Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Технологиялық карта. ересектер тобы.

Технологиялық карта. ересектер тобы.

Такого ещё не было!
Скидка 70% на курсы повышения квалификации

Количество мест со скидкой ограничено!
Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок"

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок" 20 мая 2016 г. бессрочно).


Список курсов, на которые распространяется скидка 70%:

Курсы повышения квалификации (144 часа, 1800 рублей):

Курсы повышения квалификации (108 часов, 1500 рублей):

Курсы повышения квалификации (72 часа, 1200 рублей):
библиотека
материалов

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

«19» қыркүйек 2016 ж.

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлім: Сурет салу

Тақырыбы: «Күзгі орман»

Мақсаты: Инновациялық технологияларды қолдана отырып қылқаламмен және бояумен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, сүйкей жағу арқылы қағаз бетіне дақ түсіру кезіндегі қолдың қимыл-қозғалысын дамыту, ұқыпты жұмыс істеуге үйрету, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: себет, тұғыр.

Қолданады: акварель бояуы, ақ қағаз, қылқалам, су сүрткіш және тұғырлар, интерактивті тақта, күзгі орманның суреті.

Шаттық шеңбері.
  • Балалар, Толғанай есімді қуыршақ бізге бүгін қонаққа келіпті. Ол күзгі орманды аралап, жапырақ жинап жүргенде, қолындағы себетін бір жерге қойып кеткен екен, енді соны таба алмай қалыпты. Сендерден себетін сұрауға келеген көрінеді. Естеріңе түсіріп көріңдер, біз себетті қайдан көрдік? (Егер балалар айта алмаса, тәрбиеші өзі айтады). Мынау ма?

  • (Қуыршақ қуанып) Иә, осы, қандай жақсы болды, рахмет сендерге. Ақ лақ өзі келемін деп еді, келіп қалар.

Осы кезде есікті қағып ақ лақ кіреді (күтуші әкеліп береді).

  • Балалар, мен өткен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде сендерден сурет салуды үйреніп, сурет салып әкелемін деп уәде беріп едім. Сол уәдемді орындап, суретті алып келдім.

Интерактивті тақтаны қолдану.

Жапырақтардың түсіп жатқаны бейнеленген үлгі суретті көрсетеді.

hello_html_2c02db4e.jpg


  • Ақ лақтың суреті қандай тамаша! Ол нені салғанын кім айтады?

Балалар шеңберге тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.






Ақ лақтың бірден әкеліп көрсеткен суреті туралы әңгімелейді.


Далада бақылағандары, ағаш бұтақтарындағы жапырақтар азайғанын, жерде түсіп жатқан жапырақтар күннен-күнге көбейгенін әңгімелеп айтады. Тәрбиешінің көмегімен «жер алтын сары жапырақтармен көмкерілген» деген ой қорытады.

Ұйымдастырушылық- ізденістік

Күз туралы бір шумақ өлең оқу.

Үлгіні көрсету:

  • Ақ лақ суретті жақсы салып үйреніпті , ендң біз түсіп жатқан жапырақтарды салып үйренейік. Ол үшін қылқаламды қолымызға ұстап, бояуға батырып аламыз да, былай сүйкей жағамыз (өзі үлгі түрінде жапырақ салып көрсетеді).

Дербес жұмыс, жеке көмек көрсету.

Балалардың суреттерін Толғанай екеуі аралап көреді. Аяқталған жұмыстарды жинап алып, тақтаға іледі. Толғанай балалардың еңбекқорлығына таңданып, салған жұмыстарына ризашылығын білдіріп, мадақтайды:

Толғанай: - Ақ лақ, менің себетімді балаларға әкеліп бергенің қандай жақсы болды. Балалардың бәрі сурет салуды үйреніп алыпты, мен де енді сендерден сурет салуды үйренемін. Мен сендерге арнап

ақ лақ туралы тақпақ айтып

берейін бе, тыңдайсыңдар ма?

Жүні жібек шудадай,

Ай мүйізді аппағым.

Үстіңді жүр былғамай,

Баспа жердің бастпағын.

Ақ лақ: - Рахмет, Толғанай, мен айтқан тілді аламын. Балалар ұқыпты, таза жұмыс істеуді үйреніпті, енді мұнда екеуміз бірге келетін боламыз.

Күз туралы өлеңді тыңдайды.


Балалар алдарындағы ағаштар салынған қағазға түсіп келе жатқан жапырақтарды салып көреді.



Қылқаламмен бояуды сүйкей жағу тәсілімен қағазға жапырақтардың суретін салады. Бояу түстерін өздері таңдайды.







  • Иә, тыңдаймыз.



Балалар мұқият тыңдап отырады.

Рефлексиялық-түзетушілік


Балалардың суреттеріне ауызша баға беріледі.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін бірнеше сұрақтар қою арқылы қорытындылау, белсенді қатысқан балаларды мадақтау.



Балалар өздерінің салған суреттерін тамашалайды, басқалардікімен салыстырады.

Жеке жұмыс: Шабденова Амина, Маратқызы Әмина, Даниярұлы Әділбекке акварель бояуымен ұқыпты сурет салға дағдыландыру.


Күтілген нәтиже:

Біледі: Күзгі жапырақтардың ерекшеліктері жайында түсініктері қалыптасады.

Игереді: Қылқаламмен, бояумен қағаз бетінде дұрыс жұмыс жасау, жапырақтарды үлгідегі тәрізді етіп икемді әрі шебер салу дағдысын игереді.

Меңгереді: Ұқыпты жұмыс істеуді меңгереді.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

«19» қыркүйек 2016 ж.

Білім беру саласы: «Әлеумет»

Бөлім: Өзін-өзі тану

Тақырыбы: «Мен қандай баламын?»

Мақсаты: Әрбір баланың жеке тұлға екендігін түсіндіру. Қыз бала мен ұл баланың ерекшеліктері туралы түсінік беру. Өзін-өзі тануға деген қызығушылықтарын арттыру. Өзара жағымды қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: құндыз, керік

Қолданады: «Өзін-өзі тану» әлемінің картасы, дәптер, хрестоматия, ойыншық жүрекше, бала санына қарай айна.

Шаттық шеңбері.
  • Қайырлы күн, балалар! Мен сендермен кездескеніме қуаныштымын. Қанеки, бәріміз шаттық шеңберімізге жиналып, бір-бірімізге мақтау айтып, қуаныш сыйлап көрейікші!

  • Ол үшін бір-бірімізге қарама-қарсы тұрайық. Шын жүректен бір-бірімізге мақтау сөз айтайық.


Балалар шаттық шеңберін құрып тұрып, бір-бірлеріне шын жүректен мақтау сөздер айтады.

Ұйымдастырушылық- ізденістік

Әңгімелесу:

  • Балалар, «Өзін-өзі тану әлемінің» картасындағы бірінші аялдамаға назар аударайық. Бұл аялдамадан «Біз қандай баламыз?» деген сұраққа жауап тауып, қандай бала болу керектігін үйренетін боласыңдар.

  • Қане, осы аялдамадағы суретке қарап әңгіме құрастырайық.

Әңгімелеу.

«Айна» ертегісін оқып беру.

  • Балалар, кірпі, қоян, керік орманнан не тауып алды?

  • Кішкентай достарымыз айнадан неге әртүрлі суреттерді көрді деп ойлайсыңдар?

  • Балалар, айнаға қараңдаршы. Сендер кімді көріп тұрсыңдар?

  • Ал, енді бір-бірлеріңе қарап, ұқсастықтарың мен айырмашылықтарыңды айтыңдаршы.

Ойын: «Мен қандаймын?»

Балалар тапсырмалар бойынша:

- ұлдар мен қыздар;

- бойларына қарай;

- шаштарының түстеріне қарай;

- көздерінің түстеріне қарай, т.б. бөлінеді.

  • Міне, балалар, байқадыңдар ғой:

- балалар ұлдар мен қыздар болып бөлінеді екен;

- балалардың түрлері, бойлары жүрісі әртүрлі болады екен;

- балалардың күлкісі, ойлаған ойлары, сөйлеген сөздері де әртүрлі;

  • Бұл ойын біздің бір-бірімізге ұқсамайтынын, әртүрлі, ерекше екенімізді көрсетті. Міне, қандай ғажап! Әрқайсысың бір-біріне ұқсамайтын ерекше жеке тұлғасыңдар.

Дәйексөз:

«Жақсы қыз – жағадағы құндыз, жақсы ұл – аспандағы жұлдыз»

Сергіту сәті:

Мынау – менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау – басым ақылды,

Бәрін осы басқарған.

Мынау – менің оң қолым,

Мынау – менің сол қолым,

Барлық істі атқарған.

Дәптермен жұмыс:

Дәптерде ұл мен қыздың және олардың киімдерінің суреттері берілген. Бағыт арқылы ұл бала мен қыз баланың киімдерін тауып, бояңдар.

Ғажайып сөздер:

Біз бір-бірімізді сыйлаймыз.

Біз бір-бірімізге көмектесеміз.


Балалар «Өзін-өзі тану әлемінің» картасына қызыға қарайды.


Балалардың жауаптары.




Балалар ертегіні мұқият тыңдап отырады.




Балалардың жауаптары.








Балалар ойынды қызыға ойнайды.









Дәйексөзді қайталап айтады.


Балалар сергіту сәтін қайталап айтады, қимыл-қозғалыспен бірге орындайды.





Дәптермен жұмыс жасайды.




Балалар ғажайып сөздерді қайталап айтады.


Рефлексиялық-түзетушілік

  • Балалар, бүгін біз әрқайсысымыз ерекше тұлға екенімізді, бір-бірімізге ұқсамайтындығымызды,

ұлдар – мықты, батыл;

қыздар – нәзік, әрі сыпайы болатынын білдік. Ұлдар өздерін нағыз ер жігітше ұстаулары керектігін, қыздар нәзік, оларға қамқор болып, көмектесу нағыз жігіттің ісі екенін түсіндік.

Жүректен жүрекке

Ойыншық жүрекшені бір-бірлеріне ұсынып, ұл бала мен қыз баланың өзіне тән қасиеттерін айтып, тілектерін білдіреді.



Балалар мұқият тыңдап отырады.






Балалар бір-бірлеріне тән қасиеттер айтып, тілектер білдіреді.

Жеке жұмыс: Балаларға ұл мен қыздардың айырмашылықтарын айыра білуге үйрету.


Күтілген нәтиже:

Біледі: Қыз бала мен ұл баланың ерекшеліктері туралы.

Игереді: Әрбір баланың жеке тұлға екендігін.

Меңгереді: Өзара жағымды қарым-қатынас жасауды.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

«20» қыркүйек 2016 ж.

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Күз жомарт» (өлеңді жаттау)

Мақсаты: Күздің ерекшеліктері туралы алған білімдерін толықтыру. Күз байлығы, оның алуан түрлілігі туралы айтып, өлеңді дауыс ырғағымен келтіре оқып жеткізу. Күз байлығы адамдардың еңбегімен келетінін ұғындыру, оны бағалай білуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: тоңазып, саудырап.

Қолданады: күз туралы суреттер, жеміс түрлері, жұмыс дәптерлері, түрлі түсті қарындаштар.

Билингвальды компонент: жомарт күз – щедрая осень, жапырақ – лист.

Шаттық шеңбері:

  • Арайлап атсын таңымыз,

Жайдары болсын күніміз!

Жайнасын бүгін, жарқырап,

Армысың, жомарт күз!


Балалар шаттық шеңберіне тұрады.

Таңмен, күнмен, достарымен амандасып, бір-біріне жылылық сыйлайды.


Ұйымдастырушылық- ізденістік

Балаларға жұмбақ жасыру.

  • Жиын теріп болатын,

Қамбаға астық толатын,

Қызыл қырман ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?

  • Күз мезгілінің қандай ерекшеліктері бар?

  • Балалар, бүгін ақын Ермек Өтетілеуұлының «Күз – жомарт» деген өлеңімен танысамыз.

Тоңазып атырап,

Көк жеміс піседі.

Сарғайып жапырақ,

Саудырап түседі.

«Күз – жомарт», - дейміз біз,

Жемісін жейміз біз.

  • Жомарт күз деп – жемістердің пісетін, астық жиналып, жиын-терін болатын кезді айтамыз.

Сөздік жұмыс:

  • Тоңазып сөзі – тоңу, суық деген мағынаны білдіреді.

Саудырап деп жапырақтардың сарғайып, қурап, жерге түсуін айтады.

Билингвальды компонент: жомарт күз – щедрая осень, жапырақ – лист.

Сергіту сәті:

  • Мерейлі күз, мырза күз,

Сыйлығыңа ризамыз.

Аппақ арай таңында

Шомыламыз нұрға біз.

  • Неліктен «Күз – жомарт» деп айтамыз?


  • Тоңазып деген сөзді қалай түсінесіңдер?



  • Саудырап деген сөз қандай мағынаны білдіреді?

Өлеңнің мағынасын түсіндіре отырып, түсініксіз сөздерді қайталату.

Дәптермен жұмыс:

Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға түсіндіру.

Балалармен жеке жұмыс жүргізу.

Д/о: «Кім жылдам?»

Ойынның шарты:Себеттің айналасында жемістер мен көкөністер аралас жатыр. Себеттің ішіне тек жемістерді жинап салу керек.

Балалар жұмбақтың шешуін табады.

Жауабы:

  • Жылдың күз мезгілі.


  • Күз мезгілінде күн суытады, жапырақтар сарғайып, жерге түседі, жемістер, көкөністер піседі.


Балалар өлеңді қайталай отырып жаттайды.




Балалар жомарт күз туралы түсінгендерін айтып береді.


Балалар тоңазып, саудырап сөздерін бірнеше рет қайталап, мағынасын түсінеді.

Балалар қайталап айтады.



Қимылмен көрсетеді.




  • Күз мезгілінде барлық жеміс піседі, астық жиын-терін болады.

  • Күзде күн суытып, жерге қырау тұрады, соны жер тоңазыды деп айтамыз.

  • Күзде ағаш жапырағы сарғайып, қурап, жерге саудырап түседі.



Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындайды.

Ойынның шартымен танысып, жемістер мен көкөністердің арасынан жемістерді жинап, себетке салады.

Рефлексиялық-түзетушілік

Жұмбақ шешу:

«Жазда тұрып жоғары,

Күзде жерге қонады».

  • Тоңазып деп қай кезде айтылады?

Қорытындылау, мадақтау.

Балалар жұмбақтың шешуін табады.

Жауабы: жапырақ.

  • Күз мезгілінде күн суытып, жерге қырау тұрады, соны жер тоңазыды дейді.

Жеке жұмыс: Айбек Кәусар, Мағаз Інжу, Серикова Гүлзейнепке Е. Өтетілеуұлының «Күз – жомарт» атты өлеңін қайталап, жаттатқызу.


Күтілген нәтиже:

Біледі: Өлеңдегі күздің ерекшеліктерін дауыс ырғағын келтіре қайталап, жаттайды.

Игереді: Жемістер мен көкөністер пісіп, жинайтын, еңбектенентін кез күз мезгілінде болатынын түсінеді.

Меңгереді: Жемістер мен көкөністер туралы жұмбақтардың шешуін табады. Ойын барысында жемістер мен көкөністерді ажыратады. Өлеңді мәнерлеп жатқа айтады.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

«20» қыркүйек 2016 ж.

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы: «Көкөніс (қияр, сәбіз, қызылша)»

Мақсаты: Балаларды көкөністің пайдасын түсіндіре отырып, мүсіндеуге үйрету. Белсенділігін, шығармашылығын дамыту. Еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қолданады: үлестірмелі материал (көкөністің суреттері), муляждар, интерактивті тақта.

Мотивациялық-қозғаушылық


Шаттық шенбері;

Амансың ба, Алтын Күн!

Амансың ба, Жер Ана!

Амансың ба, достарым,

Сендерді көрсем қуандым.


Балалар қол қимылдарын жасайды,бір-бірін құшақтайды.

Ұйымдастырушылық – ізденістік



Балаларға диск таспасынан арамшөп басып кеткен бақшаның суретің көрсету. Балалардың әр дұрыс жауабынан кейін арамшөптерді өшіріп отырады. Барлық сұраққа жауап берілген соң бақшаға қаптап көкөністер (қияр, сәбіз, қызанақ) шығады.

  • Қандай көкөністі білесіндер?

  • Көкөністер қайда өседі?

  • Көкөністің қандай пайдасы бар?

  • Үйде бақша салуға көмектесесіңдер ме?

1 үстелде сәбіздің муляжы.

2 үстелде қиярдың муляжы.

3 үстелде қызанақ муляжы.

Балалар қызығушылығына қарай 3 топқа бөліп отырады. Үш топты қадағалау.

-Балалар,қазір жұмбақ жасырамыз, сендер шешуін табындар.

1 Жазда інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкіні.

Құйрығынан суырып,

Әкелді әкем бір күні.

2 Бақшада қызыл түйіршек,

Балалар оған үйірсек.

3 Бұл топ балаларына қияр туралы жұмбақ құру ұсынылады.

  • Жақсы, жарайсыңдар! Енді осы көкөністерді мүсіндейк.

Үлгіні көрсету, түсіндіру:

Қызғылт сары түсті ермек сазды алып, жұмсартып,тақтайша үстінде жалпақтаймыз.

Қалыппен бастырып, қалақшамен мүсінді алып, қатты қағазға орналастырамыз.

Жасыл түсті ермексазды жіңішкелеп, сопақтап, жалпақтау арқылы жапырақтарды жасаймыз.

Сергіту сәті;

көкөністер бейнеленген суреттерді балаларға үлестіріп беру.

-Жасыл түсті ермексазды есіп жіңішкелеп, сабағы ретінде орналастырамыз. Кескіштеп бедерлейміз.

Дербес іс-әрекет, жеке көмек көрсету.











-Сәбіз, қияр т.б.

-Бақшада.


-Дәрумені болады.

-Иә, -Жоқ.

Олардың шетінен атап сипаттайды.


  • Сәбіз.



  • Қызанақ.


  • Қияр.



Балалар әуен ырғағымен билейді, айналады, музыка тоқтағанда балалар бірігіп, «салат» болып орналасады. Салатқа не қосылатынын білетін балалар бір-бірімен бірігіп тұра қалады.Қалған көкөністер көрмеге қойылады.




Рефлексиялық- түзетушілік

Үш топтың жетекшілері балалардың жұмыстарын қарап шығып, мадақтайды.

Әдемі жасалған көкөністер себетке салынады.

М.Нүктенованың «Көкөністер дауы» ертегісін айтып беру арқылы сабақты қортындылайды.

Балалар ертегіні тындап,көкөністер туралы ұғымдары кеңейе түседі.


Жеке жұмыс: Бахит Альтаир, Болатбек Аружан, Даниярұлы Әділбектің көкөністердің пайдасы туралы білімдерін бекіту, мүсіндеу дағдыларын дамыту.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: көкөністер және жемістердің өзара айырмашылықтарын;

Игереді: заттық мүсіндеу;

Меңгереді: көкөністердің пайдасын;

«Көкөністер дауы» ертегісі.

Бақшашы:

Өнім биыл тамаша!

Көз тоймайды қараса:

Сәбіз, картоп, кәдіш пен қып - қызыл піскен қызанақ,

қырыққабатқа қарашы!

Тәрбиеші:

Көкөністер бір кезде жиыла қалып дауласты.

Көкөністер:

Жиналып қаппыз бәріміз,

Қайсысымыз ең дәмдіміз?
Ішімізден адамға
Тиеді көп пайдамыз?

Тәрбиеші:

Мақтаншақ бұршақ ортаға жүгіріп шықты.

Бұршақ:

Кішкене түймедеймін мен

Ұнаймын мен бәріне
Дәмді тағамдармен
Сый жасаймын бәріне

Тәрбиеші:

Ызаланғаннан қызылша қып - қызыл болып кетті.

Қызылша:

Мен де бір сөз айтайын

Мақтанайын сіздерге
Менсіз борщ болмайды
Винегрете үстелде

Қырыққабат:

Мақтанғаннан не пайда

Менсіз дәмді щи қайда
Мені қосса самсаға
Жейді бәрі тамсана

Қияр:

Дәмім тілді үйірген

Мен тұздалған күйімде
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне!

Қарбыз:

Кім білмейді шалқанды?

Талайлар маған таңғалды.
Бәріне сый боламын.
Тауып көр менен дарханды!

Сәбіз:

Кім бар сәбіз шырынын

Жастайынан ішпеген?
Мені жеген адамдар
Кем болмайды күшке де!

Қызанақ:

Піскен кезде қызанақ;

Көз тартар қызыл түсімен.
Бар ма адам сүйсінбей

Томат шырынын ішпеген?

Пияз:

Боламын мен дәмдеуіш,

Барлық - барлық тағамға.
Көкөністер ішінен
Мен пайдалы адамға.

Картоп:

Мен ұялшақ картоппын

Мен емеспін мақтанар
Мені жақсы көреді
Үлкендер мен балалар!

Бос айтысты қояйық,
Дауласуды тоқтатайық.

Көкөністер:

Жиналып қаппыз бәріміз,

Қайсысымыз ең дәмдіміз?
Ішімізден адамға
Тиеді көп пайдамыз?

Тәрбиеші:

Көкөністер бәрі де

Денсаулыққа пайдалы
Мұны жатқа біліңдер,
Оларды жақсы көріңдер!

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

«20» қыркүйек 2016 ж.

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: «Заттардың қасиеті (пішін, шама). Заттарды биіктігіне, ұзындығына, ені мен қалыңдығына қарай салыстыру»
Мақсаты: Балаларды заттардың түрлі қасиеттерін тауып, заттардыәртүрлі белгілері бойынша салыстыруды, заттарды берілген белгілері бойынша топтастыруға үйрету.

Балалардың негізгі түстерді ажырата білу қабілетін дамыту; кеңістікке бағдарлау қабілетін күшейтуді, кеңістік қатынастарын (алдында, артында, ортасында) анықтауға үйретуді жалғастыру; баланың сөйлеу және талдау қабілетін дамыту. Ұжыммен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Қолданады: кеңістікті бағдарлауға арналған суреттер, 7 құртақандардың суреті
Сөздік жұмыс: салыстыру, ажырата алу.

Мотивациялық- қозғаушылық
  • Балақайлар бізге бүгін қонаққа құртақандар келіпті. (көрнекілік материал-кесте. «7 құртақан»)

  • Кәне, балалар олармен жақсылап танысып алайық. Олардың киімдерінің көлемі ментүсін, кеңістіктегі орналасқан орнын суреттеп көріңдер.


Балалар ойынға қатысады. Құртақандардың суреттерін қарап шығады, көлемін, түсін, кеңістіктегі орналасқан жерін анықтайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

  • Ал, енді сендер қазір осы құртақандарды сипаттап бересіңдер.hello_html_m5be2fedb.jpg

  • Олар үлкен бе, кішкентайма, қай жерде орналасқан, түстері қандай деген сұрақтарға жауап беріңдер.

Топтағы барлық балалармен осылай жұмыс істейді. Педагог бірнеше баланы тақтаға шығарып, оларды бір-бірінің артына қатарластырып қояды. Қалған балалар олардың белгілерін атап көрсетеді: үлкен-кіші, киімінің түсі, орналасқан жері.

  • Өте жақсы, енді біз дәптердегі 1 тапсырманы орындауға көшейік. Алдымен шартты белгілермен таныс болыңдар.

Сергіту сәті: Тышқан шықты есіктен.

  • 2 тапсырманы орындауға көшейік. Бұл тапсырмада жапсырмаларды өз ұяшықтарына дұрыс жапсыру керексіңдер. (педагог жапсырмаларды кестенің ұяшықтарына дұрыс жапсыруға, түсін, өлшемдерін және оның дәптердегі орналасқан жерін көрсетуге көмектеседі)

Заттарды көрсетілген қасиеттері бойынша сипаттайды. Балалар тақтаға шығады және бір- бірінің артына тұрады. Топтағы балалардың аталған белгілерін анықтайды.




Дәптердегі 1-тапсырманы орындайды, заттардың түсі мен өлшемін анықтайды.

Сергіту сәтін орындайды

2- тапсырманы орындайды. Тиісті заттарды көрсетілген белгілі бойынша жапсырады және оныңкеңістіктеорналасқан орнын сипаттайды.алдында-артында, алдында, ортасында

Рефлексиялық- түзетушілік

Тақырыпты қорынтылайды және балаларды тапсырмаларды ықыласпен орындағаны үшін мадақтайды. Балалардың тақырыпты түсінгенін тексеру үшін

3-тапсырманы өз бетінше орындауға береді. Ол үшін тапсырманы дұрыс «оқу» қажет екенін айтады. Үлкен заттарды бір түспен, кішкентайын басқа түспен бояу керек. Содан соң олардың қағаз бетінде орналасқан орнын сипаттап беру қажет.

Педагог балаларға тапсырманы орындағаны үшін алғысбілдіреді және бүгін құртақандар мен өзге заттардың қасиеттерін сипаттау үшін қандай сөздер қолданғанынсұрайды. Содан соң құртақандармен қоштасып, оларға сабақтан кейін үстелдің үстінқалай жинатынын көрсетулерін сұрайды.

3-тапсырмадағы заттарды тапсырма бойынша бояйды. Сұрақтарға жауап береді: «үлкен-кішкентай», түс (кемпірқосақтың 7 түсінатап көрсетуге болады), кеңістіктегі орнын атап көрсетеді:алдында-артында, арасында, қасында.

Жеке жұмыс: Ділдәбек Нұрдәулет, Жетпісбай Елнұр, Жүнісбек Асыланға суретке қарап заттың көлемін, түсін, орналасқан жерін сипаттауға дағдыландыру.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: заттардың қасиеттерін суреттейтін сөздерді: үлкен, кішкентай, орташа, негізгі түстер; заттың кеңістіктегі орнын білдіретін сөздерді; алдында,артында, алды, арсында.

Игереді : заттарды екі белгісі- түсі мен өлшемі бойынша салыстыруды;

Меңгереді: заттарды көрсетілген белгілері бойынша салыстыруды, заттың өлшемі мен түсін атап көрсетуді, оныңкеңістікте орналасқан орнын сипаттауды.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

«21» қыркүйек 2016 ж.

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Қорыққанға қос көрінеді» (орыс халық ертегісі)

Мақсаты: Ертегіні соңына дейін тыңдауға үйрету. «Г», «к» дыбыстарымен таныстыру. Балалардың сөйлеу шеберлігін, сөздік қорларын дамыту. Баланы өжеттілікке, батырлыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: оймақтай.

Қолданады: қолайна, демонстрациялық құрал, жұмыс дәптерлер.

Билингвальды компонент: немере – внук, әже – бабушка, тауық – курица, шелек – ведро.


Мотивациялық-қозғаушылық
  • Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.

Жұмбақтар:

  1. Ақ сандығым ашылды,

Ішінен жібек шашылды.

  1. Алуан түсті, аңқыған иісті,

Қырларда олар жаңбырмен өсті.


Балалар жұмбақты тыңдап, жауабын айтады.


  • Жауабы: күн.


  • Жауабы: гүл.

Ұйымдастырушылық- ізденістік

  • Балалар, бүгін «күн», «гүл» сөздерінің басында кездесіп тұрған дыбыстармен танысамыз.

  • Балалар, «күн» сөзі қандай дыбыстан басталады?

  • Бәріміз бірге «күн» деп айтайықшы.

  • Енді, «гүл» деп айтайық.

  • «Гүл» сөзі қандай дыбыстан басталады?

«Г» мен «к» дыбыстарының дұрыс артикуляциясы мынадай: ерін ашылып, тілдің ұшы астыңғы тістің түбіне тиеді. Тілдің үстіңгі жағы таңдайға тиеді. Дем жоғары көтеріліп, тіл мен таңдайдың арасынан шыққанда «к» дыбысы жасалады. Дауыс шымылдығының дірілінен «г» дыбысы естіледі. Бұл екі дыбыс та дауыссыз дыбыстар.

  • Қолайналарыңды алып, «г», «к» деп айтып көріңдер.

  • Бұл екі дыбыс – бір-біріне ұқсас ағайынды дыбыстар.

  • «Г», «к» дыбыстарынан басталатын сөздерді айтыңдаршы?

  • Иә, сендер осы екі дыбыстан басталатын біраз сөз біледі екенсіңдер. Балалар, мына сөздерде «г», «к» дыбыстары қай буында кездесіп тұрғанын айтыңдар:

Гү-лім, кө-гім.

Гү-ріл, жү-гір.

Кө-лік, көк, ө-рік.

Ке-се, кес-те.

Сергіту сәті:

Сергіту жаттығулары үнтаспадан қойылған әуен ырғағымен жасалады.

  • Балалар, орыс халқының «Қорыққанға қос көрінеді» ертегісін тыңдаңдар.

Балаларға ертегі оқылады.

  • Ертегі сендерге ұнады ма?

Билингвальды компонент: немере – внук, әже – бабушка, тауық – курица, шелек – ведро.

«Оймақтай – кішкентай» деген мағынада екенін айтып өтеді.

Ертегі мазмұнын сұрақтар қою арқылы сұрау.

  • Ертегі кейіпкерлерін атап беріңдерші.

  • Олар күнде не тасиды?

  • Суды немен тасиды?

  • Суды олар қайдан тасиды?

  • Сушылар қайтарда қай жолмен жүреді?

  • Бақта ағаш түбінде не отырады?

  • Бірде қоянның төбесіне не түсті?

  • Қоян қорқып не істейді?

  • Қорыққан сушылар не істеді?

  • Сушыларға қоян қалай елестеді?

  • Ал, қоянға ше?

  • Міне, балалар, «қорыққанға қос көрінеді» деген осы екен.

  • Балалар, осы ертегінің авторы сендер болсаңдар ертегіге қандай тақырып қойған болар едіңдер, ойланып көріңдерші.

Д/о: «Белгілі дыбысқа сөз таңда»

Ойынның шарты: ертегідегі кейіпкерлердің бас әрпіне сөз құрастырады. Мысалы:

«Әже» сөзіндегі «ә» дыбысына;

«Қыз» дегендегі «қ» дыбысына;

«Тауық» және «тышқан» деген сөзіндегі «т» дыбысына.

Дәптермен жұмыс:

Дәптердегі №2 тапсырма бойынша орындалады.

Жеке жұмыс жүргізіледі.




  • «Күн» сөзі «к» дыбысынан басталады.

  • «Күн».

  • «Гүл».

  • «Гүл» сөзі «г» дыбысынан басталады.









Айнаға қарап, «г», «к» дыбыстарын айтады.


  • Гүл, Гүлнар, газет, гитара, гүлстан, кесе, күн, көз, күз, керней, кесте.




Балалар «г», «к» дыбыстарының қай буында кездесіп тұрғанын айтып отырады.

Әуеннің мазмұнына сәйкес қимылмен жасайды.

Ертегіні мұқият тыңдайды.

ертегі соңында бәрі де ертегі кейіпкерлерінің қылығына күледі.

  • Иә, ұнады, ертегі өте қызық екен.

Қайталайды.

  • Әже, немере, тауық, тышқан.

  • Су тасиды.

  • Әрқайсысы өз шелегімен тасиды.

  • Әже құдықтан, немере астаудан, тауық шалқықтан, тышқан торайдың тұяғы кірген ізінен тасиды.

  • Бақтың ішіндегі жолмен жүреді.

  • Қоян отырады.

  • Алма ағашынан алма түсті.

  • Сушылардың аяғына оратылады.

  • Әже сәуіге құлады, немере әжесіне тығылады, тауық пештің үстіне қонақтайды, тышқан пештің астындағы інге кіреді.

  • Әжесіне аюға ұқсап, немересіне құбыжық болып, тауыққа түлкі болып, тышқанға мысық болып елестеді.

  • Ит еріткен аңшылар болып елестеді.

Балалар ойын ойнайды және тапсырманы орындайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

  • Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетінде қорыққанда көзіңе әр нәрсе елестейтінін білдіңдер. «Батыр бір өледі, қорқақ мың өледі» деген мақал осындай жағдайда айтылады екен.

Қорытындылау, мадақтау.



Балалар «біз батыр боламыз» деген ұранмен бойларына батырлық сезімін ұялатады.

Жеке жұмыс: Орыс тілінде сөйлейтін балаларға қазақша сөздердің мағынасын түсіндіру.


Күтілген нәтиже:

Орындайды: «Г», «к» дыбыстарына сөз ойлап айтады, ертегі мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, әрбір кейіпкерлердің өз шелегін өз орнына қоюға берілген тапсырманы.

Түсінеді: Ертегі мазмұнын.

Қолданады: Өз ойларынан ертегі құрастыра білу дағдыларын.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

«22» қыркүйек 2016 ж.

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: Сауат ашу негіздері

Тақырыбы: «Сөз. Сөз туралы түсінік қалыптастыру»

Мақсаты: Баланың сөз туралы түсініктерін қалыптастыру; сөздерді ұзынды-қысқалығын қолмен өлшеп айыра білуге үйрету, «А» дыбысымен және әрпімен таныстыру, танып-білуге деген қызығушылықтарын дамыту; ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қолданады: жұмыс дәптері, Астана қаласының көрікті деген жерлерінің суреттері.

Сөздік жұмыс: ыммен.


Мотивациялық-қозғаушылық

Тәрбиеші балаларға ыммен «отырыңдар», «сөйлемеңдер», «тынышталыңдар»- деп белгі береді. Ым – ишарат.

-Міне балалар көрдіңдер ме? Сөзсіз өмір сүру деген қандай қиын. Ал біз бәрәмәз өз ойымыщды сөз арқылы айта аламыз.

Балалар тәрбиешіні қалай түсінгендеріне байланысты іс-әрекет жасайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Балалар, қазір мен сендерге бір сөз айтамын.мысалы: «сиыр», енді сендер бір сөзден айтыңдар. Ал шатасып кетпес үшін мына стақанға бір сөз айтқан сайын, бір қарындащтан салып отырайық. Мен «сиыр» сөзін айттым, бір қарындаш салайын. Тағы да кім сөз айтады?

Ең соңында қарындаштарды санап, тәрбиеші қорытынды жасайды.

-Міне біз қандай көп сөз білеміз, айта берсек әлі де көп.

-Сендер байқадыңдар ма, кейбір сөз ұзақ дыбысталса, енді бір сөз қысқа дыбысталады. Сол себепті сөздер ұзын және қысқа болады.

Мына екі сөзді тыңдаңдар: үй және кітапхана. Осы сөздердің қайсысы ұзақ, ал қайсысы қысқа болады?

-Біз ол сөздерді өлшеп көрейік: 2 қолды алақандарын біріктіріңдер. Сөзды дыбыстай бастаған кезде алақандарыңды аша бастайсыңдар. Ал дыбыстап болысымен, сол сәтте тоқтай қалыңдар. (Бұл жаттығу 2-3 баламен жеке жүргізіледі, 6-8 сөз айтылады.)



Сергіту жаттығуы:

Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар сепкен.

Неткен сұлу, неткен көркем!

Осы менің туған өлкем!

Алтын дәнді даласы бар,

Ақ күмістей қаласы бар.

Неткен сұлу, неткен көркем!

Осы менің туған өлкем!

(Ө. Тұрманжанов.)


-Балалар біздің елордамын қалай аталады?

Астана қаласының көрікті желерін, көркем суреттерін көрсету.

-Астана қаласы «А» дыбысынан басталады. «А» дыбысын кеңірек ашып қайталаймыз.

«А» дыбысы дауысты дыбыс, оны әндетіп айтуға болады. Ауыз қуысынан кедергісіз шығады.

«А» дыбысынң дұрыс айтылуартикуляциясы мынадай: «А» дауысты дыбысын айтқан кезде ауыз кең ашылып, тіл ауыз қуысында еркін жатады. Дауыс шымылдығы ашық болады. Осылай «А» дыбысы жасалады.

Тәрбиеші балалардың ойлаған сөздерін буынға бөлулерін сұрайды.

-Ал енді «А» дыбысын ауада жазып көрейік.

Жұмыс дәптері. Дәптердегі №3 тапсырма бойынша орындалады.

Жеке жұмыс жүргізіледі.





Балалалр бір-біріне сөз айтады.

-Доп.

-Кітап.

-Ойыншық.

-Балабақша.


Балалар тәрбиеші сұрағына жауап береді.


Қалған балалар қайталап отырады.


Балалар оның ұзақтығын қайталайды.


Қайталап айтады.




Балалар өлең мазмұнына байланысты қимылдар жасайды.








-Астана қаласы.


Балалар көреді, есте сақтайды.



-А-а-а.

-Алма, Алматы, алмұрт, апельсин, апа, ата.

-А-ғаш, а-на, ал-тын.

«А» әрпін ауада жазады.


Дәптерде берілген тапсырманы орындайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

Жұмбақ:

Күн нұрын шашқан асқардан,

Алатау – алып тас қорған,

Бас қала аты – Астана ,

Қай әріптен басталған?

-«А» дыбысы дауысты ма, әлде дауыссыз ба?

-Бір-бірімізді түсіну үшін не айтамыз?

-Сөздер қандай болады?


-Енде маған бір ұзақ, және бір қысқа сөз айтыңдар.

-Біз бүгін қандай дыбыспен таныстық?

-«А» дыбысы қандай дыбыс?

-Сөздер қандай болады?

-Өте жақсы балалар, сендер бүгін өте ақылды, әрі зерек екендеріңді көрсеттіңдер.

Балалар жұмбақ жауабын табады.

«А» дауысты дыбыс, оны әндетіп, созып айтуға болады.

-Ұзақ және қысқа болады.

-Балабақша. Бала.

«А» дыбымен таныстық.

-Дауысты дыбыс.

-Сөздер ұзақ және қысқа сөздер болады.

Балалар естіген мақтау, мадақтауларына қуанады.

Жеке жұмыс: Қайырбай Бекзат, Қасен Мағжан, Қисамиден Айымжанның сөз туралы білімдерін бекіту, толық жауап беруге үйрету.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: ыммен берілген тапсырманы, ұзын және қысқа сөздерді қолдарымен өлшеуді, сөз айту арқылы стақанға қаламдар салуды, жаңа дыбысқа сөз ойлап табуды.

Игереді: «А» дыбысының дауысты дыбыс екенін, сөздің қаншалықты қажеттілігін.

Меңгереді: ұзақ және қысқа сөз ойлап айтады, сөздерді буынға бөледі.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

«22» қыркүйек 2016 ж.

Білім беру саласы: «Әлеумет»

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Заттардың адам өміріндегі маңызы»

Мақсаты: Заттардың адам өміріндегі маңызы туралы түсіндіруді үйрету; Заттарды топтастыра білу дағдыларын дамыту; Тұрмыстық бұйымдарды күтіп ұстауға тәрбиелеу.

Қолданады: суреттер, жұмыс дәптері.

Блингвальды компонент: айран.

Мотивациялық-қозғаушылық

Таңғы жиын

Біз әдепті баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Мейлі қайда жұмсасын,

Бәріне де барамыз.

Тосын сәт: «Сиқырлы қоржын»

Балалар, қараңдаршы Сиқырлы қоржын бар. Онда бірнеше тапсырмалар бар екен. Сол тапсырмаларды орындап көрелік.

Таңғы жиынды жақсы айтып шықты.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Ғылым орталығы:

Балалармен сурет бойынша әңгіме.

Қоянның асүйіндегі заттарды атаңдар.

-Сырты жаз, іші қыс. Ол не?

-Тоңазытқыш не үшін ас үйде тұр?

Асүйдегі заттардың қайсы темірден, ағаштан жасалған деп

ойлайсыңдар?

-Ыдыс-аяқ неден жасалған?

-Балалар себет неден жасалған деп ойлайсыңдар?

-Мынау- айран? Оның ыдысы неден жасалған?

Біз айранды қандай ыдысқа құю керек екенін көреміз.

Тәжірибе жасау

2 қатырмақағаздан жасалған қорапты алып біреуіне су құйып көреміз.

2-қорап ішіне целлофан пакет салып,су құюып көру.

Қазіргі заман технологиясы өте жетілген.Үнемдеу мақсатында су өтпейтін қалың, целлофаны бар пакет ойлап тапты. Сондықтан қазір осындай қораптар пайдаланылады. Бұл қорап тетрапакет деп аталады.

Тетрапакетке құйылған тағы қандай тағамдарды білесіңдер?

Д\О: Орнын тап.

Сергіту сәті:

Желменен ағаштар,

Тербеледі әрдайым.

Бір иілді,екі иілді,

Сыңғырлады жапырақтар.

Тоңазытқыш

Өйткені онда тағам түрлері сақталады?

Темірден,газ плита, кастрөл т. б

Себет кептірілген шыбықтардан,пластиктен және ағаш қабақтарынан жасалды.





Балалар тәжірибені бақылап,қандай нәтиже болғанын айтады.






- Әртүрлі шырындар, газдалған сусындар, йогурт


Рефлексиялық-түзетушілік

  • Балалар қай орталықты болдыңдар?

  • Қай тапсырма қызықты болды?

  • Қай досыңның жауабы ұнады?

  • Ұнаса, несімен ұнады?

Балалардың жауабы тыңдалады

Жеке жұмыс: Мағаз Інжу, Малтықбай Нұржігіт, Маратқызы Әминаның заттардың адам өміріндегі алатын орны жайлы әңгімелепи бере алуын қадағалау.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: Балықтардың сыртқы құрылысы туралы;

Игереді: Қызығушылықтары.

Меңгереді: Жұмбақтарды шешіп үйрену керек.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

«23» қыркүйек 2016 ж.

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлім: Аппликация

Тақырыбы: «Саңырауқұлақтар»

Мақсаты: Үлгіге сүйене отырып, дайын пішіндерден бейнелерді қиып, құрастыра білуге үйрету. Жапсыру техникасы дағдыларын дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қолданады: қуыршақ Аружан, түрлі-түсті қағаздар, қайшылар, желім, қылқаламдар.


Шаттық шеңбері «Көңілді балалар»:

  • Еріншек болуға болмайды.
    Жабырқауды білмейміз,
    Жалқаулықты сүймейміз,
    Біз талапты жас ұлан,
    Үлгі аламыз жақсыдан.





Балалар тақпақты қайталап айтады.

Ұйымдастырушылық- ізденістік

Қызықтыру сәті: Топқа қуыршақ Аружан келеді.
Қолында себеті бар. Көңілсіз.

  • Сен неге көңілсіз жүрсің, қолыңдағы себетіңде не бар?

Аружан:

  • Мен анама саңырауқұлақтар жинаған едім,
    саңырауқұлақтарымды себетке дұрыс жинамай бәрі осылай бөлініп сынып қалды.

  • Аружан бізде қазір жапсыру ұйыдастырылған оқу іс-әрекеті болады. Біздің балалар жапсыру тәсілі арқылы сенің саңырауқұлақтарыңды жабыстырып береді, солай ма балалар, ол үшін бізге не керек?

  • Балалар саңырауқұлақтар шөптесін, орманды жерлерде өседі.Саңырауқұлақтардың улы түрі де болады, сендер даладын көрген саңырауқұлақтарды қолдарыңмен ұстамаңдар.Ол улы болуы мүмкін.

Аружан:

  • Қараңдаршы саңырауқұлақтар қандай пішінге ұқсайды?

  • Шынындада, қараңдаршы, саңырауқұлақ қол шатырға ұқсайды екен.

Үлгіні көрсету:

  • Басы дөңгелек пішінге, сабағы сопақ ұзын етіп қайшымен қиып аламыз. Қылқаламға желімді көп малмай, қиылған саңырауқұлаққа желімді көп жақпай, бірегей жағып, бірінші саңырауқұлақтың сабағына, сосын қалпағына ұқыпты желімді жан-жақтарыңа жағып алмай, парақшаға былай жапсырамыз (көрсетіп, түсіндіру).

Дербес іс-әрекет, жеке көмек:

Әр бала өз бетінше саңырауқұлақты қиып, жапсырады. Қиып, жапсыра алмай отырған балаларға жеке көмектесу.

Сергіту сәті: «Саңырауқұлақ».

  • Ормандағы тиіннің,

Саңырауқұлағы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

Аружан:

  • Балалар рахмет сендерге менің саңырауқұлақтарымды жабыстырып бердіңдер, мен саңырауқұлақтарымды апарып анамды қуантайын, сау болыңдар.

Балалар қуыршақ Аружанның келгеніне таң қалады.







Қуршақ Аружанның берген жауабын қызыға тыңдап отырады.






Мұқият тыңдап отырады.







  • Қолшатырға ұқсайды.







Көрсетілген үлгіге мұқият қарап, тыңдап отырады.


Балалар қуыршақ Аружанның қолындағы себетке қарайды.
Саңырауқұлақтарды қиып, жапсыруға кіріседі.
Барлық саңырауқұлақтарды жапсырып Аружанның себетіне салып береді.



Сергіту сәтін орындайды.




Балалар да Аружанға көмектескендеріне қуана қоштасады.

Рефлексиялық-түзетушілік

  • Топқа кім келді?

  • Не жапсырдық?

  • Саңырауқұлақ неге ұқсайды екен?

  • Немен жапсырдық?

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін аяқтап қолдарын жуады.

  • Аружан келді.

  • Саңырауқұлақ жапсырдық.

  • Қолшатырға.

  • Қайшымен қиып, желіммен жапсырдық.

Жеке жұмыс: Өмірбекова Мәрием, Жетпісбай Елнұр, Жүнісбек Асыланды желімді көп жақпай, ұқыпты жапсыруға дағдыландыру.


Күтілген нәтиже:

Біледі: Үлгіге сүйене отырып, дайын пішіндерден бейнелерді қиып, құрастыра білуді.

Игереді: Жапсыру техникасы дағдыларын.

Меңгереді: Жұмысты ұқыпты орындауды.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

«23» қыркүйек 2016 ж.

Білім беру саласы: «Әлеумет»

Бөлімі: Экология негіздері

Тақырыбы: «Су – тіршілік көзі»

Мақсаты: Судың адамзат өміріндегі маңызы туралы түсініктерін нақтылау; судың қасиеттерімен танысу. Танымдық мүндіктерін арттыру. Суды үнемдеуге тәрбиелеу, топта жұмыс істей білуге, ұжымда өзін дұрыс ұстай білуге тәрбиелеу.

Қолданады: шелектегі су, әртүрлі көлемдегі шыны ыдыс, бояу, қылқалам.

Сөздік жұмыс: тұщы

Мотивациялық-қозғаушылық
  • Балалар, адам,өсімдік тіршілік ету үшін не керек?

  • Біз бүгін судың тіршілік үшін қандай маңызы бар екенін білетін боламыз.

Глобусты көрсету.

  • Глобуста суды қандай түспен белгілейді?

  • Глобуста қандай түс көп? Осы арқылы не айтуға болады?

Тіршілік үішнең алдымен су,жарық,ауа керек.


-Глобуста су көк түспен белгіленеді.

-Глобуста көк түс көп.

Бұл табиғатта су көп екенін білдіреді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

«Су кімдерге немесе нелерге қажет?» дидактикалық ойынын ойнау.

«Жылға және көл» сергіту жаттығуы.

Билингвальды компонент.

жылға – ручей, көл – озеро, тұщы – пресный, мөлдір – прозрачный.

  • Өзен-көлдің, теңіздің суын адамдар қалай пайдаланады?

  • Адамдар ежелден ақ су қойиалары бар жерге қоныстанған. Сендер тұратын жерде қандай өзен көлдер бар?

  • Ал су туралы қандай мақалдар,өлеңдер білесіңдер?

  • Жер бетінде су көп болсада, барлығы бірдей ішуге жарамды бола бермеді. Су тұщы және тұзды болады. Біз ішу үшін қандай суды пайдаланамыз?

  • Судың қасиеттерін еске түсірейік.

Педагог жұмысы:

1 тәжірбие. Бу – бұл су.

Педагог ыстық су құйылган шәйнекті ашып, балалардың назарын буға аударады. Үстіне әйнек ұстайды, әйнекте тамшылар пайда болады.

2 тәжірбие. Су – сұйық

Суды бір ыдыстан екінші ыдысқа құяды. Су қандай?

3 тәжірбие. Суды иіскеп көріңдер. Иісі бар ма?

Жеке жұмыс жүргізу.

hello_html_3076abf7.jpg

hello_html_6c02a5ea.jpg

тұщы су тұзды су

  • тұщы суда жұмыртқа батады

  • тұзды суда жұмыртқа батпайды

Үстелдің үстінде әр түрлі заттардың суреттері белгіленген карточкалардың ішінен суды қажет ететін заттардың суреттерін таңдап алады. Балалар «жылға » дегенде топтың ішіне тарап кетеді, «көл» дегенде қол ұстасып шеңбер құрады.


-Суда ыстықкүнде шомылады,кемелер жүзеді,балық аулайды,тұщы суды адам тамақ дайындауға пайдаланады,сумен кір жуады,ыдыс жуады, үй тазалайды т.б.

1. су мөлдір

2. судың дәмі жоқ

3. судың иісі жоқ

4. судың пішіні жоқ

5. су – еріткіш


Балалар педагог көрсеткен әйнектегі судың тамшысын ұстап көреді.


Будың су екендігіне көздерін жеткізеді.

-Су сұйық, сондықтан ағады.

-Суда иіс жоқ.








Тапсырмаларды орындайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

  • Балалар суды не үшін қорғауымыз керек?

  • Жер бетінен су жоғалып кетсе, не болар еді?

  • Біз суды қорғау үшін қандай көмек көрсете аламыз?

  • Су тіршілік көзі.

Біріншіден, суды үнемді қолдану керек. Кранды дұрыстап жабу керек. Суды ластауға болмайды. Оған қоқыс, қалдықтар лақтыруға болмайды.

Жеке жұмыс: Қайырбай Бекзат, Теміржан Нұртөренің судың қасиетін зерттеу арқылы есте сақтау қабілеттерін жаттықтыру.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: судың ащы және тұщы болатыны туралы;

Игереді: тұщы суды қайда падаланатынын; судың қасиеттерін тәжірбие арқылы;

Түсінеді: өзі тұратын жерде қандай су қоймалары бар екенін және ол туралы білімдерін; су қоймаларын қорғауды күтуді.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

«20» қыркүйек 2016 ж.

«Вариативтік компонент»

Бөлімі: Өнер көзі - халықта

Тақырыбы: «Су патшалығына саяхат» (сурет салу)

Мақсаты: Сулау әдісі арқылы сурет салу дағдысын қалыптастыру, қызығушылығын арттыру. Бояумен жұмыс істеу іскерліктерін жетілдіру.

Қолданады: сурет салуға қажетті құралдар


Мотивациялық-қозғаушылық
  • Қазір су патшалығына саяхат жасаймыз.

  • Мұқият болыңдар, себебі сосын алған әсерлерінді, көргендерді қағазға сурет салу арқылы көрсетесіңдер.

Су патшалығы туралы видео көрсету.

hello_html_15ab5de6.png

Су патшалығы туралы видео көріп тамашалайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

  • Енді саяхаттан қандай әсер алсақ, соны қағазға бояу арқылы саламыз.

  • Мен бірінші мысал ретінде өз әсерінді қалайша қағазға түсіруге болатынын көрсетемін. Бірінші қылқаламмен қалай жұмыс жасайтынымызды еске түсірейік. Қылқаламды ұшынан ұстап, суға батырып аламыз. Сосын сулы бояуға батырып аламыз. Енді қағаз бетіне тигізіп, теңіз бейнесін немесе су патшалығына ұқсастырып сурет саламыз.

hello_html_m20d5f59a.jpg

hello_html_705ea9e2.jpg

  • Енді өздерін сурет салып көріндер.

  • Сосын суреттерінді талдаймыз.

  • Суда ыстық күнде шомылады, кемелер жүзеді, балық аулайды, тұщы суды адам тамақ дайындауға пайдаланады, сумен кір жуады, ыдыс жуады, үй тазалайды т.б.

Рефлексиялық-түзетушілік

  • Біз бүгін қайда саяхат жасадық?

  • Су патшалығы қандай екен?

  • Онда нелер бар?

  • Сурет салған сендерге ұнады ма?

  • Қандай әдіс арқылы сурет салдық?

  • Тамаша!

Сұрақтарға ойланып жауап береді. Өз ойларымен бөліседі.

Жеке жұмыс: Қайырбай Бекзат, Теміржан Нұртөренің сулау әдісі арқылы сурет салуды қайта түсіндіріп, білімдерін бекіту.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: су патшалығы туралы;

Игереді: қызығушылықтары артып, бояумен жұмыс істеу іскерліктерін;

Түсінеді: сулау әдісі арқылы сурет салуды;

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

«22» қыркүйек 2016 ж.

«Вариативтік компонент»

Бөлімі: Жас зерттеуші

Тақырыбы: «Бөлме гүлдерін қалай көбейтеміз?» (Зертханалық жұмыс)

Мақсаты: Көбейген гүлді отырғызу, балалардың қызығушылығын арттыра отырып жұмыс жасауға үйрету. Өсінді отырғызу жолын көрсетіп, табиғатты аялауға, сүюге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: өсінді, көбейту.

Қолданады: бөлме гүлдерін, күтіп баптауға қажетті құрал-жабдықтар.

Мотивациялық-қозғаушылық


Шаттық шеңбері:

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!





Балалар шеңберге тұрып педагогпен бірге өлең жолдарын қайталайды.


Ұйымдастырушылық- ізденістік

  • Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер оның жауабын шешуге тырысыңдар.

Адамдардың бәрі қызығады, су құймасаң сәні бұзылады. Бұл не?

  • Дұрыс. Жарайсыңдар, ендеше бүгін біз бөлме өсімдіктерімен таныс боламыз. Өсімдік өмір сәні, табиғат көркі, дәрі-дәрмек. Олар біздің бөлмемізді тек әдемі етіп көрік бере қоймай, бөлменің, үйдің ауасын тазартады. Бізге қуаныш сыйлайды, көңіліміз көтеріңкі болады екен. Олардың көптеген түрлері болады. Енді балалар тақтаға назарымызды аударайық, міне, мынау раушан гүлі. Гүлінің түсі қызыл, хош иісті болып келеді екен. Раушан гүлі өте әдемі, бөлмемізді әдемі етіп тұрады. Ал мынау, алоэ өсімдігі. Жапырақтары тікенді болып келген, бірақ тікені қолымызға кірмейді. Алоэның емдік қасиеті бар, дәрі-дәрмек. Егерде, жүгіріп бара жатып, жарақат алған жағдайда осы алоэ кескінін кесіп алып, жарақат алған жерге тигізіп бір-аз уақыт ұстап тұрсақ жазылады екен. Міне, өсімдіктердің осындай адамға деген пайдасы бар екен. Енді, гүлдің сырт келбетімен танысайық. Тамыры – сабағы – жапырағы – гүлі. Балалар, ендеше осы айтып отырған гүлдеріміз біздің бөлмемізде бар ма? Мұқият қарайықшы, кім көріп тұр?

Сергіту сәті:

Ендi бiз демаламыз,

Айналаны шоламыз.

Қол-аяқты кезекпен,

Оңға-солға созамыз.

Күн шыққанда сүйiнiп,

Бәйшешектей иiлiп,

Бiз тынығып аламыз.

Жиi-жиi жаттығып,

Үлкен кiсi боламыз.

Өсімдіктерді көбейту

  • Үй өсімдіктерін олардың өзінің тұқымынан немесе бөлшектерінен, яғни кесіндісінен (сабағының, жапырағының немесе тамырының) өсіреді, ол үшін оларды сабақ, түйнек, бадана, тамыр өркендеріне бөледі.



  • Гүл деп, жауабын тапты.








  • Табиғат бұрышында деп, және раушан,алоэ өсімдіктерді тауып көрсетті.
    Осы мезетте Карлсон ұшып келеді. Үнтаспаға жазылған ұшақ дыбысы жіберіледі.
    Карлсон: Саламатсыздарма балалар. Үйіме, үйдің шатырына ұшып бара жатып(қолмен жоғары жаққа көрсетеді), сендердің терезелеріңнен өте әдемі бөлме өсімдіктерін көріп, жақынырақ көруге келдім. Мен де үйіме гүл өсіргім келеді, бірақ мен күту, баптау ережелерін білмеймін.





Сергіту сәтін орындайды.








Мұқият тыңдап отырады.

Рефлексиялық-түзетушілік

  • Бүгінгі оқу іс-әрекеті ұнады ма?

  • Біз қандай бөлме өсімдіктерімен таныстық?

  • Гүлдің сырт келбеті қандай?

  • Бөлме өсімдіктерінің қандай пайдасы бар?

Қорытындылау, белсенді қатысқан балаларды мадақтау.

  • Иә.

  • Раушан, алоэ өсімдігімен.

  • Тамыры – сабағы – жапырағы – гүлі болады.

  • Бізге қуаныш сыйлайды. Дәрі – дәрмек. Бөлменің ауасын тазартады, т.б.

Жеке жұмыс: Айбек Кәусар, Айтымбет Арнұр, Айтжан Нарминге бөлме өсімдіктерінің атауларын атауға дағдыландыру.


Күтілген нәтиже:

Біледі: Көбейген гүлді отырғызуды.

Игереді: Өсінді отырғызу жолын.

Меңгереді: Табиғатты аялауға, сүюді.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

«23» қыркүйек 2016 ж.

«Вариативтік компонент»

Бөлімі: Қазақ этнопедагогикасы халық бастауы

Тақырыбы: «Күзгі табиғат»

Мақсаты: Күз туралы түсініктерін кеңейте түсу. Күзгі табиғатқа қатысты айтылған нақыл сөздердің мағынасын түсіндіру. Күзгі табиғаттың ерекшеліктеріне байланысты ауа-райын бақылауды үйрету.

Сөздік жұмыс: күзгі табиғат, нақыл сөздер, ауа-райы.

Қолданады: күз мезгілінің суреттері, нақыл сөздер;

Мотивациялық-қозғаушылық

(Күз туралы өлең жолдарын мәнерлеп айтып беру)

Күз

Қоңыр салқын тарады

Қойнаулар мен сайлардан,

Қаздар қайтып барады,

Қайтқан елдей жайлаудан.

Соңғы шуақ төгіліп,

Жалқынданып тұр аймақ.

Ақ сәулеге шомылып,

Жапырақтар жүр ойнап.

Көктен көзін бір алмай,

Қызғылт тартты кәрі құз...

Жер қызығын қия алмай,

Маужырап тұр сары күз...


Балалар шеңберге тұрып педагогпен бірге өлең жолдарын қайталайды.

Ұйымдастырушылық- ізденістік

  • Күз берекелі мезгіл. Себебі күзде дәнді дақылдар пісіп, астық жинау басталады. Адамдар қысқа дайындалады. Күзде барлығы еңбек етіп, тер төгеді. Еңбек туралы мақал мәтел жаттап алайық.

  • Еңбек етсен ерінбей,

Тояды қарнын тіленбей.

  • Еңбек түбі береке.

  • Ал, күзгі табиғат не деген әдемі, алтын түсімен көз тартып тұрады. Әйгілі суретшілер күзгі табиғаттын бейнесін салуды жақсы көрген. Ал ақын, жазушылар күз туралы тақпақ, өлең, ән жазған. Себебі күзгі табиғат адамға қатты әсер береді. Жылы сезімдерді оятады.

hello_html_mc5594cc.jpg

Сергіту сәті:

Ендi бiз демаламыз,

Айналаны шоламыз.

Қол-аяқты кезекпен,

Оңға-солға созамыз.

Күн шыққанда сүйiнiп,

Бәйшешектей иiлiп,

Бiз тынығып аламыз.

Жиi-жиi жаттығып,

Үлкен кiсi боламыз.

Өсімдіктерді көбейту

  • Күз – бұл төрт мезгілдің ішіндегі ең молшылыққа, тоқшылыққа толы мезгілі. Шын мәнінде, күз – жазғы кештен жылуы молырақ, көктемгі таңнан-балғынырақ, аязды қыстан да - тынышырақ. Осыны көбіміз байқамаймыз.








Мақал-мәтелді бірге қайталап, жаттап алады.























Сергіту сәтін орындайды.









Мұқият тыңдап, есте сақтап отырады.


Рефлексиялық-түзетушілік

  • Бүгін не туралы сөйлестік?

  • Күз туралы не білдік?

  • Күз мезгілінің 5 ерекшелігін кім атап береді?

  • Күз туралы қандай ойларын бар?

  • Қандай мақал жаттап алдық?

  • Ол не туралы?

Қорытындылау, белсенді қатысқан балаларды мадақтау.

  • Күз мезгілі туралы сөйлестік

  • Күз берекелі мезгіл

  • Молшылық, тоқшылық мезгілі

  • Күзгі табиғат әдемі

  • Еңбек түбі береке

  • Еңбек еткен жақсы іс

Жеке жұмыс: Айбек Кәусар, Айтымбет Арнұр, Айтжан Нарминге күзгі табиғатты көркем сөздер арқылы білдіруді жаттықтыру.


Күтілген нәтиже:

Біледі: Көбейген гүлді отырғызуды.

Игереді: Өсінді отырғызу жолын.

Меңгереді: Табиғатты аялауға, сүюді.





Мұқағали Мақатаев

Күз туралы

Тағы да күз, тағы, міне, сары таңды ұзақ түн,

Уысында тағы да мен ұйқы дейтін тұзақтың,

Ой-хой, шіркін, тағы да бір күзді, міне, ұзаттым,

Өмірімнің есейгенін сезінемін күзде мен,

Алдағыма асығамын, өткенді әсте іздемен,

Ой-хой, шіркін, болашаққа құмармыз ғой біз деген.

Жүрші, жаным, қоңыр күзде серуендейік жырақта,

Қайтқан құстың әуенімен қоштасайық қыратта,

Күз өткенге кейімеймін, сағынамын бірақта.

Қайтып бара жатыр, әне, сағыныштар-тырналар,

Ақ қайыңдар, тал, теректер... алтын сары сырғалар,

Туған жердің кеудесінде тұнжырайды жылғалар.

Қайда кеткен жасыл алқап, жасыл орман, жасыл маң?

Қайда кеткен жақұт гүлдер паң далаға шашылған?

Қайда кеткен, қалай өткен, кімге барып бас ұрған?!

Қалай біздер қапелімде аңғара алмай қалғанбыз?!

Әттеген-ай, неткен аңқау, неткен аңқау жандармыз?

Келіп қапты-ау сағыныштай сап-сарала арман-күз...


Суық күз сұрғылт,

Сұрланып аспан,-күн жауған.

Күн жауған шақта қайтатын едік қьірманнан.

Көтеріп алып,

Өтетін едік сулардан,

Қызғалдақ-қызды жаңадан ғана бүр жарған.

Бүр жарған жері,

Бұлтиып қана батқанда,

Мойнымызды қолаң шашымеы жапқанда.

Оттықтан ұшқын шашырап кетіп ақ қауға,

Өртенуші едік,

Өртеген сол бір шақтарда.

Қылша мойынды

Қытықтап қыздың білегі,

Тыңдайтын еді жүрегіңді кеп жүрегі.

Қыздын, күлкісі,

Судың сылдыры, гүл, егін,

Келмеске кеткен күндерім түске кіреді.

Ғұмыры бірге,

Тағдыры бірге, бірге арман,

Қайда кеттіңдер,

Қызғалдақтар-ау, бүр жарған?!

Жалғыз аттанып бара жатырмын қырманнан,

Расында да, жалған екен-ау,

Бұл жалған...


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-406834

Похожие материалы