Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Другие методич. материалы / Тексты диктантов по казахскому языку для школ с русским языком обучения

Тексты диктантов по казахскому языку для школ с русским языком обучения

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:


9 сынып

І деңгей

Алтай орманы

Алтай жерінің асты қандай қазыналы болса,үсті де сондай бай ғой.Мұның сыңсыған орманының өзі бір байлық емес пе жатқан! жатқан.Оны нағыз Тайганың өзімен ғана теңестіруге болады.Алтай сыбдыр-сыбдырын естіп пе еді құлақтарыңыз? ...Ең алдымен орман ішінің ауасын айтсаңызшы! Оған жақындай бергенде-ақ,шөптің,шайырдың,жапырақтың,топырақтың,ағаштың,гүлдің, бір сөзбен айтқанда, бүкіл табиғаттың хош иісі мұрыныңды жарады. Неше түрлі нәрлі жемістің қосындысынан жасалған керемет сусын ауаны кеуде орманын аралап көргендеріңіз бар ма? Балуан пішінді самырсын қарағайын көріп пе едіңіздер? Жел қозғағанда оның жасыл ине жапырақтарының ғажайып күйге ұқсайтын кере, қайта-қайта жұтумен боласыз.


Сары шымшық

Сары шымшықты ауылдан да, қаладан да кездестіруге болады. Қыс күндері терезенің алдына келіп қонады.Ол жем сұрағаны. Жазда олар көзге түсе қоймайды.Сары шымшық кішкентай болады.Оның жақ жүндері аппақ болады.Ол жаздың ұзақ күндері бір тыным таппайды.Шиқылдаған балапандарына жем тасиды. Сары шымшықтың он беске дейін балапаны болады. Бір жылда екі рет жұмыртқа басып шығарады. Ол ұясы мен алма ағашының екі арасында ұшады да жүреді. Күн суытқан күнбағыс, кендір, асқабақ, қарбыз дәндерін беруге болады.

Сары шымшықтың түрлері көп. Көгілдір сары шымшық, үлкен сары шымшық, шөжеторғай сияқты түрлері бар. Олар құрт-құмырсқаларды, қоңыздарды, көбелек жұмыртқаларын теріп жейді. Сілеусін Тауды, ормандарды мекендейтін ірі мысық тұқымдас хайуанаттың бірі-сілеусін. Сілеусіннің құйрығы шауып екіншісіне секіре алатын күшті жыртқыш. Дене ұзындығы 82-105 сантиметр,құйрығының ұзындығы 20-31 сантиметр, салмағы 8-15 килограмм.

Ертеде сілеусіннің етін тамаққа пайдаланған екен. Еті өте дәмді болған, оны тек бай мырзалар мен ханымдар жейтін еді. Қазір өте сирек кездеседі, сондықтан сілеусіндер қорғауға алынған.

Сілеусін жемін жасырынып жүріп, өте сақтықпен аулайды. Көбінесе кемірушілерді, ақ қояндарды азық етеді. Кейде елік, бұғыларға шабуыл жасайды. Бірақ сілеусін қасқырларға қарсы тұра алмайды.

Қазақстанда сілеусіндер Тадықорған, Семей облыстарының таулы аймақтарында, Сырдария өзенінің алқабында кездеседі.




Қонақжай халық

Қазақ халқы танымаса да, «құдайы қонақпын» деген адамды құрметпен қарсы алады. Жол жүріп келе жатқан адам кез келген ауылға, үйге қонақ бола береді.

Қазақ үшін қонақты қарсы алмау, күтпеу – ұят. Қонақ күту – қазақтың ең жауапты ісі. Келген қонақты риза етуге тырысады. Ең алдымен, қонақтарға сусын ұсынылады. Содан кейін шай ішіледі. Шайдан кейін қонақтардың көңілді отыруына үй иесі бар жағдайды жасайды. Ауылдағы әнші, күйші, өнерлі адамдарды шақырып, қонақтардың көңілін көтереді.

Халқымызда «қырықтың бірі қыдыр» деген сөз бар. бұл сөздің мағынасы өте терең. Ата-бабаларымыз «қонақпен бірге құт, ырыс келеді, қонақты қусаң, құт, ырыс, қашып кетеді» деп ырымдаған.



Арқар

Арқақр – қой тұқымдасына жататын жануар. Өзінің денесі сымбатты, биіктігі 125 сантиметрге, 200 килограмға дейін жетеді. Жазда арқасы мен бүйірі қоңыр, бауыр жағы ақшыл түсті келеді. Еркегінде де, ұрғашысында да мүйіз болады.

Арқар негізінен Орта және Орталық Азияның тауларын, Азияның оңтүстігіндегі тауларды мекендейді.

Арқар көбінесе үйір – үйірімен жүреді. Тек жазда көбею кезінде бөліне бастайды, көбіне егіз туады.арқарлардың басты жауы – қасқыр мен барыс.

Арқар – дәмді ет, сапалы тері беретін кәсіптік аң болып саналады. Алайда саны жылдан – жылға азайып барады. Сондықтан қазір оны аулауға тиым салынған.

Қазақстан Ғылым академиясының бір топ ғалымдары арқарды мериос өойымен будандастыру арқылы қазақтың асыл тұқымды арқар – меринос қойын шығарды.


«Ақсақ құлан» күйі туралы

Бір ханның жалғыз ұлы болыпты. Ол құлан аулауды жақсы көреді екен. Бір күні ханзада әкесіне айтпай жалғыз аңға шығады. Ол көп құландарды көріп, ата бастайды. Бір кезде оның оғы таусылады. Сонда құландардың бастаушысы ақсақ құлан ханның баласын тұяғымен теуіп өлтіреді.

Ханзада жоғалып кеткеннен кейін хан бір жамандық болғанын сезеді де:«Кім маған балаң өлді деп айтса, соның аузына балқыған қорғасын құямын», - дейді.

Ханың сөзін естіп, адамдар оған баласы туралы шындықты айтуға қорқады. күндердің күнінде біреу келіп: «Балаңыз туралы мына домбыра айтып береді», -дейді де, күй тартып береді. Күйді тыңдаған хан бәрін түсініп, ашуланады. Жаман хабар әкелген домбыраға қорғасын құйылсын деген бұйрық береді. Осылайша «Ақсақ құлан» күйі ханның қаһарынан қорғап қалған екен.


Бесікке салу

Бала бөленген бесіктің үстіне жеті нәрсе жабады. Әрбір жабылатын нәрсенің өзіндік мәні бар. Мәселен, ең бірінші етіп бесік көрпе, одан кейін шапан, кебенек, тон, жабу жүген және қамшы сияқты бұйымдармен жабылады. Тон, шапан жабу – ер жеткенде баланың елшіл, халықшыл болуына білдірілген тілек, жүрген – тез өсіп, ат үстінде ойнақ салсын, кебенек пен қамшы – ел қорғайтын ер болсын деген тілекті аңғартады.

Бесікке салғандарға бірнеше білезік, сақина, жүзік және екі – үш көйлектік мата береді. Ең қымбат мата бесікке салушы әйелге беріледі. Қалғандары білезік, сақина, жүзіктерді бөліседі. Сый – құрмет біткеннен кейін, жиналған әйелдер үйді – үйіне тарасады.


Ұлттық мәдениет

Мәдениет – өркениеттің басты көрсеткіші. Дала өркениетінің төл перзенті – қазақ халқы эпостарға бай. Көне металлургия ордасы Орталық Қазақстанда біздің жыл санауымыздан бұрын 5 ғасырда пайда болған. Байтақ даланы қақ жарып, Шығыс пен Батысты қосатын Ұлы Жібек жолы мәдениет жолы болғаны да күмән тудырмайды. Киіз үй, арба, дала күнтізбесі, аңдар, айшықталған көне өнер туындылары, ел басқару өнері, түркілер шыңдаған әскери өнер, өзіндік алфавит, 5000 күй мен аңыз Дала өркениетінің өзіндік қолтаңбасы бар екенін танытады. Д.Нерудің: «Дала перзенттері Еуропаны шапты да, цивилизациялады», - деуі де осыдан.

Жаңа тәуелсіздік дәуірі қазақтың ұлттық сипаты бар Қазақстан мәдениетінің өзегіне айналды. Ұзақ жылғы қуғын – сүргін, зобалаңнан ақталған қазақ мәдениеті ұлыларының мұрасы халық қазынсына қосылды.


2 деңгей

Қазақты ғалам таныған күн

Он алтыншы желтоқсан. Бұл күні Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды. Ақ Жайықтан Алтайға, Атыраудан Алатауға дейінгі ұлан – байтақ жерді алып жатқан он миллион қазақтың Отаны оянып, шаңырағы көтеріліп, терезесі тең мемлекет болып танылды. Енді ол – Қазақстан Республикасы.

1991 жылдың он алтыншы желтоқсанында болған бұл жаңалық ғаламға тез тарады. Бүкіл дүние жүзінің үлкенді – кішілі мемлекеттері қатарына тағы бір үлкен елдің, іргелі халықтың қосылғанын, адамзат тарихының тағы бір беттің ашылғанын қуана қолдап, Түркия бас болып, іле – шала Канада, Бразилия, Үндістан, Румыния, Швеция, Норвегия, Египет, Израиль, Куба, сондай – ақ АҚШ пен Швейцария таныды. Мұндай мемлекеттер саны күннен – күнге көбейе түсуде.




Ана тілі

Ана тілі – ұлттықтың, елдіктің ең соңғы қамалы.

Ана тілі жөнінде айтылатын аталы сөзді, жан – жүйеңді тебірентер терең ойды, парасатты пікірді, бейнелі де әсерлі теңеуді, ризалық сый – құрметті, перзенттік парызды, қоғамдық бағаны халықтың өзі берген.

Бұл – тілді мақтаудан, марапаттаудан туған жай дүние емес, өмірдің қайнар көзінен шымырлап шыққан шындық, ғасырлар бойы қалыптасқан өмір тәжірибесінің түйінді қортындысы.

Халық тілдің құдіретін тым ерте байқаған. Тілді тылсым құбылыс деп танып, пір тұтқан.

Ана тілдің тізе бүгіп, бас иетін киелі қасиеттері ұшан – теңіз. Тек оны сезіне білетін үлкен жүрек, бағалай білетін парасатты адам, көкірегі ашық, көңілі дарқан жан керек. Тіл – халықтың рухани байлығы. Ана тілінбілмеу – ананы құрметтемеу.


Айналайын

Бала кезімнен естіген, үйренген, білген сөздерімнің ішінен бір сөз көкейімненерекше орын алды. Өйткені ол сөзді әжем де, анам да, әкем де мен үшін тілдерімен емес, жүректерімен айтып отыратындай сезілетін. Кейде әжем сол сөзді маған арнап айтқанда, мейірлене кеудесіне қысып, маңдайыма ыстық лебізін тигізе иіскейтін. Сондықтан ол сөз маған барлық сөздердің құдіретіндей сезілетін. Ол сөз әжемнің аузынан шыққан сайын, масаттанып, наздана түсетінмін, еркелейтінмін. Ол сөз – «Айналайын!» деген сөз еді. Осы сөз әжемнің мейірімді кеудесінен шыққан сайын, мен іштей қайталайтынмын, есейе келе, өзімнен кішілерді мен де «айналайын!» дейтін болдым.

Осы сөз, осы сезімге байланысты өз басымнан үлкен оқиғаларды өткіздім. Осы сөз, осы сезім өзімді өлімнен бірнеше рет құтқарды. «Жақсы сөз – жан азығы» деген халық пікірінің сырын өмірдің ауыр жолының үстінде түсіндім. Міне, менің әрқашан да «айналайын» деп соғатын жүрегімнің сыры да осында.


Аққу

Көктемде Жайық өңіріне аққулар қос – қостан ұшып келеді. Талқайраңдағы көк шалғынға киіз үй тіккенбіз. Сыртта тұрып, сыбызғының үніндей сыңғырлаған аққулар дыбысын таңдадым. Тобымен орман ішіне қонды.

Таңертең ерте оянып, тысқа шықтым. Шығыс жақ қызыл шапақ шашып тұр. Сүрлеумен өзенге қарай жүгірдім. Кешке кешкісін қармақ құрып кеткенбіз. Қармақ аяғына кіріп кетіпті.

Жалма – жан көйлегімді шешіп тастап, аққудың қасына жүзіп жеттім.

Аққу су сабалап, сыңсыды. Аузын ашып, айбат шекті. Аяғынан ұстадым да, қармақты босаттым. Рақмет айтқандай бір саңқ етті де, арғы беттегі жасыл құрақ ішінде қиқу салып, бұны тосып жүрген тобына қосылды. Өзен жағасын әнге бөлеп, аққулар аспанға көтерілді.


Ақсүйек

Ай сүттей жарық түндерде, жаздыгүні қыз балалар мен ер балалар араласып ойнай береді. Мал келіп, қораланып болғаннан кейін күзет түрінде ауыл шетінде ойын басталады. Ойынға ертеде ірі қараның жілігі пайдаланылған. Күн көзінде ұзақ жатқан жіліктің қурап, ақ сөңке болатыны белгілі. Ол кез келген жерден ұшырайды. Соған орай ойын да «Ақсүйек» аталған.

Жиналғандар екі топқа бөлінеді. Ойын бастаушы ақ сүйекті әуелетіп лақтырады. басқалар ай сәулесіне шағылыса жарқылдаған ақсүйектен көз алмай, қай шамаға түсетінін бақылайды. Ақ сүйек жерге түскен соң, бастаушы: «Ал іздеңдер!» - деп бұйырады. Бәрі іздейді. Ақ сүйекті тапқаны: «Мен таптым!» - деп айқайлайды да, ақ сүйекті жоғары көтереді де, сөреге қарай жүгіре жөнеледі. Қарсыластары ұстап алуға тырысады. Ұсталып қалса, сүйекті соған береді. Ол әрі қарай жүгіреді. Ақ сүйекті қай топтың ойыншысы сөреге жеткізсе, сол топ жеңеді, жеңілген топ өнер көрсетеді. Ойын кезінде басқа сүйек пайдалануға болмайды.


Наурыз айы

Наурыз – Қазан төңкерісіне дейін қолданылып келген қазақ күнтізбесіндегі азаматтық жылдың бірінші айы. Бұл атау бізге ежелгі парсы тілінен келген. Алайда ол парсыша ай аты емес, айдың бірінші күні ғана. Байырғы қазақ күнтізбесі бойынша, наурыз күні күн мен түн теңеседі. Бұл – жазғытұрғы теңесу. Осы кезде басталатын ай, григорян күнтізбесі бойынша, 22 март пен 20 апрель аралығы Наурыз айы деп аталған.

Байырғы қазақ күнтізбесі бойынша, наурызда отыз күн болған. Оның алғашқы күнін Жаңа жылдың басы деп біліп,Ұлыстың Ұлы күні деп атаған.Ол күні кәрі – жас құшақтасып көрісіп, бір – біріне ақ ниетпен ақ тілеуін, арман, пейілін білдіріп, наурыз жырын, тақпағын айтатын болған.


Ғұлама ғалым ғибраты

Қ.И.Сәтбаев – қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі бай рухани мұраға зор ілтипатпен қарап, айрықша көңіл бөлген ғалым. Әсіресе қазақтың батырлық жырының жарияланып, зерттелуіне елеулі үлес қосқан. Ғалым 1927 жылы Мәскеу қаласындағы КСРО халықтары баспасынан «Ер Едіге» атты кітап шығарды. Қаныш Имантайұлы даярлаған бұл кітап «Едіге» жырының Ш.Уәлиханов пен профессор П.М.Мелиоранский жариялаған нұсқасы болатын. Жырдың 1905 жылы шыққан қазақша мәтінін салыстыра отырып, Қ.И.Сәтбаев үлкен текстологиялық жұмыстар жүргізді. Ғалым жырдың мәтінін қазақ оқырманына түсініксіз араб, татар сөздерінен тазартады.

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Автор
Дата добавления 11.09.2015
Раздел Иностранные языки
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров4587
Номер материала ДA-037301
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх