Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Тема : Әдеп ең қымбат 4-класс
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Тема : Әдеп ең қымбат 4-класс

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Әдеп – ең қымбат мирас

Сабақтың мақсаты: балалардың өмірге қажетті білік-дағдыларын тереңдете отырып, ұлттық әде-ғұрып пен салт-дәстүрге баулу, сәлемдесу, қонақ күту, сыйластық, үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болу тәрізді әдептілік қағидаларын меңгеру арқылы имандылыққа, инабаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде кеңінен қолданатын киіз үй макеті, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, шарлар, гүлдер, суреттер, тапсырмалар.

Түрі: Әңгіме.

Қолданылған әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, пікір алысу, әңгімелеу, мәнерлеп оқу.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Шеңберге орналасу, амандасу.

  • Балалар, келіңдер, біздің сүйікті шеңберімізге тұрып бір-бірімізбен амандасайық.

Амансың ба, Алтын күн?!

Амансың ба, Көк аспан?!

Амансың ба, Достарым?!

Сіздерді көріп қуанам!

  • Енді қонақтармен амандасайық.

Үлкенге де сіз!

Кішіге де сіз!

Баршаңызды құрметтеп

Бас иеміз біз!


  1. Қатысушыларды таныстыру.

  • Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылыр! «Әдеп – ең қымбат мирас» атты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз. Алдымен әрбір бала өзінің есімінің бірінші әріпіне сәйкес келетіндей, әдептілік мінез – құлық көрсеткіштеріне байланысты өздерін таныстырып, өтеді. Мысалы, сыпайы Саида, әдепті Әділет және т.с.с.


  1. Мақал-мәтел айту.

  • Тәрбие сағатын әдеп туралы мақал-мәтелдермен ашайық, қане, кім қандай мақал айтады екен?!

  • Бала тәрбиесі бесіктен.

  • Әдепті бала – арлы бала,

Әдепсіз бала – сорлы бала.

  • Өзіңді-өзің сыйламасаң, өзгеден сый дәметпе.

  • Тәрбиелі адам – тағалы атпен тең.

  • Жақсылық еккен алғыс орады.

  • Итті күшігінде үйтер.

  • Тісі шыққан балаға, шайнап берген ас болмас.

  • Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды,

Кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды.

  • Әдепсіз өскен баладан, тәртіппен өскен тал артық.

  • Адам әдебімен көрікті.

  • Әдеп – басы тіл.

  • Әдепті дегенше, әдемі десейші.

  • Әйел – әджептің әліппесі.

  • Тәрбие басы – тал бесік.

  • Өте жақсы, әдепті болу – әр бадланың міндеті. Әдептілік адамның ең жақсы қасиеті. Әдепті бала болашақта өзінің жақсы азамат екенін дәлелдеп, аңсаған арманына жетеді. Әдеп туралымақал-мәтелдеркөп біледі екенсіңдер. Ал, енді осы әдептілік дегенді қалай түсінесіз? Сол жөнінде өздеріңнің пікірлеріңді тыңдайық.


  1. Пікір алысу.

1 – оқушы: әдептілік – әдемілік. Әдепті адам әдемі. Ол өзінің дұрыс киінуі, сыпайы сәлемдесуі, өзін-өзі күте білуімен әдемі.

2 – оқушы: мен Айымның пікірімен келіспеймін. Әдемі адамның бәрі әдепті бола ма? Әдептілік дегеніміз өзін-өзі кез-келген ортада ұстай білу. Ол әдемі болмаса да, өзін-өзі ұстай білсе – әдептң.

3 – оқушы: үлкен кісілерге «Ассалямуғалейкум» деп амандасып, амандығын, денсаулыңын сұрау парыз. Дұрыс амандасудың адамгершілік, имандылық мәні бар. Иманы жоқтың, ұлты жоқ.

4 – оқушы: неге? «Ассалямуғалейкум» деп амандаспасаң, үлкендер сәлемімізді алмайма? Әйтеуір үндемей кетпесек болды емес па?

5 – оқушы: дұрыс тамақтану, мезгілді ұйықтау, ата-ананы сыйлау – халықтық дәстүр, халықтық әдеп. Біз осы нәрселерді, адамгершілік қағидаттарын сақтай білсек, ұлттық әдепті қорғай білеміз.

6 – оқушы: түнде ұйықтауын ұйықтармын-ау, бірақ теледидардан жақсы кино болса неге көрмеске? Сонда мен әдепсіз болғаным ба?

7 – оқушы: сен дұрыс демалмасаң ерте тұра алмайсың. Әрбір тірліктің өз уақыты бар. Оны дұрыс пайдаланукдың өзі әдептілік.

8 – оқушы: жақсы амандассам, әдемі киінсем, сыпайы сойлессем, тек қана дұрыс ұйықтамағаным үшіне әдепсіз емеспін деп ойлаймын.

9 – оқушы: үлкен адамға сәлем беру кіші адамның міндеті. Қазақта «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыс жастағы қария сәлем береді» деген бар. Ал кездескен кезде кіші адам үлкенге сәлем бермей кетсе, ол әдепсіздік. Көргенсіздік, сәлем беру имандылық, инабаттылық, көргендлілік, мәдениеттіктің белгісі.

10- оқушы: сәлемдескенде, сәлем бергенде, әркім дауыстың дыбырламауына, үнінің үйлесімділігіне, яғни даусы ырғағына ерекше көңіл аударып, салмақпен, әдеппен сөйлеуге міндетті. Сөз басы сәлем дегеніміз сол.


  1. Мәнерлеп оқу.

  • Әдептілік денегің

Әрқашанда керегің

Әсемпаздық дегенің

Әуре-сарсаң әлегің.


  • Атам маған әманда

Әдепті жан бол деген

Ата сөзі санамда.

Жасы үлкенге жол берем.


  • Алдын орап кісінің

Кесіп отпей көлденең

Ізетімен кішінің

Сәлемдесіп қол берем.


  • Атам маған әманда

Әдепті жан бол деген

Ата сөзі санамда.

Мақтанбауды жөн көрем


  • Атам маған әманда

Әдепті жан бол деген

Ата сөзі санамда.

Жүрем тура жолменен.


  • Өзгелерден өзімді

Санамаймын жоғары

Артық айтып сөзімді

Желпігенім жоқ әлі.


  • Апаның тілін алса егер

Тамақ ішсе іш десе

Демал десе демалса

Суға түссе, түс десе.


  • Қолынан мұндай баланың

Күш болады күш десе

Іс келеді, іс десе

Шынығып өсіп толады

Үлкен жігіт болады.


  • Кім үлкенді тыңдаса

Кім үлкенді сыйласа

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болмақ өзі де.


  • Ата-ананың тілегі

Адам болып өскені

Адамдылық белгісі

Адам болып өскенің.


  • Көршілерді көргенде

Сыйлап сәлем беремін

Әдепсіз деп сөкпесін

Анама айтып өкпесін.


  1. Мұғалімнің әңгімесі (слайдты пайдалану).

  • Киіз үй – байырғы көшпенді қазақ халқының, яғни ата-бабамыздың көнеден келе жатқанбаспаналарының бірі. Ки»з үйді қазіргі уақытта да жиі пайдаланады. Сондай-ақ киіз үйді табиғат апатынан жапа шеккен жерлерге уақытша баспана ретінде жеткізіледі. Киіз үйді қазыргі уақытта туристерге де көптеп көрсетіп жатады.

Әйткенмен киіз үйге жай ғана баспана ретінде қарауға болмайды. Аумағы шағын болғанмен әр адамның ондағы отыратын орны мен отыру әдебі бар екен. Отыру әдебінде сүйеніп отыруға және тіктеніп отыруға болмайды. Жөн білмейтін жастар әдетте жүкке, оң жақтағы төсекке, немесе сол қанаттағы керегеге сүйеніп отыра салады. Олай отыруға болмайды, себебі мұндай отырыс шаршаған, ауырған, я сырқат адамның сипатын береді. Қазақтардың үлкен-кіші, кәрі-жасының бәріне бірдей ер адамдар үшін отырудың ортақ тәртібі малдас құру. Ал, әйелдер әдетте тізерлеп отырады. Оның өзінде аяғының көрінбеуі шарт, сондықтан аяқтарын көйлектің тізеден түскен етегімен қымтап отырады. Салт атты жолаушы әдетте киіз үйдің сыртынан келіп түседі, ал есік алдынан кесе көлденең оту әдепсіздік, шаңырақты сыйламағандық болып есептеледі. Үй артына түсіп, ат байлар алдында әдетте үйде адам бар ма екен деп дыбыс береді. Ал үйдегі адам оның алдынан шығуға тиіс, (әдетте кім екен, біліп кел деп жастарды жұмсайды). Киіз үйге аузындағы асын шайнаңдай кіруге болмайды, бұл нағыз жүргенсіздік, әдепсіздік саналады. Кімде болса киіз үйге кірген адамның қанша асығыс болса да ас ауыз тимей кетуіне болмайды. Кейінгі кезде ол «нан ауыз тию» деп саналады. Ал, астың ең қасиеттісі – нан екені белгілі. Қазақтардың киіз үйдің іші сырты, не үй жанындағы, есік алдындағыұстаным, ереже, тәртіп, әдет – ғұрыптардың барлығы көшпенді қоғамның ғасырлар бойы қалыптасқан ғұмырлық құндылықтарын ардақ тұтады. Ақын әрі ұстаз Әдібай Табылдиев атамыз: «Халықтық дәстүрді қадырлей білмеген бала – әдепсіз бала. Сен өз басыңа өзің қызмет ете алмасаң, яғни өмірде қалыптасқан қағидалар мен әдептілік рәсімдерін орындамасаң, кісілікке бастайтын көп әдептілікті орындамай опық жейсің. Өзіңе – өзің қызмет ет: кісі бол», - деп ақыл айтады. Әдеп – ең қымбат мирас. Осыны естен шығармайық.

  1. Қорытынды:

  • Балалар, біз бүгін не туралы әңгімелестік? Қандай жаңалық болды? Бүгінгі сабақтан алған әсерің қандай болды? (слайдта жағымсыз әдеттердің суреттердің бейнесіне қарап, сол бойынша өз ойларын қысқаша білдіреді).

  • Балалар біздің сыныбымызда өзіміз айтқан қиқар, жылауық, сотқар, өтірікші, күлегеш, қаңғыбас балалар жоқ шығар. Тек бізде біраз сабаққа жалқау, таза жүрмейтін салақ балалар кездесіп қалады. Бүгіннен бастап осы жаман әдетттеріңді тастап, жақсы әдеттерді үйреніңдер.






Автор
Дата добавления 26.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров80
Номер материала ДВ-556173
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх