. Үй тапсырмасы тексеру

 

Сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасы тексеріледі:

  1. Жіп арқылы тұмарша дайындауда қандай әдіс қолданылды?
  2. Жіпті ораудың кестелеуден айырмашылығы қандай?

 

  1. Жіптерді айқастыра отырып орау техникасы қолданылды.
  2. Кестелеуде тігіс түрлері қолданылса, жіпті орағанда сызықтарды айқастыра отырып бейнелейді.

Үй тапсырмасын толық орындайды, сұрақтарға жауап бере алады.

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру

Оқытушы жаңа сабақтың тақырыбын хабарлай отырып, жаңа материалды түсіндіреді. Жаңа сабақ тақырыбы «Ғажайып өрмекшіторы». Жалпы бұл жіппен  бейнелеу  өнері бірінші  рет  Англияда XVII ғ. пайда  болған. Ағылшын  тоқымашылары  жіппен тоқудың ерекше тәсілдерін  ойлап  тапты. Тақтайшаларға шегелер қағып, белгілі бір тәртіп бойынша жіпті тартқан. Осындай әдіспен жасалған бұйымдар тұрмыста безендіру мақсатында қолданылып, үйдің сәнін келтірген.

   Қазіргі  уақытта   жіппен  бейнелеу   өнері  жақсы танымал, мұндай бұйымдар интерьерді безендіруде, сыйлықтарды  орындағанда кеңінен қолданылады.

Балабақшада осы техникада орындалатын жұмыстар балалардың жан – жақты дамуына және түрлі түсініктерді меңгеруіне ықпалын тигізеді.

1. Түрлі пішіндермен танысады;

2. Салыстырмалы түсініктерді меңгереді: үлкен – кіші, жоғары – төмен, оң және сол жағы, ортасы – шеті.

3. Түрлі түстердің айырмашылығын меңгеріп, қажетті түстерді таңдап үйренеді;

4. Жіптердің қалыңдығын, материалдың оң және теріс жақтарын меңгереді.

5. Жіппен, инемен және трафаретпен жұмыс жасап үйренеді;

6. Қол қимылдары, көзбен мөлшерлеу дағдылары дамиды;

7. Шыдамдылыққа, ұқыптылыққа үйренеді;

8. Сөздік құрамдары толығып, сөйлеу мәдениеті дамиды;

Студенттер жіппен бейнелеу технологиясымен таныса отырып, осы техникада орындалған жұмыстармен танысады. Жіппен бейнелеу техникасының балалардың дамуына тигізетін әсерін танып біледі.

Жіппен бейнелеу техникасы жөнінде түсінік қалыптасып, осы техникада орындалған жұмыстар жөнінде мәлімет қорлары толығады.

Балабақшада орындалатын жұмыс түрлері жөнінде толық біледі. Балалардың құзыреттілігін қалыптастырудағы негізгі мәндеттерді меңгереді. 

Көрсетілген жұмыс түрлерін техникасына сай талдай алады.

ІV. Машықтық жұмыс

 

Жіппен бейнелеу техникасында орындалатын жұмыс балапан бейнесі. Бұл бейне кездейсоқ таңдалып алынған жоқ. Өйткені балаларға балапан бейнесі өте жақын. Балаларға арналған бейнелерде, өлеңдерде, әдеби шығармаларда, ертегілерде, көріністерде, атауларда көп қолданылады. Кішкентай баланы балапаным деп атайтыны да сондықтан. Балапан бейнесін жіппен бейнелеуде шеңбер және бұрыш пішіндері қолданылады.

Бұйымды орындауға қажетті материал және құралдар:

  1. 20-30 см болатын көк немесе жасыл түсті картон
  2. Сары түсті жіп және ине
  3. Сызғыш, қарындаш, циркуль  

Бұйымды жасау кезеңдері Activstudio бағдарламасы арқылы интерактивті тақтада сызып түсіндіріледі.

  1. Балапан кеудесі – D 10 см өшемдегі шеңбер сызып, оны 32 бөлікке бөлу
  2. Балапан басы - D 5 см өлшемдегі шеңбер сызып, оны 24 бөлікке бөлу
  3. Балапан аяқтары – қабырғасы 4 см өлшемдегі 2 бұрыш сызу, оны 8 бөлікке бөлу
  4. Балапан тұмсығы - қабырғасы 3 см өлшемдегі бұрыш сызу, оны 6 бөлікке бөлу

Шеңберлер сары түсті жіппен, аяқтары мен тұмсығы қоңыр жіппен бейнеленеді.

Студенттер бұйымды жасауға қажетті материал және құралдарды түгендеп, жасалу кезеңдерімен танысады. 

Балапан бейнесін шеңбер және бұрыш пішіндерінен жіппен бейнелей отырып құрастырады.

 

 

 

Өлшеу, белгілеу құралдарымен талапқа сай жұмыстана отырып, шеңбер және бұрыш кескіндерін орындай алады. Шеңберді тең бөліктерге бөлу әдісін орындай алады.

Балапан бейнесін түрлі пішіндерден жіппен бейнелей отырып орындау техникасын меңгереді.

 V. Қорытындылау. Үйге тапсырма.

Сабақ соңында студенттердің орындаған жұмыстары таданып, сараланады, бағаланады. Өтілген материал сұрақтар қою арқылы пысықталады:

  1. Жіппен бейнелеу техникасының негізгі ерекшелігі қандай?

Балапан бейнесін құрастыруда қандай пішіндер қолданылады?

Студенттер жұмыстарына сипаттама жасап, сұрақтарға жауап береді.

1.      Жіппен сызықтарды айқастыра отырып бейнелеу.

2.      Шеңбер және бұрыш пішіндері.

Берілген сұрақтарға толық жауап бере отырып, жаңа материалды толық меңгереді. Балапан бейнесін жіппен бейнелеу техникасын меңгереді.  

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Технология әдістемесі пәнінен "Ғажайып өрмекшіторы" тақырыбы бойынша сабақ жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по тяжелой атлетике

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

 

Бұл сабақ 0101000 –«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша технология әдістемесі пәнінен өткізілді. Сабақта студенттер жіппен бейнелеудің тәсілдерін меңгерді.     Жалпы бұл жіппен  бейнелеу  өнері бірінші  рет  Англияда XVII ғ. пайда болған. Ағылшын  тоқымашылары  жіппен тоқудың ерекше тәсілдерін  ойлап  тапты. Тақтайшаларға шегелер қағып, белгілі бір тәртіп бойынша жіпті тартқан. Осындай әдіспен жасалған бұйымдар тұрмыста безендіру мақсатында қолданылып, үйдің сәнін келтірген. Қазіргі  уақытта   жіппен  бейнелеу   өнері  жақсы танымал, мұндай бұйымдар интерьерді безендіруде, сыйлықтарды  орындағанда кеңінен қолданылады.

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 611 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 31.01.2015 2017
    • DOCX 666 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Хамзин Нурлан Амангельдиевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Хамзин Нурлан Амангельдиевич
    Хамзин Нурлан Амангельдиевич
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 45816
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания технологии в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 241 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 071 человек

Курс повышения квалификации

Методика инструктажа и обучения в социальном учреждении по вопросам трудовой деятельности

180 ч.

3300 руб. 1650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания технологии с учетом реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 299 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 086 человек

Мини-курс

Общие понятия и диагностика антивитального поведения

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Волонтерство: история, типы и роль в образовании

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Художественная гимнастика: диагностика и технические аспекты

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Информационная интоксикация: методы исцеления

Перейти к трансляции