1116324
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 1.410 руб.;
- курсы повышения квалификации от 430 руб.
Московские документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ ДО 90%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО до конца апреля!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности №038767 выдана ООО "Столичный учебный центр", г.Москва)

ИнфоурокДругоеРабочие программыТема урока "Қысқы көңілді ойындар"

Тема урока "Қысқы көңілді ойындар"

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

Отбасы маңызы - баланың тәрбиеленуі

Қазіргі заманда оқыту мен тәрбиенің табысты болуы ата - аналардың тәжірбиесіне кәсіби шеберлігіне, мәдениетіне, ынтымақтастығына, отбасында бір-бірін түсінушілігіне өзара қарым-қатынасына, көз қарастары мен мақсаттарының бірлігіне байланысты.Қазақ халқы өз ұрпағын инабаттылыққа, ата-бабаларымыздың тарих дәстүрлерімен бірге жасасып келген имандылық қасиеттерге тәрбиеленген. Осы сияқты жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, бала бойына егу- ата-ананың борышы.

Қазақ отбасы, атап айтсақ, әке мен ана өз балаларың керек десе немерелерін тәрбиелеуде бар бар күш қуаттың бүкіл өмірін сарап еткен адамдар. «Баламды жанымдай көремін, баламның баласын балымдай көремін» деген нақыл сөздер босқа айтылмаған.

Баланы жастайынан кәсіптік жұмысқа үйрету ата-аналардың мақсатты ісі болған. Ал ата-бабаларымыздың өзінің ұрпағына тәлім-тәрбиені, өмірлік кәсіпті кітап бойынша емес, өмір тәжірбесіне сүйене отырып үйреткен. Тәрбие-тұрмысты ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі өнеге көрсетуінде.Отбасындағы бала тәрбиесі халық өмірінен, қоғамның мақсат-міндеттерімен байланысты болуы керек.

Тәрбиелі отбасынан тәрбиелі ұрпақ тарайды. «Адам тәрбиелеу, өзінің туған ұлы мен қызын тәрбиелеу – азаматтың ең бірінші аса маңызды қоғамдық қызметі, оның азаматтық борышы» деп В.А. Сухомлинский айтқандай, бала тәрбиесі отбасынан басталатынын ата-ана әр дайым жадында ұстауы тиіс.Баланың жақсылығында, жамандығында. Жемісі мен жеңісінде көретін ата-анасы!

Бижанов ауылы «Күншуақ» балабақшасы

Тәрбиеші: М.С. Хамраева

«Айналайын анашым»

Залдың іші мерекеге арнайы безендірілген. Шарылар, жалаушалар ілінген. Қызғалдақ гүлдері арнайы құмыраларға салынған. Көңілді әуен орындалып, мерекенің сәнін кіргізіп тұр.

Жүргізуші: Қайырлы күн, ақ жаулықты әжелер, аяулы аналар! Қымбатты ұжыммен, балалар.Баршаңызды көктемнің алғашқы күні, 8-наурыз әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.Сіздерді «Айналайын анашым» атты ертеңгілігімізді тамашалауға шақырымыз.

Жүргізуші: Көктем келді қуантып,

Шаттыққа бөленіп,

Ал, балалар келіңдер,

Аналарға ардақтап,

Тақпақтар айтайық

І бала: Мені жақсы көреді,

Күндей күліп келеді.

Көп ертегі біледі,

Маған айтып береді.

ІІ бала: Ана деген көп шығар,

Менің анамдай жоқ шығар.

Мейірімді бұл кісі,

Қандай ғажап күлкісі.

Жүргізуші: Ал, балалар көптен күткен көктем мерекесі бізге қонаққа келді.(Шаттана Көктем жүгіріп топқа кіреді).

Көктем: Сәлеметсіңдер ме балалар!Қонақтар! Сіздерді бүгінгі 8-наурыз мерекесімен құттықтаймын.







Жүргізуші: Ару көктем, сұлу көркем

Жақсы болды келгенің

Сеніменен өтеді,

Бұл мереке көңілді.

Көктем: Ақ қар еріп, су көбейіп,

Сай-салаға қашады.

Ағаш басы бұршік жарып,

Гүл бәйшешек ашады

Балалар айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

Балалар: Көктемде.

Жүргізуші: Көктем келді бар ағаш.

Жасылданып жыр шертті.

Қараторғай ұшып кеп,

Қанатымен нұр септі.

Құс: Сәлеметсіздер ме, балалар, қонақтар! Алғашқы көктем мерекесі құтты болсын!

Жүргіжуші: Балалар, көктем жалғыз келмепті, ол өз досын алып келді.

Көктем: Иә, балалар менің досым өз өнерін көрсеткілі келді

Би: «Құстар»

Көктем: Балалар, бірінші наурыздан бастап көктем келді, жылғаларға су толды.Құстар ұшып келе бастайды.Сонымен қатар 8-наурыз аналар мерекесі келді.Аналарымызға арнап ән салып берейік.

Ән: «Анашым»

Көктем: Балалар менде сендерге құр келмедім,мен өз ойынымды ала келдім.

Ойын: «Бәйшешек жинау»

Жүргізуші: Ана біздің күніміз,

Ананың біз гүліміз.

Бар баланы қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.

Балалар, қане кім аналар туралы мақал-мәтелдер біледі екен?

ІІІ бала: Күнің шуағы жылы,

Ананың құшағы жылы.

ІҮ бала : «А» дегенің - ана ғой ,

Ана дегенің дана ғой.

Көктем: Жарайсыңдар, балалар ән айтуды, би бийлеуді жақсы білесіңдер екен. Біздің де достарымыз бен аналарды, қыздарды, қонақтарды құттықтағымыз келеді.

Құттықтау: Би.( Искандер, Арзигуль)

Жүргізуші: Балалар бүгін тек қана аналардың мерекесі емес, әжелердің де мерекесі. Әжелерімізге арнап ән айтып берейік.

Ән: «Ақ әжем».

Жүргізуші: Құрметті әжелер, аналар, балабақша ұжымы біз бәріміз сіздерге ұзақ өмір тілейміз.Осымен біздің «Айналайын анашым» атты ертеңгілігіміз аяқталды.





Бижанов ауылы «Күншуақ» балабақшасы

Тәрбиеші: М.С. Хамраева





Тақырыбы: Қысқы көңілді ойындар

Мақсаты:Балаларды қысқы ойындарды әңгімелеп айтуға баулу.Табиғат көрінісін сипаттап, қызықтарын әңгімелету арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Бір-біріне қамқор болуға, ұйымшылдықпен ойнауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері:.Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.

Көрнекліктер:Қыс мезгілінің, қыс ойындарының суреттері..

Сабақтың барысы:- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

  • Қыс.

  • Қыста не жауады?

  • Қар жауады.Қыста ауа райы қандай?

  • Суық.

  • Дала қатты суық күні далада ойнауға болама?

  • Иә, балалар болады. Себебі, суықтан қорықпау керек.

  • Қандай қысқы ойындар білесіңдер?

  • Аққала соғамыз, сырғанаймыз,шаңғы, шана, коньки тебеміз. Хоккей ойнаймыз.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар.Қарлы боранымен, сиқырлаған аязымен қыс келді.Бірақ біз қыстан қорқпаймыз, денемізді шаңдаймыз, жылы киінеміз.Сырғанақ ойнап,ақ қала жасаймыз.

Суретпен жұмыс:Балаларға қысқы ойындардың суреттерін көрсетіп, түсіндіру.

Ғажайып сәт:Қоян қонаққа келеді.

Қоян: Сәлеметсіңдер ме балалар.

Тәрбиеші: Сәлеметсің бе, қоян. Сен қайдан кележатырсың?

Қоян: Мен балалармен ойнауға асықып кележатырмын. Балалар сендер менмен ойнайсыңдарма?

Балалар: - Иә, ойнаймыз.

Қоян: Ондай болса, «Қар лақтыру» ойынын ойнайық.

Ойын: «Қар лақтыру». Ойынның шарты,балалар екі топқа бөлінеді. Бір- біріне қар лақтырады.

Тәрбиеші: Ал, балалар біз ойын ойнадық, енді кім тақпақ айтып береді?



І-бала Апақ күміс бар әлем,

Зымыраймыз шанамен.

Тоғайлар тон киеді,

Аяз беттен сүйеді.

ІІ-бала Қандай суық қыс деген,

Қалтырайды құс деген.

Құлақшыңды киймесең,

Құлағыңды тістеген.

ІІІ-бала Қырау қатып жағаға,

Аяз беттен өбеді.

Бірі мініп шанаға

Бірі шаңғы тебеді.

Сергіту сәтті: Қыздырайық денені

Кел балалар, кел бері.

Қыздырайық денені,

Орнымызда тұрып ақ

Жүгірейік бір уақ,1,2,3 (Орындарында тұрып жүгіреді)

1,2,3 Аяқты алға созайық, тік көтеріп қозғайық.

Ұжымдық жұмыс: Балалар қиып дайындалған аққаланың денелерін тақтаға орналастырады.

Қоян мен қоштасу

Сұрақ-жауап. – Балалар қандай қысқы ойындар бар екен?

-Қыстың күні ауа райы қандай екен?

Қорытынды: Балалар қысқы ойындар туралы сабақ барысында алған білімдерін ортаға салады.Қыс ерекшілігі туралы балалардың жауаптарын жинақтап, толықтырып,қорытындылау.







Бижанов ауылы «Күншуақ» балабақшасы

Тәрбиеші: М.С. Хамраева



























Тақырыбы: Тәуелсіздік тұғырым

Мақсаты:Балаларға Қазақстан Республикасының елбасы,рәміздері,туралы түсінік беру.

Балаларды Отанның сүйе білуге тәрбиелеу.Сөздік қорларын байыту.Білімдерін толықтыру.

Әдіс-тәсілдері:.Гимн,сұрақ-жауап,түсіндіру, әңгімелесу, сергіту сәтті,жылулық шеңбер,мақал-мәтелдер.

Көрнекліктер:Елбасының суреті,Рәміздер, тақырыптық суреттер.

Сабақтың барысы:Балалар еліміздің гимннан бастайды.Балалар бәрі бірге гимнні айтады.Балалар бір-бірімен амандасады, жылы сөздер айтады.

Жылулық шеңбер.Елімізде тыныштық болсын!

Аспанымыз ашық болсын!

. Күніміз жарық болсын!

Бәріміз дос болайық!

Деніміз сау болсын!

Тәрбиеші: Балалар, бүгін біз өзіміздің Отанымыз Қазақстан туралы, туған жеріміз, елбасы туралы үлгілі тәрбие сағатымызды бастаймыз.

«Отан қуат, отбасы шуақ» дегендей Отан отбасынан басталады. Отан- ол адамның туып өскен жері, халқы.

-Балалар біздің елімізге, кең байтақ жерімізге жетер еш жер жоқ. Тәуелсіздік күні 1991ж 16 желтоқсан күні қазақ халқының ұлттық тарихына алтын әріппен жазылды. Бұл күн сөнген шырақтың жанған күні.

Суретпен жұмыс:Біздің Отанымыз Қазақстан,Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.Рәміздеріміз – Гимн, Ту, Елтаңба. Астанамыз –Астана қаласы.

Ойын: «Ұшақ»,бәріміз ұшақа отырып бас қаламыз Астанаға ұшамыз.

Тәрбиеші: Балалар, қане кім біледі? отан туралы тақпақтар.

І бала: Отан менің ата-анам,

Отан досым баурым,

Отан өлкем астанам,

Отан туған ауылым.

ІІ бала: Алтын күн нұр шашқан,

Әлемге танылған,

Тәуелсіз Қазақстан.

ІІІ бала: Тату тәтті тұрамыз,

Бірге ішеміз астыда,

Бірге сайран құрамыз.

Сергіту сәтті: Орнымыздан тұрамыз,

Қолымызды жаямыз.

Құстарға ұқсап,

Ұшып-ұшып аламыз

Сұрақ-жауап. –Балалар біздің президентіміз кім?

-Біздің отанымыз қалай аталады?

Қорытынды: «Отан оттан да ыстық», отанды қорғайтын сендерсіңдер, осы кең байтақ, байлығы мол отанымызда бақытты болыңдар.



Бижанов ауылы «Күншуақ» балабақшасы

Тәрбиеші: М.С. Хамраева

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту:

Тақырыбы: Қоян, қонжық

Мақсаты:Балаларды аю мен қоянның балаларымен, олардың сыртқы түрлерімен таныстыру. Суреттер арқылы 2-3 сөзден тұратын сөйлем құрату арқылы ауызекі сөйлеулерін дамыту. Жануарларға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Көрнекліктер: қоян көжегімен, аю қонжығымен бейнеленген суреттер, ойыншықтар.

Сөздік жұмыс: жұмсақ, қатты.

Сабақтың барысы: Амандасу.

Шаттық шеңбер: -Бір-бірімізге қарап,жақсы сөздер айтайық. «Күніміз жарқын, әдемі, ашық, қуанышты болсын!».

Тәрбиеші топта қандай ойыншықтар бар екен деп, ойыншықтарды қарауға ұсыныс жасайды.Балалар ойыншықтарды қарап, аттарын атайды. Қандай ойыншықтар жұмсақ, қандай ойыншықтар қатты екенін ажыратады. Жұмсақ ойыншықтарды бір бөлек, қатты ойыншықтарды бір бөлек қояды.

Балалар міне біз ойыншықтарды жұмсақ және қатты деп екіге бөлдік.

Бүгін біз балалар осы жұмсақ ойыншықтардың ішінде қоян және қонжықпен танысамыз.

Мынау қоянның баласы көжек. Құлағы ұзын, түсі ақ. Ол секіріп жүреді,көжек сәбіз жегенді ұнатады.

Мынау аюдің баласы қонжық. Ол балды жақсы көреді. Қонжықтың түсі қоңыр. Ол қорбаңдап жүреді.

Ғажайып сәт:Балалар, біреу есікті тақылдатып жатыр,қарап көрейік бұл кім екен? Ой, балалар қараңдаршы бізге қонаққа көжек пен қонжықтың өздері келіпті.

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Қош келдіңдер көжек пен қонжық.

Балалар қараңдаршы қоянның түсі қандай екен? –Ақ.

Ал, құлағышы?- ұзын. Ол қалай жүреді?-секіріп.

Қонжықтың түсі қандай? –қоңыр. Ол нені жақсы көреді? –балды.

Жұмбақ жасыру:

Қонжық: балалар мен сендерге жұмбақ айтайын сендер жасырып көріңдер.

Құлақтары қазықтай,

Секендейді жалықпай. Бұл не? – Қоян

Тәтті көрсе бас алар,

Айнымайды баладан.

Үп-үлкен боп жасқанар,

Кіп-кішкентай арадан. Бұл не? –Аю.

Сергіту сәті: Ақ қоян-ау, ақ қоян,

Бетіңді жу,

Қолыңды сүрт

Айнаға қарап,

Шашыңды тарашы,

Киіміңді киіп,

Балабақшаға қарай жүрші,

Орныңда отырып,

Тамағыңды іш.

Суретпен жұмыс: Балалар, біз қонақтарымыз бен бірге көжек пен қонжықтың суреттерін салып, жапсырайық.

Екі топқа бөлініп отырайық. Бірінші топ қоянның суретін салады, екінші топ қонжықтың суретін жапсырады.

Көжек: Жарайсыңдар балалар! Сендер суретті керемет салдыңдар.

Біз бүгін қонжық екеуміз, сендерге ойын алып келдік, бізбен бірге ойнайсыңдарма?

-Иә, біз ойын ойнағанды ұнатамыз.

Онда ойынның шарты мынандай: Ойыншықтарды қатар-қатар тізіп қоямын сендер көздеріңді жұмасыңдар,осы кезде мен бір ойыншықты тығып қоям сендер қандай ойыншық жоқ екенін табасыңдар.

Ойын қызығушылықпен ойналады, бір неше рет.

Көжек және қонжықпен қоштасу.

Қорытынды:Балалар біз бүгін кіммен таныстық? Балалар мынау не? –Көжек. Түсі қандай екен? –ақ.Көжек кімдің баласы?-қоянның

Мынау кімдің баласы? –Аюдің. Оның түсі қандай?–қоңыр.

Бұлар қандай ойыншықтар? – жұмсақ.

Балалар қонжық тәттіні жақсы көреді иә, ол сендерге де тәттілер алып келіпті.

Назарларыңызға рахмет, осымен біздің бүгінгі сабағымыз аяқталды. Бижанов ауылы «Күншуақ» балабақшасы Тәрбиеші: М.С. Хамраева









Краткое описание документа:

Тақырыбы: Қысқы көңілді ойындар

Мақсаты:Балаларды қысқы ойындарды әңгімелеп айтуға баулу.Табиғат көрінісін сипаттап, қызықтарын әңгімелету арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Бір-біріне қамқор болуға, ұйымшылдықпен ойнауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері:.Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.

Көрнекліктер:Қыс мезгілінің, қыс ойындарының суреттері..

 Сабақтың  барысы:- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-         Қыс.

-         Қыста не жауады?

-         Қар жауады.Қыста ауа райы қандай?

-         Суық.

-         Дала қатты суық күні  далада ойнауға болама?

-         Иә, балалар болады. Себебі, суықтан қорықпау керек.

-         Қандай қысқы ойындар білесіңдер?

-         Аққала соғамыз, сырғанаймыз,шаңғы, шана, коньки тебеміз. Хоккей ойнаймыз.

 Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар.Қарлы боранымен, сиқырлаған аязымен қыс келді.Бірақ біз қыстан қорқпаймыз, денемізді шаңдаймыз, жылы киінеміз.Сырғанақ ойнап,ақ қала жасаймыз.

Суретпен жұмыс:Балаларға қысқы ойындардың суреттерін көрсетіп, түсіндіру.

Ғажайып сәт:Қоян қонаққа келеді.

Қоян: Сәлеметсіңдер ме балалар.

Тәрбиеші: Сәлеметсің бе, қоян. Сен қайдан кележатырсың?

Қоян: Мен балалармен ойнауға асықып кележатырмын.  Балалар сендер менмен ойнайсыңдарма?

Балалар: - Иә, ойнаймыз.

Қоян: Ондай болса, «Қар лақтыру» ойынын ойнайық.

Ойын: «Қар лақтыру». Ойынның шарты,балалар екі топқа бөлінеді. Бір-   біріне қар лақтырады.

Тәрбиеші: Ал, балалар біз ойын ойнадық, енді кім тақпақ айтып береді?

 

І-бала Апақ күміс бар әлем,                             

             Зымыраймыз шанамен.

             Тоғайлар тон киеді,

             Аяз беттен сүйеді.                

ІІ-бала Қандай суық қыс деген,

                 Қалтырайды құс деген.

                 Құлақшыңды киймесең,

                 Құлағыңды тістеген.        

ІІІ-бала Қырау қатып жағаға,

               Аяз беттен өбеді.

               Бірі мініп шанаға

               Бірі шаңғы тебеді.  

Сергіту сәтті: Қыздырайық денені

                         Кел балалар, кел бері.

                        Қыздырайық денені,

                       Орнымызда тұрып ақ

Жүгірейік бір уақ,1,2,3 (Орындарында тұрып жүгіреді)

1,2,3 Аяқты алға созайық, тік көтеріп қозғайық.

Ұжымдық жұмыс: Балалар қиып дайындалған аққаланың денелерін тақтаға орналастырады.

Қоян мен қоштасу

Сұрақ-жауап. – Балалар қандай қысқы ойындар бар екен?

    -Қыстың күні ауа райы қандай екен?        

Қорытынды: Балалар қысқы ойындар туралы сабақ барысында алған білімдерін ортаға салады.Қыс ерекшілігі туралы балалардың жауаптарын жинақтап, толықтырып,қорытындылау.                                                                   

 

 

 

                                        Бижанов ауылы   «Күншуақ» балабақшасы

 

                                                            Тәрбиеші: М.С. Хамраева

Общая информация

Номер материала: 485021

Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Управление персоналом и оформление трудовых отношений»
Курс повышения квалификации «Формирование компетенций межкультурной коммуникации в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Введение в сетевые технологии»
Курс повышения квалификации «История и философия науки в условиях реализации ФГОС ВО»
Курс повышения квалификации «Управление финансами: как уйти от банкротства»
Курс повышения квалификации «Маркетинг в организации, как средство привлечения новых клиентов»
Курс повышения квалификации «Экономика: инструменты контроллинга»
Курс профессиональной переподготовки «Организация маркетинга в туризме»
Курс повышения квалификации «Основы менеджмента в туризме»
Курс профессиональной переподготовки «Основы организации рекреационной деятельности и лечебного туризма»
Курс профессиональной переподготовки «Управление сервисами информационных технологий»
Курс профессиональной переподготовки «Корпоративная культура как фактор эффективности современной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Управление информационной средой на основе инноваций»
Курс профессиональной переподготовки «Организация системы менеджмента транспортных услуг в туризме»
Курс профессиональной переподготовки «Информационная поддержка бизнес-процессов в организации»
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.