Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Технологиялық карта "Сәруар" ертегісі

Технологиялық карта "Сәруар" ертегісі

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Бекітемін:Имашева.А.Ә.

24.04.15.

Тәрбиеші:Изтелеуова.Т.Н.

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Сәруар (ертегі).

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Ертегіні оқып бере отырып, балаларды батылдыққа, адалдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.

Сөздік жұмыс: ғарыш.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: суреттер.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Бір-біріне қарап төмендегі өлеңді айтады:

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз,

Жарқыраған күндейміз,

Ренжісуді білмейміз!

Педагог:

- Айға ұшқыларың келе ме?

- Айға ұшу үшін қандай болуымыз керек?

- Айға немен ұшады? Балалар өз ойларын айтады.

Тыныштық сәті: Көзімізді жұмып, көз алдымызға аспан әлемін елестетеміз. Аспан әлемі не деген әдемі! Жұлдыздар жымыңдайды. Терең тыныс алып, көзімізді ашамыз. Көңіл күйлерің қалай болды?

Дәптермен жұмыс: С. Оспановтың «Сәруар» ертегісімен таныстыру.

- Сәруар қайда ұшпақ болды?

- Не үшін Аюға барды?

- Аю келісті ме?

- Қасқыр келісті ме?

- Түлкі келісті ме?

- Қоян неге қорықты?

- Айға ұшуға күшік пен мысың неге келісті?

- Сәруардың нағыз достарын ата.

Сергіту сәті: Достар бірге жүреміз,

Бірге ойнаймыз, күлеміз.

Бірге балық аулаймыз,

Міне, біздер қандаймыз.

Әрқашанда тілектес,

Досыңа көмектес. (Қимылмен көрсетеді).

Дидактикалық ойын: «Менің досым».

Ойын шарты: Балалар бір-біріне гүл ұсына отырып, өз достарының бойындағы жақсы қасиеттерін айтады.

- Әлішер, сен ақылды баласың.

- Жансая, сен әдемі қызсың.

Қорытынды:

- Айға ұшу сендерге ұнар ма еді?

- Айға ұшу үшін қандай болу керек?

- Айға ұшқанда қасыңа кімді ертер едің?








Бекітемін:Имашева.А.Ә.

24.04.15.

Тәрбиеші:Изтелеуова.Т.Н.

Музыка.

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Орыс халқының музыкалық аспаптары.

Бағдарламалық мазмұны: орыс халқының бір әнінің әртүрлі аспапта ойналған сазын тыңдау, салыстыру, ажыратуға үйрету. Қазақ ұлттық саз аспаптарымен салыстыру, ұқсастығын ажырата білу қабілеттерін қалыптастыру. Орыс халқының музыкалық аспаптарының кейбірі басқа халықтардың музыкалық аспаптарына ұқсас екендігі туралы ұғым қалыптастыру.

Пайдаланылатын құралдар: орыс халқының шертпелі, ұрмалы, үрлемелі аспаптары, олардың суреттері. Кесінді лото (түрлі аспаптарды құрастыру); құрылысы, жасалуы, дыбысымен танысу. Қазақтың ұлттық саз аспаптарына ұқсастығы, айырмашылығы туралы әңгімелеу.

Ұлттық аспаптарды ажырату мақсатында түрлі музыкалық - дидактикалық ойын ұйымдастыру; аспаптардың салыстырмалы суреттерін салу, мүсіндеу.

Орыс халқы ойын-сауық кезінде би ырғағын күшейту мақсатында кез келген дыбыс шығаратын заттарды қолданған. Мысалы: темір ыдыстар, самауырдың мұржасы, пештің аузын жабатын қақпақ, ағаш кесетін ара, шөп шабатын шалғы. Сонымен қатар ағаш қасықтарды да жиі қолданған.

Балалайка ертеден халықтық музыкалық символ болып табылады. Балалайка аспабының аталуы түрлі жорамалданады. Бұл аспаптың пішіні, құрылысы да өзгеріске ұшырап отырған. Мәселен, балалайканың көне түрлері 2 ішекті болса, 3 ішекті түрі де болған. Балалайканың ішегі темір сымнан тартылады. Ерте кезде балалайканы саусақтың ұшымен ойнаса, кейіннен медиатормен ойнайды. Балалайка аспабы шертпелі Домбыра аспабының тобына жатады.

Ән тыңдау. «Бубенчики». «Гармошка». «Балалайка». Е.Тиличеева.

Музыканы тыңдай отырып, қай аспаптың үні естіліп жатқанын ажырата білуге үйрету.

- Қай аспаптың үні сендерге көбірек ұнады?

- Музыка қандай көңіл күйде орындалды?

- Қазақ аспаптарына ұқсай ма?

Орыстың гусли аспабы қазақтың жетіген аспабына ұқсайды. Айырмашылығы – жетігеннің үні жұмсақ естілсе, гусли үні сыңғырлы. Балалайка аспабы домбыра секілді, домбыраның ішегі жіңішке капрон жіптен тартылса, балалайканың ішегі сымнан тартылады әрі үш ішекті болады.

Музыкалық – дидактикалық ойын: «Ойнаған қандай аспап?» Әртүрлі музыкадан дыбыс шығарып, аспаптарды үнінен ажырата білуге үйрету. Аспаптардың атын дұрыс атауға баулу.

Әліппе - дәптермен жұмыс.

Қорытынды: Орыс халқының қандай аспаптарымен таныстыңдар? Қазақ аспаптарына ұқсас аспап бар ма? Қай аспап ұнады?



Бекітемін:Имашева.А.Ә.

27.04.15.

Тәрбиеші:Изтелеуова.Т.Н.

Музыка.

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Орыс халқының музыкалық аспаптары.

Бағдарламалық мазмұны: орыс халқының бір әнінің әртүрлі аспапта ойналған сазын тыңдау, салыстыру, ажыратуға үйрету. Қазақ ұлттық саз аспаптарымен салыстыру, ұқсастығын ажырата білу қабілеттерін қалыптастыру. Орыс халқының музыкалық аспаптарының кейбірі басқа халықтардың музыкалық аспаптарына ұқсас екендігі туралы ұғым қалыптастыру.

Пайдаланылатын құралдар: орыс халқының шертпелі, ұрмалы, үрлемелі аспаптары, олардың суреттері. Кесінді лото (түрлі аспаптарды құрастыру); құрылысы, жасалуы, дыбысымен танысу. Қазақтың ұлттық саз аспаптарына ұқсастығы, айырмашылығы туралы әңгімелеу.

Ұлттық аспаптарды ажырату мақсатында түрлі музыкалық - дидактикалық ойын ұйымдастыру; аспаптардың салыстырмалы суреттерін салу, мүсіндеу.

Орыс халқы ойын-сауық кезінде би ырғағын күшейту мақсатында кез келген дыбыс шығаратын заттарды қолданған. Мысалы: темір ыдыстар, самауырдың мұржасы, пештің аузын жабатын қақпақ, ағаш кесетін ара, шөп шабатын шалғы. Сонымен қатар ағаш қасықтарды да жиі қолданған.

Балалайка ертеден халықтық музыкалық символ болып табылады. Балалайка аспабының аталуы түрлі жорамалданады. Бұл аспаптың пішіні, құрылысы да өзгеріске ұшырап отырған. Мәселен, балалайканың көне түрлері 2 ішекті болса, 3 ішекті түрі де болған. Балалайканың ішегі темір сымнан тартылады. Ерте кезде балалайканы саусақтың ұшымен ойнаса, кейіннен медиатормен ойнайды. Балалайка аспабы шертпелі Домбыра аспабының тобына жатады.

Ән тыңдау. «Бубенчики». «Гармошка». «Балалайка». Е.Тиличеева.

Музыканы тыңдай отырып, қай аспаптың үні естіліп жатқанын ажырата білуге үйрету.

- Қай аспаптың үні сендерге көбірек ұнады?

- Музыка қандай көңіл күйде орындалды?

- Қазақ аспаптарына ұқсай ма?

Орыстың гусли аспабы қазақтың жетіген аспабына ұқсайды. Айырмашылығы – жетігеннің үні жұмсақ естілсе, гусли үні сыңғырлы. Балалайка аспабы домбыра секілді, домбыраның ішегі жіңішке капрон жіптен тартылса, балалайканың ішегі сымнан тартылады әрі үш ішекті болады.

Музыкалық – дидактикалық ойын: «Ойнаған қандай аспап?» Әртүрлі музыкадан дыбыс шығарып, аспаптарды үнінен ажырата білуге үйрету. Аспаптардың атын дұрыс атауға баулу.

Әліппе - дәптермен жұмыс.

Қорытынды: Орыс халқының қандай аспаптарымен таныстыңдар? Қазақ аспаптарына ұқсас аспап бар ма? Қай аспап ұнады?



Бекітемін:Имашева.А.Ә.

23.04.15.

Тәрбиеші:Изтелеуова.Т.Н.

Оқу іс - әрекетінің тақырыбы: Ынтымақ мерекесі.

Мақсаты:

І.Мамыр Қазақстан халқының ынтымақ күні туралы түсінік беру.

2.Мамыр мерекесі туралы өлеңдер оқыту арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3.Елімізде тұратын ұлттарды сыйлауға, олармен достық қарым - қатынаста болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: мерекеге арналған сюжетті суреттер,

Оқу іс - әрекетінің барысы:

1. Шаттық шеңберін құру.

Дөңгелене тұрып, «Достығымыз жарасқан» әнін орындау. Бір - біріне мерекеге арналған тілектер тілейді.

2. Кіріспе бөлім

а) дәптердегі ұлттар достығы бейнеленген сурет арқылы жұмыс жүргізу. Жұмыс сұрақ - жауап, көрнекілік, түсіндіру әдістері арқылы өтеді.

ә) Жаңа сабақтың тақырыбын хабарлау.

3. Негізгі бөлім

а) Сөздік жұмысын жүргізу. Ынтымақ - адамдар арасындағы бірлік. Мереке - салтанатты той, мейрам.

ә) Педагог Қазақстан Республикасында тұрып жатқан халықтардың тұрмысы мен мәдениеті жайлы қысқаша түсіндіреді.

- 1 Мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мен достығын паш ететін айтулы мереке. Еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың достығы мен бірлігі, татулығы мен ынтымағы өзге елдерге өнеге боларлықтай. Заманында қазақтың дарқан даласы көптеген ұлттарға пана, қамқор болды. Соның нәтижесінде қазақ жері бауырластар мекені, достықтың құтты ұясы атанды. Жүректері жомарт, алақандары ашық қазақтар өзге ұлт өкілдерімен бір ананың баласындай ғұмыр кешуде. «Бірлік бар жерде - тірлік бар», «Ырыс алды - ынтымақ» дейді халық даналығы.

б) ұлттар достығын бейнелейтін сурет салдыру.

3. Оқу іс - әрекетін қорытындылау.






Бекітемін:Имашева.А.Ә.

27.04.15.

Тәрбиеші:Изтелеуова.Т.Н.

Тақырыбы: Үй жануарлары

Оқу іс-әрекет түрі: сурет салу.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: акварельді бояды пайдалана отырып, төрт түлік малдың бейнелерін салуды үйрету; үй жануарларын натураға қарап бейнелеу; композицияны дұрыс құрастыра білу; губкамен бояу техникасы арқылы бейнелеу; суреттің фонын құрастыру.

Педагогқа керекті құралдар: үй жануарларының суреттері, акварель юояу, қылқалам, су, қарындаш, қолорамал.

Балаларға керекті құралдар: акварель бояулар, қарындаштар, су, қылқаламдар, қолорамалдар.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру

Педагог балалардың үй жануарлары туралы алған білімдерін тереңдету үшін сурееттер көрсету арқылы атарын сұрау. Үй жануарларының төлдерін ажыратып айтуға, олардың қалай дыбыстайтынын меңгерту. Үй жануарларын күтуге, қамқор болуғаибаулу, ересек адамдардың еңбегін құрметтей білуге тәрбиелеу мақсатында жетектеуші сұрақтар қою арқылы балаларды әңгімеге тарту. Төрт түлік малдар туралы өлең-тақпақтар айтқызу.

Педагог балаларға бүгінгі бейнелеу оқу іс- әрекетәмәзде төрт түлік малдың суретін салатынымызды айтады. Малдардың дене құрылысының ерекшеліктерін дұрыс беру үшін үлгі суретті салып түсіндіреді.

Балалар жұмыс дәптерлерін алып, берілген жұмыстың салыну ретімен танысып, өздерінің қалауы бойынша суретті толықтырып салады.

Педагог балалардың жұмыстарын қарап, бақылайды, көмектеседі.

Оқу іс-әрекетті қорыту.

Салған суреттерден жақсы салынғандарын таңдап алып, тақтаға іліп, үлгі етіп көрсетіп, мақтау, қорытындылау.











Бекітемін:Имашева.А.Ә.

27.04.15.

Тәрбиеші:Изтелеуова.Т.Н.

Сабақтың тақырыбы : Э дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты :1.Э дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, балаларды э дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына көңіл бөлу. Олардың сөзік қорына мән беріп, байланыстырып сөйлеуге үйрету, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

2.Балалардың ойлау қабілетін, қиялын, зейінін дамыту. Ойын арқылы ой- өрісін кеңейту, сөздік қорын дамыту.

Көрнекілігі : Кеспе әріптер, Суреттер т.б

Сабақтың барысы :

1. Ұйымдастыру.

Сабақты өлең жолдарынан бастау.

-Нан !

Нанда еңбек, нанда ән.

Нанда жұмыс,

Нанда сән,

Нанда үлкен мән

Сондықтан ол- нан !

2.Нанның дастарқанға қысқаша келу жолын түсіндіріп кету. Элеватор сөзіне сөздік жұмысын жүргізу.

II. Негізгі бөлім.

-Бүгін біз сауат ашу сабағында э дыбысымен танысамыз. Э дыбысын айтып көрейік.

-Э-э-э

Э дыбысының дауысты дыбыс екенін айту.

2. Жұмбақ шешкізу.

Өзі тым күшті

Жерді қазып бітті / Экскаватор /

-Экскаватор сөзінде неше буын бар?

-Экс-ка-ва-тор.

-Э дыбысы сөздің қай жерінде кездесіп тұр.

-Сөздің басында.

3.Э дыбысына мысалдар келтіру. Мысалы : экран, электр т.б

Осы сөздерді текшелермен буынға бөліп көрсету.

-Э-кран, э-лектр, экс-ка-ва-тор.

4. Сергіту сәті.

Экскаватор сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы э дыбысының орнын ажыратқызу. Балалардың өздеріне э дыбысының сөздің басында, ортасында, келетін сөздер ойлату. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқыту.

Жазу жұмысы :

Үлгі бойынша э дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазу. Э дыбысын қатыстырып, сөз құрастыру.

6."Кім жылдам" дидактикалық ойыны

III. Қорытындылау .

-Э дыбысы сөздердің қай жерінде айтылады екен

-Сөздің басында, сөзің ортасында.

-Э қазақ тілінің төл сөздерінде кездеспейді. Орыс тілінен енген сөздерде ғана айтылады.

Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтап, бағалау.






Бекітемін:Имашева.А.Ә.

23.04.15.

Тәрбиеші:Изтелеуова.Т.Н.

Құрастыру.

Тақырыбы: Сіріңке қораптарынан құрастыру.

Мақсаты: Балалардың сіріңке қораптары мен катушкалардан жиһаздар жасай білу дағдыларын қалыптастыру. Жиһаздарды жасағанда әрбір затты жеке жасап үйретіп, оларды ұжымдық еңбекке араластыру.

Ұжымдық еңбек нәтижесіне жетуде бірлесіп еңбек етуге, шығармашылыққа баулу, ой-қиялын дамыту.

Керекті құралдар: жиһаздар суреттері, сіріңке қораптары (әр балаға

4-6 дана), түрлі-түсті қағаздар, қайшы, желім, қарындаш, қылқалам. Катушкалар, 1-2 қуыршақтар, әліппе-дәптері.

Әдіс-тәсілдер: қажетсіз заттармен құрастырып ойыншықтар жасау жолдарын көрсету, түсіндіру. Әңгімелесу, сұрақ-жауап, ойын іс-әрекеті.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: жиһаздар дүкеніне саяхат ұйымдастыру. Ойыншық бұрышында үй жиһаздарымен "Отбасы" рөлдік ойынын ойнау.

Сабақтың барысы: тәрбиеші балаларға өз отбасы жайында әңгімелетеді. "Үйлеріңде қандай жиһаздар бар?" — деп сұрайды (үстел, орындық, диван, төсек т.б.). Түрлі-түсті жиһаздар суреттерін көрсетіп әңгімелеу. Бүгін осындай жиһаздарды өздері жасайтындықтарын атап өтеді. Ол үшін алдарындағы сіріңке қораптары мен катушкаларды пайдаланамыз. Олармен таныстырып, орындалу ретін түсіндіреді:

әліппе-дәптердегі үлгіні талдау, жиһаз бөліктеріне назар аудару;

қанша сіріңке қорабы, қанша катушка қажет екенін ойлану;

кім қандай жиһаз жасағысы келетінін келісіп алу (бірі — орындық, бірі — үстел, бірі — диван т.б.)

алдарындағы заттарды таңдап, орындалу ретімен жұмысты бастайды;

Балалардың жұмыс істеу барысында бір-біріне кедергі жасамауы, келісіп, іс-әрекет түрін бәлісуіне, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға көңіл бөлінеді. Дайын болған жиһаздарды бір-бірлеп орналастырып, "үлкен бөлме" құрастырады. Жұмыстың орындалу сапасына талдау жасай келіп, жақсы жұмыстар мадақталады. Бұл бөлмеге қуыршақтар қонаққа келеді.








Бекітемін:Имашева.А.Ә.

27.04.15.

Тәрбиеші:Изтелеуова.Т.Н.

Сабақтың тақырыбы : Ё дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты : Балаларды ұсынылған әрбір сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету, сөздерді буынға дұрыс бөле білу, сурет арқылы заттың атауын білу, ойлау қабілетін арттыру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Көрнекіліктер : Кеспе әріптер, касса, елка, шахтер,суреттер, әртүрлі текшелер т.б.

Әдіс-тәсілдер : Сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру.

Сабақтың барысы :

1. Ұйымдастыру.

Балалар шаттық шеңберге тұрып бір- бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

2. Жұмбақ шешу.

Қысы-жазы бір түсте.

Ол не?

-Шырша.

-Шырша сөзін орысша қалай айтамыз.

-Ёлка.

II. Негізгі бөлім.

Ё дыбысы және әрпі туралы мағұлымат беру. Ё - дауысты дыбысы, екі дыбыстан жасалған / и+о / орыс тілінен енген сөздерде кездеседі. МЫсалы монтер, шахтер т.б

-Ёлка - екі буыннан тұрады.

2. Сергіту сәті:

Биік болып өсеміз,

Ёлкалардай жайқалып,

Табиғатты сүйеміз.

Шетімізден шеберміз,

Денемізді бос ұстап,

Билеп- билеп аламыз.

3. "Шахтер сөзжұмбағын шешу.

1. Киіз үйдің сүйегі / шаңырақ/

2.Қыздардың мойына тағатын әшекей бұйымы / алқа/

3.Қағазға жасалатын ақпараттық құрал / хат/

4.Күн жылы кезде киетін ұлттық баскиім / тақия/

5. Шырша сөзінің орысшасы /Ёлка/

6.Сөйлейтін ақпараттық құрал / радио/

1. Ш а ң ы р а қ

2. а л қ а

3. х а т

4. т а қ и я

5. ё л к а

6. р а д и о

Дәптермен жұмыс:

Шахтер, мотер сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы ё дыбысының орнын ажыратқызу. Балалардың өздеріне ё дыбысының сөздің ортасында келетін сөздер ойлату. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып, оқыту. Барлығы хормен қайталап оқыту.

Жазу жұмысы : Ёәрпін ауада жазып үйрету. Содан соң үлгі бойынша ё дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазу.

Актер, монтер сөздеріне дыбыстық талдау жасату.

4. "Мен бастаймын, сен аяқта" дидактикалық ойын.

III. Қорытындылау .

Шахтер, монтер туралы өлең жаттату.

Бекітемін:Имашева.А.Ә.

23.04.15.

Дене.

Бағдарлама мазмұны:Зал ішінде бастаушыдан жалтарып жүгіру,шығыршықты түзу сызық бойымен домалату,қуып жету дағдыларын бекіту.

Білек пен аяқтың көмегімен оң,сол бүйірмен алға еңбектеуді,құм толтырылған дорбашаны көлденең қойылған нысанаға,шығыршыққа лақтыруды,гимнастикалық орындық үстінде аяқтың ұшымен жүріп ортасына келгенде бұрылу,допты жоғары лақтырып,оны бір қолмен қағып алу,құм толтырылған дорбашаны бір қолмен алысқа лақтыру дағдыларын үйрету.

Қолданылатын құрал-жабдықтар: құм толтырылған дорбашалар,шығыршықтар

І бөлім.Бір қатарға тұрып,сапқа арналған жаттығуларды орындау.Бір тізбекпен жүру,тізені жоғары көтеріп жүруді қайталау,доппен жүру,шашырап жүгіру,допты қуалай жүгіру,тізбекте өз орнын табу және ойын тапсырмаларын орындау.

ІІ бөлім.Гимнастикалық орындықпен орындалатынжалпы дамыту жаттығулары.

1.Б.қ.-орындыққа мініп отыру,аяқты бүгіп,қолды төмен түсіріп тұру.1-қолды жан-жаққа созып жоғары көтеру,қолдға қарау,демді ішке тарту;2-б.қ.-ға келу,демді шығару. ( 6-7 рет).

2.Б.қ.-орындыққа мініп,аяқты бүгіп,қолды жоғары көтеріп отыру.1-қолды арқаға қарай апарып, алақанды жауырынға тигізу.2-б.қ.-қа келу. (6 рет).

3.Б.қ.-орындыққа мініп,аяқбүгіп,қол алдында отырған баланың иығына қойып отыру.1- оң қолды жан-жаққа соза артқа қарай апара бұрылу,демді ішке тарту.2-б.қ.-демді шығару.3-сол қолды жан-жаққа соза артқа қарай апара бұрылу,демді ішке тарту.4-б.қ.-қа келу,демді шығару.(6-8 рет).

4.Б.қ.-орындыққа мініп,аяқ бүгіп,қол белге қойып отыру.1-орындықтан тік тұру,қолды жан-жаққа созу,демді ішке тарту.2-б.қ.-қа келу,демді шығару.(6-8 рет).

5.Б.қ.-тізерлеп тұру.қолды арқада ұстау.1-қолды төмен түсіру,демді шығару.2-б.қ.-қа келу,демді ішке тарту. (6-8 рет).

6.Б.қ.-аяқты сәл алшақ,қолды төмен түсіріп тұру.Орындықты айнала секіру,бір орынды жүру.(2-3р).

7.Б.қ.- орындыққа мініп,қолды белге қойып отыру.1-иықты біріктіре,екі шынтақты алға бір-біріне жаұындату.2-б.қ.3-иықты артқа созып,екі жауырынды бір-біріне жақындату.(6-8 рет).

8.Б.қ.- қолды жоғары көтеріп орындыққа қарама-қарсы тұру.1-алғаеңкей»п,қолды орындыққа түсіру.2-қолды орындықтың арқасынан еденге түсіру.3-қолды орындыққа қою.4-б.қ.(5 рет).

9.Б.қ.- орындыққа мініп,аяқ бүгіп,қолды алда отырған баланың иығына қою.1-оңға иіліп,демді ішке тарту.2-б.қ;демді шығару.3-солға иіоіп,демді ішке тарту.4-б.қ.-қа келу,демді шығару.(6-8 рет).

10.Б.қ.- орындыққа мініп,қолды белге қою.1-екі аяқты бір мезгілде жоғары көтеру.2-б.қ.-қа келу

(6-8 рет).


Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары.

Зал ішінде бастаушыдан жалтарып жүгіру.

Иықпен аяқтың көмегімен оң,сол бүйірмен алға еңбектеу (4-5м)

Құм толтырылған дорбашаны көлденең қойылған нысанаға,шығыршыққа лақтыру (арақашықтығы 4-5 м;5-9м).

«Мысық пен торғайлар», «Сақина салмақ», «Салт аттылар»,«Көкпар» қимыл-қозғалыс ойындары.

ІІІ бөлім. Аз қимылды«Үш жаттығу» ойыны,тыныс алу жаттығулары.


Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары.

Гимнастикалық орындық үстінде аяқтың ұшымен жүре келіп, ортасында бұрылу,алға жүрісті жалғастыру.

Допты жоғары лақтырып,оны бір қолмен қағып алу. Шығыршықты түзу сызық бойымен домалату, қуып жету.

Құм толтырылған дорбашаны бір қолмен алысқа лақтыру.








Бекітемін:Имашева.А.Ә.

23.04.15.

Тәрбиеші: Изтелеуова.Н.Т.

Орыс тілі

Тақырыбы:Жиһаз- Мебель

Максаты: Бөлме жиһаздарын атауға, олардың бөліктері, қажеттілігі туралы әңгімелеу, сипаттама беру.

Мебель- Жиһаз

Кровать- кереует

Стол- үстел

Стул- орындық

Жұмсақ кереует- Мягкий кровать

Дөңгелек үстел- Круглый стол

Жайлы жиһаз- Удобный мебель

Біз жаңа жиһаз алдық.- Мы купили новый мебель

Мақсаты:

Сергіту сәті

Мы хлопаем руками

Хлоп, хлоп, хлоп

Мы топаем ногами

Топ, топ, топ,

Машем мы руками

Киваем головой.



Қорытынды: Балаларды мадақтау.








Автор
Дата добавления 28.02.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров581
Номер материала ДВ-491839
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх