Инфоурок Всеобщая история ТестыТест по истории Казахстана

Тест по истории Казахстана

Скачать материал

 

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

 

 

  1. XV ғасырда қазақ жерін мекен еткен тілі, салт-дәстүрі ортақ тайпалардың этникалық, саяси-тарихи бірігуі негізінде:

A) Түрлі діни ағымдар пайда болды

B) Моғолстан мемлекеті құрылды

C) Бөкей ордасы құрылды

D) Қазақ хандығы құрылды

E) Ішкі феодалдық тартыстар өрши түсті

  2. Қасым ханның тұсында Қазақ хандығының астанасы болған қалалар:

A) Отырар, Сайрам

B) Ташкент, Баласағұн

C) Сығанақ, Түркістан

D) Қызыл тура, Орда базар

E) Тараз, Мерке

  3. 1643 жылғы Жәңгір ханның басшылығымен қазақтар жоңғарларды жеңген шайқас:

A) Айғыржар шайқасы

B) Ойрантөбе шайқасы

C) Орбұлақ шайқасы

D) Аңырақай шайқасы

E) Қалмаққырылған шайқасы

  4. Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі қайғы-қасірет әсерінен туған ән:

A) «Елім менің»

B) «Заман-ай»

C) «Қайран дүние»

D) «Елім-ай»

E) «Туған жер»

  5. 1854 жылы салынған Верный бекінісінің ертедегі атауы:

A) Ұзынағаш

B) Жетісу

C) Есік 

D) Үргеніш 

E) Алматы   

  6. Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақстандықтар саны:

A) 800-ге жуық

B) 900-га жуық

C) 500-ге жуық

D) 600-ге жуық

E) 700-ге жуық

  7.  «Алтын қорған» деген атау алған Шығыс Қазақстан жеріндегі қорған:

A) Шілікті қорғаны

B) Есік қорғаны

C) Берел қорғаны

D) Бесшатыр қорғаны

E) Аралтөбе қорғаны

  8. VII ғасырдың басында Монғолияның солтүстік-батысын мекендеген түрік тайпасы:

A) Қимақ

B) Қарлұқ

C) Түргеш

D) Қарахан

E) Қыпшақ

  9. XIV ғасырдың 90-жылдары Едіге Ноғай Ордасының беделін көтеріп, шекарасын ұлғайту мақсатында соғысты:

A) Әмір Темірмен

B) Тоқтамыспен

C) Өзбекпен

D) Шайбан Әбілқайырмен

E) Тоғылық Темірмен

 10. 1734 ж. Ресейде құрылған «Қырғыз-қайсақ» экспедициясының мақсаттарының бірі:

A) Ұлы жібек жолын қалпына келтіру

B) Қиыр Шығысты игеру

C) Жоңғар хандығына жорық жасау

D) Орта Азияның картасын жасау

E) Кіші жүз жеріндегі табиғи ресурстарды зерттеу

 11. XIX ғасырдың ортасында Есет батыр бастаған көтерілістің нәтижесі:

A) Салық мөлшеріне шек қойылды

B) Есет Орынборда патша билігін мойындады

C) Патша өкіметі көтерілісшілердің талабын орындауға уәде берді

D) Жазалаушы топтар талқандалды

E) Патша өкіметінің отарлауын кешеуілдетті  

 12. 1865 жылы құрылған «Дала комиссиясын» басқарған:

A) С.Гросс

B) Б.Шварц

C) Э.Сташинский

D) Ф.Гирс

E) Л.Мурашкин

 13. 1812 жылы Отан соғысында ерлігімен «Георгий» орденінің кавалері атанған қазақ:

A) Майлыбайұлы

B) Н.Жанжігітұлы 

C) Б.Шуашбайұлы

D) Ы.Әубәкірұлы

E) Е.Азаматұлы   

 14. Қазақ халқының әдет-ғұрпы, билер сотының мәліметтерін жинап құнды зерттеу жүргізген поляк азаттық қозғалысының өкілі:

A) Г.Михаэлис

B) С.Гросс

C) Т.Шевченко

D) К.Миллер

E) П.Рычков  

 15. 1905-1907 орыс революциясы жылдары қазақ шаруалары отаршыл жер саясатына ашық қарсылық көрсеткен Семей облысындағы уезд:

A) Перовск

B) Қарқаралы

C) Әулиеата

D) Шымкент

E) Жаркент

 16. Алашорданың уақытша орналасқан жері:

A) Орал

B) Семей

C) Қостанай

D) Верный

E) Орынбор

 17. Қ.И.Сәтбаевқа Жезқазған мыс кен орындарына сіңірген еңбегі үшін мемлекеттік сыйлық берілді:

A) 1946 ж.

B) 1938 ж.

C) 1933 ж.

D) 1942 ж.

E) 1937 ж.

 18. Тоқырау жылдарында қазақтар негізінен меңгерген ғылым саласы:

A) Ядролық физика

B) Медицина

C) Ғарышты игеру

D) Кибернетика

E) Есептеу техникалары

 19. КОКП басшылары Алматы қаласындағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына берген бағасы:

A) «кәсіпшілдік қақтығысы»

B) «демократиялық бастаулар»

C) «ұлт-азаттық қозғалыс»

D) «діни сипаттағы қозғалыс»

E) «қазақ ұлтшылдығының көрінісі»

 20. Арал төңірегіндегі неолиттік тұраќтың бірі:

A) Тоќсанбай

B) Сексеуіл

C) Ќараќұдыќ

D) Темір

E) Ќарғалы

 21. VIII ғасырда Қарлұқ, Қимақ қағанаттары дәуірінде кең тараған, киіз үйге ұқсас діни құрылыс жүйесі:

A) Керуен сарайлар

B) Дың ескерткіштері

C) Сардобалар

D) Жер асты кесенелері

E) Балбал тастар

 22. XIV-XV ғасырлардан әлі күнге дейін тәрбиелік мәні зор батырлық, өнегелік мазмұндағы ертегілердің бірі:

A) «Қобыланды батыр»

B) «Ер Тарғын»

C) «Жошы ханның жортуы»

D) «Ақсақ құлан»

E) «Жоямерген»

 23. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс кезінде және жазалау нәтижесінде Қазақстан жеріндегі қазақтардың саны кеміді:

A) Екі жүз мыңға

B) Екі миллионға жуық

C) Жарты миллионға жуық

D) Бір миллион

E) Сегіз жүз мыңдай адамға

 24. Индустрияландыру жылдары Қазақстанға жұмысшылар, инженерлер мен техниктерді  әкелді:

A) Шет елдерден

B) Әзірбайжан, Армениядан

C) Өзбекстан, Қырғызстаннан

D) РКФСР мен Украинадан

E) Түркіменстан, Тәжікстаннан

 25. КОКП XX съезінен кейін ақталған, әділетсіз жазаға ұшыраған аса көрнекті әдебиетшілер:

A) Ә.Марғұлан, М.Айтхожин, А.Байтұрсынов

B) С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин

C) М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов

D) Қ.Аманжолов, С.Мәуленов, М.Шаханов

E) М.Әуезов, С.Мұқанов, Ә.Әбішев

 

 

 

 


ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

 

 

  1. XV ғасырда болашақ Қазақ хандығының құрылуына алғышарт осы хандықтың ішкі-сыртқы жағдайына байланысты қалыптасты:

A) Әбілқайыр хандығының

B) Ноғай Ордасының

C) Сібір хандығының

D) Алтын Орданың

E) Ақ Орданың

  2. XVI ғасырда Моғолстанмен, Сібір хандығымен, Ноғай Ордасымен және Шайбан әулетімен әскери-саяси қатынасқа түсіп, Қазақ хандығының аумағын кеңейтті:

A) Хақназар хан

B) Бұрындық хан

C) Шығай хан

D) Есім хан

E) Мамаш хан

  3. XVI-XVII ғасырлардағы қазақ тарихының маңызды ескерткіші-Қадырғали Жалайридің шығармасы:

A) «Диуани-лұғат ат-түрк»

B) «Бадап әл-уәкәй»

C) «Диуан-и хикмет»

D) «Жылнамалар жинағы»

E) «Тарих-и Рашиди»

  4. 1734 жылы Қазақ жерінде ұйымдастырылған экспедиция:

A) «Петербург-Түркістан»

B) «Қырғыз-қайсақ»

C) «Алтай»

D) «Тұран»

E) «Шыңжаң»

  5. 19-43 жас аралығындағы еңбекке жарамды барлық ер адамдарды қара жұмысқа алу туралы жарлық шықты:

A) 1916 жылы 25 шілдеде

B) 1916 жылы 25 маусымда

C) 1916 жылы 25 мамырда

D) 1916 жылы 25 тамызда

E) 1916 жылы 25 сәуірде

  6. Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған батыры Халық Қаһарманы:

A) Төлеген Тоқтаров

B) Асқар Мұхамедияров

C) Бауыржан Момышұлы

D) Рамазан Амангелдиев

E) Мәлік Ғабдуллин

  7. Парсы жазбаларындағы "сақ" сөзінің мағынасы:

A) Жүйрік атты турлар

B) Азиялық скифтер

C) Еркін адамдар

D) Құдіретті еркектер

E) Көшпелілер

  8. Х ғасырдың орта кезінде батысы Жетісудан, шығысы Қашқарға дейінгі аумақты алып жатқан мемлекет:

A) Қимақ

B) Оғыз

C) Қарақытай

D) Қарлұқ

E) Қарахан

  9. Ақ Орда мен Моғолстан одағы бағытталды:

A) Жоңғарларға қарсы

B) Алтын Орда хандарына қарсы

C) Қытайға қарсы

D) Ноғай Ордасына қарсы

E) Темір мемлекетіне қарсы

 10. Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісінің ерекшелігі:

A) Көтеріліске орыстардың ғана қатысуы

B) Он төрт жылға созылуы

C) Башқұрт, татар, қазақтардың қатысуы

D) Бүкіл қазақ жерін қамтуы

E) Қоқан хандығына қарсы бағытталуы  

 11. Игельстромның жоспары бойынша шекаралық сотқа беру көзделді:

A) Ұлы жүздегі әкімшілік билікті

B) Орта жүздегі әкімшілік билікті

C) Кіші жүздегі әкімшілік билікті

D) Дала мен Түркістан өлкесіндегі билікті

E) Бөкей Ордасындағы әкімшілік билікті

 12. 1867-1868 жылдардағы реформа негізінде Семей облысының құрамына кірген уез:

A) Жаркент

B) Көкшетау

C) Тоқмақ

D) Шымкент

E) Павлодар

 13. Ұйғыр халқының музыка өнері, биі жөнінде жазған ғалым саяхатшы:

A) М.Красовский

B) Л.Гумилев

C) П.Семенов-Тяньшанский

D) В.Радлов

E) Н.Пржевальский

 14. ХІХ ғасырдың І жартысында Каспий теңізінің жағалауын зерттеген ғалым:

A) П.Величко

B) Г.Карелин

C) Н.Северцев

D) С.Семенов

E) М.Лаппа  

 15. ХХ ғасырдың басында өндіріс орындарындағы жұмыс мерзімінің ұзақтығы:

A) 8-9 сағат

B) 9-11 сағат

C) 10-12 сағат

D) 12-14 сағат

E) 14-16 сағат

 16. 1917 жылы шілде айында Орынборда болған Жалпықазақ съезінде Алаш партиясы қойған талап:

A) Интернационалдық билік орнату

B) Қазақтардың ұлттық автономия алуы

C) Социалистік революция өткізуге дайындық

D) Монархиялық билікті қалпына келтіру

E) Ресейдің құрамына толығымен кіру

 17. Орталық Қазақстанның минерал-шикізат байлықтарын зерттеген академик:

A) Н.Курнаков

B) В.Перовский

C) Г.Батенков

D) М.Сперанский

E) И.Губкин

 18. Тоқырау жылдарында Қазақстанда халық арасында ілтипатпен қабылданған кинофильм:

A) «Абылай хан»

B) «Көшпенділер»

C) «Амангелді»

D) «Сталинге хат»

E) «Қыз Жібек»

 19. 1991 жылы 7 қыркүйекте болған Қазақстан Компартиясының төтенше съезінде қабылданған шешім:

A) Партияның атауын өзгерту

B) Қазақстан компартиясын тарату

C) Қазақстан компартиясын ұлғайту

D) Партияға жастарды көбірек тарту

E) Қазақстан компартиясының жаңа басшысын сайлау

 20. Неолит дәуірінің Солтүстік Қазақстан жеріндегі тұрағы:

A) Пеньки

B) Шабақты

C) Зеленая Балка

D) Бөріқазған

E) Усть-Нарым

 21. Сауда қатынасын дамыту мақсатында Иран, Византиямен байланыс орнатуға ұмтылған түрік қағаны:

A) Үшлік

B) Білге

C) Иштеми

D) Сұлу

E) Мұқан

 22. Қ.А.Йасауи ғимаратының қасында орналасқан Әмір Темір ұрпағына арнап салынған кесене:

A) Айша Бибі кесенесі

B) Әбу Саид кесенесі

C) Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі

D) Ұлықбек кесенесі

E) Гаухар Шахназ кесенесі

 23. Ресей үкіметі Әулиеата, Түркістан бекіністерін басып алды:

A) 1862 жылы

B) 1866 жылы

C) 1864 жылы

D) 1868 жылы

E) 1870 жылы

 24. Қазақ АКСР-і тұсында болған мәдени саладағы ірі оқиға:

A) Кәсіподақтардың I конференциясы өтті

B) «Абай жолы» эпопеясы жарық көрді

C) «Ленфильм» киностудиясы «Амангелді» фильмін түсірді

D) Ғылым Академиясы құрылды

E) Қызылорда қазақ театры ұйымдастырылды

 25. Қазақ КСР Ғылым академиясының 1946-1949 жылдар аралығында халық шаруашылығына енгізу үшін жасаған ұсыныстар мен зерттеулер саны:

A) 500-ге жуық

B) 900-ден астам

C) 700-ден астам

D) 1200-ге жуык

E) 600-ге жуык

 

 

 

 

 


ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

 

 

  1. XV ғасырдағы Сыр бойындағы қалалар үшін болған шайқас нәтижесінде Қазақ хандығының құрамына кірген қала:

A) Сығанақ

B) Бозкент

C) Ташкент

D) Сайрам

E) Отырар

  2. XVI ғасырда қазақ жерінің басым бөлігін өзіне қаратқан қазақ ханы:

A) Бұрындық

B) Қасым

C) Тахир

D) Шығай

E) Бұйдаш

  3. ХVІІ ғ. соңы мен ХVІІІ ғ. басында Қазақ хандығындағы саяси жағдайды реттеген хан:

A) Қасым хан

B) Абылай хан

C) Есім хан

D) Тәуке хан

E) Хақназар хан

  4. XVIII ғ. аса танымал қазақ билеушісі:

A) Абылай

B) Қасым

C) Жәңгір

D) Есім

E) Тәуекел

  5. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс кезіндегі Жетісудағы қозғалыс басшыларының бірі:

A) Н.Қияшев

B) Б.Әшекеев

C) К.Көкімбайұлы

D) Ә.Жанбосынов

E) А.Иманов

  6. Ұлы Отан соғысында екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған:

A) Б.Момышұлы

B) М.Ғабдуллин

C) Л.Беда

D) Қ.Қайсенов

E) И.Карпов

  7. Сақтар туралы дерек қалдырған рим тарихшысы:

A) Помпей Трог

B) Арриан

C) Полиэн

D) Геродот

E) Тит Ливий

  8. Дамыған орта ғасырда Орхон, Керулен, Селенгі, Аргун өзендерінің бойында тұрған тайпа:

A) Қарақытайлар

B) Керейіттер

C) Қарлұқтар

D) Қимақтар

E) Қарахандар

  9. Батыс Монғолия, Алтай, Тарбағатай, Ертістің жоғары ағысы бойындағы қараған Шыңғысханның баласы:

A) Үгедей

B) Жошы

C) Шағатай

D) Төле

E) Батый

 10. XVIII ғасырдың 20-жылдары Жоңғар мемлекеті бейбіт келісімге келген мемлекет:

A) Осман империясы

B) Ресей империясы

C) Хиуа хандығы

D) Бұхар хандығы

E) Цинь империясы

 11. 1797 жылы Барон Игельстромның ұсынысы бойынша патша үкіметі бекіткен хан:

A) Шерғазы

B) Нұралы

C) Ералы

D) Айшуақ

E) Есім

 12. «Сібір қазақтарының Жарғысы» бойынша Қазақстанда құрылған әкімшілік жүйесі:

A) Үш буынды

B) Алты буынды

C) Төрт буынды

D) Бес буынды

E) Екі буынды

 13. Ұйғырлардың Жетісу өлкесі мен Қырғыз жеріне қоныстануы созылған жылдар:

A) 1881-1883 жж.

B) 1881-1886 жж.

C) 1881-1884 жж.

D) 1881-1887 жж.

E) 1881-1885 жж.

 14. Әйгілі «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жырының ең көркем нұсқасын таратқан эпик ақын:

A) Сүйінбай ақын

B) Шортанбай ақын

C) Шернияз ақын

D) Шөже ақын

E) Дулат ақын

 15. 1905 жылы Успен кенішінде өткен ереуілге басшылық еткен ұйым:

A) «Азат қырғыздар»

B) «Жас жұмысшылар одағы»

C) «Большевиктер одағы»

D) «Капиталға қарсы орыс-қырғыз одағы»

E) «Қызыл коммунарлар»

 16. Азамат соғысы кезеңінде қалыптасқан экономикалық және саяси жүйе:

A) Жаңа экономикалық саясат

B) Әскери коммунизм

C) Әскери диктатура

D) Демократия

E) Индустрияландыру

 17. ХХ ғ. 20 ж. түсті металлургияның  негізгі ауданы:

A) Қарғалы

B) Ембі

C) Кенді Алтай

D) Қарағанды

E) Екібастұз

 18. 1960 жылдардың ІІ жартысында салынған электр станциясы:

A) Жамбыл

B) Өскемен

C) Алматы

D) Ақтау

E) Қапшағай

 19. Қазақ КСР-нің өмір сүрген уақыты:

A) 1920-1991 жж.

B) 1925-1991 жж.

C) 1977-1991 жж.

D) 1978-1991 жж.

E) 1936-1991 жж.

 20. Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ерекшелігі:

A) Екі жерлеу орындарының болуы

B) Адам мен жылқы қатар жерленген

C) Жылқы сүйектерінің көп кездесуі

D) Еркек пен әйел қатар жерленген

E) Жерлеу орындары құрылыстарының ірілігі

 21. М. Қашғари «Түрік тілдерінің сөздігі» еңбегін жазды:

A) X ғасырда

B) XIII ғасырда

C) IX ғасырда

D) XII ғасырда

E) XI ғасырда

 22. Қазақстанда Ислам діні VIII ғасырда тарай бастағанымен, халықтың жүрек түкпіріне ХІХ ғасырдың аяғына дейін толық жете қоймағаны жөнінде өз пікірін жазған қазақтың тұңғыш ғалымы: 

A) Ж.Аймауытов

B) А.Құнанбаев

C) Ш.Құдайбердиев

D) М.Дулатов

E) Ш.Уәлиханов

 23. ХІХ ғасырдың ортасында болған Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы көтерілістер бағытталды:

A) Қоқан хандығына қарсы

B) Қытай билеушісіне қарсы

C) Иран шахына қарсы 

D) Қашғар хандығына қарсы

E) Англия билігіне қарсы

 24. 1934 жылы Қазақ АКСР-ның мәдени өміріндегі елеулі оқиға:

A) Қазақ КСР-і құрылды

B) Қазақ мемлекеттік университеті ашылды

C) Тұңғыш педагогикалық институт ашылды

D) КСРО Ғылым академиясы құрылды

E) Қ.И.Сәтбаевқа мемлекеттік сыйлық берілді

 25. Қазақстан ғылымында қоғамдық ғылымдарды зерттеу ауқымы кеңейтілді:

A) 1930 жылдары

B) 1940 жылдар ішінде

C) 1970 жылдары

D) 1950 жылдар ішінде

E) 1960 жылдары

 

 

 

 

 


ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

 

 

  1. Қазақ хандығының құрылуы жайында мәліметтер кездесетін тарихи еңбек:

A) «Кодекс куманикус»

B) «Тарих-и Рашиди»

C) «Ақиқат сыйы»

D) «Оғызнама»

E) «Түрік тілдерінің сөздігі»

  2. «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасауға қатысқан Ұлы жүз биі:

A) Төле би

B) Қазыбек би

C) Әйтеке би

D) Қарашор би

E) Сасық би

  3. Абылай ханның бала кезіндегі лақап аты:

A) Сабалақ

B) Сәмеке

C) Дарабоз

D) Уәли

E) Әбілмәмбет

  4. Кенесарының баласы Сыздық бастаған топ қарсы күресті:

A) Қоқан ханына  

B) Ресей патшасына 

C) Бұқар ханына 

D) Цинь императорына  

E) Хиуа ханына  

  5. Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т.Бигелдинов Ұлы Отан соғысында атқарған қызметі:

A) Ұшқыш

B) Барлаушы

C) Пулеметші

D) Мерген

E) Танкист

  6. 1950-ші жылдары Қазақстанды тастап кетуге мәжбүр болған дарынды жазушы:

A) Е.Бөкетов

B) С.Асфендияров

C) С.Мұқанов

D) Ю.Домбровский

E) Ә.Марғұлан

  7. Сақтардың негізгі шаруашылығы:

A) Мал шаруашылығы

B) Теселі егіншілік

C) Металл өңдеу

D) Шыны бұйымдар жасау

E) Аң аулау

  8. Қимақ қағанатында шонжарларға берілген лауазымдар:

A) «ябғу», «шад-түрік», «елтебер»

B) «елтебер», «шад», «ілік хандар»

C) «бектер», «тегіндер», «ябғу»

D) «ябғу шад», «ұлы қаған», «кіші қаған»

E) «елтебер», «кіші хандар», «шад»

  9. 1390 жылдардағы жорықтан кейін Темірге толық тәуелділікке түскен:

A) Моғолстан

B) Ақ Орда

C) Мауараннахр

D) Әбілхайыр хандығы

E) Ноғай Ордасы

 10. Жанқожа бастаған көтерілістің болған уақыты:

A) 1836-1838 жж.

B) 1837-1847 жж.

C) 1856-1857 жж.

D) 1773-1793 жж.

E) 1860-1870 жж.

 11. 1822 жылғы «Жарғы» бойынша аға сұлтандарды сайлады:

A) сұлтандар

B) жатақтар

C) әскери шенеуніктер 

D) шаруа бастықтары

E) губернаторлар

 12. 1891 жылғы Ереже бойынша Жетісу облысы енгізілді:

A) Орынбор генерал-губернаторлығына

B) Түркістан генерал-губернаторлығына

C) Астрахан генерал-губернаторлығына

D) Дала генерал-губернаторлығына

E) Шығыс Сібір генерал-губернаторлығына

 13. 1836-1838 жылдардағы Ішкі Ордадағы шаруалар көтерілісіне қатысқан ақындар:

A) Шөже, Сүйінбай

B) Дулат, Шортанбай

C) Мұрат, Біржан

D) Махамбет, Шернияз

E) Әсет, Базар жырау

 14. ХІХ ғасырда орыс географиялық қоғамының бөлімдері мен бөлімшелері ашылған қалалар:

A) Жезқазған, Қарағанды, Өскемен

B) Ақмола, Атбасар, Арқалық

C) Орынбор, Омбы, Семей

D) Қостанай, Көкшетау, Торғай

E) Әулиеата, Шымкент, Ақмешіт

 15. XX ғасырдың басындағы патша үкіметінің шығыс аудандардағы ірі экономикалық шарасы:

A) Түркістан-Сібір шойын жолының салынуы

B) Орынбор-Ташкент темір жолының салынуы

C) Нілді зауытының іске қосылуы

D) Қарағанды көмірін өндіру

E) Алматы-Қызылорда шойын жолының салынуы

 16. «Реквизицияланған жұмысшылар» 1917 жылдың шілдесінде Верныйда құрған ұйым:

A) «Жас қазақ»

B) «Жас арбакештер одағы»

C) «Қара жұмысшылар одағы»

D) «Қазақ жастарының революцияшыл одағы»

E) «Солдаттардың орыс-мұсылман ұйымын»

 17. 1934 ж. Құрманғазы атындағы  Қазақ мемлекеттік оркестрін ұйымдастырған:

A) Ә.Қашаубаев

B) Н.Тілендиев

C) А.Жұбанов

D) Е.Рахмадиев

E) А.Затаевич

 18. «Қан мен тер» романының авторы:

A) М.Әуезов

B) Ғ.Мүсірепов

C) Қ.Мырзалиев

D) Ә.Нүрпейісов

E) Ғ.Мұстафин

 19. Қаракерей Қабанбай туралы жазылған Қ.Жұмаділовтың диалогиясы:

A) «Дара тұлға»

B) «Дарабоз»

C) «Қызыл жебе»

D) «Көне түркілер»

E) «Соңғы парыз»

 20. Орталық Қазақстан жеріндегі жүзі түзу, кейде қайқы тас пышақ қырғыштар табылған тұрақ:

A) Семізбұғы

B) Бөріқазған

C) Арыстанды

D) Атасу

E) Шабақты

 21. Әл Баласағұни «Құтадғу білік» еңбегін жазды:

A) X ғасырда

B) XIII ғасырда

C) IX ғасырда

D) XII ғасырда

E) XI ғасырда

 22. «Дешті уәлаяты Берке ханға бағынған кезде дінсіздердің көп бөлігін ол ислам дініне кіргізді»-деп жазылған Өтеміс қажының кітабы:

A) «Оғызнама»

B) «Мухаббатнама»

C) «Кодекс куманикус»

D) «Ислам діні»

E) «Шыңғыснама»

 23. Абдаллах ханның Хақназарға сыйға берген жері:

A) Тараз маңындағы қалалар

B) Жетісудағы біраз қалалар

C) Сарыарқадағы бірнеше қала

D) Ташкент

E) Түркістан аймағындағы бірнеше қала

 24. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс кезінде Шерубай-Нұра болысының ханы болып сайланған:

A) Оспан Шоңов 

B) Нұрлан Қияшев  

C) Бекболат Әшекеев

D) Тұрар Рысқұлов 

E) Сәкен Сейфуллин   

 25. 1937 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутаттыққа сайланған мұнайшы:

A) Т.Күзембаев

B) А.Ақыжанов

C) Л.Березняк

D) С.Зұрбаев

E) И.Логвиенко

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тест по истории Казахстана"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Копирайтер

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 839 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.02.2017 3692
    • DOCX 124.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ахметова Айгуль Жанатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ахметова Айгуль Жанатовна
    Ахметова Айгуль Жанатовна
    • На сайте: 7 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 6
    • Всего просмотров: 18977
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие ИКТ-компетенции обучающихся в процессе организации проектной деятельности при изучении курсов истории

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 95 человек

Курс повышения квалификации

Федеральный государственный образовательный стандарт ООО и СОО по истории: требования к современному уроку

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 153 человека из 52 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 278 человек

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1351 человек из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 914 человек

Мини-курс

ЕГЭ по биологии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление спортивными событиями и организация деятельности в спортивной сфере

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Здоровьесбережение и физическое развитие школьников

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе