Описание презентации по отдельным слайдам:
Мақсаты Ауыспалы кезеңдегі тұлғаның жас және жеке ерекшеліктерін зерттеп, кездесетін психологиялық сәтсіздіктерін болдырмаудың жолын іздестіру Оқушылардың бастауыш буыннан орта буынға өту кезіндегі алғашқы сезімдерін, көңіл-күйін, сыныптың ұжымдастығын, оқушының сыныптағы орнын, пәнге, ұстазға бейімделу ерекшеліктерін анықтап талқылау
Баланың мектепке келген күнінен бастап кіші мектеп жасы басталады. Оқушылардың бастауыш буыннан орта буынға көшкен кезеңін бейімделу кезеңі дейміз.Өйткені олардың пән мұғалімдері өзгереді,жаңа пәндер қосылады,5-сынып бағдарламасы күрделене түседі. Орта мектепте оқыту жағдайлары түбегейлі өзгеріске ұшырайды.Балалар негізгі мұғалімнен сынып жетекші-пән мұғалімдері жүйесіне ауысады.Бір мұғалімнен әр түрлі талаптары,мінез-құлқы әрқилы қарым-қатынас стилі бар бірнеше мұғалімдерге ауысуы көп балалар үшін үлкеюдің сыртқы көрсеткіші болады. Балалар бастауыш сыныптан орта буынға өткенде оқушылардың үлгірімі төмен түсіп кетеді. Бастауышта тек бір мұғалімге ғана бір талапқа үйренген бала бірден бірнеше мұғалімнің талабына бірден жауап бере алмай қиналады. Әр пән мұғалімі әр түрлі психологиялық атмосфера туғызады, ал оқушы бірден осыған бейімделе алмайды.
Бастауыш сынып бітірген оқушы орта буынға өткенде психологиялық қиындық сезінеді. Бастауыш сынып оқушылары бір мұғалімнің жұмыс істеу әдісіне оның талаптарына үйренген.5-сыныпта оқушылардың бойында ортақ мәселелер пайда болады. Бұлар: -балалардың мінезі өзгереді; -тез шаршайды; -көңіл-күйлері бұзылады; -оқу үлгірімі төмендейді; -мазасыздық,қобалжу сезімдері жиілейді.
Бастауыш сыныпта мұғалім балаларға көптеген талап қояды.Егерде бұл жұмыс жоғарғы сыныптарда орындалмаса,онда оқу үлгірімі түсіп кетеді.Тағы тоқтала кететін жағдай жаңадан қосылған сабақтар.Бесінші сыныптың тапсырмалары өте күрделенген. Бір жаттығуды көптген тапсырмалар беріледі оқушылар кейде тапсырманы аяғына дейін оқымайды сол үшін олар екі алып жатады.
Осы 5-сыныпта жаңадан қосылған пәндер мен 4-сыныптағы пәндер бойынша білім сапасын анықтағанда мынадай көрсеткіш көрсетті. қазақ тілі - 62% орыс тілі -62% математика -48% дүниетану -71% бейнелеу-95% музыка-76% дене тәрбиесі -81% қазақ тілі – 53% орыс тілі -64% математика -52,9% жаратылыстану -64,7% бейнелеу-94% музыка-70,5% дене тәрбиесі -88% 4-сынып бойынша 5-сынып бойынша
5-сынып оқушыларымен жүргізілген жұмыстарым: Оқушылардың оқу пәндеріне деген қарым-қатынасы мен қызығушылығын зерттеуге арналған және оқушылардың қызығушылығы мен қоршаған атмосфераны анықтау сауалнамасы жүргізілді. Нәтижесін мына төмендегі диаграммалық көрсеткіштен көруге болады.
Сыныптың психологиялық ахуалын зерттеу Шкалалар: психологиялық ахуал:Эмоциялық, моральдық, іс-әрекеттік. Жүргізілу барысы: сынаққа түсушілерге 3 сұрақ беріледі. Сіздердің бір-бірлеріңіздің жетістіктеріңіз бен сәтсіздіктеріңіз үнемі толғандыра ма? Бір-бірлеріңізге сабақта үнемі көмектесесіздер ме? Оқушылардың барлығы сабаққа жауапкершілікпен қарай ма?
65 69 56 Х=(65+69+56)/3х16=190/48=3,9 3,5<3,9<4,5 Психологиялық ахуалдың көрсеткіші орташа -2 балл Рет саны Оқушылардың аты-жөні 1 сұрақ 2 сұрақ 3 сұрақ 1 2 3 4 5 1 2 3 4 5 1 2 3 4 5 1 ЖолаушыбайЖасұлан 2 Сәлімхан Дархан 3 Бекқали Наргүл 4 Сүйіндікова Әсемай 5 Құлажанова Ақниет 6 Андрей Назерке 7 Бекенов Дінмұханбет 8 БайқонысЕрнұр 9 Елубай Нұрхат 10 Жаңбырбай Шұғыла 11 Оспанов Жалғасбек 12 Сейіл Фариза 13 Бақытқали Асылхан 14 Ақылбай Қажымұрат 15 Оразалин Сабыржан 16 Шаймерден Дарынбек
Тапсырма: №5 Қонжықтың тапсырмасы -Оқушылар, бүгін бізге қонаққа кішкентай қонжығымыз келген. Қонжықтың тапсырмасы мынадай: әрбір оқушы өзінің қасындағы көршісіне сол қонжықты сыйлай отырып, бүгін сіз қандай жетістіктерге жеттіңіз және бүгін сіздің көңіл-күйіңіз қандай? Бүгін сіз не алдыңыз деген сұрақпен жалғастырады? Сөз тіркесін жалғастыру. «Бүгін мен ...»
Ата-аналарға нақты ұсыныстар Баланы мектептегі жұмыстарын әңгімелеуге шабыттандырыңыз. Сонымен қатар балаңыздан міндетті түрде сыныптастары, сыныптағы іс-шаралар, пәндер, пән мұғалімдері туралы көбірек сұраңыз. Үнемі мұғалімдермен кездесіп, балаңыздың үлгерімі, тәртібі, басқа балалармен қарым-қатынасы жөнінде біліп тұрыңыз.
Егер сіз балаңыздың мектептегі өмірі, оны мазалап жүрген нәрселер туралы білмейтін болсаңыз, ол жайында мұғалімдерден сұраудан еш қысылмаңыз. Егер үлгерімі нашарлап бара жатса, алаңдап, сынып және үй жұмыстарын мұқият орынауын талап етіңіз. Баланың үй тапсырмасын орындауға көмектесіңіз, бірақ бәрін жасап бермеңіз.
Номер материала: ДВ-484313
Не нашли то что искали?
Вам будут интересны эти курсы:
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное. |