Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Технология / Конспекты / Технология сабағы. Сүт өнімдері.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Технология

Технология сабағы. Сүт өнімдері.

библиотека
материалов

219 Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебі

Серкебаева Жанат Шәкірбекқызы

Сүт және сүт өнімдері


Сабақтың мақсаты:

Сүт және сут тағамдары туралы мағлұмат беру

Білімділік: Төрт түлік малдан өндірілетін сүт өнімдері, қазақтың ұлттық сүт және сүт тағамдарының түрлері, дайындау тәсілдері туралы түсінік.

Дамытушылық: Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын, теориялық және практикада алған білімдерін күнделікті тұрмыста пайдалануға бағыт-бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істеуге, салыстыруға, бірінің пікірін бірі дамыта отырып, өзара сыйласуға, қорытынды шығаруға машықтану;

Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, үнемділікке, әдептілікке,

баулып, салт-дәстүрді сақтап, өз орнын таза ұстауға, қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту

Сабақтың көрнекілігі: Төрт түлік малдың суреті, бүктеме

Пәнаралық байланыс: Халықтық педагогика, әдебиет, биология, тарих

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру:

Оқушылармен сәлемдесемін;
• Оқушыларды түгендеймін;
• Оқушылардың құрал – жабдықтарын түгендеу;
• Оқушылардың зейіндерін сабаққа аударту.


Топқа бөлу.

Балалар 1,2,3-ке дейін санау арқылы 1-лер бөлек, 2,3 өз алдына топ

құрады.

"Сиқырлы сандықшадан өз топтарына есім алады.

1-топ "Балқаймақ"тобы,

2-топ "Кілегей"тобы,

3-топ "Балмұздақ" тобы


І.Қызығушылығын ояту сатысы.


Жаңа сабақты түсіндіру.


Біздің ата – бабаларымыз малдың қадірін білген. Халқымыз мал өсіруді, мал өнімдерін пайдалануды шебер меңгерген.
Төрт түлік малдан әр түрлі сүт өндіріледі. Түйеден – шұбат, биеден – қымыз, сиырдан – сүт, қойдан – қоймалтың, ешкіден – сүт.
Сүт – ең жұғымды тағамдардың бірі. Ламық сүтті ең жеңіл тағам ретінде бағалайды. Сүт сонымен қатар денсаулыққа пайдалы. Көптеген ауруларға ем. Өйткені сүтте көптеген дәрумендер бар.
Сүттің құрамында: сүт су, сүт қышқылы, белок, сүт қанты, минералды тұздар және майдан тұрады. Сүт құрамында он екі түрлі A, B, C, D дәрумендер, екі жүзден аса органикалық минералды қосылыстар бар.
Жылқының қымызы, түйенің шұбаты, қой, ешкі, сиырдың айраны мен құрты тамақ пен сусын ғана емес, денсаулыққа пайдасы бар дәрілік қасиеттері де бар тағамдар. Асқазан, жүрек, бүйрек, бауыр ауруларына пайдалы. Қазіргі өндіріс салаларында сүттен дайындалатын өнімдер өте көп.
Сүттен жасалатын тағамдар: қымыз, шұбат, қатық, айран, сары май, ірімшік, құрт, сүзбе, қаймақ сияқты ішетін, жейтін, сусындайтын алуан

түрлі тағам әзірлейді.

Айран – ұйытылған сүт. Оны қаймағы  алынған сүттен де, қаймағы алынбаған сүттен де ұйытуға болады. Ол үшін сүтті 5-10 минут қайнатып,  қанжылым қалыпқа түскенше суытады. Содан соң ұйытқы (ашытқы) қосып араластырады да, ыдысты жақсылап бүркеп тастайды. Ол 1–2  сағат аралығында ұйып болады. Ұйыған айран ашып кетпеуі үшін оны бетін ашып салқын жерге қояды. Айранды сусын ретінде, тағам ретінде де пайдалануға болады.
Шалап – көбіне жаз айларында шөл басатын бірден-бір пайдалы сусын. Шалап дайындау үшін алдымен айран немесе шұбатты үлкен ыдысқа құйып алады да үстіне су қосады. Оған бұлақ немесе құдық суын қосқан дұрыс. Өйткені олар өте таза, мөлдір, әрі салқын болады. Су қосқан соң қасықпен жақсылап араластырады. Бір литр айран немесе бір литр шұбатқа бір литр  су қосу керек. Айран немесе шұбат ащы болса үстіне құйылатын судың да мөлшері өзгереді.

Қымыз – биенің сүтінен дайындалатын денсаулыққа шипалы әрі жұғымды сусын. Қымыз қазақ  халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастарқан дәмінің бірі. 

Кілегей – шикі сүттің бетіне жиналатын маңызды қаймағы. Кілегей сиыр сүтінен алынады. Жаңа сауған жылы сүтті кең ыдысқа қотарып құйып, салқын жерге қояды. Сонда сүттің бетіне сары түсті маңызы қалқып шығып, қабыршақтанып жиналады. Оны қасықпен жайлап қалқып алады. Кілегей шайдың өңін ашып, дәмін келтіретін болғандықтан, оны көбінесе шайға қосады. Кілегейге тары, талқан, қуырған бидай, кептірілген қызыл ірімшік пен ақ ірімшіктері араластыруыға  болады.

Сары май – сиырдың, қойдың, ешкінің сүтінен алынады.Сүтті ашытқы салып, ұйытып сабаға не күбіге құйып, әбден толған кезде піседі.

Адал – таза,ақ жейтін тамақ. Мал және одан алынатын өнімдер қазақтың басты тамақтарының бірі. Қазақ халқының ішіп-жемінде сүт тағамдары ерекше орын алады. Төрт түлік малдың сүтін және одан жасалған айран, қымыз, шұбат сияқты сусындарды халқымыз "ағарған" немесе "ақ" деп атаған. Осы ақтан көптеген жылдар бойы әжелеріміз, аналарымыз тәжірибе жинақтай келе одан көптеген тамақ түрлері мен дайындау әдістерін білген және олардың көптеген қызықты атаулары, ерекше жасау, пісіру жолдары тағы бар. Сөйтіп бір сүттен, қою, қоймалжың, ащы, тұщы, жұмсақ, қатты, ұнтақ тағамдар жасап шығарған. Сүт тағамдары денсаулыққа пайдалы және қоректі қасиеті де мол.

Сүт бізге "табиғаттың өзі дайындаған тамаша тағамы" деп бағалаймыз. Біз тамақ ішу үшін өмір сүрмейміз, өмір сүру үшін тамақтанамыз.

Төрт түлік малдың пайдасына тоқталатын болсақ:

мінсе көлігі, ішсе сусыны, же, се тамағы, кисе киімі, тұтынса бұйымы, байлығы мақтанышы осы мал болған.
Ұлттық тағамдардың ішінде ежелгі және көпшілікке ортақ тағамның бірі ақ екенін жоғарыда айттық. «Ағы бардың бағы бар» деп қазақ халқы сүт тағамын бақыт, несібесі деп білген. Сүтті соншалық қасиеттеудің басты себебі – ол тіршілік арқауы, одан неше алуан құнарлы тағамдар әзірлеп, дастарқан молшылығын жасаған. «Қазақтардың сүттен жасайтын ұлттық тағамдарының түріне сан жетпейді» - деп жазған ертедегі бір зерттеуші. 



"Кубизм" стратегиясы бұл тақырыпты жан-жақты қамтуға мүмкіндік туғызатын оқыту стратегиясы. Кубиктің алты жағындағы тапсырмаларды орындау.

ІІ. Мағынаны ашу

Топ мүшелеріне тапсырма(жаңа сабақ)


Сүт-бұл сүтқоректілердің сүт бездерінен алынатын өнім. Сүт тағамдарының адам денсаулығына пайдасы өте мол. Олар денсаулықты шыңдап, өмірді ұзарта түседі. Соның ішінде сүттен ашытылған тағамдарда адам ағзасы үшін қажетті белоктар мен кальций көп кездеседі. Олар жүрек-қан тамырларының жұмысын жеңілдетіп, жүйкеге жағымды әсер етеді. Сүйектің беріктігін қалыптастырады. Сүттен ашытылған тағамдардың тағы бір бас­ты ерекшелігі, олардың бойындағы бактериялар ағзаны улайтын шірінді де зиянды заттарды жоюға қызмет етеді. Адам тағамында қой, сиыр, ешкі сүттері пайдаланылады. Сүттің сапасы мен дәмі көбінесе оның майлылығымен анықталады: майы көп болған сайын, оның дәмі де жақсы болып, құнарлылығы да артады. Сүт құрамында он екі түрлі A, B, C, D дәрумендер, екі жүзден аса органикалық минералды қосылыстар бар. Жылқының қымызы, түйенің шұбаты, қой, ешкі, сиырдың сүті денсаулыққа пайдалы дәрілік қасиеттері бар тағамдар. Асқазан, жүрек, бүйрек, бауыр ауруларына пайдалы. Қазіргі өндіріс салаларында сүттен дайындалатын өнімдер өте көп.
Мал өсіруге қолайлы ел – Қазақстан. Қай халыққа болмасын өте ерте заманнан бері мәлім жұғымды тағамның бірі – сүт. Сүттің алатын орны ерекше. Барша жұрт сүтті ең жеңіл тағам ретінде бағалайды. Пайдасы: асқазаны бұзылған, сондай - ақ басқа да ауыр науқастарға жүрегі, бүйрегі, бауыры ауыратын адамдарға пайдалы. Әсіресе ешкі сүті ағзаға жұғымды. Ешкі сүті ана сүтімен тең. Әлсіреген адамға немесе көк жөтелмен ауыратын балаға беріледі.

Қазіргі уақытта Қазақстанда “ФудМастер”, “Адал”, “Смак”, “Қайсар”, “Агропродукт”, қымыз және шұбат өнімдерін шығаратын “Саяқ”, т.б. шетелдік және отандық компаниялар сүт өнімдерімен қатар сүтке әр түрлі биоқоспалар қосып, тәтті “БИО-С”, “Пеппи”, т.б. өнімдерді шығарады.


Ірімшік – қатты, жұмсақ, тұзды және тұзсыз ірімшіктер болып бөлінеді. Көбінесе аспаздық пісірілген тағамдарда – пирог, құймақ, жұмсақ нан орталарына пайдаланады.
Жасау жолы: Ірімшік сүттен жасалады. 3 литр сүтті қайнатып жылы жерге ішіне айран құйып 20гр іріткі қосып ірітеді немесе ұйытады. Аз уақыт отқа қойып бетіне көк суы шыққасын сүзіп алады. Дайын болған соң секер салып немесе салмай да пайдалануға болады. Қазақ ірімшігінде ақуыздың мөлшері 40-42пайыз, көміртегі 10/03 пайыз болады.

Адам ағзасындағы сүйек ұлпаларының мықты болуы үшін ең қажетті элемент фосфор 0,51 пайыз, кальций 2,3 пайыз мөлшерінде кездеседі екен. Ал ол дегенің адамға 100 грамм ірімшік 408/4 қуат күшін береді екен.

Ірімшік құнарлы азықтың бірі. Оның құрамында 22 - 30% белок, 15 - 30 % май бар.


Құрт-сүттен жасалған ұлттық тағам. Құртты сүзбеден дайындайды. Ал сүзбені дайындау үшін сүтті ашытып барып, қайнатады.  Құрт-сөзінің мағнасы да құрғатылған,кептірілген сүт деген мағне береді.

Жасалу жолдары-пісіп майы алынған айранды қайнатып, асты күйіп кетпес үшін қазанның ернеуін қырып, астын араластырып отырады. Әбден қоюланғаннан кейін кенеп дорбаға құйып, бір тәулік жоғары іліп қояды. суы сарқылғаннан кейін құртты қолмен сығып, домалақтап тақтайшаға қойып кептіреді. Осындай жолмен жасалған құрт ұзақ уақытқа 2-3 жылға дейін сақталады.

Қайнап жатқан кұрттың қалқып алған беті. Майлы, кенеулі ас ретінде жас балаларға, қарттарға калқып беру салт болған. Бұрын құрт қайнатқан үйден көбік жалаймыз деп, ауыл балалары келіп жиналатын әдет те болған.

Қайнап жатқан құртты алып, май қосып сапырып ішетін кенеулі ас. Өкпе ауруына, суық тиіп ауырған сырқаттарға ем саналған.

Ырымы –кеуіп тұрған құртты алмайды, жаңбыр жауады деген.

ІІІ. Ой қозғау. (Тақтада болады)

Сүт -малдан алынатын өнім.

Уыз – жаңа төлдеген малдың алғашқы қою сүті.

Ашқылтым – сүт тағамдарының дәмі

Малта – езілген құрттың жұқанасы

Меңіреу – қой сүтінен ұйытылған қатық түрі.

Ұйытқы – сүтті ұйыту үшін мәйек, айран, сүзбе сияқты ащылар

"ұйытқы" деп аталады.

Торта – май қайнатқанда шығатын тұнба

Қату (май қату, сүт қату) – тағамға май, қаймақ қосуды айтады.

Мысалы, шайға сүт, сорпаға қатық қатады.

Айну (айныған) – сұйық тамақтың (қымыз, шұбат, айран т.б) дәмінің

бұзылуы.

Мәндір (мәйек)- жас бұзаудың, қозының жұмыршақ қарынынан

алынады.


ІҮ.Пікірталас.

Сүтті және сүт тағамдарын үйде пайдаланудың, дайындау мен сақтаудың негізгі ережелері.


  1. Сүт пен сүт тағамдарын сақтайтын ыдыс таза болу керек.

  2. Сүт тағамдарын дайындау алдында қолды жақсылап жуу керек.

  3. Сүт пен сүт тағамдарын салқын, қараңғы жерде, жабық ыдыста сатайды.

  4. Сүтті, қышқыл сүт сусындарын алғаннан кейін бір тәулік ішінде тамаққа пайдаланған жөн.

  5. Сүтті ашыту үшін нанды, басқа да осы мақсатқа арналмаған азықтарды пайдалану қажетсіз.

  6. Шикі сүтті ішуге болмайды.

Әр топ кеспе алып ,бөліктің оң жағына тапсырма жазылады да бөліктердің сол жағына топтағы оқушылармен ақылдасып, жинақтап, пікірлерін жазады.

1-кеспе.

Ақ алып шығу салты.

Оқушының пікірі. Ақ алып шығу(салт -ырым)қазақ халқы сүтті,қымызды,шұбатты,айранды т.б сүт тағамдарын "ақ"деп атайды да оны қасиетті киелі,зат санатына жатқызады.Сол сияқты ақ түсі де киелі,адалдық ұғымдарды блдіреді.Халық дстүрінде ауылға келген көш алдынан шығу-адамгершілік ,мұсылмандық,көршілік парыз.Ақ алып шығу "осы ақтай таза болайық"деген тілекті білдіреді.Мұндай жағдайда жаңа көшіп келгендер ризалық білдіріп алғыс айтады.

2-кеспе.

Ақ құйып шығару салты.

Ақ құйып шығару(салт-ырым)."Үйге кірген жыланға да ақ құйып шығарады"(мәтел).Халқымыз ақты жерге төкпейді,аяққа баспайды.Ал кейде сол ақты жерге төгетін де ырымдар бар,мысалы:қалың өрт келгенде алдына ақ шашады, сол сияқты үйге жылан кіріп кеткенде де оның басына ақ сүт немесе айран құйып,үйден шығарады.Мұндай әдет халықтың өз аулына немесе үйіне дос,дұшпанына да алдымен құрметпен қараудан шыққан болуы керек.


3-кеспе.

Қазақ өлшемдері(сұйық өлшемдері)

1 тамшы-1гр.Бір ұрттам-50-60гр.Бір жұтым-250-300гр.Бір қасық-20-30гр.Бір аяқ-700-750гр.Бір шелек-10-12л.Бір шара-8-10л.Бір ожау-300-400гр


 Ү. Сабақты бекіту.

Тест сұрақтарын орындау

1. Уыз неден жасалады?

а) ашыған сүттен ә) сүттен б) төлдеген малдың алғашқы күнгі сүтінен.

2. "Лактоза" дегеніміз не?

а) сүттің қанты, ә) сүттің майы, б) сүттің минералды тұздары

3.Шұбатты қай түліктің сүтінен әзірлейді?.

а)сиыр сүтінен, ә)түйе сүтінен, б)биенң сүтінен

4.Стафилакоктардың тіршілік ететін орындары.

а) ет өнімдерінде ә)жабайы өсімдіктерде б)сүт өнімдерінде.

5. Тағамды дайындамас бұрын ең алдымен нені сақтау керек? а)техника қауіпсіздігін, ә)тамақтану мәдиенетін, б)тазалық-гигеналық талабын.

6.Май пісіруге арналған піспегі бар ыдыс

а)күбі ә)самар б)мес.

7.Сүзбе – неден жасалады.

а)айран, ә) қымыран, б) сүт

8.Уыз – нешеге бөлінеді

а) 3, ә) 5, б)2

9.Кілегей дегеніміз не?

а) май, ә)шикі қаймақ, б)піскен қаймақ

10. Айран қанша уақытта ұйыйды?

а)6 сағат, ә) 4 сағат , б) 2 сағат


Сүт және сүт тағамдарына ырымдар мен тиымдар.


1. Жерге төгілген ақты(сүт,айран,т.б)басуға болмайды.Сүт төгілген жерге тұз себеді. 2.Сауылған сүттің бетін ашық қоймайды. 3.Сүтті үрлеп ішпейді,майлылығы азаяды. 4.Сүттен жасалған тағамдарды жерге төгіп тастауға болмайды. 5.Сүт сауатын шелекті су басына апаруға болмайды,құты кетіп қалады. 6.Түнде тамақтың бетін жауып кояды. 7.Қол жумай ақты ішпейді.


Сабақты қорытындылау,пысықтау.

Малдың қадірін біліп, қасиетін бағалаған бабаларымыз адам есіміне мал атауларын қоюға әдетке айналдырған.
Қошқарбай
Қозы Көрпеш
Нартай
Ботагөз
Құнанбек
Қойшығұл

Төрт түлік және төлдері.
Жылқы-құлын
Сиыр-бұзау
Түйе-бота
Қой-қозы
Ешкі-лақ


Сүт өнімі
Қымыз
Сүт
Шұбат
Қоймалжың
ҮІ.Рефлексия.

INSERT толтыру

 ҮІІ. Қорытынды 

Үйге тапсырма. Келесі сабаққа дайындықпен келу

Краткое описание документа:

Біздің ата – бабаларымыз малдың қадірін білген. Халқымыз мал өсіруді, мал өнімдерін пайдалануды шебер меңгерген.
Төрт түлік малдан әр түрлі сүт өндіріледі. Түйеден – шұбат, биеден – қымыз, сиырдан – сүт, қойдан – қоймалтың, ешкіден – сүт.
Сүт – ең жұғымды тағамдардың бірі. Ламық сүтті ең жеңіл тағам ретінде бағалайды. Сүт сонымен қатар денсаулыққа пайдалы. Көптеген ауруларға ем. Өйткені сүтте көптеген дәрумендер бар.
Сүттің құрамында: сүт су, сүт қышқылы, белок, сүт қанты, минералды тұздар және майдан тұрады. Сүт құрамында он екі түрлі A, B, C, D дәрумендер, екі жүзден аса органикалық минералды қосылыстар бар.

Автор
Дата добавления 11.02.2015
Раздел Технология
Подраздел Конспекты
Просмотров1849
Номер материала 379848
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх