Инфоурок Начальные классы ТестыТексты на казакском языке " Менің Отаным -Қазақстаным"

Тексты на казакском языке " Менің Отаным -Қазақстаным"

Скачать материал

 

Тақырыбы:  «Менің Отаным –Қазақстан»

 

Мақсаты:

 

Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;

Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;

Тәрбиелік: Оқушылардың ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.

 

Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер,

авторларының суреттері, қанатты сөздер, гүлдер, слайд, Астана қалаласына байланысты суреттер.

 

Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік.

 

Мұғалім:

-Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды  даламыз

Біз бақытты баламыз,-дей  отырып, « Менің Отаным –Қазақстан » атты   сабағымызды ашық  деп жариялаймыз.

Қазақстан Респуликасының мемлекетік  гимні орындалады.

-Балалар  ,сендер қандай ән орындадыңдар?

-Қазақстан Республикасының  гимн орындадық.

Дұрыс айтасыңдар,балалар .Әрбір республиканың өз ерекшелігін білдіретін гимні, туы,елтаңбасы болады. Біз оны рәміздер деп атймыз.Осы рәміздер  туралы жеке-жеке түсінік беріп өтейін.

 

 

-Мынау – біздің туымыз. Тудың түсі аспанның түсіне ұқсайды.Көк аспандай көгілдір,ортасында күн,астында бүркіт  ұшып келе жатыр.

 

-мынау-елтаңбамыз.Елтаңбада шаңырақ,күн сәулесі,бес бұрышты жұлдыз, «Қазақстан » деген жазу бар.

-балалар, үлкен  мерекелерде туымыз көтеріліп,гимніміз орындалады.Рәміздерімізді үлкен де,кіші құрметтеп жоғары ұстауы тиіс.Ал гимнді  біз білеміз.Сендер елтаңба мен туды әрқашан  қастерлеуге тиіссіңдер.Қазақстан республкасының рәміздері туралы  кім тақпақ біледі?

 

Жанібек:

Көк туымыз бетінде,

Қыран бүркіт қанатты.

Сол қырандай еркіндеп,

Біз өсеміз талапты.

 

Аруна.

Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы.

Оны  халық қашанда,

Биікке іліп қояды.

 

Амина:

Елтаңбасы елімнің ,

Қандай әйбат әдемі

Тұнығындай  көңілдің ,

Ортада аспан әлемі

 

Абылай:

Құт береке шаңырақ,

Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ,

Екі жақтан көмкерген.

 

-Балалар ,Қазақстан Республикасының ел басшысы кім?

 

-Нұрсұлтан Назарбаев атамыз

 

Елбасымыз туралы кім тақпақ біледі ?

 

-Балалар ,Қазақстан Республикасының ел басшысы кім?

 

-Нұрсұлтан Назарбаев атамыз

 

Елбасымыз туралы кім тақпақ біледі ?

 

Даниял :

 

Шықты тарап ой данадан,

Бер қарады жұлдыз беті,

Өзі қалап сайлап алған,

Елімнің бар президенті.

 

-Балалар,біздің Отанымыздың астанасы қай қала ?

-Астана қаласы

-Ел бөбегі бүлдіршін жас баламыз,

Астанамыз Астана –бас қаламыз.

(Астана қаласының суретін көрсету)

 

-Жарайсыңдар, балалар. Біз Қазақстанда тұрамыз ,Отанымыз  -Қазақстан.Халқымызда « Отан отбасынан басталады» деген мақал бар.Сендер үлкен болып өскенде Отанымызды қорғайтын азамат боласыңдар.Отан деген не?

- Балалар, «Отан» деген сөзді қалай түсінеміз?(ой - пікірлерін тыңдау)

- Осы айтылған ойларымыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін қазір мынадай өлең шумақтарын тыңдап көрсек.

 

Аружан: ө

Көп аузынан түспейтін, Отан - сенің ата - анаң,

Отан деген немене?, Отан - досың, бауырың.

Оның тұлға түс кейпін, Отан - өлкең, астанаң,

Достым білгің келе ме? Отан - аудан, ауылың.

 

Азамат:

Отан - жерім, Отан - суым,

Отан - қуат, нәр береді.

Отан - ұран, Отан - туым,

Отан мәңгі гүлденеді.

 

Елнұр:

Сүйемін мен Отанымды,

Гүл жайнаған жерімді.

Сүйемін мен ата - анамды,

Мені өсірген елімді.

 

Азамат:

Отан деген - атамекен,

Отан деген - туған жер.

Отан - ана, Отан - пана,

Қазақстан - туған ел.

 

Анел:

Отанды біз атамекен,

Деп аялап айтамыз.

Өйткені оны мекен еткен

Бабамыз бен атамыз.

 

Жанболат:

Отанды жас - кәріміз де,

Туған жер деп сүйеміз.

Өйткені онда бәріміз де,

Туып, өмір сүреміз.

 

Айқын:

Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсің сен, Отан!

Мәңгі соғып тұратын,

Жүрегімсің, сен Отан!

 

Айша:    Отан деген менің үйім,туған жерім.

                 Менің жүрегім Отан деп соғады.

 

Куштар:  Қазақстан - көк байрақты ел едің,

                  Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.

                  Өзің менің мақтанышым, тірегім,

                  Өзің менің қуанышым, бақытым

 

 

 Алихан:

 

Азаматқа лайық ,

Отанымның ұлымын.

Отанымды қорғайтын,

Азаматтың бірімін.

 

-Балалар,өте жақсы.Егеменді елдің басты белгісі-тіл .Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып саналады. Қазақ тілі –біздің ана тіліміз.

 

 

Аружан:

Тілім барда мақтанам,

Тілім менің аппақ ән

Бірлігім бүгінгі,

Ана тілім сақтаған.

 

Еламан:

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте.

 

Мұғалім:

Қазақ халқының хандарын білесіңдер ме?
Қандай батырлары бар?
Қазақстандық Ұлы Отан соғысының батырларын  , желтоқсан жұлдыздарын білеміз бе?

(Суреттен көрсету)Видео

Мұғалім: Иә, осы хандарымыз, батырларымыз, ерлеріміз туған жерін, елін жауларынан аман алып қалам деп айқасты. Халық бірлігін нығайтты.

Дүркірете елінен жауды қуған батырларымыз: Қабанбай, Бөгенбай, Шағатай, Қарасай, Наурызбай, Райымбек, Махамбет, Исатай т. б. бабаларымыздың ерлігі бізге үлгі – өнеге

Қазақстандық Ұлы Отан соғысының батырлары ,желтоқсан жұлдыздары Алия Молдағұлова , Мәншүк Маметова , Бауыржан Момышұлы және т.б

1986 жылы 16 - желтоқсан оқиғасы Отанын сүйетін, Отаны үшін отқа түсетін жастарымыздың қарға тамған қанымен бірге елімізге егемендік - Тәуелсіздік әкелді.

Айзере :   Қазақстан –бабамнан қалған мұра,

                   Сенбейсіңбе даламнан бар да сұра.

                   Ел мен жерді дұшпанға таптатпаған

                   Батырларым демесем болар күнә.

 

-Балалар,сендер отан туралы жан-жақты білетіндеріңді көрсеттіңдер.Енді  Отан туралы  туған жер туралы  мақал-мәтел айтайық.

 

 

Мұстафа:

 

Отан –оттанда ыстық.

Отан –елдің анасы,

Ел-ердің анасы.

Балжан:

Туған елдей ел болмас,

Туған жердей жер болмас.

 

 

 Сұлтан;  Елімнің атын айтсам- Қазақстан!

                  Жерімнің атын айтсам – Қазақстан!

                  Қойнауы қазынағы толған мекен,

                  Байлығымды айтсам-Қазақстан!

 

 Аружан : Қойнауы мол кенге тұнған

                  Кең жайлауы малға толған,

                  Жерұйықтай жері дархан

                  Жаны жомарт елі дархан

 

        Бәрі: Ол біздің - Қазақстан!

 

 

Мұғалім:

Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді.

-Міне , балалар , өміріміздің жалғасы ,еліміздің қорғаны, тірегі болыңдар.

Абай атамыз айтқандай «Сенде бір кірпіш дүниеге,кетігін тапта ,бар қалан»деп ,бүгінгі бүлдіршін балаларымыз қоғамымызға кірпіш болып қалана берсін деген тілекпен  сабағымызды аяқтаймыз.

Ұстаздар, ата - аналар, оқушылар сіздерге көп - көп рахмет. Сау болыңыздар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тексты на казакском языке " Менің Отаным -Қазақстаным""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Администратор баз данных

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 961 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.11.2015 2294
    • DOCX 746.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ишамбаева Асылзат Кадыржановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 33737
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель математики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 126 человек из 44 регионов

Курс повышения квалификации

Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Инклюзивное образование в начальной школе

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 29 регионов

Мини-курс

Психологические исследования и поддержка психического здоровья

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии и инструменты для эффективного привлечения и удержания клиентов

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство переговоров: стратегии и тактики в различных сферах жизни

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 14 регионов