Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / ТЕСТ ҚОЛДАНУ САБАҚҚА ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕНІМ
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

ТЕСТ ҚОЛДАНУ САБАҚҚА ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕНІМ

библиотека
материалов

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«Байсеиітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» РМҚК













ТЕСТ ҚОЛДАНУ САБАҚҚА

ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕНІМ


Пән: «Информатика»

Тақырыбы: «Графикалық нысаналарды редакциялау және құру»















.













2015-2016 оқу жылы

Дайындаған оқытушы: Л.А.Мукушева

Арнайы пәндер циклдық комиссиясы-1 отырысында қаралып, талқыланды

Хаттама №_____ «____»____________2015 ж.

Циклдық комиссия төрайымы__________ Мукушева Л.А.


















































Кіріспе


Тестілеу әдісі көптеген дамыған елдерде қазіргі білімнің ажырамас бөлігіне айналған жастардың дайындық деңгейін және жалпы білім сапасын болжаудың тиімді құралы ретінде пайдаланылады.

Тест деп сапалық және сандық дара ерекшеліктеріне сай түрде негізделген стандартталған, қысқа, уақыт жағынан шектеулі сынақтарды атайды.

Тест технологиясының білім сапасына әсері: білім беру жағдайын талдауына қажет оқытудың объективті нәтижесін алу мүмкіндігі (адамның қатысуынсыз алу), кері байланыстың жылдамдығы, оқытудың нәтижесін тексеру әдісінің көптүрлілігі, оқытудың нәтижесінің статистикасын алу ыңғайлылығы.

Бүгінгі күнде қоғамның дамуының жетекші бағыттарының бірі – білім беру үрдісін информатизациялау болып табылады. Ол – оқу тәрбиелік үрдісінің барлық деңгейлерін интенсификациялау үшін педагогикалық жаңа технологияларды, информатиканың тәсілдері мен құралдарын қолдануын болжайды. Қазіргі информацияланудың өзіне тән ерекшелігі – білім беру өрісіне белсенді түрде кіру, арнайы оқытатын ортаны құруға бағытталған оқытудың жаңа технологияларының пайда болуы мен дамуы, информациялық өнімді пайдаланатын жаңа тәсілдермен құралдарды оқу үрдісінің заңдылықтарына сәйкес қолдану болып табылады. Оқытуды информатизациялау деген ұғым оқытуда компьютердің пайда болып, кеңінен қолдануымен тікелей байланысты.

Оқушылар бірден өзінің әрекеттерінің нәтижелерін сәйкес талдауларымен ұсыныстарымен бірге көреді.

Компьютермен жұмыс істеу – оқушының шығармашылық қабілеттерін дамытып, оның абстактілік ойлауын, жалпы мәдениетінің деңгейі мен ықыласын дамытады.

Бұл жерде информатика пәнінен бағдарламалық қамсыздандыру қазақ тілінде жеткіліксіз болғандықтан оқытатын бағдарламаларды өз күшімізбен жасау қажеттігін ұсынып отырмын. Осындай оқыту бағдарламаларын құру кезін оқу бағдарламасын құрастырудағы дәстүрлі технологияларға сүйендім. Соның бірі тест бойынша оқушылардың білімін тексеру. Өзім сабақ беретін информатика пәні бойынша барлық өзіндік және бақылау жұмыстарын тестік жүйемен алып келемін. Қазіргі уақытта тесті қолдану негізгі проблемалардың бірі болып отыр. Өйткені соңғы жылдары жоғарғы орындарына түсуіне дайындық түрінде әр сабақта да тесті қолдану керек.


Әдістемелік әзірленім

Тестер – барынша әмбебап болып табылады, себебі тестілеуде курстың барлық тақырыптары бойынша тапсырмалар берілуі мүмкін, ал ауызша емтиханда 2- 4 тақырып қана алынатын болса, жазбаша емтиханда 3 - 5 тақырып қарастырылады. Осылайша, тестілеу арқылы оқушының курстың барлық тақырыптарын қалай меңгергенің байқауға болады. Тестілеу арқылы оқушының жалпы пәнді немесе бөлек тақырыптарды қалай меңгергенің анықтауға болады. Тест барынша нақты құрал болып табылады, мысалы 20 сұрақтан тұратын тестің бағалау көрсеткіші 20 бөлімшеден тұрады, ал біз қолданатын бағалау көрсеткіші тек қана 4 ғана.

Тест тапсырмасына қойылатын негізгі талаптар мыналар:

Тест жұмысын өткізуде белгілі бір уақыттың болуы;

Тапсырмаларды орындау үшін берілген нұсқаулардың түсінікті, айқын болуы;

Тестің түрлері: толықтыру тесті, таңдамалы тесті, еске түсіру тесті, сәйкестендіру тесті, реттік тесті, аралас тесті, кәсіптік бағдар тесті, баламалы тесті.

Толықтыру тесті: оқушыларға тапсырма сөйлем түрінде беріледі де сөйлемдегі кей сөз орынына (цифр, формула, сөз т. б) үш нүкте беріледі. Мұндай тапсырмадағы жауап қысқа тұжырымды бір мәнді болуы шарт.

Таңдамалы тесті: оқушыларға берілген тапсырмамен қоса оның дұрыс және дұрыс емес жауаптары беріледі. Тапсырма карточка арқылы беріліп, оның жауабының саны төртеуден кем болмағаны жөн. Оқушы жауабы бағдарламаланған құрылым арқылы немесе перфокарта кілті болады.

Еске түсіру тесті: сұрақ нақты беріледі де, жауабы бір мәнді болуы шарт. Еске түсіру тестінің сұрақтарын түзегенде сұрақ нақты, анық қойылады, ал жауабын сөз, сан, формула т. б түрде берілуі мүмкін.

Сәйкестендіру немесе салыстыру тесті: мағынасы бір – бірімен байланысты тапсырмалардың екі бағанға әр түрлі ретпен орналастырылуы. Мұндай тесті жасауда бірінші бағанда қысқа тұжырымды сөйлем болса, екінші бағанда сәйкес сөз, белгі, сызба болуы керек.

Сөйлем саны 5 тен 15 ке дейін болса, екінші бағандағы сөз, белгі, сызба, нұсқа т. б саны екі – үшеуі артық болғаны.

Реттік тест (ранжирования) тесті: бақылау объектісі (құбылыс, шамалар, формула т. б) ретімен жазылуы (айтылуы) керек. Тесті тапсырма дайындағанда оның саны 10 шақты болғаны жөн.

Аралас тесті: оқушыға берілетін тапсырма әртүрлі тест түрінде (мысалы: толықтыру, таңдамалы т. б) беріледі.

Құрамалау тесті (комбинированный): құрамында бірнеше пәндердің бір бірімен үйлесуі.

Баламалы (альтернативный) тесті: тестің бұл түрін жасауда жауабын білуге ықпал ететін сөзден аулақ болған жөн. Сөйлем қысқа тұжырымды, мазмұнды, бір мәнді болғаны дұрыс. Тестің мұндай түрінің жауабы сөзбен (дұрыс, дұрыс емес) ия немесе жоқ немесе белгілер арқылы +, — т. б беріледі. Мұндай типтен тестік тапсырманы графикалық диктант үлгісінде пайдалануға болады.

Жоғарыда айтылып кеткендей, әрбір тест жүргізгеннен кейін оқытудың нәтижесінің статистикасын алу қажет. Берілген кесте бойынша жауап нәтижелерін өңдеуден өткіздіру өте ыңғайлы. Кестенің төменгі жолында әрбір сұрақ бойынша қателердің жалпы саны саналады да формула бойынша осы берілген сұрақты меңгерудің пайыз көрсеткішін анықтауға болады:

К = N/n х 100%,

К – меңгеру пайызы,

N – дұрыс жауаптар саны,

n – берілген тест бойынша жұмыс істеген оқушылар саны.


Қорытынды

Тестілеу қазіргі оқыту процесінде қолданыс тапқанымен әдебиеттер мен нұсқаулар жоқтың қасы. Зерттеу жұмысы кез-келген мұғалімнің қолынан келе бермейді. Тестік тапсырмалар туралы баспадан шығару аз болғандықтан мұғалімдер газет-журналдардағы мақалалардан ғана тапқанын басшылыққа алады. Қазақстандағы білім беру ісін өзгерту, стратегиялық міндеттерінің бірі - шығармашылық тұрғыдан ойлай білетін дара тұлғаға терең білім беру.


















Ф.219

13 Сабақтың технологиялық картасы (жоспары)


Топ

Күні

1 негізгі

ФО -2

26.11



Пән: Информатика

5 бөлім. Microsoft Word 2007 - мәтіндік процессоры.

Курс тақырыбы №5.4 Графикалық нысаналарды редакциялау және құру.

Сабақтың тақырыбы №13 Графикалық нысаналарды редакциялау және құру.

Сабақтың типі: алған білімдерін бекіту

Сабақтың түрі: тәжірибелік, тест қолдану

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Базалық

құзыреттілік

Microsoft Word мәтіндік процессоры туралы, терезесiнiң негiзгi элементтерi және құжатты редакциялаудың негiзгi операциялары, құжаттарды құру және форматтау, графикалық нысаналарды редакциялау және құру туралы түсінік беру.

Кәсіптік құзыреттілік

ДК құрылғыларының сипаттамасын, компьютердің негізгі және перифериялық құрылғыларын қосуды білу.



Сабақ мақсаттары


оқытушылық

Графикалық нысаналарды редакциялау және құру туралы түсінік беру


тәрбиелік

Оушыларды техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауға дағдыландыру.

дамытушылық

Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары мен танымдылыққа білеттерін дамыту.



Пәнаралық байланыс


Қамтамасыз ететін

Экономикалық информатика және ақпараттық технологиялар»

Қамтамасыз етілітін

«Информатика»


Сабақтың жабдықталуы

Көрнекілік құралдар

ДК

Таратпа материалдар

Тәжірибелік жұмыс материалдары, тестер

Оқытудың техникалық құралдары

ДК

Әдебиет: негізгі

Балапанов Е.К. «Жаңа ақпараттық технологиялар»

Қосымша

Г.Ә.Жапарова, Информатика негіздері, Н.Т. Ермеков «Информатика»


Сабақ мазмұны


Эле-мент№

Сабақ элементі, қарастырылатын сұрақтар,

оқытудың әдістері мен тәсілдері

Қосымшалар, өзгерістер


1. Ұйымдастыру 2 мин

2. Үй тапсырмасын сұрау 10 мин

3. Жаңа сабақты түсіндіру 40 мин

4. Сабақты бекіту 10 мин

Тест орындау 20 мин

5. Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау 6 мин

6. Үйге тапсырма 2 мин


1.

Барысы:

Ұйымдастыру 2 мин

а) Кабинеттің гигиеналық тазалығын тексеру;

ә) Оқушыларды түгендеу;

б) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

в) Сабақтың мақсатымен таныстыру.



2.

Үй тапсырмасын сұрау 10 мин

1. Графикалық редактордан кірістіру.

2. Сурет салу панелін қолданып графикалық бейне жасау.

3. Дайын суреттер кітапханасынан алынған суреттерді кірістіру

4. Фигуралық мәтін кірістіру.

5. Word мәтіндік процессорының графикалық мүмкіндіктері

6. Мәтіндік құжатқа суретті кірістіру

7. Автофигуралардың көмегімен бейне жасау


3.

Жаңа сабақты түсіндіру

Тәжірибелік жұмыс 40 мин

Тапсырма 1:

1. Суреттер жинағынан кез келген түрде картинка құр (еркін түрде).

Тапсырма 2: Рисование құрал саймандар тақтасының көмегімен Шыңғысханның немесе басқа тарихи тұлғалардың ұрпақтарын құрылымдық түрде көрсет.



4.

Сабақты бекіту 20 мин

Тест орындау


5.

Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау 6 мин

Сабаққа қатысулары мен үй тапсырмасы бойынша оқушыларды бағалаймын.


6.

Үйгетапсырма 2 мин

Е.Қ.Балапанов 235-257 бет





Оқытушы __________ Л.А.Мукушева



















Пән: Информатика

5 бөлім. Microsoft Word 2007 - мәтіндік процессоры.

Курс тақырыбы №5.4 Графикалық нысаналарды редакциялау және құру.

Сабақтың тақырыбы №13 Графикалық нысаналарды редакциялау және құру.


Тапсырма 1:

1. Суреттер жинағынан кез келген түрде картинка құр (еркін түрде).








2. Paint-те сурет салып, оны өз файлдарыңмен бірге сақта.

Жұмыс барысы:

1. Сурет қою Вставка \ Рисунок \ Картинки (MS Office жинағынан) командасы (құжатқа суретті графикалық файлдарданда алып қоюға болады) арқылы орындалады.

2. Жұмыс құжатыңа Вставка \ Рисунок \ Из файла командасы арқылы салған суретіңді қой.

Тапсырма 2: Рисование құрал саймандар тақтасының көмегімен Шыңғысханның немесе басқа тарихи тұлғалардың ұрпақтарын құрылымдық түрде көрсет.


Шыңғысхан

Жошы

Шағатай

Төле

Угедей

Санқұл

Орда-Ежен

Бату

Бекешар

Шайбан

Танғт

Бұрал

Шылаукұн

Сұңқар

Шымбай

Мұхаммед

Өдір

Тоға-Темір




Оқытушы __________ Л.А.Мукушева










ТЕСТ
1. Word программасы қай нұсқада іске қосылмайды...
A. Бас меню арқылы Пуск - Программы - Mіcrosoft Word;
B. Жұмыс үстелінде Word программасы жарлығын екі шерту;
С. Бас меню арқылы Пуск - Документы жолдарын таңдап, файлдар тізімінен W белгісі бар қатарда тышқанды екі шерту;
D. Бас меню арқылы Пуск - Программы - Стандартные - Mіcrosoft Word;
Е. WORD редакторына бұрын дайындалған құжаттың белгішесіне тышқанды екі шерту.
2. WORD редакторымен жұмысты аяқтау қай нұсқада орындалмай қалады:
A. Файл – Шығу (Выход) меню командаларын таңдау арқылы;
B. редактор терезесінің тақырып жолының оң жақ жоғарғы бұрышын¬дағы Жабу батырмасын Х басу арқылы;
C. тікелей Alt+F4 пернелерін басу арқылы;
D. Файл – Жабу (Закрыть) меню командаларын таңдау арқылы;
E. Тапсырмалар тақтасындағы Word программасы белгісінің жанама менюінен Закрыть (Жабу) командасын орындау.
3. Егер WORD редакторында мәтін бөлігі ерекшеленіп тұрған мезетте теру жұмысы орындалса, қандай өзгеріс болады?
A. ерекшеленіп тұрған аймақ автоматты түрде форматталады;
B. ерекшеленіп тұрған аймақ оңға қарай жылжиды;
C. ерекшеленген аймақ солға қарай жылжиды;
D. ерекшеленген аймақ өшіріліп, оның орнына жаңа терілген мәтін жазылады;
E. ешқандай өзгеріс болмайды.
4. WORD редакторында мәтін ішінде Shіft пернесі басулы тұрғанда тышқан курсорын жылжыту кезінде қандай өзгеріс болады?
A. курсор жүріп өткен аймақ ерекшеленеді;
B. курсор жүріп өткен аймақ өшіріледі;
C. курсор жүріп өткен аймақ автоматты түрде форматталады;
D. аймақтың ерекшеленуі алынады;
E. ерекшеленіп тұрған аймақ оңға қарай жылжиды.
5. WORD редакторында қаріп параметрлерін тағайындау қай нұсқада орындалмайды:
A. Формат – Қаріп (Шрифт) командасын орындағанда ашылған сұқбат терезесінде тиісті параметрлерді тағайындау қажет;
B. Форматтау саймандар тақтасындағы батырмалар көмегімен, қаріптің түрін, көлемін, сызылымын жылдам өзгертуге болады;
C. Абзац – Автоформат командасын орындағанда ашылған сұқбат терезесінде тиісті параметрлерді тағайындау қажет;
D. CTRL+І және CTRL+B пернелерін басу арқылы қаріптің сызылымын өзгертуге болады;
E. Жанама менюдегі Қаріп командасын орындағанда ашылған сұқбат терезеде тиісті параметрлерді тағайындау.
6. Кесте ұяшықтарын біріктіру әрекеті қай нұсқада орындалмайды?
A. ұяшықтарды ерекшелеп алған соң, Кесте – Ұяшықтарды бірік¬ті¬ру (Таб¬ли¬ца – Объединить ячейки) командасын орындау арқылы;
B. Кестелер мен шекаралар (Таблицы и границы) саймандар тақтасындағы өшір¬¬гіш батырмасын шертіп, біріктіретін ұяшықтар шекарасын өшіру арқылы;
C. ұяшықтарды ерекшелеп алған соң, саймандар тақтасындағы ұяшық¬тарды біріктіру батырмасында тышқанды шерту арқылы;
D. Правка – Ұяшық¬тарды біріктіру (Объединить ячейки) жолында тышқанды шерту арқылы.
7. Мәтін редакторында жазылған құжатты баспаға қалай шығаруға болады? (Дұрыс емес нұсқаны көрсетіңіз)
A. Файл – Баспаға шығару (Печать) командасын орындағанда ашылған терезеде қажетті параметрлерді тағайындау арқылы;
B. Баспаға шығарылатын құжат белгішесін Менің компьютерім немесе Сіл¬теуіш терезесінде Принтерлер бумасындағы тиісті принтер белгісіне тышқан көмегімен жеткізу арқылы;
C. Правка - Печать командасын орындағанда ашылған сұқбат терезеде тиісті параметрлерді тағайындау;
D. баспаға шығару параметрлері алдын ала тағайындалса, саймандар тақтасындағы Баспаға шығару (Печать) батырмасында тышқанды шерту;
E. Баспаға шығарылатын құжат ашық тұрған кезде Менің компьютерім немесе Сіл¬теуіш терезесінде оның белгішесін Принтерлер бумасындағы тиісті принтер белгісіне тышқан көмегімен жеткізу арқылы.
8. “Алдын ала көру” режимін іске қосатын батырманы көрсетіңіз:
A.;
B.;
C.;
D.;
E..
9. WORD редакторындағы мәтінді бейнелеу режимдері:
A. кәдімгі, web - құжат, беттерді белгілеу, құрылым (структура);
B. мәтіндік, графикалық;
C. қалыптағы, кеңейтілген, форматтау;
D. стандартты, тураланған, басты құжат;
E. кәдімгі, алдын - ала көру, баспаға жіберу.
10. WORD редакторында Жұмыс алабы (рабочая область) дегеніміз...
A. экранның саймандар тақтасы орналасқан алабы;
B. экранның меню командалары орналасқан алабы;
C. экранның терілген және теріліп жатқан мәтін орналасатын алабы;
D. экрандағы ақпараттық мәлімет беріп тұратын алабы;
E. терезенің басқа түспен ерекшеленіп тұрған жоғарғы жағы.
11. WORD редакторында сақталған файлдың типі қандай болады?
A. *. EXE;
B. *. DOC;
C. *. TXT;
D. *. COM;
E. *. SYS.
12. Қаріп (шрифт) мөлшерін қай батырманың көмегімен өзгертуге болады?
A. 10 ;
B. Текст ;
C. Ж;
D. K;
E. Ч.
13. Word редакторында кесте құру әрекеті қалай орындалады?
A. Таблица – Вставить – Таблица (Кесте – Кірістіру – Кесте) командасын орын¬дап, жолдар мен бағаналар санын көрсетіп, ОК - ді шерту керек;
B Формат – Графикалық объект командасын орындап, Таблица (Кесте) жолын шертіп, ОК - ді шерту керек;
C. Окно – Вставить – Таблица (Терезе – Кірістіру – Кесте) командасын орын¬дап, жолдар мен бағаналар санын көрсетіп, ОК - ді шерту керек;
D. Формат – Таблица (Кесте) командасын орындап, жолдар мен бағана¬лар санын көрсетіп, ОК - ді шерту керек;
E. Вставка – Таблица (Кірістіру – Кесте) командасын орындап, жолдар мен бағаналар санын көрсетіп, ОК - ді шерту керек.
14. Word редакторында кесте ұяшығын бірнеше бөлікке қалай бөледі?
A. Курсорды керекті орынға жылжытып, тышқанды бір шерту керек;
B. Курсорды керекті орынға жылжытып, Enter пернесін басу керек;
C. Правка – Разбить ячейки командасын орындап, керекті жолдар немесе бағаналар санын енгізіп, ОК - ді шерту керек;
D. Курсорды керекті орынға жылжытып, тышқанды екі рет шерту керек;
E. Таблица – Разбить ячейки командасын орындап, жолдар немесе бағаналар санын енгізіп, ОК - ді шерту керек.
15. Терілетін тізімдерді нөмірлеу үшін...
A. батырмасын шерту керек;
B. батырмасын шерту керек;
C. батырмасын шерту керек;
D. батырмасын шерту қажет;
E. Формат – Бетті нөмірлеу командасын орындау керек.
16. Құжат ішіне сурет енгізу қандай команданың көмегімен орындалады?
А. Вставка – Рисунок – Картинки;
B. Сервис – Параметры – Вид;
C. Файл – Параметры страницы – Макет;
D. Вид – Рисунок;
E. F3 пернесін басу арқылы.

ЖАУАПТАРЫ
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
D D D A C D C E A C B A A E D B











Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-534220

Похожие материалы