Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыТема: Ең бірінші бақытым тілім менің

Тема: Ең бірінші бақытым тілім менің

Скачать материал

 

 

Ең бірінші бақытым-
тілім менің

 

 

 

 

 

                                                                                                                                 Өткізген: Сайым С.Қ

 

Ең бірінші бақытым - тілім менің

Мақсаты:
Білімділік: оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Оқушыларға мемлекеттік тілді білудің маңызы жайлы айту және оны құрметтеуге үйрету.
Тәрбиелік: оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, тілді құрметтеуге, тіл байлығын, маңызын түсіне білуге баулу.
Дамытушылық: тіл туралы өлең, тақпақ, нақыл сөздер айту арқылы оқушының сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту.
Барысы:
Кіріспе бөлім (мұғалім сөзі).
Ана тілі - адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп - өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан - ұрпаққа сақтап отыратын қазына. Қазақ тілі аса бай, икемді тіл. Қалай исең, солай иіле береді. Орамын, бұрымын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалаңсаң, бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, ағаш, текемет оюға болады - ау.
Бұл тілден май тамады десе де сыяр. Халықтың тіліне, жырына құлақ салсаң, небір алуа - шекер балдай татитын нәріне, әріне әсте тоймайсың. Ғашықпын қазақ тіліне... Осындай майса, сұлу тілді қалай өгейсітуге болады.
Тіл дегеніміз – адаммен бірге пайда болып, қатар жасасып келе жатқан қоғамдық құбылыс. Бұдан біз тілдің адамнан айырылмас серігі екенін көреміз. Тіл арқылы адамдар бір - бірімен пікір алысып, өзара түсінісіп, оны қатынас құралы ретінде пайдаланып отырады. Әр адам өз ойын басқа біреуге тіл арқылы жеткізсе, біреудің ойын тіл арқылы түсінеді. Тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін келбеті, болмысы деуге болады. Халықтың тарихта қалуы тіліне, тілінің сақталуына байланысты. Мағжан атамыздың: «Жан көріністерінің ең қымбаты - ой, ой тілі - сөз. Тіл адам жанының тілмашы. Тілі кем болса, адамның қор болғаны…» деген сөзі дәлел деуге болады.
Сол секілді, қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз - тіліміз.
«Адамға екі нәрсе тірек тегі,
Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», –
деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез - келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Біздің ана тіліміз - қазақ тілі. Біздің Отанымыз - Қазақстан. Қазақстан Республикасының өз Елтаңбасы, Әнұраны, Туы бар. Сонымен қатар өз тілі бар.
Тіл – халық тарихы, тіл – ұлттық қазына, тіл – біздің намысыз, арымыз, байлығымыз, барымыз. 1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңы қабылданды. Ол 1997 жылы қайта өңделіп шығарылды. Ол 6 тарау, 22 баптан тұрады. Оның 4 - ші бабында Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі делінген.
Біз енді, туған еліміздің тілін ардақтап, сол тілде сауатты жазып, ойымызды жеткізе білсек нұр үстіне нұр емес пе? Бүгін тіл мерекесіне орай 4 – сыныптар арасында мәнерлеп оқу сайысы өткізілмек. Ендігі кезекті 4 - сынып оқушыларына берелік. Өздерінің тіл мерекесіне арнайы дайындаған тақпақтарын тамашалайық.
1 – оқушы:
Тілмен ғана қызық менің тірлігім,
Тату еткен ел мен елдің бірлігін.
Туған тілмен асқақ шығып ізгі үнім,
Туған тілде алып жүрміз біз білім.
Тілсіз жұртым шөптей қурап азады - ау,
Туған тілді қорғап бақшы қазақ - ау!
Сарқылмайтын қуатпенен күш берген.
Туған тілдің қасиеті ғажап - ау!

2 – оқушы:
Жылаған алғашқы іңгә үннен тілім,
Жөргекте былдыр қағып күлген тілім.
Жағымды ана әлдиі, ақ сүтімен,
Жүрегіме, қаныма сіңген тілім.
Жанымды жадыратқан бала тілім,
Жыр - ертек жаттаттырған сана тілім,
Жаралып жермен бірге, күн көзімен,
Жасасқан қазақ тілі – ана тілім.
Жырлатқан қазақтардың қазақтығын,
Жырлатқан ерлік, елдік азаттығын.
Жұлдызды құдіреттің туы болған,
Жауынгер ана тілім - қазақ тілім

3 – оқушы:
Қуан, далам! Қуанатын күн бүгін!
Серпіп таста мұңды жүрек түндігін.
Тіл туралы Заңым енді күшіне,
Паш еткендей кескен жаңа кіндігін.
Қуан, бабам! Қуанышты күн бүгін!
Деген едің «Тіл бар жерде өмір бар!»
«Халық жауы» атандың - ау сол үшін,
Ғұмырыңды құрбан етіп жолында.

4 – оқушы:
Бәлкім, дарыр жаныңа сенің де өнер,
Сонда ғана бір жүгім жеңілденер.
Қара бұлттар айығып аспанымнан,
Күңгірт тартқан жан дүнием көңілденер.
Ана тілмен сомдалар тыныстағы үн,
Ана тілді мен дәйім пір ұстадым.
Ана тілдің жолында ұғын, балам,
Садақа ғой
Даңқ пенен күміс тағың!

5 – оқушы:
Сәлем саған, жас буын жалғастарым,
Болашақта сендермен жалғасамын.
Тек жалғасам қазақтың тілі арқылы,
Ана тілін ауадай ардақтағын!
Сақтар болсаң халқыңды – тілді сақта,
Баға жетпес мұра жоқ тілден басқа!
Тілден өзге жиһаздың бәрін түгел,
Базарлайсың қалтаңда ақшаң жатса!

6 – оқушы:
Сол тілменен дүниені аттадым,
Таптым бүкіл тіршіліктің атауын.
Жатты онда уыз сүті ананың,
Жатты онда аманаты атаның.
Сол тілменен махаббатқа тіл қаттым,
Сол тілменен талай гүлді жырлаттым.
Сол тілменен сәбилерді сөйлетіп,
Талайлардың көз жастарын құрғаттым.
Сол тілменен аспан көрдім, жер көрдім
Сол тілменен көгершінге жем бердім.
Сол тілменен дүниеден кетемін,
Сол тілменен дүниеге мен келдім.

7 – оқушы:
Ей, туған тіл! Ата - анамның бал тілі!
Көп нәрсе ұқтым дүниеден туған тілім арқылы.
Анам алғаш осы тілде бесік жырын жырлаған,
Ұзақ түндер анам айтқан ертегілер тыңдағам.
Ей, туған тіл! Ертелі - кеш қуатыңмен өзіңнің,
Қаршадайдан шаттығымды, қайғымды да сезіндім.
Ей, туған тіл! Туған тілде тілек айттым мың рет,
Ата - анамды, мен пақырды жарылқа деп, құдірет!

Қорытынды.
Осымен бүгінгі сайысымыз да өз мәресіне жетті. Біздің өнерлі оқушыларымыз бүгінгі сайысты тартысты өткізді деген ойдамыз. Олай болса, бүгінгі сайысты таразылап, әділ бағасын береді деген оймен сөз кезегін әділқазы алқаларына береміз.
Қалың елім қазағыңа қорған бол!
Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол,
Шет тілі мен компьютерді меңгеріп,
Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол!
Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды. Уақыттарыңызды бөліп, тамашалағандарыңызға рахмет. Келесі кездескенше аман - сау болыңыздар!

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тема: Ең бірінші бақытым тілім менің"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Экономист-аналитик

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 160 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.12.2015 1142
    • DOCX 23.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Керимкулова Меруерт Бахытжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4689
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 124 человека из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Организация системы внутришкольного контроля качества образования на уровне начального общего образования

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 251 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации на уроках по продуктивно-творческой деятельности у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 134 человека

Курс повышения квалификации

Методика повышения техники чтения у младших школьников с ОВЗ

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 103 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 414 человек

Мини-курс

Музыкальная культура: от истории до современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Особенности психологической коррекции детей с различными нарушениями психического развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 389 человек из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 282 человека

Мини-курс

Основы политической науки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе