Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Технология / Другие методич. материалы / Технологиялық нұсқау карта: "Тракторлар мен автомобильдердің электр жабдықтарының ток көздерін жөндеу"

Технологиялық нұсқау карта: "Тракторлар мен автомобильдердің электр жабдықтарының ток көздерін жөндеу"

  • Технология

Поделитесь материалом с коллегами:


ЦИКЛ № VІІ Жұмыс орны № 1

Технологиялық нұсқау карта № 33

Тапсырма: Тракторлар мен автомобильдердің электр жабдықтарының ток көздерін жөндеу.

Сабақтың мақсаты: Аккумулятор батареясының, генератордың, реле реттегіштің атқаратын қызметін, құрылысын, жұмысын оқу, трактор мен автомобильден ток көздерінің орналасуларын қарау, тракторден немесе автомобильден ток көздері агрегаттарын түсіріп алу, агрегаттарды бұзу, детальдардың ақауларын анықтап дефектілеуді, жарамсыз детальдарды ауыстыру, кері жинау және реттеулерін практикалық жұмыс істеп үйрену.

Сабақтың ұйымдастырылуы: Әр студент тапсырманы жеке және звеномен бірге орындайды.

І. Негізгі қауіпсіздік техникалық ережесін сақтау.

ІІ. Инструмент және құрал жабдықтар: МТЗ-80 тракторы, ВАЗ автомобилі, орта набор кілт, слесарь верстагі тискиімен, отвертка, балға, плоскозубцы, бородок, зарядталған аккумулятор батареясы, бұзып қарауға қойған аккумулятор батареясы, генератор, денсиметр, электрод деңгейін қарайтын әйнек трубка, кернеуді қарайтын вилка, клеща.

Рет саны

Тапсырманың мазмұны және орындау тәртібі.

Техникалық ереже және тапсырманы орындауға нұсқаулық

І

Тракторден немесе автомобильден электр жабдықтарын түсіріп алып бұзған және жинаған кезде негізгі техникалық қауіпсіздік ережесін қайталап оқып шығу.


ІІ

Электр жабдықтарын және ток көздерін тракторде және автомобильде орналасуын қараңдар, атқаратын қызметін, құрылысын және жұмысын оқыңдар.


ІІІ

Аккумулятор батареясы.


1

Тракторде және автомобильде аккумулятор батареясының орналасуын және бекітілуін қараңдар. Плакатпен аккумулятор батареясының стартермен және "массамен" қосылуын қараңдар. Поводтарын ағытып, аккумулятор батареясын түсіріп алыңдар.


2

Бұзуға арналған аккумулятор батареясын шінара бұзу: құю горловинасынан пробканы ағытып алыңдар. Паяльникті қыздырып, бір банканың айналасындағы мастикті балқытып, қырып алыңдар. Банка аралық қосқыш құрылғыны темір кесетін нажовкамен кесіңдер.

Банкалардағы кернеуді вилка арқылы анықтаңдар. Толық зарядталған аккумулятор батареясындағы кернеу 1,7-1,8 В болуы керек.Жартылай зарыдталған аккумулятор батареясындағы кернеу 1,5-1,6 В.

3

Клеща арқылы пластиналар блогын қақпағымен банкадан суырып алыңдар.

Жұмыс істеп тұрған аккумулятор батареясында айырмашылық 0,1 В артық болы керек.

4

Пластиналар блогынан сепараторды суырып алып оң және теріс зарыдты пластиналарды қарап ажыратыңдар


5

Сепараторды қабырғасымен оң пластина жағына қаратып орналастыратындығын қараңдар.


6

Аккумулятор батареясының негізгі бөліктерін оқып айтыңдар


7

Аккумулятор батареясының құрылысын анықтаңдар: решетка қандай материалдан жасалған және белсенді массаның оң және теріс пластиналары неден тұрады. Теріс зарядтағы пластиналар саны оң зарядты пластиналар санынан неге көп, блокқа бекіткен кезде жартылай блоктар қалай орналастырылады?

Электролит деңгейі решетканың үстінен 10-15 мм жоғары шығып тұруы керек.

8

Моноблок түбіндегі қабырға не үшін керек, прабкада не үшін желдеткіш тесік жасалған, щиток не үшін керек және электролит деңгейі щитоктан қанша жоғар тұру керек.





9

Пластиналарды жинап, моноблокқа кері салыңдар


10

Қақпағын салып, банка аралық қосқыш құрылғыны пайкілеп кері жалғаңдар, банканың айналасына ерітіп мастикті кері құйыңдар


11

Жұмыс істейтін аккумуляторға электролит құйып, электролит деңгейін, тығыздығын және банкалардағы кернеуді қарап нормаға сайма соны тексеріңдер, аккумуляторды орнына салып бекітіңдер.

Орталық аудандарда электролит тығыздығы: жазда- 1,23-1,25; қыста 1,27-1,29 болуы керек. Электролит тығыздығын аккумуляторға 1,40 тығыздықтағы электорлит құйып келтіреміз.

ІV

Генератор


1

Автомобильде генератордың атқаратын қызметін, оның қозғалтқышқа бекітілуін, генератор роторының берілісті қайдан алатынын, жалғау проводтарының генератордың реле-реттегішпен және аккумулятор батареясымен қалай жалғанып тұрғанын қарап анықтаңдар, бекіту болттарын ағытып түсіріп алыңдар.


2

Генератордан шығатын және реле-реттегішке жалғанатын проводтардың түсін немесе номерін жеке-жеке анықтап жазып алыңдар. Генератордың жұмысын естеріңе түсіріңдер.


3

Бұзуға арналған генераторды бұзыңдар. Гайканы ағытып шкивті желдеткішімен бірге шығарып алыңдар. Колодканы ағытып алыңдар, бекіту болтының гайкасын ағытып артқы қақпақты және статорды шығарып алыңдар. Выйпрамитель корпусын шығарып алып, нығыздап бекітілген ротор валын шығарыңдар. Болттарын ағытып, втулканы қоздырғыш катушкасымен бірге шығарып алыңдар.

Щетка щетка ұстағышта жеңіл қозғалып тұру керек. Щетканың биіктігі 8 мм артық желінген жағдайда ауыстыру керек. Обмотканың изоляциясында механикалық және жылулық бүліну болмау керек

4

Генератордың негізгі бөліктерінің құрылысын оқыңдар, выпрямитель диоттарының тікелей және кері өткізгіштігінің түсін және бекітілуін қараңдар, генератор роторының подшипниктерінің майланатын жерінің неге жоқтығын анықтаңдар.

Пружинаның щеткаға түсіретін қысымы Г-250 генераторында 0,018-0,031 Н аралығында болу керек.

5

Плакат бойынша генератордың жұмысын оқыңдар. Генераторды кері жинаңдар. Гераторды орнына қозғалтқышқа бекітіңдер. Беріліс ременінің тартылуын реттеңдер.

Қоздырғыш катушка орамында үзік болса, оны ауыстыру керек.

V

Реле-реттегіш РР362-Б


1

Реле-реттегіштің поводтарының жалғануын қарап, болттарын ағытып трактордан түсіріп алыңдар.


2

Бұзуға қойған реле-реттегіштің қақпағын ашып, резин прокладкасын алыңдар. Плакатпен және оқулықпен салыстыра отырып негізгі бөліктерінің құрылысын және жұмысын оқыңдар. Обмотканың якорь мен сердечник арасындағы аңылауды қараңдар.

Төменгі жылжымалы және жылжымайтын контактылар арасындағы саңылау 0,2-0,3 мм аспау керек. Якорь мен сердечник арасындағы саңылау 1,2-1,3 мм болу керек.

3

Кернеуді реттегіштің және қорғау релесінің құрылысын және жұмысын оқыңдар.

Қорқау релесінің контакталарының арасындағы саңылау 0,7-0,8 мм, ал якорь мен сердечник арасындағы саңылау 1,2-1,3 мм болу керек.

4

Ток кернеуін маусымдық реттегішті ағытып алып құрылысын және жұмысын оқыңдар. Не себептен маусымдық реттегіштің винтін бұраған кезде генератор кернеуінің өзгеруін анықтаңдар.


5

Реле-ретегіштің ақауларын және ретеулерін оқыңдар, жасап көріңдер.




Бақылау сұрақтары:

1.Автомобильдің электр жабдықтарының желісінде қандай кернеу сақталу керек ?

2.Орталық аудандарда жазда және қыста электролит тығыздығы қандай болу керек ?

3.Автомобильдің аккумулятор батареясына күнделікті, ТК-1, ТК-2 және МК дерде қандай жұмыстар жүргізіледі ?

4.Аккумулятор батареясының ұлықсат етілген разрядталуы қандай болу керек ?

5.Банкадан ақпаған жағдайда электролит деңгейін қалыпты жағдайға қалай келтіреміз ?

6.Аккумулятор батареясының бір банкадағы кернеуі қандай болуы керек және оны қалай тексереміз ?

7.Аккумулятор батареясының электродтарын сульфаттанудан қалай сақтауға болады ?

8.Аккумулятор батареясының негізгі ақауларын анықтаңда, себебін түсіндіріңдер, жою әдістерін айтыңдар ?

9.Электролит құрастырған кезде қандай сақтық шарасын орындау қажет ?

10.Айнымалы ток генераторының қандай түрлерін білесіңдер ?

11.Реле-реттегіш қандай мақсаттар үшін қажет ?

12.Генератордың мүмкін болатын ақауларын айтып беріңдер ?



































Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 09.08.2015
Раздел Технология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров666
Номер материала ДA-002622
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх