Инфоурок Другое СтатьиТема доклада: "Отбасындағы бірлік пен ынтымақ – бала тәрбиесіндегі орны"

Тема доклада: "Отбасындағы бірлік пен ынтымақ – бала тәрбиесіндегі орны"

Скачать материал

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің

«Педагогика және психология» пәндік циклдік комисиясының оқытушысы Мелдебекова Ұлдана Серікбаевна

Тақырыбы: Отбасындағы бірлік пен ынтымақ – бала тәрбиесіндегі орны


Отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Кез-келген адам үшін ең жақын әлеуметтік орта, белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Бала тәрбиесі туралы сөз болғанда: «Баланы жастан» — деген  халық даналығы бар.  Сондықтан, «Бала жас, әлі еш нәрсені  білмейді, өсе келе бәрін түсінеді»- деп қарау – барып тұрған қателік. Бала тәрбиесі – әр сағат, әр күн сайын тынымсыз жүргізіле беретін аса жауапты, күрделі процесс.

Тәрбие отбасынан басталады. Отбасы – ең  үлкен, мықты, тәрбие ошағы, шағын мемелекет. Отбасының негізі – баланы өмірге келтіру ғана емес, оған мәдени-әлеуметтік  ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжірібиесін бойына сіңіру, қоршаған ортаға, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етіп тәрбиелеу.

Отбасы – болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықты сіңіретін тәрбие ошағы. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ой-өрісі, әдептілігі мен мәдениеттілігі отбасынан бастау алады. Сондықтан, отбасы тәрбиесі бірінші орында турады. Осыған орай, бала тәрбиесінде әрбір ата-ана баланың жас кезіндегі тәрбиесіне ұқыпты аса жауапты қарауы ауадай қажет. Бала тәрбиесіндегі сан алуан жәйттерге мән беріп, солардың әрқайсын бірауыздықпен, біріңғай талаппен, ақылмен, уақыт оздырмай, мезгілінде шешіп отыру –  әрбір  бала  тәрбиелеген, оның болашағынан үміт еткен ата-ананың басты парызы.

Ата-ана болу бұл үлкен бір жауапкершілік. Бүгінгі күні көптеген жастырымыз ерте бастан отбасын құрып жатқандар өте көптеп кездесіп жатады. Және ажырасып жатқандарымыз қаншама?

Ұрпақ – болашақ, яғни ол адамзаттың болашағы, ал отбасы кішкене мемлекет. Отбасында ынтымақ болмауынан, ерлі-зайыптылар арасындағы алауыздықтан, бірінің сөзін екіншісі тыңдамауы, бала тәрбиесін тым қиындатып жібереді. Сондықтан ата-ана беделден, тіл алғызу ықпалынан айырылады. Бүгінгі күні ең алдымен ата-ананың педагогикалық білімін жетілдіру керек. Кей ата-аналар өздерінің міндеттерін тек балалардың қарнын ашырмау, киімдерін бүтіндеу деп те ойлайды. Балаларының білімін мектепте алған бағаларымен ғана бағалайды. «2» алса жаман, «5» алса жақсы. Оқу жылы ішінде бірде-бір рет балаларының сабағына қатыспайтын ата-ана, баласы бұзық болса, тәртіпсіз болса ұстаздар қауымына тіл тигізіп, қаралап жататын кездері де аз болмайды. Міне, сондықтан отбасындағы білім беру бағытындағы тәрбиесі жайына қалады. Отбасының аса маңызды міндеттерінің бірі-баланы жарқын істерге, нұрлы мұраттарға тәрбиелеу екендігін естен шығарып алған қаншама ата-ана бар. Халқымыздың «Балаңды бес жасқа дейін патшадай сыйла, бес жастан он бес жасқа дейін құлындай жұмса, одан соң өзіңе ақылшы дос сана» деген өмірлік қағидасы бар емес пе! Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отының басындағы, ата-ана тәрбиесі. «Баланың бас ұстазы ата-анасы» демекші отбасындағы таным, түсінік қалай қалыптасса, адамның бойында қалатын сол қасиет солай қалыптасады. «Болса тәртіп, бала өседі сомданып, қатаң ұста, бос жүрмесін сандалып» деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы шектен тыс шолжаңдатпай, байсалды, ұғымтал, тілалғыш етіп баулу ата-ананың басты міндеттерінің бірі. Сонымен, ата-ананың тәрбиесі бала мінезінің ірге тасы. «Тәрбие – табалдырықтан басталады» нақылы өмірден алынған шындық. Бала тәрбиесі – нәзік те күрделі, әрі қоғамдық жауапкершілікке жатады. Бала – өмірдің гүлі, сол әлеуметтің болашағы. Баланы тәрбиелі де, саналы азамат етіп өсіргіміз келсе, ең алдымен өзіміз кіршіксіз таза, тәрбиелі адам болуымыз керек. Адамгершілік пен саналықтың бастапқы қарапайым белгілерін өнегелі отбасында дарытқан баланың болашағы жарқын, өмірі мәнді болмақ. «Біздің балалар-біздің қарттығымыз, жаман тәрбие-болашақтағы қайғымыз, бұл біздің көз жасымыз, бұл басқалар алдындағы, бүкіл еліміз алдындағы біздің кінәміз» демекші кең байтақ елімізде ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып, ұяттылық, әдептілік, көргенділік, мейірімділік, шарапаттылық салтанат құрып үйлесімділік тауып жатса, сол қымбат қасиеттердің бәрі отбасы, ошақ қасында бүршік атып, бұтағын жаятынын естен шығармауымыз керек.

«Үйінде бақытты адам – ең бақытты адам» деп Лев Толстой айтқандай. Отбасындағы тату - тәтті өмір - зайыбы болсын, ері болсын, балалары болсын бәріне де қажетті, олардың ажарын келтіріп, көңілін нәрлендіретін, мағыналы өмір сүруге үйрететін, жақсылыққа талпындыратын алтын бесік.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тема доклада: "Отбасындағы бірлік пен ынтымақ – бала тәрбиесіндегі орны""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

PR-менеджер

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 610 310 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.03.2016 916
    • DOCX 17.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Meldebekowa Uldana Serikbaevna. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Meldebekowa Uldana Serikbaevna
    Meldebekowa Uldana Serikbaevna
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 13478
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой