Инфоурок Начальные классы ТестыТекст на казахском языку на тему "Мектеп білім тірегі, ұстаз оның тірегі"

текст на казахском языку на тему "Мектеп білім тірегі, ұстаз оның тірегі"

Скачать материал

Алматы облысы,

Панфилов ауданы

Үлкеншыған орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Оңалбаева Талшын Батырғалиқызы

 

Мектеп-білім тірегі, Ұстаз-оның жүрегі

             Міне жадырап жаз өтіп, алтын күз де жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін әркім-ақ сыңғырлаған жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың қарбалас, сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестетеді. Жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Мұғалімдер күні де күздің үлесіне тиіпті.  Мектеп қабырғасынан әлдеқашан алыстап кетсе де, бойында жылуы бар әрбір парасатты азамат әріп үйретіп, білім теңізіне жетелеген ұстаздары мен балалық шағының талай қызықты күндеріне куә болған алтын ұя – мектебін әрдайым үлкен сағанышпен, құрметпен еске алып отырады.

  Аса көрнекті қазақ геологы, ғалым, қоғам қайраткері, Қазақстан ғылым академиясының ұйымдастырушысы және тұңғыш президенті, академигі Қаныш Сәтбаевтың айтуынша «1 қыркүйекте не салтанатты шеру, не салюттер болмайды. Бірақ бұл күн ешқандай мерекемен тең келмейтін, білімнің асқар шыңына жетелейтін, қайталанбайтын күн. Бұдан асқан ұлы мереке жоқ» - деп толғаған.

 Олай болса, мұғалім бақыты – шәкірт құрметі.

Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей өнегелі ұстаздардан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде ұстаздардың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы.

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы –

деп ақын Ғ. Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтан, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емеспе?!

 Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаздар тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын  да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» деген.

                    Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл – ой, адамгершілік, әдептілік, ар –ұят, ұлттық сана –сезімді сіңіруші адам – Мұғалім».

Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын,  шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.

        Ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халықтың  өзі  үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде. Қазақ мектебінің болашағы туралы М. Жұмабаев  «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты» деп айтып кеткенде  тәуелсіз ҚР тарихи әлеуметтік, мәдени рухани болмысын дамытуға, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті  қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор. Ұстаздардың еңбегін тек оқушылар ғана бағаламаған, олардың алдында ұлы жазушыларда бас иген. Сонымен қатар өздерінің өлең жырларына қосып жырлап жүрген.

Егемен  еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды парасатты азаматты тәрбиелеуде мұғалімнің еңбегі орасан зор екенін баршамыз мойындаймыз.

    Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып  жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлу қажет. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар  жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі  - МҰҒАЛІМ. Адамның  адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар, мұғалімнің де қосар  зор. Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында.

    Ал ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ керек? Әрине, ол өз кәсібінің білгірі, рухани күш – жігері мықты, парасат – қуаты биік болуы тиіс.

      «Ұстаз» сөзінің  екі түрлі сипаты бар. Бірі – белгілі пәннен сабақ беретін оқытушы болса, екіншісі – жоғары  беделді адамдарға ықпал етуші дана адам. Мектептегі ұстаз – баланың екінші ата- анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай «тентекті» жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді.  Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі – өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым дейді. Данышпан Абайдың:

«Ақырын жүріп, анық бас,

 Еңбегің кетпес далаға.

 Ұстаздық еткен  жалықпас,

Үйретуден балаға» - деген өлең жолдары осындайда ойға оралады.

 Ұстаздық  жолда тегеурінді талпыныс жасап жүрген һәм тәжірибелі мұғалімдер біздің арамызда да аз емес.

       Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, сіздерге шығармашылық табыс, қажымас қайрат, зор денсаулық тілейміз!

Шәкіртің көп артыңда біліміңді ұғатын,

Ұстаздардан үлгі алып биіктерге шығатын.

Шәкірттерге жол ашып сіздер,

Сіздер әрқашан биіктен қарап тұратын.

Төл мерекелеріңіз  құтты болсын!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Текст на казахском языку на тему "Мектеп білім тірегі, ұстаз оның тірегі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Администратор баз данных

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

алматиская область, панфиловский район, средная школа Улкеншыган учитель начального класса.

текст про учителья. Міне жадырап жаз өтіп, алтын күз де жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін әркім-ақ сыңғырлаған жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың қарбалас, сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестетеді. Жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Мұғалімдер күні де күздің үлесіне тиіпті. Мектеп қабырғасынан әлдеқашан алыстап кетсе де, бойында жылуы бар әрбір парасатты азамат әріп үйретіп, білім теңізіне жетелеген ұстаздары мен балалық шағының талай қызықты күндеріне куә болған алтын ұя – мектебін әрдайым үлкен сағанышпен, құрметпен еске алып отырады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 985 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.04.2015 1551
    • DOCX 16.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Оналбаева Талшын Батыргалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6454
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Инклюзивное образование в начальной школе

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 29 регионов

Курс повышения квалификации

Дислексия, дисграфия, дискалькулия у младших школьников: нейропсихологическая диагностика и коррекция

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1211 человек из 82 регионов

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии управления профессионально-педагогической деятельностью учителей начальной и средней школы в условиях реализации ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Цифровые компетенции и навыки: работа с презентациями

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 118 человек из 42 регионов

Мини-курс

Российское движение школьников (РДШ): воспитательная работа

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продажи и самопрезентация в социальных сетях

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 70 человек из 29 регионов