Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Технологиялық карта "Қыстық киімдер"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Технологиялық карта "Қыстық киімдер"

библиотека
материалов


Технологиялық карта.

Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас», «Әлеуметтік орта».

Оқу іс-әрекет түрі: Қоршаған орта.

Оқу іс-әрекет тақырыбы: «Қыстық киімдер».

Оқу іс-әрекет мақсаты: Балаларды қыстық киімдер түрлерімен таныстыра отырып, қыстық киімдерді ажырата білуге үйрету. Өз-өзіне қызмет етудің қарапайым дағдыларын меңгерту. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу. Өзара достық қатынастарын дамыту.

Көрнекіліктер: қыстық киімдер суреттері.

Сөздік жұмысы: тон, бас киім, мойынорағыш, аяқ киім.

Әдіс-тәсілі: сөздік, көрнекілік, ойын.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық-

қозғаушылық

-Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

-Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жақсы тілектерін айтады.

-Тәуелсіздік мерекесіне арналған тақпақтарын айтады.

Ұйымдастырушылық-ізденушілік

-Бүгінгі іс-әрекетіміз жақсы өту үшін татулық, достық туралы тақпағымызды айтайық.

-Өте жақсы, балалар.

-(Осы кезде есік қағылады.)

-Балалар, есікті қағып тұрған кім екен?

-Ой, балалар, бізге даярлық тобынан Талшын деген қызымыз қонаққа келіпті.

-Талшын: -Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің атым Талшын.

-Талалар кәне, амандасайық.

-Сәлеметсің бе, Талшын.

Кәне, төрге шыға ғой.



-Балалар, Талшын неге қалың киімдер киіп алған?

-Дұрыс, қазір қыс мезгілі болғандықтан, Талшын жылы киініп алыпты. Талшын , сыртқы киімдеріңді шеше ғой.

-Кәне,көмектесейік.



-Бірінші нені шешеміз?

-Бірінші қолғабыңды және етігіңді шешеміз. Дала суық болса да, біздің тобымыз өте жылы.Сол үшін етігін шешіп, екінші аяқ киімді кигіземіз.

-Енді нені шешеміз?

-Тонды шешіп мына жерге қоямын.

-Бас киім мен мойынорағышын шешіп мына жерге қоямыз.



-Талшын сенің келгеніңе өте қуаныштымыз. Бүгін біздің балалар қыстық киімдермен таныспақшы. Отыра ғой.



-Балалар, қазір қандай мезгіл?

-Ауа райы қандай?

-Айнала қандай?



-Күн суық, аяз болады. Кейде боран соғады. Сол себепті адамдар қыста тоңбас үшін, суық тиіп ауырып қалмас үшін қалың, жылы киімдерін киеді. Бұл киімдерді қыстық киімдер деп атаймыз.



-Мынау не?

-Бас киімді не үшін киеміз?



-Түсі қандай?

-Мынау не?

-Ал мынау не?



Сергіту сәті:

Ормандағы бала қонжық,

Ағаштардан бал іздеді.

Мойындарын оңға бұрды,

Мойындарын солға бұрды.

Орман ішін аралады,

Ағаштарды шайқап көрді.

Аяқтарын көтеріп ап

Қуанғаннан билей кетті.



-Балалар қысқы киімдермен таныстық. Ал, енді мына жерде Талшынның барлық киімдері тұр. Соларды жеке-жеке тауып, атау.



-Жарайсыңдар, балалар!

Бізге Талшынның көп көмегі тиді. Олай болса, балалар, бәріміз көңілімізді көтеріп, Талшынмен бірге өлең айтайық.



-Енді балалар барлығымыз бірге «Ақ қоян» ойынын ойнайық.

Біздің топта ұл-қыздар,

Тату-тітті ойнаймыз.

Әлемдегі бар балаға,

Тек жақсылық ойлаймыз.





















-Сәлеметсің бе!







-Өйткені, қазір қыс мезгілі. Күн суық.















-Қолғапты және етікті шешеміз.

-Топ бөлмесі жылы.







-Тонды шешеміз.





-Бас киімді, мойынорағышты шешеміз.













-Қыс мезгілі.

-Күн суық.

-Айнала аппақ қар.

















-Қыстық киімдер.



-Бас киім. (хормен)

-Бас киімді басымыз тоңбас үшін киеміз.



-Мойынорағыш.

-Қолғап, тон, етік, пима.

(Хормен қайталау).





-Қимылмен келтіріп айтады.

















-Балалар аталған киімдерді өздері тауып, атайды.









Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады, қатады,

Жып-жылтыр боп жатады.




Рефлексиялық-

түзетушілік

-Енді Талшын қызымызбен қоштасайық.

«Кім тапқыр?» ойынымен киіндірейік.

-Іс-әрекетке жақсы қатысқан балаларды мақтап, жұлдызшалармен мадақтау.

-Балалар сұрақтарға жауап бере отырып, Талшынды киіндіреді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: қыстық киім түрлерін.

Игереді: қыстық бас киім,аяқ киім,сырт киім.

Меңгереді: қыстық киімдердің қалың болтындығын.

Автор
Дата добавления 24.03.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров696
Номер материала ДВ-551854
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх