Инфоурок Математика ТестыТест по математики 5 класс

Тест по математики 5 класс

Скачать материал

                        Педагогикалық эссе

 

Ұстаз...жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген

және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, жақсылық пен ізгілік көрсетіп... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек

                                                                                                                 Әл-Фараби

 

 

          Ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздың өлшеусіз еңбегі елдің болашағын қалыптастырады.  Ж.Ж.Руссоның: «Ұстаз болу  өз уақытыңды аямау, өзгенің бақытын аялау», - деуінің астарында ұққан кісіге талай сыр жатыр. Ол - жан танушы, ол - әртіс, ол – тәрбиеші,оның әр сөзі, қимылы мен қарасынан  әрбір оқушыға деген қамқорлықтың байқайсың, аналық, әкелік сезімнің, даналық  ойдың ыстық лебі есіп тұрғанын сезінесің.

Сондықтан болар ұстаз болу бала кезімнен арманым еді. Бал балалық шағымнан - ақ ұстаз – мектептің айнасы, сая берер бәйтерегі екендігін жете түсіндім, көкейіме түйдім.Арманымды шындыққа айналдырдым, Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы қатар жүретін  еңбек жолындағы өмірлік ұстанымым - әрқашан шығармашылық ізденісте, ой қозғалысында болу. Әр жыл сайын әр саладағы білімнің жаңарып тұратынын ескерер болсақ, заман сұранысы мен талабынан қалып қоймай, жемісті еңбек етудің бір шарты да - жаңару, өзгеріс енгізу.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өз Жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін   технологияландыру мәселесін қойып отыр. Сондықтан қоғам талабына сай, қоғамды көркейтетін, дамытатын, Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы істер байланысында мемлекеттің өркениеті үшін еңбек ететін, шетелдермен еркін ғылыми және мәдени қарым-қатынас жасай алатын, ана тілін жетік білетін, ұлтжанды,дені сау азамат дайындау – бүгінгі ұстаз қауымының басты мақсаты.

Оқу үрдісінде менің басшылыққа алатын әдістемелік - шығармашылық  тақырыбым:

 «  Жаңа технологияларды қолдану арқылы салауатты, сапалы ұрпақты тәрбиелеу».

Мақсатым асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіріп қана қоймай,сонымен қатар,салауатты өмір салтын ұстанып өмірін спортпен ұштастырып жеке тұлға болып қалыптасуына көмектесу және  оқушыға оқу үрдісін ұйымдастыру барысында білім, білік дағдыларын қалыптастыру, баланың қабілетін ашу,оны алға жетелеу.  

Зерттеу тақырыбымның өзектілігі - еліміздің экономикалық ғаламдану үдерісіне енуі, өмірдің сан саласындағы интеграциялануы – дені сау жас ұрпақтың  іскерлік және қарым-қатынас құрал ретінде білім, білік,ептілік дағдыларының тиісті деңгейде қалыптасуын қажет етеді.

        Негізгі міндетЖеке тұлға ретінде әр оқушының жеке ой - пікірімен санасып ,  олардың көңіл - күйін , рухани адамгершілігін , олардың денсаулығын, қоршаған ортаға мейірімді қарым - қатынасын әр түрлі шығармашылық іс - әрекеттер арқылы өзін - өзі айқындауға басшылық жасау.Ізгі қасиеттер жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізе отырып, мектеп пен отбасы арасындағы өзара  ынтымақтастықты нығайту. Баланың икемділігі мен қабілетіне қарай оны алға жетелеп,өмірдегі орнын табуға бағыттау. Әрбір баланы болашақта дені сау да, мықты азамат шығару мақсатында спортқа баулу. Балаларды мәдениетті адамдарға тән адамгершілік нормаларымен таныстырып ,  үлкенмен , кішімен сыпайы қарым - қатынас жасауға үйрету.Осы бағытта ең алдымен оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту көзделді

 Күтілетін нәтиже – білім, ептілік, күш-қайраты,өзіндік көзқарасы қалыптасқан танымдық мәселелерді өз бетімен шеше алатын, болашағынан үлкен үміт күттіретін, Отанына өз пайдасын тигізіп, туын көкке желбірететін тұлға қалыптасады.

        Қазіргі уақытта білім беру жүйесіндегі өзгерістер  - олардың талаптарына жылдам жауап бере алатындай икемді, өз ісіне құзырлы, шығармашыл мұғалім рөлін көтеруде. Шығармашыл,дені сау мұғалім – ашық, белсенді, мүмкіндіктері мол шығармашыл , мықты тұлғаны қалыптастырады. Сондықтан үйрете отырып, үйренемін деуге де болады.

         Оқушыларым еліміздің игілігіне қызмет етсе, Отанының адал азаматы болса, менің де ел мен жер алдындағы парызымның өтелгені.

 

 

 

                          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                             Тест

Жай бөлшектерді қосу және азайту

 

1.            Бұрыс бөлшектерді жаз:

       А)             В)          С)           Д)

 

2.             бөлшегінің бөлшек бөлігі:

       А)             В)          С)           Д)

 

3.             бөлшегін қысқартқанда нәтижесі неге тең:

       А)             В)          С)            Д)

 

4.            3 және 5  сандарының қосындысының мәні неге тең?

       А) 5            В) 6         С)   5        Д) 5

 

5.            8 және 2  сандарының айырымының мәні неге тең?

       А)  6           В) 7         С) 6          Д) 6

6.      8 және 2 сандарының айырымының мәні неге тең?

       А) басқа санға тең            В) 5        С)  6         Д) 5

 

7.             өрнегінің мәні неге тең?

       А)   2          В) 2         С) 1          Д) басқа санға тең

 

8.            14теңдеуінің мәнін табыңдар:

       А)  6           В) 5         С)  6         Д) 6

9.Маршруттың ұзындығы 20 км. Бірінші күні туристер 10 км, ал екінші күні одан 2 км кем жүрсе, онда  жүрілмеген қанша км жол қалды?

        А) 10            В) 2         С) 14          Д) 8 

          10.  Берілген сандардың қайсысы өсу ретімен орналасқан?

       А)             В)          С)           

№1 Қосуды орында: 5894 + 21547=
№2 Азайтуды орында: 75892 - 46821=
№3 Көбейтумен бөлуді орында: 466 * 207 ÷ 699=
№4 Өрнекті ықшамда: 403х - 393х, х=17
№5 Теңдеуді шеш: (х+17) * 18 = 342
№6 Бір күнде 1660 кг картоп жиналды. Түске дейін түстен кейінгіге қарағанда 4 есе кем картоп жиналды. Түстен кейін қанша картоп жиналды?
№7 ЕҮОБ(250; 75) тап
№8 ЕКОЕ(140;224) тап
№9 Бөлімі 17-ге, алымы 8-ге тең бөлшекті жаз
№10 Қысқартуды орында: 142/208
№11 Пропорцияны шеш: 3/(8 ) = х/88
№12 Аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыр: 712/19
№13 Бұрыс бөлшекті аралас санға айналдыр: 175/17
№14 Жай бөлшектерді қосуды орында: 7/12 + 5/9 =
№15 Жай бөлшектерді азайтуды орында: 8/9 - 5/6 =
№16 Аралас сандарды қосуды орында: 2 5/7 + 5 4/9 =
№17 Аралас сандарды азайтуды орында: 10 5/18 - 5 8/27 =
№18 Аралас сандарды көбейтуді орында: 1 1/5 * 2 11/12 =
№19 Аралас сандарды бөлуді орында: 8 3/4 ÷ 25/8 =
№20 өрнектің мәнін тап: 2 1/6 ÷ (8 3/4 - 5 1/2 ) =
№21 Амалдарды орында: 8/27 * 1 2/(7 ) ÷ (4 )/7 =
№22 Теңдеуді шеш: (1 16/25 + х) - 4/5 = 4 2/25
№23 Ондық бөлшектерді қос: 5,251 + 17,02 =
№24 Ондық бөлшектерді азайт: 25,2 - 13,452 =
№25 Амалдарды орында: 729,52 - 613,872 + 0,212 =
№26 Теңдеуді шеш: 80 - (45,2 + х) = 17,9
№27 Ондық бөлшекті натурал санға көбейту: 7,8 * 25 =
№28 Амалды орында: (104,9 – 92,8) * 15=
№29 Ондық бөлшектерді көбейт: 5,21 * 12,26 =
№30 Амалдарды орында: (12,25 +2,45) * 1,2 +21,5 =
№31 Ондық бөлшекті натурал санға бөлуді орында: 7,25 ÷ 25 =
№32 Теңдеуді шеш: 12,8 + 8х = 24


 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Натурал санның бөлгіштері. Натурал санның еселіктері
Сабақтың мақсаты:
a) Берілген натурал санның бөлгіші мен еселігі ұғымын енгізіп, оқушыларға натурал санның бөлгіші мен еселігін табуды үйрету және оны есеп шығаруда қолдану дағдысын қалыптастыру
b) Оқушыларды ұйымшылдыққа, өз ойын еркін тұжырымдап және негіздеп жеткізе білуге тәрбиелеу.
c) оқушылардың зейінін кеңейту, есепті шапшаң, әрі дұрыс шығару қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, баяндау, сұрақ – жауап, ойын
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, дидактикалық ойындар

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгелдеу, сыныптағы
оқушылардың сабаққа даярлықтарын анықтау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы «Натурал санның бөлгіштері. Натурал санның еселіктері». Жаңа сабағымызды бастамас бұрын біраз ауызша есептер шығарып, жаттығып алайық.
1) 312: 3 ----- 4) 450: 50 ----- 7) 1313: 13
2) 515: 5 ------ 5) 1050: 50 ------ 8) 1717: 17
3) 618: 6 ------ 6) 2050: 50 ------ 9) 3434: 17

Мұғалім: 18 санына қандай сандар қалдықсыз бөлінеді?
18 саны 1, 2, 3, 6, 9, 18 сандарына қалдықсыз бөлінеді.
Мысалы: 18: 3=6; 18: 6=3; 18: 9=2.
18 - ге қалдықсыз бөлінетін сандардың барлығы да 18 санының бөлгіштері деп аталады.
18 санының бөлгіштері: 1, 2, 3, 6, 9, 18.
Натурал а санының бөлгіші деп а саны қалдықсыз бөлінетін натурал санды айтады.
Мысалы: 30 санының бөлгіштері: 1, 2, 3, 5, 6, 10, 15, 30.
17 санының бөлгіштері: 1 және 17.
Осыдан қандай қорытындыға келеміз?
Берілген натурал санның ең үлкен бөлгіші қандай сан болады екен?
1. Берілген натурал санның ең үлкен бөлгіші сол санның өзіне тең.
2. 1 саны кез келген натурал санның бөлгіші болады.
24 санының бөлгіштері: 1, 2, 3, 4, 6, 8, 12, 24.
24 санының бөлгіштерінің біріншісі мен соңын алатын болсақ, бізде сандардың жұптары пайда болады.
Мұғалім: Қандай сандар екен?
Оқушылар: 1мен 24, 2 мен12, 3пен 8, 4 пен 6.
Енді осы жұптарымен алынған сандардың көбейтіндісін табайық
1*24=24, 2*12=24, 3*8=24, 4*6=24.
Осыдан натурал санның бөлгіштер жұптарының қасиеті шығады:
Берілген натурал санның бөлгіштер жұптарының көбейтіндісі сол санның өзіне тең.
Натурал санның еселіктерін қарастырамыз.
7 санына қалдықсыз бөлінетін сандарды табайық. Ол үшін 7 санын 1 - ге, 2 - ге, 3 - ке, 4 - ке,... көбейту керек. Сонда әрқайсысы 7 - ге бөлінетін сандарды табамыз. Олар 7, 14, 21, 28,...
Яғни, 7, 14, 21, 28,... сандарының әрқайсысы 7 - нің еселігі болады.
Осыдан қандай қорытынды шығаруға болады?
Натурал а санының еселігі деп а санына қалдықсыз бөлінетін натурал санды айтады.
Берілген натурал санға еселік санды табу үшін, оны қандай да бір натурал санға көбейту керек.
Мысалы: 5 санының еселіктері: 5, 10, 15, 20, 25,...
(Оқушылар өздері мысалдар келтіреді)
Осыдан шығатын қорытынды:
1. Кез келген натурал санның еселіктері шексіз көп;
2. Берілген натурал санның ең кіші еселігі сол санның өзіне тең.
Бірінші сан екінші санға қалдықсыз бөлінсе, бірінші сан еселік деп, ал екінші сан бөлгіш деп аталады.
Мысалы: 60: 12=5, ------------------------ 60: 5=12
60 - еселік, 12 - бөлгіш ------------------ 60 - еселік, 5 - бөлгіш.
lV. Оқулықпен жұмыс
А деңгейінің тапсырмалары
№ 150.
1. 21 - дің бөлгіштері: 3, 7
2. 90 - ның бөлгіштері: 3, 10, 15, 18, 30
3. 2 – нің еселіктері: 10, 18, 30, 84
4. 5 - тің: 10, 15, 30.
№ 152.
42санының бөлгіштерін табамыз: 1, 2, 3, 6, 7, 14, 21, 42.
42: 1=42, 42: 2=21, 42: 3=14, 42: 6=7, 42: 7=6, 42: 14=3, 42: 21=2, 42: 42=1.
Керегін таңдап аламыз: 42: 3=14, 42: 7=6.
Ответ: 3 үйме 14 асық, 7 үйме 6 асық.

В деңгейінің тапсырмалары
№ 158.
1) 45 - ке бөлгіш және 5 - ке еселік: 15.
2) 92 - ке бөлгіш және 23 - ке еселік: 46.
3) 120 - ке бөлгіш және 30 - ға еселік: 60.
V. Сергіту сәті «Бөлгіш пен еселік»
С деңгейінің тапсырмалары

№ 167 а санының бөлгіштері: 1, 2, 3, 5, 6, 10, 15, а а санын тап.
Ж: а= 30
В санының бөлгіштері: 1, 3, 5, 15, 25, в в санын тап. Ж: в = 75

VІ Қорытындылау:
1. Қандай санды берілген натурал а санының бөлгіші деп атайды?
2. Қандай санды берілген натурал а санының еселігі деп аталады?
3. Берілген натурал санға еселік сандарды қалай табамыз?
4. Берілген натурал санның бөлгіштер жұптарын қалай табады?
VІІ Үй тапсырмасы: п. 2. 1, № 147(2), 149, 153.
VІІІ Бағалау.


 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тест по математики 5 класс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий филиалом музея

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 551 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.11.2016 671
    • DOCX 68.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тулегенова Бибигуль Танирбергеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6820
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Применение компьютерных моделей при обучении математике и информатике в рамках ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 178 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Математика")

Учитель математики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 31 человек

Курс повышения квалификации

Применение математических знаний в повседневной жизни

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Эмоциональная связь между родителями и детьми

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Фитнес: особенности построения смешанных групповых тренировок

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 19 человек

Мини-курс

Эффективные стратегии успешного взаимодействия: от понимания до саморазвития

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе