Инфоурок Дошкольное образование КонспектыТехнологиялық карта. ересектер тобы.

Технологиялық карта. ересектер тобы.

Скачать материал

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

«05» қыркүйек 2016 ж.

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: «Терек бұталары»

Мақсаты: Терек бұталары жайлы түсінік беру, ағаштарды өзіндік ерекшеліктеріне байланысты бір-бірінен ажыратуға және терек бұталары суретін салуға үйрету, таза, ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Қолданады: ақ қағаз, түрлі түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс: терек, бұтақтар.

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

«Шаттық шеңбері»

-       Мына суретке назар аударайықшы, бұл суретте қайың, үйеңкі, қарағай бейнеленген.

-       Бұлардың барлығын бір сөзбен қалай атаймыз?

-       Жапырақтар қайда өседі? Дұрыс, ағаштың бұталары болады, осы бұталарда жапырақтар өседі.

-       Балалар, бүгін бізбен бірге сурет салуға ақ лақ келіпті. Ол жапырақтарды қалай салатының сендерден үйренісемін деп келіпті. Көмек береміз бе?

-       Төрлет, ақ лақ.

Балалар шеңбер бойына тұрып, ашық аспанмен, күнмен, Жер-Анамен бір-бірімен амандасады.

Педагог балалардың жауаптарын бағалайды және олар өз ойларын толық айтуға талпынады.

Ұйымдастырушылық ізденістік

-       Балалар қазір қағазға терек бұталарының суретін саламыз

-       Теректің бұтақ шоғырының түрі пирамидаға, жапырағы жалпақ, сағақты, ромб пішініне ұқсайды. Терек жапырағы шыққанша гүлдейді. Терек ағашынан сіріңке, қағаз жасайды. Терек бұталарын салу үшін қағаз бетіне, ең алдымен, үлкен бұтаны қалың сызықпен сызып аламыз, осы үлкен бұтадан тармақтап кішкентай бұталарды саламыз. Содан кейін терек бұтақтарына ретімен біртіндеп жапырақтар саламыз. Жапырақтарды қарындашпен әдемілеп, тегістеп бояймыз. (Педагог балалар салып болған суреттерді жинап алып іліп қояды).

-       Балалар, ақ лақ түсінді ме екен? Сұрайықшы. Бәрін мұқият тыңдап алыпты, келесі жолы әдемі жапырақтар салып әкелемін деп уәде беріп отыр. Онда келесі кездескенде сенің суретіңді күтеміз.

Балалар педагогтің үйретуі бойынша қағаз бетіне үлкен бұтаны сала бастайды. Үлкен бұтадан тармақталып шығатын кішкентай бұталарды салады.

Рефлексиялық түзетушілік

-       Ал енді бір-бірімізді бағалау үшін бізге мынандай терек жапырақтары көмек береді.

-       Алдарында тұрған жапырақтарды алақандарына алыңдар. Кімге мен көрсеткен сурет ұнаса  сол жапырақты көтереді. Қай сурет ең көп жапырақ жинаса сол сурет жақсы деп бағаланады. Келістік пе?

-       Барлық сурет жақсы салынған болып шықты. Бірақ енді мен өз ойымды айтайын. Суреттерін бір-бірлеріне ұқсамайды, өзгеше болып шыққан. Соған қарамастан қателіктер бар. Келесі жолы сурет салғанда таза, ұқыпты салу керек.

Балалар ең әдемі суреттерді таңдап, қолдарындағы жапырақтарды көтереді.


Жеке жұмыс: Малтықбай Нұржігіт, Айтжан Нармин, Өмірбекова Мариямға терек бұталарын қарындашпен салу дағдыларын үйрету.

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: терек түрлері жайлы түсініктері молаяды, білімдері жетіледі.

Игереді: терек түрлері және оның бұталарын қағаз бетіне түсіру ерекшеліктерін игереді

Меңгереді: қағаз бетіне қарындашпен терек бұталарын салу білу икемділігі мен дағдысы қалыптасады.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

«05» қыркүйек 2016 ж.

Білім беру саласы: «Әлеумет»

Бөлімі: Өзін-өзі тану

Тақырыбы: «Өзін-өзі тану әлеміне саяхат»

Мақсаты: «Өзін-өзі тану» әлемі туралы алғашқы түсінік беру. Өзін-өзі тануға қызығушылықтарын арттыру. Өзін және өзгелерді тануға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Өзін-өзі тану, әлем.

Қолданады: «Өзін-өзі тану» әлемінің картасы, дәптер, хрестоматия, бөліктерге бөлінген қиынды жүрек пішіні, ойыншық жүрекше.

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

- Балалар, біз бүгін кең, жарық, әсем бөлмеде жиналып тұрмыз. Қане, бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап, үлкен шеңбер құрып көрейікші. Қандай тамаша!

   Шеңбер күн сияқты жылы, дөңгелек. Шеңберге жиналған адамдар бір-бірінің бет-жүзін, көзін, күлкісін көре алады.

   Қараңдаршы! Біз шеңберде тұрғанда барлығымыз бір-біріміздің қуанышты бет-жүзімізді анық көріп тұрмыз. Шаттық шеңберінде бір-бірімізге жақсылық тілеп, қуанышымызбен, жүрегіміздің жылуымен бөлісе аламыз. Сондықтан, бұл шеңберді жылулық, қуаныш, шаттық шеңбері деп атаймыз. Осы шеңберде бір-бірімізге қарап, күлкімізді сыйлайық!

Кел балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік!

 

 

Балалар шеңбер құрып тұрады.

 

 

Мұқият тыңдап отырады.

 

 

 

 

 

 

 

Бір-бірлеріне қарап, күлкі сыйлайды.

 

Балалар өлең жолдарын тәрбиешімен бірге қайталайды.

Ұйымдастырушылық- ізденістік

Әңгімелесу:

- Балалар, біз «Өзін-өзі тану» әлеміне саяхатымызды бастаймыз. «Өзін-өзі тану» әлемі бізге сыйлықтар дайындап қойыпты («Өзін-өзі тану» хрестоматиясын көрсету).

   Бұл барлығымызға ортақ – «Ақылды кітап». Біз бұл кітаптан түрлі ертегілер, әңгімелер, өлеңдер, өнегелі сөздермен танысамыз. Шығарма кейіпкерлері бізді жақсылық жасауға, мейірімді, қайырымды, кешірімді, адал болуға үйретеді.

-  Балалар, «Өзін-өзі тану» әлемі сендерге тағы да сыйлық дайындапты. Қане, сыйлығымызды қолымызға алып көрейікші. Қандай тамаша!

-  Бұл сыйлық «Өзін-өзі тану» әлеміне саяхаттағы ақылды көмекшіміз – «Дәптер».

-  Біз саяхатымызда бірнеше аялдамаларға тоқталамыз. «Өзін-өзі тану» әлемінің картасындағы аялдамалардан қандай суреттерді көріп тұрсыңдар?

-  Суретте бейнеленген бақытты балалардың әрқайсысының өз отбасы, қоршаған әлемі, Отаны бар екен. «Өзін-өзі тану» әлемінде адам бойындағы ең жақсы қасиеттермен танысып, үйренеміз. Бұл жақсы қасиеттер адамның құнды қасиеттері деп аталады. Бұлар – сүйіспеншілік, мейірімділік, әдептілік, қамқорлық, шыншылдық, тазалық, достық, бірлік деген адами қасиеттер. Осындай жақсы адамдар достықты да, бірлікті де қадірлей біледі.

Ойын: «Сиқырлы қоржын»

Сиқырлы қоржында жүрек пішіні бірнеше бөлікке қиып бөлінген. Әрбір ойынға қатысушы бала сиқырлы қоржыннан осы бөліктерді алып, үлкен бір бүтін жүрек пішінін құрастырады.

- Қандай тамаша! Біздің құрастырған үлкен жүрегіміз – сүйіспеншіліктің мекені. Біз осы жүрегіміз арқылы айналамызға мейірім мен сүйіспеншілігімізді сыйлаймыз.

Дәптермен жұмыс.

Дәйексөз: «Адамның жүрегі – сүйіспеншіліктің алтын ұясы».

Сергіту сәті:

Мынау менің – жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау – басым ақылды,

Бәрін осы басқарған.

Мынау – менің оң қолым,

Мынау – менің сол қолым,

Барлық істі атқарған.

Ғажайып сөздер: Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтқызу.

 

 

Балалар мұқият тыңдап, хрестоматия кітабына қызыға қарайды.

 

 

 

Мұқият тыңдап отырады.

 

 

Жұмыс дәптері таң қалып қарайды.

 

Балалар дәптердегі «Өзін-өзі тану» әлемінің картасына назар аударып қарайды.

 

Балалардың жауаптары.

 

 

 

 

Балалар мұқият тыңдап отырады.

 

 

 

 

 

 

 

Балалар «Сиқырлы қоржын» ойынын қызыға ойнайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәптермен жұмыс жасайды.

Дәйексөзді мұқият тыңдайды.

 

 

Сергіту сәтін қайталап айтады, қимыл-қозғалыспен көрсетеді.

 

 

 

Ғажайып сөздерді естеріне түсіреді, қайталайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

- Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі күнді біз неге ерекше деп айтамыз?

- Дұрыс айтасыңдар! Бүгінгі күн өте сәтті болды.

«Жүректен жүрекке»: Жүректі бір-бірлеріне ұсынып тұрып, бір-бірін жақсы көретіндерін айтады.

Балалардың жауаптары.

 

- Ақерке мен сені жақсы көремін.

- Рахмет, Айзерек мен де сені жақсы көремін.

Жеке жұмыс: Даниярұлы Әділбек, Жетпісбай Елнұрға қазақша сөздерді түсіндіру.

 

Күтілген нәтиже:

Біледі: «Өзін-өзі тану» пәні туралы алғашқы түсінікті.

Игереді: Ғажайып сөздерді қайталап айтуды.

Меңгереді: Өзін және өзгелерді тануды.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

«06» қыркүйек 2016 ж.

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы: «Жемістер (алма, алмұрт)»

Мақсаты: Пішінді мүсіндеудің басу, қысу, жалпақтау әдістерін пайдалана отырып, балаларды әр-түрлі пішінді заттарды мүсіндеуге үйрету; сенсорлық тәрбие беру. Бейнені затпен салыстыру, мүсіндегі сәйкестерді анықтай білу қабілеттерін дамыту.

Балаларды табиғатты сүюге тәрбиелеу; жемістердің пайдасын тусіндіру.

Қолданады: жемістер, жеміс муляждары, «Күз аруы» кейіпкері, бейнеролик.

 

Іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеттері

Балалардың іс-әрекеттері

Мотивациялық-қозғаушылық

Педагог балалармен шаттық шеңберін жасайды.

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек!

Көңілді болып жүрейік!   

Педагог бейнеролик қолдана отырып балалармен күз мезгілі жайында әңгіме жүргізеді.

-Балалар, мына суретте қай мезгіл бейнеленген?

-Суретте не көріп тұрсыңдар, күзде қандай жемістер піседі екен?

-Жемістің қандай пайдасы бар екенін білесіңдер ме?

Балалар шаттық шеңберін жасайды.

 

-Күн суытады. Аспанды бұлт торлайды. Жылы киім киеміз.

-Күз мезгілі.

-Алма, алмұрт, жүзім.

-Денсаулыққа пайдалы, көптеген дәрумендер бар.

Ұйымдастырушылық ізденістік

Осы кезде есік қағылады. Есіктен «Күз аруы» кіреді, қолында толы жеміс толы себеті бар.

-Балалар,қарындаршы,бізгк қонақ келді. Бізге әкелген сыйлығы бар екен.

«Күз аруының» тапсырмасы: балаларға себеттегі жемістерді көрсетіп, қандай жеміс екенін сұрайды.

-Мынау қандай жеміс?

-Мынау ше?

-Тағы қандай жемістерді көріп тұрсыңдар?

-Балалар, енді осы жемістердің ішінен алма мен алмұртты мүсіндейік.

-Алдымен қызыл түсті ермексаздың бір бөлігін алақанымызға салып жұмсартып, домалақ пішінге келтіреміз.

№1 жұмыс дәптеріндегі үлгіге қараңдар.

Басбармақпен басу арқылы алманың пішінін келтіреміз. Сабағын ағаш бұтақшасына саламыз.

Пышақпен кесу арқылы жапырақтың бейнесін жасаймыз. Жапырақты алманың жасабағына жапсырамыз.

Сергіту сәті:

Кәне, кімнің бойы ұзын,

Паравозы пойыздың

Қатар қатар тұрайық

Пойызды біз құрайық.

-Енді алмұртты жасауға кірісеміз. Сары түсті ермексазды алып, алақанымыз ортасына салып ермексазды жұмсартамыз. Сопақ пішін жасаймыз. Сопақшаның жоғарғы жағын қысу арқылы алмұрттың пішінін келтіреміз. Баспармақпен басу арқылы сабақ ойығын оямыз. Алманың сабағын жасағандай жапсырамыз.

Жасыл түсті ермексазды кішкене бөлігін алып, домалақтап жалпақтаймыз. Арнайы пышақпен жапырақты жасаймыз.

Балалар «Күз аруымен» амандасады

Қонақтың сыйын тамашалайды.

 

-Алма

-Алмұрт

-Жүзім

 

 

 

 

Орындарын отырып, жұмыстарына кіріседі. Затқа қарай отырып, алма мен алмұртты мүсіндейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар өлең жолдарына сәйкес қимыл жасайды.

Рефлексиялық түзетушілік

«Күз аруы» мен педагог бірге қорытындылайды:

-       балалар жұмысынан көрме;

-       алма, алмұрт туралы сипаттап айту;

-       «Күз аруы» сый таратады.

 

Балалар өз жұмыстарын көрмеге қояды. Алма, алмұрттың дәмі, түрі, түсі, пішіні туралы айтады. Балалар рахмет айтады. «Күз аруын» ортаға алып, онымен күлімсірей қоштасады.

Жеке жұмыс: Даниярұлы Әділбек, Жетпісбай Елнұрдың ермексазбен жұмыс жасау дағдыларын дамыту, зейін қоя отырып жұмыс істеуге, бір істі соңына дейін аяқтауға үйрету.

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: жеміс-жидектер-табиғаттың сыйы екендігі;

Игереді: пайдасына түсіне отырып, заттарды мүсіндеуді;

Меңгереді: жемстердің өзара айырмашылықтардын ажырату.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

«06» қыркүйек 2016 ж.

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Білімің – бұлағың» (өлеңмен танысу)

Мақсаты: Интерактивті тақтаны қолдану арқылы балабақшаға, мектепке барған балалардың қуанышты сәттерін әңгімелесу; Қағазды қос бүктеу тәсілі арқылы автобус жасай білуге үйрету. «Білімің – бұлағың» өлеңін оқып-үйретіп, сөздердің мағыналарын түсіндіру. Өлең арқылы ақылды, білімді болып өсуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: талмайды, самғайды.

Қолданады: білім күніне арналған суреттер, балабақшаның ішкі-сыртқы көрінісінің суреттері, слайдтар, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар, интерактивті тақта.

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

 

Шаттық шеңбері:

Армысың, асыл Күн!

Армысың, жан досым!

Жылуыма жылу қос,

Міне, менің қолым!

 

Балалар шеңберге тұрып, бір-біріне көтеріңкі көңіл күй сыйлайды. Қолдарымен бір-біріне жылу береді.

Ұйымдастырушылық- ізденістік

Интерактивті тақтаны қолдану.

-       http://pandia.ru/text/79/333/images/image002.jpgБалалар, 1 қыркүйек – Білім күні.

-       Барлық балалар мектепке, балабақшаға барады.

-       Балабақша – бұл екінші үйіміз. Сендер ақылды, тәрбиелі, ұқыпты, жақсы азамат болып өсулерің үшін балабақшада, мектепте көп нәрсе үйреніп, білім аласыңдар.

-       Енді, балалар, ақын Ақылбек Шаяхметовтың «Білімің – бұлағың» деген өлең жолдарымен танысамыз.

Қанатым талмайды,

Қиялым самғайды.

Ақын да, ғалым да,

Ұстазсыз болмадйы.

Мереке күніңмен

Құттықтап бүгін мен.

Ойыма ой қосам,

Сіз берген біліммен.

Балаларға қиялымда, самғайды сөздерін 2-3 рет қайталатып, түсіндіру.

Білім – знание, ұстаз – учитель.

Сергіту сәті:

Бала, бала, баламыз,

Бақшамызға барамыз.

Күні бойы қызыққа

Батамыз да қаламыз.

Өлең шумақтарындағы сөздерді қайталату.

Дәптермен жұмыс:

Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға түсіндіру.

-       Балалар мектепке қандай көлік түрлерімен барады?

Үлгі бойынша талдау жасау.

Құрылыс материалдарын пайдалануға бағыт беру, орындалу ретін түсіндіру.

Мақал жаттау:

«Білім – таусылмайтын қазына»

Мақал мағынасын түсіндіру, жаттату.

 

 

 

Суреттерге мұқият қарап, тыңдап отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұқият тыңдайды. Түсінгендерін өз ойларымен жеткізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Талмайды, самғайды сөздерінің мағынасын түсінеді, қайталайды.

Балалар қайталап айтады.

 

Қимылмен көрсетеді.

 

 

Жұмыс дәптердегі тапсырманы орындайды.

 

 

 

Мұқият тыңдап отырады.

 

Мақалды қайталап, жаттап алады.

Рефлексиялық-түзетушілік

-       Білімді болу үшін не істеу керек?

 

-       Ақын да, ғалым да білімді қайдан алады?

 

Бүгінгі алған әсерлерін көңіл күй (смайлик) арқылы белгілейді.

-       Білімді болу үшін көп оқып, іздену керек.

-       Мектептен жақсы білім алса, ақын да, ғалым да бола алады.

Жеке жұмыс: Айтимбет Арнұр, Абдыхалық Асыл, Айбек Кәусарға мақалды жаттатқызу.

 

Күтілген нәтиже:

Біледі: Өлең шумақтарымен танысады, балабақшаға, мектепке бала жатқан балалардың қуанышты сәттерін әңгімелеп береді.

Игереді: Білімді болу үшін көп оқып, ізденіп, еңбек ету керектігін, ақын да, ғалым да мектептен, ұстаздан білім алғанын түсінеді.

Меңгереді: білім күніне арналған өлеңді тыңдай отырып, алған әсерлерін көрсетеді.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

«06» қыркүйек 2016 ж.

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Қарапайым матемактикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: «Жиын. Бір- көп. Заттарды ортақ қасиетіне қарай топтарға біріктіру»
Мақсаты: Балаларды заттар тобының (жиынның) ортақ белгілерін тауып, заттарды белгілі бір қасиетіне қарай «үлкен», «кіші» деген топтарға біріктіре алуға үйрету. Бір жеке затты тауып көрсету; бір элементтен тұратын жиын туралы түсінік қалыптастыру; «бір» және «бірнеше» (көп) терминдерін енгізу. Дәптерде берілген тапсырмалармен жұмыс істеу қабілетін арттыру; балалардың зейіні мен талқылау қабілетін дамыту. Үлкендер еңбегін бағалауға тәрбиелеу.

Қолданады: суреттер, көлемге байланысты ойыншықтар.
Сөздік жұмыс: жиын, көп, біреу, бір-бірден.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың

іс - әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

 

Амандасу

Ойын: «Анамызға дастархан жаюға көмектесейік»

-       Қазір біз қызықты ойын ойнаймыз. Сендер мына себетке жазық немесе көлемді материалдар салып әкелесіңдер (жемістер, көкеністер, тәтті тағамдар, қарбыз). Сосын оларды түсіне, көлеміне қарай жиынға бөлеміз. Ал, бастайық!

Балалар бір-бірімен амандасады. Бір-біріне сәттілік тілейді.

Ойынға белсене қатысады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-       Анамызға себеттегізаттарды шығарып, оларды топтастыруға көмектесейік. Бәріміз бірге орындайық. Балалар, сендер қандаймұсыныстар айтар едіңдер?

Педагог жиынды ішкі жиындарға бөлуге көмектеседі: көкеністер, жемістер, тәтті тағамдар, қарбыз.

-       Біздің қолымызда неше жеміс бар?

-       Олар көп пе әлде бірнешеу ме?

-       Көкеніс, тәтті тағамдар нешеу екен?

-       Қарбыз туралы не айтуға болады?

-       Қарбыз нешеу екен?

Педагог балаларға жаңа дәптерді қарап шығуды ұсынады. Екі бетке орналасқан тапсырмаларымен таныстырады. Дәптерді қалай пайдалану керектігін үйретеді. Бірінші шартты белгімен (қоршап сыз) таныстырады және балаларды тапсырманы шартты белгі бойынша «оқып шығуға» үйретеді. Ұжымдық жұмысты жалғастыру үшін  1-тапсырманы орындауды ұсынады. Балаларға тапсырманы орындауға уақыт береді.

-       Ал енді, қолдарымызға (ұсақ бұлшық еттерді дамыту үшін) сергіту сәтін жасаймыз.

Балаларға 2-тапсырманы орындауды ұсынып, «боя» деген шартты белгімен таныстарады. Тапсырманы жеке орындауға және алмалар мен алмұрттарды белгісіне қарай топтастыруға уақыт беріледі. Содан соң сұрақ қояды:

-       Әр топта неше үлкен және кіші алма бар екен?

Балаларды сөз арасында: «бірнеше» немесе «көп», «бір» деген сөздерді қолдануға үйретеміз.

 

Заттарды көкеніс, жемістер, тәтті заттар деп бөлу керектігін айтады.

Заттар тобын бір сөзбен айтады.

Қарбаздың қандай топқа жататынын табуға қиналады.

Қарбыз бөліп қояды-ол біреу.

Сөз арасында «көп» және «бірнеше» сөздерін қолданады. Оларды санына қарай бір-біріне қарама-қарсы қояды. Жеміс-көп, ал-қарбыз біреу. Көкеніс көп, ал қарбыз біреу және т.б.

 

Дәптерді ашып, 1-тапсырманы орындайды.

Балалар бұлшық етке арналған саусақ жаттығуларын жасайды.

 

 

 

 

2-тапсырманы орындайды, біз зат пен көп (бірнеше) затты бояйды. Заттарға: «Кішкентай алмалар мен бір үлкен алма», «Кішкентай алмұрттар мен бір үлкен алмұрт» деген атаулар береді.

Рефлексиялық- түзетушілік

-       Бүгін қандай жаңадан сөздерді естідіңдер?

-       Аналарына көмек көрсеттіңдер, сол үшін сендерді мақтауға болады.

-       Қандай шартты белгілермен таныстық?

-       Атап беріңдерші.

-       Өте жақсы, жарайсыңдар!

-       Ал енді, өз заттарымызды жинап қоямыз.

Қорытынды, ойыннан алған әсерлерімен бөліседі. 3-тапсырманы орындай отырып, жаңа тақырыпты қалай түсіндіргендерін айтады.

Оқу құралдарын үстелдің шетіне жинап қояды.

Күтілетін нәтиже: Даниярұлы Әділбек, Маратқызы Әмина, Айтжан Нарминге жиынға бөлуді, топтастыруды үйрету.

 

Біледі: «бір» және «көп», «бірнеше» терминдерін;

Игереді: заттарды белгілі бір қасиетіне (белгісі) қарай топтастыруды жалпы түсінікті, баспа дәптерімен жұмыс істеу жөніндегі түсінікті;

Меңгереді: бір затты көрсетуді, заттарды бір белгісіне қарай топтарға біріктіруді;

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

«06» қыркүйек 2016 ж.

«Вариативтік компонент»

Бөлімі: Өнер көзі – халықта

Тақырыбы: «Басқұр» (жапсыру)

Мақсаты: Қазақ халқының өрнегін орамалдың түсіне сәйкес түстерді іріктеп, ерекшелеуге үйрету. Таныс қазақ өрнегінің элементтерінен өздігінен оюды жапсыру дағдысын бекіту. Мұқияттылыққа, ұқыпты жапсыруға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: басқұр, орамал, безендіру.

Қолданады: басқұрдың және қазақ оюларының суреті, жапсыруға қажетті құрал-жабдықтар, электронды киіз үй.

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

«Жылы лебіз»

-       Алақандарымызды үйкелейікші.

      Алақандарыңды үйкелегенде не сездіңдер?

-       Енді, осы жылуымызды бір-бірімізге ізгі тілектер білдіру арқылы берейік. Мен бастаймын, сендер жалғастырасыңдар. Айлана ақылды бол!

Алақандарын үйкелейді.

      Жылу сезіндік.

      Аспанымыз ашық болсын! Денің сау болсын! Әрқашанда әдемі болып жүр! Достарың көп болсын! т.б. тілектер айтады.

Ұйымдастырушылық- ізденістік

-       Қараңдаршы, мынау қазақ ою-өрнектерінің суреті. Мұнда: басқұр бейнеленген.

 

-       Басқұр.JPGБасқұркиіз үйдің ішін безендіру үшін, әрі уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастырып таңатын өрнекті жалпақ құр. Басқұрдың ұзындығы киіз үйді айналдыра орап шығатындай болады. Басқұрды өрмекпен терме тоқу, қақпа тоқу әдістерімен әр түсті жіп, арқау салып, ою-өрнекті етіп тоқиды. Түкті немесе ақ басқұр және түксіз немесе ала басқұр болып екіге бөлінеді. Түкті (ақ) басқұрды түрлі-түсті жіптерді негізгі жіптерге түйіндеп, түкті ою-өрнек салып тоқиды. Түксіз (ала) басқұр әр түсті жіптерден алаша секілді тоқылады. Басқұрды түйе, қой және жылқы қылы қосылған ешкі жүнінен тоқиды.

Үлгіні көрсету:

-       Бүгін біз мына орамалды осы ою-өрнектермен әшекейлейміз. Оны біз түрлі түсті қағаздан желіммен жапсырамыз. Алдарыңдағы орамалға ою-өрнекті желіммен қылқаламмен жапсырамыз. Қошқармүйізді екі иілген қос мүйіз сияқты қиылған соны жапсырамыз. Балтаны бір тік таяқша және оның үстіне тағы оң жаққа қарай тік сызық сияқты қиылған жапсырамыз. Тышқан ізді оң жаққа бұрылып тұрған үшбұрыш сияқты етіп қиылған, оны да осы қағазға жапсырамыз (көрсетіп, түсіндіру).

Электронды киіз үйден күйдің әуенін ойнатып қою.

Дербес іс-әрекет, жеке көмек көрсету:

-       Енді осылай өздерің ою-өрнектерді жапсырамыз.

Сергіту сәті «Ою-өрнек»:

-       Үш бұрыштар жасайық,

Төрт бұрыштар жасайық.

Жоғарыдан бір сызық,

Төменгіден бір сызық.

Бұрыштарын қосқанда,

Өрнек шықты сызылып.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұқият қарап, тыңдап отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көрсетіліп, түсіндірілген үлгіге мұқият қарап, тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Әркім өз беттерінше жапсырады.

 

 

Сергіту сәтін қайталап айтады, қимылын орындайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

 

-       Бүгін нені ою-өрнектермен безендірдік?

-       Қандай ою-өрнектерді жапсырдық?

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін қорытындылау, мадақтау.

 

-       Орамалды.

 

-       Қошқармүйіз, балта, тышқан із.

Жеке жұмыс: Айбек Кәусар, Айтымбет Арнұр, Айтжан Нарминді желіммен ұқыпты жапсыруға дағдыландыру.

 

Күтілген нәтиже:

Біледі: Қазақ халқының өрнектері, оның ішінде бақсұр туралы мәліметті.

Игереді: Таныс қазақ өрнегінің элементтерінен өздігінен оюды құруды.

Меңгереді: Мұқият болуды, ұқыпты жапсыруды.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

«07» қыркүйек 2016 ж.

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Күз»

Мақсаты: «Күз» тақырыбына шығармашылық әңніме құраструға үйрету; күз белгілері жайлы әңгімелесу, сөйлеу тілі қандай болатынын түсіндіру, балалардың сөйлеу және ойлау қабылетін дамыту; балаларды еңбек етуге тәрбиелеу.

Қолданады: күз мезгілінің көркем суреті. Жемістер мен көкністердің муляждары, жұмыс дәптер.

Сөздік жұмыс: азық

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілі екенін қайдан білеміз?

-Қандай көкөніст түрлерін білесіңдер?

-Күз мезгілі несімен ұнайды?

Балалар сұрақтарға толық жауап беруге тырысады.

Ұйымдастыру-ізденістік

Д/м жұмыс жасау.

Күз мезгіліне қарап әңгіме құрау.

-Күз мезгілі, бақтың іші сап-сары. Ағаштардан түскен жапырақ жерде саудырап жатыр.

-Жапырақтың түсітері қандай?

-Бақта кімдер жүр?

-Балалар бақта теріп жүріп нені көрді?

-Кірпінің үстінде не бар?

-Кірпі де қысқа дайындалып жүр.

«Азық» сөзінің мағынасын түсіндіру.

Азық – тамақ, қорек.

Айдар мен Жамиля «әне кірпі кетіп бара жатыр»,-деп айғайлады. Кірпі жүруін жылдамдата түсті. Айдар мен Жамиляның көзі кірпінің үстіндегі алмағатүсті.

-Алманың түсі қандай№

Биллинвалды компонент:

Кірпі-уж, алма-яблоко, қауын-дыня, асқабақ-тыква, қарбыз-арбуз, сәбіз-морковь.

 

Сергіту сәті:

Шөп үстімен жүреміз: сырт-сырт.

Тас үстімен жүреміз: тырс-тырс.

Шалшық үстімен жүреміз: шолп-шолп.

Жолдармен жүреміз: топ-топ.

-Сөйлеу үшін бізге не керек?

-Әңгіме айту үшін бізге сөз керек екен. Сөз дыбыстан құралады. Әңгімелесу арқылы бір-бірімізьен қарым-қатынас жасаймыз.

«Сөйлемей көрейікші» ойыны.

«Үндемес» ойыны.

Тәрбиеші: «Орындарыңнан тұрыңдар» -деп ымдайды.

-Міне көрдіңдер ме, сөзсіз өмір сүру қиын. Сондықтан сөйлеу тілі өте маңызды.

Кейбір сөз ұзақ дыбысталады, кейбіреуі қысқа дыбысталады.

«Жемістер мен көкөністерді жинау» д/о

Шарты: балалар жемістер мен көкөністерді ажыратып, екі себетке жинайды.

Дәптермен жұмыс:

Дәптердегі №1 тапсырма бойынша орындалады.

Жеке жұмыс жүргізу.

 

 

 

 

 

-Қызыл, сары.

Балалар.

-Кірпіні.

-Алма бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды.

 

 

 

Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.

 

-Тіл мен ауыз керек.

 

 

 

 

Тып-тыныш отырады.

 

 

 

 

 

 

Берілген тапсырманы орындауға әрекет жасайды.

 

Дәптердегі тапсрыманы орындайды.

Рефлекциялық-түзетушілік

-Балалар сендер бүгін қандай тақырыпқа әңгіме құрадыңдар?

-Сөйлеу үшін бізге не керек?

-Қандай ойын ойнадыңдар?

-       Біз «Күз» тақырыбына әңгіме құрадық.

-       Тіл мен ауыз керек

-       Жемістер мен көкөністер жинау

 

Жеке жұмыс: Әлібек Едіге, Баймұратов Болат, Батырхан Арсенге күз тақырыбына әңгімелесу дағдыларын дамыту.

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: «Күз» тақырыбына әңгіме құрайды, көкөністер мен жемістерді ажыратуға берілген тапсырманы.

Игереді: сөздің дыбыстан құралатынын.

Меңгереді: күз мезгілінің ерекшеліктерін сипаттайтын көркем сөздерді

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

«08» қыркүйек 2016 ж.

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: Сауат ашу негіздері

Тақырыбы: «Дыбыс және әріп туралы түсініктерін пысықтау»

Мақсаты: Дыбыс пен әріпті қайталау. Қысқа және ұзын таяқшаларды жазу арқылы саусақ ұшы бұлшықеттерін дамыту. Балалардың сөйлеу тілін жетілдіру, сөздік қорын байыту, жалпы ой-өрісін дамыту, байқағыштыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: дауысты, дауыссыз дыбыстар.

Қолданады: Дауысты, дауыссыз дыбыстардың модульдік белгісі, алма, алмұрт, шие, жүзімнің суреттері.

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балалар назарын өзіне аударып, есік қағу, балалардан не естігендерін сұрау.

Дабылды (барабанды) соғу, «не естідіңдер?» деп сұрау.

 

 

 

 

Балалар есіктің, дабылдың қағылғанын айтады.

Ұйымдастырушылық- ізденістік

-       Сендер дыбыс естідіңдер. Бірақ ол дыбыстар біркелкі ме?

-       Дыбыстар әр түрлі болады. Мысалы: а-а десек дыбыс шығады. Оны созып айтуға болады, дауысымызды еркін шығады. Дауысымыз еркін, созылып, кедергісіз айтылатын дыбыстарды дауысты дыбыс дейміз. Ал, енді бір дыбыстардың айтылуы қысқа. Мысалы: Д дыбысы. Қане, бәріміз осы екі дыбысты айтып көрейік.

-       Айырмашылығы қандай?

-       Кедергіге ұшырап жасалатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз. Дауыссыз дыбыстарда үн болмайды немесе өте аз болады. Дауысты дыбыстарды қызыл жолақшамен, дауыссыз дыбыстарды көк жолақшамен белгілейміз. Енді осы дыбыстардан сөз құрайық. Топта көргендеріңнен, ойыншықтардың аттарын, заттарды атаңдар.

-       Сөз бір нәрсе туралы ұғымды білдіреді. Қуыршақ бұл ойыншықты білдіреді. Осы сияқты басқа сөздерді де айтуға болады. сөз дыбыстан құралады. Кез келген заттың аты бар. Оны дыбыс шығарып айтамыз сонда сөз айтылады. Енді «ана» сөзін талдайық.

-       «Ана» сөзінде неше дыбыс бар?

-       «Ана» сөзі 3 дыбыстан құралған. Келесі сөзді өздерің ойлап, кезекпен айтыңдар. Жеке дыбыс ойлаңдар.

Ойын: «Кім көп біледі?»

Алма, шие, алша, жүзім сөздеріне дыбыстық талдау жасату.

-       Жоқ, білмейміз, т.б.

 

 

 

 

 

Балалар мұқият тыңдап отырады.

 

 

 

-       А дыбысы ұзақ айтылды, Д дыбысы қысқа айтылды.

 

 

 

 

Мұқият тыңдап отырады.

 

 

 

 

 

 

Балалар мұқият тыңдап отырады.

 

 

 

 

Балалар бірнеше сөздерді өздері ойлап айтады.

Балалар жеке дыбыстарды айтып жарысады. Бала дыбысты тоқтағанша айтып жарысады.

Рефлексиялық-түзетушілік

-       Дауысты, дауыссыз дыбыстың айырмашылығы неде?

-       Дауысты, дауыссыз дыбыс қандай болады?

-       Дауысты дыбысты қандай түспен белгілейді?

-       Дауыссыз дыбысты қандай түспен белгілейді?

Балалардың жауаптарын толықтыру, қорытындылау, мадақтау.

 

 

Балалар қойылған сұрақтарға толық жауап береді.

Жеке жұмыс: Бахит Альтаир, Бауыржан Ерсұлтан, Болатбек Аружанға жел, ағаштың, масаның, иттің, араның қандай дыбыстар шығаратынын естеріне түсіру.

 

Күтілген нәтиже:

Біледі: Дауысты, дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктері туралы.

Игереді: Жаттығулар арқылы дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата білуді.

Меңгереді: Байқағыш болуды.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

«08» қыркүйек 2016 ж.

Білім беру саласы: «Әлеумет»

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Мамандықтар»

Мақсаты: Мамандық түрлерімен таныстыру. Шаштараз, аспаз, дәрігер, тігінші мамандарына керек заттарды ажырата білуге үйрету. Әр маман иесінің еңбегін бағалауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: мамандар жайлы видео тамашалау.

Сөздік жұмыс: мамандық, мамандық иесі

Қолданады: мамандықтардың суреті

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері

-       Балалар сендер балабақшаға қай уақытта келесіңдер?

-       Дұрыс айтасыңдар. Міне тағы да таң атып күн шықты.

-       Қайырлы таң, көздерім! Қайырлы таң, құлақтарым! Қайырлы таң, қолдарым!

-       Қайырлы таң, аяқтарым! Сендер ояндыңдар ма? Ия біз ояндық!

Жарайсыңдар балалар!

 

-       Таңертең

-       Көздерім көріп тұр

Құлақтарым естіп тұр

Қолдарым қол соғып

-       Аяқтарым топылдатты. Біз ояндық!

Ұйымдастырушылық- ізденістік

Тәуелсіз жаңа заманда,

Сұраныс көп маманға.

Нағыз маман пайдалы,

Мемлекет, қоғам, адамға

-       Балалар сендердің ата-аналарың қандай жұмыс істейді?

-       Балалар сендер қандай мамандық түрлерін білесіңдер?

Суретпен жұмыс

Сурет бойынша әнгімелету.

-       Суретте не көріп тұрсыңдар?

-       Тісін немен емдеп жатыр?

-       Шаштараз шаш алып жатыр

-       Аспазшы тамақ әзірлеп жатыр

-       Тігінші киім тігіп жатыр

Қима суреттер таратып құрастыруды ұсыну.

-       Кімдердің суреттерін құрастырдыңдар

Шаштараз

Тігінші

Дәрігер

Аспазшы

Таңқаларлық сәт: (Жылаған балалардың дауысы естіледі)

-       Балалар мына баланың тісі ауырып тұр. Ал мына баланың шашы өсіп кетіпті, киіміде жыртық екен, ал мына бала тамақ ішкісі келіп отыр екен.

-       Тісі ауырған баланы кім емдеп жазады?

-       Ал шашты кім жөндейді?

-       Киімді кім тігеді?

-       Асты кім дайындайды?

Бұл балаларға көмектесу үшін мамандарға қажетті құралдарын сызба арқылы көрсетіңдер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Суретпен әңгімелейді

-       Дәрігер баланың тісін емдеп жатыр

-       Арнайы құралдармен, қысқашпен

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-       Тіс дәрігері (стоматолог)

-       Шаштаразшы

-       Тігінші

-       Аспазшы

 

Рефлексиялық-түзетушілік

-       Біз кімдер туралы әңгімеледік?

-       Бұларды кімдер деп атаймыз?

-       Сендер де жақсы маман иесі болу үшін казірден тәртіпті, білімді болып өсулерің керек. Ол үшін үлкендерді, ата-аналарыңды тыңдап жүріңдер.

-       Маман иелерінің еңбегін құрметтеп, бағалап жүріңдер!

-       Келістік пе?

-       Жарайсыңдар!

-       Мамандықтар туралы әңгімелестік

-       Мамандар

 

 

 

 

 

-       Иә, келістік.

Жеке жұмыс: Батырхан Арсен, Төлеубек Нұрсәт, Әлібек Едігеге мамандардың атауын, еңбегі туралы білімдерін бекіту.

 

Күтілген нәтиже:

Біледі: Маман иелері туралы;

Игереді: Мамандықтар иелерін атау, суреттен қарап олардың түрін тану дағдыларын;

Меңгереді: Суретке қарап әңгімелеуді, құрмет тұту сезімдерін;

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

«09» қыркүйек 2016 ж.

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Аппликация

Тақырыбы: «Біздің үй»

Мақсаты: Сәулет өнері туралы түсінік беру. Геометриялық пішіндерді үйлестіре отырып, үйдің бөлшектерін сюжетті жапсыруға үйрету. Ойлау, есте сақтау, қағазбен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту. Еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Шығармашылыққа жетелеу.

Сөздік жұмыс: отбасы, баспана, мұржа.

Қолданады: үлестірмелі материалдар, қайшы, желім, үй макеті, ТОҚ, үнтаспа

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Психологиялық релаксация:

«Біздің үй» тақырыбына музыка әуенімен психологиялық жаттығу жасатылады.

Әдемі, үлкен үйдің макетін көрсете отырып:

-       Үй адамға не үшін керек? – сауалымен әңгіме жүргізіледі.

-       Дұрыс айтасыңдар. Әр адамның үйі, баспанасы болуы керек. Үйді құрылысшылар салады. Үй салу өте үлкен еңбекпен келеді.

Бейнетаспадан сәулетті ғимараттарды, үйлерді көрсетіп және олардың құрылысы туралы әңгімелеп түсінік беру.

Билингвальды компонент: менің үйім – мой дом, үлкен үй – большой дом.

Балалар дөңгелене отырып, көздерін жұмып өз үйін, отбасын көз алдына елестетеді. Көздерін ашып, қандай үйде тұратындықтарын айтады.

-       Отбасымызбен тұру үшін.

-       Өмір сүру үшін.

-       Достарымызды, туыстарымызды үйге шақыру үшін.

Балалар әңгімені мұқият тыңдап, бейнетаспаны қарайды.

Балалар қайталап айтады.

Ұйымдастырушылық- ізденістік

Балалардың назарын 4-беттегі сюжетті суретке аудару.

Кейбір бір қабатты үйлерде қыста от жағатын пеш болатынын, ал ол пештің түтіні мұржадан шығатынын айтып түсіндіру.

-       Мына үй қандай геометриялық фигуралардан құралған?

-       Бүгін біз осындай үйді геометриялық фигуралардан құрастырып жапсырамыз.

Үлгіні көрсету:

Үйдің геометриялық фигуралардан тұратын бөліктерін жеке-жеке қиып аламыз.

Сергіту сәті:

-       Кел, балалар, тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Шаңырақты көтеріп,

Керегені құрайық.

Уықтарша иіліп,

Шаңыраққа қосылып,

Қазақ үйді құрайық.

-       Жұмысымызды жалғастырайық.

Дербес іс-әрекет, жеке көмек көрсету.

Жұмыс барысында көмек қажет болған балаларға көңіл бөледі. Қауіпсіздік ережелерін және тазалық шараларын ескерту.

-       Балалар, үйді қандай геометриялық фигуралардан жасадық?

 

Балалар назарларын үлестірмелі материалдағы сюжетті суретке аударады.

 

 

-       Үшбұрыш, тіктөртбұрыш, шаршы.

 

 

 

 

Мұқият тыңдап, қарап отырады.

 

 

 

Балалар өлең мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыстар жасайды.

 

 

 

 

 

Балалар 6-беттегі 2.2-тапсырма бойынша жұмыс жасайды.

 

-       Қабырғасын төртбұрыштан, шатырын үшбұрыштан, терезесін шаршыдан жасадық.

Рефлексиялық-түзетушілік

-       Үйдің түтін шығатын бөлшегін қалай атайды?

Балаларға бір-бірінің жұмысын талдатып, бағалату.

-       Мінеки, біз де еңбекқорлығымыздың арқасында әдемі үй жасадық. Жарайсыңдар!

Тапсырма: «Үйшік» ертегісін естеріңе түсіріп келіңдер. Серуен кезінде кішкене топ бүлдіршіндеріне сахналық қойылым көрсетеміз.

-       Мұржа деп атайды.

 

Балалар бір-бірінің жұмыстарын өз білгендерінше бағалайды.

Жеке жұмыс: Батырхан Арсен, Төлеубек Нұрсәт, Әлібек Едігеге желіммен ұқыпты жұмыс жасауды үйретуді жалғастыру.

 

Күтілген нәтиже:

Жасайды: Дайын үлгіні қиып, ретімен жапсырады.

Түсінеді: Геометриялық фигураларды сәйкестендіріп қолдана білу ретін.

Қолданады: Сюжетті толықтыруда қиюдың түрлі әдіс-тәсілдерін.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

«09» қыркүйек 2016 ж.

Білім беру саласы: «Әлеумет»

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Еліміздің рәміздері»

Мақсаты: Еліміздің рәміздері туралы білімдерін толықтыру. Әр рәміздің мән-мағынасын түсіндіру арқылы зейіндерін дамыту. Өз елінің тарихн білуге деген қызығушлықтары тудыру; отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Қолданады: демонстрациялық материялдар

Сөздік жұмысы: ұлттық, мемлекеттік, рәміздер

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

«Табиғат құбылыстары» ойыны. Шарты: педагог табиғат құбылыстарын кезек-кезек атайды. Әр құбылысты атаған кезде педагогтың алдын ала көрсеткен қимылдарын келтіреді.

 

«Жаңбыр» дегенде саусақтарымен үстел үстін тақылдатады. «Жел» дегенде қолдарын жоғары созып шайқалады. «Қар» дегенде қолдарын жан-жаққа созып қалықтайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Билингвальды компонент: мемлекеттік елтаңба – государственный герб, мемлекеттік гимн – государственный гимн, мемлекеттік ту – государственный флаг, мемлекеттік рәміздер – государственный символы.

Педагог рәміздер туралы түсіндіреді:

-       Қазақстан Республликасының Мемлекеттік Туы көгілдір түсті. Мемлекеттік Тудағы көгілдір түс Қазақстан халқының жеке мемлекет болуға ұмтылған ниет-тілегінің тазалығын, асқақтығын көрсетеді. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді. Қанатын жайған қыран құс – билік, айбындылық бейнесі.

-       Елтаңба – Қазақстан Республикасының негізгі мемлекеттікрәміздерінің бірі. Елтаңбаның негізгі бөлігі – шаңырақ. Шаңырақ – мемлекеттің түп – негізі – отбасының бейнесі. Қанатты тұлпар – ұшқыр арманның, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың көрінісі. Қанатты тұлпар уақыт пен кеңістікті біріктіреді. Бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүретін  Қазақстан халқының өсіп-өркендеуін, рухани байлығын паш етеді. Бес бұрышты жұлдыз елтаңбаның тәжі іспетті. Әрбір адамға жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Еліміздің гимі – «Менің Қазақстаным» әні.

Демонстарациялық материялдармен жұмыс.

-       Тұңғыш Президентіміз кім?

-       Рәміздерді қандай жерлерге іледі?

-       Рәміздер – сол елді айқындайтын белгілір. Мысалы: үлкен теңіз, мұхиттарда көп кемелер жүзіп барады. Олар өздерінің қай елден екенін білдіру үшін мемлекеттік Туын іледі. Әртүрлі спорттық жарыстарда, олимпиадаларда спортшылар өз елінің туымен шығады. Барлық елдерде біздің елшілігіміз бар. Сол елшіліктердің төбесіне ҚР Туы ілінеді. Спортшылар жеңіске жеткенде сол елдің туы желбіреп, әнұраны орындалады.

-       Қазақстан Елтаңбаның авторлары кімдер?

-       Қазақстан Гимнінің авторылары кім?

-       Қазақстан Туының авторы кім?

Сергіту сәтін өлеңнің мазмұнына сәйкс қимылдармен жасайды.

Алдымен балалар Елтаңба суреттен не көріп тұрғандарын айтады.

Педагогтің сөзін мұқият тыңдайды. Түсінбегендерін сұрайды.

-Тұңғыш Президентіміз – Н.Ә.Назарбаев.

-Рәміздерді барлық жерге ілуге болмайды. Мемлекеттік маңызы бар жерлерде ғана ілінеді.

Балалар қай жерлерде Қазақстан Туының ілініп тұрғанын көргендерін айтады.

-Жандарбек Мәлібеков, Шота Уалиханов.

-Жұмекен НәжімеденовНұрсұлтан Назарбаев, Шәмші Қалдаяқов.

-Шәкен Ниязбеков

Біз Отанды сүйеміз (қолдарын жоғары көтеріп, екі жағына жаяды)

Біз Отанға адалмыз

(қолдарын кеуделеріне қояды)

Көгілдір ту иеміз

(сол қолмен туды көрсетеді).

Қалай жасық боламыз

(жұдырықтарын түйіп, иықтарына қояды).

Рефлексиялық-түзетушілік

 

Қорытындылау.

Сұрақ-жауап әдісі арқылы еліміздің рәміздері туралы алған білімдері пысықталады.

Балалар еліміздің рәміздері туралы әңгімелейді.

Күтілетін нәтиже: Сакимбай Алмас, Серикова Гүлзейнеп, Сабыржан Алельге рәміз атауларын дұрыс айтуға үйрету.

 

Біледі:Еліміздің рәміздерін құрметтейді; мақтаныш тұтады;

Игереді:Елтаңбада берілген бейнелердің қандай мағына беретінін; әнұранның әр сөзінің мағынасын; олардың қай жерлерге ілінетінін;

Меңгереді:өз елі, Отаны, туған жері туралы білетінін практикалық жұмыстарды орындауда, сұраққа жауап беру кезінде.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

«08» қыркүйек 2016 ж.

«Вариативтік компонент»

Бөлімі: Жас зерттеуші

Тақырыбы: «Адам деген ардақты ат»

Мақсаты: «Адамгершілік» ұғымының құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу. Адами қасиеттер туралы түсінік беру. Балалардың адамгершілік қасиеттерін дамыту, жағымды қарым - қатынас жасай білуге үйрету. Ізгілікті, мейірімді болуға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: адамгершілік, мейірім, қасиет, ардақты

Қолданады: әр түрлі мамандықтардың суреті,

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Жылулық шеңбері

-       Бүгін титтей баламын,

Әлі - ақ жігіт боламын.

Сонда, мүмкін, мен ғалым,

Әлде шофер боламын.

Е. Өтетілеуовтің «Нағыз адам боламын» атты өлеңін ілесіп бірге қайталайды.

 

Ұйымдастырушылық- ізденістік

Әңгімелесу.

-       Ата - анаң қандай болғаныңды қалайды?

-       Өзің кімге ұқсағың келеді?

-       Нағыз адам дегенді қалай түсінесіңдер?

-       Дұрыс айтасыңдар, балалар, ата - анамыз біздің жақсы адам болғанымызды қалайды. Әрдайым ақылдарын айтады. Біздер ақылды, әдемі адамдарға ұқсағымыз келеді. Өзіміз де мейірімді, адал, білімді болып өсуге талпынамыз.

-       Балалар, не тәтті?

-       Ананың сүті тәтті.

-       Не жұмсақ?

-       Ананың қолы жұмсақ.

-       Не қатты?

-       Атаның жүрегі қатты.

-       Кім жақын?

-       Тату болса, ағайын жақын, ақылшы болса, апайың жақын.

-       Бауырмал болса, інің жақын, алдыңа тартқан адал асың, Қимас жақын қарындасың.

-       Не қымбат?

-       Алтын ұяң – Отан қымбат,

-       Құт - береке, атаң қымбат.

-       Аймалайтын, анаң қымбат.

-       Асқар тауың әкең қымбат.

-       Дүниеде не қымбат?

-       Адам қымбат

-       Адамға не қымбат?

-       Бала қымбат.

Сергіту сәті.

-       Тыныштық сәті.

-       Ұшқыш, дәрігер, құрылысшы, ұстаз. т. т мамандықтар туралы әңгімелеу

-       Бейбіт елдің ұланы,

Оттай лаулап жанамыз.

Бұл бақыттың ұраны,

Біз бақытты баламыз.

 

-       Жақсы болғанымызды

-       Тәртіпті, ақылды болғанымызды қалайды

-       Нағыз адам жақсы адам

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәтін видео арқылы жасайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақпақты қайталап жаттап алады

Рефлексиялық-түзетушілік

-       Сонымен, бүгін не туралы сөйлестік?

-       Не туралы білдіңдер?

-       Адам болып өмір сүргенімізге қуанамыз ба?

-       Қандай адамбыз?

-       Мейірімді, қамқор, адамгершілігі мол баламыз.

-       Адам туралы

-       Жақсылық, қамқоршылық

-       Тәртіпті, ақылды, мейірімді, қамқор

Жеке жұмыс: Әлібек Едіге, Қисамиден Айымжан, Даниярұлы Әділбекке мейірімділік, қамқоршылық, нағыз адам туралы түсінікті қалыптастыру.

 

Күтілген нәтиже:

Біледі: адами қасиеттер туралы;

Игереді: Адамгершілік қасиеттерді;

Меңгереді: Ізгі, мейірімді болу керектігін;

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

«09» қыркүйек 2016 ж.

«Вариативтік компонент»

Бөлімі: «Қазақ этнопедагогикасы тәрбие бастауы»

Тақырыбы: «Бөлме гүлдерін қалай күтеміз?»

Мақсаты: Бөлме гүлдері туралы білімдерін толықтыру. Оларға күтім жасауды үйрету. Тірі табиғатқа аяушылық сезімдерін оята отырып қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: гүлдер өсетін жылыжайға немесе қысқы баққа (оранжерея цветов) бару

Сөздік жұмыс: бәйшешек, фикус, қазтамақ, қоянқұлақ

Қолданады: гүлдердің суреті, қарлығаш құстың суреті немесе ойыншық түрі, гүл егуге қажетті құралдар

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Жылулық шеңбері

-       Қазір біз әңгімелеспес бұрын бір-бірімізге жылу сыйлап, позитивті болайық, жарай ма?

-       Ендеше алақандарымызды түйістіреміз, көзімізді жұмамыз, жүрегіміздегі жылуымызды таратамыз.

-       Жылу сездіңдер ме?

 

-       Иә

(жылу таратып жатқандарын сезуге тырысады)

Ұйымдастырушылық- ізденістік

-       Балалар, қараңдаршы бізге қонаққа кім келіпті?

-       Ол сендерге көптеген гүлдің суретін алып келген екен. Гүлдерді қалай өсіретінін білмей тұр. Көмектесеміз бе?

-       Ал онда мына суреттерге қараймыз.

-       Мына гүлдің аты қалай аталады?

-       Бұл бәйшешек гүлі. Көктемде қар еріген кезде шығады. Гүлдердің көпшілігі қар, жаңбыр суларымен өседі.

-       Далада өседі ме, әлде үйде ме? Ал, мынау?

-       Үйде гүлдерді қалай күтеміз.

-       Не құямыз?

-       Су бізге тағы не үшін керек?

Сергіту сәті:

Біз гүлдерше өсеміз.

Жапырағы жайқалған.

Сабақтары салалы,

Желге ырғалып жайқалған.

-       Қазір мына алдымыздағы тұрған судың дәмін көрелік. (су ішу) Тағы ішейік.

-       Дәмі барма?

-       Түсі ше? Мөлдір, түссіз.

-       Екінші ыдысқа құйып көрелік. Құйылады ма?

-       Құйылады. Өйткені, су сұйық.

-       Біздің суымыз жаңа түссіз, мөлдір болған. Енді оған бояу қосып көрелік.

-       Түсі өзгерді ме?

«Гүл отырғызу» ойыны

-       Ал, қазір балалар біз сендермен гүл егеміз.

-       Мынау не? Топырақ.

-       Ол не үшін керек?

-       Гүл егу үшін қажет. (ұстап көру).

-       Енді қолымызға мына күрекшені алып, топырақты мына ыдысқа саламыз. (әр қайсысына салғызу) Енді су құямыз. Сусыз гүл еге алмаймыз. Енді мына гүлімізді егеміз, міне былай. Алдымен ағашпен ортасын ашамыз. Отырғызамыз. Жабамыз. Тағы су құямыз. Міне гүлімізді де отырғызып болдық.

-       Енді күнде су құйып күтіп жүреміз жарай ма? (терезенің алдына қою.)

-       Қарлығаш құс.

 

 

 

 

 

 

-       Бәйшешек

 

 

-       Далада

 

-       Су құямыз

 

-       Жуыну үшін, ішу үшін

 

Сергіту сәтін жасайды

 

 

 

 

 

 

-       Жоқ

-       Түсі де жоқ

 

-       Иә

 

 

 

-       Иә өзгерді

 

 

 

 

 

 

Гүл егуге қатысады

Рефлексиялық-түзетушілік

«Су не үшін керек» ойыны

-       Балалар біз қарлығаш құсқа қалай көмектестік.

-       Гүлдер қайда өседі?

-       Гүлге не құямыз?

-       Су не үшін керек?

-       Су қандай?

-       Бүгін барлықтарын жақсы қатысып отырдыңдар, сұрақтарға да толық жауап бердіңдер.

Ойын ойнайды

 

-       Бөлмеде

-       Далада

-       Су құямыз

-       Гүл өсу үшін

-       Түсі жоқ, дәмі жоқ

Жеке жұмыс: Батырхан Арсен, Төлеубек Нұрсәт, Әлібек Едігеге гүлдер туралы білімдерін бекіту.

 

Күтілген нәтиже:

Біледі: Бөлме гүлдері туралы;

Игереді: Гүлдерге күтім жасау дағдыларын;

Меңгереді: Тірі табиғатқа қамқор болу қажеттілігін түсініп, аяушылық білдіруді;

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Технологиялық карта. ересектер тобы."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по переработке нефти и газа

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 985 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.12.2016 42606
    • DOCX 2.4 мбайт
    • 157 скачиваний
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аширбаева Раушан Бейсенқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Аширбаева Раушан Бейсенқызы
    Аширбаева Раушан Бейсенқызы
    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 120031
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Алгоритмика для дошкольников и младших школьников

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Нормативно-правовые и организационные основы деятельности учреждений дошкольного образования

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Система оптимизации взаимоотношений родитель-воспитатель, администрация-воспитатель, воспитатель-воспитатель

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

История России: ключевые события и реформы

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 101 человек из 36 регионов

Мини-курс

Методы и подходы проведения трекинга и менторства

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Дизайн и визуальная коммуникация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе