Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Другое / Тесты / Тест 2 сыныпқа арналған
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Тест 2 сыныпқа арналған

библиотека
материалов


«Қазақ тілі» пәнінен тест жинағы.

( 2-сынып)



Түсініктеме.



Оқушылардың үлгерімін сараптаудың түрлерін жетілдіру,білімін тез, шапшаң тексерудің тиімді тәсілі – тест.

Тестілеу сұрақтарын құру мұғалімдердің үлесіне тиеді.

Тест сұрақтарын құрғанда пәннің бағдарламасын басшылыққа алдым. Сұрақтарды үш жәйтте, яғни мынадай міндеттерді қамтыдым:

Тест сұрақтарының түсінікті, әрі анық болуы;

Тест сұрақтарының оңай және қиын тақырыптарды қамтылуы;

Бір сұраққа үш жауап, олардың біреуі немесе екеуі дұрыс жауап ретінде берілуі.

Бұл ұсынылып отырған тесттер жинағы 2 – сыныптың «Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасындағы тақырыптарына сәйкес білімдерін есепке алу мақсатында құрастырылды. Яғни, 2 – сыныптың әр тоқсандағы оқушының білім дағдыларын бақылауға беріледі. Тестілеу мұғалімнің белсенді шығармашылық қызметін дамытумен қатар,оқушыларға өз білімін тиімді әдіспен бағалауға мүмкіндік береді.





























1-тоқсан

  1. Төмендегі сөздердің қайсысы дұрыс жазылған?

а) оқыу

ә) оқу

б) оқуу.

2. Бес сөзі бар сөйлемді белгіле.

а) Айгүл ауылға барды.

ә) Әжем маған қолғап тоқып берді.

б) Атамның көзілдірігін алып бердім.

3. Қазақ алфавитінде неше әріп бар?

а) 22

ә) 42

б) 30.

4. Қазақ тілінде неше жіңішке дауысты дыбыс бар?

а) 7

ә) 3

б) 5

5. Қай сөз буынға дұрыс бөлінген?

а) бұл-т

ә) көл-ең- ке

б) жо-ңыш-қа.

6. Тасымалданбайтын сөзді тап.

а) шағала

ә) жол

б) алты

7. «Не?» сұрағына жауап беретін сөзді белгіле.

а) әнші

ә) қасқыр

б) бала

8. Заттың қимылын білдіретін сөзді белгіле.

а) әдемі

ә) дос

б) жүгірді.

9. «Қандай?» сұрағына жауап беретін сөзді белгіле.

а) аппақ

ә) еңбек

б) келді.

10. Заттың санын білдіретін сөзді белгіле.

а) кітап

ә) жеті

б) көрікті.

11. «У» дыбысы дауысты болған сөзді белгіле.

а) әуен

ә) сурет

б) уақыт.

12. Берілген сөздегі көп нүктенің орнына қойылатын әріпті тап!

К...ім.

а) й

ә) ы

б) и

13. «Я» әріп дұрыс жазылған сөзді белгіле.

а) аяз

ә) тайяақ

б) қияяар

14. «Ю» әрпі дұрыс жазылған сөзді тап.

а) ою

ә) ойу

б) жайу.

15. Дауыссыз дыбыс түрлерін белгіле.

а) жуан, жіңішке

ә) дауысты, дауыссыз

б) қатаң, үнді, ұяң.

16. Қатаң дауыссыз дыбысты белгіле.

а) м

ә) қ

б) д

17. Ұяң дауыссыз дыбысты белгіле.

а) б

ә) т

б) з

18. Үнді дауыссыз дыбысты белгіле.

а) п

ә) ғ

б) м

19. Төмендегі сөздердің қайсысы дұрыс жазылған ?

а) мектеб

ә) мектеп

б) мектепб

20. «Қ» дыбысына аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, «қ» дыбысы қандай дыбысқа айналады ?

а) х

ә) р

б)ғ

2-тоқсан

  1. Дұрыс жазылған сөзді белгіле.



а) әңгіме

ә) жанбыр

б) танертен

2. Дұрыс жазылған сөзді белгіле.

а) ылақ

ә) ілақ

б) лақ

3. Мәтін дегеніміз не ?

а) Ұзақ бір сөйлем

ә) Мағына жағынан байланысқан екі не одан да көп сөйлем

б) Байланыспаған бірнеше сөйлем

4. Мәтіннің неше түрі болады?

а) 4

ә) 2

б)3

5. Мәтінге ат қой.

«Қоянның түсі аппақ, құлағы ұзын әрі қорқақ болады.

Жаз мезгілінде түсі сұр болады.Өйткені жылдам жүгіретін жүйрік аң».

а) қоян

ә) жануар

б) аң

6. Мына мәтін мәтіннің қай түріне жатады ?

«Аянды достары жақсы көреді.Өйткені, ол-кішіпейіл,ақылды,ақкөңіл бала».

а) әңгімелеу

ә) сипаттау

б) пайымдау

7. Мәтіннің құрылысын анықта.

а) соңы, басы, негізгі бөлімі

ә) басы,негізгі бөлімі, соңы

б) басы, соңы, негізгі бөлімі.

8. Берілген мәтінде не туралы айтылған?

«Ит-үй хайуанаты.Ит адамдарға көп пайда келтіреді.

Үй күзетеді.Мал бағысады.Ол адамның ең сенімді досы»

а) адам туралы

ә) мал туралы

б) ит туралы

9. Сыпайлықты білдірмейтін сөз қайсы?

а) Кешіріңіз

ә) Рахмет

б) Әкел!

10. Төменнен сөйлемді тауып белгіле.

а) Ауыз

ә) Күн жылынды

б) биік үй.

11. Аяқталған ойды не білдіреді ?

а) Мәтін

ә) Сөз

б) Сөйлем

12. Сөйлем нелерден құралады ?

а)Сөздерден

ә) Дыбыстардан

б) Буындардан

13. Хабарлы сөйлемді белгіле.

а) Атын кім ?

ә) Балалар далаға шықты.

Б) Алақай, жаңбыр жауды!

14. Жауап алу мақсатында айтылған сөйлемді тап.

а) Сұраулы

ә) Лепті

б) Хабарлы

15. Лепті сөйлем ережесін белгіле.

а) Хабарлау мақсатында айтылатын сөйлем.

ә)Жауап алу мақсатында айтылатын сөйлем.

б) Адамның көңіл-күйін, сезімін білдіретін сөйлем.

16. Дұрыс құрылған сөйлемді белгіле.

а) Нұржан тақтайды сүргіледі.

ә) Сүргіледі Нұржан, тақтайды.

б) Тақтайды, сүргіледі Нұржан.

17. Берілген сөйлемнің соңына қойылатын тыныс бегісі қандай ?

Рахат ауылға барасың ба

а) (.) нүкте

ә) (?) сұрау белгісі

б) (!) леп белгісі

18. Сөйлемдегі сөздердің байланысын қалай анықтаймыз ?

а) сұрақ қою арқылы

ә) дайын жауап арқылы

б) сызба арқылы

19. Сөйлемдегі сөздердің байланысын не арқылы көрсетеміз ?

а) сызба арқылы

ә) сұрақ қою арқылы

б) дайын жауап арқылы

20. Қай сөйлемнің байланысы дұрыс көрсетілген ?

а) Балалар мектепке келді.

ә) Балалар мектепке келді.

б) Балалар мектепке келді.

3-тоқсан

  1. Сөз дегеніміз не?

а) Заттың,сананың, қимылдың атауы.

ә) Аяқталған ойды білдіреді.

б) Мағынасы байланысқан сөйлемдер.

2. Сөздер мағынасына байланысты неше топқа бөлінеді ?

а) 2

ә) 3

б) 4

3. Мағынасы қарама-қарсы сөзді белгіле

а) алыс, қашық

ә) балық аула, кең аула

б) арзан-қымбат.

4. Мына сөздерді мағынасына байланысты қай топқа жатқызады ?

Әдемі,көрікті, сұлу.

а) мағынасы жуық, мәндес сөздер.

ә) мағынасы қарама-қарсы сөздер.

б) бірнеше мағынасы бар сөздер.

5. Сөздердің одан әрі бөлінбейтін бөлігін не дейміз ?

а) жұрнақ

ә) жалғау

б) түбір

6. Қосымша нешеге бөлінеді ?

а) 3

ә) 2

б) қосымша бөлінбейді.

7. Жұрнақ дегеніміз не ?

а) Сөз бен сөзді байланыстырады.

ә) Сөз мағынасын өзгертеді.

б) Сөз бен сөзді салыстырады.

8. Жалғауы бар сөзді белгіле.

а) балалар

ә) биші

б) оқулық

9. Түбір сөзге алдымен не жалғанады ?

а) дыбыс----жұрнақ-----жалғау

ә) жалғау-----дыбыс-----жұрнақ

б) жұрнақ------жалғау

10. Жалғау не үшін қажет ?

а) сөз бен сөзді байланыстыру үшін

ә) сөз бен сөзді салыстытру үшін

б) сөз мағынасын өзгерту үшін.

11. Жұрнағы бар сөзді белгіле.

а) еңбек

ә) жазушы

б) терезелер

12. Заттың атын білдіретін сөздерді не деп атайды ?

а) Етістік

ә) Сан есім

б) Зат есім

13. Зат есімге қойылатын сұрақтарды анықта.

а) Кім ? не ? кімдер ? нелер ?

ә) Қандай ? қай ?

б) Не істеді ? не қылды ? қайтті ?

14. «Кім ?» сұрағы қазақ тілінде кімдерге қойылады ?

а) жануарларға

ә) тек адамдарға

б) заттарға.

15. Дұрысын тап.

а) Жалқы есім бас әріппен жазылады.

ә) Жалпы есім бас әріппен жазылады.

16. Зат есімнің көпше түрде тұрған сөзін тап.

а) ағаш

ә) ұсталар

б) тарақ

17. Етістік дегеніміз не ?

а) Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздер.

ә) Заттың атын білдіретін сөздер.

б) Заттың түр-түсін білдіретін сөздер.

18. Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?

а)Қандай ? қай ?

ә) Не істеді ? не қылды ? қайтты ?

б) Қанша ? неше ? нешінші ?

19. Дара етістікті белгіле.

а) ойнады

ә) ойнап жүр

б) ойнап келе жатыр

20. Күрделі етістік неше сөзден құралады ?

а) екі-үш сөзден құралады.

ә) бір сөзден құралады.



4-тоқсан



  1. Заттың түр-түсін, сапасын білдіретін сөздерді не дейміз?

а) Етістік

ә) Сын есім

б) Зат есім

2. «Қандай?» сұрағына жауап беретін сөзді тап.

а) аспан

ә) шыны

б) әдепті

3. Сын есімге қандай сұрақтар қойылады ?

а) Қандай ? қай ?

ә) Кім ? не ? кімдер ? нелер ?

б) Не істеді ? не қылды ? қайтті ?

4. Заттың дәмін білдіретін сөзді беогіле.

а) қоңыр

ә) тәтті

б) домалақ

5. Қарсы мағыналы сын есімді тап.

а) жарық-қараңғы

ә) үлкен

б) қызыл

6. Сан есім дегеніміз не ?

а) Заттың атын білдіреді

ә) Заттың санын, ретін білдіреді !

б) Заттың қимылын білдіреді.

7. Қанша ? Неше ? Нешінші ? сұрақтарына жауап беретін сөз табын белгіле.

а) Сан есім

ә) Сын есім

б) Етістік

8. Заттың ретін білдіріп тұрған сөзді тап.

а) бес

ә) бесінші

б) бесте

9. Заттың санын білдіріп тұрған сөзді белгіле.

а) жұлдыз

ә) мейірімді

б) жеті

10. Екі таңбалы санның дұрыс жазылғанын тап.

а) отыз үш

ә) отызүш

11. Сыпайлықты білдіретін сөз қайсы ?

а) Рахмет !

ә) беріңізші.

Б) рұқсат па ?

12. «У» дыбысы дауысты болатын сөзді белгіле.

а) ауа

ә) тауық

б) ту

13. Берілген сөздегі көпнүктенің орнына қойылатын әріпті тап.С...рек

а) й

ә) и

б) е

14. Дұрыс буынға бөлінген сөзді белгіле.

а) ба-ла- пан

ә) бал-ап-ан

б) ба-лап-ан

15. «Я» әрпі дұрыс жазылған сөзді тап.

а) шайан

ә) шаян

б) шайыан

16. «Ю» әрпі дұрыс жазылған сөзді тап.

а) аю

ә) айу

б) айыу

17. Қатаң, ұяң, үнді дыбыстар қардай?

а) дауысты дыбыстар

б) дауыссыз дыбыстар

18. Сұраулы сөйлемді белгіле.

а) О, футбол

ә) Мен циркке бардым

б) Сен ауылға барасың ба ?

19. Түбір сөзді тап.

а) Оқушы

ә) Өнер

б) татулық

20. Мына сөздер қай сөз табына жатады ?

Су, алма, бала.

а) етістік.

ә) сын есім.

б) зат есім.





















Автор
Дата добавления 09.12.2015
Раздел Другое
Подраздел Тесты
Просмотров189
Номер материала ДВ-243510
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх