Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Тема: Қыз сұлу көрінеді білімімен
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Тема: Қыз сұлу көрінеді білімімен

библиотека
материалов

«Қыз сұлу көрінеді білімімен»

Мақсаты: Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай: әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық, т.б жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу; оқушылардың ойлау, есте сақтау, танымдық қасиеттерін дамыта оқыту; қазақ халқының әдет-ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіру.

 

Көрнекілігі: «Қыз сұлу көрінеді білімімен» газеті, суреттер көрмесі, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер.

Барысы.

Мұғалім: Қазақ халқы «Қыз» деген сөздің өзін әдеміліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың белгісі деп таныған. Халқымыздың халық ауыз әдебиетінде көптеген ақындарымыз қызға көптеген керемет суреттемелер берген. Сондай-ақ қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін, сүйкімділігін, жанының нәзіктігін, өнер, білімге бейім тұратынын жоғары бағалап, оның ол қасиеттерін бейнелі сөздер арқылы ерекше көрсеткен. Мысалы: «Қыздың жиған жүгіндей», «Қыздың тіккен кестесіндей», «Қыз –елдің көркі, гүл - жердің көркі», «Жақсы қыз – жағадағы құндыз», «Қызы бар үйдің қызығы бар», т.б.
1-жүргізуші:
Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын,
Көрінер туған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын кесіп сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын.
2-жүргізуші:
Қыз бала – бойжеткен, келін, ана,
Бәрі де дер кезінде дара тұлға.
Ұрпағыңның ойласаң болашағын,
Қызды сыйла, жамағат, қызды сыйла!
1-жүргізуші: Біз қыз баланың бойынан нені көргіміз келеді: нәзіктік пен сұлулықты, ұяңдық пен инабаттылықты, сыпайылықты, әдемілік пен ұялшақтықты, өнерпаздық пен іскерлікті, шеберлік пен ақ ниетті, ақкөңіл қасиеттерді.
2-жүргізуші: Қазақ халқында «Қыз – елдің көркі, гүл - жердің көркі» деген мақал бар. Мақалдың мәні қыз баланың нәзіктігін, сүйкімділігін, салтқа беріктігін көрсетеді.
1-жүргізуші: Осы істердің барлығын қыз балаға ерте жастан үйретіп отырған. Олай болса, қыздардың өнерін тамашалайық. (Слайд). Ас әзірлеу, шай құю, тоқыма тоқу, ою-өрнек, төсек жинау. Ән: «Қазақ қызы».
2-жүргізуші: Қазақ отбасында қыз баланы қалай тәрбиелеген екен, соған тоқталайық.
1-оқушы: Қазақ отбасының маңызды қызметтерінің бірі – тәрбие. Ата-ананың міндеті – жас ұрпаққа аға ұрпақтың әдет-ғұрпын, адамшылық, адамгершілік, инабаттылық, сыйлау қасиеттерін сіңіру. Әсіресе, қазақ отбасында басқа ұлттарға қарағанда, қыз бала тәрбиесі ерекше орын алады. Қазақ халқы қыз баланы ардақтап ұстаған, оның көңілін қалдырмаған, оған қарсы сөйлемеген, оны мәпелеп өсірген және де қатал ұстап, оның тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп қараған.
2-оқушы: Қыз бала тәрбиесінде ананың орны ерекше. Ана қыз бала тәрбиесінде әкеге қарағанда ерекше қызмет етеді. Қыз бала анаға бір табан жақын ғой. Басқа ұлтқа қарағанда, біздің қазақ қызының бойында ізеттілік, ар-ұят, ұялшақтық, үлкенге қызмет көрсету, үлкеннің алдын кесе-көлденең кесіп өтпеу, жаны ашу қасиеттері басымырақ сияқты. Осындай қыз балаға тән қасиеттерді қызының бойына сіңіретін ең бірінші – ол анасы. Қыз баланы жастайынан үй сыпыруды, яғни үйді таза ұстауға, төсек жинауға, ас пісіру, шай құю, кесте тігу, т.б. жанұяның үй жұмысын үйретуді анасы мен әжесі өз міндеттеріне алған.
3-оқушы: Әсіресе қыз баланың көрікті болып өсуіне анасы ерекше көңіл бөліп, «Аттың көркі – жалы, қыздың көркі - шашы» деп, қыздың шашын күтіп өсіруді өнер санаған. Ол үшін оның шашын айранмен, қынамен жудырған. Шаштарын «қос бұрым» немесе «бестемше» етіп өру бойжеткен қыздың көркі болған. Қазақ халқының жырларында қазақ қыздарының шаштарын керемет суреттеген: «Шашының ұзындығы ізін басқан», «Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», «Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты», т.б.
Халық арасында бойжеткен қызды ажарына қарай жетіге бөлген: Әдемі қыз - баппен сөйлеп, биязы күліп, жақсы-жаманның жөнін біліп тұратын; Көрікті қыз - істі үйіріп, сөйлесе бұйырып, баурап алатын, бірден көзге түсе қоймайтын; Шырайлы қыз - көз жанары өткір, бет-әлпеті балбұл жанған, тәні шымыр; Сұлу қыз - сөзі өткір, өзі пысық, өрескелдікті сүймейтін, болмашыға пісіп-күймейтін, келбетті; Ару қыз - бет пішіні, дене мүсіні келіскен, сөзі сыпайы, өзі әдепті, сұңғақ бойлы, терең ойлы; Ажарлы қыз - дене бітімі жинақы, тығыршықтай, сөзі салмақты, ісі тиянақты; Әсем қыз - жүзі жылы, өзі ұяң, тәні нәзік. (Көрініс)
Ата: Қыздар, «Қазақта қызға қырық үйден тыйым» деген сөз бар.
Түске дейін ұйықтауға тыйым,
Бұраңдап қылымсуға тыйым!
Тамақты обырлана асауға тыйым,
Ұрлық-қорлыққа тыйым.
Салт-дәстүрден аттауға тыйым,
Ұрыс-керіске тыйым. Қыздар осы тыйым сөздерді әр уақытта естен шығармаңдар!
Әже: Әй, қыздарым, қазақ халқы бойжеткен қыздың киім киісіне де ерекше көңіл бөлген. Мысалы: «Адам көркі – шүберек, ағаш көркі - жапырақ» деп қыз балаларға қынама қамзол, дүрия бешпет, кәмшат бөрік, қос етек көйлек кигізген. Халқымыз қыз баланың көркіне оның ақыл-ойы мен мінез-құлқы сай болуын қалаған. «Қызым үйде, қылығы түзде», «Қыз ақылы шешеден», т.б. мақал-мәтелдер соған арналған.
1-жүргізуші: Қыз баланың жақсы болып өсуіне оның өскен ортасының, бірге жүрген құрбы-құрдастарының, дос-жарандарының да әсері күшті. Қазақтың «Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол», «Қызға қырық үйден тыйым» деген нақыл сөздері сол өмір тәжірибесінен алынған. Сонымен қазіргі заманғы қыздардың бойынан: ақылдылық, инабаттылық, сымбаттылық, көріктілік және де іскерлік қасиеттері де табылуға тиіс. Халық «Өнерсіз қыздан без, өнегесіз ұлдан без» деген. Ұлы Абай атамыз «Ары бар, ақылы бар, ұяты бар ата-ананың қызынан қапы қалма» деген екен.
2-жүргізуші: Демек, болашақ жас ұрпақты адамгершілігі мол, иманды, өнегелі, өнерлі етіп тәрбиелеу - қазіргі отбасына үлкен міндет. Сонымен қазақ отбасында тәрбиенің негізі – ұлттық салт-дәстүрлер.
Топ жетекшісі: Тәрбие отбасынан басталады. Қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесі оң жолға қойылуы керек. Келешекте ұлттық салт-дәстүрлермен тәрбиеленген қыздар ел қорғайтын ұлтжанды жас ұрпақты тәрбиелей алатынына біз сенімдіміз.

















Табиғат – туған анамыз!

Мақсаты: Оқушылардың табиғат туралы білімдерін молайту, табиғатты қорғау әр адамның міндеті екенін ұғындыру, табиғатты қорғай алатын, аялай білетін, адамгершілігі мол, ізгілікті, экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақ тәрбиелеу.
Барысы:
Табиғат – адам.
Табиғаттың тынысы кең, тілі бай
Ауасының шәрбатын - ай, тұнығы - ай!
Бұлбұл болып сайрап кетсе, ал бірде
Адамдарша сөйлейді екен, күнім - ай!
Қазақ халқы ежелден табиғат тылсымын меңгере білген, оның ыстығына күйіп, суығына төзген. Ата – бабаларымыз арттарына табиғат жайлы әр түрлі өсиет сөздер, мақал - мәтелдер және тыйым сөздер қалдырып кеткен.
ІІ. Үй тапсырмасы.
Балалар, табиғат, жан - жануарларға арналған қандай мақал - мәтелдерді әзірлеп келдіңдер?
1. Сулы жер - нулы жер
2. Бұлақ көрсең көзін аш
3. Су жүрген жер – береке,
Ел жүрген жер – мереке.
4. Қыстағы қар, жаздағы жаңбыр жерге жауған нұр.
5. Аққу құссыз – көл жетім
Айтылмаған сөз жетім.
6. Бұлбұлға бау жақсы
Кекілікке тау жақсы.
7. Ауа - өмір тынысы.
8. Судың да сұрауы бар
9. Жер - қазына, су - гаухар.
Жарайсыңдар, мінекей табиғат туралы көптеген мақал - мәтел біледі екенсіңдер. Енді қандай тыйым сөздерді біледі екенбіз?

ІІІ. Тыйым сөздер.
Суға түкірме
Суды лайлама
Су ішетін құдыққа түкірме
Бұлақты былғама
Көкті жұлма
Орманды өртеме
Жалғыз ағашты кеспе
Құмырсқаның илеуін бұзба
Өрмекшіні өлтірме
Аққуды атпа
Құсқа аяз қатер емес, аштық қатер

IV. Жұмбақтар.
1. Қызығып әр адам,
Ұстап ап даладан.
Жүніңді жұлып ап,
Бесікке қадаған. Бұл қай құс? (үкі)

2. Қашаудай мықты тұмсығым,
Бәске тігем, бұл шыным.
Құрт - қоңыз, шыбын аулап жарысам,
Орман дәрігері болып табылам. (тоқылдақ)

3. Түсі қара мақпалдай
Төсі ақ сыр жаққандай.
Ұшса оқтай зулайды,
Көктен жұлдыз аққандай (қарлығаш)

4. Биікке салған ағаш үй
Сол ғой оның мекені
Жаздай сайран салып ап,
Қыста алыс кетеді. (қараторғай)
Қорытынды:
Адамдар табиғаттың сырына назар аударған, емдік қасиетін де байқап, олардың науқастарды емдеуге көп көмегі бар екеніне көңіл бөлген. Мысалы: борсық майы өкпе ауруына, иттің майы суық тигенде, құрбақаны ағауыз деп атайтын жараға ем ретінде қолданған.

Жер Ана мен өз анаң егіз екен,
Мейірімдері мейлінше теңіз екен.
Анам туды жер – Ана жетілдірді,
Осыны өзім өмірге негіз етем.









Тақырыбы: Ашу – дұшпан, ақыл - дос
Мақсаты:
- Ашуға ерік бермеу, ашуды ақылға жеңдіру, ойлана білу, адамгершілік құндылықтарының мән - мағынасын ашу;
Міндеті:
- Достар арасындағы рухани жақындықтың мәнін ұғындыру;
- Айнала қоршаған адамдарға тілеулес, ізгі ниеттерін дамыту;
- Жауапкершілікке, сезімталдыққа тәрбиелеу;
Көрнекілігі: интерактивті тақта, плакаттар, мақал - мәтелдер
Жоспары:
І. Кіріспе.
ІІ.”Сабыр түбі – сары алтын”көрініс.
ІІІ.”Ашуды жеңу” бейнебаян.
ІV. Мақал – мәтел.
V. Қорытынды.
І. Кіріспе
Ақыл – адам көрігі, ақылдың сабыр серігі. М. Әуезов
Адам пенде болғаннан соң көптеген өмірінде келеңсіздіктерге бой алдырады. Соның бірі, адамдар арасындағы жағымды қарым – қатынасқа, өкпе – реніш нұқсан келтіріп, өзара түсінбеушілік туғызады. Сол себепті өкпе, ренішке бой алдырмай адамдарға түсіністікпен, ізгілікпен, құрметпен қарау керек.
Өкпе, реніш адамның көңіл - күйіне, денсаулығына кері әсерін тигізеді. Айналаңа ылғи өкпелеп, ренішпен қарау, риза болмау, түрлі ауруларға шалдықтырады.
Кемшіліксіз адам болмайды. Білмегендіктен қателесу болады. Қателесу – кінәлі болу. Кінәсін мойындау әркімнің қолынан келе бермейді. Ал қатесін түсініп түзеу - ақылдылықтың, қайраттылықтың белгісі.
Іс - әрекеттің байыбына бара алатын, ұстамды, сабырлы, ақылды, жақсы мен жаманның арасын айра алатын, әрі іске дұрыс бағасын бере алатын адамды ақылды адам дейді.

Бойдағы ашуды жеңу үшін Данышпан атаның кеңесін жаттап аламыз
І. Ашу қысқан кезде өзіңді - өзің ұстай біл.
ІІ. Ашуланған кезде бірден онға дейін іштей сана.
ІІІ. Жақсы іс туралы ойла
ІV. Өзіңді ұстамды, сабырлы адаммын деп есепте.
VІ. Басқа адамды ренжітетініңді ойла.
VІІ. Соңынан өкінетініңді есіңе ал.
VІІІ. Ашуды ақылға жеңдір.
Көрініс:

І - топ “Ата ақылы”
ІІ - топ “Патшалар дауы”
Көріністен соң оқушылар болған жайттарды талқылайды. Ата ақылының баласына қаншалықты әсер еткені жөнінде және патшалардың не үшін ашуға ерік бергендігі жөнінде оқушылар сарапқа салады.

“Ашуды жеңу” бейнебаяны.
Тақтадан «Ананың көзі» бейнебаяны көрсетіледі, Бұл дүниеде мұқтаж жандардың олардың сонда да ашуланбай жүруінің себептері айтылады.

Мақал - мәтелдерді табу ойынының шарты: кесте берілген, онда адасқан сөздерді тауып, мақалдың мағынасын айту керек. Үлгі:
Қиялдайды
Ашу
Арындайды
Тыңдайды
1. Ашу – арындайды,
Ақыл аяңдайды
2. Ашу – пышақ, ақыл - таяқ
3. Ас тасыса - қатығы төгілер,
Ашу тасыса - ақылы төгілер
4. Жаманның ашуы - басы жерге тигенше,
Жақсының ашуы – шәйі орамал кепкенше
5. Ашу үстінде ант жүрмейді
6. Айырылмастай досыңа – қайырылмастай сөз айтпа
7. Ашу – дұшпан, ақыл - дос, ақылыңа ақыл қос.
8. Қайтып кірер есікті қатты жаппа
9. Сабын кірді ашады, сабырсыз сырды ашады.
10. Аюды жеңген – жарты ер, ашуды жеңген – бүтін ер

Қорытынды
Ойлағаныңыз тек оң болсын, өйткені ойлағандарыңыз - сөздеріңіз болады.
Сөздеріңіз тек оң болсын, өйткені сөздеріңіз - әрекетіңіз болады.
Әрекетіңіз тек оң болсын, өйткені әрекетіңіз - әдетіңіз болады.
Әдеттеріңіз тек оң болсын - өйткені әдетіңіз – құндылығыңыз болады.
Құндылығыңыз тек оң болсын - өйткені құндылығыңыз - тағдырыңыз болады.
Тәрбие сағатының соңында өз білімдерімен көзге түске топ марапатталады.








«Экология және біз»
Мақсаты
: білімділік – оқушылардың табиғат туралы білімдерін молайту, табиғатты қорғау әр адамның міндеті екенін ұғындыру;
дамытушылық – туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру;
тәрбиелік – табиғатты қорғай алатын, аялай білетін адамгершілігі мол, ізгілікті экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақ тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан картасы, глобус, суреттер, бейнетаспа.
Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім: Адам мен табиғат әрқашанда егіз. Табиғатты қорғаушың, асыраушың деуге болады. Ата-бабамыз «Жер – қазына, су – алтын, мал – байлық» деп өсиет айтып келгені тегін емес.
Бүгінгі көрсетілер жұмысымыз да табиғатты қорғауды жетілдіру мақсатында болып отыр.
1 – жүргізуші: Экология – бүкіл адамзат баласының шалыс басқан іс-әрекетіне келешекте шек қоятын, оның тыныс-тіршілігіне тікелей атсалысатын ғылымның жаңа саласы.

2 – жүргізуші: Табиғат, Жер Ана, Отан, Туған жер, Атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қасиетті, бір-бірімен мағыналық мазмұны бай сөздер. Табиғат пен Жер Ананы сүйе білу, оны аялау адамның азаматтық борышы.
1 – оқушы : Жер ана мен өз анаң егіз екен, 
Мейірімдері мейлінше теңіз екен.
Анам туды, жер ана жетілдірді, 
Осыны өзім өмірге негіз етем.
2 – оқушы: Жаратылыс жан ана
Қарық қып суға, ауаға
Топырағымен асырап, 
Сәулесін құйған санаға.
Көрініс көрсету.
1 – жүргізуші: Жер бетінде алашұбар дақтар көп. Адамзат баласының көз алдында таусылып, құрып бара жатқан Арал, Балқаш, Семей, Чернобыль қасіреті т.б. Соның бәрі адам қолымен салынған таңбалар. Алпысыншы жылдары кемерінен аса шалқыған қайран теңіз қазір құрдымға айналды. Арал тұрғындары арасында ауру-сырқау, өлім-жітім көбейді.

2 – жүргізуші: Өзіміз күнде көріп жүрген салақтық пен немкеттілік те табиғатты бүлдіреді екен. Саяхатқа шыққанда немесе демалып отырған жерге қалдыра салатын әр түрлі қалдықтар суды ластайды. Сөйтіп, табиғатты бүлдіретін өзіміз екенбіз.
Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Елді мекен маңындағы ағаштардың кесілуі, бұлақ көздері мен өзендердің ластануы, кейбір аңдар мен құстардың жойылуы бұл экологиялық мәселе.

1 – жүргізуші: Табиғат – бүкіл тіршілік атауының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өсіп-өнер мекені.
2 – жүргізуші: Табиғат – адамға қажет баға жетпес байлық, ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі сондықтан халқымыз «Табиғат – адамзаттың өмір нәрі, қажетінің табылар содан бәрі» деп дәріптеген. Табиғат – адам бойына адамгершілік абзал қасиеттерді қалыптастыратын ұлағатты ұстаз.
3 – оқушы: Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алу үшін ол міндетті түрде ештеңемен былғанып уланбауы тиіс. Адам өзінің де, табиғаттың да досы, санасыз іс-әрекет жасаса, жауы бола алады. Адам баласы табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге ең ұлы қамқоршысы екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.

4 – оқушы: Табиғаттың тарылтпайық мөлдір таза тынысың
Пәк табиғат әр жүректің тамылжыған жырысың
Ей, адамзат, ақылға сал, қатігездік жасама
Өзің дағы содан тудың, табиғаттың ұлысың.
5 – оқушы: Табиғат тынысы кең, тілі бай
Ауасының шәрбатын-ай, тұнығы-ай.
Бұлбұл болып сайрап кетсе, ал бірде
Адамдарша сөйлейді екен, күнім-ай!
6 – оқушы: Табиғат та әке болып еңіреп, 
Табиғат та ана болып жылаған.
Айта алмаймын қасиетін мүлде мен, 
Табиғаттан жаратылғам, гүлдегем.
1 – жүргізуші: Табиғат - әсемдіктің төркінісің
Ән саламын бір сенің көркің үшін
Бүкіл адам табынып бір өзіңе
Сенен алып тұрғандай бар тынысын - дегендей кезекті биге береміз.
7 – оқушы: Табиғатты қорғау үшін бәріміз
Күресейік, бір-бір ағаш егейік
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз
Таза ауа үшін терімізді төгейік.
8 – оқушы: Табиғаттың тынысы кең, тілі бай, 
Ауасының шәрбатын-ай, тұнығы-ай
Бұлбұл болып сайрап кетсе, ал бірде
Адамдарша сөйлейді екен, күнім-ай!
Табиғаттың құшағы кең шуақты
Көргенім жоқ оған теңдес қуатты
Күйіп-пісіп табиғат та кейде бір
Адамдарша күңіренетін сияқты.
9 – оқушы: Табиғатты тарих талай сынаған
Бірақ оған қаймықпаған, шыдаған
Табиғат та әке болып еңіреп
Табиғат та ана болып жылап
Айта алмаймын қасиетін мүлде мен, 
Табиғаттан жаратылғам, гүлдегем.

1 – жүргізуші: Табиғат адам бойына шабыт, көңіліне қуат, сезіміне сұлулық пен сағыныш ұялатады. Адам бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын мол тәрбие көзі.
2 – жүргізуші: Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақталғанда, адамзат баласы үшін
табиғат – кең сарай мәңгі тозбас құтты қоныс болатынын ешқашан ұмытпайық!
Мұғалім: «Таза болса, табиғат
Аман болар адамзат!» деген Ф. Оңғарсынованың сөзімен бүгінгі сыныптан тыс жұмысымызды аяқтаймыз.

Автор
Дата добавления 04.12.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров414
Номер материала ДВ-227117
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх