Для всех учителей из 37 347 образовательных учреждений по всей стране

Скидка до 75% на все 778 курсов

Выбрать курс
Получите деньги за публикацию своих
разработок в библиотеке «Инфоурок»
Добавить авторскую разработку
и получить бесплатное свидетельство о размещении материала на сайте infourok.ru
Инфоурок Начальные классы ТестыТест жинағы 3 сыныпқа арналған

Тест жинағы 3 сыныпқа арналған

библиотека
материалов

«З сыныпқа арналған

тест жұмыстары»

Дайындаған: М. Атымов атындағы №6 мектебінің бастауыш  сынып мұғалімі Баскабаева Г.Ж.  

Кіріспе

             Алдымызда отырған әр оқушы жеке тұлға. Сол әр оқушының қабілетін айыра біліп, теориялық білім игеруін дамыту ұзақ та үздіксіз жұмысты қажет етеді. Ұстаз өз жұмысының нәтижесін де көргісі келетіні сөзсіз. Бірақ сол нәтижеге қол жеткізу үшін мұғалім тиімді әдістерді таңдап ұсынады.

           Қазіргідей көркем әдебиетті аз оқитын, уақытының көбін басқа ермекке жұмсайтын оқушылардың шығармашылық, теориялық қабілетін қалай танып білуге болады:

           Қандай жұмыстар жүргізу қажет және жұмыс түрлерін қалай бастау керек? Мұндай сұрақтар әр ұстазды толғандырары анық.

Оқушылардың бойында пәнге деген қызығушылық, бейімділігінің қалай екенін анықтайтын тест жұмыстарын ұсынған мақсатым осы.

           Оқылған шығармаларға оқушылар өз ойларын бірінші ауызша, кейде жазбаша білдіреді. Жазбаша жұмыстың тиімді бір әдісі осы тест жұмыстары болып табылады.

           Оқулықта ең бастысы, жеке шығармашылық тұлға қалыптастыру, оқушылардың танымдық ізденісі, дербес белсенділігін арттыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

           Оқулықта тапсырмалар білім берудің мемлекеттік стандартын негізге ала отырып құрылды. Тест кітабы мұғалімге әдістемелік көмек құралы болып табылады.Тест жұмысының ұтымды жетістігі барлық оқушылар қатыса алады. Нені білем? Нені білуім керек? деген ой береді.  Ал тапсырмалар оқушылардың қабілеті, қызығушылығы, білім деңгейлеріне сай берілді. Шығармашылық сипаттағы оқушылардың танымдық белсенділігі, ізденімпаздығын арттыратын тапсырмалар. Тест тапсырмалары 3 сыныптың төрт негізгі пәндеріне сай құрылды: әдебиеттік оқу, қазақ тілі, дүниетану, математика. Әр пәннен 50 тапсырмадан, ІІ нұсқадан берілді.







  Мазмұны 

1.Қазақ тілі.............................................................

2.Әдебиеттік оқу..................................................

3.Математика.......................................................

4.Дүниетану...........................................................

 













Қазақ тілі

І нұсқа

1. Түбір сөзді тап.

а) әнші

ә) кітап

б) кәсіпкерден

 

2. Туынды сөзді белгіле.

а) көлшік

ә) өрнек

б) өнер

3. Жуан буынды сөзді тап.

а) үлгілі

ә) қуаныш

б) көршілер

 

4. Жіңішке буынды сөзді тап.

а) достық

ә) көлігі

б) бағала

5. Қосымшалы сөз қайсы?

а) жалқаулық

ә) жиек

б) қонақ

 

6. Зат есімді тап.

а) үлкен

ә) ақын

б) бесеу

7. Қосымшалы зат есім қайсы?

а) үйлер

ә) Әсел

б) адам

 

8. Негізгі зат есімді тап.

а) ыдыс

ә) күйші

б) ойыншық

 

9. Тәуелдік жалғау дегеніміз не?

а) заттың атын білдіреді

ә) заттың біреуге меншікті екенін білдіретін қосымшалар

б) заттың қимылын білдіреді

 

10. Көпше түрде тәуелденген сөз қайсы?

а) достарымыз

ә) бағбан

б) досы

 

11. Етістік сөзді тап.

а) бұтақтар

ә) секірді

б) сексен екі

 

12. Етістіктің сұрақтары?

а) Не істеді? Не істейді?

ә) Кім? Не?

Б) Қандай? Қай?

 

13. Дара етістікті тап.

а) ағып жатыр

ә) ағады

б) бара бер

 

14. Күрделі етістік қайсы?

а) бақылап тұр

ә) отырды

б) ұшыпты

 

15. Негізгі етістік қайсы?

а) шегеле

ә) жаз

б) тазала

 

16. Болымды етістікті тап.

а) бар

ә) барма

б)  айтпа

 

17. Етістік дегеніміз не?

а) заттың қимылын білдіреді

ә) заттың атын білдіреді

б) заттың санын білдіреді

18. Сан есімді тап.

а) әдепті

ә) бес

б) анар

 

19. Негізгі сын есім қайсы?

а) жақсы

ә) әдепті

б) таудай

 

20. Сан есімді тап.

а)он бес

ә) әкелді

б) егіз

 

21. Сын есімнің сұрақтары?

а) Кім? Не?

ә) Қандай? Қай?

б) Не істеді? Қайтті?

 

22. Есептік сан есім деген не?

а) заттың реттік саны

ә) заттың топтау реті

б) заттың нақты саны

 

23. Қатені тап.

а) төртінші

ә) алтіншы

б) бесеу

 

24. Дұрыс жазылған сөзді тап.

А) вагон

ә) вакон

б) Ваган

 

25. Мәтінді тап.

а) Бұлт, ыдырап.

ә) Аспаннан нөсерлеп жаңбыр жауды. 

б) Аспанды қою қара бұлт басты. Әуедегі құстар да көрінбейді. Күн қатты күркіреді. Найзағай да жарқ-жұрқ етті. Нөсер құйып кетті.

 

 

 

 

 

ІІ нұсқа

1.Түбір сөзді тап.

а) аға

ә) балалар

б) өнерпаз

 

2. Туынды сөзді белгіле.

а) көлге

ә) өнім

б) Абзал

 

3. Жуан буынды сөзді белгіле.

а) достар

ә) зергер

б) пілдер

4. Жіңішке буынды сөзді тап.

а) күзгі

ә) батылдық

б) қайратты

 

5. Қосымшалы сөзді тап.

а) жаңбыр

ә) балалар

б) ескек

 

6. Зат есімді тап.

а) тарақ

ә) семіз

б) қызыл

 

7. Түбір күйіндегі зат есім.

а) арқан

ә) балалар

б) үлкендер

8. Туынды зат есім қайсы?

а) кілем

ә) аяқ

б) жұмыскер

9. Тәуелді жалғаудағы сөзді тап.

а) сексен

ә) досым

б) Ақан

 

10. Көпше түрдегі тәуелдеулі сөз қайсы?

а) досыңыз

ә) достарымыз

б) бағбан

11. Етістік сөз қайсы?

а) елу екі

ә) отырды

б) әдемі

12. Етістіктің сұрақтары қайсы?

а) Кімдер? Нелер?

ә) Қандай? Қай?

б) Не істеді? Қайтті?

13. Дара етістікті тап.

а) ағып жатыр

ә) ағады

б) бара бер

 

14. Күрделі етістікті тап.

а) бақылап тұр

ә) отырды

б) ұшты

 

15. Негізгі етістік қайсы?

а) шегеле

ә) жаз

б) тазала

 

16. Болымды етістікті тап.

а) келме

ә) кел

б) бар

 

17. Етістік дегеніміз не?

а) Кім? Не? Деген сұрақтар қойылады

ә) Заттың қимылын білдіретін сөз табы

б) Заттың сынын білдіретін сөз табы

 

18. Сын есімді тап.

а) үлкен

ә) елу екі

б) Асқар

 

19. Туынды сын есім дегеніміз не?

а) бұл түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сын есім

ә) бұл түбір сөзден болған сын есім

б) Кім? Не? Деген сұрақтар қойылады

 

20. Сан есімді тап.

а) қырау

ә) сегіз

б) еріншек

 

21. Сан есімнің сұрақтары қайсы?

а) Не істеді? Қайтті?

ә) Қандай? Қай?

б) Кім? Не?

 

22. Есептік сан есімнің сұрақтары?

а) нешінші

ә) Қанша? Неше?

б) Қаншау? Нешеу?

 

23. Реттік сан есімді тап.

а) үшеу

ә) екі

б) үшінші

 

24. Дауыссыз дыбыстар қатары:

а) ы, і, ұ, ү

ә) в, ч, щ, х, һ, б, г, д, ж, з, л, м, н, б.

б) а, о, ә, е.

 

25. Кім? Не? Сұрақтарына жауап беретін сөйлемнің негізгі мүшесін  ..... дейміз.

а) бастауыш

ә) баяндауыш

б) тұрлаусыз мүшелер

 

 

 

 

 

 

 

 























 

Әдебиеттік оқу

І нұсқа

1. «Ұшқан ұя»  әңгімесінің авторы кім?

а) Ы. Алтынсарин

ә) Б. Момышұлы

б) Ж. Аумауытов

 

2. «Оқымысты бала» мәтінінің мазмұны?

а) мақтаншақтық

ә) достық

б) кітапқұмарлық

 

3.  «Төс қағысып, дос болыпты» деген тіркеске қай мақал сәйкес?

а) Жақсы дос үшін жан пида

ә) Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл-көсір.

б) Бірлік еткен озар,

Бірлеспеген тозар.

 

4. Жұмбақ пен жаңылтпаш дегеніміз не?

а) монолог

ә) өлең

б) Халық ауыз әдебиеті

 

5. «Дүкенде» әңгімесінде өкінген кім болды?

а) сатушы

ә) бала

б) әжей

 

6. «Нағыз адам» мәтінінің тақырыбы?

а) қайырымды кісі

ә) оқымысты

б) еңбекқор адам

 

7. «Өнерлі әке» сипатты кейіпкер қай мәтінде кездесті?

а) Ұшқан ұя

ә) Екі дос

б) Дүкенде

 

8. Қай жауап дұрыс?

а) Өлеңді ақын жазады

ә) Өлеңді әнші жазады

б) Өлеңді жазушы жазады

 

 

9. «Ақ қыс» өлеңін кім жазған?

а) А. Құнанбаев

ә) Ы. Алтынсарин

б) Т. Айбергенов

10. «Құмдағы құпия» әңгімесі не жайында?

а) Темір бозторғайға қамқорлық жасамақ болды

ә) таулы жерге саяхат

б) құмдағы тастар жайында

 

11. Мына пікірлердің қайсысы дұрыс?

а) Бозторғай артық жұмыртқасын садақа ретінде ұясынан шығарып тастайды.

ә) Бозторғай денесі кішкентай болғандықтан, жұмыртқасын ұясынан еріксіз шығарып тастайды.

б) Бозторғайдың екі ұясы болады.

 

12. «Жазғытұры» өлеңінің авторы кім?

а) А. Құнанбаев

ә) Ж. Смақов

б) М. Әлімбай

 

 

13. Шық қалай пайда болады?

а)  Күн жаңа шығып келе жатқанда

ә) Жаңбыр жауған кезде

б) Күн батар кезде

 

14. «Көктемде тіршілік атауы оянады» деп неге айтқан?

а) Бүршік атады, күн жылынады

ә) Күн суытады

б) Құстар ұшып кетеді

 

15. Наурызкөжені тап

а) бидай, күріш, тары, су, айран, тұз, сүр ер, арпа

ә) ет, алма, тұз, су, май, айран, бидай

б) бидай, тұз, жусан, мейіз, сүт, айран

 

16. Омбы қар дегеніміз не?

а) жұқа қар

ә) Жаңа жауған қар

б) қалың қар

 

17. Әнет баба қандай бата берді?

а) Үш би туралы

ә)  Бірлікте болу

б) Сақ жүру

 

18. Қаз дауысты Қазыьек би айтқан сөз?

а) ең жақын, ең қымбат, ең қиын не нарсе адамға

ә) мақал айтты

б) ертегі

 

19. Айтыс дегеніміз бұл:

а) Ақындар сөз сынасады, елін, туған жерін дәріптеп жырлайды.

ә) Ән айту

б) Күй шығарып орындау

 

20. Енші үлесу қандай дәстүр?

а) баланың тұсауын кесу

ә) балаға тоқымқағар жасау

б) бала ержетіп, жеке үй болып, бөлек шыққанда ата-анасы беретін мал-

 мүлік

 

21. «Құмырсқаның қанағаты»  ертегісі не жайында ?

а) Қанағат қарын тойғызады

ә) Ормандағы аңдар мен құмырсқа

б) Жарыс болғаны

22 . Абайдың әкесінің аты кім?

а) Кәкітай

ә) Құнанбай

б) Ербол

 

23. «Қоңыр қозы» деп кімді атаушы еді?

а) Шоқан

ә) М. Әуезов

б) Ы. Алтынсарин

 

24. «Таза бұлақ» әңгімесін кім жазды?

а) Т. Мұсабаев

ә) А. Байтұрсынов

б) Ы. Алтынсарин

 

25. Шыңғыс Айтматов шығармаларының бірі?

а) Үш дос

ә) Ақ кеме

б) Таза бұлақ

ІІ- нұсқа

 

1. Кеңес Одағының батыры, жазушы кім?

а) Ж. Аймауытов

ә) Ә. Молдағұлова

б) Б. Момышұлы

 

2.  «Алтыннан да ардақты» мәтіні не жайында?

а) өтірік айтпау

ә) еңбек ете білу

б) ерлік жасау

 

3. «Мен құпия кеңес өткізіп жатырмын. Өзім туралы мәселе қарап жатырмын. Сізге қатынасуға болмайды» үзінді қай әңгімеден?

а) Менің атым Қожа

ә) Тасымал

б) Екі дос

4. Ананси сонша жыл жинаған ақылға толы құмыраны неліктен ұрып сындырды?

а) Ананси баласына ашуланды

ә) Құмыраның ішіндегі сонша көп ақыл ағаш басына шығуына көмегі болмаған соң

б) Ақылды барлық адамдарға таратып бергісі келді

 

5. Мына пікірлердің қайсысы дұрыс?

а) Бала бақытынан айырылса да, ақылды болғаны жақсы

ә) Ақылсыз болса да бақытынан айырылмау керек еді

б) Бақыт керек, ақыл керексіз

 

6. «Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам» тіркесі қай әңгіме мазмұнына сәйкес?

а) Нағыз адам

ә) Өтірік өрге баспайды

б) Жаман дос

7. Шындық сөзіне қарама-қарсы сөз?

а) достық

ә) өтірік

б) жауапкершілік

8. Туыстық атауды білдіретін мақал?

а) Әкеге қарап ұл өсер,

Шешеге қарап қыз өсер.

ә) Кітап – алтын қазына

б) Оқумен еңбек егіз

 

 

9. Табиғаттағы беймәлім тіршілік туралы ертегі қайсы?

а) Аюдың әулеті

ә) Ақ қыс

б) Нағыз адам

10. «Бозторғай – дала сәні» мәтіні мәтіннің қай түрі?

а) әңгімелеу

ә) сипаттау

б) пайымдау

11. Геолог дегеніміз кімдер?

а) Жер астындағы кен байлықты іздеп табады

ә) Жер бетіндегі өсімдіктерді зерттейді

б) Биік тау шыңдарына өрмелеп шығады

 

12. Көкек айын басқаша қалай атайды?

а) мамыр

ә) сәуір

б) қаңтар

 

13. Самал мәтіні не туралы?

а) Ақ бота

ә) Самал жел

б) Самал деген қыз

 

14. Ұяны жылы, шыдамды етіп салатын  қандай құс?

а) көкек

ә) қарлығаш

б) бозторғай

 

15. Қайсысы күшті жел?

а) құйын жел

ә) дауыл жел

б)самал жел

16. Өз Отанымыздың бейнесін тап.

а) жері ұлан-байтақ,  оңтүстікте көне, солтүстікте жаңа астанасы бар

ә) мұхиттар қоршаған

б) бір тілде сөйлейді

 

17. Үш бидің бірі?

а) Төле би

ә) Майқы би

б) Абылайхан

18. Кіші жүздің биі?

а) Төле би

ә) Қазыбек би

 

19. Сәтемір хан қандай шығармаға жатады?

а) ертегі

ә) аңыз

б) әңгіме

20. Данагүл қандай әдептілік танытты?

а) Төле бидің жолын кесіп өтпеді

ә) Сөз айтысқанда

б) қонақ күткені

 

21. Абай ұлы Әбішке қандай сауал қойды?

а) Не жақын, не алыс?

ә) Ақ зат асыл ма,

Қара зат асыл ма?

Б) Дүниедегі ең қымбат нәрсе не?

 

22. «Қырдың жас түлегі» әңгімесі кім жайында?

а) Талғат Мұсабаев

ә) Абай Құнанбаев

б) Шоқан Уалиханов

 

23. Аса көрнекті геолог, ірі ғалым кім?

а) Қаныш Сәтбаев

ә) Ыбырай Алтынсарин

б) Тоқтар Әубәкіров

 

24. «Көксерек» кімнің әңгімесі?

а) Мұхтар Әуезов

ә) Мұзтар Мағауин

б) Ыбырай Алтынсарин

 

25. Саматтың көлге барудағы мақсаты:

а) жұмыртқа іздеу

ә) көлге шомылу

б) үйрекке тұзақ құру

 

 

 

 

 

 

                                             























Математика

І нұсқа

1. у-666=222 теңдеудің мәні нешеге тең.

а) 440

ә) 888

б) 936

2. Ұзындығы 10 м, ені 5м тіктөртбұрыштың ауданын есепте.

а) 50м²

ә) 30м²

б) 15м²

3. 640 саны қай есептің мәніне  тең.

а) 840-360

ә) 380+160+200

б) 20+530+150

4. Ғасыр жылдан көп пе, аз ба?

а) ұзақ

ә) қысқа

б) аз

5. 1 жыда неше ай бар?

а) 12 ай

ә) 14 ай

б) 10 ай

6. Тіктөртбұрыштың периметрі 20см, ал ұзындығы 5 см,

енін тап.

а) 5 см

ә) 6 см

б) 3 см

 

7. Тіктөрбұрыштың ұзындығы 5 см, ені 3 см, периметрі қанша?

а) 18 см

ә) 16 см

б) 14 см

 

8. 272+326 өрнегінің мәні нешеге тең.

а) 598

ә) 600

б) 630

9. Саяхатқа баруға топ құрылды. Әр топқа 10 бала және 10 ересек адам жазылды.    

Барлығы 8 топ болды. Саяхатқа қанша адам барады?

а) (10+8)+10

ә) (10+10)х8

б) (10х8)+10

 

10. 50х2 өрнегіне теңдік болуға қай өрнек сәйкес келеді?

а) 600:2

ә) 900:3

б)450-350

 

11. 8ц 45кг-ді кг-ға айналдыр.

а) 800кг

ә) 845кг

б) 853кг

 

12. Сыныпта 14 қыз бала және 12ер бала бар. Ойын кезінде олар тең 2 топқа бөлінді. Әр топта қанша баладан бар?

а) 12 бала

ә) 13 бала

б) 10 бала

13. 5 сандарының аралақтарына жақша немесе амал таңбаларын қойғанда

 100 шығады. Қай қатарда?

а) 5...5...5

ә) 5...5...5...5

б) 5...5...5...5...5

 

14. (360+120):6 өрнегінің мәні нешеге тең?

а) 80

ә) 85

б) 83

 

15. 2 тәулік ....42 сағат салыстыр.

а) >

ә) <

б) =

 

 

16. 866 – а = 406 теңдеудің мәні.

а) 460

ә) 360

б) 560

 

17. 85:17 өрнегінің мәні.

а) 6

ә) 3

б) 5

 

18. у – 100 = 600 – 450 теңдеудің шешімі.

а) 200

ә) 250

б) 150

 

19. 4 санының кубы нешеге тең?

а) 60

ә) 64

б) 16

 

20. Қабырғалары 3см 2мм шаршының перимерін тап.

а) 12см 8мм

ә) 10см 8мм

б) 11см 8мм

 

21. 15 жаңғақты ағайынды 5 балаға тең бөліп беру керек. Ағайындылардың

әрқайсысына неше жаңғақтан тиеді?

а) 3 жанғақ

ә) 2 жаңғақ

б) 1жаңғақ

 

22. 8²+100 өрнегі нешеге тең?

а) 100

ә) 160

б) 164

 

23. Қалдықпен бөлуді орында. Қай жауап дұрыс? 60:9 мәнін тап.

а) 6 (6 қалд.)

ә) 6 (3 қалд.)

б) 5 (6 қалд.)

 

24. Кітапханада 57 оқушы отыр, бұл студенттерге қарағанда 4 есе кем. Студенттер

саны қанша?

а) 220

ә) 228

б) 130

25. 214х2+350:5 – 924:7 есепте

а) 363

ә) 360

б) 366

 

 

ІІ  нұсқа

 

1. 720 : Х = 9 теңдеуінің мәні нешеге тең.

а) 80

ә) 60

б) 16

 

2. Ұзындығы 6м, ені 4м үшбұрыштың ауданын есепте.

а) 24м²

ә) 20м²

б) 10м²

 

3. 470 саны қай есептің мәні?

а) 940 – 460

ә) 840 – 380

б) 150+330+160

 

4. 1 сағатта қанша минут бар?

а) 30мин

ә) 60мин

б) 120мин

 

5. 1мин. неше секунд бар?

а) 60сек

ә) 30сек

б) 120сек

 

6. Тік төртбұрыштың периметрі 20см, ал ұзындығы 7 см, ені қанша?

а) 4см

ә) 5 см

б) 3см

 

7.Тік төртбұрыштың ұзындығы 6см, ені 3см, периметрі қанша?

а) 14см

ә) 18см

б) 3см

 

8. 800 – 345 өрнегінің мәні нешеге тең?

а) 355

ә) 555

б) 455

 

9. Дүкенде күніне 40 бөлке ақ нан және 20 бөлке қара нан сатылады. Бір аптада

барлығы қанша бөлке нан сатылады?

а) (40+20)х7

ә) (40х7)+20

б) (20х7)+40

10.32х2 өрнегіне теңсіздік құруға қай өрнек сәйкес?

а) 45х3

ә) 8х8

б) 51+13

 

11. 2 сағ 30мин өрнегін минутқа өрнекте.

а) 150мин

ә) 230мин

б) 132 мин

12. Сыныпта 10 қыз бала және 14 ер бала болды. Ойын кезінде олар тең 2 топқа

бөлінді. Әр топта қанша баладан бар?

а) 12 бала

ә) 13 бала

б) 10 бала

 

13. 5  сандарының аралықтарына жақша немесе амал таңбаларын қойғанда 250

шығады. Қай жауап сәйкес келеді?

а) 5...5...5...5...5

ә) 5...5...5

б) 5...5

14. (180+120):30 өрнегінің мәні нешеге тең.

а) 10

ә) 11

б) 20

 

15. 700см...7дм салыстыр.

а) >

ә) <

б) =

16. С х 4 = 640 теңдеудің шешімі

а) 16

ә) 14

б) 13

 

17. 125:25 өрнегі нешеге тең.

а) 5

ә) 4

б) 6

18. Х+100=20+520 теңдеуі нешеге тең?

а) 420

ә) 330

б) 430

19. 5 санының кубы нешеге тең?

а) 75

ә) 25

б) 50

20. Қабырғалары 4см 2мм болатын шаршының периметрін тап.

а) 16см 6мм

ә) 17см 6мм

б) 16см 5мм

21. 17 алманы 3 себетке тең бөліп салу керек. Әр себетте қанша алмадан болады?

а) 5 алма 2-уі қалады

ә) 6 алма

б) 4 алма 7-уі қалады

22. 10² - 24 өрнегі нешеге тең?

а) 66

ә) 76

б) 86

 

23. 42:14 қалдықпен бөлуді орында, жауабын тап.

а) 3 (3 қалд.)

ә) 4 (2 қалд.)

б) 2 (2 қалд.)

 

24. Өнерпаздар үйірмесінде 46 оқушы жазылды, бұл хор үйірмесіндегілерге

қарағанда 3 есе кем. Оқушылар саны қанша?

а)100

ә)138

б) 30

 

25. 267х2 – 100х2+840:5 есепте.

а) 502

ә)503

б) 464

 

 

 

 































Дүниетану

І нұсқа

 

1. Адамның денесіне нелер жатады?

а) бас, мойын, кеуде, қол және аяқ

ә) ми, өкпе, мойын, кеуде

б) жүрек, бауыр, бүйрек

 

2. Адам денесін не жауып тұрады?

а) бұлшық ет

ә) тері

б) ет сіңірлері

 

3. Тері үсіген кезде не істейсің?

а) ақ дәкемен ораймын

ә) сылаймын

б) жылы суға саламын

 

4. Егер жарақат үлкен болса:

а) қатты айқайлаймын

ә) ұйықтауға тырысамын

б) дәрігерге көрінемін

 

5. Адам денесін қозғалысқа келтіретін мүше?

а) ми

ә) қаңқа

б) тері

 

6. Адам денесінде қанша сүйек бар?

а) 200-ге жуық

ә) 100-ге жуық

б) болмайды мүлдем

 

7. Қан айналымның негізгі мүшесі не?

а) ми

ә) жүрек

б) бауыр

 

8. Жүректі күту ережелері:

а) жаман әдеттер

ә) спорт жаттығулары, таза ауа

б) көп ұйықтау

 

 

9. Қан кеткенде көрсетілетін алғашқы жәрдем қандай?

а) суық суға шомылу

ә) теріні дәрімен залалсыздандырып, таза дәкемен байлап тастау

б) қолмен қысып ұстау

 

10. Ас қорыту мүшелері дегеніміз не?

а) ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ішек жатады

ә) мұрын, кеңірдек, кеңірдекше, өкпе

б) бас, мойын, құлақ

 

11. Адамның жүйке жүйесі неден тұрады?

а) бас, мойын, кеуде, қол

ә) өкпе, бауыр, ас қорыту мүшелері

б) мидан, жұлын, жүйке тамырлары

 

12. Терінің ең негізгі қызметі?

а) безендіру

ә) қорғану

б) сұлулық

 

13. Дәптер көзден ..... см болуы қажет.

а) 30-35 см

ә) 20-25 см

б) 10-15 см

 

14. Құлақ адамға ....... қажет.

а) кітап оқуға

ә) әңгіме тыңдауға

б) тепе-теңдік қалыпты сақтауға

15. Мұрын қандай ағза?

а) есту

ә) дәм тату

б) иіс сезу

16. Желдің күші мен бағытын  ....... құралы анықтайды.

а) тұсбағдар

ә) карта

б) желбағар

17. Жауын-шашын түріне нелер жатады?

а) бұлт

ә) бұршақ

б) тұман

 

 

18. Өзен неден құралады?

а) жылғалардан

ә) құмнан

б) теңізден

 

19. Судың үш түрлі күйі:

а) мөлдір, сұйық, түссіз

ә) сұйық, қатты, газ

б) ерігіш, қатты, жылы

20. Тығыз тау жыныстары:

а) алтын, мұнай

ә) гранит, мәрмәр, құмтас, тас көмір

б) топырақ

 

21. Сирек және құрып кету қаупі бар жануарлар:

а) тіл жөніндегі заңға

ә) оқулықта

б) қызыл кітапқа енген

 

22. Балықтар немен тыныстайды?

а) өкпесімен

ә) желбезегімен

б) қанатымен

 

23. 8 наурыз қандай мереке?

а) кәсіптік мереке

ә) жалпыхалықтық

б) отбасылық

 

24. Тұсаукесер дегеніміз не?

а) салт-дәстүр

ә) ертегі

б) ойын

 

25. Астананы көшіру туралы шешім қай жылы қабылданды?

а) 1997ж

ә) 2007ж

б) 2008ж

 

 

 

ІІ нұсқа

 

1. Адамның ішкі мүшелеріне нелер жатады?

а) бас, мойын

ә) ми, өкпе, жүрек, бауыр

б) қол және аяқ

 

2. Ағзаның қорғаныш мүшелері не?

а) тамыр

ә) бұлшық ет

б) тері

3. Жарақат алсаң...

а) жылы суға малынған дәкемен ораймын

ә) медициналық жапсырманы жапсырамын

б) қыздыратын қатты затты басамын (тұз, грелка)

 

4. Егер жарақат үлкен болса...

а) барлық адамдарға көрсетем

ә) дәрігерге көрінем

б) қатты жылаймын

5.  Адам қанқасына нелер жатады?

а) бас, мойын, кеуде, қол және аяқ, сүйек

ә) жүрек, бауыр

б) бүйрек, қарын

 

6. Адамда неше жұп қабырға болады?

а) 10 жұп

ә) 12 жұп

б) 8 жұп

 

7. Жүрек кеуде қуысының қай жағында орналасқан?

а) сол жағында

ә) оң жағында

б) төменгі жерде

 

8. Жүрекке келген қан қайда тарайды?

а) өкпеге, бүйрекке, теріге

ә) миға

б) аяққа

 

9. Тыныс алу мүшелеріне нелер жатады?

а) мұрын қуысы, кеңірдек, кеңірдекше, өкпе

ә) бас, мойын, омыртқа

б) құлақ, қол, аяқ, тамыр

 

10. Ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ішек қандай мүшелер?

а) тыныс алу

ә)  ас қорыту

б) жүйке жүйесі

11. Балалар қанша сағат ұйықтау керек?

а)10 сағат

ә) 18 сағат

б) 10-12 сағат

 

12. Жүрек   .....   мүшесі.

а) қан айналым жүйесінің

ә) ас қорыту жүйесінің

б) бұлшық ет жүйесінің

 

13. Көзді дұрыс күте білу ережесі қандай?

а) көп оқу

ә) көзді үшкір заттардан қорғау

б) көлікте оқу

 

14. Тағам не үшін қажет?

а) торт және тәтті тағам

ә) көп қуат береді

б) семіру

15. Жер бетінің қағазға өте кішірейтіліп түсірілген бейнесін не дейміз?

а) саяси әкімшілік картасы

ә) масштаб

б) географиялық карта

 

16.Бұл пайда болу үшін қажетті жағдай қандай?

а) жел

ә) күн сәулесінің қыздыруы

б) ауаның салқындауы

 

17. Жауын-шашынның түріне:

а) жаңбыр

ә) бұлт

б) тұман

 

18. Су өткізбейтін тау жынысы не?

а) құм

ә) саз

б) малта тас

 

19.Тұщы су жер бетіндегі су қорының  ...... пайызын құрайды.

а) 98%

ә) 2%

б) 1,5%

 

20. Жарық сүйгіш өсімдіктер:

а) бидай, жүгері, жолжелкен, өгейшөп, қоңыраубас

ә) әйкен, қырлышөп, саумалдақ

б) шалқан, асбұршақ, сұлы

 

21. Қызыл кітапқа ...... енген.

а) құстың 29 түрі

ә) 59 түрі

б) барлық құстар енгізілген

 

22. Қызыл кіткп Қазақстанда қай жылы шықты?

а) 1996 ж

ә) 2002ж

б) 2011ж

 

23. Білім ошағы  .......

а) сынып

ә) спорт

б) компьютер, теледидар

 

24. Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады?

а) Ту, Елтаңба, Әнұран

ә) Мемлекеттік тіл

б) Заңдар жинағы

 

25. Қазақ тілі қандай тіл?

а) мемлекеттік тіл

ә) жалпыхалықтық тіл

б) ұлтаралық тіл

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

1.                    Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 3-сыныбына арналған оқулықтар.

2.                    Бастауыш мектеп журналы №9.02.

3.                    Бастауыш мектеп журналы №3.09.

4.                    Энциклопедия

 

 



Курс повышения квалификации
Курс профессиональной переподготовки
Учитель начальных классов
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Общая информация

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Воспитание и социализация учащихся в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Актуальные проблемы обучения детей с нарушением слуха в образовательных организациях общего и среднего профессионального образования»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогические аспекты инклюзивного образования в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организация инклюзивного обучения в сфере образования»
Курс повышения квалификации «Формирование мотивации учебной деятельности младших школьников с ограниченными возможностями здоровья»
Курс повышения квалификации «Мотивационное сопровождение учебного процесса младших школьников «группы риска» в общеобразовательном учреждении»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогическая диагностика в современном образовательном процессе»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика обучения информатике в начальной школе»
Курс повышения квалификации «Организация рабочего времени учителя начальных классов с учетом требований ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС»
Курс повышения квалификации «Техники креативного мышления как инструмент формирования общих компетенций по ФГОС»
Курс повышения квалификации «Сурдопедагогика: организация обучения, воспитания, коррекция нарушений развития и социальной адаптации глухих, слабослышащих, позднооглохших обучающихся в условиях реализации программы ФГОС»
Курс повышения квалификации «Формирование и развитие ключевых компетенций школьников в интересах устойчивого развития региона»

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

Репетиторы онлайн

✅ Подготовка к ЕГЭ/ГИА
✅ По школьным предметам

✅ На балансе занятий — 1

Подробнее