Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Рабочие программы / Тема урока: Әдептен озбайық
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Биология

Тема урока: Әдептен озбайық

библиотека
материалов

Өзін-өзі тану 6а сынып


Сабақтың тақырыбы: Әдептен озбайық. (слайд 1)

Сабақтың Мақсаты:

  1. Оқыту: Оқушыларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету;

  2. Дамыту: Оқушылардың этикалық қарым-қатынастарын дамытуға ықпал ету, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру;

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды ізетті, ілтипатты, сыпайы болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақтада слайдтар.

Сабақтың өту барысы:

І. Шаттық шеңбері. Әрқайсысы өз есімдерінің бас әрпіне сай келетін өз бойларындағы жағымды қасиеттерді атайсыңдар. Ол біреу немесе бірнеше болуы мүмкін. Ал, іске сәт, бастайық, балалар.

ІІ. Әңгімелесу. «Әдеп», «әдеп сақтау» сөздерінің мағыналарын ашу. Сөз мағыналарын талдауда синонимдік, антонимдік тәсілді қолдану. Мысалы: әдеп, тәртіп, өнеге, үлгілі, тәрбиелі;

Әдепті – әдепсіз

Тәртіпті – тәртіпсіз

Өнегелі – өнегесіз

Тәрбиелі – тәрбиесіз

  • Адамның әдептілігін қалай білуге болады?

  • Мінез-құлқынан, істеген ісінен, сөйлеген сөзінен, білімінен.

«Өнегелі істер» тақырыбы арқылы сюжетті суреттер көрсету (слайд 2). Әдептілік деген не? «Әдептілік» сөзін топтастыру.

  1. Амандасу.

  2. Қамқор болу.

  3. Көмектесу.

  4. Өзара сыйластық.

  5. Үлкенге іззет, кішіге құрмет.

  6. Ата-ананы сыйлау, қамқор болу.

  • «Әдептілік - әдемілік» дегенді қалай түсінесіңдер? (оқушылардың пікірін тыңдау).

ІІІ. Жаңа ақпаратпен танысу.

ІҮ. Мәтінмен жұмыс «Тістелген алма» (Ел аузынан) Оқушылар мәтінді оқып, сұрақтарға жауап береді.

Ү. Ойын «Бір-бірімізді мадақтаймыз». Ойынның шарты бойынша басқалардан жақсы сөз естіген адам оған да өз тарапынан жылы жауап қайтаруы тиіс. Көршісі сол айтылған жақсы сөздерді қабылдап, рахмет айтып, өзіне ұнайтын қасиеттерін мақұлдап ойынды жалғастырады.

ҮІ. Жағдаяттарды шешу.

1-жағдаят. Ұланға әке-шешесі жұмысқа кетерде:

  • Балам, біз жұмыстан келгенше сабағыңды оқып болған соң, үйдің

айналасын жинастыр, үйге су алып кел, - деп тапсырды. Ұлан сабағын оқып болған соң, үйге оның достары Айдын мен Дидар келіп, Ұланды футбол ойнауға шақырды. Ұлан әке-шешесінің тапсырмасын орындарын немесе достарының көңілінен шығу керек екенін білмей дал болды.

  • Сендер Ұланның орнында болсаңдар не істер едіңдер?

2-жағдаят. Жаңыл өзінің інісі Ернармен үйдің ауласында ойнап жүрді. Екеуінің тұсынан көрші үйдегі Гүлнардың анасы дүкеннен келе жатыр еді, Ернар:

  • Гүлнар бізбен ойнасын, шақырып жіберші, - деді. Жаңыл інісінің сөзіне

ұялып қалып, Ернарға әлденені түсіндіре бастады.

  • Жаңыл інісіне не туралы айтты деп ойлайсыңдар?

  • Ернардың орнында болсаңдар не істер едіңдер?

Оқулықтағы Ы. Алтынсариннің «Әдеп» деген әңгімесін оқып, бүгінгі өмірмен байланыстырып, қорытынды жасау.

ҮІІ. «Әдептілік» туралы мақал-мәтелдер.

ҮІІІ. Тыныштық сәті.

Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп,

ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

  • Ой, балалар, жерде жапырақтар шашылып жатыр ғой! Мына жапырақтарда не жазылып тұр екен?

  • Өтірік сөздер жазылыпты. Егер өтірік сөздер болса, мына дорбаға салайық та, дорбаның ауызын буып, алысқа лақтырып жіберейік.

ІХ. «Әдептілік сезімі». (слайд 3)

Әдептілік сезімі дегеніміз – өзіңді әр түрлі жағдайда эстетикалық талаптарға сай ұстай білу. Шын жүректен шыққан әдептілік сезімі өзге біреудің жанын жараламауды, адамға қуаныш әкеле алатынның бәрін түсінуді және басқа біреудің уайым-қайғысына ортақтаса білуді талап етеді. Әдепті адам ыңғайсыздық тудыратын жағдайды болдырмауға тырысады. Әдептілік үшін көп тәрбие қажет. Әдептілік сезіміңді жетілдіру үшін өзіңді үнемі ойша басқа адамның орнына қоюың керек.

Әдептілік адамның қоғамға, басқа адамға қиянаттан бой тартуын талап етеді. Сондай-ақ адам бойында ең алдымен өзін-өзі сын көзбен қарай алу дағдысы дамуы керек.

Шәмша Беркімбаева.


Х. Дәйексөз. (слайд 4)

«Адамда жақсы қасиет болмаса, оған бақ та, бақыт та қонбайды»

Ж. Баласағұни.


ХІ. Үйге тапсырма беру. Адамның жақсы қасиеттерінің тізбегін жазыңдар. Олардың антонимдерін табыңдар.


ХІІ. Жүректен жүрекке.

А. Асылбековтың «Мен әдепті баламын» өлеңін хормен айту.












Краткое описание документа:

Өзін-өзі тану   6а сынып

 

Сабақтың тақырыбы: Әдептен озбайық. (слайд 1)

Сабақтың Мақсаты:

1.    Оқыту: Оқушыларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету;

2.    Дамыту: Оқушылардың этикалық қарым-қатынастарын дамытуға ықпал ету, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру;

3.    Тәрбиелік: Оқушыларды ізетті, ілтипатты, сыпайы болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақтада слайдтар.

Сабақтың өту барысы:

І. Шаттық шеңбері. Әрқайсысы өз есімдерінің бас әрпіне сай келетін өз бойларындағы жағымды қасиеттерді атайсыңдар. Ол біреу немесе бірнеше болуы мүмкін. Ал, іске сәт, бастайық, балалар.

ІІ. Әңгімелесу. «Әдеп»,  «әдеп сақтау» сөздерінің мағыналарын ашу. Сөз мағыналарын талдауда синонимдік, антонимдік тәсілді қолдану. Мысалы: әдеп, тәртіп, өнеге, үлгілі, тәрбиелі;

Әдепті – әдепсіз

Тәртіпті – тәртіпсіз

Өнегелі – өнегесіз

Тәрбиелі – тәрбиесіз

-         Адамның әдептілігін қалай білуге болады?

-         Мінез-құлқынан, істеген ісінен, сөйлеген сөзінен, білімінен.

«Өнегелі істер» тақырыбы арқылы сюжетті суреттер көрсету (слайд 2). Әдептілік деген не? «Әдептілік» сөзін топтастыру.

1.     Амандасу.

2.     Қамқор болу.

3.     Көмектесу.

4.     Өзара сыйластық.

5.     Үлкенге іззет, кішіге құрмет.

6.     Ата-ананы сыйлау, қамқор болу.

-         «Әдептілік - әдемілік» дегенді қалай түсінесіңдер? (оқушылардың пікірін тыңдау).

ІІІ. Жаңа ақпаратпен танысу.

ІҮ. Мәтінмен жұмыс «Тістелген алма»  (Ел аузынан) Оқушылар мәтінді оқып, сұрақтарға жауап береді.

Ү. Ойын «Бір-бірімізді мадақтаймыз». Ойынның шарты бойынша басқалардан жақсы сөз естіген адам оған да өз тарапынан жылы жауап қайтаруы тиіс. Көршісі сол айтылған жақсы сөздерді қабылдап, рахмет айтып, өзіне ұнайтын қасиеттерін мақұлдап ойынды жалғастырады.

ҮІ. Жағдаяттарды шешу.

1-жағдаят. Ұланға әке-шешесі жұмысқа кетерде:

-         Балам, біз жұмыстан келгенше сабағыңды оқып болған соң, үйдің

айналасын жинастыр, үйге су алып кел, - деп тапсырды. Ұлан сабағын оқып болған соң, үйге оның достары Айдын мен Дидар келіп, Ұланды футбол ойнауға шақырды. Ұлан әке-шешесінің тапсырмасын орындарын немесе достарының көңілінен шығу керек екенін білмей дал болды.

·        Сендер Ұланның орнында болсаңдар не істер едіңдер?

2-жағдаят.  Жаңыл өзінің інісі Ернармен үйдің ауласында ойнап жүрді. Екеуінің тұсынан көрші үйдегі Гүлнардың анасы дүкеннен келе жатыр еді, Ернар:

-         Гүлнар бізбен ойнасын, шақырып жіберші, - деді. Жаңыл інісінің сөзіне

ұялып қалып, Ернарға әлденені түсіндіре бастады.

·        Жаңыл інісіне не туралы айтты деп ойлайсыңдар?

·        Ернардың орнында болсаңдар не істер едіңдер?

Оқулықтағы Ы. Алтынсариннің «Әдеп» деген әңгімесін оқып, бүгінгі өмірмен байланыстырып, қорытынды жасау.

ҮІІ. «Әдептілік» туралы мақал-мәтелдер.

ҮІІІ. Тыныштық сәті.

Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп,

ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

-         Ой, балалар, жерде жапырақтар шашылып жатыр ғой! Мына жапырақтарда не жазылып тұр екен?

-         Өтірік сөздер жазылыпты. Егер өтірік сөздер болса, мына дорбаға салайық та, дорбаның ауызын буып, алысқа лақтырып жіберейік.

ІХ. «Әдептілік сезімі». (слайд 3)

       Әдептілік сезімі дегеніміз – өзіңді әр түрлі жағдайда эстетикалық талаптарға сай ұстай білу. Шын жүректен шыққан әдептілік сезімі өзге біреудің жанын жараламауды, адамға қуаныш әкеле алатынның бәрін түсінуді және басқа біреудің уайым-қайғысына ортақтаса білуді талап етеді. Әдепті адам ыңғайсыздық тудыратын жағдайды болдырмауға тырысады. Әдептілік үшін көп тәрбие қажет. Әдептілік сезіміңді жетілдіру үшін өзіңді үнемі ойша басқа адамның орнына қоюың керек.

       Әдептілік адамның қоғамға, басқа адамға қиянаттан бой тартуын талап етеді. Сондай-ақ адам бойында ең алдымен өзін-өзі сын көзбен қарай алу дағдысы дамуы керек.

Шәмша Беркімбаева.

 

Х. Дәйексөз. (слайд 4)

«Адамда жақсы қасиет болмаса, оған бақ та, бақыт та қонбайды»

                                                                                                      Ж. Баласағұни.

 

ХІ. Үйге тапсырма беру. Адамның жақсы қасиеттерінің тізбегін жазыңдар. Олардың антонимдерін табыңдар.

 

ХІІ. Жүректен жүрекке.

А. Асылбековтың «Мен әдепті баламын» өлеңін хормен айту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       

Автор
Дата добавления 03.04.2015
Раздел Биология
Подраздел Рабочие программы
Просмотров695
Номер материала 472234
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх