Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Школьному психологу / Научные работы / Тема урока:"«Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен"

Тема урока:"«Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен"

  • Школьному психологу

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: «Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен.»

Мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу, оларды ішімдік, темекі, есірткі сияқты қоғамның кері келтіретін құбылыстары жөнінде мәлімет бере отырып, олардан бойын аулақтату.

Әдісі:Сұрақ-жауап, әңгімелеу, сахналық көрініс, анкеталық сұрақтар.

Сабақтыңбарысы:

Мұғалім:Сәлеметсіздерме! Сіздермен,  шын жүректен тәрбие сағатын бастауға қуаныштымын. Адамның өмірі тамаша, сәулетті көктем емеспе? Еліміздің әр бір адамы қалауынша өмір сүруге құқылы. Ал енді өмір туралы, денсаулық туралы ойланып көрейікші. Адам өмірі ғажайып нәрсе болғанымен, қасқағым сәтте үзіледі. Сол жіпті үзетіндерт- наша, темекі, арақ. Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі – адам денсаулығы. Адам өміріне қауіп төндіретін жағдайларға соғыс, ашаршылық, экологиялық жағдайлар және адам ағзасын азғындайтын зиянды әрекеттер жатады. Осы жағдайлар ішінде бізге түсінбеушілік тудыратын соңғысы, яғниадамағзасыназғындайтынзияндыәрекеттер.

    Бұлар қандай әрекеттер?

Бұлар: шылымқорлық, ішімдік, нашақорлықт.б. Бүгінгі тәрбие сағатында біз осы зиянды әрекеттер туралы әңгіме қозғап, солардан сақтану жолдарын қарастырамыз.

     Сынып оқушылары 3 топқа бөлінеді. 

І топ «Шылымқорлық»

Ұраны: «Темекіден түтін сорсаң улайсың, өзіңді-өзің жіпсіз байлап шырмайсың».

ІІ топ «Ішімдік»

Ұраны: «Болар бала кісілікке үйір, тозар бала ішімдікке үйір».

ІІІ топ «Нашақорлық»

Ұраны «Есірткіге жолама, жетелейді молаға».

Мұғалім:Топтарға сөз бермес бұрын, мен жас жеткіншектердің психологиялық сауаттылығына кері әсер ететін факторлар туралы айта кетейін.

     Олар: 1) Отбасындағы қолайсыз жағдай.

2) Отбасының материалдық жағдайының төмен болуы.

3) Мектептегіпәндерден үлгермеу.

4) Сабақтан тыс уақытта ата-аналар тарапынан бақылаудың жеткіліксіз болуы.

5) Заңды бұзу.

6) Бөгде біреудің қысым көрсетуі.

7) Теледидар бойынша көрсетілетін сапасыз жарнамалар және фильмдер.

     Ешқандай ата-ана баласының тәрбиесіз, бұзақы болғанын қаламайды. Жасжеткіншек шыбық секілді иілгіш, жел қайда соқса сол жаққа қарай бейімделеді. Бірақ жаман ідетке үйрену оңай. Енді осы зиянды әрекеттер туралы әңгіме жүргізейік.

І – топ «Шылымқорлық»

1-оқушы:Темекініңшығу тарихы – темекі Еуропа мен Азияға 15 ғасырда келген. Алғашқы кезде темекі тісауруына қарсы қолданылатын дәріретінде пайдаланылып жүрген. Ресейде темекі тарту дағдыға айналып, кең тек жайған мезгіл – Петр І патшалық еткен кез.

2-оқушы:Дүние жүзілік «Денсаулық сақтау» ұйымының мәліметі бойынша 2007 жылы темекінің зардабынан қайтыс болатындар саны 10 миллионға жетеді деген болжам бар. Темекінің шоғы 300 градусқа жеткенде оны сорған адамның аузының температурасы 60 градусқа дейін барады. Бұл ауыз, өңеш, кеңірдек, тыныс жолдары мен асқазан қабығының нәзік жасушаларын күйдіреді.

3-оқушы:Темекіден ауаға жылына 720 мың тонна күкірт қышқылы, 384 мың тонна аммиак, 180 мың тонна никотин, 660 мың тонна темек майы, 550 мың тоннадай иісті газ шығады.

4-оқушы:ЕртедеТүркиядатемекітартушылардыңқұлағын, мұрнынкесіп, қолыншауыптастаған. Англиядатемекітартатындардыдарғаасқан. Ал Швецияда 2000 жылданберіжасұрпақшылымшегудібілмейді.

Мұғалім:Қазіргі кезде республикамыздағы мектеп оқушылары арасында 13-15 жастағы оқушылардың 46 пайызы шылым шегеді. Бұл – өте өкінішті жағдай.

     Топ мүшелеріне қойылатын сұрақтар:

1. Не себептен балалар темекі шеге бастайды?

2. Адам күніне бір қорап темек шегетін болса, оның өкпесіне бір жылда қанша темекі қоры жиналады?

Мұғалім: Қазіргі кезде темекіден арылғандар саны көбейе түсуде. 31 мамыр – шылым қорлықпен күресудің халық аралық күні деп белгіленген.

ІІ - топ «Ішімдік»

1-оқушы:Маскүнемдік – алкоголь ішімдіктерін үнемі қолданудан және шектен тыс үйір болудан қанға сіңіп кететін дерт. Ағзаның бір қатар қызметін бұзатын және тереңдей беретін кесел. Алкоголь ішімдіктеріне құнығу жолдары:

1. Тұрмыс жағдайындағы маскүнемдік.

2. Бас жазу синдромы немесе үнем іішкісі келу.

3. Ішкенішімдік мөлшерін бақылауды жоғалту.

2-оқушы: Алкоголь ішімдіктеріне тым үйір адамның өмір ұзақтығы – халықтың орташа өмір ұзақтығымен салыстырғанда 15-20 жас кем. Баланың миының дамуының 40-60 пайыз артта қалу себебі ата-аналарының маскүнемдігі.

3-оқушы:Қазақстанда халықтың басым көпшілігі алкоголь ішімдктерін пайдаланады, оның ішінде балалар-7 %, жасөспірімдер-37 %, жастар-54,5 %. Бұл балалар мен жасөспірімдердің ата-аналарының біреуі не екеуі де маскүнемдікке салынған жандар екен анықталған.

1-оқушы: Кәпірғұрыпты бұзады, шарап шырықты бұзады.

2-оқушы: Әз әзіл қоздырады, арақ тоздырады.

3-оқушы: Жол жеті түнде, арақ тал түсте адастырады.

4-оқушы: Ішпесең-малын торысың,

                  Ішсең-елдің зорысың

                  Отбасының сорысың.

5-оқушы: Тазда бас бар, шашжоқ

                  Маскүнемде ауыз бар, бас жоқ.

6-оқушы: Арақ алдымен күлдіреді,

                  Күлдіріп отырып бүлдіреді.

Мұғалім:Маскүнемдікті дер кезінде тоқтатпасаң, айықпас дертке ұшырап өз өміріңе балта шабасың.

ІІІ – топ «Нашақорлық»

1-оқушы:Есірткі – бұл адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады. Нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге түседі.

2-оқушы:Есірткінің негізгі түрлеріне апиын, кокаин, көкнәр, марихуана жәнет.б. жатады. Барлығы да адамағзасы мен психикасына әсер етіп зақымдайды.

3-оқушы:Біздің елімізде ресми түрде 35 мыңға жуық нашақор наркологиялық диспансерде тұр, ал тіркелмегендердің саны одан әлде қайда көп. Қазірде Алматы қаласында нашақорлықтан емделетін диспансерлік орталықтар жұмыс істейді.

4-оқушы: 2000 жылы республикамыздың есірткі бизнесі аумағында 20 мыңға жуық қылмыс тіркелген. Барлығы 30 тоннаға жуық түрлі есірткілертәркіленген. 2002 жылдың 9 айында есірткі айналымына байланысты 14687 қылмыс тіркелді.

Мұғалім: Осы есірткі турасында дәрігер айтсын немесе заңсыз сатып алынсын мейлі, есірткі атаулының бәрі – у. Турасын айтқанда, бұл – өлімге апаратын бірден-біржол.

Слайдтан  зиянды заттар туралы көріністер көру.

«Жалғасын тап» ойыны.

1. Денсаулық – зорбайлық.

2. Ауырыпем іздегенше, ауырмаудыңжолынізде.

3. Шынықсаң – шымырболасың.

4. Ауруынжасырғанөледі.

5. Арақ – атаңныңасы емес.

6. Денісаудың – жанысау.

7. Ішіңауырса,аузыңдытый.

8. Емніңалды – еңбек.

9. Жарлыныңбайлығы – денініңсаулығы.

10. Темекі – жау.

Мұғалім: Енді осы зияндыәрекеттертуралы мына анкета сұрақтарына жауап беріңдер.

Анкета

1. Зиянды  әдеттердің  адам  денсаулығына  зияндыекенін  білесізбе?

А) иә                   

ә) жоқ                        

б) күмәнім бар

2. Сіззияндыәдеттергебейімсізбе?

А) жоқ                 

ә) көңілсізболғанда             

б) иә

3. Шылымның, ішімдіктің, есірткініңденсаулыққазиянекенінбілесізбе?

А) иә                    

ә) көпәсеріжоқдепойлаймын              

б) білмеймін

4. Бұлзаттардысатуғатыйым салу жастардың  қызығушылығын  азайтадыдегенге  сенесізбе?

А) иә                    

ә) жоқ                      

б) ішінара

5. Зияндыәдеттертуралы  мағлұматтардықайданаласыз?

А) Ақпарат  құралдарынан         

ә) жолдастарымнан         

б) ата-анамнан

«Денсаулыққабайланысты» өлеңжолдарынсұрапөту.

1-оқушы:

Денсаулықол-шыныққан

Барлықденеңмүшесі.

Денсаулықол-тыныққан

Жүйкетамыржүйесі.

2-оқушы:

Денсаулықол-күлуің

Көңіл-күйіңжадырай.

Денсаулықол-жүруің

Ешбіржеріңауырмай.

3-оқушы:

Ұрпақкерекертеңгі

Болашақтыболжайтын!

Дені таза, тәні таза,

Елін, жерінқорғайтын.

4-оқушы:

Есірткіжойылсын,

Ішімдікқұрысын:

Денісауұрпақтың

Ұрпағыкөбейсін!

5-оқушы:

Мәдениетөркендеп,

Табиғаткөркейіп,

Қазақтыңсымбатты

Ұл-қызы көбейсін!

«Денсаулық»сөзінің әрбір әрпін салауатты өмір салтын ашатын, сипаттайтын сөздермен, сөз тіркестерімен, сөйлемдермен өрнектейік.

Д – демалу

Е – еңбектену

Н – нашақорлыққажоламау

С – салауатты болу

А – алғырлық

У – уайымсызөмір

Л – лайықтыөмір

Ы – ынта

Қ – қозғалыс

Қорытынды.

Мұғалім:ЫбырайАлтынсарин: «Көңіліңді, бойыңдымөлдірбұлақтай таза ұста».Олайболса, балалар, бойғажелікбітіріп тек жамандыққабастайтынащысуданарылайық! Ішімдіктің, темекінің, есірткініңзардаптарынанболатынөзгерістердіңішіндегіеңелеулілері – адамныңақыл-ойы мен санамыздыңбұзылуынансақтанайық, жасұрпақ!  

 

























































2 Аманқарағай орта мектебі

2012-2013оқу жылы«Жастар есірткі мен темекіге қарсы» акциясы

Оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу, оларды ішімдік, темекі, есірткі сияқты қоғамның кері келтіретін құбылыстары жөнінде мәлімет бере отырып, олардан бойын аулақтату мақсатында«Жастар есірткі мен темекіге қарсы» акциясы ұйымдастырылды. «Дені сау ұрпақ-жарқын болашақ»тақырыптарында дөңгелек үстелдер мен пікірталастар ұйымдастырылды. Оқушылардан арнайы сауалнама сұрақтары алынды.F:\Фото0164.jpgF:\Фото0162.jpgF:\Фото0165.jpg

Еліміздің әрбір адамы қалауынша өмір сүруге құқылы. Ал енді өмір туралы, денсаулық туралы. Адам өмірі ғажайып нәрсе болғанымен, қас қағым сәтте үзіледі. Сол жіпті үзетін дерт- наша, темекі, арақ. Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі – адам денсаулығы. Адам өміріне қауіп төндіретін жағдайларға соғыс, ашаршылық, экологиялық жағдайлар және адам ағзасын азғындайтын зиянды әрекеттер жатады. Осы жағдайлар ішінде бізге түсінбеушілік тудыратын соңғысы, яғни адам ағзасын азғындайтын зиянды әрекеттер туралы сынып сағаттары мен «Салауатты өмір сүрейік» атты сыныптан тыс сабақ өтті.

«Уланбасын өмірің» тақырыбына

8-10 сынып оқушылары аралығы.(10 сұрақ бойынша)сауалнама алынды.

  1. 8 сынып Оқушылар саны:14

Жазғаны-10

  1. 10 сынып.Оқушылар саны:9

Жазғаны-9

Барлық оқушылар есірткілер туралы естіп білгені туралы жазды.Олар мұғалімдер мен қоршаған ортадан жиі еститінін айтты.Бірақ мектебімізді «қолданған»,болмаса «қолдануы мүмкін» деген балалар жоқ.8-10 сынып оқушылары нашақорлық пен есірткі қолданушылар туралы біледі.Мектепте «АҚТҚ және ЖҚТБ қатерлі дерт» тақырыбында сынып сағаттары өтті. «Мен есірткіге қарсымын»сурет көрмесі өтіп,мектеп медбикесі жаман әдеттер туралы лектори өткізді.Оқушыларға «Темекінің зияны» тақырыбына кинофильм көрсетілді.Олар оз ойларын ортаға салды.




Мектеп психологы:Әбілжанова А.Ш.






Автор
Дата добавления 25.02.2016
Раздел Школьному психологу
Подраздел Научные работы
Просмотров76
Номер материала ДВ-484717
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх