Инфоурок / Химия / Конспекты / Темір және оның қосылыстары
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Темір және оның қосылыстары

библиотека
материалов

Тақырыбы: Темір және оның қосылыстары

Мақсаты: Білімділік-Темір атом құрылысы,табиғатта кездесуі.биологиялық маңызы,физикалық,химиялық қасиеттері,өнеркәсіпте алынуы ,қолданылуы және маңызды қосылыстары туралы толық мәліметтер беру.

Дамытушылық – темір иондарына сапалық реакция жайлы мағлұмат бере отырып ,оқушылырдың біліктіліктерін дамыту.

Тәрбиелік – оқушылардың ізденімпаздылығын ,іскерлігін қалыптастырып тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілі: жаңа бағдарламаны пайдалану,топтық және жұптық жұмыс.

Құрал – жабдықтар,көрнекі құралдар: темір ұнтағы,мыс хлориді, темір (ІІІ) хлориді,калий тиоцианаты,күкірт қышқылы,мыс сульфаты.

Сабақтың барысы: І.Ұйырымдастыру кезеңі

Оқушыларды тексеру,журналды толтыру.Сынып оқушыларын үш топқа бөлінеді.Әр топтың өз жетекшісі бар. Топ жетекшілеріне бағалау парағын үлестіріледі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

Ой қозғау сұрақтары.

І-топқа

1. Металдардың жер қойнауында кездесетін қосылыстары қалай аталады.(минералдар)

2. Алюминийдің периодтық жүйедегі орны мен атом құрылысы.

3.Алюминий құймаларын ата.

4. Өнеркәсіпте алынуы Al жауабы : Өндірісте жербалшықтан тазартылған Al2O3 натрий – алюминий фторидің қоспасын қосып,электролиздеу арқылы алады:

2Al2O3 электр тогы 4Al + 3O2 – 3352 кДж.

5. Н.Чернышевский өзінің «Не істеу керек» атты романында «Социолизм металы» деп қай металды айтады (алюминий)

ІІ-топқа

1. Сілтілік және алюминий металдарын алу әдісі (электролиз)

2. Алюминийдің табиғатта кездесуі (каоминит,корунд,боксит)

3. Физикалық қасиеті (күміс түстес ақ метал, р = 2,7 г\см3, иілімді, жұмсақ,

Тқайнау = 6500С)

4. Химиялық қасиеттері (оттекпен,сумен,күкірт,хлор,тұз қышқылы,натрий гидроксидімен әрекеттеседі.)

5. Қолданылуы (кеме және зымыран жасау,ұщақ жасау,машина тетіктерін жасау)

ІІІ.Жан – жақты білімін тексеру.

«Тірек сөзді» шығару

1. Өнеркәсіпте алюминийді алуға арналған шикізат (боксит)

2. Алюминий оксидінің электролизі кезінде анодта не бөлінеді (оттек)

3. Жер қыртысында таралу жағынан металдардың ішінде бірінші орынды қай элемент алады (алюминий)

4. Алюминий және алюминий қосылыстары қандай қасиет көрсетеді. (екідайлы)

5. Метал оксидтерін алюминиймен тотықсыздандыру (алюминотермия)

IV Жаңа сабаққа дайындық

Қара металлургияның жанымын, машина, трактордың қанымын

VIII қосымша топшада болсам да,

Метал атаулының көп қолданылытын түрімін. (темір)

V. Жаңа сабақ

Жоспары:

Тhello_html_5bd29912.gifhello_html_2c14282f.gifабиғатта таралуы Қосылыстары

Қhello_html_m44a6240f.gifhello_html_428c474.gifhello_html_5b3a0fb3.gifhello_html_44946ac2.gifасиеттері Темір Алынуы

Құрылысы Қолданылуы

Жалпы сипаттама. Периодтық жүйедегі орны және атом құрылысы

ТемірVIIIБ топ элементі, d - элемент. Темірдің валенттік электрондары сыртқы s-e және сырттан санағанда екінші деңгейдегі d-e болып табылады, сондықтан ол ауыспалы тотығу дәрежелерін көрсетеді.

Электрондық формуласы: 1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 3d6 4s2

Fe0 – 2e Fe2+

Fe0 – 3e Fe3+

Табиғатта таралуы: Темір- алюминийден кейінгі табиғатта ең көп таралған металл. Оның үлесіне жер қыртысының 4,2%-ы тиеді.

Ғарыштан түсетін метеориттер, негізінен, темірден тұрады. Сондықтан ерте заманда темірді «аспан» немесе «жұлдыз» тасы деп атаған. Темір жер қыртысында көптеген минералдар түзеді. Темірдің ең маңызды өнеркәсіптік кендері: қызыл теміртас Fe2O3, магнитті теміртас Fe3O4 ,пирит немесе темір колчеданы FeS2.

Темір сульфаты FeSO4 және гидрокарбонат Fe(HCO3)2 түрінде минералды сулардың құрамына кіреді.

Темірдің биологиялық маңызы.

Темір тірі организмдердің құрамында да кездеседі. Ересек адамның денесінде 4-5г темір бар. Оның 65% қандағы гемоглобиннің құрамына кіреді. Гемоглобин қанға қызыл түс береді және тыныс алу процесінде оттекті әртүрлі ұлпаларға тасымалдайды. Қанның құрамында темірдің жетіспеуі қазандық ауруына әкеліп, адам денсаулығын әлсіретеді. Байланысқан күйдегі темір көптеген тағамдық өнімдерде: қара нан, картоп, алма, өрік, қарақұмық жармасында кездеседі.

Физикалық қасиеттері: Темір – жылтыр, күміс түстес ақ металл, оның тығыздығы 7,87 г\см3. Балқу температурасы 15390С. Темір иілімді, магниттелетін және оны жоғалтатын қасиеті бар, осыған орай техникада кеңінен қолданылады.

Химиялық қасиеттері

Қосымша топшадағы көптеген металдар сияқты темір де орташа белсенді металдарға жатады. Белсенді бейметалдар темірді тотықтырады:

2Fe + 3CI2 = 2FeCI3

Fe + S = FeS

Қатты қыздырылған темір ұнтағы немесе жоңқасы оттекте темір татын (тотығу дәрежесі +2 және +3 ) темір оксидтерінің қақпасы түзіп жанады:

3Fe + 2O2 = Fe3O4(FeO*Fe2O3)

Қатты қыздырылған темір су буымен әрекеттеседі:

Fe + H2O = FeO + H2

Ылғал ауада темірдің бетін тотығу өнімдерінің қоспасынан тұратын тат басады.

4Fe + 6H2O + 3O2 = 4Fe(OH)3

Fe – 3e—Fe | 3 | 4

O +4e --2O | 4 | 3

Темір белседілігі төмен металдарды олардың тұздарынан тотықсыздандырып ығыстырып шығарады:

Fe + CuCI2 = FeCI2 + Cu

Өнеркәсіпте алынуы:

Темірді оның оксидтерінен сутекпен, алюминиймен немесе көміртек (II) оксидімен тотықсыздандырып алады:

FeO + H2 = Fe + H2O

Fe2O3 + 2AI = 2Fe + AI2O3

Fe3O4 + 4CO = 3Fe + 4CO2

Қолданылуы: Таза темір электромагниттік құраодардың тетіктерін даярлауда қолданылады, өйткені оларға тез магниттелетін және ол қасиет тез жойылатын қабілет қажет. Трансформаторларда, электромоторларда көбіне темірдің құймалары – шойын мен болат пайдаланылады.

Темір қосылыстары

Темір оксидтері Темір гидроксидтері

Темір(ІІ) Темір(ІІІ) Темір(ІІ) Темір(ІІІ)

оксиді оксиді гидроксиді гидроксиді



Есеп:

Берілген өзгерістерді жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар:

1-топқа Fe----FeCI2---- Fe(OH)2----Fe(OH)3----Fe2O3----Fe

1-топқа Fe---- Fe2O3----Fe(OH)3----FeCI3—Fe2(SO4)3

Бекіту

І-топқа тапсырма.

Төмендегі кестені толтыру, тиісті тапсырманы орындау.

Минералдың аталуы

Химиялық формуласы

Салыстырмалы молекулалық массасы (Mr)

Массалық үлесі (Fe%)


Fe3O4 (Fe2O3*FeO)




Гематит





Лимонит






FeS2








ІІ-топқа тапсырма.

Төмендегі темірдің қосылыстарының атын, формуласын кестеге толтыру.

Химиялық формуласы

Аталуы

Химиялық формуласы

Аталуы

Химиялық формуласы

Аталуы

FeCI3



FeCI2


FeS

пирит


Темір(ІІІ) гидроксиді

FeSO4




FeO




Темір(ІІІ) сульфаты

Fe(HCO3)2




І-топқа тапсырма.

Төмендегі темірдің алынуы әдістерінің теңдеуін кестеге толтыру . Тиісті реакция теңдеулерін жазу.

Химиялық формуласы

Алыну әдісі

Химиялық теңдеуі

Fe3O4


Көміртек (ІІ) оксиді


FeO


Сутекпен


Fe2O3


Алюминиймен


ІІ-топқа тапсырма.

Төмендегі кестені толтыру, тиісті тапсырмаларды орындау. Кестеде көрсетілген заттардың қайсысы бір-бірімен әрекеттеседі. «+» немесе «-» белгісін қойыңдар.

Заттардың формуласы

НСІ

NaOH

H2O

H2O+O2

FeO





Fe2O3





Fe(OH)2





Fe(OH)3





FeCI2





FeCI3







I-топқа тапсырма.

Төмендегі кестені толтыру, тиісті тапсырмаларды орындау. Қазақстанның маңызды темір кендері:

Аталуы

Қолданылуы















ІI-топқа тапсырма.

Төмендегі кестені толтыру, тиісті тапсырманы орындау.

Минералдың аталуы

Химиялық формуласы

Салыстырмалы молекулалық массасы (Mr)

Массалық үлесі (Fe%)


Fe3O4 (Fe2O3*FeO)




Гематит





Лимонит






FeS2






Қорыту

Темір – орташа белсенді металл, тотығу дәрежесі +2, +3 болатын қосылыстар түзеді. Табиғатта және техникада маңызы зор. Темірді оның оксидтерімен тотықсыздандыру арқылы алады. Темір, негізінен, оның құймалары шойын мен болат түрінде қолданылады.

Үйге тапсырма: 37, 38

№8 (167 бет)

№6 (169 бет)

Бағалау

























































































































































































































































Сабақтың тақырыбы: Интеллектуалдық сайыс.

Сабақтың мақсаты:

ХХІ ғасыр көшбасшысы «Білгір химик» сайысы.



Сайыстың мақсаты:

Оқушылар арасынан химия ғылымына ынталы, талапты, алғыр оқушыларды анықтау және оларды ізденуге, тез ойлауға, алғырлыққа баулу.

Мұғалім: Білген сайын келеді біле бергім

Біле беру емеспе тілегі елдің

Бүгін осы сайыста жеңіске жет

Білімді әрі білікті жас жеткіншек.

Сонымен ХХІ ғасыр білгірлерін –құрметті сайыскерлерімізді ортаға шақырып, қарсы алайық. Оқушылармен танысу рәсімі (музыка орындалады)

Әр топ өз ұстанымын айтып, өздерін таныстырады. (Сайыскер өзінің аты-жөні, класы туралы қысқаша мәлімет және өзінің атының бас әрпінен басталатын бір немесе бірнеше қасиетін айтады. Мысалы, Азамат – ақкөңіл, Индира – инабатты т.б)

Қазылар алқасы сайланып, білім додасы басталады.

І. Кезең «Бәйге».

Әр топқа 6 сұрақ қойылады. Дұрыс жауап 10 ұпаймен есептеледі.

Ал, сайыскер балалар

Ойланып бір көріңдер

Сендерге сұрақ беремін

Толғанып жауап беріңдер.

(Әділ қазылар әр сайыскердің ұпай санын хабарлайды.)

І – топқа:

1.Физикалық денелерді құрайтын нәрсе? (зат)

2.Заттардың бір- бірінен айырмашылығын көрсететін белгілер ... деп аталады. (қасиеттері)

3.Құрамына кіретін заттардың бөлшектері микроскоп арқылы да көрінбейтін қоспа қалай аталады? (біртекті)

4.Шынының балқуы қай құбылысқа жатады? (физикалық)

5.Бөлінбейтін ең кішкентайтай бөлшектер? (атомдар)

6.Атомдардың әртүрінен түзілген заттар? (күрделі заттар)

ІІ – топқа:

1. О – әрпімен белгіленетін элемент? (оттегі)

2. Заттардың агрегаттық күйлері? (сұйық,қатты,газ)

3. Құрамына кіретін заттардың бөлшектерін жай көзбен көруге болатын қоспалар қалай аталады? (әртекті)

4. Атом молекулалық ілімді жасаған орыс ғалымы? (Ломоносов)

5. Химиялық теңдеуді теңестіру үшін қойылатын сандар? (коэффициенттер)

6.Азоттың салыстырмалы атомдық массасы ? (14)

Білім деген биік шың, Жастықтың оты қайдасың.

Бақытқа сені жеткізер. Жүректі түртіп қозғамай,

Білім деген ақылшың, Ғылымның біліп пайдасын.

Қиындықтан өткізер. Дүниенің көркін болжамай.

ІІ. «Полиглот»

Әр топқа жеке тапсырма оқылады. Жауабын үш тілде айта білуі керек. (қазақша, орысша, латынша)

1 топқа сұрақ. Мақалды толықтыр.

.........қызған кезде соқ.

Жауабы: Темір, железо, феррум.

2 топқа сұрақ.

Өзі ауыр металға жатады, балалар осы металл құйған сақамен атады.

Жауабы: Қорғасын, свинец, плюмбом.

1 топқа сұрақ.

Жылтырағаннын бәрі ........емес.

Жауабы: Алтын, золото, ауруум.

2 топқа сұрақ.

Осы затпен ескі үйді аластайды, түсіне қарасан алтынға ұқсайды.

Жауабы: Күкірт, сера, сульфур.

1 топқа сұрақ.

Өзі жылтыр күмістей, жұмсақтығы тағы бар.

Жеңілдігін ескерсен пайдаланар жері табылар.

Жауабы: Алюминий, алюминиум.

2 топқа сұрақ.

Иісі, түсі, өңі жоқ

Табиғатта онсыз өмір жоқ

Өсімдіктен аламын

Өміріме нәр қыламын.

Жауабы: Оттек, кислород, оксигениум.

1 топқа сұрақ.

Күмістей түсі жылтыр өзі сұйық

Буланбас қайнатсаңда отынды үріп,

Көрсететін суықты , жылуды анық

Қандай зат құрал жасар соны құйып.

Жауабы: Сынап, ртуть, гитраргениум.

2 топқа сұрақ.

Алтын .......тас екен. Арпа бидай ас екен.

Жауабы: Күміс, Серебро, аргентум.

Мәңгі бақи есте қалар Білімдірек шәкірт озар

Ғажайып бір сайыс болсын Қиынырақ сұрақ болсын, - деп

ІІІ. Кезең «Дода».

Тест сұрақтарына барлық сайыскерлер қатысады. Алдарындағы балама жауапты көтереді. Дұрыс жауап -10 ұпай, жартылай жауап -5 ұпай.

Қорытынды ұпай жарияланып, ең төменгі ұпай алған сайыскер ойыннан шығады.

1. Мыналардың қайсысы химиялық құбылыстарға жатады?

а) борды ұсақтау; ә) шырпының жануы; б) газдың бөлінуі; в) тоғандағы судың булануы;

2. Күрделі затты көрсетіңіз:

а) сутек; ә) натрий хлориді; б) хлор сутек; в) хлор;

3. Қайсысы химиялық реакция белгісіне жатады:

а) күйінің өзгеруі; ә) тұнбаның түсуі; б) газдың бөлінуі; в) заттың ұсақталуы;

4.Берілген сипаттаманың қайсысы дұрыс емес:

а) оттек жануды қолдайды;

ә) оттек тыныс алуды қолдайды;

б) оттек бейметалдармен әрекеттеседі, мысалы күкіртпен ;

в) оттек сумен әрекеттеседі;

5.Бейметалдар периодтық жүйеде қай топшада орналасқан:

а) негізгі; ә) қосымша; б) негізгі,қосымша;

6.Электртерістігі бірдей атомдар арасында қандай химиялық байланыс түзіледі:

а) иондық; ә) полюссіз ковалентті; б) полюсті ковалентті;

Химия – ырыс бұлағы, Аялдама,алға ұмтыл,

Шалқыған байлық,мол дәулет. дд Құдіретті біздің ой.

Аялап,күтіп тұр алда, Сенде байлық,сенде ырыс,

Болашағымыз – нұр сәулет. Сенімен өмір сәнді ғой.

ІV Кезең «Ғажайып жетілік».

Ойын тақтасында берілген ұпай санын таңдап, оған сәйкес сұраққа жауап береді.





50





401

402


301

302


303

304





50-Химия.

Периодтық жүйеде химиялық элементтер қандай ретпен орналасады? (салыстырмалы атомдық массасының өсу ретімен)

401-Химия.

Судың молекуласы қандай және неше атомнан тұрады? (2 сутек атомы және 1 оттек атомы)

402-Химия.

Протон, нейтрон, электрондардың таңбасы қандай? (протон – Р,нейтрон – п,электрон – е)

301-Химия.

Периодтық жүйені кім жасады? (Д.И.Менделеев)

302-Химия.

Жай заттар дегеніміз не? (молекуласы бірдей атомдардан құралатын заттар)

303-Химия.

Адам ағзасында,қан құрамында болатын металл? (темір)

304-Химия.

Периодтық жүйеде қанша период бар? (7 период бар)

2030- дың барысымыз,

Болашаққа бастайды әр ісіміз.

Егемен елімізді көркейтетін,

Білім шыңына шығу парызымыз,-дей отырып ,бүгінгі сайысымыз да мәресіне жетті.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі.















hello_html_65f81113.png


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-421504

Похожие материалы