Инфоурок Всеобщая история Научные работы"Тектіден туған текті" Шоқан Уәлихановтың өмірі туралы зерттеу жұмысы

"Тектіден туған текті" Шоқан Уәлихановтың өмірі туралы зерттеу жұмысы

Скачать материал

Мазмұны:

1.     Шоқанның өмірі мен қызметі

2.     Шоқанның кемелденуі

3.  Тектіден туған текті

 

                                                              «Әлемдік ориенталистикада бірауыздан

мойындалатын  саңлақ ғалымдар көп емес.

Санаулы ғана. Сол санаулылардың ортасында

бірегей тұлғалардың бірі – қазақ  ғалымы Шоқан Уәлиханов

деп білемін. Шоқан – Шығыстың жарық жұлдызы.

Венгер ғалымы Қоңыр Мандоку

 

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов – қазақтың ұлы ғалымы, шығыстанушы, тарихшы, этнограф, географ, фольклорист, журналист, аудармашы. Шоқан (Мухаммедханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов  XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі. Оның қысқа да, жарқын өмірі, жан-жақты зерттеушілік қызметі, философия, этнография, тарих, экономика, құқық, ауыз әдебиеті т.б. жайында ғылыми зерттеулері мен пікірлері қай кезде болмасын өзінің құндылығымен жарқырай берері сөзсіз.

Шоқан Уәлиханов 1835 жылы Қостанай маңындағы Құсмұрын бекінісінде атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлихановтың отбасында дүниеге келген.

Шоқанның балалық шағына тоқталатын болсақ, ол әуелі Құсмұрында, содан кейін өзінің ата-мекені – Сырымбетте өткен.  Бала кезінде Шоқан өте ширақ, әрі ақылды болған. Бала Шоқанның сана-сезімі ерте оянып, рухани өсіп жетіле беруіне әжесі Айғаным үлкен әсер еткен. Тумысынан сезімтал, дарынды балаға  әжесі халық даналығының  сарқылмас білім бұлағы болған.

«Жеті жұрттың тілін білуге тиісті» хан тұқымы болғандықтан, ауыл мектебінде оқып, арабша хат таныған Шоқан араб, шағатай тілдерін меңгереді. Бұдан кейін оны әкесі  сол кездегі Сібірдегі ең таңдаулы оқу орны деп есептелетін Омбы кадет корпусына береді. Зерек те, зерделі Шоқан мұнда «2-3 жылдан кейін-ақ өз кластастарынан ғана емес, өзінен екі жас үлкендердің класындағыларды да басып озады». (Г.Потанин) Ол осында белгілі шығыстанушы ғалым   И.Н.Березиннің тапсырмасы бойынша Тоқтамыс ханның «жарлығына» талдау жасайды.Бұл оның алғашқы ғылыми еңбегі еді. Жастығына қарамай, оның білімдарлығын, әсіресе шығыс әдебиеті мен тарихын жақсы білетіндігін сол кездегі орыс ғалымдары да жоғары бағалап, мойындай бастаған.

Шоқанның дүниетанымының қалыптасуына сыныптасы Г.Потанин, ұстазы Н.Ф.Костылецкий, әдебиетші В.Т.Ловодовский айрықша ықпал жасады.

Шоқан Уәлиханов кадет корпусында оқып жүргенде Карлейльдің әлеуметтік-философиялық трактаттарымен, Пушкин мен Лермонтовтың поэзиясымен, Батыс Европа жазушыларынан Руссоның, Диккенстің, Теккерейдің, кейін материалист- философтардың еңбектерін, сонымен қатар, шығыс әдебиетімен, сол кезде оқуға тыйым салынған прогресшіл бағыттағы әдебиеттер, әсіресе, Белинскийдің, Герценнің шығармаларын оқып, оның көзқарасының қалыптасуына әсер етеді.

Шоқан Уәлихановтың ағартушылық идеялары мен демократиялық көзқарастары кадет корпусында оқып жүрген кезінде-ақ қалыптаса бастайды. Шоқан корпустан жан-жақты терең білім алып, өзінің замандастарынан өресі  анағұрлым биік адам болып шығады.

 Кадет корпусын ол 1853 жылы бітірген. Сол жылдары Дала өлкесінің генерал-губернаторы Г.Х.Гасфорттың адъютанты болып қызметке кіреді. Генерал-губернатордың адъютанты болып жүріп-ақ Шоқан Орта Азия халықтарының  тарихын, этнографиясын, әдебиеті мен мәдениетін зерттейді. Орталық Қазақстан, Жетісу, Тарбағатай өлкелеріне  саяхаттап, қазақтың тарихы, салт-дәстүрі мен діні жайында материалдар жинап, мақалалар жазады. 1856-1857 жылдары Шоқан Іле қырғыздары  мен Ұлы жүз ауылдарына ғылыми-зерттеу және этнографиялық экспедиция жасайды. Бұдан әрі Құлжаға өтіп, Жоңғария тарихымен танысады. Осы сапарлары бойынша «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қазақ халық поэзиясының жанрлары», «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Ұлы қырғыз-қайсақ ордасының әңгімелері мен аңыздары» және басқа да  мақалалар жазады. Бұл еңбектер қазақтарға және олардың мәдениеті мен әдебиетіне деген мүлде жаңа көзқарастың негізі болады.  Оларды орыс ғалымдары жоғары бағалаған. Бұл сапардың тағы бір нәтижесі  - Шоқанның ұлы қырғыз эпосы «Манасты» жазып алып, Іле  өзенінің басындағы Манас жорық жасады деген жерлерді барып көреді. Сібір мен Тянь-Шань аралығында көшіп жүрген қырғыздар Алатаудың автохтонды ежелгі тұрғындары екенін тарихта тұңғыш рет анықтап береді. Қырғыздардың  көне тарихы жөнінде жазған географ К.Риттердің, А.Гумбольттің, шығыстанушы ғалымдар Шот пен Клапроттың еңбектеріне сын айтады, тарих, география саласындағы даңқты Петербург ғалымдарына да жетіп, жиырмадан жаңа асқан Шоқан Орыс География қоғамының толық мүшелігіне сайлануы оның өте маңызды ғылыми еңбектерін жоғары бағалағандық болып табылады.

1858-59 жылдары Шоқан өзінің қысқа өміріндегі ең басты сапары, Қашқар сапарында болды. Шоқан Қашқардан көптеген статистикалық  және тарихи мәліметтер алып қайтады. Қашқар сапарынан «Алты шаһардың, яғни Қытайдың Нан-лу провинциясының шығыстағы алты қаласының жайы» атты еңбегі дүниеге келеді. Бұл – Шығыс Түркістан халықтарының тарихына, әлеуметтік құрылысына арналып, сол заман ғылымының биік деңгейінде жазылған әлемдегі тұңғыш зерттеу жұмысы еді. Ұзамай ол Германияда, Англияда жарияланады.

  Қашқардан Омбыға оралғаннан соң Шоқанды жергілікті басшылық тың жер ашып келген қаһармандай қарсы алып, марапаттайды. Сөйтіп, оны Санкт-Петербургке жібереді. Император Шоқанның Отан алдындағы еңбегін жоғары бағалайды. Өкінішке орай, Шоқан Ресей астанасында бірер ай ғана болып, сырқатына байланысты туған өлкесіне оралады. Қырға келгеннен кейін ол қызметті қойып, ел басқару үшін болыс сайлауына қатыспақ болады. Ондағы мақсаты - өз халқының ауыртпалығын жеңілдету  еді. Бірақ жергілікті билік иелері сайлауды дұрыс өткізбейді.  Әділетсіздікке төзбеген Шоқан орыс әскерін тастап, туысқаны Тезек төренің ауылына келеді де, бірнеше айдан соң осында ауыр науқастан дүние салады. Ауыр қаза Шоқанның ағайын-туғанын ғана емес, бүкіл ел-жұртын, Көкше өңірін жайлаған халықтың қабырғасын қайыстырады. Қалың ел сүйікті перзентінің  қайтқанына аза тұтып, Ордаға көңіл айтуға ағылады. Қайғыға ортақтасуға келген көп адамның бірі Орынбай ақын  жер бауырлатып кеткен шерлі ата-анаға жырменен жұбату арнады:

 

Шыңғыс хан, Зейнеп ханым, көтер басты ...

Баласы жеті момын келіп тұрмыз,

Күңіреніп босағаңа төгіп жасты.

Тарихтан талай адам көрген едік,

Қызықты нелер дәурен сүрген едік.

Жасымыз мұнша жасқа келгенінше

Шоқандай науша жасты көрмеп едік.

Қыршын жас, қайран Шоқан өткен бүгін,

Күйзелтіп елі-жұртын неткен бүгін.

Аяулы жарқын жүзін еске тастап,

Дүниеден ем таба алмай өткен  бүгін.

Әзелде солай  жазса не істейсің,

Бұйырса тағдыр қалай бас имейсің.

Қайран жас қызғыш болған халық үшін,

Қалайша қазасына күйзелмейсің.

Дүниеден кедей де өткен, сұлтан да өткен,

Шәрбәтін бұл өлімнің, әркім күткен.

Қоймайды ажал сені тығылсаң да,

Аплатон ғалым да о да кеткен?!

Ақыры бұл нәубәттің көпке жетіп,

Ғұлама білгіштердің бәрі кеткен.

 

 «Шығыстану аспанында қазақ хандарының тұқымы, әрі орыс армиясының офицері - Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов аққан жұлдыздай жарқ етіп өте шықты.  Орыс түркітанушылары оның ғажайып дарынын бірауыздан мойындап, одан түркі халықтарының тағдырына  қатысты ұлы да, маңызды жаңалықтар күтті. Шоқанның мезгілсіз қазасы ғана біздің үмітімізді үзді...» деп академик Н.И.Веселовский айтқан екен.

Алаулаған ғұмырында сирек ұшырасатын дарындылығымен  замандастарын қайран қалдырған  Шоқан Уәлихановтың шыққан тегіне тоқталатын болсақ, ол үш жүздің басын қосқан Даңқты  Абылайдың шөбересі,  Орта жүздің соңғы ханы болған Уәлидің немересі. Әжесі Айғаным  Уәли ханның кіші әйелі - парасатты, көреген,  өз заманының алдыңғы қатарлы адамы. Әкесі Шыңғыс Уәлиханов терең білімді, дарынды адам, орыс армиясынң полковнигі, Көкшетау сыртқы округының аға сұлтаны. Шоқанның анасы Зейнеп Шорманова белгілі қазақ биі, Баянауыл сыртқы округының аға сұлтаны Мұса Шормановтың  қызы еді.

 

Шежіре

 

Сұлтан Абылай хан  (әйелі Сайман, қарақалпақ)

 

Уәлихан  (әйелі Айғаным)

 

Шыңғыс (әйелі Зейнеп, Шорман бидің қызы)(7 ұлдары, 2 қызы болған)

 

Сақып-Керей            Ахмет          Жақып           Махмұт

Мақы                   Мухаммед-Қанапия             Мұхммеди

Шыңғыстың балаларының ішіндегі ең дарындысы Шоқан ғана емес болатын. Шыңғыс балаларының тәуір білім алуына көп көңіл бөлген. Оның басқа ұлдарының арасында өз қабілет-дарынымен ерекше байқалған Петербург көркемөнер академиясының тәлімін көрген шебер суретші Мақының; Омбы кадет корпусын бітіргеннен кейін біраз жыл әскери қызметте болған, содан соң отставкаға шығып, Сырымбетке келіп орныққан, орыс және шетел әдебиетін терең білетіндігімен көзге түсіп, шығыстанушылармен, инженерлермен тығыз байланыста болған Махмұттың; жастайынан қайтыс болып кеткен дарынды ақын, әрі композитор Сақыпкерейдің орындары бөлек болды.

Шоқан Уәлихановтың шыққан текті тегі әрине, оның  бар болмысына әсер етті, бірақ оның ғылымға бет бұрып, тұлға болып қалыптасуына, адам болып тәрбиеленуіне және жан-жақты дамуына өзінің ерекше қабілеттілігі мен дарындылығы, туған-туысқандары, қоршаған ортасы, кадет корпусындағы достары мен ұстаздары,  қоғам интеллегенциялары және қатыгез  заман әсер етті деуге болады. 

Өте қысқа  өмір сүргеніне қарамастан Шоқан Уәлиханов  өшпес мұра қалдырды. Оның Қазақстан мен Орта Азия  халықтарының тарихына, географиясына, әдебиетіне, қоғамдық құрылысына қатысты  еңбектері аса құнды. Олардың ішінде «Қазақтың шежіресі», «Шона батыр», «Абылай», «XVIII ғасырдың батырлары туралы тарихи аңыздар» т.б. бар.

Шоқан Уәлихановтың бейнелеу өнері саласындағы мұралары оның қазақтың тұңғыш маман суретшісі болғанын білдіреді.  Шоқаннан 150-дей  сурет қалған. Олар «Сырымбеттегі Айғаным мекен-жайы», «Құсмұрын», «Шыңғыс ауылы» сияқты суреттер.

Ш.Уәлиханов қазақ ғалымының ұлы бейнесін көркем сөзбен күмбездеуде жазушы-ақын , географ, әрі тарихшы Сергей Марков  былай деген екен:

Көне күн көз ұшында бұлдырайды,

Шақырып өзгеше өмір қол бұлғайды,

Уа, шіркін! Құдыретімен бір алыптың

Ғаламат хикаяны Шоқан жайлы

Басына қашан жазса ұлы шыңның

Тұрардай таңырқатып күн мен айды.

Шоқан Уәлихановтың ғажап тағдыры қамшы сабындай келте болсада, адам таңқаларлық ғаламат істер атқарып кеткен ұлы ғұмыры бізді әрдайым шабыттандырады.

Ұлы тұлғадан әр заман адамдары, әр буын, әр ұрпақ тамаша қадір-қасиеттер алады, рухани өсе түседі. Ш.Уәлиханов мұралары қалтқысыз шыншылдықтың, халқына, Отанға адал қызмет етудің үлгісі, тағлымы.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Тектіден туған текті" Шоқан Уәлихановтың өмірі туралы зерттеу жұмысы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по сертификации продукции

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 105 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.04.2016 996
    • DOCX 50 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нусупбекова Айнур Ермековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нусупбекова Айнур Ермековна
    Нусупбекова Айнур Ермековна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1141
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1352 человека из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 913 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "История" в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 86 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 540 человек

Курс повышения квалификации

Федеральный государственный образовательный стандарт ООО и СОО по истории: требования к современному уроку

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 153 человека из 52 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 278 человек

Мини-курс

Инклюзивное образование: нормативное регулирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология личностного развития: от понимания себя к творчеству

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек

Мини-курс

Занятия спортом при заболеваниях опорно-двигательного аппарата

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 46 человек