Инфоурок Классному руководителю Рабочие программы"Темекінің адам ағзасына зияны".

"Темекінің адам ағзасына зияны".

Скачать материал

 

Сабақтың тақырыбы:     "Темекінің адам ағзасына зияны".

 

 Сабақгың мақсаты:

 

1.  Оқытып үйрету: оқушылардың бойында зиянды әдеттерге, атап айтқанда, алкоголь ішімдіктеріне, нашақорлыққа, темекі тартуға деген жиіркенішті ұғым қалыптастыру.

 

2. Тәрбиелік мақсаты: маскүнемдіктің, нашақорлықтың зардаптары. Маскүнем ата-аналардан туған балалар ұмытшақ, алаңғасар, халқымызға пайдасыз болып өмірге келетінін жете түсіндіру.

 

3. Дамыта оқыту: темекінің зиянына ғылыми дәлелденген деректер бойынша нақты фактілер мен түрлі түсті диафильмдер арқылы көз жеткізу.

 

Сабақтың көрнекілігі:

 1. Жасөспірімдерге арналған ереже.

2.    Темекіден болатын аурулар.

3.    Темекі тартуға қарсы ұйымдастырылған сурет көрмесі.

4.    Ұлы адамдар сөзінен цитаттар.

5.    Тақырыптарға байланысты суреттер.

6.    1974 жылы Бүкіл дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы темекі тартумен күрестің тұтас жүйесін жасаған, соның шарттары.

 

Сабақтың барысы:

I.   Ұйымдастыру. Кіріспе.

II.     Темекінің шығу тарихы

IIІ. Жас өспірімдердің, адамдардың темекі тартуының себептері.

IҮ. Көрініс. Әке мен бала.

Ү. Темекіден болатын аурулар.

ҮІ. Темекімен күрес.

ҮІI.     Қорытынды.

 

 Кіріспе.

 

- Қазіргі кезде елімізде темекі шегу және оған қарсы күрес жүргізу негізгі мәселенің біріне айналды. Темекіге әуесқойлық, әсіресе, жасөспірімдердің арасында қатты етек алып отыр.

Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев барлық қазақстандықтарға жолдаған " Қазақстан -2030" бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі 3 бағытта күрес жүргізу керек деп атап көрсетті. Олар:

 

1   - бағыт. "Темекі шегуді тоқтату";

2   - бағыт. "Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес";

3   -бағыт. "Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес".

Бағдарламада былай делінген:

 

"Алкоголь мен темекінің адам өміріне зиянды екені дәлелдеуді қажет етпейді". Халықаралық тәжірибе бұл салада мемлекеттік саясатты жүргізудің алкоголь мен темекіге салық салудан бастап, бірнеше сабағын ұсынып отыр. Біз бұл мәселеде байыпты саясат жүргізуіміз керек".

 

Сұрақтар: (тақтада жазулы )

 

1.    Темекі тарту қай ғасырда, қай жылы басталды?

2.    Темекі тарту туралы кітап   көп дегенмен, темекі туралы ең алғашқы кітапты айтсаңыз?

3.    Адамдардың темекі тартуының жалпы себептері неде?

4.   Никотин деген сөз қайдан шыққан?

5.    Темекіден болатын ауруларды атаңыздар?

 

Зиянды әдеттерге, алкаголь ішімдіктеріне үйір болу, нашақорлық, темекі тарту жатады.

 

Әділін айтсақ, бұлардың қайсысы болса да қайғылы жағдайға соқтыратын құмарлық кесел. Маскүнем ата-аналардан туған балалар ұмытшақ алаңғасар, халқымызға пайдасыз болып өмірге келеді. Ішімдік, нашақорлық, темекі адам организміне өте қауіпті

Темекі тарту қай ғасырда, қай жылы басталды?

Темекі тарту ХҮ ғасырда 1496 жылы басталды. Алғаш темекі дәрі ретінде Испанияда бастады.

Темекі тарту туралы кітап көп дегенімен, темекі туралы ең алғашқы кітапты айтсаңыз.

-Темекі тарту әдеті жайлы ең алғашқы кітапты Эрпандесу де Овьеда жазды. Ол Америка тұрғындарының адамгершілігі мен әдет ғұрыптары деп аталады. Онда қысқаша былай делінген. "Расанолла" аралында тұратын халықтың тым зиянды әдет-ғұрыптары, олар қасиеті жағынан меңдіуанаға ұқсас шөпті жандырғанда шыққан түтінді танаулары арқылы ішіне тартып мас болады. Онысы "тобоко" деп аталады.

  Адамдардың темекі тартуының жалпы себептері неде?

 

-Адамдардың, әсіресе, жасөспірімдердің темекі тартуының себептері мыналарға байланысты:

а)  топқа еліктеу, яғни, темекі тартпайтын жас қыз немесе бала топқа қосылу үшін солардың ыңғайына көніп, жаман өдетін бойына сіңіргісі келеді;

б)  жеке ұнатқан адамына еліктеу бұл жерде темекі тартпайтын жас қыз немесе бала ұнатқан адамының жаман қасиеттерін бағаламауынан темекі тартуды өзі де бастауы мүмкін;

в)   ересек болуға тырысу;

г)   өмірдегінін бәрін байқап көруге тырысу;

д)  ата-аналардың дұрыс тәрбие бермеуі мектеп жасындағы жасөспірімдердің көпшілігі темекінің зиянын білмегендігінен тартады.

 

Көрініс (Бала столда сабақ оқып отырады, әкесі келеді).

 

Әкесі: Ә-ә-ә, балам қалай сабақ оқып отырсың ба?

Дұр-ы-ы-ы-с Қалай сабағың жақсы ма?

Бала: Жақсы ғой папа, бірақ сені мұгалім мектепке келсін деді.

Әкесі: Немене? Тағы бір нәрсе бүлдірдің бе? Кәне әкелші күнделігіңді (күнделікті алып оқиды) балаңыздың тәртібі нашар, мектепке келіп кетіңіз. Сынып жетекшісі

- Әй, сенде бір жағымсыз иіс бар ғой, темекінің иісі шығады ғой.

Бала: Жо-қ папа, өзіңнен шығып тұрған шығар. Өзің тартқан шығарсың.

Әкесі: Көп сөзді қой, кәне тұр былай, (қалтасын ақтарып темекі, сіріңкшығарады).

Міне кере-е-е-мет. Сен енді темекі тарта бастағансың ба?

Бала: Жо-о-оқ папа, мамам салып қойған шығар.

Әкесі: Мен саған салғанды, тартқанды көрсетейін (белбеумен ұра бастайды).

Бала: Ұрмашы папа, ұрмашы ой-ой!

Мамасы: жүгіріп келеді. Әй-әй не болып қалды (баласын арашалап қорғап қушақтай бастайды).

Әкесі: Андағы ақмақтан сұра, не істеп жүргенін, енді темекі тартуды бастаған.

Шешесі: Балам-ау не дейді. Қашан тарттың, кім үйретіп жүр?

Бала: Көршінің баласы тартып жүр ғой, сол жақсы деген соң, сендер жұмысқа кеткенде тартып көргем.

Шешесі: Ә-ә-ә күнім сол, тартып көрген екен ғой (басынан сипайды).

Бала: Мама, алғаш аузым мен танауымды ашытты, түтінін будақтата шығардым.

Шешесі: Күнім сол, будақтата шығарады.

Бала: сөйтіп тағы сордым, сол кезде басым айналып кетті, түрімді көрейін деп айнаға қарай бергенімде, аяғым тәлтіректей бөлме іші шыр көбелек айналып кетті.

Шешесі: Әбден қиналған екен ғой шырағым.

Бала: Аяғымды әбден басып айнаға қарасам өзімді өзім танымай қалдым. Мама, көзім қасқырдың көзіндей алайып кетіпті.

Әкесі (балаға тағы ұмтылып): Сонда неге өле қалмаган екенсің.

Шешесі: Қой, қой деймін (Баласын қорғайды).

 Бала: Мама, сосын әрең дегенде диванға отырдым. Жүрегім айнып, құсқым келеді, тұла бойым әлсіреп, демім бітіп, тұншығып кеттім.

  Әкесі: Енді неғып тартып жүрсің.

Бала: Мама сосын диванға құлап ұйықтап қалыппын.

Әкесі: көрдің бе, мұның  істеп жүргенін (тағы да ұра бастайды, енді неғып тартасың).

Бала (шешесіне қарап): Мама папам да тартады, тартса не болады. Қазір менің бұрынғыдай құсқым келмейді, басым айналмайды, көршінің баласы екеуміз күнде тартып жүрміз. Қазір мен одан да жақсы тартамын.

Әкесі: Ойбай-ой мектебіне, сыныбына, жетекішсіне не дейміз.

Шешесі: Тартпайды дей сал.

 

Өздеріңіз көріп отырған сахналық көрінісінен темекі тартудың басты себептері, еліктеу, ересек болуға тырысу, өмірдегінің бәрін байқап көруге тырысу, әке-шешенің дұрыс тәрбие бермеуі, ең бастысы жаңағы Ерболдың темекінің зиянын білмеуінен екеніне көзіміз жетті. Ендеше, осыған байланысты мынандай сұрақ

Ербол темекіні алғаш тартқанда өте ауыр жағдайда болды, бұл ненің өсері?.

Ерболдың алғашқы күйі темекі тартудың бірінші фазасы деп аталады. Ербол алғаш тартқанда темекінің улы заты никотинімен уланады. Никотиннің темекіде болатын түсі сары сұйық зат. Суға және майға тез ериді, теріге тез сіңеді. Оны ауыл шаруашылығында зиянды жәндіктерді өлтіруге пайдаланады. Никотин нерв жүйесінің жансызданып қалуына әсер етеді. Никотин адамға өте қауіпті. Онымен уланғанда көз қарауытып, тамыр қысымы күшейеді, құсады, бұл кезең темекі тартудың бірінші фазасы.

Әкесі келген кезде Ербол сіз айтқандай емес, ешнәрсе болмағандай айтады, ал соның алдында ғана темекі тартқан, тіпті қазір менің бұрынғыдай басым ауырмайды, құсқым келмейді деді ғой, осының себебі туралы не айтар едіңіз.

 Ол кезең темекі тартудың екінші фазасы. Ерболдың организмі никотинге біршама дағдыланды, біртіндеп оған деген құштарлықты арттырады, тартқысы келіп тұратыны содан.

Никотин деген сөз қайдан шыққан?

Португалияның Париждегі елшісі Жак Никаның есіміне байланысты. 1560 жылы әйел патша Екатерина Медичидің басының сақинасы ұстағанда Жак Ника дәрі ретінде әкеліп берген. Міне, темекі осы кезден бастап алғаш емдік шөп ретінде пайдаланылған.

  Темекіден болатын ауруларды атаңыздар?

 

- Стенокардия - темекі тартудың көп тараған қасіреттерінің бірі. Темекі тартудан болатын стенокардия ауруына шалдыкқандардың кеудесі қысылып әлсірейді. Бұл ауруға шалдыққандардың өмір қысқарады. Мұндай ауруға шалдықкан адамның өмірі қысқа болады.

 

- Эндартерит - темекі тартудан болатын ауру. Төменгі қан тамырларының біресе кеңейіп, біресе тартылуы осыған байланысты. Бұл ауру кезінде адамның жаны қатты қиналып, адам жүріп келе жатып еріксіз тоқтап, отыруға мәжбүр болады. Сәл тоқтап отырса ауруы басылады. 50-70 м жүрген соң қайта ауырады. Мүндай ауруға шалдықкан адамдардың қан тамырларынын кеңею қабілеті жетіспейді.

 

-  Ісік   аурулары   никотин уының тамырларға қатты әсер етуінен болады. Темекі түтінінің шамадан тыс әсер етуінен асқазан, ащы ішек ісік ауруына әсер етеді. Темекі тартушылар арасында өкпе рагы, көмей рагы өте жиі кездеседі. Мына көріп отырғандарыңыз таза асқазан, ал мынау көбінесе темекі никотинінен болатын жара түскен асқазан, осы жара біртіндеп үлғаяды. Бұл ауру темекі тартатын адамдарда көп кездеседі.

 

Темекі тартатындардың 25 процентінің көңіл күйі төмен, 30 процентінің тыныс алуы қиындайды, 10 процентінің үйқысы қашады, дәрі-дәрмекке әуес болады.

 

Темекі тартумен күрес туралы не айтар едіңіздер?

 

Мысалы, Англияда темекі тартқаны үшін айыпталады, тұзақ салып, көшелерде дарға асты. Темекі тартуды тоқтату мақсатында адамдар арасында үрей туғызу үшін, аузында темекісі бар кесіп алған бастарды алаңға, жұртшылықтың көз алдында іліп қойды. 1860 жылы Францияда темекі тартушылармен қызу күрес жүргізілді. XIII Людовик темекіні сатуға тыйым салды, орыс патшасы 1634 жылы темекі тартушыларга өлім жазасын қолданды, түрмеге қамап, алыс жерлерге жер аударды.

 

Бұған қосымша біздің ғасырымызда темекімен қалай күрес жүргізгені жөнінде мынандай факт бар.

1974 жылы Бүкіл дүниежүзін денсаулық сақтау үйымы темекі тартумен күрестің түтас бір жүйесін жасады. Онда мынандай шарттарға келісіпті.

1)    Темекі түтініндей заттарды қораптарға көрсетіп жазу.

2)    Кәмелетке толмағандарға темекі бүйымдарын сатуға тыйым салу.

3)    Қоғамдық жүмыс орындарда темекі шегуге тыйым салу.

4)    Темекі тартудың зияндылығын түсіндіру.

5)    Темекі егілетін аймақтардың көлемін азайту.

 

Қорытынды. - Міне, балалар біздің темекінің зиянын білуімізге арналған уақытымыз таяу қалды, өздерінде байқап отырған боларсындар, темекі тартуға әуестенген мектеп жасындағы балалардың оқу үлгерімі төмен, алаңғасар болады. Темекідегі улы зат никотин нерв жүйесінін реттілігін бұзады. Сондықтан да темекіге әуестенген мектеп жасындағы балалар сабаққа көңіл бөлмейді. Улы газ баланың жұмыс, қабілетін төмендетеді. Темекіні тастап кету адамның өзіне байланысты.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Темекінің адам ағзасына зияны"."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор музея

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақгың мақсаты:

 

1.  Оқытып үйрету: оқушылардың бойында зиянды әдеттерге, атап айтқанда, алкоголь ішімдіктеріне, нашақорлыққа, темекі тартуға деген жиіркенішті ұғым қалыптастыру.

 

2. Тәрбиелік мақсаты: маскүнемдіктің, нашақорлықтың зардаптары. Маскүнем ата-аналардан туған балалар ұмытшақ, алаңғасар, халқымызға пайдасыз болып өмірге келетінін жете түсіндіру.

 

3. Дамыта оқыту: темекінің зиянына ғылыми дәлелденген деректер бойынша нақты фактілер мен түрлі түсті диафильмдер арқылы көз жеткізу.

 

Сабақтың көрнекілігі:

 1. Жасөспірімдерге арналған ереже.

2.    Темекіден болатын аурулар.

3.    Темекі тартуға қарсы ұйымдастырылған сурет көрмесі.

4.    Ұлы адамдар сөзінен цитаттар.

5.    Тақырыптарға байланысты суреттер.

6.    1974 жылы Бүкіл дүние жүзілік денсау. Жасөспірімдерге арналған ереже.

2.    Темекіден болатын аурулар.

3.    Темекі тартуға қарсы ұйымдастырылған сурет көрмесі.

4.    Ұлы адамдар сөзінен цитаттар.

5.    Тақырыптарға байланысты суреттер.

6.    1974 жылы Бүкіл дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы темекі тартумен күрестің тұтас жүйесін жасаған, соның шарттары.

 

Сабақтың барысы:

I.   Ұйымдастыру. Кіріспе.

II.     Темекінің шығу тарихы

IIІ. Жас өспірімдердің, адамдардың темекі тартуының себептері.

IҮ. Көрініс. Әке мен бала.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 308 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.01.2015 1799
    • DOCX 60.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бекманов Салауат Амангелдиевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 16604
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 769 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 842 человека

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 87 человек

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 778 человек из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 991 человек

Мини-курс

Идеи эпохи Просвещения: педагогическое значение для современности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление стрессом и эмоциями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 128 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 74 человека

Мини-курс

Интегративный коучинг: от теории к практике

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 52 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек
Сейчас в эфире

"С понедельника — начну!.." Практическое руководство к модификации образа жизни

Перейти к трансляции