Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Статьи / Тема доклада :«Нашақорлықпен күресу жолдары»

Тема доклада :«Нашақорлықпен күресу жолдары»


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі

«Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі»РМҚК





БЕКІТЕМІН

Директордың әлуметтік

және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

___________Б.Ж.Бахтиярова

«____»__________2016жыл





Тақырыбы: «Жастар арасындағы нашақорлық»











Дайындаған:Г.С. Байбатшаева















Семей

2015-2016 оқу жылы

Жалпы білім беретін пәндер циклдық комиссиясы орынбасарында қарастырылды

Төрайымы __________К.Б.Қуанышева

Хаттама №

« »ақпан 2016ж



















































Тақырыбы: «Жастар арасындағы нашақорлық»

Мақсаты:

  1. Есірткіге қатысты проблемалар және есірткіні қолданудың алдын алу.

  2. Жастар арасында есірткіге қатысты проблемалар жайлы ақпараттандыру деңгейін жоғарылату; психоактивтік заттарды қолдануға қарсы дағдыларды дамыту

Міндеттер:

  1. Қарастырылып отырған проблема жайлы жасөспірімдердің білім деңгейін анықтау.

  2. Есірткіні қолданудың себептері мен салдары және іс-әрекеттердің мүмкін стратегиясы туралы нақты ақпарат беру.

  3. Мәліметті қабылдау деңгейін тексеру.


Өтілетін күні: 13.02.2016ж

Өтілетін орны: жатахана мәдениет залы

Өтілу түрі:Топтық жұмыс,сұрақ-жауап, тренинг

Қатысушы: жатақхана оқушылары

Жұмыстың жоспары:

1. Танысу.

2. Мәселенің өзектілігі.

Нашақорлық (гректің nark – қимылсыздық, mania – ессіздік, құштарлық мағанасында) – есірткі құрамдас немесе психотроптық, яғни оларға ұқсас заттарға тәуелділіктен туындайтын организмнің аса ауыр және тұрақты тәндік, психикалық өзгеруіне, бұзылыстарына, кейде өлімге әкелетін дерт. «Есірткілерді тұтыну», «нашақорлық» және «наркотизм» сөздерінің мағанасын ажырата білген жөн. Есірткілік заттарды тұтыну алкоголь мен темекі тұтынуға ұқсас: бұлардың бәрі «зиянды ләззаттарға» жатады, өйткені олар тұтынушыға субъективтік ләззат сезімін сыйлайды, бірақ организмге зиянын тигізеді. Есірткілік заттарды тұтыну тек «ләззат алу» ғана емес, сондай-ақ дәрігермен дәрілік препарат (ауруды басатын, ұйықтататын, психостимулятор) ретінде берілуі мүмкін. Егер есірткілерді тұтыну үзіліссіз және үнемі болса, тұтынушының организмінде өзгерістер болады, нәтижесінде есірткілерден болатын тәндік немесе психикалық тәуелділік туындайды. 

Психолог топтан төмендегі сұрақтарға жауап беруді сұрайды:

  1. Есірткілер немен қауіпті? 

Есірткілерді тұтыну психикалық және тәндік тәуелділікке, адам тұлғасының кейде азғындалуға дейін өзгеруіне, денсаулығының нашарлауына (ауруларға және асқынуларға) әкеліп соғады және өміріне қауіп төндіреді. 
Есірткі тұтынатын жасөспірімдер мен жастар өздерін қоғамға және Заңға қарсы қояды, олардың болашағы жоқ. Нашақорлыққа шалдыққан науқас өмірінің орташа ұзақтығы 2-3 жыл. 

  1. Есірткілерге тәуелділік деген не? 


• Есірткі тұтынуға күшті, тоқтатуға болмайтын құмарлық 
• Есірткінің мөлшерін үнемі үстемелеудің қажеттілігі 
• Есірткілер болмағанда психикалық және тәндік қолайсыздықтың пайда болуы 
• Қоршаған өмірге қызығушылық төмендеуінің өршуі (ештеңемен әуестенбеу, мектеп, жанұя өміріне, достарға, құрдастарға қызықпау) 
• Зиянды зардаптарын біле тұра, есірткі тұтынуды жалғастыру 
• Тұтынатын есірткілердің мөлшерін және оны пайдалануға байланысты ахуалды бақылау қабылетін жоғалту 

  1. Есірткілерді бір-ақ рет пайдалану немен қауіпті? 


• Есірткіледің бір рет дәмін татқаннан кейін, тағы да тұтынуға құмарлық пайда болуымен 
• Психикалық тәуелділіктің даму мүмкіндігімен 


• Есірткілерді мөлшерден артық тұтынумен 
• Есірткілік заттарға аллергиялық реакциялардың дамуымен 
• Есірткіні қан тамыры арқылы тұтынғанда, ЖҚТБ жұқтырудың нақты мүмкіндігімен 
• Есірткіге әуестік бүкіл өмір бойына сақталу мүмкіндігімен 
• Нашақорлықты емдеу ауру адамның және туған-туыстарының зор күш-жігерін,

медицина қызметкерлерінің биік кәсіби дәрежесін, көп қаражат шығындарын қажет ететін ұзақ, күрделі, көп сатылы процесс. Бірлі-жарымды адамдар ғана есірткіге тәуелділікті жеңе алады, яғни дерттен айығады. 
• Есірткілік заттарға әуестену бір ғана тәсілмен - есірткіні ешқашан, бір ретте татпау арқылы құтылуға болатын қатерлі, қалыпқа келтірілмейтін қауіп. 

  1. Нашақорлықтың себептері

Балалар мен жасөспірімдердің девианттық тәртіп формалары тәрізді нашақорлықтың негізгі себептерінің арасында бірінші орындардың бірі отбасындағы келеңсіз көріністер, ата-аналардың спирттік ішімдіктерге немесе нашақорлыққа салынуы, өмір сүру деңгейінің төмендігі, жанұя мүшелері арасында көтеріңкі көңіл-күй қатынастарының болмауы, жанұяда әкенің немесе шешенің болмауы, психоактивті заттарға оңай қол жеткізу, жасөспірімдердің бос уақытын өткізу мен қолы бос болмауының нақты бағдарламасының жоқтығы сияқты әлеуміттік факторлар үлесінде. Жиі жағдайларда есірткілер қоғамдық орындарда: мектептерде, дискотекаларда, кафелерде, көшелерде, саябақтарда, есірткілерді таратушылар мен сатушылардың пәтерлерінде алынады. 

  1. Кез келген есірткілерді қолданудың белгілері:


•терісінің ағаруы; 
• ұйқысының бұзылуы (мүлдем ұйықтамау немесе тым ұзақ ұйықтау) 
• тәбеттің бұзылуы (тәбеттің болмауы немесе үйге оралған соң, оның кенет көтерілуі, шамадан артық шөлдеу) 
• сөйлеу мәнерінің өзгеруі («шұбатылған» баяу сөз) 
• көздің қарашығы көлемінің өзгеруі (көз қарашығының кенеттен үлкеюі немесе түйреуіш басының көлеміндей тарылуы) 
• баланың терісінен және киімдерінен өзгеше иістің шығуы 
• қозғалу координациясының бұзылуы. 

  1. Бала тәртібінде келесі өзгерістер байқалады: 


• жан жағындағы оқиғаларға бейтараптық; 
• үйде болмау, мектептегі сабақтарға бармау, оқу үлгерімінің төмендеуі; 
• есте сақтау қабылетінің төмендеуі; 
• сынағанды көтере алмау; 
• себепсіз кенеттен баланың көңіл-күйінің ауытқулары; 
• ақша сұрау, ақшаның жоқтығына көнбеу; 
• үйден бағалы заттар, киім мен ақшаның жоғалуы; 
• белгісіз адамдармен жиі телефон арқылы сөйлесу; 

  1. Кейбір «дәлелдер»: 

денесінің кез келген жерінде, әсіресе білегінде тамырға жасалған инъекциялардың «көгерген» іздерінің болуы; 
• белгісіз сұйықтар құйылған құтылардың, таблеткалардың, резеңке бұраулардың, инелердің, капсулалардың, шприцтердің болуы 

  1. Нашақорлықпен күресу жолдары

  • Есірткіге қарсы күрес бөлімдерінде қызметкерлердің санын көбейту қажет, өйткені саусақпен санарлық топқа есірткі бизнесі дес береді деуге сену қиын.

  • Есірткіні анықтап, ұстап тауып алатын құрал-саймандар, техникалармен есірткіге қарсы күрес топтарының толық қамтамасыз етілуі керек.

  1. Есірткінің зардабы және асқынуы

  • Нашақорлардың есірткіден улануынан оның бүкіл психикасы өзгереді. Біріншіден, жүйке жүйесін бірден уландырады, елітіп, еліртіп жібереді, ақылмен істейтін жұмыстардан бас тартатын болады, өмірге қажетті барлық жұмысты орындауға ынтасы, белсенділігі пәс болып тұрады, енжар өмір кешеді. Есірткі адам психикасына өте қатерлі. Ол ойламаған қылмыстарға итермелейді, нашақор ашуланшақ, шамшыл келеді.

  • Осы кезде тағы да түрлі елестер пайда болады, яғни, ақырын ғана шыққан дыбыс нашақорға тау құлап жатқандай болып естіледі, алдында жатқан бір тал шыбық бөрене боп, тау төбе болып елестейді демек адамның аңғару, ойлау қабілеті нашарлап, бос сандырақтайды, бос күлетін болады. Зейін алаңдаушылығы көбейіп, қимылы тежеледі.

  • Нашақор әйелдерде түгелдей дерлік жыныс мүшесінің жұмысы бәсеңдейді, яғни, жатырларының еттері әлсірейді, сонымен қатар етеккірлерінің келуі де бұзылады (кейде ерте, кейде кеш). Ал нашақор әйел екіқабат болса, көптеген жағдайда түсік болады немесе олардан дімкәс кемтар балалар дүниеге келеді. Ер адамадарда да жыныс мүшесінің қызметі нашарлайды. Оларды оштеие, қызықтырмайды. Осы себепті өз жандарын өздері аямайды. бір инені бір-біріне беріп, жалғастырып сала береді. Бұл түрлі жұқпалы ауруларға (тері ауруларына, жұқпалы жыныс ауруларына, өкпе қабылуына) әкеп соғады. .

Қорытынды сөз: Нашақорлық қоғам дерті. Нашақорлықпен күресуге жалғыз адамның шамасы келмейді. Бұл жерде заң сақшылары нарколог мамандар, ата-аналар және сіздер мен біздер әрбір Қазақстан азаматы шетте қалмау керек. Ғасыр дертімен күресу керек. Дүниедегі ең қымбат нәрсе ол сенің өмірің. Сенің өмірің ол өз қолыңда.


Нашақорлық. Есірткіні қолданудың және оған кіріптар болудың зардабы сол: одан құтылу мүмкін емес.




Оқытушы: Г.С.Байбатшаева


Қолданылған әдебиеттер:

  

  1. 2012 «ҚазАқпарат» ҰК АҚ

  2. http://www.azattyq.org/content/article/1149750.html

  3. Қазақ энциклопедиясы, 7 том

  4. www.bankrereratov.ru

  5. www.referat.ru

  6. www.5ballov.ru
















Жоспар

  1. Кіріспе

  2. Нашақорлық ғасыр дерті

  3. Нашақорлармен жұмыс істеу

Пайдаланған әдебиеттер тізімі



Кіріспе

Әр қоғамның өзiнiң бас ауыртар iрi-iрi мәселесi болады. Қоғам өркендеп адам ой-санасы дамыған сайын оған төнер дерт кесел де ғаламаттай қуаттанып, бой бермес бас асаудай күшейе түсетiн түрi бар. өкiнiштiсi сол қарап отырсаңыз осындай ем қонбайтын кеселдi, дерттердi адамдар өздерi ойлап табады.



Нашақорлық ғасыр дерті

Нашақорлық - бүкiл адамзат баласы үшiн аса үрейлi мәселелердiң бiрi. Қаншама ұрпақтың өмiрiн жалмаған, осынау аждаһамен күрес күн санап күшейтiлсе де дес бермей отыр. Ең бiр сорақысы есiрткiге елiтiп, есiнен айырылғандардың көбiсi жастар мен жасөспiрiмдер.

Кеңес Одағы кезiнде есiрткiге қарсы күрес жасырын түрде жүргзiлiп келсе, оның күшейгенi сонша бара-бара бетпердесi ашылып қалды. 1990 жылдардан кейiн нашақорлықтың алдын алу шаралары ашық түрде барынша пәрмендi жүрiлуде. Ақпарат көздерiнiң мәлiметiне қарағанда, Қазақстанда 500 мыңға жуық нашақор бар көрiнедi.

Бұлардың тең жартысы 17 мен 29 арасындағы жастар. Бүгiнде Қазақстанда әр жыл сайын есiрткiге қатысты 20 мың қылмыс тiркеледi. Есiрткi бизнесi ерекше пайдалы, табысты болғандықтан онымен күресу қиынға соғып отыр. Бұл бизнестiң түрiне 1 доллар жұмсасаңыз ол бiр жылда 12400 долларға айналады. Мұндай iрi көлемдi табыс мұнай саласында да бола бермейдi.

Сондықтан бұл салада пайда табатындар қанша жасырын жүргiзсе де, тұтынушылар қатарын жыл санап молайтуда. Олардың ең әуелгi құрбандары жастар. Нашақорлардың 40 пайызға жуығы ауқатты отбасылардан шыққандар. Соған қарағанда бұл әлеуметтiк жағдайға да байланысты емес. Кейбiр деректерде әр жыл сайын әлемде 50 млн. адамның нашақорлық салдарынан жарық дүниемен қоштасатындығы айтылып жүр.

Қазақстанға есiрткi Ресейден, Ауғанстаннан сонымен қатар Батыс елдерiнен тасымалданады. Нашақорлық жаһанға жалпылай тарап кеткен аса қатерлi дерт. Бұған бай да, кедей де тәуелдi болып қалады. Қазақстанда есiрткiқұмарлардың көбiсi түнгi клубтарда көптеп ұшырасады. Сонымен қатар мейрамхана, кафе, жастардың ойын-сауық құратын думанханаларында «құдiреттi» ақ ұнтақтың құрбаны болып, басыбайлы күйге түседi. Есiрткiмен айналысатындардың көбiсi ВИЧ, СПИД тәрiздi аса жұқпалы терi ауруларымен ауыратындар. Бұл кеселдер бiр шприц арқылы есiрткiнi денеге құйғанда, бiрiнен-бiрiне жұқтырады.

Есiрткi бизнесмендерi мен әккi нашақорлар түрлi себептермен өздерiнiң әрiптестерiн таңдап, тауып, оны құрбандарына айналдыра алады. Не нәрсеге болса да, елiктегiш жасөспiрiмдердi алдымен торға түсiредi. Бiр-екi рет сынақ үшiн пайдаланып, уды байқамай денесiне жайып алған талай көкөрiм жас, нашақорлар қатарына қосылуда. Осы бiр улы заттың қуаттылығы сондай жасөспiрiм түгiлi, есi дұрыс денi сау ересек адамдарды да оп-оңай соңынан ертiп кете барады.

Қазiргi кезде есiрткiнiң жетпеген жерi қалмады. Сәндi ғимаратты әсем қалалардан тартып, аңғал ағайындар тұратын ауыл-аймақты түгел қамтуда. Қайда барса да, құрбандардың алдыңғы шебiнде жасөспiрiмдер тұрады. Ел ертеңi үшiн бұл кiм-кiмдi де ойландырары сөзсiз. Соңғы кезде жеңiл есiрткiлердi заңдастырайық деген пiкiрлер де айтылуда. Кiнәсiз елдi қынадай қырып бара жатқан осы бiр уды заңдастыруға құмарлар кiмдер деп ойлайсыз.

Оның бәрi құлқынның қамы. Пайдаға әбден құныққандар осылай өздерiнiң қитұрқы пиғылдарын көлденең тартады. Есiрткi бизнесмендерi алғашқы бiр «дәм татыруды» тегiн бередi. Бұл улы зат адамның ми қабатына әсер етiп, ақыл есiн алып, ынтықтыра түседi. Бiр дәмiн татқан пенде өмiр бойы iздеп тұратын болады.

Елiмiзде ең көп қолданылатын есiрткiнiң түрлерi - героин мен марихуана болса, ең құндысы - кокаин. Ал кокаин қолданатындарды iндетiнен емдеу тiптi мүмкiн емес. Осынау қатерлi дертке ұшыраушылар арасында мектеп жасындағы жеткiншектердiң де кездесуi өкiнiштi жайт. Есiрткiге қарсы күрес қанша пәрмендi түрде жүрiлсе де iндет жыл сайын жайылып барады.

Бұл жөнiнде дәрiгер-наркологтар: «Нашақорлық дәл осылайша жайыла берсе, жастардың болашағы жайлы әңгiме қозғаудың өзi артық» деп түңiледi. Ертеңiм жарқын болсын деген ел жастар мәселесiне селсоқ қарай алмасы белгiлi. Сондықтан да ата-ана, оқу орындары, заң органдары барлық қоғам болып iндетке қарсы күрестi барынша пәрмендендiруiмiз керек.

Ғасыр індеттерінің бірі нашақорлық бұдан былай да адамзат тұрған жерде жойылмақ емес деген шешімге келген шетелдік ғалымдар мұны өркениетпен бірге жүретін қара құрт деп отыр. Осы індеттен қаржылық жағынан зиян шегіп отырған Америка Құрама Штаттары нашақорлыққа қарсы күрес жүргізудің үш тұжырымдамасын іске қосу мүмкіндіктерін қарастыруда. Біріншісі, АҚШ-тың өз ішіндегі сондай-ақ, елден тыс жерлердегі есірткі саудасымен айналысатындар және оны өндіретіндермен қатаң күрес жүргізу туралы айтылып, есірткіге қарсы заңдарды күшейту сынды дәстүрлі тәсілдерді жанжандыру қажеттілігі қарастырылған. Алайда, ол елде мұндай іс-шараларды сынап-мінеушілер де шығып отыр. Олар нашақорлықты түп қазығымен жойып жіберуі мүмкін емес екенін, өйткені есірткі пайдалану немесе тұтыну қай кезде де өркениеттің ажырамас бөлігі екендігін алға тартуда. Ал, біздің елдегі нарколог-мамандар да мұнымен күресудің қашанда күрделі екендігін тағы да нақтылады.



Нашақорлармен жұмыс істеу

Нашақорлармен жұмыс істеу жалпы кезең-кезеңімен жүргізіледі. Бұл айтылған кезеңдердің ең біріншісі науқастың организмін ауыр халден босатып, аяғынан тұрғызу болып табылады. Ал бұдан кейінгі кезең-психологиялық көмек беру, екінші жұмыс алғашқыдан біраз күрделілеу. Өйткені, нашақорларды құрдымға кетіретін де олардың ішкі жандүниесінің әлсіздігі. Бұдан кейінгі емдеу жұмысы оларды еңбекке жарамды ету яғни реабилитация кезеңінен өткізу керек. Бір айта кететініміз нашақорлық тек медициналық ауру емес, бұл негізінен әлеуметтік дертке жақынырақ. Нашақорлықтан біржола құтылу мүмкін емес шығар сірә. Осы орайда, тағы да әлемдік зерттеулерге жүгінетін болсақ, есірткіге қарсы заңдарды қатайтудың салдарынан аз-маз мөлшерде есірткімен ұсталып жазықты болғандар есебінен әсіресе, дамыған елдерде темір торлар тұтқындарға толып кететінге ұқсайды. Құқық қорғау органдары ролінің күшейуі полицейлер мен арнайы қызмет мамандары тарапынан қызмет бабын асыра пайдаланушылыққа, заңды белден басып, бұрмалай қолдануға жол ашылады деп болжануда. Осындай іс-әрекет қарапайым халықтың азаматтық құқығын шектеуге ұрындырары хақ дейді ғалымдар. Қалай болғанда да Нарколог-мамандар мен ғалымдар және салауатты өмір салтына болысатындар түрлі амал-тәсіл ойлап табумен әлек. Ал нашақорлар болса, мұндай шараларадан бейхабар болуы былай тұрсын тіпті, өзінің болашағын ойлаудан да қалған.

Жоғарыда айтып кеткен АҚШ тұжырымдамасының Екінші бөлігінде есірткі тұтынуды азайтуға ерекше көңіл бөлу жағы қарастырылады. Әсіресе жұртшылық арасында бұған қарсы үгіт-насихат жумыстарын жургізуге баса назар аудару қажеттілігі айтылады. Есітркі саудагерлерін барынша қатаң жазаға тарту қажет. Ал, есірткіні тұтынғаны немесе сақтағаны үшін жазықтылар ауыр жазаға тартылуы тиіс. Мұндай стратегияны сынаушылар салауатты өмір сүру салтын насихаттау есірткі тұтыну деңгейін төмендетуге қауқары жетпейді деп пайымдайды. Сондай-ақ, есірткі саудагерлерінің нақты жазасын алмауы да есірткінің таралуына жол ашып, оның дәмін татып көруге бой ұрған адамдардың қатарын көбейте түседі деген қорытынды жасайды.

Біздің елдегі дәрігерлердің айтары АҚШ ғалымдарының үшінші тұжырымдамасына сәйкес, онда нашақорларға ықпал ету тәсілін өзгертуді ұсынады. Оларды қылмыскер ретінде емес, ауруға душар болған адамдар деген тұрғыдан қарап, жазалаудың орнына қайта емдеу қажет дегенді көлденең тартады. Мемлекет есерткі пайдалануды қылмыстық әрекетке жатқызбай, оның жарияланғанына жол ашқан жағдайда ғана олардың сатылуына бақылау жасауға мүмкіндік туады делінеді. Сөйтіп, жастардың қолына есірткіні түсіруге жол бермеу керектігі де түртілген. Сонымен бірге бұл стратегия қылмыстық топтардың күш-қуатын әлсіретеді. Ал, қарсы пікір айтушылар есірткінің болуы оның анағұрлым кеңінен таралуына жол ашады. Ал, есірткіге тәуелділіктен құтқаруға кепілдік беретін құрал әзірге қолда жоқ деп есептейді. Есірткі АҚШ-та ХІХ ғасырда пайда болды. Дәрігерлер алдына келген науқастарға, сай-сүйегіндей сырқырайтын ауруды басып, тез ұйықтататын дәрі-дәрмек ретінде адам ағзасынынң жалпы күш-қуатын арттыратын морфи мен апииннан алынатын препараттарды қолданатын.



Пайдаланған әдебиеттер тізімі


















Автор
Дата добавления 20.04.2016
Раздел Другое
Подраздел Статьи
Просмотров429
Номер материала ДБ-043426
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх