Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Тесты / "Темір жолдың жалпы курсы" пәні бойынша тест сұрақтар жинағы

"Темір жолдың жалпы курсы" пәні бойынша тест сұрақтар жинағы

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

АКАДЕМИК СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЕКІБАСТҰЗ ИНЖЕНЕРЛІК - ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ КОЛЛЕДЖІ





hello_html_3692baae.jpg















1108000 «Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану және техникалық қызмет

көрсету (түрлері бойынша)»

мамандығына (мамандықтар тобына) арналған


hello_html_m2a384db7.gif

пәні бойынша



hello_html_m33e69487.gif














2014-15


Құрастырды/Составил:

оқытушысы:


Бексеитова Д.М.

преподаватель

подпись



пәндік-циклдiк комиссиясында мақұлданды /

Одобрено цикловой методической комиссией


Хаттама №


ЦӘК төрағасы


Бексеитова Д.М

Протокол №


Председатель ЦМК

подпись






«


»


20


ж/г



Келісілді / Согласовано:


директордың ОЖ бойынша орынбасары


Б.К. Орынбаев

зам. директора по учебной работе

подпись
































  1. Жолдың қарамағындағы локомотивтердің бөлінуі:

А. жұмыс істейтін және жарамсыз парк;

Б. пайдаланылатын және пайдаланылмайтын парк;

В. жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін парк;

Г. инвентарлы және жұмыс істейтін парк;

Д. пайдаланылатын және жарамсыз парк.

  1. Бұл жолға жүргенде жылжымалы құрам бағыттамалы бұрмада солға немесе оңға бұрылады:

А. сақтандырғыш;

Б. тұйық;

В. бүйір;

Г. басты;

Д. тартымдық.

  1. Созылмалы еңіспен жүру кезінде басқарудан шыққан пойызды немесе пойыздың бір бөлігін тоқтатуға арналған тұйық жол:

А. сақтандырғыш;

Б. ұстағыш;

В. қосалқы;

Г. тұйық;

Д. қорғағыш.

  1. Бөлек пункттерге төмендегілердің қайсысы жатпайды?

А. жолаушылық аялдама пункті;

Б. айырықтар;

В. озып өту пункті;

Г. станциялар;

Д. автоблокировка кезіндегі өтпелі бағдаршамдар.

  1. Жеке кәсіпорындарға, ұйымдарға және мекемелерге қызмет көрсету үшін арналған, темір жолдың жалпы торабымен үзіліссіз рельстік жолтабанмен байланысқан және темір жолдың немесе кәсіпорынның, ұйымның және мекеменің қарамағындағы жол:

А. станциялық жол;

Б. басты жол;

В. кіріс жол;

Г. қабылдау-жөнелту жолы;

Д. тартымдық.

  1. Пойыздарды қабылдау үшін арналған жолдар:

А. қабылдау-жөнелту жолдары;

Б. тартымдық;

В. сұрыптау жолдары;

Г. басты жолдар

Д. деполық жолдар.

  1. Басты жолдар дегеніміз:

А. аралық жолдардың жалғасы;

Б. вагондарды жинау үшін арналған жолдар;

В. қабылдау-жөнелту жолдары;

Г. кәсіпорындардың кіріс жолдары;

Д. вагондарды жөндеу үшін арналған жолдар.

  1. Қабылдау-жөнелту жолдарының пайдалы стандарттық ұзындығы:

А. 850 және 1250 м;

Б. 1050 және 1250 м;

В. 1050, 1100 және 900 м;

Г. 850, 1050 және 1250 м;

Д. 750, 850 және 1000 м.

  1. Бір-бірімен және маневрлерді жүргізетін локомотивпен біріктірілген вагондар тобы:

А. маневрлік құрам;

Б. маневрлік топ;

В. маневрлік вагон;

Г. маневрлік локомотив;

Д. маневрлік пойыз.

  1. Локомотивтерге және моторвагонды пойыздарға қызмет көрсету үшін тағайындалған жұмысшылар:

А. локомотивтік мердігерлік;

Б. локомотивтік топ;

В. локомотивтік бригада;

Г. локомотивтік жұмысшылар;

Д. локомотивтік жүргізушілер.

  1. Маневрлік құрамның бір жолдан екінші жолға (жүру бағытын өзгертумен) қозғалысы-бұл:

А. маневрлік рейс;

Б. маневрлік жарты рейс;

В. қозғалыс қашықтығы;

Г. маневрлер;

Д. құрамның рейсі.

  1. Станцияның техникалық-басқару актісін кім құрастырады?

А. жүріс тексерушісі;

Б. станция кезекшісі;

В. пойыздік диспетчер;

Г. станция бастығы;

Д. оператор.

  1. Маневрлерді жүргізуге рұқсат беретін сигнал:

А. сары;

Б. жасыл;

В. айлы-ақ;

Г. ақ;

Д. мөлдір.

  1. Дыбыстық сигналдар төмендегілердің қайсысымен берілмейді?

А. жалаушамен;

Б. петарданың жарылысымен;

В. сиренамен;

Г. ысқырықтармен;

Д. үрлейтін сыбызғымен.

  1. Түнгі уақытта сигналдарды немен береді?

А. жалаушалармен;

Б. шаммен;

В. қалқандармен;

Г. дисктармен;

Д. қолмен.

  1. Автоблокировка кезінде аралық қанша блок-учаскеге бөлінеді?

А. 2;

Б. 3;

В. 2 және одан да көп;

Г. блок-учаскелерге бөлінбейді;

Д. 4.

  1. Автоблокировка кезінде пойызге аралыққа шығу үшін не қажет?

А. бағыттамалы бұрма бойынша кезекшінің рұқсат беруі;

Б. бағдаршамның рұқсат ету көрсетуі;

В. станция кезекшісінің сигналды белгісі;

Г. жол телефонограммасы;

Д. скоростемердің көрсетуі.

  1. Атқаратын қызметіне қарай теміржол көлігіндегі байланыстың бөлінуі:

А. жалпы қызметтік және арнайы;

Б. диспетчерлік және арнайы;

В. аралықтық және станциялық;

Г. жергілікті және сызықтық-жол;

Д. жалпықызметтік және диспетчерлік.

  1. Тасымалдауға бір тасымалдау құжаттарымен қабылданған жүк мөлшері:

А. қатынас;

Б. топ;

В. маршрут;

Г. жөнелтпе;

Д. жүк айналымы.

  1. Теміржол қатынасының түрлері:

А. топтаулы, жергілікті, вагондап;

Б. жергілікті, тікелей, халықаралық;

В. тікелей және халықаралық;

Г. жергілікті, тікелей, тікелей аралас, тікелей халықаралық;

Д. тікелей, тікелей аралас, тікелей халықаралық.

  1. Станция немесе аралық белгілі уақытта өткізе алатын пойыздар саны - бұл…

А. тасымалдау қабілеті;

Б. өңдеу қабілеті;

В. пойыз ағыны;

Г. жүктасымалдылық;

Д. өткізу қабілеті.

  1. Тасымалдау қабілеті – бұл:

А. станцияның бір тәулік ішінде өткізе алатын жүк мөлшері;

Б. бір тәулікте тасымалдана алатын жүк мөлшері;

В. станцияның бір тәулік ішінде өңдей алатын вагондардың максималды саны;

Г. вагонопотоктарды ұйымдастыру жүйесі;

Д. бір тәулікте өткізілетін пойыздар саны.

  1. Шектік бағана нені көрсетеді?

А. кіру бағдаршамын орналастыру жерін;

Б. жолда жылжымалы құрамның орналасу шектерін;

В. жолдың атқаратын қызметін;

Г. бағыттамалы бұрманың орналасу жерін;

Д. жаяу адамдар жүретін өтпелердің орналасатын жерлерін.

  1. Арнайы вагондарға төмендегілердің қайсысы жатпайды?

А. жартылай вагондар;

Б. изотермиялық;

В. цистерналар;

Г. малдарға арналған;

Д. тоңазытқыштық.

  1. Тез бүлінетін жүктерді тасымалдау үшін арналған вагондар:

А. платформалар;

Б. жартылай вагондар;

В. жабық вагондар;

Г. изотермиялық;

Д. цистерналар.

  1. Жылдамдықты жатық төмендету үшін немесе пойызды алдын ала көзделген жерде тоқтату үшін қолданылатын тежелуді қалай атайды?

А. жедел;

Б. шұғыл;

В. қызметтік;

Г. баяу;

Д. абайлап.

  1. Рельстік жолмен қозғалатын және құрамдардың орнын ауыстыру үшін арналған қуатты тартымдық қондырғы:

А. вагон;

Б. контейнер;

В. пойыз;

Г. машина;

Д. локомотив.

  1. Депоның бөлінуі:

А. айналымды және айналымды емес;

Б. негізгі және айналымды;

В. негізгі және қосалқы;

Г. негізгі, айналымды және құрама;

Д. айналымды және құрама.

  1. Жүк вагондарын нөмірлеу жүйесінде бірінші сан нені білдіреді?

А. вагонның түрі;

Б. вагонның осьтігі;

В. реттік нөмірі;

Г. жолдың индексі;

Д. шығарылған жылы.

  1. Жүк вагондарын нөмірлеу жүйесінде екінші сан нені білдіреді?

А. вагонның түрі;

Б. вагонның осьтігі;

В. реттік нөмірі;

Г. жолдың индексі;

Д. шығарылған жылы.

  1. Пойызге аралықтан станцияға кіруге рұқсат ететін немесе тыйым салатын бағдаршам:

А. ескертуші;

Б. тасалау;

В. маршруттық;

Г. кіру;

Д. локомотивтік.

  1. Бағдаршамдар қандай сигналдарға жатады?

А. тұрақты;

Б. дыбыстық;

В. көшірмелі;

Г. блоктау;

Д. қоршау сигналдарына.

  1. Станцияның техникалық-басқару актісін кім тексереді?

А. станция бастығы;

Б. учаскенің бастығы;

В. жол бөлімшесінің бастығы;

Г. тауарлық кассир;

Д. жүріс ревизоры.

  1. Станцияның техникалық-басқару актісі қанша бөлімнен тұрады?

А. 6;

Б. 2;

В. 3;

Г. 5;

Д. 4.

  1. Белгілі бұйрық беруге қолданылатын көрінетін немесе дыбыстық шартты белгі:

А. пароль;

Б. шифр;

В. сигнал;

Г. код;

Д. өкім.

  1. Сақтандырғыш тұйықтардың ұзындығы қанша болу керек?

А. 60 метрден кем емес;

Б. 55 метрден кем емес;

В. 50 метрден кем емес;

Г. 45 метрден кем емес;

Д. 40 метрден кем емес.

  1. Жылжымалы құрамның пойыздардың жүру маршрутына шығып кетуін болдырмау үшін арналған тұйық жол:

А. сақтандырғыш;

Б. ұстағыш;

В. қосалқы;

Г. тұйық;

Д. қорғағыш.

  1. Жүк вагондарын нөмірлеу жүйесінде бірінші сан 8 болса, нені білдіреді?

А. жабық вагон;

Б. платформа;

В. жартылай вагон;

Г. изотермиялық вагон;

Д. цистерна.

  1. Жүк вагондарын нөмірлеу жүйесінде екінші сан 8 болса, нені білдіреді?

А. екіосьті;

Б. төртосьті;

В. алтыосьті;

Г. көпосьті;

Д. изотермиялық.

  1. Теміржол жолдарының бөлінуі:

А. басты, станциялық және арнаулы;

Б. жалпы және жеке қолданыстағы;

В. кіріс және станциялық;

Г. басты және арнайы;

Д. сұрыптау және қабылдау-жөнелту.

  1. Пойызге станциядан аралыққа өтуге рұқсат ететін немесе тыйым салатын сигнал:

А. өтпелі;

Б. кіру;

В. шығу;

Г. маршруттық;

Д. маневрлік.

  1. Пойызге бір блок-учаскеден басқа блок-учаскеге өтуге рұқсат ететін немесе тыйым салатын тұрақты сигнал:

А. кіру;

Б. шығу;

В. маршруттық;

Г. маневрлік;

Д. өтпелі.


  1. Маршруттық бағдаршамның атқаратын қызметі:

А. пойызге аралықтан станцияға өтуге рұқсат береді немесе тыйым салады;

Б. темір жолдардың басқа да темір жолдармен, трамвай жолдарымен және троллейбус линияларымен, ажыратылмалы көпірлермен және жол серігімен өтетін учаскелермен бір деңгейде қиылысу жерлерін қоршау үшін арналған;

В. маневрлерді жүргізуге рұқсат береді немесе тыйым салады;

Г. пойызге станцияның бір ауданынан екінші ауданына өтуге рұқсат береді немесе тыйым салады;

Д. өтпелерде, жасанды құрылыстарда және құлама жерлерде жүріске қауіп пайда болғанда, сонымен қатар, станцияда құрамды тексеруге және жөндеуге қоршағанда тоқтауды талап етеді.

  1. Сигналдарды қайда орналастырады?

А. станция осінде;

Б. жол аралығының ортасында;

В. жүріс бағыты бойынша сол жақта;

Г. бағыттамалы бұрманының қасында;

Д. жүріс бағыты бойынша оң жақта.

  1. Станциядағы сигнал беру, орталықтандыру және блоктау құрылғыларына төмендегілердің қайсысы жатады?

А. электрлік және диспетчерлік орталықтандыру;

Б. автоматты өтпелік сигнал беру, автоблокировка;

В. диспетчерлік, электрлік және дөңестік орталықтандыру;

Г. автоматты локомотивтік сигнал беру және автоаял;

Д. автоблокировка, жартылай автоблокировка.

  1. Жұмысы ауа райынан тәуелсіз көліктің түрі:

А. теңіз;

Б. өзен;

В. теміржол;

Г. әуе;

Д. автомобильді.

  1. Тік горизонтальді жолда жылжымалы құрамның сыртқа шықпай орналасуының шекті, көлденең (жол осіне перпендикуляр) кескіні:

А. жылжымалы құрам габариті;

Б. құрылыстардың жақындау габариті;

В. жүк габариті;

Г. тиеу габариті;

Д. пойыз габариті.

  1. Жартылай автоблокировка кезінде перегон қанша блок-учаскеге бөлінеді?

А. 2 және одан да көп;

Б. 3;

В. 2;

Г. 7;

Д. біреу.

  1. Атқаратын қызметіне қарай теміржол көлігіндегі байланыс қанша түрге бөлінеді?

А. 5;

Б. 3;

В. 4;

Г. 2;

Д. 6.

  1. Темір жол көлігінде жұмыс істеу құқығы бар тұлғалар:

А. жұмыс істеуге талпынысы бар адамдар;

Б. мамандық бойынша емтихан тапсырған адамдар;

В. екі мамандығы болу керек;

Г. 18 жасқа толған және тиісті білімдері бар тұлғалар;

Д. жоғарғы оқу орнын бітіргендер.

  1. Жоғарғы құрылымның элементтеріне төмендегілердің қайсысы жатпайды?

А. шпалдар;

Б. рельстер;

В. контакт желісі;

Г. бекітулер;

Д. бағыттамалы аудармалар.

  1. Рельстерді неден жасайды?

А. резинадан;

Б. полипласттан;

В. щойыннан;

Г. алюминийден;

Д. рельстік болаттан.

  1. Барлық жүк пойыздарына құрастыру станциясында берілетін 10 саннан тұратын арнайы код:

А. пойыздың коды;

Б. жүк пойызының индексі;

В. пойыздың шифрі;

Г. пойыздың нөмірі;

Д. пойыздың паролі.

  1. Аралықта немесе аралықтың бір бөлігінде жетекші локомотивке көмек ретінде жіберілетін локомотив (пойыздың соңында):

А. маневрлік;

Б. жетекші;

В. итермелеуші;

Г. шаруашылық;

Д. қалпына келтіруші.

  1. Пойызды дереу тоқтату үшін қолданылатын тежелуді қалай атайды?

А. кенет;

Б. жедел;

В. шұғыл;

Г. тез;

Д. қызметтік.

  1. Жабық вагондарда нені тасымалдайды?

А. ауырсалмақты жүктерді;

Б. құйылма жүктерді;

В. жоғары бағалы жүктерді;

Г. ұзынөлшемді жүктерді;

Д. үлкен жүктерді.

  1. Дербес емес жылжымалы құрамға төмендегілердің қайсысы жатады?

А. тепловоз;

Б. электровоз;

В. дрезина;

Г. газотурбовоз;

Д. паровоз.

  1. Атқаратын жұмысына байланысты локомотивтердің бөлінуі:

А. жолаушылық, жүк, маневрлік;

Б. дербес және дербес емес;

В. жолаушылық және маневрлік;

Г. жолаушылық, жүк;

Д. дербес, дербес емес және маневрлік.

  1. Молтасымалды үймежүктерді қандай вагондарда тасымалдайды?

А. жабық вагондарда;

Б. жартылай ашық вагондарда;

В. цистерналарда;

Г. изотермиялық вагондарда;

Д. тасымалдағыштарда.

  1. Пойызды тоқтатуға немесе оның жылдамдығымен реттеу үшін қажетті жүріске жасанды кедергі тудыратын құрылғы:

А. курбель;

Б. тежегіш кебіс

В. тежегіш;

Г. айдауға қарсы бекітпе;

Д. автотоқтатқыш.

  1. Түзу горизонтальді жолда орналасқан ашық жылжымалы құрамда жүктің сыртқа шықпай орналасатын шекті, көлденең (жол осіне перпендикуляр) кескіні:

А. жылжымалы құрам габариті;

Б. құрылыстардың жақындау габариті;

В. жүк габариті;

Г. тиеу габариті;

Д. пойыз габариті.

  1. Жүк вагондарын нөмірлеу жүйесінде бірінші сан 6 болса, нені білдіреді?

А. изотермиялық вагон;

Б. жабық вагон;

В. цистерна;

Г. жартылай ашық вагон;

Д. платформа.

  1. Жүк вагондарын нөмірлеу жүйесінде екінші сан 2 болса, нені білдіреді?

А. көпосьті;

Б. екіосьті;

В. платформа;

Г. төртосьті;

Д. изотермиялық.

  1. Ішіне жылжымалы құрамнан басқа құрылыстар мен құрылғылардың ешқандай бөліктері кірмейтін шекті, көлденең (жол осіне перпендикуляр) кескіні:

А. жылжымалы құрам габариті;

Б. құрылыстардың жақындау габариті;

В. жүк габариті;

Г. тиеу габариті;

Д. пойыз габариті..

65. Көліктің түрлері:

  1. магистральді, өндірістік;

  2. өнеркәсіптік, магистральді;

  3. теміржол және өндірістік;

  4. жалпы қолданымдағы және дербес;

  5. қалалық және сыртқы.

66. Тиеу габаритін немен тексереді?

  1. габариттік қақпалармен;

  2. габариттік жақтаулармен;

  3. платформамен;

  4. тексерілмейді;

  5. көзбен шолу арқылы.

67. Құрылыстардың жақындау габаритін немен тексереді?

А. габариттік қақпалармен;

Б. габариттік жақтаулармен;

В. платформамен;

Г. тексерілмейді;

Д. көзбен шолу арқылы.

  1. Желі трассасының үстінен көрінісі:

  1. көлбеулік;

  2. көлбеу;

  3. бұрылыс;

  4. станция;

  5. план.

69. Жер төсемінің желі трассасы бойынша тігінен кескіні:

А. план;

Б. профиль;

В. көлбеу;

Г. алаң;

Д. станция.

70. Өрдің қай түрінде пойыздың артында қосымша локомотив-итермелегіш қосылады:

А. итеру;

Б. екі тартымды;

В. жетекші;

Г. есептік;

Д. үш тартымды.

  1. Теміржол және автомобильдік жолдардың әр түрлі деңгейлерде қиылысу жерлерінде нені құрады?

А. құбыр;

Б. тоннельдер;

В. акведуктар;

Г. жол өтпелері;

Д. виадуктар.

72. Теміржолдарды өзендер мен басқа да сулардан өткізу үшін арналған жасанды құрылыстар:

А. галерея;

Б. көпірлер;

В. эстакадалар;

Г. тіреу қабырғалары;

Д. тоннельдер.

73. Үйіндінің астынан біршама аз мөлшерде су өткізу керек болғанда құрылатын жасанды құрылыстар:

А. тоннельдер;

Б. құбырлар;

В. акведуктар;

Г. жол өтпелері;

Д. көпірлер.

74. Темір жолдар тау шатқалын, терең аңғарлар мен жыраларды басып өткенде биік үйіндінің орнына жасалатын құрылыстар:

  1. жол өтпелері;

  2. эстакадалар;

  3. виадуктар;

  4. тоннельдер;

  5. құбырлар.

75. Жер астынан теміржолды немесе автомобильдік жолды, жаяу адамдарды өткізу үшін құрылатын жасанды құрылыстар:

  1. көпірлер;

  2. құбырлар;

  3. галереялар;

  4. тіреу қабырғалары;

  5. тоннельдер.

76. Жолды таудағы қар көшкінінен сақтайтын жасанды құрылыстар:

  1. галереялар;

  2. тіреу қабырғалары;

  3. эстакадалар:

  4. виадуктар;

  5. жол өтпелері.

77. Рельстер үшін тірек болып келеді, қысымды рельстен балластқа өткізеді, жолтабан енінің тұрақтылығын және жолдың орнықтылығын қамтамасыз етеді:

А. шпалдар;

Б. жапсырмалар;

В. жасанды құрылыстар;

Г. бекітулер;

Д. балласт жігі.

78. Р65 типті рельстердегі санның мәні:

А. нөмір;

Б. серия;

В. 1 метр рельстің массасы;

Г. ұзындығы;

Д. шығарған жылы.

79. Рельстердің бір-бірімен қосылатын жерін қалай атайды?

А. қосылулар;

Б. дәнекерлеу;

В. түйіспе;

Г. жапсар;

Д. бекітулер.

80. Р50 және одан да ауыр типті рельстердің стандартты ұзындығы:

А. 12,5 м;

Б. 20 м;

В. 15 м;

Г. 25 м;

Д. 30 м.

81. Рельс қандай бөліктерден тұрады?

  1. қалпақшасы, мойны, табаны;

  2. басы, табаны;

  3. мойны, қалпақшасы;

  4. басы, ортасы, табаны;

  5. қалпақшасы, табаны.

82. Рельстік бекітулердің түрлері:

  1. кеспелі, кеспелі емес;

  2. жапсарлық, аралық;

  3. бөлектенген, аралас;

  4. бөлектенген, бөлектенбеген;

  5. жапсарлық, аралас.

83. Жеңіл типті рельстердің ұзындығы қанша?

  1. 25 м;

  2. 15 м;

  3. 22,5 м;

  4. 30 м;

  5. 12,5 м.

84. Жылжымалы құрамды бір жолдан екінші жолға аудару үшін арналған құрылғылар:

А. курбель;

Б. ауыстырма білеулер;

В. бағыттамалы бұрмалар;

Г. аудармалық тетік;

Д. бағдаршам.

85. Бағыттамалы бұрманы қолмен аудару үшін қолданылатын құрылғы:

А. курбель;

Б. теңгергіш;

В. балға;

Г. сомын кілт;

Д. штангенциркуль.

86. Шектік бағананы жол аралығының ортасында, қосылатын жолдардың осьтерінің арасындағы қашықтық ... тең болатын жерде орналастырады:

А. 4100 мм;

Б. 3500 мм;

В. 5000 мм;

Г. 2500 мм;

Д. 4500 мм.

87. Жақтаулық рельстен, үшкірлерден және аудармалық тетіктен тұратын бағыттамалы бұрманың бөлігі:

А. айқастырма;

Б. шпал;

В. жанама рельс;

Г. стрелка;

Д. өзекше.

88. Бағыттас жүріс дегеніміз:

А. айқастырмадан үшкірлерге қарай жүріс;

Б. үшкірден айқастырмаға қарай жүріс;

В. айқастырманың математикалық центрінен оның бүйіржағына қарай жүріс;

Г. қабылдау жапсарынан аудармалық қисықтың ортасына дейінгі жүріс;

Д. кіру бағдаршамынан бағыттамалы бұрманың үшкіріне қарай жүріс.

89. Бағытқа қарсы жүріс дегеніміз:

А. айқастырмадан үшкірлерге қарай жүріс;

Б. үшкірден айқастырмаға қарай жүріс;

В. айқастырманың математикалық центрінен оның бүйіржағына қарай жүріс;

Г. қабылдау жапсарынан аудармалық қисықтың ортасына дейінгі жүріс;

Д. кіру бағдаршамынан бағыттамалы бұрманың үшкіріне қарай жүріс.

90. Өзекшенің жұмыс жақтарының қиылысу нүктесі қалай аталады?

  1. айқастырманың бүйіржағы;

  2. айқастырманың бұрышы α;

  3. айқастырманың түбі;

  4. айқастырманың математикалық центрі;

  5. бағыттамалы бұрманың центрі.

91. Өзекшенің жұмыс жақтарының арасындағы бұрыш:

  1. айқастырманың түбі;

  2. бағыттамалы бұрманың математикалық центрі;

  3. айқастырманың бұрышы α;

  4. стрелканың бүйіржағы;

  5. үшкірдің математикалық центрі.

92. Мұртшалар арасындағы ең тар кеңістік:

  1. айқастырманың математикалық центрі;

  2. айқастырманың алқымы;

  3. жанама рельстің түбі;

  4. айқастырманың бүйіржағы;

  5. жақтаулық рельстің алқымы.

93. Өзекшенің ең кең бөлігі:

  1. айқастырманың алқымы;

  2. айқастырманың математикалық центрі;

  3. бағыттамалы бұрманың математикалық центрі;

  4. үшкірдің бұрышы α;

  5. айқастырманың түбі.

94. Айқастырманың маркасын қандай формуламен анықтайды?

  1. 1/N=tgα;

  2. 1/ tgα=N;

  3. N= tgα;

  4. 1+N= tgα;

  5. 1-N= tgα.

95. Бағыттамалы бұрмалар қандай түрлерге бөлінеді?

  1. кәдімгі, қосарланған;

  2. симметриялы, симметриялы емес;

  3. оңаша, қосарланған;

  4. оңжақты, солжақты;

  5. кәдімгі, симметриялы, симметриялы емес.

96. Суреттегі бағыттамалы бұрманың түрін атаңыз:

hello_html_m7082b006.png


  1. қосарланған;

  2. кәдімгі оңжақты;

  3. кәдімгі солжақты;

  4. симметриялы;

  5. симметриялы емес.

97. Суреттегі бағыттамалы бұрманың түрін атаңыз:

hello_html_5ccd8292.png

  1. оңаша оңжақты;

  2. симметриялы;

  3. қосарланған;

  4. кәдімгі солжақты;

  5. кәдімгі оңжақты.

98. Суреттегі бағыттамалы бұрманың түрін атаңыз:

hello_html_1024c571.png


  1. симметриялы;

  2. оңаша солжақты;

  3. қосарланған;

  4. симметриялы емес;

  5. солжақты.

99. Суреттегі бағыттамалы бұрманың түрін атаңыз:

hello_html_m556e6ee4.png

  1. симметриялы емес;

  2. қосарланған;

  3. кәдімгі оңжақты;

  4. кәдімгі солжақты;

  5. симметриялы.


100. Төмендегілердің қайсысы айқастырманың маркасына жатпайды?

  1. 1/22;

  2. 1/18;

  3. 1/17;

  4. 1/11;

  5. 1/9.


























Тестілердің жауаптары


Сұрақ №

Жауабы

Сұрақ №

Жауабы

Сұрақ №

Жауабы

1

Б

35

В

69

Б

2

В

36

В

70

В

3

Б

37

А

71

Г

4

А

38

Г

72

Б

5

В

39

В

73

Б

6

А

40

А

74

В

7

А

41

В

75

Д

8

Г

42

Д

76

А

9

А

43

Г

77

А

10

В

44

Д

78

В

11

А

45

В

79

Г

12

Г

46

В

80

Г

13

В

47

А

81

А

14

А

48

Д

82

Б

15

Б

49

Г

83

Д

16

В

50

Г

84

В

17

Б

51

В

85

А

18

А

52

Д

86

А

19

Г

53

Б

87

Г

20

Г

54

В

88

А

21

Д

55

В

89

Б

22

Б

56

В

90

Г

23

Б

57

Б

91

В

24

А

58

А

92

Б

25

Г

59

Б

93

Д

26

В

60

В

94

А

27

Д

61

Г

95

В

28

Б

62

Г

96

Д

29

А

63

Г

97

Г

30

Б

64

Б

98

А

31

Г

65

Б

99

В

32

А

66

А

100

В

33

Д

67

Б



34

Д

68

Д



hello_html_m4d03bfee.png

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Краткое описание документа:

естовое задание - это составляющая педагогического теста, позволяющего контролировать знания обучающихся. Задания теста должны отвечать требованиям содержания, формы и технологичности.

Также такие задания должны соответствовать ряду статистических требований, среди которых

  • положительная корреляция баллов задания с баллами по тесту в целом,
  • достаточная вариация баллов теста;
  • определённая трудность.

Тестовые задания бывают закрытыми и открытыми. К закрытым относятся те вопросы, на которые в тестовом задании уже содержится правильный ответ. Его и должен найти обучающийся.

Выделяют четыре типа закрытых тестовых заданий:

  1. задания, обладающие альтернативным ответом;
  2. задания, предполагающие восстановление некоторого соответствия;
  3. задания, предполагающие множественный выбор;
  4. задания, в которых необходимо установить верную последовательность.
Автор
Дата добавления 11.03.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Тесты
Просмотров729
Номер материала 437503
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх