Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / "Темекіден бас тарт"қушылар жиыны
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

"Темекіден бас тарт"қушылар жиыны

библиотека
материалов

hello_html_m205aaff1.gifСабақтың тақырыбы: Темекіден бас тарт!
Сабақтың мақсаты: Жас  ұрпаққа  адам  денсаулығының  қымбаттылығын,  бағалы  байлық  екендігінтүсіндіру.  Оқушылардың  зиянды  заттарды  қолдануға  деген  теріс  көзқарастарын  қалыптастыра  отырып,  темекінің  ағзаға  тигізетін  әсері  және  одан  туындайтын  ауру  түрлерін  білуге  тәрбиелеу. Салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру.

Жүргізуші:
Армысың, асыл күн!
Армысың, асыл жыр!
Армысың, көк аспан!
Армысың жан досым!
Жылуыма жылу қос,
Міне, менің қолым!
Жүргізуші:
СӨС дегеніміз – бұл өз денсаулығыңды сақтауға, нығайтуға бағытталған жұмыстардың жиынтығы. Бақытты адам өзінің жұмысқа деген ынтасын, санасын, рухани байлығын өмір бойы дамытып, еңбекке араласады. Тек қана дені сау адам өзінің ой - өрісін кеңейтіп, өмірдегі мақсатына жете алады.
Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі – СӨС, оны насихаттау мәселесі. СӨС – ол әлеуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, сапалы тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу. Ал зиянды әдеттер дегеніміз қазіргі таңда етек алған, заманымыздың кеселді дерттері - шылым шегу, нашақорлық, маскүнемдік.

Салауатты өмір салты деген не?
1. Спортпен шұғылдану
2. Күн тәртібін ұстау
3. Жеке бас гигиенасын сақтау
4. Жаман қылықтардан аулақ болу: Маскүнемдік, нашақорлық, шылым шегуден

Жүргізуші: . Никотиннің зардаптары
Бір данышпан темекі туралы сұрағанда «мен темекінің үш жақсы жағын білемін» депті:
Біріншісі, темекі шеккен адамның үйіне ұры түспейді.
Екіншіден, темекі шеккен адамды ит қаппайды.
Үшіншіден, шылымқор жан мәңгі жас болып көрінеді.
Мұны дәлелдеп беріңіз дегенде:Темекі тартқан адам түнімен күркілдеп жөтеліп шығады. Түнде келген ұрылар болса үйде ояу адам бар екен ойлап, кері қайтады. Көп жөтелген адамның белі бүгіліп, ерте таяқ ұстауға тура келеді. Таяқ ұстаған адамнан қабаған ит те жасқанады. Темекіні көп тартқан адам ерте қайтыс болады. Мәңгі жас болып өтеді дегенім осы,- деген екен.
1 - оқушы: Елімізде мектеп жасындағы балаларға ішімдіктер мен темекі сатуға болмайтыны заң болғанымен, бұл тәртіптің сақтала бермейтіндігіне жасөспірімдердің темекі шегуінің өзі үлкен дәлел болмақ. Бұл жөнінде мамандар «заңды күшейту керек, немесе «балалардың темекіге үйір болуы оның бағасының арзандығында» деген сияқты пікір тудыруда.
2 - оқушы: Осы бір зиянды әдет қайдан шыққан?
Үндістер меңдуанаға ұқсас шөпті жандырғанда шыққан түтінді танау арқылы ішке тартып соған мас болған. Олар оны «табако» деп атаған екен. 1560 жылы Француздың әйел патшасы Екатерина Медичиге басының сақинасы ұстағанда дәрі - дәрмек ретінде берілгенде баршаның қызығушылық құмарлығын тудырған. Әуелгіде емдік шөп ретінде қолданылған. Ресейге саудагерлер арқылы келген.
3 - оқушы: Темекінің зияны туралы не білеміз?
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша темекі тарту зардабынан жыл сайын 5 миллион адам қайтыс болады екен. 2027 жылы темекі зардабынан қайтыс болғандар саны 10 миллионға жетеді деген болжам бар. Соңғы уақытта темекі тартатындар арасында көмейдің қатерлі ісігі 6 - 10 есе, өңештің ісігі 2 - 6 есе жоғары. Бір түйір темекі тартқан адам 0, 4 - 3, 5 мг улы никотин қабылдайды да өз өмірін 15 минутқа қысқартады.
4 - оқушы: Темекіден ауаға жылына 720 000 тонна күкірт қышқылы,
384000тонна аммиак, 180000 тонна никотин, 660 000 тонна темекі майы, 550000 тоннадай иісті газ шығады. Темекі кез - келген ауруды ушықтырады, жүйке қызметін бұзады.
5 - оқушы: Салмағы 1 мг темекіде 10 - 15 мг никотин болады. Темекі шоғының қызуы 300 градусқа жетеді. Оны сорғанда ауызда 60 градусқа дейін температура пайда болады. Бұл ауыз, өңеш, кеңірдек, тыныс жолдары мен асқазанның шырышты қабығының нәзік жасушаларын күйдіреді. Темекі шеккен адам темекі шекпеген адамнан 10 - 15 жыл аз өмір сүреді.

  1. Адам өмірін  қысқартатын  не?

  2. Темекіде қандай  зат  улы  болып  саналады?

  3. Адамның өмірін  темекі  шегу  әдеті  қанша  уақытқа  қысқартады?

  4. Жасөспірім ағзасына  темекі  шегу  қалай  әсер  етеді?

  5. Темекі шегуші  адамның  қасында  болу  неліктен  зиянды?

Жүргізуші:

Денім сау болсын десең - темекі тартпа!
Әдемі болғың келсе - темекі тартпа!
Әнші болғың келсе - темекі тартпа!
Ғалым болғың келсе - темекі тартпа!
Білімді, ақылды азамат болғың келсе - темекі тартпа!











Жамбыл бастауыш мектебі










(оқушылар жиыны)










Дайындаған: Тастурганова Р.Ж.













2015 – 2016 оқу жылы


Өткізілген іс-шараға сараптама


Сабақтың тақырыбы: Темекіден бас тарт!
Сабақтың мақсаты: Жас  ұрпаққа  адам  денсаулығының  қымбаттылығын,  бағалы  байлық  екендігінтүсіндіру.  Оқушылардың  зиянды  заттарды  қолдануға  деген  теріс  көзқарастарын  қалыптастыра  отырып,  темекінің  ағзаға  тигізетін  әсері  және  одан  туындайтын  ауру  түрлерін  білуге  тәрбиелеу. Салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру.


Жиын барысында Салауатты өмір салты туралы айтып өтті. Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі – СӨС, оны насихаттау мәселесі. СӨС – ол әлеуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, сапалы тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу. Ал зиянды әдеттер дегеніміз қазіргі таңда етек алған, заманымыздың кеселді дерттері - шылым шегу, нашақорлық, маскүнемдіктен аулақ болуы туралы айтылды. Жиынымызды одан әрі Салауатты өмір салты деген не? сұрағымен жалғастырылды. Оқушылардан бірнеше жауап алынды. Жиынымызды әрі қарай оқушыларымыздың темекінің зияны туралы айтып жалғастырды. Қорытындылай келе келесі сұрақтар қойылды.

1.Адам өмірін  қысқартатын  не?

2.Темекіде қандай  зат  улы  болып  саналады?

3.Адамның өмірін  темекі  шегу  әдеті  қанша  уақытқа  қысқартады?

4.Жасөспірім ағзасына  темекі  шегу  қалай  әсер  етеді?

5.Темекі шегуші  адамның  қасында  болу  неліктен  зиянды?

Осы сұрақтарға оқушылардың жауаптары тыңдалды. Өткізген жиынымыз өте жақсы өтті.








Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 06.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров184
Номер материала ДВ-310373
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх