Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Тема урока: Үй жануарлары

Тема урока: Үй жануарлары


библиотека
материалов

C:\Documents and Settings\Admin.MICROSOF-843F8A\Рабочий стол\рамки\0_87095_b5876fb5_XL_yapfiles.ru_yapfiles.ru.png

Оңтүстік Қазақстан облысы

Қазығұрт ауданы

Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-лицейі







Ашық сабақ


Тақырыбы: Үй жануарлары






Сынып жетекшісі: Тоққұлова Ж.

Сыныбы: 0 «В»






2016 жыл


Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары

Сабақтың мақсаты: Суреттер бойынша әңгіме құрауға үйрету. Жануарлардың өзгешіліктеріне қарай бір-бірімен салыстыра білу қабілетін, балалардың сөздік қорын үйрету. Үй жануарларының бізге тигізер пайдасын айту және оларды күтіп-баптауға қорғап қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Үй жануарларына байланысты тақпақ, мақал-мәтелдерді қайталай отырып, сұрақ-жауап арқылы тіл байлығын дамыту.

Сөздік жұмысы: құлын, бұзау, лақ, қозы, бота.

Әдіс тәсілдері: әңгімелеу, үй жануарлары туралы суретке қарап әңгіме құрату.

Қолданылатын көрнекіліктер: төрт түлік мал мен олардың төлдерінің суреттері.

Сабақтың барысы: Сабақ сурет арқылы әңгімелесуден басталады. Мұғалім тақтаға біздің өлкемізде өмір сүретін үй жануарларының суретін іледі.

-Балалар, сендер қандай үй жануарларын білесіңдер?

-Ия, дұрыс, қой, ешкі, сиыр, түйе, жылқы.

-Оларды неге үй жануарлары деп атайды?

-Себебі, олар үйде адамның көмегімен өсіріледі.

-Үй жануарлары адамға қандай пайда келтіріледі?

-Олардың етін жейміз, сүтін ішеміз, жүнінен жылы киімдер жасаймыз.

-Естерңіе түсіріңдерші, малдардың төлдерін не деп атайды?

-Ия, дұрыс, лақ, қозы, құлын, бота, бұзау.

-Үй жануарлары алғашқы кезде төлдерін қалай қоректендіреді?

-Ия, дұрыс, өдерінің сүтімен.

-Балалар, төлдерді қалай шақырады, білесіңдер ме?

Егер балалар жауап бермесе, мұғалім «Төлді қалай шақырады?» деген өлеңді оқып береді.



Төлді қалай шақырады?


Қой баласы қоңырым,

Қойдай жуас момыным.

Шолпан ата түлегі-

Қошақаным қайдасың?

Пұшайт, пұшайт!


Жауын жауса, бақырған,

Ешкі атасын шақырған

Өрісте өскен жануар,

Шөкетайым қайдасың?

Шөре, шөре!


Жолға шықсам, көлігім,

Жапанда жүрсем, серігім.

Қамбарата өсірген

Құлыным мекнің қайдасың?

Құрау, құрау!


Тілімен мұрнын жалаған,

Тілімен бойын тараған.

Көкке мұрнын шұйіріп,

Көз төңкеріп қараған,

Зеңгі баба өсірген

Әукешім менің қайдасың?

Аухау, аухау!


Екі көзі танадай,

Екі өркеші баладай,

Елпеңдеген ойнақтап,

Енесіне қарамай,

Ойсыл қара баласы,

Ботақаным қайдасың?

Көс, көс!




-Балалар, төлдерді қалай шақырады екен?

-Ия, дұрыс, қозыны пұшайт-пұшайт, лақты шөре-шөре, құлынды құрау-құрау, бұзауды аухау-аухау, ботаны көс-көс деп шақырады екен.

-Балалар, қошақан ненің төлі?

-Шопан ата өсірген қойдың төлі.

-Құлын ненің төлі?

-Қамбар ата өсірген жылқының төлі.

-Бұзау ненің төлі?

-Зеңгі баба өсірген сиырдың төлі.

-Бота ненің төлі?

-Ойсыл қара өсірген түйенің төлі.

Мұғалім үй жануарлары туралы суреттердің біреуі бойынша әңгіме құрауды ұсынады. Төрт баланы тақтаға шақырып, төрт төлдің рөлін таңдап алуды айтады. Одан соң мұғалім төлдерден сұрайды:

-Құлын бүгін сен қайда ойнадың?

-Мен далада шапқылап, енеммен жарыстым.

-Бұзау сен қайда болдың?

-Мен енеммен көк шалғында жайылдым.

-Лақ сен қайда бардың?

-Мен тастан-тасқа секірдім.

-Бота, сен қайда болдың?

-Мен енемнің өркешіне басымды қойып ұйықтадым.

Осы айтылған сөздерден балалар өздеріне ұнаған сөздерді: қатты, ақырын, сыбырлап айтып жаттығады.

Сабақ соңында «Қай жануардың төлі?» атты дидактикалық ойын ойнатуға болады.

Ойынның шарты: үй жануарларының төлдері ауыстырылып қойылды: жылқыға бота, қойға құлын, түйеге бұзау, сиырға қозы. Балалар қай жануардың төлі екендігін анықтайды. Анықтай алмаған бала мұғалімнің қойған шартын орындайды (төлдер туралы тақпақ, өлең айтады немесе төлдерджің қимылын жасап билейді.)

Кіп-кішкентай момақан

Қошақанды ұнатам.

Сүйеді апам «қозым» деп,

«Қошақаным - өзің» деп!


Шөре-шөре, лағым,

Тентек болма, шырағым!

Секеңдеме, деміңді ал,

Селтеңдемей құлағың.


Ботақаным-бөбегім

Қара көзің мөлдіреп,

Қызықтырмай қоймайды.

Жібек жүнің үлбіреп

Қарсам, көз тоймайды.


Әукім-әукім, әукешім!

Қасиыншы әукесін.

Енең, әне, келеді,

Ақ мамасын береді.


Құлыншағым-құндызым,

Құлдырайды, шабады.

Жылтылдаған жұлдызым,

Құстай қанат қағады.



«Төлдер» әні


Қошақаны қойдың,

Қайда қалып тойдың?

Бұлтиып тұр бүйірің,

Қай өрістен тойдың?


Секең-секең, ей лақ,

Жүрмін сағн кейіп-ақ.

Тыным тапсаң болмай ма?

Секірмей-ақ кей уақ.


Ботақаны нардың,

Жарға неге бардың?

Тілерсегің дірілдеп,

Секіре алмай қалдың.




Сергіту сәті:

Кендірмен байлама,

Жыңғылмен айдама.

Кендірмен байласаң,

Жыңғылмен айдайсың,

Мал бітеді деп ойлама.


Мұғалім сабақты қорытындылап, мадақтау, сыйлық беру арқылы оқушыларды ынталандырады.














C:\Temp\FineReader11\media\image6.jpegC:\Temp\FineReader11\media\image6.jpeg

C:\Temp\FineReader11\media\image6.jpeg

C:\Temp\FineReader11\media\image6.jpeg


C:\Temp\FineReader11\media\image6.jpegC:\Temp\FineReader11\media\image6.jpegC:\Temp\FineReader11\media\image6.jpegC:\Temp\FineReader11\media\image6.jpegC:\Temp\FineReader11\media\image6.jpeg

Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-562804

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG