Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Теориялық семинар "Балабақшада заттық-дамытушы ортаны ұйымдастыру"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Теориялық семинар "Балабақшада заттық-дамытушы ортаны ұйымдастыру"

библиотека
материалов

Теориялық семинар

Балабақшада заттық дамытушы ортаны ұйымдастыру ерекшелігі

Мақсаты: балабақша педагогтарының мектепке дейінгі білім беру стандартына сәйкес топтарда заттық дамытушы орта құруға негіз болатын теориялық білімдерін тиянақтау.


Міндеттері:

- мектепке дейінгі білімнің жаңару жағдайында тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін арттыру;

- мемлекеттік стандарт талаптарын ескере отырып, балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруға негіз болатын заттық-дамытушы ортаны жобалауға теориялық және практикалық тұрғыда толыққанды дайындықты қамтамасыз ету;

- балабақшаның жас ерекшелік топтарына сәйкес заттық-дамытушы ортаны жобалау және болжам жасау біліктілігін қалыптастыру


Алдын-ала жүргізілетін жұмыс:

МЖМБС-мен және заттық-дамытушы ортаға қатысты терминдермен танысу, заттық-дамытушы орта үлгісін дайындау


Семинарға дайындық

«Балабақшадағы заттық-дамытушы орта» тақырыбында, электронды түрде, презентация дайындау - әдіскерлер.

Презентацияны қарау үшін проектор, экран құру және ноутбук дайындау – әдіскер.

Педагогикалық сыр-сандық дайындаусеминар тақырыбы бойынша педагогикалық сұрақтар салынған сандықша не қорапша.

Мольберттерді қою, плакат, фломастер дайындау-тәрбиешілердің үлгі жобасы үшін.

Жеделхат парақшасы – қатысушылар санына қарай


Теориялық семинар жоспары:


1. Кіріспе

2. Глоссарий

Сергіту сәті «Сиқырлы доп»

3. Педагогикалық сыр-сандық: заттық дамытушы ортаның ерекшеліктері

4.Топпен жұмыс: жас ерекшелік топтарына сәйкес заттық-дамытушы орта құру жобасын үлгілеу

5. Видео презентация: «Балабақшадағы заттық-дамытушы орта»

6. Семинар қорытындысы. «Жеделхат» («Телеграмма») технологиясы



Теориялық семинар барысы:


  1. Кіріспе. Құрметті әріптестер! Бала тұлғасын дамытудың, танымдық

қызығушылығын қалыптастырудың маңызды факторларының бірі қоршаған орта – бала өмір сүретін, ойнайтын, дем алатын орта болып табылады. Балаға сезім мүшелері арқылы әсер ете отырып, оның әсемдік, талғам, құндылық бағдар туралы түсініктерін қалыптастыруға болады. Осының барлығын балабақшада балаға жағдай құру барысында ескеру қажет.

Соңғы уақытта «заттық дамытушы орта» ұғымы пайда болды. Заттық дамытушы орта дегеніміз не? (тәрбиешілердің жауабы)

«Заттық-дамытушы орта – бұл баланың рухани және дене дамуының функционалдық үлгідегі мазмұны, оның іс-әрекетінің материалдық обьектілерінің жүйесі»

Олай болса, біздің бүгінгі теориялық семинарымыздың тақырыбы «Балабақшада заттық дамытушы ортаны ұйымдастыру ерекшелігі» деп аталады.

Балабақшада заттық дамытушы ортаны ұйымдастыру ерекшелігін талқыламас бұрын осы тақырыпқа қатысты терминдерге шолу жасайық.

  1. Глоссарий

Глоссарий – қандай да бір білім саласына арналған терминдердің түсіндірмелі сөздігі.

Заттық дамытушы ортаға байланысты сөздерге сипаттама беріңіздер (глоссарий құру)

Жүргізуші слайд арқылы ойнап жүрген балалардың суреттерінен 2-3 үлгі көрсетеді; ойыншықтардың; үлкен-кіші қуыршақтардың суреттері, қуыршақ театрының бір көрінісі – үзінді сурет; Сюжетті-ролдік ойын – ойын сәтінен үзінді сурет; пирамида мен шахматтың және доптың суреті;

Ойыншық – баланы алдандыруға, жұбатуға арналған зат; баланы дамыту, тәрбиелеу және білім берудің маңызды құралдарының бірі.

Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың жетекші іс-әрекеті.

Қуыршақ-матадан, қағаздан, ағаштан, пластиктен дайындалатын адам бейнесіндегі ойыншық.

Қуыршақ театры  қуыршақтар арқылы ойын көрсететін театрдың бір түрі. Қуыршақты актер қимылға келтіріп, оның сөзін көбінесе өзі айтып тұрады.

Сюжетті-ролдік ойын – қоғамдық тәжіибені құруға және меңгеруге бағытталған ойын іс-әрекетінің бір түрі.

Пирамида – 7-8 сақинадан тұратын түрлі-түсті ойыншық

Доп – негізінен спорттық ойындарда қолданылатын зат.

Сергіту сәті «Сиқырлы доп»

Қажетті құрал: доп

Шарты: жүргізуші әр педагогке допты алма кезек лақтырады да бір әріпті, яғни дыбысты атайды, қағып алған педагог сол әріптен басталатын ойыншықтың атауын айтуы тиіс.


  1. Педагогикалық сыр-сандық: заттық дамытушы ортаның ерекшеліктері

Сыр-сандықта заттық-дамытушы ортаның ерекшеліктері бар. Әр топ сандықшадан бір сұрақты алады және оған жауап береді, ал қалғандары толықтырып көмек береді.

Сұрақтар:

  • Заттық ортаның негізгі элементтерін атаңыздар. (сәулетті –

ландшафтық және табиғи - экологиялық объектілер; ойын және спорт алаңдары, олардың жабдықтары; ойыншықтардың тақырыптық жинақтамаларымен, ойын материалдарымен, ойын жабдықтарымен жарақтандырылған ойын кеңістіктері).

  • Заттық ортаға қойылатын бастапқы талапты атаңыз.

(Заттық ортаға қойылатын бастапқы талап - оның дамытушылық сипаты. Ол балабақша бөлмелерін, сондай - ақ участкені заттық кеңістікке ұйымдастыру арқылы баланың мүдделері мен қажеттіліктеріне, ал олардың элементтері (құрал - жабдықтар, ойыншықтар, дидактикалық материал, т.б.) баланың дамуына қызмет етуге тиіс).

  • Топта заттық-дамытушы ортаны құру неге байланысты? не Топта

заттық-дамытушы ортаны құруда нені ескеру қажет? (баланың жас ерекшелігіне, даму деңгейіне, тәрбие мазмұнына, іс-әрекет тәжірибесіне, білім беру ұйымының типіне)


  • Неліктен орта дамытушы деп аталады? (Орта таяу арада даму аймағын қамтамасыз етіп, әр баланың шығармашылық іс-әрекеті үшін жағдай құруы тиіс)

  • Заттық-дамытушы ортаның негізгі принциптерін жіктеп көріңіздер. (қауіпсіздік, эстетикалық, көп функциялылық т.т.б.)

  • Топтардағы негізі аймақтарды (зоналар) атап беріңіздер. (Ойын, табиғат, қимыл-қозғалыс, танымдық даму, музыкалық-театрлық)

  • Қалай ойлайсыздар, қабылдау бөлмесіне және әжетхана бөлмесіне

бұрыш орнатуға бола ма, неліктен?

  • Барлығымен қандай түстер үйлеседі? (Ақ, сұр, қара)

Біз заттық дамытушы ортаның ерекшеліктерін тұтастай сипаттадық. Дамытушы орта құра отырып, тәрбиеші «бала өмір сүретін орта оның тәрбиесінде орасан, еш теңдесі рол ойнайтынын» әрқашан ескеруі қажет.

4. Топпен жұмыс: жас ерекшелік топтарына сәйкес заттық-дамытушы орта құру жобасын үлгілеу (тәрбиешілер өз жобаларын қорғайды)


5. Видео презентация: «Балабақшадағы заттық-дамытушы орта»

6. Семинар қорытындысы

«Жеделхат» («Телеграмма») технологиясы. Жұмыс аяқталған соң әр қатысушыға жеделхат парақшасын толтыру ұсынылады, осы орайда келесі нұсқаулар беріледі:

- Өткізілген шара туралы сіз не ойлайсыз?

- Сіз үшін не маңызды болды?

-Сіз не үйрендіңіз?

-Сізге не ұнады?

- Сіз үшін не түсініксіз болып қалды?

- Әрі қарай бізге қандай бағытта қимыл-әрекет жасау қажет?

Осы нұсқау сұрақтарын қолдана отырып, маған қысқаша жеделхат жазыңыз. Мен сіздердің пікірлеріңізді алдағы жұмысымда ескеретін боламын.

Түйін сөз. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің басты міндеті балалардың эмоционалды жайлылық және психологиялық қорғаныс сезімін туғызу. Балабақшада бала өзін сүйкімді, әрі қайталанбас тұлға ретінде сезінуі тиіс. Сондықтан тәрбие процесі жүретін орта маңызды болып табылады.

Осы семинарда біз балабақшадағы заттық дамытушы ортаны ұйымдастыру барысында ескерілуі тиіс ең маңызды сәттерге назар аударуға тырыстық. Сіздерге және сіздердің бүлдіршіндеріңізге осы бағытта шығармашылық тілейміз!





Автор
Дата добавления 27.11.2015
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров4397
Номер материала ДВ-202489
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх