Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Рабочие программы / Тема "Фразеологические обороты" 1

Тема "Фразеологические обороты" 1

  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:



Сабақтың тақырыбы: Тұрақты сөз тіркесі

Мақсаты: Тұрақты сөз тіркестерінің өзіндік ерекшелігін таныту

Міндеттері

Қазақ тіліндегі сөз байлығының бір саласы тұрақты тіркестердің өзіндік ерекшелігін таныту.



Білімділігі Күнделікті тілде жиі қолданылатын еркін тіркестерден айырмашылығын меңгерту арқылы тілдегі сөз қолданыстарының өзіндік ерекшелігін үйрету.

Дамытушылығы Түрлі шығармашылық тапсырмалар беріп, оқушылардың логикалық ойлауын, яғни тұрақты тіркесті тани білуге үйрету.

Тәрбиелілігі Ата – бабадан қалған ана тілдің құдіретін танып асыл мұрамыздың сөйлеу тілінде қолданып, сөз мағынасын ұға білуге тәрбиелеу.

Әдісі: Түсіндірмелі

Дереккөздер мен жабдықтар: ғаламтор,интербелсенді тақта,суреттер.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі Оқушылар тақтаның алдында шеңбер құрып тұрады. Оқушылардың сабаққа қатысымы тексеріледі. Қандай күн екені сұралып, ана тілдің қуатын дарытатын қазақ тілінің кезекті сабағы басталатындығы хабарланып айтылады да өткен сабаққа байланысты әр оқушының қолына тұрақты тіркестің бір сыңары беріледі. Содан соң оқушылар қолдарындағы сөздерге сыңар болатын сөзді іздейді. Мысалы: «Бес» деген сөзі бар бала өзіне лайық сөзі бар баланың қасына тұрады «бес саусақ» болады. Үшінші «белгілі» деген сөзі бар бала келіп қосылады. Сонда «Бес саусақтай белгілі» деген тұрақты тіркесті құрайтын балалар бір топқа бірігеді. Сынып оқушылары осылайша үш топқа бөлінеді. Әр топ өздері құраған тұрақты тіркестің мағынасын ашады. Тұрақты тіркестерге байланысты сұрақтар қойылып, әр топқа тілек айтылады. Шашасына шаң жұқпайды – жүйрік. Ендеше балаларға қазақтың шашасына шаң жұқпайтын білімді шәкірті болыңдар деген тілек айтылады.. «Жүректің қалауы» - адамның таңдауы. Оқушыларға «Жүрегің қандай мамандықты қалайды?» деген сұрақ беру арқылы кәсіптік бағдар беріледі.

ІІ. Үй жұмысын тексеру

1) Тұрақты сөз тіркесі

2) 116 - жаттығу

ІІІ. Жаңа сабаққа бет бұру кезеңі

Тақтаға екі сөйлем жазылады.

Тұрақты тіркес Еркін тіркес

Көз байланғанша он үйдің алтауы «Соқыртеке»ойнағанда бір

толып болды. баланың көзі орамалмен байланады.

- Екі сөйлемде де кездесетін қандай сөздер?

- Қай сөз тұрақты тіркес болады?

- Қай сөздің орнын ауыстыруға болады?

- Қай сөздің орны ауыспайды?

Осындай ауызша талдаулардан кейін, мынадай қорытынды жасалады.



Тұрақты сөз тіркесі Еркін сөз тіркестері

Сөйлемде дайын күйде қолданылады Сөйлем құрау үстінде тіркеседі, ойдың берілуіне лайық өзгереді

Орны ауыспайды, құрамы өзгермейді Құрамындағы сөздер өзгереді.

Сөйлемде бір сұраққа жауап беріп, бір ғана сөйлем мүшесі болады Тіркес құрамындағы сөздер түрлі сұраққа жауап беріп, сөйлемде ір түрлі сөйлем мүшесінің қызметін атқарады

Жеке сөзден баламасы болады Жеке сөз жалпы мағынаны аңғартса, еркін сөз тіркесі нақты ұғымды аңғартады.

ІҮ. Дамыту кезеңі

119 - жаттығу. Кітап туралы мақал – мәтел, нақыл сөздер айту. Жаттығудағы пікірлерге оқушылар өзіндік пікірі білдіреді. Берілген сөздердің тұрақты тіркестер екенін дәлелдеу керек. Берілген сөйлемнен тұрақты тіркесті тауып, мағынасын ашу.

Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық. Ол әңгімеге араласпай, аузын буған өгіздей тұрды да қойды. Ел аузына қақпақ болып көрші, бірақ ол қолыңнан келмейді. Жаңағы сөздерің төбемді көкке жеткізгендей болды. Бастапқы сөзден беті қайтып қалған үй иесі еш нәрсе де сұрай алмады. Екі ел тонның ішкі бауындай күй кешті. Қасқырды көргенде Жандостың жүрегі тас төбесінен шықты). Канал қазылады дегеннен, Сырбайдың қуанышы қойнына сыймады. Мен қарттың терісіне сыймай отырғанын көрдім. Үшеуі қосылып алып, үйді басына көтерді.

Біздің халқымыз табиғатпен етене жақын. Сондықтан баласына қойылатын есімді де табиғаттан алып қойған. Сондықтан болар біздің тілімізде табиғаттың құбылысына қарап та жасалған тұрақты тіркестер бар екендігі айтылып әр топқа жылдың бір мезгілі беріліп, сол мезгілге қатысты тұрақты тіркестер жазуға тапсырма беріледі.

(Интербелсенді тақтадан жыл мезгілінің суреттері көрсетіліп, тұрақты тіркестер жасырылады.)



Қабағынан қар жауып, ақ қар, көк мұзда, суық көзбен қарады



Жылауық күздей, балапанды күзде сана, жүзі күңгірт тартты, түнере қалды



Көңілі көктемдей, май тоңғысыз, көгеріп көктеді, жапырағын жайды.



Аспан айналып жерге түскендей, жаны жаз, жағасы жайлау



Орыс тіліндегі тұрақты тіркестерді қазақ тіліндегі тұрақты тіркестермен сәйкестендір

1) Вешать нос-------------2) жаны мұрын ұшына келу

2) Душа в пятки ушла----4) төбе шашы тік тұру

3) Дела, как на ладони---5) бармағын тістеу

4) Волосы стали дибом---6) тыным таппай еңбек ету

5) Кусать себе палец------1) еңсесін түсіру

6) Работать не покладая рук---3) алақанға салғандай

Топтық жұмыс постер салу,яғни сурет салу тақырыпқа сай оны қорғау.

Слайд арқылы үш топқа берілген тұрақты тіркестердің мағынасын ашу.

Кері байланыс.





Бекіту

Сұрақ-жауап арқылы алған білімді бекіту.

Қорытынды Тұрақты тіркестер біздің тіліміздегі ойшықты сөздердің тобы. Көркем бейнелі сөйлеуде үлкен қызмет атқарады. Әдебиет сабағында өткен түрлі тақырыпта кездесетін тұрақты тіркесті табайық.



Үй тапсырмасын беру: 4 тұрақты тіркес жаттау.

Бағалау.

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 21.11.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Рабочие программы
Просмотров17
Номер материала ДБ-376460
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх