Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Презентации / "Темірлан" тақырыбындағы ғылыми жоба

"Темірлан" тақырыбындағы ғылыми жоба

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

 Темірлан Менің атымның мағынасы LOGO LOGO
КІРІСПЕ Балаларға бүгінгі жарқын өмір,бақытты дәуір талабына сай жарасты да...
Ассалаумагалейкум ұстаздарым, Ғылыми жұмысымды ала келдім. Батырлардың атын...
Сонымен қатар Темір деген табиғатта 4 тұрақты және 5 радиоктивті изотоп бар,...
Темірлан Темірлан Қайратты Қарулы Күшті Мығым Батыл Мықты LOGO
Арғынмын, баласымын Асланның, Қалайша мен руымды жасырамын. Ұрпағымың Аманге...
Менің жеті атам Темірлан 1.Амангельды Тұрлыбек Мұхаметжан Қаракесек Сұлтанке...
Қорытынды. Менің атымның мағынасы туралы шығармашылық жұмысымды зерттей отыр...
1 из 8

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1  Темірлан Менің атымның мағынасы LOGO LOGO
Описание слайда:

Темірлан Менің атымның мағынасы LOGO LOGO

№ слайда 2 КІРІСПЕ Балаларға бүгінгі жарқын өмір,бақытты дәуір талабына сай жарасты да
Описание слайда:

КІРІСПЕ Балаларға бүгінгі жарқын өмір,бақытты дәуір талабына сай жарасты да лайықты есім қою халық діттеп отырган мүдделі де маңызды мәселенің бірі болып саналады. Ата-ана дүниеге келген перзентке мағынасы айқын, әдемі де айшықты, сұлу есім беруді қалайды. Бірақ олар атты таңдауда, оны жазуда қиналысқа ұшырап отырады. Ал ұрпаққа жарасымды есім беру- ежелден келе жатқан, ізі суымаған игі дәстүр.Есімдер де халық тіліндегі сөздер сияқты өмір сүріп ескеріп әрі жаңарып отырады. Олар да ғасырлар үнін қарт шежіре сияқты келешек ұрпаққа жеткізіп отырады. Ат адамға туған кезде берілетің дербес атау.Адам атына заты сай болу керек.Әр ат өзінің мағынасына байланысты маңызды болады. Әр аттың тектілігі болады. Тектіліктің негізгі өлшемдерінің бірі абыройлы азаматқа айналу. Осыған орай халық арасында «Жаманнан жақсы туады адам айтса нанғысыз,жақсыдан жаман туады бір аяқ асқа алғысыз»-деген қанатты сөз айтылады. Менің шығармашылық жұмысымның мақсаты: Зерттей отырып атымның мағынасында қандай ой жатқаның білгім келеді, келешекте жеті атамның атына кір келтірмейтіндей ата- анамның тірегі болатындай азамат болып өсу. LOGO

№ слайда 3 Ассалаумагалейкум ұстаздарым, Ғылыми жұмысымды ала келдім. Батырлардың атын
Описание слайда:

Ассалаумагалейкум ұстаздарым, Ғылыми жұмысымды ала келдім. Батырлардың атын қуған мен Темірлан, Амангелді Асланның баласы едім. Темірлан - ер адамның аты. Темірлан деген есім Түрік халқынан шыққан. Мен атымның тарихи мағынасына тоқтала кетсем. Темір (1411-12) – деген Жошы ханының ұлы орыс ұрпағы болған. Темір Мәлік ол (Ақорданың ханы), Ақсақ Темір деген хандар болған. Батырдардың бәрі сайып қыран емес, Ақсақ Темір сайып қыран- деп өзім Ақсақ Темірге тоқтала кеткім келеді. Әмір Темір (Ақсақ Темір) – ( Құтбиддин Темір Туркап, Темірлан) – қол басшы, мемлекет қайраткері 1336 жылы Түркістанда туған. Барлас тайпасының биі Тарағай бектің баласы. Жас кезінде бір шайқаста аяғынан жарақаттанған. Осыған байланысты Ақсақ Темір атанған. Ақсақ Темірдің үздіксіз соғыстарының нәтижесінде алып империя – Темір мемлекеті құрылды. Ақсақ Темір 1405 жылы Кытайға жорыққа шыққанда жолай Отрарда қайтыс болады. Самарқан қаласында жерленген. Негізгі бөлім LOGO

№ слайда 4 Сонымен қатар Темір деген табиғатта 4 тұрақты және 5 радиоктивті изотоп бар,
Описание слайда:

Сонымен қатар Темір деген табиғатта 4 тұрақты және 5 радиоктивті изотоп бар,б.з.100 жыл болған элемент, адамдар темірді алғашында аспаннан метеорит түскен уақытта білген. Темір алюминий ден кейін көп таралған металл. Ежелгі қол өнерші ұсталар мыс пен қоладан еңбек құралдарын жасай жүріп, олардан ерекшелеу жаңа металды байқады. Бұл темір еді. Темір мыс пен қолаға қарағанда мықты болды. Осылайша ежелгі халық темірден жасалған құралдардың арқансында жұмыстары жеңілдеді . Және де Темірқазық деген жұлдыз да бар, ол кіші аюдағы 2 жұлдыздық шамада жалтырап тұратын жарық жұлдыз. Осындай елімізде Темір туралы көптеген аңыз-әңгімелер мен тарихтарға сүйеніп, мені отбасым Темірлан –деп атаған. Маржан көзің көмірдей, Арам ет бітіп семірмей. Денең күшті темірдей- деп маған азан шақырып Темірлан есімін берген екен. Анамның айтуынша менің есімім түсіне «АЯН»- болып кірген, бұл баланың аты «Темірлан» болады деп.Содан отбасым мықты, қайратты,өжет, қарулы, ісіне мығым күшті болсын деп Темірлан атаған. LOGO

№ слайда 5 Темірлан Темірлан Қайратты Қарулы Күшті Мығым Батыл Мықты LOGO
Описание слайда:

Темірлан Темірлан Қайратты Қарулы Күшті Мығым Батыл Мықты LOGO

№ слайда 6 Арғынмын, баласымын Асланның, Қалайша мен руымды жасырамын. Ұрпағымың Аманге
Описание слайда:

Арғынмын, баласымын Асланның, Қалайша мен руымды жасырамын. Ұрпағымың Амангелді атамның, Атыма затымда сай Темірланмын. Менің атам 1941жылы соғыс басталған уақытта туылған екен. Соғысқа кеткен ағалары аман-есен, жеңіспен оралсын деп Амангелді деп атын қойыпты. Атам менің әрқашан Кішіпейіл бол деген. Ақыл сөзі санамда, Мақтанбауды жөн көрем. Атам менің әрқашан Мейірімді бол деген. Ақыл сөзі санамда, Жасы үлкенге жол берем. Атам меің әрқашан Бол дейтұғын тіл алғыш. Үлкендерден содан да Алып жүрем кіл алғыс. LOGO

№ слайда 7 Менің жеті атам Темірлан 1.Амангельды Тұрлыбек Мұхаметжан Қаракесек Сұлтанке
Описание слайда:

Менің жеті атам Темірлан 1.Амангельды Тұрлыбек Мұхаметжан Қаракесек Сұлтанкелды Қараке Күшікбай LOGO

№ слайда 8 Қорытынды. Менің атымның мағынасы туралы шығармашылық жұмысымды зерттей отыр
Описание слайда:

Қорытынды. Менің атымның мағынасы туралы шығармашылық жұмысымды зерттей отырып, Темірдей мықты, шыдамды, Ақсақ Темірдей батыр әрі батыл, Темірқазықтай жарқырап жан деген мағынаны білдіреді екендігін білдім. Алдағы уақытта атыма затым сай Тәуелсіз еліміздің Отан қорғар азаматы болғым келеді. Шығармашылық жұмысымды тыңдағандарынызға рахмет! LOGO

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 04.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Презентации
Просмотров100
Номер материала ДВ-416099
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх