Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Конспекты / "Тепловоз салқындату камерасының сипаттамалары" ашық сабақ жоспары
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

"Тепловоз салқындату камерасының сипаттамалары" ашық сабақ жоспары

библиотека
материалов


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

И.ӘБДІКӘРІМОВ АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА АГРАРЛЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ



БЕКIТЕМIН”

Директордың оқу iсi

жөнiндегi орынбасары

_________ Бекманов К.Б. «____»_______2014 ж





«Тартымдық жылжымалы құрам құрылысы»

пәні бойынша



АШЫҚ САБАҚТЫҢ

ЖОСПАРЫ


Сабақтың тақырыбы: Тепловоз салқындату камерасының

сипаттамалары




Оқытушы: Барысов Жасұлан Жетпісбайұлы.




Әдістемелік талдау «Теміржол мамандықтары пәндері» циклдық комиссиясының отырысында қаралып, мақұлданды.



Хаттама №___ «___» __________ 2014 ж.


ЦӘК төрағасы _____________ Әбдіқадыр А.Т.


Колледждің әдіскері_________ Тулегенова Ф.Ж.






Қызылорда, 2014 ж

Сабақ жоспары.


Сабақ өтілетін күн: __________ж


Оқу тобы: ТХ-12о


Сабақтың тақырыбы: Тепловоз салқындату камерасының сипаттамалары

Сабақтың түрі: теориялық


Сабақтың типі: құрамдас


Сабақтың мақсаттары:


а) білімділік: оқушыларды тепловоздардың салқындату камерасының қызметімен, құрылысымен, жұмыс істеу принципімен, сипаттамаларымен және негізгі көрсеткіштерімен таныстыру. Оқушыларда салқындату камерасының маңыздылығы жайында білім мен білік қалыптастыру.

б) тәрбиелік: оқушыларды жаңа сабақ тақырыбына қызықтыру арқылы оқушыларды еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.

в) дамытушылық: сабақ барысында тапсырмалар үлестіру, ойын әдістері сияқты әдістерді қолдану арқылы оқушылардың бойындағы мамандық бойынша қабілеттерді қалыптастыру және одан әрі жетілдіру.


Оқыту әдістері: түсіндірмелі - иллюстративті әдіс (баяндау, лекция, иллюстрация арқылы түсіндіру), топтық, ойын, интерактивтік әдістер (ой шақыру, топқа бөліп жұмыс істеу)және т.б.


Сабақтың көрнектілігі: компьютер, проектор, слайдтар, интерактивті тақта, тест тапсырмалары, макеттер, бейнебаяндар.

Пәнаралық байланыс: теміржолдың жалпы курсы, физика, материалтану, жылжымалы құрамалардың энергия қондырылары және т.б.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа қатысу көрсеткішін тексеру, олардың дайындығына және дәрісхана тазалығына назар аудару.



II. Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру.

Тақырыбы: Дизельдің ауа үрлеу құрылғылары.

III. Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін бағалап, кемшіліктері мен жетістіктерін атап өтіп, оқытушының қорытындылауы.


IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Оқушыларды жаңа сабақ тақырыбымен, мақсатымен және қаралатын сұрақтарымен таныстыру.

Жаңа тақырыпты оқытушының түсіндірмелі-иллюстративті әдістерді (лекция, слайдтар, суреттер) қолдану арқылы түсіндіруі.


V. Жаңа тақырыпты бекіту.


VI. Оқытушының жауаптарды толықтыра отырып белсенділерді бағалауы және қорытындылауы.


VII. Үйге тапсырма беру.


VIII. Сабақтың аяқталуын хабарлау.




Өткен тақырып бойынша оқушылар білімін тексеру

I – сайыс: Үйлестіру тесті...


IІ – сайыс: «Бинго» ойыны...



IІІ – сайыс: «Кім жылдам?» ойыны...

Мұнда оқушылар сұрақтарға жылдам қол көтеріп жауап беруі тиіс.


Жаңа сабақ тақырыбы: Тепловоз салқындату камерасының сипаттамалары.


Қаралатын сұрақтар:


  • Салқындату камерасы жайлы түсінік.

  • Салқындату камерасының құрылысы және салқындату қондырғыларына қойылатын талаптар.


ДӘРІС

Дhello_html_m3a1070bd.pngизель жұмыс істеп тұрған уақытта оның жинақ бірліктері мен бөлшектері /дизель цилиндрі, піспек, турбокомпрессор, от қорапшасы, дизельдің үйкелістен қызатын бөлшектері және т.б./ жоғары температураға дейін қызады. Оларды салқындатпаса дизель ұзақ мерзімді жұмыс істей алмайды. Сол себепті бөлшектер мен тораптардағы қызуды су мен салқындатушы май алады. Бірақ дизель бөлшектерінің қызу температурасы өте жоғары дәрежеге дейін көтерілетіндіктер, салқындатушы су мен майды салқындатып отыру қажет. Сондықтан тепловоздарда салқындату қондырғысы қарастырылған, оның негізгі тораптарына су мен майды салқындатуға арналған жылуалмастырғыштар, желдеткіштер, атмосфералық ауаны алып келуге және алып кетуге арналған ауа каналдары және салқындату сұйықтарының температурасын реттеу жүйесі. Салқындатушы ретінде қоршаған ортадағы ауа қолданылады. Май мен суды атмосфералық ауамен салқындатушы жылуалмастырғыштар сәйкесінше стандартты секциялардан құрастырылады. Коллекторлар арқылы қосылған секциялар радиаторларды түзеді.

Радиаторлар тепловоздардың типтеріне сай көбіне жез, мыс және латуннан дайындалады. Ал радиаторларды жалғастырып тұрған коллекторлар болаттан пісіру және құю әдісі арқылы дайындалады. Оларды қарау, жөндеу жұмыстарынан кейін міндетті түрде тығыздыққа тексереді

Көптеген тепловоздарда /2ТЭ10М, ТЭП70, 2ТЭ116, ТГ16, ТЭРА1 және т.б./ май жүйесіндегі майды салқындатушы қондырғы ретінде су-май жылуалмастырғыштары қолданылса, ал кейбір тепловоздарда /2ТЭ10В және т.б./ ауа-май радиаторлары қолданылады. Бірақ ауа-май радиаторларының кемшілігіне секцияға май кіргендегі май температурасымен шыққандағы температураның айырмашылығы өте жоғары, сондықтан мұндай радиаторлар көп ақауланып жатады. Тепловоздарда су-май жылуалмастырғыштары дизель бөлігі мен салқындату камерасының аралығында орнатылады.

Сhello_html_m3bf969b8.pngалқындату қондырғыларына қойылатын негізгі талаптар:

  • дизельдің номиналды қуатын қамтамасыз ететіндей су мен майдың салқындатылуы үшін жылудың таралып кетуін қамтамасыз ету;

  • жұмыста сенімді болу;

  • аз шығынмен жұмыс жасау;

  • дефицит емес түсті металдардан, аз шығынмен дайындалуы;

  • қызмет көрсету мен жөндеудің ыңғайлылығы;

  • жұмыс режимдерін басқарудың автоматтандырылуы;

Салқындату құрылғыларының негізгі бөлшектерінің орналастырылуы.

Тепловоз дизельдерінің салқындату құрылғылары /радиаторлар, желдеткіш және оның жетегі/ негізінен тепловоз шанағының бір бөлігін алып тұрады, оны мұздатқыш шахтасы деп атайды. /сурет 1, а/. Екі секциялы магистралді тепловоздарда /2ТЭ10М, 2ТЭ116 және т.б./ салқындату камерасы әр секцияның соңғы жағында, яғна машинист кабинасына қарсы бетте орналастырылса, ал бір секциялы тепловоздарда /М62, ТЭ3, ТЭ33А/ машинист кабинасы мен дизель аралығында орналастырылған.

Аhello_html_43f1ec0d.pngуа бүйір жалюздер 1 және радиатор секцияларын 2, 3 салқындатып, желдеткіштің диффузоры 5 арқылы өтіп сыртқа шығарылады. Бүйір 1 және жоғарғы жалюздерді 6 ашып-жабу арқылы ауаның берілу көлемін реттеуге болады, яғни май мен су температурасын. Жалюздердің ашып-жабылуы қолмен немесе машинист кабинасынан пневматикалық цилиндлер жетегі арқылы жүзеге асырылады.

Желдеткіш 4 дизель білігінен кардан білікке 10 , кейін редуктор 11 арқылы механикалық іске қосылуы, немесе гидростатикалық дербес жетек 12, немесе электрлік жетек 13 арқылы іске қосылуы мүмкін. Желдеткіштердің саны радиаторлар фронтының ұзындығы мен салкындату камерасының жабдықталуына тәуелді.

Мысал ретінде 2ТЭ10М тепловозының салқындату камерасын қарастырайық.

Салқындату камерасының еңкейген қабырғалары тепловоздың бір секциясынан екіншісіне өтуді қамтамасыз етеді. Еңкейген қабырғаларда радиатор секцияларын қарау және монтаж жұмыстарын жүргізуге арналған люкпен 18 жабылған, арнайы өтпелер 17 қарастырылған. Сонымен қатар тез алынатын люктер 19 орнатылған. Еңкейген қабырға мен тепловоздың бүйір қабырғасы арасындағы өтпе арқылы ауа бүйір қабырғада орналасқан жалюздер атмосферадан желдеткіш арқылы тартылып сыртқа шығарылады.

2ТЭ10М тепловозының салқындату камерасында орналастырылған механикалық берілісті желдеткіштің жылдамдығын реттеудің бірнеше әдістері бар. Біріншісі, артқы таратқыш редуктордағы рычагты ауыстыру арқылы. Рычагты ауыстыру арқылы желдеткішті қысқы не жазғы режимдерге ауыстыруға болады. Рычагты қысқы режимге ауыстырғанда желдеткіштің айналым жылдамдығы 1020 айн/мин, ал жазғы режимде 1380 айн/мин-қа тең. Яғни, желдеткіштің жылдамдығы реттеу арқылы дизельді салқындатушы су сен майдың да температурасын реттей аламыз. Сонымен қатар, су мен май температурасын реттеудің бірнеше әдістері бар. Біріншісі, ең оңай тәсілі жалюздерді ашып-жабу арқылы жүзеге асырылса, ал екіншісі, желдеткішке дизель иінді білігінен жетек беру кезінде гидравликалық муфтаны қолдану. Жүйедегі май температурасы 69оС-ден асқанда, гидравликалық муфтаға майдың толтырылуы арқылы желдеткіштің айналуы қамтамасыз етіледі


Жаңа тақырыпты бекіту.


Ассоциация


hello_html_m3d184f10.gif







Жаңа сабақ тақырыбы бойынша жаңа сөздерді енгізу



ІV – сайыс: Суреттер сөйлейді...







V – сайыс: «Мергендер» сайысы


«Сұрақ-жауап» әдісі арқылы өтіледі.


Қорытындылау.

Оқытушының жауаптарды толықтыра отырып белсенділерді бағалауы және қорытындылауы.



Үйге тапсырма беру. «Тепловозы» - авторы В.Д. Кузьмич. Бет - 169

а) Бүгінгі лекциядан түсінік дайындау.

в) Қосымша әдебиеттерден осы тақырып бойынша мәліметтер жинау.



Сабақтың аяқталуын хабарлау.







Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 23.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров241
Номер материала ДВ-369393
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх