Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / "Темір жолдың жалпы курсы" пәні бойынша техникалық диктанттар жиынтығы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

"Темір жолдың жалпы курсы" пәні бойынша техникалық диктанттар жиынтығы

библиотека
материалов

hello_html_4e30dac1.gifҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

АКАДЕМИК СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЕКІБАСТҰЗ ИНЖЕНЕРЛІК - ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ КОЛЛЕДЖІ








эмблема осн

















1108000 «Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану және техникалық қызмет

көрсету (түрлері бойынша)»

1303000 «Темір жол қозғалысында автоматика, телемеханика және басқару»

мамандығына (мамандықтар тобына) арналған


Темір жолдың жалпы курсы

пәні бойынша


















2014-15


Мазмұны


Алғы сөз

3

Кіріспе

4

2-тақырып Жер төсемінің құрылымы. Жасанды құрылыстар

5

3-тақырып Темір жолдың жоғарғы құрылымы

6

4-тақырып Бағыттамалы бұрмалар

7

5-тақырып Локомотив туралы негізгі мағлұмат. Локомотив шаруашылығы

8

6-тақырып Вагондардың негізгі түрлері мен сараптауы. Вагон шаруашылығы

9

7-тақырып Бөлек пункттердің сараптауы мен қызметі. Станциялық және арнаулы жолдар

10

8-тақырып Станциядағы маневрлік жұмыстар. Маневрлер кезіндегі жылдамдықтар

11

9-тақырып Станция жұмысының технологиялық процессі. Станцияның техникалық-басқару актісі

11

10-тақырып Автоматика және телемеханика құралдарының қызметі. Сигналдардың түрлері мен сараптауы

13

11-тақырып Станция мен аралықтағы сигнал беру, орталықтандыру және бұғаттау құрылғылары

13

12-тақырып Байланыс түрлері

15

13-тақырып Жүк тасымалын жоспарлау және оның түрлері

15

14-тақырып Пойыздар жүрісінің тәртібі және оны басқару. Темір жолдың өткізгіштік және тасымал қабілеттері

16

15-тақырып Материалдық-техникалық қамтамасыз ету

17

16-тақырып Метрополитендер

17

Қолданылған әдебиеттер тізімі

19



















Алғы сөз


Оқыту материалының игерілу жетістігі оқытушы оқушының ойлау қызметінің қарқындылығын қамтамасыз ете білуіне байланысты болады.

Оқушылардың өздігінен активті жұмыс істеуі формасының бірі – техникалық диктанттар. Олар ойлау қабілеттілігінің тереңділігінің, зерделігінің дамуына, сонымен қатар өткен материалдарды терең бекітуге себеп болады.

Техникалық диктанттар «Темір жолдың жалпы курсы» пәні бойынша бағдарламаға сәйкес орындалған.

Техникалық диктанттар жиынтығы, біріншіден, оқушыларғы оқу материалдарын жүйелеуге көмектеседі. Екіншіден, ол алған білімдерін қолдана білуге бағытталған. Үшіншіден, оқушыларға оқу жетістіктерін тексеруге дайындалуға, ал оқытушыға техникалық бағалауды жүргізуге мүмкіндік береді.

Ауызша және басқа да жазбаша жұмыстармен салыстырғанда, техникалық диктанттардың ерекшелігі – барлық оқушылар жауап беруге бір мезгілде кіріседі, яғни белгілі екпінділік орнатылады.

Өткізу ұзақтығы - 7-15 минут (сұрақтардың санына байланысты). Сұрақтарды оқу қарқыны - бірқалыпты.

Жауаптар жаппай тексеріледі. Бағалар жалпы бағаға кіреді. «5» бағасын алу үшін оқушының тек 1 қателігі болуы мүмкін, 2-3 қателігі болса – «4», 4 қателігі болса – «3», қателіктер саны 4-тен асқан болса – «2».

























Кіріспе


  1. «Көлік» термині латын тілінен аударғандабілдіреді. (тасымалдау, орнын ауыстыру)

  2. Көлікбұл(адамдарды, жүктерді, сигналдар мен ақпараттарды бір жерден екінші жерге тасымалдауға арналған құралдар жиынтығы)

  3. Өнеркәсіптік көліктің қызметі. (өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмысшыларды, еңбек құралдарын тасымалдау қажеттіліктерін қанағаттандыру)

  4. Көліктің өнімі - … (жолаушылар мен жүктерді тасымалдау)

  5. Қазақстанның көлік жүйесікөліктерден тұрады. (темір жол, автокөлік,әуе көлігі, су көлігі, құбыр өткізгіштік көлік)

  6. Алғашқы шойын рельстері қай ғасырда пайда болды? (18-ғасырдың соңында)

  7. Темір жолдардың түп нұсқасы(ағаш жолдар)

  8. Ресейдегі алғашқы паровозды құрастырған(Мирон мен Ефим Черепановтар)

  9. Қазақстанның темір жол торабы қай ғасырда қалыптаса бастады? (19-ғасырдың соңында)

  10. Темір жол көлігіндегі габариттердің қызметі - … (пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету)

  11. Габариттердің түрлері? (тиеу габариті, жылжымалы құрам габариті, құрылыстардың жақындау габариті)

  12. Құрылыстардың жақындау габариті - бұл ….

(ішіне жылжымалы құрамнан басқа құрылыстар мен құрылғылардың ешқандай бөліктері кірмейтін шекті, көлденең (жол осіне перпендикуляр) кескіні)

  1. С және Сп габариттері қайда қолданылады? габариті темір жолдың жалпы торабында, Сп – өнеркәсіптік кәсіпорындарда)

  2. Жылжымалы құрам габаритібұл(тік горизонтальді жолда жылжымалы құрамның сыртқа шықпай орналасуының шекті, көлденең (жол осіне перпендикуляр) кескіні)

  3. Тиеу габариті - бұл …. (түзу горизонтальді жолда орналасқан ашық жылжымалы құрамда жүктің сыртқа шықпай орналасатын шекті, көлденең (жол осіне перпендикуляр) кескіні)

  4. Габариттік қақпалармен нені тексереді? (тиеу габаритін)

  5. Габариттік жақтаулармен ... габаритін тексереді. (құрылыстардың жақындау габаритін)

  6. Тиеу габариті қалай тексеріледі? (ашық жылжымалы құрамға тиелген жүктердің габариттілігін тексеру үшін оны жаппай тиеу орындарында орнатылған габариттік қақпалардан өткізеді, егер жүкпен тиелген ашық жылжымалы құрам тақтайшаларды тимей өтсе, габарит бұзылған жоқ. Тақтайшаның қалпының өзгеруі габаритсіздіктің орнын көрсетеді)

  7. Жылжымалы құрам габаритінің түрлері. (Т, 1Т, 1-ВМ (0-Т), 0-ВМ (01-Т), 02-ВМ (02-Т), 03-ВМ (03-Т))

  8. Құрылыстардың жақындау габариті қалай тексеріледі? (платформада немесе вагонның шанағында орнатылған арнайы ағаш жақтауды учаскеден өткізу арқылы. Жақтаудың құрылымы бүгілетін бөлшектерден тұрады. Олар құрылыспен жанасса, габаритсіздіктің орнын көрсетеді. Егер жақтау құрылыстардың жанынан еркін өтсе, бұл габариттің бұзылмағанын білдіреді)



2-тақырып Жер төсемінің құрылымы. Жасанды құрылыстар


  1. Жолдың төменгі құрылымы – темір жолдың трассасын ... үшін жоспар мен профильде үздіксіз жолақтың осі ретінде физикалық бекітуге мүмкіндік беретін құрылыстар мен құрылғылар жиынтығы (жолдың жоғарғы құрылымын орнату үшін)

  2. Жер төсемінің қызметі - … (жолдың жоғарғы құрылымын төсеу үшін арналған)

  3. Жер төсемінің түрлері: … (үйінді, қуыс, жартылай үйінді, жартылай қуыс, жартылай үйінді-жартылай қуыс)

  4. - негізгі алаңы жер бетінен төмен орналасатын инженерлік құрылыс. (қуыс)

  5. - негізгі алаңы жер бетінен жоғары орналасатын инженерлік құрылыс. (үйінді)

  6. Қуыстың элементтері: … (жыра, қуыстың негізгі алаңы, кавальер, банкет, қуыстың бүйіржағы, таулы ор)

  7. Үйіндінің элементтері: … (негіз, берма, негізгі алаң, жиек, табан, резерв, үйіндінің еңісі)

  8. Жасанды құрылыстарәр түрлі кедергілермен қиылысқанда жер төсемін алмастыратын немесе оны ... үшін толықтыратын барлық құрылыстардың жинақы атауы (қолайсыз әсерлерден қорғау үшін)

  9. Жасанды құрылыстардың түрлері. (көпір, тоннель, виадук, эстакада, акведук, тіреу қабырғалары, галерея, құбыр, дюкер, жол өткелдері)

  10. Құбырастынан салыстырмалы аз мөлшерде су өткізу қажет болғанда ... төсейді (үйіндінің ішінен)

  11. - теміржолдар тау шатқалын, терең аңғарлар мен жыраларды басып өткенде биік үйіндінің орнына жасалатын құрылыстар. (виадук)

  12. - экономикалық немесе басқа түсініктер бойынша теміржол қала ішімен өтсе (үйінді үшін орын жеткіліксіз немесе қаланың көлік жолдарын бірнеше деңгейде орналастыру керек болса және эстетикалық көзқарастар бойынша) немесе үлкен көпірге жақындағанда биік үйіндінің орнына қолданады. (эстакада)

  13. Акведук – … (су таратқыштың жыраларды, аңғарларды, өзендер мен жолдарды басып өтетін жерлерінде құрылады)

  14. Дюкер – … (құбырды немесе шағын су таратқышты жол астынан өткізу қажет болғанда құрылады)

  15. Көпір – … (темір жолдың өзендерді, аңғарларды, арықтарды, бұлақтарды басып өтетін жерлерінде құрылады)

  16. Тасқын түсіргіш таулы жерлерде ... үшін құрылады (таудан батпақ-тасты ағындарды (тасқындарды) өткізу үшін құрылады)

  17. Жол өткелдерін не үшін құрады? (әр түрлі деңгейде көлікті қауіпсіз және бір-бірінен тәуелсіз өткізу үшін)

  18. Тау жыныстарының опырылу қаупі бар жерлерде ... құрылады (галерея)

  19. Тіреу қабырғалары не үшін арналған? (жер төсемінің тік құламаларын сүйеу үшін арналған)



3-тақырып Темір жолдың жоғарғы құрылымы


  1. Жолдың жоғарғы құрылымының қызметі. (жүктемені жылжымалы құрамнан қабылдап, оны жолдың төменгі құрылымына өткізу үшін, жылжымалы құрамның қозғалысын бағыттау үшін)

  2. Жолдың жоғарғы құрылымына не жатады? (рельс-шпалдық тор, балласт қабаты)

  3. Рельстердің қызметі. (жылжымалы құрамнан түсетін жүктемені тікелей қабылдайды, төмен орналасқан элементтерге жібереді және доңғалақтардың жүрісін бағыттайды)

  4. Әлемдегі алғаш металл рельстер қашақ және қайда жасалған? (1767 жылы Ұлыбританияда)

  5. Рельстерге қойылатын талаптар... (рельстер берік, тозуға төзімді, морт емес болуы тиіс)

  6. Рельс қандай бөліктерден тұрады? (қалпақша, мойын, табан)

  7. Рельстер үшін тиімді қалып ... (двутавр)

  8. Рельстің типінде әріп пен сан нені білдіреді? («Р»-рельс, сан – 1 метр рельстің массасының жуық мәнін, кг)

  9. Шпалдардың қызметі. (жүктемені рельстен балластқа өткізу, жолтабанның енінің тұрақтылығы мен рельстік жолдың орнықтылығын қамтамасыз ету)

  10. Шпалдардың түрлері. (ағаш және темір бетонды)

  11. Рельстік бекітулер не үшін қолданылады? (рельстерді бір-бірімен және шпалдарға бекіту үшін)

  12. Аралық рельстік бекітулердің қызметі(жолтабан енінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін рельстерді шпалдармен және бөренелермен берік біріктіру үшін)

  13. Жапсарлық рельстік бекітулердің қызметі(рельстерді бір-бірімен үздіксіз желге біріктіреді)

  14. - рельстердің шпалға қатысты немесе рельстермен бірге бойлық орын айыстыруы. (жолдың ығысуы)

  15. Балласт қабаты бұл(трапеция түріндегі сусымалы материалдар қабаты, жүктемені жер төсемінің негізгі алаңына үлестіреді)

  16. Балласт қабатының материалы(қиыршықтас, топырақ, шағылтас)

  17. Балластқа қойылатын талаптар? (берік болу, ұсатылмау, қыста да, жазда да қатты болу, суды жақсы өткізу қажет, тозаңдатпау, сумен шайылмау)

  18. Станцияның басты және қабылдау-жөнелту жолдары қандай балластқа төселеді? (шағылтасты балласт)



4-тақырып Бағыттамалы бұрмалар


  1. Бағыттамалы бұрма не үшін арналған? (жылжымалы құрамды түзу жолдан бүйір жолға бағыттау үшін)

  2. Бағыттамалы бұрманың элементтері: ... (стрелка, біріктіру жолдары, айқастырма бөлігі)

  3. Бағыттамалы бұрманың қай бөлігі қозғалыстағы жылжымалы құрамды түзу жолдан бүйір жолға бағыттайды? (стрелка)

  4. Темір жолдарда ... маркалы кәдімгі бағыттамалы бұрмаларды төсейді. (1/22, 1/18, 1/11, 1/9 және 1/6)

  5. Бағыттамалы бұрмалардың түрлері:(оңаша және қос)

  6. бағыттамалы бұрманегізгі жолдан бір бүйір жол ауытқиды (оңаша)

  7. Бағыттамалы бұрма бойынша айқастырмадан үшкірлерге қарай жүрісті қалай атайды? (бағыттас)

  8. Бағыттамалы бұрма бойынша үшкірлерден айқастырмаға қарай жүрісті қалай атайды? (бағытқа қарсы).

  9. 1/9, 1/11, 1/18, 1/22 – бұл(айқастырманың маркасы).

  10. - бір жолдың рельс иінінің екінші жолдың рельс иінімен қиылысу жерлерінде жылжымалы құрамның доңғалақтарының өтуін қамтамасыз етеді. (айқастырма)

  11. Біріктіру жолдары жолтабанның екі кесіндісі (стрека мен айқастырманы біріктіретін).

  12. Бағыттамалы бұрманың қай бөлігі жақтаулық рельстерден, үшкірлер мен аудармалық тетіктен тұрады? (стрелка)

  13. Жанама рельстің қызметі? (доңғалақтардың жалдарын айқастырманың тиісті науасына бағыттайды)

  14. Бағыттамалы бұрманың негізгі сипаттамалары(типі мен маркасы)

  15. Бағыттамалы бұрманың айқастырмалық бөлігіне не кіреді? (айқастырма мен жанама рельс)

  16. Мұртшалар мен өзекшеден тұратын бағыттамалы бұрманың эелементі - … (айқастырма)

  17. Зиянды кеңістікбұл(айқастырманың алқымынан өзекшенің ені 40 мм қимасына дейінгі арақашықтық)

  18. Айқастырманың маркасыбұл(айқастырма бұрышының тангенсі (tg α) немесе өзекше енінің (К) өзекшенің ұзындығына (l) қатынасы)

  19. Айқастырманың маркасы қандай формуламен анықталады? (hello_html_1fe05823.gif

  20. Кәдімгі бағыттамалы бұрмалардың түрлері: … (оңжақты және солжақты)



5-тақырып Локомотив туралы негізгі мағлұмат. Локомотив шаруашылығы


  1. Жылжымалы құрамбұл(темір жол көлігінің тасымал құралдары, өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін болып бөлінеді)

  2. Рельс қалпақшаларының ішкі жақтарының арасындағы қашықтық (жолтабан ені)

  3. - вагондардың қозғалысы үшін қажетті негізгі тартымдық машина. (локомотив)

  4. ҚР темір жолдарының жолтабан ені - … (1520 мм)

  5. «Локомотив» термині латын тілінен аударғанда білдіреді: lokus - … и motio - …. (орын, қозғалыс)

  6. ... байланысты локомотивтер дербес және дербес емес болып бөлінеді. (энергия көзіне байланысты)

  7. Дербес локомотивтер: … (паровоз, тепловоз, мотовоз, газотурбовоз)

  8. Дербес емес локомотивтер: … (электровоз)

  9. Жұмысының түріне байланысты локомотивтердің бөлінуі: … (магистральді, маневрлік)

  10. - күш қондырғысы ретінде доңғалақ жұбына қозғалысты хабарлайтын бу машинасы мен бу қазаны бар локомотив. (паровоз)

  11. Тепловоз – … (энергия көзі ретінде іштен жанатын қозғалтқыш қолданылады, ол арнайы беріліс арқылы (электрлі, гидравликалық немесе механикалық) доңғалақ жұптарына қозғалысты хабарлайды)

  12. - энергия көзі ретінде іштен жанатын қозғалтқышы бар кіші қуатты локомотив. (мотовоз)

  13. Газотурбовоз – бұл(күш қондырғысы ретінде газ турбинасы бар локомотив)

  14. Электровоз – бұл(өз энергия көзі жоқ: ол электр энергиясын контакт торабы арқылы алады)

  15. ВЛ40-ВЛ59 нөмірлері қандай электровоздарға беріледі? (айнымалы тоқты төртосьты)

  16. Сериясында 1-49 сандары бар тепловоздар қай зауытта құрастырылған? ( Харьков зауытында)

  17. 2ТЭ10 тепловозына түсініктеме беріңіз (Харьков зауытында құрастырылған, электрлі берілісі бар екісекциялы тепловоз)

  18. Локомотив шаруашылығының қызметі. (локомотив паркін тасымалдау жоспарын орындау үшін жарамды күйде ұстауды жетілдіру бойынша шараларды жүзеге асырады)

  19. Локомотивтерге техникалық қызмет көрсету мен жөндеу үшін арналған локомотив шаруашылығының негізгі сызықтық кәсіпорны - …. (локомотивтік депо)

  20. Локомотивтік депоның түрлері: … (негізгі және айналмалы)



6-тақырып Вагондардың негізгі түрлері мен сараптауы. Вагон шаруашылығы


  1. Вагон – бұл ... арналған темір жолдың жылжымалы құрам бірлігі (жүктер мен жолаушыларды тасымалдау үшін)

  2. Қызметі бойынша вагондар қалай бөлінеді? (жолаушылық және жүк)

  3. Жолтабан ені бойынша вагондардың бөлінуі - … (кеітабанды, қалыпты және тар табанды)

  4. Жолаушылық паркіне кіретін вагондар? (жолаушыларды тасымалдау үшін арналған вагондар, вагон-мейрамхана, пошталық, багажды және арнайы қызметті (қызметтік, жол өлшегіш, вагон-зертхана, вагон-клубтар, т.б.)

  5. Әр түрлі жүктерді тасымалдау үшін арналған вагондар: ... (әмбебап)

  6. - тасымалдау кезінде ерекше жағдайларды талап ететін жүктерді тасымалдау үшін арналған вагондар. (арнайы)

  7. Жабық вагондар... қажет ететін жүктерді тасымалдау үшін арналған (атмосфераның әсері мен механикалық бұзылудан қорғауды)

  8. Жартылай ашық вагондар... қажет етпейтін ақтармалы, штабельді және дара жүктерді тасымалдау үшін арналған (атмосфераның әсерінен қорғауды)

  9. Ұзын өлшемді, үлкен жүктерді қандай вагондарда тасымалдайды? (платформа)

  10. Цистерналар ... тасымалдау үшін арналған (сұйық, газтәрізді және тозаңдай жүктерді)

  11. Тез бұзылатын жүктердівагондарда тасымалдайды (изотермиялық)

  12. Транспортерлар - … (басқа вагондарда тасымалдана алынбайтын үлкен габаритті және ауырсалмақты жүктерді)

  13. Қай вагонның атауы ағылшын тілінен аударғанда «секіру» дегенді білдіреді? (хоппер)

  14. - жыныстарды тасымалдау және автоматты түрде түсіру үшін арналған. (думпкарлар)

  15. Вагонның нөмірі ... саннан тұрады (8)

  16. Вагонның нөмірінде бірінші сан 6 болса, бұл(жартылай ашық вагон)

  17. Вагонның нөмірінде екінші сан 7 болса, бұл(цистерна)

  18. Вагонның нөмірінде бірінші сан 2 болса, бұл(жабық вагон)

  19. Вагон шаруашылығының қызметі(вагон паркін пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық жарамды күйде ұстауды қамтамасыз ету)

  20. Вагон шаруашылығының негізгі құрылыстары: … (вагон депосы, жабдықтау депосы, ағымдағы жөндеу пункті, техникалық байқау пункті, автотежегіштердің бақылау пункттері, вагонжөндеу зауыттары)






7-тақырып Бөлек пункттердің сараптауы мен қызметі. Станциялық және арнаулы жолдар


  1. ... үшін барлық темір жол желісі жеке учаскелерге – аралықтарға бөлінген. (пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін)

  2. Бөлек пункттербұл(темір жол желісін аралықтарға бөлетін пункттер)

  3. Жол дамуы бар бөлек пункттерге жатады: … (станциялар, айырықтар, озып өту пункттері)

  4. Жол дамуы жол бөлек пункттерге жатады(жартылай автоматтық бұғаттау кезінде жол бекеттері, автоматты бұғаттау кезінде өтпелі бағдаршамдар)

  5. - жол дамуы бар, пойыздарды қабылдау, жөнелту, айқастыру және озып өттіру, құрастыру мен ажырату операцияларын орындау мүмкіндігі бар бөлек пункттер. (станция)

  6. - қос жолды желілердегі бір пойыздың екінші пойызды озып өтуін және пойызды бір басты жолдан екіншісіне аударуды қамтамасыз ететін жол дамуы бар бөлек пункттер. (озып өту пункттері)

  7. Айырықбұл(дара жолды желідегі пойыздарды қиылыстыру мен озып өттіруді қамтамасыз ететін жол дамуы бар бөлек пункт)

  8. Жұмысының сипаты бойынша станциялардың бөлінуі(жолаушылық, жүк, аралық, телімдік, сұрыптау)

  9. Станциялар қандай класстарға бөлінеді? (I-V және класстан тыс)

  10. Құрамдарды жаппай қалыптастыру мен таратуға арналған станция: ... (сұрыптау)

  11. Станцияның жол дамуы қандай жолдардан тұрады? (басты, қабылдау-жөнелту, сұрыптау, тиеу-түсіру, тартымдық, деполық)

  12. Даражолды телімдерде бөлек пункттердің шекаралары … (кіру бағдаршамдары)

  13. Теміржол жолдарының бөлінуі(басты, станциялық, арнаулы)

  14. Аралықтың жолдарының тікелей жалғасы болып келетін жол: ... (басты)

  15. Қабылдау-жөнелту жолының толық ұзындығыбұл(осы жолға апаратын бағыттамалы бұрмалардың үшкірлері арасындағы қашықтық)

  16. Қабылдау-жөнелту жолының пайдалы ұзындығыбұл(жылжымалы құрамның көршілес жолдар бойынша қозғалыс қауіпсіздігін бұзбай орналасатын жолдың толық ұзындығының бөлігі)

  17. Жолдарды нөмірлеу принципі? Басты жолдар рим сандарымен, ал қалған жолдар араб сандарымен нөмірленеді)

  18. Жолдар мен парктерді бір-бірімен қосатын бағыттамалы бұрмалар орналасқан аймақ - бұл(станцияның стрелкалық алқымы)

  19. Шектік бағананың қызметі мен орналасу орны(жол аралығының ортасында, бағыттамалы бұрмамен біріктірілген жолдардың осьтерінің арасындағы қашықтық 4100 мм-ге тең болатын жерде орнатады, жылжымалы құрамның көршілес жолдар бойынша қозғалыс қауіпсіздігін бұзбай орналасу шекараларын көрсетеді)

  20. Бағыттамалы бұрмалар қалай нөмірленеді? (тақ пойыздардың келу жағында орналасқан бағыттамалы бұрмалар тақ сандарымен (1, 3, 5, ...), ал жұп пойыздардың келу жағынан – жұп сандармен (2, 4, 6, ...) нөмірленеді)



8-тақырып Станциядағы маневрлік жұмыстар. Маневрлер кезіндегі жылдамдықтар


  1. Маневрлер дегеніміз (жылжымалы құрамның станция ішіндегі (жеке жағдайларда аралыққа шығумен) пойыздан тыс орнын ауыстырулары)

  2. Маневрлік рейс … (вагондардың локомотивтермен немесе жеке локомотивтердің станциялық жолдар бойымен қозғалыс бағытын өзгертумен орнын ауыстыруы)

  3. локомотивтердің вагондармен немесе жеке локомотивтердің қозғалыс бағытын өзгертпей орнын ауыстыруы. (жарты рейс)

  4. Жұмыс рейсі немесе жарты рейсі орындалатын вагондарды қалай атайды? (маневрлік құрам)

  5. Локомотивтің вагондармен рейсін ... рейс деп, ал вагондарсыз ... рейс деп атайды. (жұмыс; бос)

  6. Тіркеме - … (сұрыптау барысында бір жолға қойылатын құрамдағы бір немесе бірнеше вагондар)

  7. Маневрлер орындалады:

- тартымдық жолдарда - …; (маневрлік локомотвтермен)

- … - ауырлық күшінің көмегімен; (сұрыптау дөңестерінде)

- жарты дөңестерде - … (маневрлік локомотивтермен және ауырлық күшімен)

  1. Маневрлердің түрлері: … . (пойыздарды тарату, пойыздарды қалыптастыру, бір мезгілде тарату және қалыптастыру, тіркеу және ажырату, апару және әкету, жүк маневрлері, өзге маневрлер)

  2. Маневрлік жұмыстармен ... басқарады. Олардың міндеттері қайда көрсетілген? (станция кезекшісі (кіші станцияларда), маневрлік диспетчер және дөңес немесе парк кезекшісі; станцияның техникалық-басқару актісінде)

  3. Маневрлерді тікелей кім орындайды? (маневрлік бригадалар локомотив машинисту мен оның көмекшісі және пойыздар құрастырушысы)



9-тақырып Станция жұмысының технологиялық процессі. Станцияның техникалық-басқару актісі


  1. - жүктермен операцияларды орындаудың, жолаушыларға қызмет көрсетудің, вагондар мен пойыздарды өңдеудің озат еңбек тәсілдері мен техникалық құралдарын одан да жақсы қолдануға негізделген тиімді жүйе. (станция жұмысының технологиялық процессі)

  2. Әрбір станцияның технологиялық процессін ... негізінде құрастырады (типтік технологиялық процесстің)

  3. Технологиялық процесс нені бекітеді? (станцияда орындалатын техникалық операцияларды, олардың ретін, орындайтын құралдарды, белгілі операцияларды орындауға жауапты жұмысшыларды бекітеді, сонымен қатар бұл операцияларды орындауға қажетті уақыт мөлшерін белгілейді және вагондарды станцияда өңдеудің жалпы уақытын)

  4. ТБА-де не жазылған? (станцияның барлық техникалық құралдары мен олардың мамандандырылуы туралы мәліметтер)

  5. ТБА дегеніміз не? (станцияның техникалық-басқару актісі станцияның төлқұжаты болып табылады)

  6. ТБА қандай бөлімдерден тұрады? (1. Станция жайлы жалпы мәлімет. 2. Пойыздарды қабылдау және жөнелту. 3. Маневрлік жұмыстарды ұйымдастыру. 4. Қауіпсіздік техникасын қамтамасыз ету)

  7. ТБА-ін кім құрастырады? (станция бастығы)

  8. ТБА-ін кім бекітеді? (сұрыптау, жолаушылық, үлкен телімдік және жүк станцияларының техникалық-жарлық актісін жолдағы жүріс қызметінің бастығы, ал қалған станциялардікін – жол бөлімшесінің жүріс бөлімінің бастығы бекітеді)

  9. ТБА-ін ... тексереді. (қозғалыс ревизоры)

  10. ТБА-не не қосылады? (станцияның сұлбалық жоспары, кіріс жолдарының ведомосі, итермелеу локомотивінің жұмыс істеу тәртібінің нұсқауы, почталық қабылдау-жөнелту жолдарында тұру ведомосі, сигнал беру, орталықтандыру және бұғаттау құрылғыларын қолдану тәртібінің Нұсқауы, сұрыптау дөңесінің жұмысы бойынша нұсқау, маневрлер кезіндегі шартты дыбысты сигналдар ведомосі, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау)

  11. ТБА-нің «Станция жайлы жалпы мәлімет» бөлімінде не жазылған? (жұмыс сипаты мен станцияның класстығы, оған жанасатын аралықтар мен онда орнатылған сигнал беру және байланыс құралдары, кіріс жолдары жайлы қысқаша мәлімет, әрбір станциялық жолдың нөмірі, қызметі, ұзындығы мен сыйымдылығы, разрядты және габариттен тыс жүктері бар пойыздарды қабылдау және бұл пойыздардың тұрақтау жолдары)

  12. Маневрлерді орындау кезінде жылжымалы құрамның жолдың соңында шектік бағаналардан әрі қарай шығып кетуін алдын алу шаралары ТБА-нің қай бөлімінде жазылған? (3. Маневрлік жұмыстарды ұйымдастыру)

  13. Станциядағы габариттен тыс жерлердің тізімі ТБА-нің қай бөлімінде көрсетілген? (4. Қауіпсіздік техникасын қамтамасыз ету)

  14. Пойыздар қозғалысымен басқару аймақтары мен әрбір аймақта пойыздарды қабылдау және жөнелтумен басқаратын жұмысшылардың міндеттері ТБА-нің қай бөлімінде көрсетілген? (2. Пойыздарды қабылдау және тапсыру)







10-тақырып Автоматика және телемеханика құралдарының қызметі. Сигналдардың түрлері мен сараптауы


  1. Автоматика және телемеханика құралдарының қызметі(пойыздардың аралықтағы және станциядағы қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету және реттеу үшін арналған)

  2. Темір жол автоматикасының техникалық құралдар кешені ... деп аталады. (сигнал беру, орталықтандыру және бұғаттау (СОБ) құралдары)

  3. СОБ құралдарында ... үшін сигналдар қолданылады. (пойыздардың аралықтағы қозғалысын, станциядағы маневрлік және пойыздік жұмыстарды реттеу үшін және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін)

  4. Қабылдау тәсілі бойынша сигналдардың түрлері: … (көрінетін және дыбыстық)

  5. Қолдану мезгілі бойынша сигналдардың түрлері.(күндізгі, түнгі және тәулік бойы)

  6. Бағдаршамдар ... сигналдарға жатады. (тұрақты)

  7. Бағдаршамдардың түрлері(кіру, шығу, өтпелі, маршруттық, маневрлік, қайталағыш, ескерту, паналау, бөгегіш, локомотивтік, дөңестік)

  8. Блок-телімдердің шекараларында қозғалысты реттеу үшін арналған бағдаршамдар ... (өтпелі)

  9. Машинисттің кабинасында орнатылатын және өтпелі бағдаршамдардың көрсеткіштерін қайталайтын бағдаршамдар: ... (локомотивтік)

  10. Қандай бағдаршамдар бөлек пункттердің шекараларында орнатылады? (өтпелі)

  11. Паналау бағдаршамдары - … (темір жолдардың басқа да темір жолдармен, трамвай жолдарымен және троллейбус линияларымен, ажыратылмалы көпірлермен және жол серігімен өтетін учаскелермен бір деңгейде қиылысу жерлерін қоршау үшін)

  12. Пойыздік жұмыстарда қолданылатын негізгі сигналдық түстерді атап өтіңіз. (қызыл, жасыл, сары)

  13. Маневрлік бағдаршамдарда қандай түстер қолданылады? (көк және айлы-ақ)

  14. Дыбыс сигналдарын не арқылы береді? (ысқырықтар, үрлейтін сыбызғылар, сиреналар, ысқырғылар, петардалар)



11-тақырып Станция мен аралықтағы сигнал беру, орталықтандыру және бұғаттау құрылғылары


  1. СОБ құралдарының негізгі қызметі? (пойыздар жүрісін ұйымдастыру үшін, өткізу қабілетін және жүру қауіпсіздігін арттыру үшін)

  2. Аралықтағы СОБ құрылғыларына жатады: … (автобұғаттау, жартылай автоматтық бұғаттау, автоматты локомотивтік сигнал беру, автоматты өткелдік сигнал беру, диспетчерлік бақылау құралдары)

  3. Станциялық СОБ құралдарына жатады: … (электрлік орталықтандыру, диспетчерлік орталықтандыру, дөңестік автоматтық орталықтандыру)

  4. Автоматтық бұғаттаудың қызметі? (аз қолданыстағы телімдердегі пойыздар қозғалысын интервалды реттеу үшін арналған)

  5. Жартылай автоматтық бұғаттау кезінде ... пойыздың аралықты иеленуіне рұқсат береді. (бағдаршамның рұқсат беру көрсеткіші)

  6. Автоматтық бұғаттау кезінде ... пойыздың аралықты иеленуіне рұқсат береді (бағдаршамның рұқсат беру көрсеткіші)

  7. Пойыздар қозғалысын реттеудің қандай жүйесі кезінде аралықта тек бір пойыз ғана бола алады? (жартылай автоматтық бұғаттау)

  8. Автобұғаттау кезінде блок-телімдердің шекараларында ... орнатыады. (өтпелі бағдаршамдар)

  9. Автобұғаттаудың түрлері? (2-, 3- және 4-белгілі)

  10. Сигналдарды жолдан машинисттің кабинасында орналасқан локомотивтік бағдаршамға үздіксіз жіберу үшін арналған құрылғы. (АЛС)

  11. - автобұғаттаумен жабдықталған учаскелерде пойыздік диспетчерге қозғалыстың орнатылған бағыты жайлы ақпаратты жіберу үшін қолданылады. (диспетчерлік бақылау құрылғылары)

  12. Автоматтық өткелдік сигнал беру құрылғылары қайда және не үшін қолданылады? (темір жол өткелдерінде, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көлік құралдарының қозғалысын реттеу үшін)

  13. Автоматтық өткелдік сигнал беру құрылғыларының түрлері? (реттелетін және реттелмейтін)

  14. Электрлік және диспетчерлік орталықтандырудың айырмашылығы неде? (ЭО бір станцияның шекарасында ғана қолданылады, ал ДО кезінде пойыздік диспетчер учаскедегі барлық аралық станциялардың стрелкаларымен және сигналдарымен бір басқару орталығынан басқарады)

  15. Дөңестік автоматтық орталықтандыру құрылғылары қайда қолданылады? (сұрыптау дөңестерінде қолданылады, стрелкалармен, дөңестік сигналдармен басқаруға, құрамды жылжыту және басқару жылдамдықтарын реттеуге мүмкіндік береді)

  16. АЛС немен толықтырылады? (машинисттің қырағылығын тексеру және пойыздың қозғалыс жылдамдығын бақылау құрылғылары және автостоппен)

  17. Қырағылық тұтқасының қызметі? (сары көрсеткішпен жүру кезінде (белгілі жылдамдықтан асқанда), сонымен қатар локомотив бағдаршамында сары мен қызыл және қызыл көрсеткіш жанғанда, машинисттің қырағылығын тексеру іске қосылады, яғни машинист әрбір 30-40 с сайын қырағылық тұтқасын басып тұруы тиіс. Қырағылық тұтқасы дер кезінде басылмаған әрбір жағдайда пойыз автоматты түрде автостоппен жабық бағдаршамның алдында тоқтатылады)

  18. ЧДК – бұл … (жиілік диспетчерлік бақылау, оған телебақылау құрылғылары кіреді)


12-тақырып Байланыс түрлері


  1. Атқаратын қызметі бойынша теміржолдағы байланыстың жіктелуі: (жалпықызметтік және арнайы)

  2. Пойыздар қозғалысын ұйымдастыруға арналған байланыс түрі? (арнайы байланыс)

  3. Жергілікті телефондық байланыс не үшін арналған? (бір пунктте орналасқан әр түрлі қызметтердің жұмысшыларының қызметтік сөйлесулері үшін)

  4. Учаскедегі станциялар жұмысшыларының бір-бірімен, жол бөлімшесімен және жол басқармасымен байланысы үшін арналған байланыстың түрі? (станциялық телефондық)

  5. Байланыстың қай түрімен пойыздік диспетчер станция кезекшілерімен басқарады жіне өз учаскесінде пойыздар қозғалысын ұйымдастырады? (пойыздік диспетчерлік байланыс)

  6. Магистральдік байланыстың қызметі: … (Көлік және коммуникациялар министрлігінің темір жол басқармаларымен байланысуы үшін)

  7. Аралықтағы жұмысшылардың бір-бірімен қызметтік телефондық сөйлесулерді жүргізу үшін арналған байланыстың түрі? (аралық)

  8. Жол байланысыжол басқармасы жұмыскерлерінің ... байланысуы үшін арналған (жол бөлімшелерімен және ірі станциялармен)

  9. Ірі станцияларға жақындап келе жатқан пойыздар туралы мәліметтерді жіберу үшін арналған байланыстың түрі? (ақпараттық телефондық және телеграфтық)

  10. Станциялық диспетчердің станция жұмысшыларымен қызметтік сөйлесулері үшін арналған байланыстың түрі? (станция ішіндегі диспетчерлік телефондық байланыс)



13-тақырып Жүк тасымалын жоспарлау және оның түрлері


  1. Жергілікті қатынастасымалдаулар ... бойында орындалады (бір жол)

  2. Тура қатынасжүкті ... шекарасында тасымалдайды (екі және одан көп жолдар)

  3. Тура аралас қатынасжүкті көліктің бірнеше түрлерімен, бірақ ... тасымалдайды. (барлық жол бойына құрастырылған бір тасымал құжаттарымен)

  4. Тура халықаралық теміржол (немесе теміржол-су) қатынасыжүкті ... теміржолдарының бойымен тасымалдайды. (бір немесе бірнеше мемлекеттің)

  5. Бір тасымал құжатымен тасымалдауға қабылданған жүктің мөлшерібұл(жөнелтпе)

  6. Жылдам жеткізуді талап ететін жүктердіжылдамдықпен тасымалдайды (үлкен)

  7. Жөнелтпелердің түрлері: … (шағын, топтаулы, вагондап, аз тонналы, маршруттық)

  8. Тасымалдау үшін жеке вагонды талап ететін жүк мөлшері -- … (вагондық жөнелтпе)

  9. Аз тонналы жөнелтпе дегеніміз: … (массасы 10 тоннадан 20 тоннаға дейін жететін, бір құжатпен тасымалданатын және төртосьті вагонның жартысынан көп көлемін қамтитын жүк партиясы)

  10. массасы 10 тоннадан аспайтын, ал көлемі – жабық төртосьті вагонның, жартылай ашық вагонның 1/3 бөлігінен аспайтын және бір құжатпен тасымалданатын жүк партиясы (шағын жөнелтпе)

  11. тасымалдау үшін бір вагоннан көп, бірақ маршруттан кем қажет ететін және бір құжатпен тасымалданатын жүк партиясы (топтаулы жөнелтпе)

  12. Маршруттық жөнелтпебұл(жүкті тасымалдауға құрам құрастыруға жеткілікті мөлшерде ұсыну, бір құжат бойынша тасымалдау)

  13. Тасымал жоспарларының түрлері: … (перспективті, ағымдағы, шұғыл)

  14. Бес және одан көп жылдарға құрастырылатын жоспар: … (перспективті)

  15. Тиімсіз тасымалдаулар: … (қарсы, тым алыс, қысқа жүгірістік, қайталама)

  16. Тиеу пункттерінде белгілі жеткізілім станциясына дейін (түсіру станциясы немесе тарату станциясына) қайта өңдеусіз жүретін тіке пойыздарды құрастыру бұл(тасымалдарды маршруттау)

  17. Жөнелтушілік маршрут - бұл … (бір станцияда бір жөнелтушімен тиелген маршрут)

  18. Сатылы маршрут – бұл(бір станцияда немесе учаскенің бірнеше станцияларында әр түрлі жөнелтушілермен тиелген вагондардан құрастырылған маршрут)



Тақырып 14 Пойыздар жүрісінің тәртібі және оны басқару. Темір жолдың өткізгіштік және тасымал қабілеттері


1. Жол диспетчерлерішұғыл жұмысын бақылайды және ... туындайтын мәселелерді шешеді (жол бөлімшелерінің; көршілес станциялар арасындағы тоғыстарда).

2. Пойыздар қозғалысымен тікелей басқарады және темір жол телімдерінің жұмысын ұйымдастырады - … (пойыздық диспетчер).

3. Пойыздық диспетчерге оперативті түрде ... бағынады. (диспетчерлік шеңбердің барлық станцияларының кезекшілері)

4. … орындалған қозғалыс кестесін жүргізеді. (Пойыздық диспетчер)

5. Станция кезекшілерінің негізгі міндеттері(пойыздарды мезгілімен қабылдау үшін бос жолдардың болуын және дайын болуын қамтамасыз ету)

6. Темір жолдың барлықжелілерінде оңжақты қозғалыс қабылданған. (қосжолды)

7. Пойыздардың оң жақ жолмен қозғалысы ... қозғалыс деп, ал дәл сол жолмен қарсы бағыттағы пойыздың жүрісі ... қозғалыс деп саналады. (дұрыс; дұрыс емес)

8. Пойыздарды дұрыс емес жолмен … бұйрығымен жөнелтеді (пойыздық диспетчердің)

9. … белгілі уақыт аралығында (тәулік, сағат) өткізіле алатын пойыздардың максималды саны. (Темір жол желісінің өткізу қабілеттілігі)

10. Осы желіге бір жыл ішінде келетін жүк тасымалының ықтимал көлемі – бұл … (темір жол желісінің тасымалдау қабілеттілігі)


Тақырып 15 Материалдық-техникалық қамтамасыз ету


1. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету МТҚ – бұл материалдық-техникалық қорларды сатып алуды, жеткізілімді, таратуды, сақтауды, есепке алу мен бақылауды … жүйесі (жоспарлау және ұйымдастыру)

2. МТҚ мүшелерінің функцияларын күтудің қанша бағыттары бар? (үш)

3. МТҚ мүшелерінің функцияларын күтудің қандай бағыттары бар? (жоспарлау, ұйымдастыру, жұмысты бақылау және үйлестіру)

4. Өнімнің өндіру кәсіпорнынан тұтыну кәсіпорнына жылжу тәсіліне байланысты қамту формаларының түрлері: … (транзиттік және қоймалық)

5. Қамтудың қай формасында өнім өндірушіден тікелей тұтынушыға жөнелтіледі (қамту (делдалдық) ұйымдарының аралық қоймаларына тоқтамай)? (транзиттік)

6. Қамтудың қоймалық түрінде өнімнің өндіру кәсіпорнынан тұтыну кәсіпорынға дейін жылжу тәсілі (өнім өндірушіден алдымен қамту (делдалдық) ұйымдардың қоймаларына түседі, содан кейін бұл қоймалардан тұтынушыларға шағын партиялармен жөнелтіледі)

7. Қамтудың транзиттік түрінің негізгі артықшылығы … (тұтынушылардың көліктік-дайындау шығындары азайтылады)

8. Қамтудың қоймалық түрінің артықшылығы: … (өндірістік қорлар мен құжатайналымы қысқарады, кешенді қамту мүмкіндігі туындайды)

9. Темір жол көлігінде қамту үрдісімен басқару субъектісі – бұл … (материалдық-техникалық қамтамасыз ету мүшелерінің жүйесі)

10. Қамтудың қай түрінің кемшіліктеріне өндірістік қорлар мен құжат айналымының көлемінің ұлғаюы жатады? (тарифтік)



16-тақырып Метрополитендер


1. Метрополитен – желілері ... тоннельдерде төселген шапшаң жергілікті жолаушылық темір жол көлігі. (толығымен немесе бөлшектеліп)

2. Метрополитен – бұл … (жолаушыларды тасымалдау үшін арналған даладан тыс электрлі темір жол)

3. ... метро желілері жердің астында, ал басқа аудандарда – ашық қуыстарда, жер бетінде немесе эстакадаларда төселеді. (қаланың орталық бөлігінде)

4. Маршруттармен автоматты түрде басқару үшін ... қолданылады. (компьютерлер)

5. Әлемдегі ең алғашқы жер асты темір жолы қайда құрылды? ( Лондонда)

6. Метрополитен желілерінің жіктелуі … (жер асты, жер бетіндегі және жер үстіндегі)

7. Метрополитендер тұрғындар саны қалаларда құрылады. (1 млн-нан асатын)

8. Метрополитендердегі жолтабанның ені: … (1520 мм)

9. Метрополитенде қолданылатын габариттердің түрлері: … (жылжымалы құрам габариті, жабдықтардың жақындау габариті мен құрылыстардың жақындау габариті)

10. Метрополитенде қандай маркалы айқастырмалар қолданылады? (барлық жолдарды 1/9, өзге жолдарда 1/5)

11. Сигналдар қайда орнатылады? (жүріс бойынша оң жақтан)

12. Жер бетіндегі желілерде және тоннельдердежолда жылжымалы құрамды орнатуға болатын шекараларды көрсетеді. (шектік бағаналар; шектік төрткілдештер)

13. Пойыздардың қозғалысын ұйымдастыру және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін метрополитен желілері қандай құрылыстармен жабдықталады? (пойыздар қозғалысымен автоматты түрде басқарудың кешенді жүйесімен, ЭО, ДО)

14. Алматы қаласында метрополитен қай жылы құрылды? ( 2011ж)

15. Жер бетіне жақын орналасқан жер асты желілер жер бетінен қандай қашықтықта орналасады? (8-12 м)































Қолданылған әдебиеттер тізімі


  1. Хушит Л.И. Общий курс железных дорог. – М.: Маршрут, 2005. – 256 б.

  2. Под редакцией Соколова В.Н. Общий курс железных дорог. – М.: УМК МПС России, 2002. – 296 б.

  3. Под редакцией Ефименко Ю.И. Общий курс железных дорог. – М.: Академия, 2005. – 256 б.

  4. Калинин В.К. Общий курс железных дорог. – М.: Высшая школа, 1986. – 304 б.




















Краткое описание документа:

       Оқыту материалының игерілу жетістігі оқытушы оқушының ойлау қызметінің қарқындылығын қамтамасыз ете білуіне байланысты болады. 

Оқушылардың өздігінен активті жұмыс істеуі формасының бірі – техникалық диктанттар. Олар ойлау қабілеттілігінің тереңділігінің, зерделігінің дамуына, сонымен қатар өткен материалдарды терең бекітуге себеп болады.

      Техникалық диктанттар жиынтығы, біріншіден, оқушыларғы оқу материалдарын жүйелеуге көмектеседі. Екіншіден, ол алған білімдерін қолдана білуге бағытталған. Үшіншіден, оқушыларға оқу жетістіктерін тексеруге дайындалуға, ал оқытушыға техникалық бағалауды жүргізуге мүмкіндік береді. 

Автор
Дата добавления 13.02.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров4557
Номер материала 385823
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх