Инфоурок Химия Другие методич. материалы"Темір және оның қосылыстары"

"Темір және оның қосылыстары"

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Темір және оның маңызды қосылыстары
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ. 
Сабақтың мақсаты: Темір металы жөнінде білімдерін кеңейту, оқушылардың  білімдерін жүйелендіру, пәнге деген біртұтас көзқарас қалыптастыру. 
Сабақтың міндеті: 
Білімділік:Темір элементін жан – жақты зерттеу арқылы темір, оның қосылыстары,қолданылуы, маңызы жөнінде білімдерін кеңейту. 
Дамытушылық:Оқушылардың ойлау, қорытындылау, жүйелеу қабілеттерін дамыту. 
Тәрбиелік:Оқушылардың шығармашылық мүмкіндігін дамыту, қабілетін арттыру, қосымша материалдар арқылы эстетикалық тәрбие беру. 
Көрнекілік: Слайдтар (интернеттен алынған материалдар), электронды оқулық (9 сынып химия ), металдар коллекциясы, табиғи минералдар коллекциясы, периодтық кесте, суреттер, реактивтер,интерактивті тақта.. 

I.                   Ұйымдастыру. Амандасу,оқушылардың көңіл күйін сабаққа аудару

II.                Үйге берілген тапсырманы тексеру.

Блиц турнир:

1.     Алюминийға сипаттама беру?

2.     Алюминий неше валентті?

3.     Алюминий оксидінің формуласы?

4.     Алюминий оксиді қандай түсті?

5.     Алюминий қандай элементке жатады?

6.     Алюминий гидроксидінің физикалық қасиеті қандай?

7.     Алюминий гидроксидін не себепті амфотерлі қосылысқа жатқызады?

8.     Алюминийді қайда қолдануға болады?

9.     Алюминий сульфатына сода ерітіндісін қосқанда не түзіледі?

Жаңа тақырыпты түсіндіру: 
                       Машина мен трактордың жаны,

            қара металлургияның наны, ол не?         (Темір) 

Темір десек біздің көз алдымызға шойын мен болат келеді «Жер бетінде темір жойылып кетсе ,не болады деп елестетсек, көшелерде сұмдық көрініс темір жол да,поездар да, машиналар да жоқ, көпірлер үйіндіге айналған,өсімдіктер семіп ,өле бастаған.Адам денесіндегі 3г темір жойылса , тіршілігін тоқтатып , өліп қалар еді.» ,бұл көріністі суреттеген , темірдің маңыздылығын айтқан атақты минералог , академик А.Е.Ферсман. 

Темір периодтық жүйеде: 
4-период, 4 - қатар, 8 - топ, қосымша топша, реттік нөмірі 26. 
26 электрон, 26 протон, салыстырмалы атомдық массасы 56, 30 нейтрон. 
4 электрондық қабат, 2)8)14)2), электрондық конфигурациясы 
1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 3d6 4s2 
Тотығу дәрежесі 0,+2,+4, кейде +6; тотықсыздандырғыш болып табылады.(слайд) 
Физикалық қасиеті: Ақ сұр түсті, металдық жылтыры бар, тоқ пен жылуды жақсы өткізетін, магнитке тартылатын, жұмсақ, созылғыш металл. Тығыздығы 7,864 г/см3 , балқу t0 ═15390С. 
Осыдан 2000 жыл бұрын Қытай ғалымы Сума Тзян магниттік компасты тапқан. Ол темірдің магниттік қасиетіне сүйенген.Магниттік қасиеті күшті металдар: темір, никель, кобальт. Ферромагнетиктерден магнит құралы, компас жасалады. Радиотехникада, электротехникада қолданылады. 
Темірдің 7690С дейін магниттік қасиеті сақталады.(таблица) 
Темірді ертеде «Аспан тасы» деп атаған. Жер бетіне жылына мыңдаған метеорит бөлшектері түседі, олардың құрамында 90% темір бар. Ең үлкен метеорит 1920 ж Америкадан табылған,салмағы 60т .1895 жылыГренландия мұздағынан салмағы 34т темір метеорит табылған ,қазір Нью-Иоркте сақталуда.Темір күн жүйесінде ең көп тараған элемент.Жер ядросының 90%темір құрайды.Жер мантиясында 12%,жер қыртысында 5%темір бар.Жер қыртысында таралуы бойынша -6 орында. 

Темірдің маңызды қосылыстары.
Темір (ІІ) оксиді немесе (FeO) – негіздік оксид, оңай тотығатын қара                                          ұнтақ, оны мына реакция бойынша алады:
Fe 2O3 + CO = 2FeO + CO2
Қышқылдармен және қышқылдық оксидтермен әрекеттесіп тұз түзеді:
1) Fe O + 2HCl = Fe Cl2 + H 2O
2) Fe O + CO2 = Fe CO3
Темір (ІІІ) оксиді Fe 2O3 – амфотерлі оксид, бірақ негіздік қасиеті басымдау, ең тұрақты оксид, қызыл-қоңыр түсті, минералы гематит.
І. Алынуы: 1) 2Fe(OH)3 = Fe 2O3 + 3H 2O
2) 3Fe + 2O2 = Fe 3O4
3) 3Fe + 4HOH = Fe 3O4 + 4H2
ІІ. Химиялық қасиеттері:
Қышқылмен: Fe 2O3 + 3H 2SO4 = Fe 2(SO4)3 + 3H 2O
қышқылдық оксидпен: Fe 2O3 + 3SO3 = Fe 2(SO4)3
негізбен: Fe 2O3 + 2NaOH = 2NaFeO2 + H 2O
Темірдің гидроксидтері. 
Темірдің ІІ және ІІІ валентті оксидтеріне екі түрлі гидроксидтері сәйкес келеді.Fe (II) гидроксиді – ақ түсті, ал Fe (III) гидроксиді – қызыл-қоңыр түсті. Олар суда ерімейтін заттар.
І. Алынуы. FeCl2 + 2NaOH = Fe(OH)2 + 2NaCl
FeCl3 + 2NaOH = Fe(OH)3 + 3NaCl
4Fe(OH)2 + O2 + 2H 2O = 4Fe(OH)3
Оқушылар презентацияға дайындалғанша  есеп шығарылады

1. Темірдің табиғатта минералдарды FeO, FeS пириттің құрамындағы темірдің массалық үлесін есепте
2. Массасы 50г. темір (III) оксидін алу үшін темір (III) гидрооксидінің қанша грамм қыздыру қажет. 
Тарихшы: 
Темірдің ашылу тарихы: 
Месопотамия өркениетті метеориттік темірді білген. олар б.з.д. ІІІ мыңжылдықта темірді қолданып оны «аспаннан түскен от» деп атаған. Оның құймасынан қару-жарақ, әсемдік бұйымда жасаған. Египет фараоны ІІ Рамзес хеттер патшасына (б.з.д. 2500 жыл) жазған хатында кендерді тотықсыздандыру арқылы темір алу туралы мәліметтер бар. Жер бетінде темір алтыннанда бағалы болған уақыттар болды. "Темір ғасыры” деген терминді ғылымға ХІХ ғасырдың басында дат ғалымы Томсен енгізді. Бұл темір металлургиясы дами бастаған кез. Әйгілі дамаск болаты Шығыста тіпті Аристотель (б.з.д. ІҮғ) кезінде жасалған. Болат қылыш жасау құпияда сақталып келді. 
Делидегі темір бағана (б.э.д. ІҮ-Ү ғасыр) 
(Дели) Индияда б.э.д. ІҮ-Ү ғасырда 415 жылы тұрғызылған темір бағана биіктігі 7 метр, салмағы 6,5 тонна 99,72% таза темірден тұрады, осынша уақыт таттанбауының себебін ғалымдар анықтай алмай отыр.(слайд) 
Эйфель мұнарасы 
1889 жылы Парижде француз инженері Гюстов Эйфель алып мұнара құрылысын аяқтады. Париж эмблемасына айналған мұнара биіктігі 300 метр, таза темір металынан тұрады. 
(Слайд) 
Биолог:Темірдің биологиялық маңызы. 
Адам денесінде темір құрамы 3-7 гр дейін (ткань, қан, ішкі органдарда) болады. Темір біздің организмге тамақ арқылы келеді. Адам ағзасына тәуліктік қажеттілігі:

Балалар 4 жастан бастап-18 мг

Ересек ер адамдар-10 мг

Ересек әйел адамдар-18 мг

Екі қабат әйел адамдар-33 мг

Бұлшықет белогы – миоглобин, құрамында Fe+3 катионы етке қызғылт түс береді. Қан белогы – гемоглобин, құрамында Fe+2 катионы, қанға қызыл түс береді, сүйек кемігінде түзіледі. 
Темір барлық жасыл өсімдіктер құрамына кіреді, хлорофилл түзуге, тыныс алуға қатысады. 
Адам ағзасында темір мөлшері жетіспеуінен –қан аздық(анемия ауруы пайда болады. Ол дұрыс тамақтанбаудан,экологиялық себептерден,әлсіреу ,көп қан кету т.б. пайда болады. 
Темірдің ең көп мөлшері мына өсімдіктер, тағамдар құрамында: 
Итмұрын тұнбасы ,орамжапырақ ,алма ,қара шие ,сиыр еті малдың бауырында 
ХимикТемір, оның қосылыстарының қолданылуы: 
Магнетит, гемотит, лимонит – шойын және болат өндіру үшін. 
Пирит – күкірт қышқылын өндіру үшін 
Темір купоросы - өсімдік зиянкестеріне қарсы күресте, минералды бояулар жасауда, ағаш өңдеу үшін қолданылады. 
Темір қосылыстары қан аздылық, әлсіздік кезінде дәрі ретінде беріледі. 
Болат пен шойын техникада, тұрмыста қолданылады. 
Темір хлориді (ІІІ) – суды тазарту үшін, мата бояу үшін қолданылады. 
Темір сульфаты (ІІІ) суды тазарту үшін еріткіш ретінде қолданылады. 

Бекіту. «Сен маған, мен саған». Топтар өзара бір - бірлеріне жаңа сабақтан сұрақтар кояды.
Қосымша мәліметтер.(мұғалім сөзі)
Жер бетінде темір алтыннанда бағалы болған уақыттар болды. "Темір ғасыры” деген терминді ғылымға ХІХ ғасырдың басында дат ғалымы Томсен енгізді. Бұл темір металлургиясы дами бастаған кез. Әйгілі дамаск болаты Шығыста тіпті Аристотель (б.з.д. ІҮғ) кезінде жасалған. Болат қылыш жасау құпияда сақталып келді. 
Делидегі темір бағана (б.э.д. ІҮ-Ү ғасыр) 
(Дели) Индияда б.э.д. ІҮ-Ү ғасырда 415 жылы тұрғызылған темір бағана биіктігі 7 метр, салмағы 6,5 тонна 99,72% таза темірден тұрады, осынша уақыт таттанбауының себебін ғалымдар анықтай алмай отыр. 
Эйфель мұнарасы 
1889 жылы Парижде француз инженері Гюстов Эйфель алып мұнара құрылысын аяқтады. Париж эмблемасына айналған мұнара биіктігі 300 метр, таза темір металынан тұрады. 
1.Деңгейлік тапсырмалар 
І. «Қанағат» 
1. Реакцияны аяқта, теңестір. 
Fe+O2 → 
Ca+Cl2 → 
Mg+S → 
2. Ион алмасу реакциясын аяқта, толық қысқартылған иондық теңдеуін жаз 
Ba Cl2+ H2SO4 → 
3. Массасы 80 г кальцийдің зат мөлшерін тап. 
ІІ. «Талап» 
1. Ca →CaO→Ca (OH)2 →CaSO4 өзгерістерді жүзеге асыруға мүмкін болатын 
химиялық реакцияларды жаз. 
2. 80г кальций жанғанда жұмсалатын оттегі және ауа көлемін тап. 
3. Реакцияларды аяқта, теңестір. 
Al (OH)3 → Al2O3+? 
Mg+HCl →Mg Cl2+? 
ІІІ. "Терең ой” 
30г натрий алюминаты қанша көлем көміртек (ІҮ) оксидімен әрекеттесе алады? 
 2NaAlO2+CO2=Na2CO3+Al2O3 V(CO2) қ.ж. →? 
2. 200г 15%-тік натрий хлоридімен күміс нитраты әрекеттескенде қанша г күміс хлориді түзіледі. NaCl+AgNO3=NaNO3+AgCl↓ 
3. KСlO3 →KCl+O2 теңдеуіндегі барлық коэфициенттер жиынтығын тап. 

2. Сәйкестендіру тесті.

Формуласы

Аталуы

Fe Cl2

Пирит

FeS2

Темір карбонаты

Fe(OH)2

Темір (III) гидроксиді

Fe(OH)3

Гематит 

FeSO4

темір гидрокарбонаты

FeCO3

калий ферраты

NaFeO2

темір хлориді

Fe2O3

темір (II) гидроксиді

K2FeO4

темір сульфаты

Fe(HCO3)2

натрий ферриті


3. Тест. ( 3топқа  беріледі)
1. Темірдің табиғатта тараған маңызды қосылысы?
А) Магнетит ә) пирит б) гематит в) хлорид
2. Темір қандай жай заттармен әрекеттеседі?
А) Н2 N2 Ar ә) Pb Hg Au б) O2 S CL2 в) Ca Mg Al
3. Темір адам ағзасында ненің құрамында болады?
А) қанның құрамында ә) терінің құрамында
Б) сүйектің құрамында в) майдың құрамында
4.Темір оксидері
н қандай мақсатта қолданылады?
А) темір оксидтерінен темір қорыту
ә) сілті алу үшін
б) қант алу үшін
 
в) ағаштарға жақсы қорғағыш ретінде
5. Темірді зертханада алу әдісі:
А) оксидтерін тотықсыздандырып
ә) алюминотермиялаумен
б) электролизбен
в) пиролизбен

6.Қанның құрамында кездесетін металл?

А) алтын              ә)темір     б) күміс       в) сынап

7. Темірдің қанша % гемоглабиннің құрамында кездеседі

А) 62                   ә) 43                             б) 65                       в)73

8.Темірдің нейтрон саны қанша

А) 56                   ә) 26                       б)30                      в)  27

9)  Темір III гидроксидінің түсі

А)ақ                     ә) қызыл-қоңыр          б) қызыл           в) қоңыр

10. Алюминотермия әдісімен алынатын металл

А) хром    ә)   кальций                          б) барий        в) магний

Тест жауабы:

1.  А              2.Б    3. А         4.А        5.А      6.Ә      7. Б     8.Б        9.Ә      10.А

4. Болжау картасы

Р/с

 

Сұрақтар

FeO

Fe2O3

Cіздің қосылысыңыз

А) оксид

Ә) гидроксид

Б) тұз

 

 

 

Қосылыстағы байланысы

А) ковалентті полюсті

Ә) ковалентті полюссіз

Б) иондық

 

 

 

Сіздің қосылысыңыздағы темір

А) екі валентті

Ә)үш валентті

Б) сегіз валентті

 

 

 

Заттың агрегаттық күйі

А) газ

Ә)сұйық

Б) қатты

 

 

 

Сіздің қосылысыңыз әрекеттеседі

А)сутек

Ә) сілтімен

Б) қышқылмен

В)бейметалмен

Г) қыздырғанда ыдырайды

Ғ) металмен

 

 

 

I – топ: Темірге байланысты мақал-мәтел айту.
II – топ: Бес жолды өлең.
III – топ: Тәжірибе ( темір мен күкірт қоспасы).
5. Қорытынды. Сабақты қорытындылау үшін тақтада екі белгінің тұсына стикермен жазады,темірдің таңбасының жанына темір туралы не білгендерін, сұрақ белгінің жанына сабақ барысында түсінбеген сұрақтарын жазады.

Үй тапсырмасы: 125 бет (А) есеп шығару 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Темір және оның қосылыстары""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Шеф-повар

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 610 310 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.05.2016 5993
    • DOCX 24.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Коянбаева Шолпан Умурхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Коянбаева Шолпан Умурхановна
    Коянбаева Шолпан Умурхановна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 27551
    • Всего материалов: 13

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 18 регионов

Курс повышения квалификации

Химия окружающей среды

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 53 человека из 32 регионов

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии в обучении химии в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 28 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Химия")

Учитель химии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие дошкольного мышления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Интегративный коучинг: от теории к практике

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 19 регионов

Мини-курс

Современные технологии в образовании (робототехника)

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе