Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / ОБЖ / Тесты / Тексты на казахском языке на тему "Тілашар " Класный час
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • ОБЖ

Тексты на казахском языке на тему "Тілашар " Класный час

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Тілашар тойы

Мақсаты:

  1. Оқушыларды үлкенді сыйлауға, сөздерін тыңдай білуге тәрбиелеу.

  2. Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, тілдерін дамыту.

  3. Ата – аналарымен бірге мерекелік көңіл-күй арқылы оқуға, білімге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру.

Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Тойымызға қош келдіңіздер! Күні кеше ғана мектеп есігін ашқан бүлдіршіндеріңіздің қадамдарының сәттілігін тілей отырып, алғашқы айлардағы өнерлерін тамашалауға шақырамыз. Балаларыңыздың осы қара шаңыраққа аттаған қадамдары құтты болсын! Тойларыңыз тойға ұлассын!


Музыка ойналады.


І бастаушы: Кешегі сәби балаңыз,

Жарады, міне қараңыз.

Ғылым, білім жолына

Енді қайық саламыз.


ІІ бастаушы: Қош келдіңдер, балдырғандар,

Қадамдарың құтты болсын!

Мектеп мынау есік ашық,

Тек әдебің мықты болсын!


І бастаушы: «Той», - деп бүгін көңіл шіркін тасады,

Ән менен күй көңіл сырын ашады.

«Той» - деп келген қонақтарға мың рахмет,

Ақ жаулықты аналар – той шашуын шашады.


ІІ бастаушы: Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық.

Бүлдіршінің ортада,

Тілашарын алайық.


1-Мирас: Қыркүйек келіп, күз келіп,

Мектепке бет түзедік.

Оқуды да бастадық,

Рахмет саған, Алтын күз!


2-Балжан: Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Кел жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз.



3-Сұлтан: Мен оқушы боламын,

Болам жігіт зор әлі,

Қазақстан жалауын,

Көтеремін жоғары.


4-Жанболат: Ертеңгі елдің тірегі –

Бүгінгі жас ұландар.

Күндей аппақ жүрегі,

Келеді өсіп қырандар.


5-Мустафа: Пайдаң тиіп Отанға,

Риза болсын халқымыз.

«5» болсын алар бағамыз,

Білімнен бақыт табамыз.


6-Аңсаған: Еркеңіздің мойнына,

Ақ жағасы жарасар.

Кел, келіңіз тойыма,

Тойымның аты,

Тойымның аты – тілашар.


7-Даниял: Алтыға толдым биыл мен,

Оқушы болып киінем.

Арқама сөмке асына,

Мектепке барам,

Мектепке барам асыға.


8-Айзере: Қолыма алып әліппе,

Үңілдім тұңғыш әріпке.

Қоңырау үні сыңғырлап,

Тұрғандай маған,

Тұрғандай маған қол бұлғап,

Мектеп, мектеп!


9-Айша: Қалам алып,

Сурет салып,

Уйренгенім бақшада.

Суретімді мақтап жүрді,

Жақсы апа мен жақсы аға.


10-Құштар: Тану үшін бабаңды,

Тану үшін анаңды.

Тану үшін ғаламды,

Мектеп керек адамға.


11-Аруна: Асыл сөзін тілімнің,

Бойға құйған Әліппе.

Нақ бастауы білімнің,

Қырық екі әріпте.

Хор «Бала тілегі»

12-Елнұр: Сәбилік көңілден,

Арналды жыр, әнім.

Баулитын өмірге,

Ақылшым – мұғалім.


13-Амина: Тілін де аламын,

Айтқанын ұғамын.

Өзіңдей боламын,

Ақылшым, мұғалім.


14-О.Аружан: Сипатың да басымнан,

Әліппені ұсындың.

Бақытымның осыдан,

Басталғанын түсіндім.


15-Саян: Бар байлықты басқарып ,

Оқу-білім тұрады

Кітапты көп оқыған

Енді шетінен оқимын.

Музыка ойналады .

16- Әліппе оқулығы:Аружан

Бар кітапқа бас болған

Әліппе –ғылым ағасы

Мына меннен басталған

Даналықтың данасы.


17-Алуа: Алфавиттің А тұрады басында,

Әрқашанда Ә тұрады қасында.

Байқадың ба Б тұрады үшінші

Ал осының сыры неде түсінші


18-Алихан: «А»дегенің –ана ғой

Ана деген –дана ой

«Б»дегенің – бала ғой

Жұмсаса анаң бара ғой.


Мұғалім: Балалар, оқу, білім туралы қандай мақал – мәтел білесіңдер?

1) – Саян: Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.

Оқу – инемен құдық қазғандай.

2) –Мустафа: Оқу – білім бұлағы,

Білім - өмір шырағы.


3) –Азамат: Қына тасқа бітеді,

Білім басқа бітеді.


4)-Аруна: Оқу түбі – тоқу.

Білімдіден шыққан сөз,

Талаптыға болсын кез.


5)-Елнұр: Ақыл – тозбайтын тон,

Білім – таусылмайтын кен.

Көрініс: Байлық пен ақыл.

19-Аружан Ө : Ретіңмен тізбелі

Әрбір санды даралап,

Қайсың барсың бізге енді

Айтып берер санамақ.

Санамақ: Сандар шығады.

Төлдер әні: Даулетхан Саян

Би: Кішкентай жұлдыздар .

Мұғалім: Балалар, біз қай республикада тұрамыз?


Оқушылар: Қазақстанда.


Мұғалім: Қазақстан туралы кім қандай тақпақ біледі?


20-Әнель: Абай туған, Сәкен туған,

Құрметті досым қазақжерім.

Қамбаға жылда мол астық құйған,

Қазақстан – Республикам менің.

21-Құштар:


18-Айқын: Толқыған дәні бар,

Мамырлаған малы бар,

Қыран қанат әні бар,

Қазақстан келбеті,

Елтаңбадан табылар.


.

20-оқушы: «Ұлы халқын есептескен текпенен,

Ата салтын ешкім аттап өтпеген.

Мың пәледен құтқарады бір бата,

Адам болмас бата естіп өспеген», - дей келе әжеден бата алу.

Ән: «Біз бақытты балдырған»





Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 16.11.2015
Раздел ОБЖ
Подраздел Тесты
Просмотров273
Номер материала ДВ-161880
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх