1161721
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 1.410 руб.;
- курсы повышения квалификации от 430 руб.
Московские документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ ДО 90%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО до конца апреля!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности №038767 выдана ООО "Столичный учебный центр", г.Москва)

ИнфоурокФизикаКонспектыТермодинамиканың бірінші заңын изопроцестерде қолдану

Термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерде қолдану

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.


«Кемелұлы атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі












Термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерде қолдану



















Айдарбеков Мұратхан Керімбайұлы






Пән: Физика

Сабақтың тақырыбы:

§ 5.7.Термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерде қолдану


Cынып: 10


Сабақтың мақсаты:


Білімділік: Оқушыларға термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерде қолдануы жайлы толық мағлұмат беру.

Дамытушылық: Оқушыларды өз бетімен еңбектенуге үйрету ой-өрісін дамыту пәндерге деген қызығушылықтарын арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды алғырлыққа, шапшандыққа, ізденімпаздыққа өз беттерінше еңбектенуге тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: жаңа сабақ


Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау


Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютерлер, электронды оқулықтар


Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

1.1 Оқушыларды түгендеу

1.2 Сынып тазалығына көңіл бөлу

1.3 Үй тапсырмасы қайталау үшін ойын ойнату (құпия сандар)


ІІ Жаңа сабақ

    1. Электронды оқулықтың көмегімен және интерактивті тақтаны пайдаланып термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерде қолдануды түсіндіру.

    2. Оқушылардың жаңа тақырыпты өз бетінше конспектілеу.


ІІІ Жаңа материалдарды бекіту

4.1 Физика пәні бойынша 10 сұрақ

4.2 Физика пәні бойынша 10 тест сұрақтары


ІV Бағалау

5.1 Оқушылар өздері-өздерін бағалайды. (бағалау жолы түсіндіріледі)


V Үйге тапсырма

6.1 5.7, 5.8 тақырыпты оқу, 24-жаттығу, реферат жазу.





Үй тапсырмасын қайталау үшін қойылатын сұрақтар:

  1. Термодинамика дегеніміз не? Термодинамика дегеніміз – жылулық құбылыстарды заттың ішкі құрылысына назар аудармай, энергетикалықтүрлендірулер негізінде зерттейтін физиканың бөлімі

  2. Жылулық құбылыстар дегеніміз не? Денелерді қыздырғанда немесе салқындатқанда оларда өтетін физикалық процестер жылулық құбылыстар деп аталады

  3. Термодинамикалық жүйе дегеніміз не? Макроскопиялық параметрлердің сандық сипатын беретін кез келген химиялық құрамдағы және кез келген физикалық текті денелердің жиынтығы

  4. Молекулалы-кинетикалық теория дегеніміз не? Молекулалы-кинетикалық теория дегеніміз – жылулық құбылыстарды зат атомдар мен молекулалардан тұрады және олардың қозғалысы Ньютон механикасының заңдарына бағынады дейтін болжамның негізінде зерттейтін физиканың бөлімі

  5. Дененің ішкі энергиясы дегеніміз не? Формуласын жаз. Дененің ішкі энергиясы оның барлық микробөлшектерінің сол дененің массалар центріне қатысты хаостық қозғалысының кинетикалық энергиясы мен өзара әрекеттесу, яғни потенциалдық энергиясының қосындысына тең болады. U = (Wk+Wp) N

  6. Ішкі энергияны қалай өзгертуге болады? Дененің ішкі энергиясын екі тәсілмен өзгертуге болады:

  1. Молекулалардың кинетикалық энергиясы температураға тәуелді, оны өзгерту үшін дененің температурасын өзгерту керек, яғни жылу берілу процесін жүзеге асыру қажет.

  2. Молекулалардың потенциалдық энергиясын өзгерту үшін олардың арақашықтықтарын өзгерту керек, демек дене жұмыс атқару керек.

  1. Заттың меншікті жылусыйымдылығы дегеніміз не, өлшем бірлігі қандай? Заттың меншікті жылусыйымдылығы дегеніміз – температурасын 1 К-ге жоғарылату үшін дененің бірлік массасына қанша жылу мөлшерін беру керек екенін көрсететін физикалық шама. 1Дж/кг*К

  2. Дененің жылусыйымдылығы дегеніміз не, өлшем бірлігі қандай? Дененің жылусыйымдылығы деп массасы кез келген шамадағы денеге оның температурасын 1К-ге арттыру үшін қанша жылу мөлшерін беру керектігін көрсететін физикалық шама. Дж/К

  3. Мольдік жылусыйымдылық дегеніміз не? Заттың бір молінің жылусыйымдылығын мольдік жылусыйымдылық деп атайды


Жаңа сабақ: Термодинамиканың бiрiншi заңын изопроцестерге қолдану

Изохоралық процесс. Бұл процесте газ көлемi өзгермейдi: V = const. Газдың iшкi энергиясының өзгерiсi оған берiлген жылу мөлшерiне тең: ΔU = Q. Егер газ қыздырылса , онда Q > 0 және ΔU > 0 – iшкi энергия ұлғаяды. Газды суытқан кезде: Q < 0 және ΔU < 0, оның iшкi энергиясы азаяды.

hello_html_m50d7356f.png

Изохоралық процесс кезiнде газ көлемi өзгермейдi, демек, газдың жұмысы нөлге тең болады. Газдың iшкi энергиясының өзгерiсi оған берiлген жылу мөлшерiне тең болады.

Изотермалық процесс. Изотермалық процесс кезiнде газдың температурасы тұрақты болады (Т = const) және оның iшкi энергиясы өзгермейдi. Газға берiлген барлық жылу мөлшерi пайдалы жұмыс атқаруға жұмсалады: Q = А′. Газ белгiлi жылу мөлшерiн (Q > 0) алған кезде, ол оң жұмыс атқарады (А′ > 0). Керiсiнше, егер газ қоршаған ортаға жылу берсе, онда оның атқарған жұмысы терiс болып саналады.

hello_html_46ade6cb.png

Изотермалық процесс кезiнде газдың температурасы тұрақты және iшкi энергиясы өзгермейдi. Газға берiлген барлық жылу мөлшерi пайдалы жұмыс жасауға жұмсалады.

Изобаралық процесс. Изобаралық процесс кезiндегi газға берiлген жылу мөлшерi оның iшкi энергиясының бiрге өзгеруiне және қысым тұрақты болған кезде P = const жұмысты атқаруға шығындалады.

hello_html_380cff10.png

Изобаралық процесс кезiнде газға берiлетiн жылу мөлшерi, онымен бiрге оның iшкi энергиясының өзгеруiне және қысым тұрақты болған кезде жасалынатын жұмысқа шығындалады.

Адиабаталық процесс. Қоршаған ортамен жылу алмасуы болмайтын жағдайда өтетiн жүйедегi изопроцесс адиабаталық процесс деп аталады.

hello_html_m6d6d8ec0.png

Адиабаталық процесс кезiнде жылу алмасу болмайды. Сонда жүйенiң iшкi энергиясы тек қана онымен жасалған жұмыстың есебiнен өзгередi.

Адиабаталық процесс кезiнде Q = 0 және жүйенiң iшкi энергиясының өзгеруi жұмыс атқару арқылы ғана жүредi: ΔU= А. ΔU= А теңдiгi белгiлi қорытынды жасауға мүмкiндiк бередi. Егер жүйеде оң жұмыс жасалса, мысалы газ сығылатын болса, онда оның iшкi энергиясы ұлғаяды және температурасы өседi. Керiсiнше, газ ұлғайған кезде, ол өзi оң жұмыс атқарады (Аұ > 0). Оның iшкi энергиясы азаяды да, газ суиды.

Егер цилиндр түбiне эфирге батырылған мақтаны салып, дереу поршендi қозғалтсақ, онда мақтадағы эфир буы жалындайды. Бұл эффект Дизель двигателiнiң жұмыс iстеу принципiнiң негiзiне алынған.

Бұл жерде цилиндрге жанармай қоспасы емес, кәдiмгi атмосфералық ауа сорылады. Сығылу тактының соңында арнайы форсунка арқылы сұйық отын - солярка шашыратылады. Осы сәтте сығылған ауа температурасының жоғарлағаны сондай, тiптен жанармай тұтанадыhello_html_3f3cbc4.png



Әр түрлі табиғат құбылыстарын зерттеудің термодинамикалық тәсілінің ерекшелігі сонда, нақты бір процесті қарастыру барысында алдымен ондағы энергияның айналуының қандай екендігі анықталады. Осыған байланысты термодинамикадағы жұмыс та жүйенің ішкі энергиясын өзгерту тәсілі ретінде, сонымен бірге энергияның бір түрден екінші түрге айналуының өлгемі ретінде қарастырылады.

Термодинамиканың бірінші заңы ішкі энергияның өзгеруі қандай себептерге байланысты екенін көрсетеді.

Термодинамиканың бірінші заңының формуласы: ∆U=A+Q (мұнда ∆U – жүйенің ішкі энергиясының өзгеруі, A – сыртқы күштер жұмысы, Q – жүйеге берілген жылу мөлшері) тура термодинамикалық процесс нәтижесіндегі жүйенің ішкі энергиясының өзгеруін көрсетеді. Сондықтан да, термодинамикалық процесс кезінде энергияның сақталуы туралы айтқанда, оқушыларға осы процеске қамтылған барлық денелердің энергиясы туралы болып отырғандығын түсіндіремін.


Жаңа сабақты бекітуге арналған сұрақтар:


1. Егер сыртқы күштер идеал газбен, уақыттың кез келген мезетінде атқарылған жұмыс газдың қоршаған денелерге беретін ΔQ жылу мөлшерінде тең болатындай етіп, жұмыс істесе, онда бұл процесс изотермиялық деп аталады?

2. Егер идеал газ қоршаған денелерге жылу мөлшерін бергенде уақыттың кез келген мезетінде берілген жылу мөлшері газдың ішкі энергиясының ΔU өзгеруіне тең болса, онда процесс изохоралық деп аталады.

3. Идеал газдың жұмысы қай процессте нөлге тең? Изохоралық

4. Уақыттың кез келген мезетінде берілген жылу мөлшері газдың атқарған жұмысына тең болатындай етіп, идеал газға жылу берілу қай процесте жүзеге асырылады? Изотермиялық

5. Термодинамиканың бірінші заңында қандай заң жатыр? Энергияның сақталу заңы

6. Изотермиялық процесс үшін термодинамиканың бірінші заңының математикалық өрнегін көрсетіңдер. Q=A

7. Изохоралық процесс үшін термодинамиканың бірінші заңының математикалық өрнегін көрсетіңдер. Q=ΔU

8. Изобаралық процесс үшін термодинамиканың бірінші заңының математикалық өрнегін көрсетіңіз. Q=ΔU+A

9. Газдың сығылу жұмысы оның ішкі энергиясының өзгерісіне тең болып шықты. Бұл қандай процеске сәйкес келеді? Адиабаттық

10. Қандай процесс кезінде ең көп жұмыс атқарылады? Изобаралық


Есеп шығару кезеңі: 11 жаттығу есептері


Жаңа сабақты бекітуге арналған тест сұрақтары:

  1. Газ заңдары дегеніміз не?

  1. Параметрлерінің біреуінің мәні өзгермей қалған кездегі процестер*

  2. Газдың бір параметрінің мәні тағайындалып қалған екі мәндер арасындағы сандық тәуелділік

  3. Газдың екі параметрлерінің мәні тұрақты болған кездегі процестер

  1. Бір атомды идеал газдың ішкі энергиясын анықтайтын формула

    1. ΔU=A+Q

    2. U=RT

    3. U=3m/2M RT*

  2. Адиабаталық процесс

    1. Параметрінің біреуінің мәні өзгермей қалған кезде өтетін процесс

    2. Қысым тұрақты болған кезде термодинамика жүйе күйінің өзгеру процессі

    3. Жылу алмайтын, жылу бермейтін процесс*

  3. Термодинамика ғылымы нені зерттейді?

    1. Жұмыс атқармай энергияның бір денеден екінші денеге берілу процессі

    2. Жылу құбылыстарына арналған энергияның сақталу заңы

    3. Денелердің молекулалық құрылымы ескерілмейтін жылулық процестер теориясы*

  4. Ішкі энергия дегеніміз не?

    1. Барлық молекулалардың кинетикалық энергиясымен осы бөлшектердің өзара әсерлесуін потенциялдық энергиясының қосындысына тең*

    2. Жылу алмасу (жылу беру) кезінде дене алатын не жоғалтатын энергия

    3. Механикалық жұмыс жасау кезінде дененің энергия бөлуі

  5. Менделеев-Клапейрон теңдеуі:

    1. P=nKT

    2. P1V1=P2V2

    3. hello_html_f67cfcd.gif*

  6. Молекула жылдамдығын алғаш өлшеген ғалым

    1. Штерн *

    2. Шарль

    3. Гей-Люссак

  7. Жылдамдық квадратының орташа мәні неге тең:

    1. hello_html_m2cb94d3d.gif*

    2. hello_html_3af30dc1.gif

    3. hello_html_3ceadfa.gif

  8. Қаныққан бу деп нені айтамыз?

    1. Сұйық бетінде өтетін бу түзілуі

    2. Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын бу*

    3. Будың қайта сұйыққа айналу процесі

  9. Термодинамиканың бірінші заңы

    1. Денелердің молекулалық құрылымы ескерілмейтін жылулық процестер теориясы

    2. Жылу құбылыстарына арналған энергияның сақталу заңы*

    3. Ішкі энергияның механикалық түрге айналу процесін көрсететін заң


V Бағалау

5.1 Оқушылар өздерін-өздері бағалайды (бағалау тәсілі көрсетіледі)


VІ Үйге тапсырма

6.1 §5.7; 5.8 тақырыпты оқу, реферат жазу.






Общая информация

Номер материала: ДБ-225098

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Информационные технологии в деятельности учителя физики»
Курс профессиональной переподготовки «Физика: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс «Гид-экскурсовод: Основы туристского сопровождения»
Курс повышения квалификации «Введение в сетевые технологии»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности экономиста-аналитика производственно-хозяйственной деятельности организации»
Курс повышения квалификации «Организация практики студентов в соответствии с требованиями ФГОС юридических направлений подготовки»
Курс повышения квалификации «Организация практики студентов в соответствии с требованиями ФГОС медицинских направлений подготовки»
Курс профессиональной переподготовки «Организация менеджмента в туризме»
Курс повышения квалификации «ЕГЭ по физике: методика решения задач»
Курс профессиональной переподготовки «Управление ресурсами информационных технологий»
Курс повышения квалификации «Источники финансов»
Курс профессиональной переподготовки «Управление сервисами информационных технологий»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности специалиста оценщика-эксперта по оценке имущества»
Курс профессиональной переподготовки «Метрология, стандартизация и сертификация»
Курс профессиональной переподготовки «Управление корпоративной информационной безопасностью: Администрирование и эксплуатация аппаратно-программных средств защиты информации в компьютерных системах»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.