Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыТема: Адам- қоғамымыздың басты байлығы

Тема: Адам- қоғамымыздың басты байлығы

Скачать материал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қоғамдағы тәртіпті кім сақтайды?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


                                                                    Өткізген: Сайым С.Қ

 

 

Қоғамдағы тәртіпті кім сақтайды?

 

Ата Заңымыздың 17-бабында “Адам­­ның қадір-қасиетіне қол сұ­ғыл­май­ды. Ешкімді азаптауға, оған зор­лық-зомбылық жасауға, басқа­лай қа­тыгездік немесе адамдардың қадір-қа­сиетін қорлайтындай жә­бір көрсетуге, не жазалауға бол­май­ды” деп атап көрсетілуінің өзі қоғамымыздың басты қазынасы – адамдардың конститу­ция­лық құ­қық­тарының қорғалуына қан­ша­лықты дәрежеде мән берілгендігін аңғартса керек.

Осы қағидалардың мүлтіксіз орын­далуын мақсат тұтып,  қыл­мыс­тық іс жүргізу кезінде азамат­тар­дың конс­ти­туциялық құқық­тары­ның қорғалуына прокурорлық қадағалаудың пәрмен­ді­лі­гін арт­ты­ру жолында  және   азаптау,  зор­лық-зомбылық жасау, басқалай қа­тыгездік немесе адамдардың қа­дір-қасиетін қорлайтындай жәбір көр­сетуге, не жазалауға қарсы  конвенция  міндеттемелерінің тиісті деңгейде орындалуын көздеп, Қазақстан Рес­пуб­ли­касының Бас прокуроры ағымдағы жылдың 1 ақпанында “Қыл­мыстық іс жүргізу аясына тартылған және ма­ман­дандырылған мекемелерде ұста­лын­ған азаматтардың азаптау және басқа да  заңсыз тәсілдер жайлы арыздарын тексеру туралы” нұсқаулық  қабылдады.

Сонымен қатар, 2010 жылдың 1 ақпанында Бас прокурор Әділет, Ішкі істер, Денсаулық сақтау ми­нистр­лері­нің және Ұлттық қауіп­сіздік коми­тетінің “Уақытша ұстау абақтысында, тергеу абақтысында және қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұста­латын адам­дар­ға медициналық куәлан­дыру жүргізуге сот-медицина маман­да­рының міндетті түрде қатысуын қам­тамасыз ету туралы” бірлескен бұйрығын мақұлдап, Бас про­ку­ра­тура, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Эконо­ми­калық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің “Құқық қорғау орган­дары және азаматтық қоғамның субъектілерінің алдын-ала тергеу және анықтаудың заңсыз тәсілдері жайлы арыздарды  тек­серудегі бірлескен іс-қимылдары жайлы” бірлескен бұйрығы қабылданды.

Сонымен қатар, Біріккен Ұлт­тар Ұйымының Арнайы баяндама­шысы М.Новактың жазбаша түр­дегі ресми мәлімдемесінің негізін­де сотталған­дар­дың конституция­лық құқықтарының сақталуына қадағалауды күшейту жөнінде  жұмыс жоспары жасалды.

Осыған орай, Бас прокуратура сая­си қуғын-сүргінге ұшыраған адам­дардың құқықтарын қайтару және жазалардың орындалуында прокурор­лық қадағалаудың пәр­мен­ділігін арт­ты­ру мақсатында азаматтарды ақтау және жазаның орындалу заңдылығына  проку­рор­лық қадағалауды жетілдірудің 2010-2012 жылдарға арналған тұ­жы­­рымдамасын дайындап, қолда­ныс­қа енгізу мәселесін қарастыруда.

Адамдардың бас бостандығы­нан айыру  орындарында ұста­луында, жа­за­ның орындалуында  әлеуметтік әді­лет­тіліктің қалпына келтірілуі, сот­талғандардың заңда қаралған реттегі құқықтарының сақ­талуы прокуратура органдары­ның әрдайым назарында болып, бұзылған тәртіп пен құқық бұ­зу­шылыққа қарсы батыл да прин­цип­­шіл көзқарас ұсталынып, кінәлі жау­апты лауазымды адам­дар­дың жауап­кер­шілікке тарты­лулары қамтамасыз етілуде.

Енді бұл пікірімізге дәлел ретінде    біраз деректер мен  мы­сал­дар келтіре­лік. Өткен 2009 жылы жазаның орын­далу заң­дылығын қадағалауды ұйым­дас­тыру кезінде прокуратура орган­да­ры қызметтерінің  аса өзекті бағыт­тарының бірі ретінде түзеу мекемелері мен тергеу абақты­ларын­дағы сезіктілер мен айып­талу­шы­лар­дың және соттал­ғандардың консти­туциялық құ­қық­­тары­ның  сақталуына баса на­зар ауда­ры­лып,  қылмыстық ат­қару жүйесіне қарасты мекемелер мен органдарында 2623 тексеру жүргізіп, нәтижесінде 5105-ден астам түрлі заң бұзушылық фактілері анықталды.

Прокурорлық ықпал ету акті­лері­нің қаралу қортындылары бойынша қылмыстық-атқару жүйе­сінің мұндай заң бұзушы­лықтардың орын алуына кінәлі 1370 қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 25-і  қыз­мет­терінен босатылды. Сон­дай-ақ, жаппай саяси қуғын-сүр­гінге ұшы­ра­ған адамдарға қатысты әділдіктің ор­натылуын қамтамасыз ету мақсатында 1611 мұрағаттық істер мен арнайы қоныстану­шыларға қатысты құжаттар зерде­ленген.

Ал ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында прокуратура органдары аталған салада 2397 тексеру жүргізіп, соның нәтиже­сінде 3353-тен астам түрлі заң бұзушылық жайлары анықталды.

Келтірілген деректерден про­курор­лық қызметте жоғарғы әлеуметтік құндылықтар ретінде адамның құ­қықтары мен бостан­дықтарының  қорғалуы әрдайым бірінші кезекте тұратын мәселе екендігін байқау  қиынға соқпас деп ойлаймын.

Еліміз егемендік алған сәттен бастап осы заманғы құқықтық жүйені қалыптастыруға бағыттал­ған ауқымды іс-шараларды ұдайы жүргізіп келеді. Солардың бірі қылмыстық атқару саясатын дамыту болып табылады.

Еліміздің құқықтық саласын же­тіл­діру ең алдымен оны адам құ­қық­тары туралы халықаралық акті­лердің және сотталғандармен қарым-қаты­нас­тың негізгі қағидаттары мен тәрті­бін ай­қын­дайтын халықаралық келі­сімдердің ере­желеріне сәйкес келтіруге байланысты болатыны  белгілі. Бұндай жетістікке жету үшін бірінші кезекте бас бостан­дығынан айы­ру орындары­ның өзіндік мәдениетін өзгерту арқылы соттал­ғандардың мінез-құлқының түзелуінің шын мәніндегі жақсаруына қол жеткізу алғышарт болып табылатын­дығын естен шығармағанымыз абзал.

Мемлекетіміздің тиісті ха­лықара­лық ұйымдарға қосылуы еліміздегі қыл­мыс­тық жазаларды атқару сала­сында ха­лық­аралық стандарттың ден­деп енгізілуін талап етеді. Сондықтан да бірінші кезекте бас бостандығынан айыру орын­дарындағы сотталған­дар­дың конс­титуциялық құқықтарының бұл­жымай сақталуына әркез ерекше назар аударылуы бүгінгі күннің талабы ғана емес, оны нақты жүзеге асыру барша­мыздың ортақ абы­ройлы міндетіміз

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тема: Адам- қоғамымыздың басты байлығы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 189 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.12.2015 1407
    • DOCX 21.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сауытбаева Гульжазира Серикбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4748
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Мотивационное сопровождение учебного процесса младших школьников «группы риска» в общеобразовательном учреждении

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Курс профессиональной переподготовки

Подготовка детей к школьному обучению в условиях вариативного дошкольного образования и реализации ФГОС НОО

Учитель по подготовке к школе (педагог)

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 306 человек из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 611 человек

Курс повышения квалификации

Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 450 человек

Мини-курс

Взаимоотношения в семье и успех детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Мастерство PowerPoint: систематизация, интерактивность и эффективность

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1707 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 161 человек

Мини-курс

Техники визуализации в учебном процессе

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 19 человек