Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Тема "Ана тілім - ажарым, асыл мұрам"

Тема "Ана тілім - ажарым, асыл мұрам"

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

C:\Users\Home\Desktop\20131009_154607.jpg

Шынаргүл Сағындыққызы Мальшубаева

Павлодар қаласы, Қалижан Бекқожин атындағы

12 жалпы орта білім беру мектебі



«Ана тілім-ажарым, асыл мұрам»

(Интеллектуалдық ойын)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың қазақ әдебиеті пәнінен білімдерін қайталау.

Дамытушылық: оқушылардың ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ана тілін сүюге, білімдерін көрсете білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ойын сабағы

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, математика, шет тілі, тарих, география.

Сабақтың көрнекілігі: сызба-кестелер, сигнал беретін бұйым, сұрақтар жазылған кестелер, сигнал карталары.

Сабақтың барысы: Кіріспе. Ойындағы берілген сұрақтар 7-сыныптың оқушыларына арналған. Ойынға 7-сыныптан 6 оқушы қатысады. Ойын 7 кезеңнен тұрады.

І кезең. Бәйге

Бұл кезеңде әр жауапқа 10 ұпайдан беріледі. Сұрақтар.

  1. «Қазақ (қырғыз) хрестоматиясын» кім жазды және қай жылы басылды? (Ыбырай Алтынсарин, 1879 ж.)

  2. Абай Құнанбайұлы қай жылы дүниеге келген? (1845 ж.)

  3. Махамбет Өтемісұлы қай жылы дүниеге келген? (1804 ж.)

  4. Абайдың немере ақын інісі кім? (Шәкәрім Құдайбердіұлы)

  5. «Қамбар батыр» жырындағы Қамбардың сүйген жарының аты кім? (Назым)

  6. Әз Жәнібек ханның «Дүниеде не өлмейді?» деген сұрағына «Жақсының аты өлмейді, Ғалымның хаты өлмейді» деп жауап берген шешен кім? (Жиренше шешен)

  7. Мен, мен едім, мен едім,

Мен Нарында жүргенде,

Еңіреп жүрген ер едім, - деп айтқан қай ақын? (Махамбет Өтемісұлы)

  1. Ең алғаш қазақ мектебін кім ашты? (Ыбырай Алтынсарин)

  2. «Абай жолы» романын кім жазды? (Мұхтар Әуезов)

  3. «Қазақ солдаты» романын кім жазды? (Ғабит Мүсірепов)

  4. Абай «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін кімнен аударған? (Иоганн Вольфанг Гете – М.Ю.Лермонтов)

  5. «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесін кім жазды? (Ыбырай Алтынсарин)

  6. «Менің атым Қожа» хикаятын кім жазды? (Бердібек Соқпақбаев)

  7. 2013жылы қай ақынның туғанына 100 жыл болады? (Қалижан Бекқожин)

  8. Сәкен Сейфуллин қай жылы дүниеге келді? (1894 ж.)

  9. Абайдың ақын ұлы кім? (Мағауия)

  10. Абайдың неше қарасөзі бар? (45)

  11. 1904 жылы Абаймен бірге отбасынан кімдер қайтыс болды? (Мағауия, Ақылбай)

ІІ кезең. Жалғастыру.

Өлеңнің бірінші жолдары оқылады. Сол өлеңді жалғастырып, авторын айту керек. Жауапқа 10 ұпайдан беріледі.

  1. Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,

....................................................... (Махамбет)

  1. Таулардан өзен ағар сарқыраған

....................................................... (Ыбырай)

  1. Жасымда ғылым бар деп ескермедім

....................................................... (Абай)

  1. Өнер-білім бар жұрттар

....................................................... (Ыбырай)

  1. Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан

........................................................ (Абай)

  1. Әсемпаз болма әрнеге

........................................................ (Абай)

  1. Қараңғы түнде тау қалғып,

....................................................... (Абай)

  1. Ақ киімді, денелі, ақ сақалды

......................................................... (Абай)

  1. Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

.......................................................... (Абай)

  1. Ғылым таппай мақтанба,

........................................................ (Абай)

ІІІ кезең. Тіл өнері

Бұл кезеңде жұмбақты шешіп, оның орысша, ағылшыншааудармасын айту керек. Толық жауап берсе, 20 ұпай беріледі.

  1. Көтеріліп теңізден

Аспанға биік барамын.

Биіктеп қайта түскенде

Өңі кірер даланың. (жаңбыр-дождь-rain)

  1. Балдан тәтті. (ұйқы-сон-slumber)

  2. Үй үстінде ақ аю билеп тұр. (түтін-дым-smoke)

  3. Бір зат бар дүниеде құшағы кең,

Ұшқан құс, жүгірген аң бәріне тең.

Адамзат, жан-жануар арасында

Мәңгілік өсіп-өніп өмір сүрген. (жер-земля-earth)

  1. Жаһанда бір нәрсе бар аузы жабық,

Ашылар мезгілінде бауырын жазып,

Ішінде толып жатқан қазына бар,

Қорек қып пайдаланар тәмәм халық. (кітап-книга-book)

  1. Мұрты бар, сақалы жоқ,

Тоңы бар, шапаны жоқ. (мысық-кот-cat)

  1. Ерте тұрдым

Алып ұрдым. (есік-дверь-door)

  1. Аяғы жоқ жүреді

Аузы жоқ сөйлейді. (хат-письмо-letter)

  1. Аласа тауда алуан алма,

Алқызыл болмай, аузыңа салма. (қызанақ-помидор-tomato)

  1. Кеудесінде жаны жоқ,

Тамырында қаны жоқ.

Май жейді,

Су ішеді. (мәшине-машина-car)

Осы кезеңнен кейін екі ойыншы шығады, төртеуі қалады.

IV кезең.Жетіжұмбақ

20

20

20

30

30

30

40

40

40

20 оң жағындағы – математика у=hello_html_7a2a5240.gifфункциясының графигі.

а) парабола ә) түзу б) гипербола в) қисық

20 сол жағындағы – тарих

Түріктердің билеушісін кім деп атаған?

а) хан ә) шәну б) қаған в) князь

20 ортасындағы – география

Уақытша тартылып қалған өзендерді қалай атайды?

Жауабы: криктер

30 оң жағындағы – қазақ тілі

Баяндауышы ауыспалы келер шақ етістіктен болып тұрған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Мен оларды қалай тастап кетпекпін.

ә) Балжан қарындасымды үйге алып қайтамын.

б) Балық енді өрге қарай жүзеді.

30 сол жағындағы – қазақ әдебиеті

Ахмет Байтұрсынов қай жылы дүниеге келді?

а) 1889 ә) 1873 б) 1893 в) 1846

30 ортасында – тарих

Батыс түрік қағандығының ордасы қай қала болды?

а) Сулб ә) Сарай берке б) Тараз в) Талас

40 оң жағындағы – математика

Басы бар аяғы жоқ түзу?

а) түзу ә)кесінді б)сәуле в)жарты түзу

40 сол жағындағы – қазақ тілі

Жай сөйлемдегі жайылма сөйлемді табыңыз

а) Қар ериді. б) Қоңырау соғылды.

ә) Сағат жүріп тұр. в) Жаңбыр көп жауды.

40 ортасындағы – география

Оңтүстік Америкадағы ең үлкен мемлекет?

Жауабы: Бразилия

V кезең. Егер де мен болсам...

Тақырыбы: Егер де мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен мұғалім болсам... (Жоғары ұпай-30)



VI кезең. Ділмар

Бұл кезеңде екі оқушы қалады. Бір оқушы берілген тақырыпқа қарсы шығады, екіншісі сол тақырыпты жақтайды. (Жоғары ұпай-30)

Тақырыбы: Ана тілінде таза сөйлеу керек.

VIІ кезең. Жорға

Екі оқушы 1 минуттың ішінде әр қайсысына бірдей сұрақ беріледі. Әр жауапқа 10 ұпайдан беріледі.

  1. Дүние жүзіндегі ең үлкен арал? (Гренландия)

  2. Қиылыспайтын екі түзу? (параллель)

  3. Киіз үйдің төбесін қалай атайды? (шаңырақ)

  4. Ыбырай Алтынсарин қай жылы дүниеге келді? (1841 ж.)

  5. Қазақстан Республикасының 1-президенті? (Нұрсұлтан Назарбаев)

  6. Есімдіктің мағынасына қарай неше түрі бар? (7)

  7. Жамбыл қай жылы дүниеге келді? (1846 ж.)

  8. «Бандыны қуған Хамит» әңгімесін кім жазды? (Сәкен Сейфуллин)

  9. «Бір адамға» өлеңін кім жазды? (Сұлтанмахмұт Торайғыров)

  10. Киіз үйдің қабырғасын не деп атайды? (кереге)

  11. «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңінің әнін кім жазды? (Абай)

  12. Қыс мезгілінің екінші айы? (қаңтар)



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 28.10.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров166
Номер материала ДВ-104516
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх