Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Тесты / Тест по казахскому литературы

Тест по казахскому литературы


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

І жарты жылдық Тест әдебиет

  1. сынып І нұсқа

1.Лиро-эпостық жырлардың басты тақырыбы не?

А. Халық үшін күрес Б. Ғашықтық, махаббат В.Қиял-ғажайып оқиға

2. Мыналардың қайсысы лиро-эпостық жыр?

А. «Алпамыс батыр» Б. «Қобыланды батыр» В. «Қыз Жібек»

3. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында ханымға Сарыбайдың қазасын естірткен кім?

А. Тайлақ би Б. Танаш В. Тазша

4. Қозының әкесі кім?

А. Тайлақ Б. Қарабай В. Сарыбай

5. . «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырындағы кейіпкерлерді көрсет.

А. Қараман, Алпамыс Б. Ай, Таңсық, ханым В. Гүлбаршын, Қаракөз

6. Осы жырдағы ұнамсыз кейіпкерлер.

А. Сарыбай, Қозы Б. Қарабай, Қодар В. Баян, Айбас

7. «Жақсының аты өлмейді, Ғалымның хаты өлмейді»-кімнің сөзі?

А. Төле би Б. Қазыбек би В. Жиренше

8. «Аягөз, қайда барасың?» кімнің шығармасы?

А. Төле би Б. Дулат Бабатайұлы В. Махамбет Өтемісұлы

9. Өлеңде Аягөз өзені қайдан бастау алады делінген?

А. Алатаудан Б. Көкшетаудан В. Тарбағатайдан

10. Махамбет Өтемісұлының «Тарланым» өлеңінде қандай сарын бар?

А. Естірту Б. Жоқтау В. Арнау

11. «Сылаң етіп жолықса қайтқан ізі Сағадан сымпаң қағып із шалғанда»- Абайдың қай өлеңінен алынған үзінді?

А. «Қараңғы түнде тау қалғып» Б «Қансонарда бүркітші шығады аңға» В. «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ»

12. Абайдың қара сөздері нешеу?

А. 40 Б.45 В.43

13. Ахмет Байтұрсынұлының «Екі шыбын» өлеңі қай жанрда жазылған?

А. Мысал Б. Әңгіме В. Ертегі

14. Дулат Бабатайұлы қашан, қайда дүниеге келді? А. 1802ж. Шығыс Қазақстанда Б. 1802ж. Семейде В. 1802ж. Торғайда

15. Абай Құнанбайұлы қашан, қайда дүниеге келді? А. 1846ж. Семейде Б. 1845ж. Семейде В. 1849ж. Семейде

15.Жүсіпбек Аймауытов қашан дүниеге келді?

А. 1889ж. Б. 1931ж. В. 1886ж.

16. Ж. Аймауытовтың «Әнші» әңгімесіндегі скрипкамен ән айтқан кім?

А. Студент қыз Б. Мәржім В. Рахымбек

17. Әмірханға кімдер ән үйретті?

А. Әкесі, Жұмабек Б. Шәкен, Естай В. Мәржім, Рахымбек

18. «Күн менікі» әңгімесіндегі Ордабайдың үлкен баласы.

А. Омар Б. Көшербай В. Әбілет

19. Жыр алыбы- Жамбылдың ұстазы.

А. Арон Б. Кенен В. Сүйінбай

20.Айтыста Жамбылдан жеңілген атақты ақын.

А. Омархан Б. Құлмамбет В. Сүйінбай

21. Мағжан Жұмабаев қайда, қашан дүниеге келді?

А. 1893ж. ОҚО Б. 1893ж. СҚО В. 1893ж. ШҚО

22. «Темір өзек пенде жоқ,

Өлмес адам елде жоқ» - Жамбылдың қай өлеңінен алынған үзінді?

А. «Атаның әлдиі» Б. «Алғадай туралы әрбір ой» В. «Аттандыру»

23. «Алдындағы малымен

Бірге жусап, бірге өрген

Алаш деген елім бар»- үзінді кімнің шығармасынан алынған?

А. Сәкен Сейфуллин Б. Мағжан Жұмабаев В. Жамбыл Жабаев

24. Қоштасу сарынында жазылған өлеңді тап.

А. «Әнші» Б. «Атаның әлдиі» В. «Аттандыру»

  1. А.Байтұрсынұлының аударма жинағы:

А) «Қырық мысал» В) «Егіннің бастары» С) «Мысал»

Д) «Әдебиет танытқыш» Е) «Тіл құрал»

І жарты жылдық Тест әдебиет

7сынып ІІ нұсқа

1. Әдебиет –

А) сөз өнері В) сөз жарысы С) даналық сөз Д) асыл сөз Е) көркем сөз

  1. Лиро-эпостық жырлардың басты тақырыбы:

А) Отан қорғау В) жастардың бас бостандығы

С) ел тәуелсіздігі Д) табиғатты қорғау Е) махаббат

  1. Қозы Көрпеш - Баян сұлу күмбезінің орналасқан жері:

А) Тараз В) Аягөз С) Қарқаралы Д) Семей Е) Талдықорған

  1. «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырын баспадан қазақ тілінде шығарған ғалым:

А) Г.Потанин В) Ш.Уәлиханов С) В.Радлов

Д) М.Әуезов Е) Ә.Марғұлан

  1. «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырының кейіпкері:

А) Сарыбай В) Төлеген С) Арыстан Д) Қобыланды Е) Алпамыс

  1. «Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз» - кімнің сөзі?

А) Әйтеке би В) Төле би С) Қазыбек би Д) Жиренше Е) Сырым

  1. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырындағы зұлымдық иесі:

А) Қодар В) Бекежан С) Әлібек Д) Сарыбай Е) Қарабай

  1. Төле би өмір сүрген жылдар:

А) 1673-1743 В) 1663-1756 С) 1667-1748 Д) 1675-1765 Е) 1676-1745

  1. Шешендік сөз

А) даналық сөз В) мақал-мәтел С) өлең сөз Д) қара сөз Е) жұмбақ сөз

  1. «Жет жарғы» -

А) заңдар жиынтығы В) әңгімелер жинағы С) шешендік сөз үлгілері Д) өлеңдер жинағы

Е) мақал-мәтелдер жинағы

  1. «Дүниеде не өлмейді?»

А) ағын су В) асқар тау С) ғалымның хаты Д) адамның аты Е) табиғат

  1. Шешеннің сөзі –

А) мерген В) өткір С) дана Д) жұмбақ Е) оқтай

  1. Қазыбек биге «Қаз дауысты» деген атақ берген кім?

  2. А) Тәуке хан В) Қоңтажы С) Төле би Д) Әйтеке би Е) әкесі Келдібек

  3. Абайдың туған жылы:

А) 1845 В) 1854 С) 1904 Д) 1855 Е) 1864

  1. Абайдың «Қара сөздерінің» жазылған уақыты:

А) 1891-1898 В) 1890-1898 С) 1854-1898 Д) 1875-1898 Е) 1864-1898

  1. «Қара сөз» -

А) поэзиялық шығарма В) диалог С) прозалық шығарма Д) ойтолғау Е) шешендік сөз

  1. Д.Бабатайұлының өмір сүрген жылдары:

А) 1820-1894 В) 1890-1884 С) 1702-1784 Д) 1702-1786 Е) 1802-1874

  1. Махамбеттің «Тарланым» өлеңі кімге арналған?

А) Жәңгір ханға В) Исатайға С) тұлпарына Д) баласына Е) досына

  1. Аллегория дегеніміз –

А) бір затты немесе құбылысты шамадан тыс ұлғайта суреттеу

В) бір затты немесе құбылысты шамадан тыс кішірейте суреттеу С) астарлы, тұспалдау арқылы суреттеу

Д) заттың запасын анықтайтын суретті сөз Е) сөз мәнін өзгертіп айту

  1. Махамбеттің «Хан емессің қасқырсың» өлеңі кімге арналған?

А) Баймағамбет сұлтанға В) Бөкей ханға С) Жергілікті үстем тап өкілдеріне Д) Жәңгір ханға Е) Исатайға

  1. «Арызым айтсам өтер ме?,

Арыстаным, көп болды-ау» - қай өлең жолдарынан алынған?

А) «Мінкен ер» В) «Тарланым» С) «Тайманның ұлы Исатай» Д) «Қығыш құс»

22. Д.Бабатайұлының шағармасы:

А) «Ақжайлау мен Сандықтас» В) «Әнші» С) «Аягөз қайда барасың?» Д) «Тарланым »

  1. А.Байтұрсынұлының «Екі шыбын» мысалындағы шыбын қандай?

А) салмақты В) тәкаппар С) мақтаншақ Д) өтірікші Е) еңбекқор

  1. Жүсіпбек Аймауытовтың туған жері:

А) Оңтүстік Қазақстан облысы В) Павлодар облысы

С) Батыс Қазақстан облысы Д) Шығыс Қазақстан облысы

Е) Орталық Қазақстан

  1. «Әнші» әңгімесіндегі Әмірқанның прототипі:

А) Рахымбек В) Әбіжан С) Әсет Д) Жүсіпбек Е) Әміре


Автор
Дата добавления 11.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Тесты
Просмотров237
Номер материала ДВ-325010
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх