Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Тесты / Тест жинағы:"Әдістемелік құрал психологиядан"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

Тест жинағы:"Әдістемелік құрал психологиядан"

библиотека
материалов

Өскемен, 2009ж








Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының «ұйымдастыру-әдістемелік» бөлімі «Психологиялық әдістер» жинағын құрастырып шығарды. Бұл өте құнды әдістемелік құралға психология саласына арналған түрлі әдістемелер топтастырылған.

Аталмыш әдістемелік құрал психологтарға, мұғалімдерге, студенттерге көмекші құрал ретінде үлкен көмегін тигізеді деп сенеміз.

Әдістемелік соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген. Ал мазмұны қажетті материалдарды тез табуға көмектеседі. Осы психологиялық жинақ туралы пікірлеріңізді төменгі мекен-жайға хабарласуыңызға болады.




070003, Өскемен қаласы

Ғарышкерлер көшесі, 6/2

Тел.: 8/7232/ 22-63-34

Тел./факс: 8/7232/ 22-63-35

E-mail: childrenlibrary@host.kz.








«Дарындылық картасы» әдістемесі.

«Дарындылық картасы» әдісі ата-аналар мен педагогтерге қолдануға арналған. Бірінші және негізгі қызметі – диагностикалық. Бұл әдістің көмегімен баланың әртүрлі дарындылық түрлерін бағалап және дәл қазіргі уақытта оның қай түрін игеруде екенін анықтауға болады. Берілеген барлық оң бағаны салыстыру арқылы баланың дарындылық қабілетінің даму «портретін» көрсетуге көмек береді.

Екінші қызметі – дамытушы. Баланы бағалауды оның кейінгі даму бағдарламасы ретінде қарастыруға болады. Баланың бойынан бұрын-соңды байқалмаған немесе мән бермеген нәрселерді байқауға, сондай-ақ байқалған қасиеттерді жетілдіруге күш жұмсау керек. Әрине бұл бала дарындылығының бүкіл мүмкіндіктерін толықтай қамти алмайды. Бала дарындылығының диагностикалық әдістерінің жалпы кешенінің бір бөлігі ретінде қарастырылады.

Құрылысы: сіздің алдыңызда 80 сұрақ, бұл бала іс-әрекетінің және мінезінің ерікті аймағы бойынша 10 жүйеге қатысты алынған. Балаңызға әр көрсеткіш бойынша келесі шкалаларды пайдалана отырып баға беріңіз:

(+ + ) – егер бағалаған тұлғаның ерекшелігі жақсы дамыған болса;

(+) – қасиеті айқын білінеді, бірақ жиі көрініс бермейді;

бағаланған және қарама–қарсы тұлға қасиеті нақты көрінбейді, анада-санда көрінеді, іс-әрекеті мен мінез–құлқы бір-біріне теңеледі;

(-) – тұлғаның қасиетінен қарама-қарсы бағалау біршама анық және жиі көрінеді.

Түсіндірме: Бағалар жауап парағына белгіленеді. Бірінші сұрақтың жауабын жауап парағының 1-торкөзіне, екінші сұрақтың жауабын екінші торкөзге, т.с.с жалғаса береді. 10-15 минут уақыт кетеді. Егер жауап беруде қиындықтар туындаса, соған сәйкес торкөзді бос қалдырыңыз.


Сұрақ парағы.

Қисынды ойлауға қабілетті, деректі түсініктерді қабылдауға бейім.

Үлгіден тыс ойлауды және күтпеген шешімдерді ұсынады.

Жаңа білімді үйренуі өте жылдам, барлығын тез ұғып алады.

Суреттерде бірізділік жоқ. Сюжеттерді таңдауда ерекше.

Музыка сабағына қызығуы зор.

Әңгіме немесе өлең жазғанды ұнатады.

Басқа біреудің рөліне тез енеді.

Механизмдерге және машиналарға қызығады.

Құрбыларымен қарым-қатынаста ынталы.

Күшті, көп көлемді қозғалуды қажет ететін баланың іс-әрекетін көрсетеді.

Ерекше қабілетті жіктеуге үлкен қызығу танытады.

Жаңа бастамалардан қорықпайды, әрқашан жаңа ойды байқап көруге тырысады.

Тыңдағанын және оқығандарды арнайы жаттаусыз тез есіне сақтайды.

Жақсы суретті көргенде, музыканы тыңдағанда, мүсінді тамашалағанда ойланып сабырлы болады.

Әуеннің ырғағы мен ерекшелігін анық сезінеді.

Сюжеттердің байланысы мен белгілі бір тартыспен аяқталған әңгімені оңай құра алады.

Әртістік ойындарға қызығады.

Бұзылған жабдықтарды тез жөндеп алады, ойыншықтар, жабдықтар, құралдарды жаңадан өңдеуге ескі бөлшектерді қолданады.

Таныс емес адамдардың арасында сенімділігін сақтайды.

Спорт ойындарына қатысуды ұнатады.

Тіл байлығы мол. Өз ойын жақсы жеткізеді.

Әртүрлі жайттарды қолданып және таңдаулар жасағанда ерекше (мысалы, ойындар тек қана ойыншықтарды пайдаланбайды, сонымен бірге жиһаздарды, тұрмыстық заттарды және т.б. пайдаланады).

Болып жатқан жағдайлар мен мәселелерді құрдастарына қарағанда жақсы біледі.

Гүлдерден, суреттерден, маркалардан, тастардан, т.б. композиция жасауға қабілетті.

Жақсы ән шырқайды.

Бір жағдайды әңгімелегенде негізгі ойдан айырылып қалмайды.

Басқа адамды суреттегенде дауысы мен ырғағы өзгереді.

Сұраққа жауап іздейді, іске аспайтын механизмдерді жөндегенді ұнатады.

Балалармен және ересектермен тез тіл табысады.

Құрдастарының арасында спорт ойындарынан жиі жеңіске жетеді.

Оқиғалардың себебі мен салдары аралығын бір-біріне жақсы байланыстырады.

Өзі қызықтайтын сабаққа «басымен» кетеді, еліктеуге қабілетті.

Өз құрдастарын оқу үстінде 2 немесе 1 жылға озып кетеді, яғни бұл сыныпта емес, өзінен жоғары сыныпта оқуы тиіс.

Ойыншықтарды, суреттерді, қаламдарды, т.б. дайындауға жаңа материал қолданғанды ұнатады.

Аспапта ойнағанда, билегенде, өлең айтқанда көп сезімі мен энергиясын шығарады.

Оқиғалар туралы әңгімелегенде қажетті бөлшектерді ғана қолданады. Ең бастысын қалдырып, қажеті жоғын ысырып тастайды.

Драмалық сахнада қақтығысты бейнелеуге және түсінуге қабілетті.

Механизмдердің сызбаларын және қателерін салғанды ұнатады.

Басқа адамдардың іс-әрекетінің себептерін таба алады. Жеткізілмеген ойларын жақсы түсінеді.

Сыныпта, балабақшада бәрінен жылдам жүгіреді.

Ақыл-ой күшін талап ететін күрделі тасымалдарды шешкенді ұнатады.

Бір мәселеге жан-жақты келе алады.

Әртүрлі нәрселерге әуес.

Бос уақытында үлкендердің көмегінсіз сурет салуды, жапсыруды ұнатады, композиция құрайды, үйді безендіру, киімдерді және т.б. көркемдік мағынасы бар сурет салады.

Музыканы ұнатады. Концертке, әуен тыңтайтын орындарға баруға тырысады.

Өз әңгімесінде кейіпкердің сезімін, қайғысын білдіретін сөздерді қолданады.

Сезімді мимика, жест, қимыл арқылы беруге бейім.

Жаңадан құралған жабдықтар, машиналар, механизмдер туралы мақалалар мен журналдарды оқиды.

Басқа балалардың ойындары мен сабақтарын жиі басқарады.

Қозғалысы жеңіл, әсем. Қозғалысында жақсы үйлесімділік бар.

Байқағыш, оқиғаны немесе құбылысты талдағанды ұнатады.

Өзінің және басқалардың ойларын қорытындылап, пікір қосуға қабілетті.

Кітаптар, мақалалар, ғылыми танымдық басылымдарды оқуда өз құрбыларынан бір немесе екі жыл алда болады.

Суретке немесе жапсыруға өзінің көңіл-күйін немесе сезімін білдіру үшін көңіл бөледі.

Қандайда бір асапапта жақсы ойнайды.

Әңгімедегі оқиғаны түіну үшін маңызды мағлұмат беруге тырысады (өз құрдастары жеткізе алмайтын мағлұматтарды), сондай-ақ, оқиғаның негізгі желісінен де ауытқымайды.

Өзі қызықты әңгіме айтқанда, басқа адамдардың эмоционалды ықпалын тудыруға тырысады.

Ғылыми оқиғаларды талқылағанды ұнатады. Осы туралы жиі ойлап жүреді.

Оның жасы үшін шамадан тыс, өзіне жауапкершілік артуға бейім.

Серуенге, спорт алаңдарына шыққанды ұнатады.

Ұзақ уақыт есіне белгілерді, әріптерді, сөздерді сақтай алады.

Өмірлік мәселелерді шешудің жаңа әдістерін қолдануды ұнатады. Бұрын қолданылған нәрселерді пайдаланғысы келмейді.

Қорытынды шығара алады.

Сазбен, балшықпен, қағаз және желіммен жұмыс жасап, көлемді бейне жасағанды ұнатады.

Ән айтуда және әуенде өз көңіл-күі мен сезімін білдіруге тырысады.

Қиялдауға бейім, барлығына таныс және белгілі нәрсені айтқанда ерекше жаңа қырынан айтқысы келеді.

Үлкен жеңілдікпен драматизациялайды, сезім мен эмоциялық қобалжуларды дұрыс сездіреді.

Өзіндік жобаларды құрастыруда(қайықтар, ұшақтар, көліктер моделін) көп уақытын жұмсайды .

Басқа балаларды ойында немесе сабақта өзіне серіктес етуге тырысады.

Бос уақытын қозғалыс (хоккей, баскетбол, футбол, т.б.) ойындармен өтеізгенді ұнатады.

Пәндердің қызметтері мен пайдалу туралы көп сұрақтар қояды, қызығушылығы мол.

Немен шұғылданса да (сурет салу, құрастыру, оқиғаларды ойлау сенімді әрекет жасайды, ол әртүрлі ойлар мен шешімдерді ұсынуға қабілетті.

Бос уақытында ғылыми-танымдық басылымдарды (балалалар энциклопедияларын, аықтамаларды) жақсы көреді, бұларды зор қызығушылықпен оқиды.

Өнер туындылырына өзіндік бағасын бере алады. Өзінің суретіндегі, құрастырған ойыншықтары мен скульптурасының ұнағанын айтады.

Жеке өзінің әуендерін шығарады.

Әңгімеде өзінің кейіпкерлері туралы өте жақсы баға береді. Оның мінез-құлқын, сезімін, көңіл-күйін жақсы жеткізеді.

Драматизациялық ойындарды ұнатады.

Компьютерді тез меңгереді.

Басқаларды сендіре алады. Өз ойларын мойындатуға қабілетті.

Құрдастарына қарағанда физикалық шыдамды.

Нәтижелерді өңдеу.

Қосулары мен алулардың тігінен санын есептеңіз (қосуларды қосып, одан алуларды азайтыңыз). Әр қатардың астына нәтиженың қосындыларын жазу керек. Дарындылық түрлерінің даму деңгейін алынған ұпайларының саны сипаттайды. Баладағы дарындылық түрлері мынадай: интеллектуалдық; шығармашылық; ғылымилық; көркемдік-бейнелек; музыкалық; әдебиетшілік; әртістік; техникалық; жетекшілік; спорттық.


Жауап парағы.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

32

33

34

35

36

37

38

39

40

41

42

43

44

45

46

47

48

49

50

51

52

53

54

55

56

57

58

59

60

61

62

63

64

65

66

67

68

69

70

71

72

73

74

75

76

77

78

79

80



Оперативтік есте сақтау қабілетін тексеру

Бұл әдісте оқушының оперативтік есте сақтау қабілеті ретінде аз уақыт ішінде есте сақтай отырып, оны сол мезетте өңдей алатын ақпарат көлемі бағаланады.

Нұсқау. Сіздерге бес таңбалы сандар қатары оқылады. Сіздің міндетіңіз: сандарды сол оқылған ретімен есте сақтау. Содан соң ойша бірінші санды екіншісімен қосып, қосындыны жазып қоясыз, екінші санды Үшіншісімен қосып, қосындыны жазып қоясыз, Үшінші санды төртіншісімен қосып, қосындыны жазып қоясыз, төртінші санды бесіншісімен қосып, қосындыны жазып қоясыз. Шыққан төрт қосындыны тізбектей жазасыз.

Мысалы: 32716 - 3 + 2 = 5

2 + 7= 3 7+1- 8 1+6= 7 Нәтиже - 5387

Нұсқалар:

31527 44352 13152 63152 42613

71521 35126 71726 34325 25341

Жауаптары:

4673 8787 4467 3467 6874

8673 8638 8838 7757 7875

Барлығы – 10 У=

Дұрыс жауаптар саны - X

Дұрыс жауаптар проценті – У


К. Томастың кикілжіңді шешуге арналған бес тәсілі


К.Томас қақтығыстан қашу арқылы келіспеуші екі жақ та жетістікке жете алмайды, деп есептейді. Бәсекелестік және ымыраға келу тәрізді әрекеттерде қатысушылардың біреуі ұтады, екіншісі ұтылады немесе екеуі де ұтылады, өйткені ымыраға келуге жол береді. Тек бірлесу жағдайында ғана екі жақ та ұтымды шешімге келеді.

Бұл әдістемені қолдану әртүрлі этностардың кикілжің жағдайға байланысты мінез-құлықтарыңа бақылау жасап, талдауға мүмкіндік береді. Мысалы, жолаушылар көлігіне бір масаң адам кіріп келсе, орыс тұрып орын берсе, қазақ ақыл-кеңес беруі, ағылшындар жақтырмай, жиіркенішпен қарауы, ал грузин болса, бірден төбелеске еніп кетуі мүмкін. Яғни, кикілжіңнің қандай деңгейде шешілуі, әр ұлтқа тән темпераментке де байланысты. Осы сауалнаманың қорытындысы негізінде К.Томас көрсеткен бес тәсілдің қайсысы қай ұлтта басымырақ танылатынын анықтап, салыстырмалы талдау жасауға болады.

К.Томас мінез-құлықтың әдеттегі қалпын анықтайтын сауалнамасында, атап өтілген бес нұсқаның әрқайсысын индивидтің қақтығыстық жағдайдағы мінез-құлқына байланысты 12 пайымдаулармен суреттейді. Олар әртүрлі үйлесіммен 30 жұпқа топталған, олардың әрқайсысында респондентке мінез-құлқының әдеттегі қалпын сипаттайтын пікірді таңдау ұсынылады.


Сауалнама

А. Кейде мен даулы сұрақты шешу мүмкіндігін басқа адамдардың жауапкершілігіне беремін.

Б. Мен екеуіміздің екі жақты пікірімізді талқылағаннан гөрі, екеуіміздің де келіспейтін жақтарымызға назар аударуға тырысамын.

А. Ымыраға келу шешімін табуға тырысамын.

Б. Мен мәселені басқаның және өзімнің де қызығушылығымды ескере отырып шешуге тырысамын.

А. Әдетте мен өз дегеніме табандылықпен жетуге ұмтыламын.

Б. Мен басқаны сабасына келтіріп, және бастысы, өзара қарым-қатынасымызды сақтап қалуға тырысамын.

А. Мен ымыраға келуге тырысамын.

Б. Кейде мен басқа адамның қызығушылығы үшін, өзімнің қызығушылығымды құрбандыққа шаламын.

А. Даулы жағдайды шешу кезінде, мен үнемі басқа адамның қолдауын табуға тырысамын.

Б. Тиімсіз шиеленісті тудырмаудың бар әрекетін жасауға ұмтыламын.

А. Мен өзіме келеңсіздіктер тудырмауға тырысамын.

Б. Мен өз дегеніме жетуге ұмтыламын.

А. Мен соңынан оны біржола шешу үшін, даулы сұрақтың шешімін кейінге қалдырамын.

Б. Мен бір нәтижеге қол жеткізу үшін, басқа бір жағдайға көнуге болады деп ойлаймын.

А. Әдетте мен табаңдылықпен өз дегеніме жетуге тырысамын.

Б. Мен бірінші кезекте, қамтылған қызығушылықтар мен сұрақтардың неден тұратынын нақты анықтап алуға тырысамын.

А. Қандай да бір пайда болған келіспеушіліктер уайымдауға тұрмайды деп ойлаймын.

Б. Мен өз дегеніме жету үшін күш саламын.

А. Мен өз дегеніме нақты жетуге тырысамын.

Б. Мен ымыраға келу жолын табуға тырысамын.

А. Мен бірінші кезекте, қамтылған қызығушылықтар мен сұрақтардың неден тұратынын нақты анықтап алуға ұмтыламын.

Б. Мен басқаны сабасына келтіріп және бастысы өзара қарым-қатынасымызды сақтап қалуға тырысамын.

А. Көбінесе мен дау туғызатын позицияны ұстанбауға тырысамын.

Б. Мен басқа адамға, егер ол менімен келіссе де, өз пікірінде қалуға мүмкіндік беремін.

А. Мен орташа позицияны ұсынамын.

Б. Мен, меніңше болғанын талап етемін.

А. Мен өзімнің көзқарасымды басқа адамға жеткіземін және оның да көзқарасы туралы сұраймын.

Б. Мен басқа адамға менің көзқарасымның логикасы мен артықшылықтарын көрсетуге тырысамын.

А. Мен басқаны сабасына келтіріп және бастысы өзара қарым-қатынасымызды сақтап қалуға тырысамын.

Б. Мен жағдайды ушықтырмаудың бар амалдарын жасаймын.

А. Мен басқаның сезімдеріне залал келтірмеуге тырысамын.

Б. Мен басқа адамды менің позициямның артықшылықтарына сендіртуге тырысамын.

А. Әдетте мен табанды түрде өз дегеніме жетуте тырысамын.

Б. Мен жағдайды ушықтырмаудың бар амалдарын жасаймын.

А. Егер ол басқа адамды бақытты етсе, мен оған өз дегенінде тұруға мүмкіндік беремін.

Б. Мен басқа адамға, егер ол менімен келіссе де, өз пікірінде қалуға мүмкіндік беремін.

А. Мен бірінші кезекте, қамтылған қызығушылықтар мен даулы сұрақтардың неден тұратынын анықтап алуға тырысамын.

Б. Мен даулы сұрақтың шешімін, соңынан біржола шешу үшін кейінге қалдырамын.

А. Мен өзара келіспеушіліктерді бірден жеңуге тырысамын.

Б. Мен ұтымды және ұтымсыз шешімдердің екі жаққа да сай келуін қарастырар едім.

А. Келіссөз жүргізгенде, басқаның тілегіне назар аударуға тырысамын.

Б. Мәселе шешуде мен әрқашан тікелей талқылауға кешемін.

А. Менің көзқарасым мен басқаның көзқарасының ортасында тұрған позицияны табуға ұмтыламын.

Б. Мен өз тілегімді қорғаймын.

А. Мен әдетте, біздің әрқайсымыздың тілектерімізді қанағаттандырудың қамын ойлап жүремін.

Б. Кейде мен даулы сұрақты шешу мүмкіндігін басқа адамдардың жауапкершілігіне беремін.

А. Егер басқа адамның позициясы оған өте маңызды болып көрінсе, мен оның тілегін орындауға тырысамын.

Б. Мен басқа адамды ымыраға келуте көндіруге ұмтыламын.

А. Мен басқаға менің көзқарасымның логикасы мен артықшылықтарын көрсетуге ұмтыламын.

Б. Келіссөз жүргізу сәтінде, басқаның тілегін есепке алуға тырысамын.

А. Мен орташа позицияны ұсынамын.

Б. Мен әрдайым әрқайсымыздың тілектерімізді қанағаттандырудың қамын ойлап жүремін.

А. Көбінесе мен дау туғызатын позицияны ұстанбауға тырысамын.

Б. Егер ол көзқарас басқаны бақытты ете алса, мен оған өз дегенінде тұруға мүмкіндік беремін.

А. Әдетте мен өз дегеніме жетуге табандылықпен ұмтыламын.

Б. Жағдайды реттеу сәтінде, әдетте мен басқа адамның қолдауын табуға тырысамын.

А.Мен ортақ позицияны ұсынамын. Б. Мен, кез келетін кейбір келіспеушіліктер үшін қобалжудың керегі жоқ деп ойлаймын.

А. Басқа адамның көңіліне тимеуге тырысамын.

Б. Көбінесе мен бәсеке жағдайында, осы жағдайға қызығушылығы бар басқа адаммен бірге отырып жеңіске жету позициясын ұстанамын.


Тұлғаның әрбір шкала бойынша жинаған ұпайының саны, кикілжің жағдайда тиісті мінез-к,ұлық нысандарының көріну тенденциясын байқатады.




Кілт

р/с

Бақталастық

Ынтымақтастық

Ымыраға келу

Кикілжіңнен қашу

Икемдеу

1.




А

Б

2.


Б

А



3.

А




Б

4.



А

Б


5.


А


Б


6.

Б



А


7.



Б

А


8.

А

Б




9.

Б



А


10.

А


Б



11.


А



Б

12.



Б

А


13.

Б


А



14.

Б

А




15.




Б

А

16.

Б




А

17.

А



Б


18.



Б


А

19.


А


Б


20.


А

Б



21.


Б



А

22.

Б


А



23.


А


Б


24.



Б


А

25.

А




Б

26.


Б

А



27.




А

Б

28.

А

Б




29.



А

Б


30.


Б



А



К. Томас тестінің сипаттамасы

Тест Н.В. Гришинаның басшылығымен тұлғаның қақтығыстық іс-әрекетке бейімділігін анықтау үшін арнайы бейімделуден өткен. Кикілжің құбылыстарды зерттеуде, К.Томас дәстүрлі көзқарастың өзгеруін алып, соған басымдылық жасаған.

Сонымен, кикілжіңді шешудің мақсаты, жайдары, кикілжіңсіз адамдардың үйлесімді қарым-қатынасын сақтау болып табылады.

К. Томастың пікірінше, кикілжіңді зерттегенде келесі тұрғыларға аса мән беру керек:

Кикілжің жағдайда адамдарға іс-әрекеттің қандай 4 түрі тән, олардың қайсысы продуктивті немесе деструктивті болып келеді, адамның тиімді іс-әрекет етуіне қалай ықпал етуте болады?

К. Томас кикілжің жағдайда адамдардың іс-әрекетін сипаттау үшін, кикілжіңді реттеудің 2-сатылы үлгісін қолдануға болады дейді. Негізгі өлшем кооперация болып табылады. Кооперация дегеніміз — бір адамның басқа адамның қызығушылығына құрметпен қарауы. Ал айтқанынан қайтпауы — тек қана өз қызығушылықтарын қорғауға күш жұмсауды білдіреді. Осы аталған өлшемдердің негізінде К.Томас кикілжіңді реттеудің келесі тәсілдерін көрсетеді:

1) Бақталастық - өзгелерге нұқсан келсе де, өз қызығушылығын қанағаттандырута ұмтылу;

2) Икемделу - өзгелердің қызығушылығын қанағаттандыруға ынталы болу;

3} Ымыраға келу;

4) Кикілжіңнен қашу - кикілжіңді шешудің бұл түріне кооперацияға ұмтылудың да болмауы, өз мақсатына жетуге ұмтылыстың да болмауы жатады;

5) Ынтымақтастық - кикілжіңге қатысушылар екі жақтың да қызығушылықтарын толық қанағаттандыратын, альтернативті шешімге келумен сипатгалады.


Ашуыңды ірке біл...

Бұл тест 20 сұрақтан түрады. Әр сұрақтың 3 жауабының біреуін тандау керек. Мұғалімнің бәрі бірдей емес. Әр мұғалімнің шыдамдылығы әр алуан. Тестің қорытындысы бойынша, егер мұғалім 36-44 ұпай алса, мұғалім өз-өзіне сенімді, шыншыл, өмірде өз жолын тандай білген, агрессиясы орташа адам. 45-тен жоғары ұпай алса, ол өте ашушаң, басқа адамдарға қатал қарайтын, өз-өзін ұстай алмайтын адам. Жеңіске жету үшін, биікке көтерілу үшін, ол жанұясын, қоршаған ұжымын құрбандыққа шалуы мүмкін. 35 ұпайдан төмен алған мұғалім өте мейірімді, өз-өзіне толық сенбейтін адам, оған өмірде кішкене батылдық, сенімдік қажет.

1. Егер басшымен ұрысып қалсаныз, татуласуға жол іздейсіз бе?

1. әрқашан

2. анда-санда

3. ешқашан

2. Қиын жағдайда өзіңізді қалай ұстайсыз?

1. ішімнен ашуланамын

2. өз-өзімді ұстаймын

3. өз-өзімді ұстай алмаймын

3. Ұстаздар сізді қандай адам деп санайды?

1. өзімшіл және қызғаншақ

2. мейірімді

3. салмақты және өз-өзіне сенімді

4. Егер сізге жауапты жұмыс берілсе не деп жауап бересіз?

1. сенімсіздікпен келісім беремін

2. ойланбай келісем

3. өзімнің тыныштығым үшін келіспеймін

5. Егер сіздің рұсатыңызсыз мұғалім столыңыздан қағаз алса, сіз өзіңізді қалай ұстайсыз?

1. қатты ұрсамын

2. орнына қойдырамын

3. тағы ештеңе керек жоқ па деп сұраймын

6. Егер сіздің күйеуіңіз (әйеліңіз) жұмыстан кешігіп келсе оны қалай қарсы аласыз?

1. сен неге кешіктің?

2. кеше қайда қаңғыдың?

3. мен енді уайымдай бастадым

7. Сіз өзіңізді машинаның рөлінде қалай ұстайсыз?

1. алдындағы машинаны қуып жетесіз

2. сізге бәрібір, қанша машина озады

3. машинаны қатты жылдамдығына салам

8. Сіз өмірге қалай қарайсыз?

1. орташа

2. жеңіл

3. қатты

9. Егер жолыңыз болмаса сіз не істейсіз?

1. жаланы басқа біреуден көремін

2. көнесіз

3. келесі жолы абай боласыз

10. Жастардың өзінің бос уақытын дұрыс өткізбеуіне сіз қалай қарайсыз?

1. оларға тыйым салу керек

2. оларды дұрыс ұйымдастыру керек (мәдениетті демалу)

3. солармен біз неге әуреленеміз

11. Егер сіздің жұмыс орныңызға басқа біреуді қойса, сіз қайтесіз?

1. несіне босқа жүйке-жүйемді тоздырам

2. оның бет әлпеті бастыққа ұнады 3. келесі ретте менің жолым болады

12. Қорқынышты киноны калай көресіз?

1. қорқасыз

2. жалығасыз

3. жақсы көңіл бөлем

13. Жолдың кедергісінен маңызды жиналысқа кешіксеңіз.

1. жиналыста мазасызданып кетесіз

2. тіл табысуға тырысасыз

3. өкінесіз

14. Спорттық жетістіктерге қалай қарайсыз?

1. женуге тырысасыз

2. өзіңізді жас сезінесіз

3. жеңілсеңіз ашуланасыз

15. Егер сізді мейрамханада дұрыс күтпесе.

1. айғай-шу болмас үшін үндемейсіз

2. күтушіні шақырып сөгіс бересіз

3. арыз кітабымен директорға барам

16. Сіздің балаңызды мектепте ренжітсе.

1. мұғаліммен сөйлесем

2. ренжіткен баланың ата-анасына айқай шығарамын

3. балаға «өзің ақылмен шеш» деймін

17. Сіз кандай адамсыз?

1. орташа

2. өз-өзіме сенімдімін

3. өткір

18. Егер мектеп есігінің алдында әріптеспен қақтығысып қалсаңыз, ол сізден кешірім сұраса сіз не дейсіз?

1. оқасы жоқ

2. көзіңе қарамайсың ба?

3. кешіріңіз мен кінәлімін

19. Жастардың арасындағы бұзақылыққа қалай қарайсыз?

1. қашан бұл жастарға тыйым салынады

2. жүрекке тиетін жаза беру керек

З.тек қана жастарды кінәламай, бұл жерде тәрбиешілер де кінәлі

20. Егер бұл дүниеге аң болып келсеңіз, қай аңды таңдайтын едіңіз?

1. жолбарыс

2. үй мысығы

3. аю


Күйзеліске қарсы тұра алушылықты анықтау


Соңғы жылда өз басыңыздан өткен оқиғалар мен түрлі жағдайларды есіңізге түсіруге тырысыңыз және "жинаған" ұпайыңыздың жалпы санын есептедіз.

Дәрігерлер Холмс пен Раге (АҚШ) өздерінің бес мыңнан аса емделушілерінің күйзеліске әкеліп соғатын түрлі өмірлік жағдайларының ауруға қатынасын (оның ішінде жұқпалы аурулар мен жарақаттар да бар) зерттеген. Олар психикалық және ағза аурулары адам өміріндегі белгілі бір жағдайлардың әсерінен болады деген қорытындыға келген. Зерттеулердің нәтижесінде олар өмірдің әрбір оқиғасына арналған шкала құрастырды, күйзеліске әкеліп соғу деңгейіне сәйкес әрбір жағдайға ұпай саны берілген. Жүргізілген зерттеулерге сәйкес, 150 ұпай ауруға шалдығу қаупінің 50%-ын, ал 300 ұпай 90%-ын құрайтындығын анықтаған.

Күйзеліске ұшыратуы мүмкін түрлі жағдайлар мен оқиғалар берілген тізімді мұқият оқып шығыңыз. Содан соң берілген ұпай санына мән беріп, әрбір бөлікті қайта қарап шығыңыз. Әрі қарай соңғы екі жылда өміріңізде болған оқиғалардың орташа санын (1 жылдың ұпайларының орташа санын есептеңіз) шығарыңыз. Егер бір оқиға бірнеше рет қайталанған болса, шыққан нәтижені сол санға көбейту қажет.

Қорытынды сан сіздің күйзеліске қарсы тұра алушылық деңгейіңізді де анықтайды. Ұпай; санының жоғары болуы. Сізге қауіп төнгелі тұрғанынан хабар береді. Сондықтан да сіз күйзелісті жою үшін әрекететуіңіз қажет. Шыққан нәтиженің тағыда бір маңызы бар — күйзеліске қатысты жүктемеңіздің қаншалықты (сан түрінде) екенін көрсетеді.

Мысалы, егер де нәтиже бойынша 300 ұпай шықса, ол психосоматикалық ауру қаупінің төнгенін білдіреді, себебі сіздің жүйке жүйеңіз әбден жұқарудың аз-ақ алдында тұр. Сол себептен де өз жай-күйідізді қалыпқа келтіруіңіз немесе психотерапевтке көрінуіңіз қажет.

Өмірлік жағдайлар

Ұпай

1

Жұбайыңыздың қазасы

100

2

Ажырасу

78

3

Ерлі-зайыптылардың бөлек тұруы (ажырасуды рәсімдемей), серіктесіңізбен қарым-қатынастың үзілуі

65

4

Түрмеде отыру

63

5

Отбасыңызға өте жақын адамның қазасы

63

6

Жарақаттану немесе ауру

53

7

Отбасын құру, үйлену тойы

50

8

Жұмыстан шығу

47

9

Ерлі-зайыптылардың татуласуы

45

10

Зейнеткерлікке шығу

45

11

Отбасы мүшелері денсаулығының өзгеруі

44

12

Серіктесіңіздің жүктілігі

40

13

Жыныстық мәселелер

39

14

Отбасында жаңа мүшенің пайда болуы, нәрестенің дүниеге келуі

39

15

Жұмыстағы өзгерістер

39

16

Қаржы жағдайының өзгеруі

38

17

Жақын досыңыздың қазасы

37

18

Мамандықты өзгерту, жұмыс ауыстыру

36

19

Жұбайыңызбен арадағы кикілжіңнің өршуі

35

20

Ірі мүлікке несие алу (мысалы, үй сатып алу)

31

21

Несиені төлеу мерзімінің аяқталуы, қарыздың өсуі

30

22

Қызметтің ауысуы, қызмет жауапкершілігінің атауы

29

23

Ұлыңыздың немесе қызыңыздың үйден кетуі

29

24

Күйеуіңіздің (әйеліңіздің) туыстарымен арадағы мәселе

29

25

Жеке тұлғаңыздың үлкен жетістігі

28

26

Жұбайыңыздың жұмысты тастап кетуі (немесе жұмысқа орналасуы)

26

27

Білім беру мекемесіндегі оқудың басталуы немесе аяқталуы

26

28

Тұрмыс ахуалының өзгеруі

25

29

Жеке басыңыздағы әдеттерден бас тарту, мінез-құлық таптаурындарының өзгеруі

24

30

Басшылармен арадағы туындаған мәселе, кикілжің

23

31

Жұмыс тәртібінің немесе уақытының өзгеруі

20



"Психикалық жай-күйді өзіндік бағалау" тесті


Сізге түрлі психикалық көңіл-күйдің сипаттамаларын ұсынып отырмыз. Егер ол ахуал басыңыздан жиі өткен болса 2 ұпай, нақ осы жай-күй анда-санда кездессе 1 ұпай, егер мүлдем келіспесе 0 ұпай қоясыз.

I

1) Өзіме сенімді екенімді сезінбеймін.

2) Болмашы нәрсе үшін жиі қызараңдаймын.

3) Ұйқым тынышсыз.

4) Тез мұңаямын.

5) Қиялдағы келеңсіздіктер үшін де уайымдаймын.

6) Мен қиындықтардан қорқамын.

7) Өзімнің кемшіліктерімді қазбалағанды ұнатамын.

8) Сені иландыру оңай.

9) Мен күмәншілмін.

10) Мен тосқанды ұнатпаймын.


II


11) Туындаған ахуалдардан шығу жолы болса да, мен үшін олар шешілмейтін тәрізді көрінеді.

12) Келеңсіздіктердің мені уайымға салатындығы сонша, мүлдем рухым басылып қалады.

13) Үлкен келеңсіздіктерге ұшырағанда, еш себепсіз өзімді кінәлауға дайынмын.

14) Бақытсыздықтар мен сәтсіздіктер маған сабақ болған емес.

15) Мен еш нәтиже бермейді деп санағандықтан, күресуден жиі бастартамын.

16) Өзімді жиі қорғансыз сезінемін.

17) Кейде торығамын.

18) Қиындықтарға кезіккенде абдырап қаламын.

19) Мені біреу мүсіркесін деп, кейде өзімді өмірдің қиын кезеңдерінде бала тәрізді ұстаймын.

20) Мінез-құлқымның кемшіліктері ешқашанда жөнделмейді деп санаймын.


III


21) Соңғы сөзді мен айтуым қажет.

22) Сұхбаттасушының сөзін бөлетін кездерім жиі болады.

23) Мені ашуландыру оңай.

24) Басқаларға ескерту айтқаиды жақсы көремін.

25) Басқаларға беделді болғым келеді.

26) Менің барға қанағаттанғым келмейді.

27) Ашуланғанда өзімді әрең тежеймін.

28) Бағынышты болғаннан гөрі, басқарғанды ұнатамын.

29) Менің ым-ишараларым дөрекілеу.

30) Мен кекшілмін.

ІV

31) Маған әдеттерімді өзгерту қиын

32) Назарымды басқа нәрсеге ауыстыруым оңайға соқпады

33) Кез-келген жаңа дүниеге сақтана қараймын

34) Мені өз ойымнан бас тартқызу қиын

35) Басыма келген ойдан арыла алмайтын кездерім жиі болады

36) Адамдар мен жақындасуым қиын

37) Мені жоспардың болмышы өзгерістері де ашуландырады

38) Жиі қыңырлық танытамын

39) Тәуекелге әрең барамын

40) Өзімнің үйреншікті күн тәртібімнің бұзылуы маған қатты әсер етеді


Нәтижені өңдеу

Әрбір сұрақ топтарының жеке ұпайлар санын есептеңіз:

І. 1-10 сұрақтар – мазасыздық, үрейшілдік;

ІІ. 11-20 сұрақтар – фрустрация;

ІІІ. 21-30 сұрақтар – агрессивтілік;

ІV. 31-40 сұрақтар – ебедейсіздік.


Ұпайларды бағалау және талдау.

І. Мазасыздану: 0-7 ұпай – сізде мазасыздану сезілмейді; 8-14 ұпай – қалыпты орташа мазасыздану; 15-20 ұпай – жоғары мазасыздану.

ІІ. Фрустрация: 0-7 ұпай - өзіңізді бағалау деңгейіңіз жоғары емес, сәтсіздіктерге төтеп бере аласыз, қиындықтардан қорықпайсыз; 8-14 ұпай – орташа деңгей, фрустарция бар; 15-20 ұпай – сіздің өзіңізді бағалауыңыз төмен, қиындықтардан қашасыз, сәтсіздіктерден қорқасыз, фрустарцияға бейімсіз.

ІІІ. Агрессивтілік: 0-7 ұпай – сіз салмақтысыз, ұстамдысыз; 8-14 ұпай – агрессивтіліктің орташа деңгейі; 15-20 ұпай – сіз агрессивтісіз, қарым-қатынас пен адамдармен қызмет барысында қиындықтарға кездесесіз.

ІV. Ебедейсіздік: 0-7 ұпай – ебедейсіздік байқалмайды, назарыңызды басқаға аударуыңыз жеңіл; 8-14 ұпай – орташа деңгей; 15-20 ұпай – ебедейсіздік анық байқалады, мінез-құлқыңыз, өмірге көзқарасыңыз, сеніміңіз нақты жағдайға, өмірге сәйкес келмесе де тұрақты қалпынан өзгермейді. Сізге жұмыс ауыстыруға, отбасында өзгерістер жасауға болмайды.



Социометрия әдісі


Нусқау

Зерттеуге қатысатын адам санына байланысты сұрақтар енгізілетін социометриялық карточкалар алдын-ала даярлануы қажет.

Әрбір адам социометриялық карточкаларды өз бетімен толтырады. Социометриялыкқ зерттеу ерікті және астыртын түрде жүргізіледі.

Сауалнама нәтижелері қатысушыларға толық айтылмайды. Шартсыз байланыстар жүйесін айтып беру топтағы қарым-қатынас құрылымында қажетсіз өзгерістердің туындау мүмкіндігіне әкелетінін есте сақтау керек.

Зерттеудің жүргізілу шарттарын, социометриялық карточкаларды толтыру тәртібін түсіндіруден бастайды.

Социометриялық матрицаны толтыруда 1 – кезектегі тандау — 3 балл (ұпай), 2 – кезектегі таңдау — 2 балл, 3 – кезектегі тақдау — 1 балл екенін ескерту қажет.


Социометриялық карточка

Сұрақтар мен тапсырмалар

Топ мүшелерінің аты-жөні, баға көрсеткіштері

1

Топтың қай мүшесімен сіз өз демалысыңызды (каникул) өткізгіңіз келеді? Таңдау ретімен атаңыз.

1. _________________

2. _________________

3._________________


2

Топтың қай мүшесімен үлкен жауапкершілікті қажет ететін істі бірігіп басқарар едіңіз? Таңдау ретімен атаңыз.

1. ________________

2. _________________

3. _________________

3

Егер сіздің қолыңызда топ құрамын өзгерту мүмкіндігі болса, топтың қай мүшелерін таңдар едіңіз? Келесі бағандардың бірін қолданыңыз:

+2 – топта бұл адамның қалғанын міндетті түрде қалаймсын.

+1 – бұл адамның қалғанын қалаймын.

0 – бұл адамның қалуы, қалмауы бәрі бір.

- 1 – бұл адамның қалмауын көбірек қалаймын.

-2 – бұл адамның қалмауын міндетті түрде тілеймін.

1. _________________

2. _________________

3. _________________

4. _________________

5. _________________

6. _________________

7. _________________

8. _________________

9. _________________

10. ________________

11. ________________

12. ________________

т.б.


4

Бес ұпайлық жүйе бойынша өз тобыңызды бағалаңыз (керекті ұпайды белгілеңіз).

1 2 3 4 5


Нәтижелерді өңдеу.

Бірінші сұрақтың жауаптарын талдау үшін топтағы тұлғаарлық қатынастар мен серіктестіктің жағдайын айқындайтын социометриялық матрица құрады.

Өзара тандауларының санын білу арқылы микротоптарды анықтайды. Бұл жағдайда тандаудың бірінші, екінші, я болмаса үшінші екендігінде айырмашылық болмайды. Микротопқа бірін-бірін өзара тындаған топ мүшелері кіреді. Соңғы нәтижені кесте түрінде көрсетуге болады.



Сурет 1. Социометриялық зерттеу деректері бойынша құралған топ кестесі.

Шартсыз лидерді анықтау 2-сұрақтың жауаптарындағы таңдау сандарын санау арқылы жүргізіледі. Қосымша фактор ретінде таңдау дәрежесі де орын алады (бірінші, екінші, үшінші).

Топ мүшелерінің социометриялық статусын (St) 3-сұрақтың жауаптарын төмендегі формулаға салу арқылы анықтайды:

(4),

мұндағы: — топтың бір мүшесінің жинаған ұпай саны.

n — топ мүшелерінін саны.

Өзара байланыстың топтық коэффициентін (Кв) өзара тандаулар матрицасынын мәліметтерін төмендегі формулаға салу арқылы анықтайды:

(5),

мұндағы: — топтағы өзара таңдаулар саны.

n — топ мүшелерінің саны.

Коммуникативтіліктің топтық коэффициентін (Кк) өзара таңдаулар матрицасының мәліметтерін төмендегі формулаға салу арқылы анықтайды:

Кк = nк/n (6),

мұндағы: nк — микротопқа кірген топ мүшелерінің саны.

n — топ мүшелерінің саны.

Оқшауланғандардың жеке меншік үлесін (Кu) өзара таңдаулар матрицасынын мәліметтерін төмендегі формулаға салу арқылы анықтайды:

Кu= n ү /n (7),

мұндағы: n ү — оқшауланғандар саны, яғни, бірде-бір тандау алмаған топ мүшелері.

n — топ мүшелерінін саны.

Психологиялық климаттың қолайлылық коэффициенті (Кбnк) Кв және Кк коэффициенттеріің орташа мәні арқылы анықталады:

(Кбnк) = Кв+Кк/2,

мұндағы: Кв — өзара байланыстын топтық коэффициенті;

(5) формула арқылы анықталады,

Кк — коммуникативтіліктің топтық коэффициенті;

(6) формула арқылы анықталады.

Нәтижелерді тусіндіру (интерпетациялау).

Микротоптар. Микротоптардың болуы, олардың мүше саны топтағы жағдайды толық сипаттамайды. Дегенмен, егер микротоптар үлкен болса, олардың лидерлері мен лидерлердің әлеуметтік рөліне үлкен назар аудару керек. Идеалды нұсқа — абсолютті өзара таңдау. Микротоптың болуы байланыстың, ұйымшылдықтың дәлелі: неғұрлым өзара таңдау саны жоғары болса, соғұрлым топтың ұйымшылдығы жоғары деген сөз.

Лидер. Топтың басқа мүшелері жауапкершілікті талап ететін өз мүдделері және топтың іс-әрекетінің бағыты мен сипатын анықтайтын шешімдерді қабылдау құқығына иеленуге рұқсат берілетін тұлға. Сонымен, беделді тұлға бола тұрып, лидер топтағы біріккен іс-әрекетті ұйымдастыру мен өзара қарым-катынасты реттеуде орталық жетекші рөлде болады. Лидердің негізгі сипаты топ мүшелерінің тандауына байланысты. Бұл тандаудың негізінде не жатыр? Бұл жағдайда барлығы топтың даму деңгейіне байланысты болатыны эксперименталды түрде дәлелденген.

Топтың даму деңгейі жоғары болған сайын және ондағы тұлғааралық қарым-қатынастар өзара іс-әрекеттердің мәні мен құндылықтарымен негізделген сайын топ лидерінің пайда болуы осы қарым-қатынастардың іске асуы арқылы жүреді. Лидер — топ іс-әрекетінің жемістілігіне әсер ететін, біріккен жұмыс тұрғысында топ үшін неғұрлым беделді.

Социометриялық статус. Адамның тұлғааралық қарым-қатынас жүйесіндегі орнын көрсетіп, топ мүшелерімен танылу дәрежесін, басқалардан алынған тандаулар санымен анықталатын жеке таңдау денгейін айқындайды. Жоғары статус (0, 55-тен жоғары) тұлғаның дамуы үшін қолайлы фактор, себебі қолайлы психологиялық жағдайларды туғызады: қоршаған адамдардың жақсы бағасы, ал ол өз кезегінде өзіңді бағалауға әсер етеді, жеке тұлғалық байланыстардың интенсивтілігі т.б. Төмен статус (0,3-тен төмен) тұлға дамуын тежейді, кайшылықтарға әкеледі, аландаушылық артып, өзіне-өзі сенімділік төмендейді, қоршаған адамдармен қарым-қатынаста оқшауланған стиль пайда болады.

Егер топта жоғары статустар саны көп болса, топтың көпшілік мүшелері тұлғалық даму үшін қолайлы жағдайда және оң әлеуметтік сезімде деген болжам жасауға болады. Егер де топта төмен статус көп болса — көпшілік мүшелерінің қолайсыз әлеуметтік сенімде және белсенді қарым-қатынас жетістіктерінен шалғайда екенін көрсетеді.

Коммуникативтілік. Бұл термин іскерлік және тұлғааралық байланыстардың құрылымын сипаттауда қолданылады (мысалы, топішілік қарым-қатынас құрылымы).

Коммуникативтілік — топ мүшелерінің бірлескен іс-әрекет барысында пікір, сезім, көңіл-күй, қызығушылықтармен алмасу. Коммуникативтілік көрсеткіші 1-ге жақын болған сайын топты жағымды жағынан көбірек сипаттауға болады. Егер бұл көрсеткіш 0,2-ден төмен, не тең болса, топ мүшелерінің арасындағы қайшылықты қарым-қатынас нәтижесінде коммуникативті кедергінің болу мүмкіндігін көрсетеді.

Психологиялық климат. Топтағы психологиялық құбылыстарды сипаттайтын эмоционалды-бағалаушы және әлеуметтік-бағалаушы тұрғыдағы әлеуметтік-психологиялық түсінік.

Психологиялық климат — адамдардың көңіл-күйі, рухани толғаныстары, бір-біріне, жұмысқа және болып жатқан құбылыстарға қарым-қатынасын білдіретін, топта басым болатын салыстырмалы тұрақты эмоционалды жағдай. Ол қолайлы және қолайсыз, қалыпты және қалыпсыз болуы мүмкін. Егер психологиялық климаттың қолайлылык коэффициенті 0,65-тен жоғары болса, топта өзара түсінушілік, сыйластық, достық атмосферасы, ішкі тәртіп пен жауапкершіліктің, өзіне және басқаға деген талаптың жоғары екенін көрсетеді.





Сьюзен Деллингер әдісі

«Психогеометриялық тест» жеке тұлғаны фигуралар арқылы зерттеу


Кіші буын оқушыларына арналған.

Жургізілу барысы: Мыны төмендегі геометриялық фигуралардың біреуіне қарап «Бұл — мен!» - деп айта аласыз ба? Егер жауап беруге қиналсаңыз, онда осылардың ішінен сізге қайсысы ұнайды, соны тандап белгілеуге болады.




Геометриялық фигуралардын ерекшеліктері

Төртбұрыш - ұйымдастырғыш, дәлдік бақылауға қатал, қадағалайтын, ойлаушы, нұсқаушы, бөлшектерге, ақпаратқа байқампаз, хабаршыл, жазбаша сөздікке ынталы, ұқыпты, тазалықты сүйгіш, рационалист, сақтанғыш, суық, үндемейтін, қырсық, табанды, еңбексүйгіш, маманданған эрудициясы басым, бас саясаткер, достары және таныстары шағын, еңбекқор адам.

Үшбұрыш - көшбасшы, билікке талпынғыш, тазалықты сүйгіш, жеңіске құмар, прагматизм, өз-өзіне сенімді, импульсивті, шешім қабылдағыш, сезімі күшті, батыл, энергиясы жеткілікті, қауіп-қатерге жақын, лауазымды қызметкер, шыдамсыз, саясаткер, сөзтапқыш, ортадағы қарым - қатынасы кең, жақын достары мен ортасы шағын, көшбасшы адам.

Тіктөртбұрыш көңіл-күйі өзгермелі, өз-өзін қадағаламайды, анықталмаған, қозғыш, көп нәрсені білгенді ұнатады, батыл, өз-өзін төмен бағалайды, өз-өзіне сенімсіз, сенгіш, барлық жаңа қозғалыстарға қызығады, жылдам, көңіл-күйі жылдам өзгереді, дау-дамайдан қашады, тиянақсыз, ізденімпаз адам.

Шеңбер - қарым-қатынасты жоғары бағалайтын, өзгелерді қадағалайтын, кең пейілді, түйсігі жақсы дамыған, шыдамды, эмоционалды, сезімтал, сенгіш, тез шешім қабылдай алмайды, бас саясаткер, әңгіме айтқанды ұнатады, біреуді көндіре алады, өзгелерге көзқарасын дәлелдей алады, өткен өміріне көп көніл бөледі, көпшіл, ынталы, достары мен таныстары көп, мейірімді адам.

Зиг - заг - көңіл-күйі өзгеруге бейім, креативті, білімге ынталы, түйсігі жақсы дамыған, өз идеяларына ұстамды, арманшыл, болашаққа талпынысы жоғары, барлық жаңа өзгерістерге қызығушылығы жоғары, қағаз жұмыстарын ұнатпайды, адамдардың ортасында бірқалыпты, ойын-сауыққа құмар, қаржы мәселесіне немқұрайлы қарайды, шығармашыл адам.



Л.Г.Матвееваның әдісі

«Баланың профильдік қызығушылығын

анықтау» сауалнамасы


Жүргізілу барысы: Бұл сауалнаманы ата-анасы мен сынып жетекшісі баланы бақылау үшін жүргізеді.

Мына берілген мінездемелерге шынайы жауап беріңіз. Жеке әр мінездемені 2,3,4,5- деген бағамен бағалайсыз. Бағаңызды төмендегі кестеге толтырып отырыныз.

Интеллект қабілеті

Сабақты тез және женіл қабылдайды.

Салауатты ойлайтын қасиеті бар және білімін күнделікті жағдайларда қолданады.

Жақсы және ашық ойлайды, ойында шатаспайды. Бір оқиға мен келесі оқиғаның байланысын сезеді, себеп-салдарын түсінеді. Егер де үлкен кісі ойын аяқтап айтпаса да, ол кісінің ойын түсініп қояды. Басқа адамдардың жасаған іс-әрекеттерінің себебін сезеді, тәртібін түсінеді.

Естігенін және оқығанын тез есіне сақтай біледі. Жаттауға, қайталауға көп уақыт бөлмейді.

Өзімен жасты балалардың білмейтін мәселелері мен жаңалықтары жайлы көбірек біледі.

Сөз қоры бай, жаңа таныс сөздерді әңгімесінде женіл қолдана береді.

Кітаттты жақсы көреді. Өзінен бір-екі жас үлкен балалардың оқитын кітаптарын қызыға оқиды.

Күрделі есептерді жақсы шығарады.

Көп сұрақтар қояды. Көп нәрсеге қызығады, жасы үлкендерге сұрақтарды еркін қояды.

Өзімен жасты балалардан бір-екі жылға қабілеті озық. Ондай балалардың сабақта іші пыспауы үшін жоғары сыныпқа ауыстыру керек. Себебі: журнал, кітап арқылы үлкендердің әңгімесінен бәрін біледі.

Ойы қызық, күтпеген жерден шешім және жауаптар ұсынады.

Тез байқағыш, қабылдағыш. Ойламаған жаңа нәрселерге тез көніл бөліп, ойланады.


Көркемдік шығармашылық қабілеті

Өзінің суреттерінде көп заттарды, жағдайларды, адамдарды шынайы келбетте салады. (Суреттің көрінісінде бір қалыптылық жоқ).

Өнер шығармаларына өте байсалдылыкпен қарайды. Егер жақсы суретті, дәстүрлі емес скульптураны көрсе, сазды әуенді естісе, ойы сезімге бөлініп, байсалды болады.

Сюжет тандауда өзгешелік білдіреді (суретті шығармада, бір оқиғаны суреттеген кезде гүлдерден, суреттерден, тастардан, маркалардан өзгеше комгтозициялар жасап көрсетеді).

Ойыншық, сурет, композицияларды жасау үшін жаңа материалдарды пайдаланады. Балалардың үйін құрастырғанда, қайшымен, желімдегішпен жұмыс істейді.

Бос уакытында сурет салады. Ермексазбен (пластилинмен) көркем мағыналы ерекше композициялар жасайды (үйді, киімді безендіру, әсемдеу үшін).

Өзінің ойын, көңіл күйін көрсету үшін сурет салады, пластилинмен жұмыс жасайды.

Басқа адамдардан шыққан қол өнер туындыларына қызығу танытады.

Пластилинмен, балшықпен жұмыс істегенді жақсы көреді.


Музыкалық қабілеті

Әуен мен ырғаққа тез көңіл бөледі, мұқият тындайды.

Өлеңді жақсы айтады.

Музыкалық аспапта ойнауға, өленге, биге көп сезім, күш салады.

Ән-әуендерді жақсы көреді. Концертке қатысқысы келеді немесе оны тындайтын кештерге барғысы келеді.

Басқаларға қосылып өленді әсем айтқысы келеді.

Өлең айтқанда өзінің сезімін, көңіл-күйін әні арқылы көрсеткісі келеді.

Өзі әуен шығарады.

Бір музыкалық аспапта жақсы ойнайды.


Ғылыми жұмыстарға қабілеті

Өзінің ойын тура және ашық айтады (ауызша немесе жазбаша).

Кітаптар оқиды, өзінен бір-екі жас үлкен балалардың ғылыми еңбектерін қызығып оқиды.

Абстрактық түсініктерді орта деңгейден жоғары түсіну қабілеті бар, қорытынды жасай алады.

Мотивациялық координациясы бар (көргенін тез ойына сақтайды, естігенін тура жазып алады).

Сабақтан кейін көркем әдебиеттерді оқығаннан гөрі ғылыми кітаптарды оқығанды жөн көреді.

Егер оның жобасын, жаңа идеяларын ата-анасы, мұғалімі қолдамаса немесе нәтиже шықпаса, ол саспайды.

Оқиғалардың себебін, мағынасын білгісі келеді.

Өзінің жобасын жасау үшін көп уакыт бөледі (жинақтау, құрастыру сияқты).

Ғылыми туындыларды, оқиғаларды, талдап, пікірлескенді жақсы көреді, көп ойланады.


Әдебиетке қабілеті

Әңгімені басынан бастап аяғына дейін жылдам құрастыра алады.

Бәріне белгілі нәрсені айтқан кезде өзін жаңашалап косып айтқанды жақсы көреді.

Оқиғаны айтып түсіндіргенде керек емес жерін қысқартып, ең нақты, керек мазмұнын айтып бере алады.

Әңгімелеп жатқанда сюжеттен таймайды, негізгі ойын жоғалпайды.

Әңгімелеген кезде кейіпкердің эмоциясын, көңіл күйін, сезімін, толғанысын тындаушыға көрсете алады.

Оқиғаны түсіндірген кезде керек жерлерін дұрыс көрсетеді, бірақ оқиғаның негізгі мағынасын да жібермейді.

Өлең шығарғанды, әңгіме жазғанды жақсы көреді.

Әңгімелерінде кейіпкерлерді шынайы етіп көрсетеді, олардың сезімін, мінезін, көңіл- күйін өміршең етіп көрсете алады.


Әртістік қабілеті

Кейіпкердің рөліне, образына оңай кіре алады.

Әртістің ойнағандарына қызыға қарайды.

Басқа адамдарды салғандығы соншалық даусын, түр-тұлғасын айнытпай сала біледі.

Драмалық көріністерде сан қилы кикілжің жағдайларды түсініп, сол үзіндіні жақсы жеткізе алады.

Мимика, қимыл-жест арқылы сезімді дұрыс көрсете алады.

Әңгімені қызықтырып айтқан кезде тыңдаушылардың эмоцияларын бақылай біледі.

Жеңіл драмалық оқиғалар жасай алады, эмоционалды сезімді шынайы көрсете алады.

Жаңалықты жақсы көреді, ескіге қатып қалмайды. Өмірдегі жағдайлардың жаңа шешімдерін тапқысы келеді.

Техникаға қабілеті

Қолөнерімен жасалатын тапсырмаларды жақсы орындайды.

Машина, механизмдерге қызығушылығы айырықша.

Машина, модель, поезд, радиоқабылдағыштар, прибор құрастырғанды жақсы көреді.

Құрыған, сынған, күйіп қалған заттарды жөндегенді жақсы көреді. Ескі нәрселерден жана зат, ойыншықтар құрастыра алады.

Механизмдерді жақсы көреді, жұмбақты сызықтарды жақсы түсінеді.

Механизмдерді сызып, суреттегенді жақсы көреді.

Жаңа машина, зат, механизм құрастыратын мәліметтер жазылған журнаддарды оқығанды ұнатады.


Спорткд қабілеті

Өзін бақытты сезіну үшін үздіксіз дене қимылдарын жасауға талпынады.

Спорт жарыстарына, ойындарына қатысқанды жақсы көреді.

Спорт ойындарының жеңімпазы болады.

Балабақшада, мектепте бәрінен жылдам жүгіреді.

Жеңіл, тез, жылдам қимылдайды, басқаларға қарағанда денесі шыныққан, төзімді, ерік-жігері мықты.

Спорт алаңдарында ойнағанды, серуенге шыққанды жақсы көреді.

Бос уақытында көп қимылдап, ойын ойнағанды жақсы көреді (хоккей, баскетбол, теннис, футбол).


Интерпритациясы: мына төмендегі кестеге әр сұрақтың бағасын толтырып шығыңыз. Жеке әр қабілеттегі бағаларды косып шығып, жалпы корытынды ұпайын жазыңыз. Әр қабілет қанша сұрақ бойынша бағаланды, сол санға бөліңіз. Мысалы: Интеллект бойынша жалпы қорытындысы 45 болса, оны 12-ге бөлеміз, сонда жауабы 3,75% болады. Осылай 8 қабілетті жеке-жеке шығарып, алған соң диаграмма сызамыз.


ЖАУАП ПАРАҒЫ

Оқушынын аты-жөні......................................................

......................................................................................................

Сыныбы...............................Жүргізілген уақыт........................


Жүргізілген әдіс:

«Баланың профильдік қызығушылығын анықтау» сауалнамасы.


Қабілеттің түрлері

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Жалпы қор-ды

%

1

Интеллект















2

Көркем шығ.















3

Музыка















4

Ғылыми жұм.















5

Әдеби шығ.















6

Әртістік















7

Техника















8

Спорт























«Графикалық тест»

баланың өзін-өзі бағалауын анықтайды


Жүргізілу барысы: мына төмендегі 8 шенбердің біреуін тандап ішін бояныз немесе белгі қойыңыз.



жоғары адекватты немесе дәл төмен


Интерпритациясы:

Алғашқы екі шенбердің біреуін тандаған бала өзін жоғары бағалайды.

Ең сонғы екі шеңбердің біреуін тандаған бала өзін төмен бағалайды.

Ортасындағы төртеуінін біреуін тандаған бала өзін адекватты немесе дәл бағалайды.


И. Панарин тесті

- таңдаған лидерлік қабілеті бар, алдына қойған мақсатына жететін, басқарушылық қабілеті басым жандар.


- таңдаған өте еңбекқор, төзімді, өз жұмысының шебері, бастаған істі аяғына дейін жеткізетін жандар.



- таңдағандар жаңа идеяға жақын, білуге құмар, ізденгіш жандар.


- осы 5 фигураның ішіндегі өте мейірімді, басқаның қайғысын да, қуанышын да бөлісуге даяр тұрған жандар.


- таңдағандар, шығармашылық қабілеті басым, үнемі ізденіс үстінде жүретін жандар.



Темпераментті анықтау тесті


Берілген пікірлердің ішінен өзіңізге тән дегенін белгілеңіз.

1. а) Мазасыз, күйгелексіз.

б) Көңілді, ақжарқынсыз.

в) Сабырлы, байсалдысыз.

г) Ұялшақ, қысылып-қымтырыласыз.

2. а) Ұстамсыз, қызбасыз.

б) Белсенді, істе ширақсыз.

в) Ретті, нақтысыз.

г) Жаңа ортада ыңғайсызданасыз.

3. а) Шыдамсыз.

б) Бастаған беті аяқсыз қалдырасыз.

в) Сақ, парасаттысыз.

г) Жаңа адамдармен тіл табысу сізді қиналдырады.

4. а) Қарым-қатынаста бірбеткей, тік мінездісіз.

б) Өзіңізді асыра бағалайсыз.

в) Шыдамсыз.

г) Өз кушіңе сенбейсіз.

5. а) Батыл, белсендісіз.

б) Жаңашыл нәрсені тез қабылдайсыз.

в) Үндемейтін, көп сөйлегенді жек көресіз.

г) Жалғыздықты ұнатасыз.

6. а) Бірбеткейсіз.

б) Ықылас бейімділігіңіз тұрақсыз.

в) Аспай-саспай бір қалыпты сөйлейсіз.

г) Сәтсіз жағдайларда үнжырғаңыз түсіп, сасасыз.

7. а) Дау-дамайда тапқырсыз.

б) Сәтсіздік, көңілсіздікті тез жеңесіз.

в) Ұстамды, шыдамды.

г) Өз ойыңызбен отырғанды қалайсыз.

8. а) Тәуекелге бейімсіз.

б) Әр түрлі жағдайларға тез бейімделесіз.

в) Бастаған істі аяғына дейін бітіресіз.

г) Тез шаршап қаласыз.

9. а) Іске анда-санда ғана араласасыз.

б) Кез-келген жаңа іске қызығушылықпен кірісесіз.

в) Күшіңізді бекерге жұмсамайсыз.

г) Тым әлсіз сөйлейсіз, кейде тіпті естімей қалады.

10. а) Қайтымы жылдам, секемшілсіз.

б) Тартымсыз болса, көңіліңіз тез қалады.

в) Қойылған күн тәртібін ұстанасыз.

г) Еріксіз әңгімелесушінің мінез-құлқымен үйренесіз.

11. а) Шапшаң, әсерлі, бірақ жиі тоқтап сөйлейсіз.

б) Жаңа іске тез кірісесіз, басқа іске де араласып кетесіз.

в) Шапшаңдығыңызды басып отырасыз.

г) Істе шапшаңцық танытпайсыз.

Темпераментті анықтау тесттің кілті.

Әр нұсқаға «1» ұпай беріледі.

А) холерик — (ыстыққанды)

Б) сангвиник — (жеңілқанды)

В) флегматик — (суыққанды)

Г) меланхолик — (ауырқанды)

Қай нұсқаның балы көп болса, сол темперамент иесінің көрсеткіші.

Темперамент — жүйке саласының тума қасиеттерін туындайтын адамның жеке-дара өзгешелігі. Мәселен, қимыл-қозғалысы шапшаң, ұстамсыз, ылғи да күйіп пісуге дайын тұратын күйгелек адамдар болады. Мұндайлар істі бұрқыратып істейді, кейде қолын бір сілтеп сылқ түседі. Еті тірі, ойнақы, тынышсыз, шамданғыш, көңіл-күйі аумалы-төкпелі, жұртпен қарым-қатынаста тұрақсыз, пысық, бірақ бейқам келеді. Ғылымда бұлар холерик деп аталады.

Адамдардың енді бір тобы кісімен тез тіл табысады, өзін көңілді ұстайды, бұл ақкөңіл қызу істің адамдары. Қысылып-қымтырылмайды, кісіге қайырымды, еті тірі, бірақ істі бастап, кейін тастап кетеді. Мұндай адамдарды сангвиник темпераментінің өкілі дейді.

Енді біреулер сақ, байыпты, байсалды, ынтымақшыл келеді. Әр ісін ойлап істейді, тұрақты, бірқалыпты жүреді, орынсыз асып-саспайды. Бір істі бастаса, оны аяқсыз қалдырмайды. Мінезі ауыр, көрсеқызар емес, қимыл-қозғалыстары баяу. Бұл флегматик темпераментінің өкілі.

Меланхолик темпераиментіне жататындар сәл нәрсеге ренжитін, өкпелегіш, тұйық, көп сөзі жоқ, пессимист,өте баяу қозғалатын жайбасар адам. Ол жасқаншақ, сіркесі су көтермейді, өте ынжық кісі «мен» деп ешқашан ұмтылмайды, өте ұялшақ, тартыншақ, жұрттан аулақ жүргенді жаны сүйеді.



Американдық мамандар Ф.Татл және Л. Беккердің балалардың бейімділігінің мүмкіншілігін және дарындылығын анықтау тест-сауалнамасы


Әрбір сұраққа "иә" немесе "жоқ" деп жауап беру қажет.

Менің балам қозғалғыш, тынымсыз, ынталы.

Оның қызығатын және айналысатын ісі тұрақты.

Оның қызығушылығы байсалды.

Құрдастарымен салыстырғанда оның қызығушылығы артықтау: өнерде, әдебиетте, спортта, табиғатта, құрастыруда, техникада (астын сызу керек).

2-ден артық емес жақын досы бар, тіпті өзінен үлкен.

Оны жұмбақты, құпиялы және тіпті түсініксіз жайттар қызықтырады.

Көп сұрағанды қалайды, сұрақ жауабына жетуге тырысады.

Тілі жақсы дамыған. Сөздік қоры көп, оны жақсы пайдалана алады.

Әр түрлі ситуацияларда өзіндік шешім қабылдауға тырысады.

Өзінің сұрақтарына дұрыс жауап алмайынша тынышталмайды.

Еш жағдайға және уәдеге қарамастан осы және басқа да іс-әрекетке өзіндік көзқарасын ұстауға тырысады.

Міндетті түрде барлық жаңалыққа ұмтылады.

Бастаған ісін соңына дейін аяқтайды.

Басқалармен қарым-қатынаста өзінің жеке ойын іркіп қалады. Көпшіліктің пікірін қабылдағысы келмейді.

Қиын жағдайларда өзіне көшбасшы рөлін алады.

Қандай да бір іс-әрекетке немесе затқа (кітап пен ойыншық) бейімділігі байқалады.

Мақсатқа жету барысында бірбеткей, айтқанынан қайтпайтын, шешім қабылдағыш.

Үлкендердің көмегі қажеттілігін ашық айтады.

Өзіне достарды оңай таба алады..

Өзін қызықтыратын орта туралы көптеген сұрақтар қояды.

Сырт көзге қарағанда өзінің жасынан үлкенірек көрінеді.

Өзімшілдік мінез бітісін жиі көрсетеді және еш сылтаусыз да.

Өз бағасын біледі (жас ерекшелігіне сәйкес)

Бастаған ісінен тез және үнемі ауытқиды және тастап кетеді.

Гуманитарлық және техникалық сұрақтар жайында қызығушылығы бірдей.


Қорытынды: егер сіз 1,6,18,24 сұрақтарға «иә» деп жауап берсеңіз, сіздің балаңыз негізінде қабілетті. Тек жағымсыз сұрақтардың жауаптары жағдайында: 2,3,7,10,11,13,16,17,19,20,22. Егер барлық сұраққа «иә» деп жауап берсе, онда оқушы шынымен де "дарынды" деп аптуға негіз бар. Егер қалған сұрақтардың - 4,5,8,9,1 - 4,15,21,23,25 жауаптары дұрыс болса, бұл баланың дарындылығын, тіпті талантты екендігін айқындайды.

Қорытынды диагноз қою үшін мүмкіндігінше арнайы маманның көмегімен қайтадан тексеру қажет.




Педагогикалық қабілетті зерттеу


Нұсқау: Сіздің алдыңызда күрделенген педагогикалық жағдайлар қатары берілген. Әр берілген жағдайды оқи отырып, өз педагогикалық пайымдауыңыз бойынша көрсетілген нұсқаудың біреуін таңдайсыз. Егер берілген нұсқаулардың ешқайсысына көңіліңіз толмаса, онда жетінші нұсқаға өзіңіз дұрыс деген ойыңызды жазыңыз.

1) Сіз сыныпты тыныштандырып, сабақты бастап кеттіңіз. Бір уақытта оқушының қатты күлкісі естілді. Сіз тосыннан ештеңе айтып үлгермей, оған таңдана қарап едіңіз, ол сізге тіке қарап: "Сіз сабақ түсіндірген кезде менің сізге қарап күлкім келеді."

Сіз қандай шешім қа6ылдайсыз?Төмендегі жауаптардың ішінен сіздің шешіміңізге сәйкес келетін жауапты белгілеңіз.

1. "Қарай гөр, өзін!"

2. "Саған не күлкілі?"

3. "Еркің білсік"

4. "Есің дұрыс па?"

5. "Көңілді адамдарды ұнатамын!"

6. "Сенің көңіл-күйіңді көтергеніме қуаныштымын."

7._______________________________

2) Сіз сабақ берген бірінші күніңізде немесе бірнеше күннен соң, оқушы сізге: "Менің ойымша, сіз мұғалім ретінде бізге ештеңе үйрете алмайсыз."

Сіз не деп жауап бересіз?

1. "Сенің ісің мұғалімге үйрету емес, өзің оқуың керек".

2. "Әрине, мен сендейлерге ештеңе үйрете алмаймын".

3. "Саған басқа сыныпқа ауысып, басқа мұғалімнен оқуың керек шығар".

4. "Шындығына келгенде, сенің оқығың келмейді".

5. "Неге олай ойлайтыныңды білгім келеді".

6. "Бұл туралы нақтырақ сөйлессек қайтеді? Мүмкін мен бір нәрсені дұрыс істемегендіктен сенде осындай ой туып отырған шығар?"

7.______________________________________

3) Мұғалім оқушыларға тапсырма берді. Оқушы берілген тапсырманы орындағысы келмей:

- Орындағым келмейді, -деді.

Мұзалім әрекеті?

1. "Орындағың келмесе орындатамын!"

2. "Онда сен неге мектепке келдің?"

3. "Дым білмей қалғаның өзіңе жаман. Сен оқымай өзіңе жамандық жасап тұрсың."

4. "Мұның немен аяқталатынына сен есеп бересің бе?"

5. "Не себепті екенін сен маған түсіндіре аласың ба?"

6. "Мүмкін сенікі дұрыс шығар. Бұл туралы отырып сөйлесейікші."

7.___________________________________

4) Оқушы оқу үлгеріміне, қабілетіне көңілі толмай және жаңа тақырыпқа дұрыстап түсіне алмай, мұғалімге: "Мұғалім, мен келешекте жақсы оқып, сыныптағы басқа балалардан озады деп ойлайсыз ба?"

Мұәалім не деп жауап беруі керек?

1. "Шынымды айтсам, күмәнім бар".

2. "Әрине, сен бұған күмәнданбай-ақ қой".

3. "Қабілетің жақсы, мен сенен үлкен үміт күтемін".

4. "Неге сен өз-өзіңе сенбейсің?"

5. "Сөйлесіп, қиындықтың неде екенін анықтап алайық".

6. "Бәрі екеуміздің бірігіп жұмыс істейтіндігімізге байланысты".

7.________________________________________

5) Оқушы: "Қазір сіз беретін сабаққа қатысқым келмейді, оның орнына мен достарыммен қыдырсам деймін,"- деді.

Қалай жауап беру керек?

1. "Осыдан, солай істеп көр".

2. "Келесіде мектепке ата-анаңды ертіп келуіңе тура келеді".

3. "Өзің біл емтихан тапсыратын өзің ғой. Сабақты босатқан күндеріңе бәрібір жауап беруге тура келеді".

4. "Сен сабаққа ешқандай көңіл бөлмейтін сияқтысың?"

5. "Мүмкін саған мектепті тастау керек шығар?"

6. "Одан әрі сен не істеймін деп ойайсың?"

7. "Сенің сабақ оқығаннан гөрі, достарыңмен қыдырғаның неге қызықты екенін білу маған қызықты".

8. "Мен сені түсінемін. Сабақ оқығаннан гөрі демалған, қыдырған, концертке бару қызықты. Бірақ та неге бұлай ойлайтыныңды білгім келеді?"

9.____________________________________

6) Есіктен кіріп келе жатқан мұғалімді көріп, оқушы: "Сіз бүгін өте шаршаған кейіптесіз," - деді.

Бұған мұғалім қалай жауап беру керек?

1. "Сенің тарапыңнан маған мұндай ескерту жасау дұрыс емес".

2. "Ия, мен өзімді нашар сезініп тұрмын".

3. "Өзіңді жөндеп әл!"

4. "Бүгін нашар ұйықтадым және жұмыстарым да көп болды".

5. "Уайымдама, менің шаршағаным біздің сабағымызға зиянын келтірмейді".

6. "Қамқорлығыңа рахмет, сен өте байқағышсың".

7.___________________________________

7) Оқушы: "Менің ойымша сіздің сабағыңыздың маған ешқандай көмегі жоқ. "Мен сабақты тастасам ба?"

Бұған мұеалімнің жауабы:

1. "Ондай ақымақтықты таста".

2. "Ойлап тапқанын қарашы!"

3. "Мүмкін, саған басқа мұғалім табу керек шығар?"

4. "Сенің неге олай істейтініңді анығырақ білсем деймін".

5. "Мүмкін, біз сенің жағдайыңды бірлесе отырып шешетін басқа жолдарды қарастырармыз?"

6. "Мүмкін сенің жағдайыңды басқаша шешерміз?"

7._____________________________________

8) Оқушы өзіне деген сенімділігін, білдіру үшін мұғалімге: "Егер істеймін десем, кез-келген жұмысты атқара аламын. Керек десеңіз, сіздің беретін пәніңізді меңгеру, маған еш қиындық тудырмайды"

Мұғалімнің жауәбы:

1. "Сен өзіңді тым жоғары бағалайсың".

2. "Қайдам? Сенің мына қабілетіңмен бе?"

3. "Сен бұлай деуіңе қарағанда, өз-өзіңе сенімді сияқтысың?"

4. "Егер істеймін десең, қолыңнан бәрі келетініне күмәнім жоқ".

5. "Ол үшін сенің көп еңбектенуің керек шығар".

6. "Шектен тыс сенімділік жұмысқа кері әсерін тигізеді".

9) Мұғалімнің берген ескертуіне, оқушы: "Мені өте қабілеті адам санайды" – деп, пәнді еш қиындықсыз меңгеретіндігін айтты.

"Сен бұл айтылған ойға сәйкес клмейсің".

"Сенің сабақтағы қиналғаныңа қарағанда, бұған білімің жетіңкітемейді".

"Көп адамдар өздерін солай санайды, бірақ іс жүзінде көпшілігі олай болып шықпайды".

"Өзің туралы мұндай жоғары ойда болғаныңа қуаныштымын".

"Міне, енді өзіңнің оқуыңа одан да көп күш салуың керек".

"Сен өзіңнің қабілетіңді, шамаңды білмей тұрған сияқтысың".

______________________________________

10) Оқушы мұғалімге: "Мен тағы да дәптерімді ұмытып кетіппін", - деді.

Не деп жауап беру керек?

"Тағы да ма?"

"Бұл жауапсыздық қой!"

"Бұл іске енді басқаша қарау керек сияқты".

"Неге екенін білуге бола ма?"

"Сенде ең құрымаса дәптерді ұмытпайтындай мүмкіндік болмады ма?"

"Мен бұл туралы ылғи неге ескертеді деп ойлайсың?"

______________________________________

11) Оқушы мұғалімнен әңгімелесіп тұрып: "Сіз меғен басқа оқушыларға қарағанда, жақсырақ көңіл бөлгеніңізді қараймын", - деді.

Оқушының бұл ұсынысына мұғалім не деу керек?

"Неге мен саған басқалардан гөрі ерекше қарауым керек?"

"Кімге қалай қарау керек екенін өзім білемін".

"Сен сияқты өтініш жасайтын адамдар маған ұнамайды".

"Неге мен сені басқа оқушылардан бөле – жара қарау керектігімді білгім келеді?

"егер мен сені басқалардан ерекше жақсы көремін десем, өзіңді жақсы сезінер ме едің?"

"Қалай ойлайсың, шындығында мен саған қандай көзқарастамын?"

____________________________________

12) Оқушы мұғалімге осы пәнге дұрыстап түсіне алмайтындығын айтып: "Мені не алаңдатынын айттым. Мұның себебін және одан әрі не істеу керектігімді айтыңыз".

Мұғалім не деуі керек?

"Меніңше сенің өзіңе көңілің толмайтын сияқты".

"Бұған алаңдайтын еш нәрсе жоқ".

"Мен бұл туралы өз ойымды айтпас бұрын, жағдайды тереңірек біліп алуым керк".

"Шамалы күте тұрайық, біраз жұмыс істеп алып барып, бұл жағдайға қайтып оралайық. Біз шешімін табатын сияқтымыз".

"Мен саған тура қазір жауап бере алмаймын. Сәл ойлануым керек".

"Алаңдама, менің де сендей кезімде дәл осындай қиындық болған".

______________________________________

13) Оқушы мұғалімге: "Маған сіздің сөйлегеніңіз, сабақ түсіндіргеніңіз ұнамайды".

Мұғалімнің жауабы қандай болуы керек?

"Бұл жақсы емес".

"Сен бұл туралы ештеңе түсінбейтін сияқтысың".

"Бұдан арғы сабақтарда сенің көзқарасың өзгереді деген ойдамын".

"Неге?"

"Сабақты қалай түсіндіргенімді қалайсың?"

"Әр адамның қабылдауы әр түрлі".

"Мен не үшін, кім үшін сабақ түсіндіреді деп ойлайсың?"

_____________________________________

14) Оқушы сыныптасымен қарым-қатынасының нашар екенін көрсете отырып: "Мен онымен бірге оқығым келмейді".

Мұәалім не деуі керек?

1. "Ия, тағы не айтасың?"

2. "Қаламасаң да, бірге оқуға тура келеді".

3. "Бұл сенің тарапыңнан дұрыс емес".

4. "Осы сөзді естігеннен кейін оның да сенімен оқығысы келмейді".

5. "Неге?"

6. "МенІң ойымша сенікі дұрыс емес".

7. _____________________________________

Нәтижені бағалау. Берілген жауапты қорыта отырып, сапалы түрде бағалаған дұрыс. Егер зерттелушінің жауабын сандық түрде, әрі жауаптың ұпайын шығару керек болса, 1 -кестеде берілген кілтке салынып есептелінеді. Зерттелуші өз ойын жазған нұсқа бөлек бағаланып, бағасы жалпы ұпайға қосылады.


1 - кесте

Педагогикалық жағдайлардың

реттік саны

Таңдап алынған нұсқа және оның ұпайлық бағасы

1

2

3

4

5

6

7

8

1

4

3

4

2

5

5

-

-

2

2

2

3

3

5

5

-

-

3

2

3

4

4

5

5

-

-

4

2

3

3

4

5

5

-

-

5

2

2

3

3

2

4

5

5

6

2

3

2

4

5

5

-

-

7

2

2

3

4

5

5

-

-

8

2

2

4

5

4

3

-

-

9

2

4

3

4

5

4

-

-

10

2

3

4

4

5

5

-

-

11

2

2

3

4

5

5

-

-

12

2

3

4

5

4

5

-

-

13

3

2

4

4

5

4

5

-

14

2

2

3

4

4

5

-

-

Егер зерттелуші 4,5 ұпай жинаса, оның педагогикалық қабілеті жоғары деңгейде деп есептелінеді.

Орташа ұпай 3,5-4,4 ұпай аралығында болса, педагогикапық қабілеті орта деңгейде дамыған болып саналады.

3,4 ұпай жинаса, педагогикалық қабілет төмен деңгейде деген сөз.


Темперамент типін зерттеу.


Төмендегі 10-кесте темперамент типін сипаттайтын 15 белгі көрсетілген. Әрбір жолдағы аса сәйкес келетін, айқын танылатын белгіге – 2 балл, бәсеңдеу көрініс беретін белгіге – 1 балл, қалған 2 белгіге – 0 балл қоя отырып, таңдау керек. Одан кейін 4 бағандағы баллдардың жеке – жеке қосындысы есептеледі. Баған бойынша ең артық баллдардың қосындысына сәйкес келетін темперамент типі жетекші тип болып табылады.



Холерик

Сангвиник

Флегматик

Меланхолик

1

Бір қалыпты емес мінез-құлық

Мінез–құлқы бірқалыпты етіп жақсы ұстау

Мінез-құлықты бірқалыпты етіп өте жақсы ұстау

Аса орынсыз мінез-құлық

2

Күшті, қысқа мерзімді эмоциональдік күйзеліс

Үстірт, қымсқа мерзімді эмоциональдік күйзеліс

Әлсіз эмоциональдік күйзеліс

Терең, ұзақ мерзімді эмоциональдік күйзеліс

3

Сергектігі басым, құбылмалы көңіл-күй

Жайдары, тұрақты көңіл-күй

Қуаныш пен уайым аса көп аңғарылмайтын тұрақты көңіл-күй

Пессимизімі басым құбылмалы көңіл-күй

4

Қатты дауыстап, тіке, туралап айтып, бірқалыпты емес сөйлеу

Қатты-дауыстап, жандандырып, әрлеп, мәнерлеп сөйлеу

Баппен, жайлап, монотонды сөйлеу

Дауысын бәсең ғана шығарып, күбірлей сөйлеу

5

Көбінеде шыдамсыздық таныту

Шыдамдылықтың қалыпты болуы

Аса күшті шыдамдылық таныту

Тым шыдамсыздық таныту

6

Жақсы бейімделе алу

Өте жақсы бейімделе алу

Біртіндеп, жайымен бейімделу

Қиындықпен қинала бейімделу

7

Қарым-қатынаста аса үйірсектік, ашықтық таныту

Қарым-қатынаста қалыпты түрде үйірсек, ашық болу

Қарым-қатынаста үйірсектіктің, ашықтықтың жоғары емес деңгейімен көріну

Қарым-қатынаста төмен үйірсектік, ашықтық таныту, тұйық болу

8

Мінез-құлығы агрессивті

Бейбіт мінез-құлық

Ұстамды мінез-құлық

Мінез-құлықтағы истерия, қандай да күрделі жағдайда қашқалақтық таныту

9

Өзіне айтылған сынға ашу шақырып, төзе алмау

Өзіне айтылған сынға байсалдылықпен қарау

Өзіне айтылған сынға енжар көзқарас таныту

Өзіне айтылған сынға өкпелеп қалу

10

Жаңалықты оңымен қабылдау

Мінез-құлық пен іс-әрекеттегі қуаттылық (іскерлік не көпірмелік)

Тынымсыз еңбекқорлықпен сипатталатын мінез-құлық

Құбылмалы, реактивті мінез-құлық (басқалардың белсенділігіне қайтарма жауап тәрізді)

11

Мінез-құлық пен іс-әрекеттен қызығушылық пен құштарлықтың көрінуі

Жаналықты енжар қабылдау

Жаңалықты құптамай, оны теріс қабылдау

Жаңалыққа оптимистік қатынас писсимистікке ауысып, одан керісінше болып тұрады

12

Қауіпті жағдайда аса сақтық таныта қоймайды, тәуекелшілдік көрсету

Қауіпті жағдайды әбден байыптап, әр нәрсені ескеріп тәуекелге албаты келе қоймау

Қауіпті жағдайда селт етпей, салқынқандылық таныту

Қауіпті жағдайда мазасыз, дәрменсіз, еңсесі түскен күй кешу

13

Мақсатқа жетуге деген ұмтылыс барынша күшті

Кедергілерді айнала өтіп, тез арада жетістікке жетуге тырысады

Мақсатқа ақырындап, табандылықпен жету

Кедергілерді айнала өтіп, мақсатқа жетуге ұмтылыс бірде күшті, бірде әлсіз

14

Өз қабілетін тым асыра бағалайды

Өз қабілетін кейде дұрыс бағалай алу

өз қабілетін әлде қайда реальді бағалау

Өз қабілетін көбінде төмен бағалау

15

Илану мен күмәннің қалыпты деңгейі

Иланып қалу мен күмәндану бола бермейді

Илану мен күмәндану қасиеттері әлсіз ғана дамыған

Илану, сенімділік таныту мен күмәндану жоғары


Э. Кречмер бойынша темперамент типін анықтау.

Э. Кречмердің айтуы бойынша адамның дене бітіміндегі типтер төмендегі 11-кестеде адамның дене бітімі бойынша типтерді сипаттайтын белгілер көрсетілген. Әрбір жолдағы аса сәйкес келетін, айқын танылатын белгіге – 2 балл, бәсеңдеу көрініс беретін белгіге – 1 балл, қалған 2 белгіге – 0 балл қоя отырып, таңдау керек. Одан кейін 3 бағандағы баллдардың жеке-жеке қосындысы есептеледі. Баған бойынша ең артық баллдардың қосындысына сәйкес келетін дене бітімі бойынша тип жетекші тип болып табылады.


Астеник

Атлетик

Пикник

Арық, жіңішке

Арық етжеңді емес

Етжеңді, толықтыққа бейім

Жауырын бітісі жіңішке, иығы қушық

Бірден көзге түсетін кең иықты, жауырынды

Жауырын, иық бітістері қалыпты ғана

Кеуде клеткасы ұзынша, жіңішке, тегіс

Кеудесі биік, көтеріңкі

Кеуде клеткасы төмен қарай кеңейе біткен

Қарны «қабысып» жатыр

Қарынның бұлшық еттері серіппелі, шымыр

Қарны шығынқы, бірден байқалады

Белі мен иық өлшемдері көп алшақ емес

Кеудесі белінің өлшемінен артық

Белінің өлшемі кеудесінен әлдеқайда артық

Скелеті, бұлшық еттері әлсіз жетілген

Скелеті, бұлшық еттері күшті жетілген

Скелеті жақсы, бұлшық еттері нашар жетілген


«Ата-ана – Ересек адам – Бала»

(«Родитель – Взрослый - Дитя» - РВД) тесті


Нусқау: Төмендегі 13-кестеде келтірілген тұжырымдарды 0 ұпайдан 10 ұпайға дейін өзіңізге қатысты бағалаңыз.


Тұжырымдар

Ұпай

1

Кейде маған ұстамдылық жетіспейді


2

Егер менің тілектерім кедергі тудырса, оларды Мен баса аламын


3

Ата-аналар ересек адам ретінде өз балаларының отбасын құруына жан-жақты көмек берулері керек


4

Мен қандай да бір оқиғалардағы өзімнің рөлімді арттырып жіберемін


5

Мені алдап кету мүмкін емес


6

Маған тәрбиеші болу ұнайды


7

Кейде кішкене бала сияқты қылықтар жасағым келетін кездер болады


8

Болып жатқан оқиғаларды Мен дұрыс түсінетін сияқтымын


9

Әркім өз парызын өтеу керек


10

Мен керек деп емес, өз қалауым бойынша ғана әрекет жасауым сирек болмайды


11

Мен шешім қабылдарда оның ақыры неге әкелетінін аңғаруға тырысамын


12

Жас ұрпақ үлкендерден қалай өмір сүру керектігін үйренулері керек


13

Мен көп адамдар сияқты өкпелеп қаламын


14

Мен адамдарды өз айтқандарымнан да артық тани аламын


15

Балалар үнемі ата-ана айтқанымен жүрулері керек


16

Мен не нәрсеге қызығатын адаммын


17

Менің алдымда бағалайтын басты критерийім – объективтілік


18

Менің көзқарастарым ешқашан өзгермейді


19

Кейде Мен дауда жеңіліп қалмас үшін ғана дес бермей кететінім бар


20

Ережелер пайдалы болғанға дейін ғана қажет


21

Адамдар қандай жағдай болса да ережелерді ұстаулары керек



Р – 3,6,9,12,15,18,21 («Ата-ана»);

В – 2,5,8,11,14,17,20 («Ересек адам»);

Д – 1,4,7,10,13,16,19 («Бала»)

Жолдары бойынша ұпайлардың қосындысын есептеу керек.

Осы шыққан 3 қосындылардың ең артығы бойынша «Мен» жасаушыларының доминантасы белгілі болады.


Сіз өзгені тыңдай аласыз ба?


Сіз біреуді тыңдап отырғандай болып түр танытып өзге нәрсені ойлайтын кездеріңіз жиі бола ма?

1 2 3 4 5 6 7 8 9

Егер сізге серіктесіңіз қызықсыз болса, сізге әңгіме тақырыбын өзге бағытқа буру жиі бола ма?

1 2 3 4 5 6 7 8 9


Серіктесіңіздің сөйлеу мәнері, тәртібі, сізді қаншалықты жиі ашуландырады?

1 2 3 4 5 6 7 8 9

Қарым-қытынас процесінде қақтығыстық жағдайлар сізде жиі пайда бола ма?

1 2 3 4 5 6 7 8 9

Талданылатын сұрақ бойынша сіздің өзге адамды бөліп, өз пікіріңізді айтуыңыз жиі бола ма?

1 2 3 4 5 6 7 8 9

Егер сіздің серіктесіңіз терминдерді дұрыс қолданбаса немесе екпінді дұрыс қоймаса, сіз оны қаншалықты жиі түзетесіз?

1 2 3 4 5 6 7 8 9

Әңгіме барысында қарым-қатынаста дауысыңызды көтеруге не дөрекілік пен жауап беруге мәжбүр ететін жағдайлар жиі бола ма?

1 2 3 4 5 6 7 8 9

Сіз әңгіме барысында серіктесіңізді қаншалықты жиі бөлесіз және сізде әдетке айналып кеткен жоқ па?

1 2 3 4 5 6 7 8 9

Сеіктесіңізбен оқытушылық тонымен сөйлесуіңіз қаншалықты жиі болады?

1 2 3 4 5 6 7 8 9

Егер әңгіме тақырыбы сізге жағымсыз әсер етсе, сіздің бұл тақырыптан бас тартуыңыз жиі бола ма?

1 2 3 4 5 6 7 8 9


1 – ұпай. Ең төменгі деңгейге сай келетін сапа көрсеткіші.

9 – ұпай. Жоғарғы деңгейге сәйкес келетін сапа көрсеткіші.

5 – ұпай. Орташа деңгейдегі сапа көрсеткішіне сәйкес келеді.

Ұпай аралығы

Көрсеткіші

79-90

өте төмен

71-78

төмен

63-70

орташадан төмен

55-62

орташадан сәл төиен

47-54

орташа

39-46

орташадан сәл жоғары

31-38

орташадан жоғары

23-30

жоғары

10-22

өте жоғары



Сіздің адам тани білу мүмкіндігіңіз қандай?


Нұсқау: көп ойланбай ұсынылған нұсқалардан өз көзқарасыңызға лайық біреуін белгілеңіз де, алған ұпайларды есептеп нәтижесін көрсетіңіз.

Сұрақтар:

1. Сіздіңше, әрқашанда ізетті, мәдениетті адамдар, олар...

а) өте сыпайы, сүйкімді жандар;

б) қатал тәрбиеленген адамдар;

в) жылпос, қулар деп есептеймін.

2. Сіз білетін, өзара ешқашан ұрсысып-керіспейтін ерлізайыптылар одағы, сіздіңше олар...

а) өте бақытты жандар;

б) бір-біріне немқұрайлы жандар;

в) бір-біріне сенбейтін жандар деп есептеймін.

3. Сізге біреу бір көргеннен қалжыңждап, қызықты анекдоттар айтты, сіз ойлайсыз...

а) өткір, жұғымды адам

б) өзіне сенімсіздік белгісі, кемшілігін бүркемелегені

в) жағымды көріну, тіл табысу үшін деп есептеймін

4. Сіз біреумен қызықты тақырыпта әңгімелесіп отырсыз, ол қолдарын ербеңдетіп қызу сөйлеп отыр, сіз ойлайсыз...

а) толқып, беріле айтқаннан

б) жалғандық, солай көріну үшін

5. Сіз, таныс біреуді жақынырақ білгіңіз келді, не істейсіз?

а) оныман отырысқа, қонаққа бару не шақыру керек

б) оның іс-әрекетін, жұмысын бақылаймын

6. Ресторанда жаныңыздағы біреу қызыметшіге көп ақша тастады, сіз ойлайсыз...

а) өзін көрсету үшін

б) қызметшіні өзіне бағындыру үшін

в) ақкөңілділіктен деп есептеймін

7. Өздігінен ешқашан әңгіме бастамайтын тұйық адам туралы сіз не ойлайсыз?

а) күмәнді адам несесе сөйлегісі келмей отыр

б) өте ұяң, қысылады

в) өзіне сенімсіз, қысылып отыр деп

8. Сіздіңше, тар маңдайлы болу бұл...

а) ақылы аз, білместіктің белгісі

б) бірбеткей адамдардың белгісі

в) оған байланысты еш нәрсе жоқ деп есептеймін

9. Сөйлескенде көзге тура қарамайтын адамдар, олар...

а) жасық, өзіне сенімсіз адамдар

б) тайғақтық (сенімсіздік ұялатады) белгісі

в) ұяң, бейтарап (бөтен ойы жоқ) адам деп есептеймін

10. Бай, дәулетті болса да үнемі арзан зат алады, сіз ойлайсыз...

а) ынсапты, қанағатшыл

б) өте қарапайым

в) сараң, өзіне қимайды екен деп ойлаймын

Кілті

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

А

2

2

1

4

1

4

2

1

1

4

Б

4

1

2

1

2

2

4

2

4

2

В

1

4

4



1

1

4

2

1


35 ұпай

Сіз адам танисыз, бір көргеннен-ақ кімнің кім екенін бірден білесіз және ешқашан қателеспейді де екенсіз. Сізді ешкім ешқашан алдап, арбап, пайдаланып кете алмайды.

26-34 ұпай

Сіз не нәрсені әрқашан дұрыс шамалайсыз, сізден жақсы психолог шығар еді, бірақ кейде қателесіп жатсаңыз оны тез сойындағаныңыз жөн. Қателеспейтін адам болмайды ғой.

16-24 ұпай

Сіз әр нәрсеге жеңіл қарап, тез ойланбай қорыта саласыз, өзіңдік ойыңыз да жоқ. Көбінесе біреудің айтқанына ілесе кетеді екенсіз. Сабыр сақтап, байқап көріңіз!

Мүмкін ол сізге ең жақсы, жақын дос-жаран адам болып шығуы да ғажап емес қой.



Тұлға құрылымындағы ерекшеліктер бойыиша типтер

(Мыслитель-Собеседник-Практик -МСП әдістемесі)

Төмендегі 12-кестеде тұлға мінез-құлқы, қылықтары бойынша типтерді сипаттайтын белгілер көрсетілген. Әрбір жолдағы аса сәйкес келетін, айқын танылатын белгіге - 2 балл, бәсеңдеу көрініс беретін белгіге - 1 балл, қалған 2 белгіге - 0 балл қоя отырып, тандау керек. Одан кейін 3 бағандағы баллдардың жеке-жеке қосындысы есептеледі. Баған бойынша ең артық баллдардың қосындысына сәйкес келетін тұлға мінез-құлқы, қылықтары бойынша тип жетекші тип болып табылады.


12-кетсе

Тұлғаның танымдық сферасы

Тнымд ық сфера

Когнитивті тип (Ақылды-Мыслитель)

Эмоциональды-коммуникативті тип (Үйірсек-Собеседник)

Іскер тип (Пысық-Практик)

Ақпарат көзі (сенсорика)

Ішкі жан-дүниесінің өзгешелңігінен сыртқы ортаны таниды

Басқалармен қарым-қатынас арқылы сыртқы ортаны таниды

Нақты әрекет пен нәтижелер арқылы сыртқы ортаны таниды

Пайда болған мәселелерді, міндеттерді шешу типі

Қажетті мәліметтерді жазылған еңбектерден іздестіреді

Қажетті мәліметтерді басқалармен қарым-қатынастан алады

Ақылдылар мен үйірсектерді ұйымдастыру (пайдалану) арқылы мәселені шешуге бейім

Ойлау ерекшеліктері

Терең логика және дәлелділік

Логиканың болмауы, балалардың пікірін алға тарта білу

Басқалардың пікіріне бағытталған (сүйенген) қатаң логика

Шешім қабылдау

Ойға алғандарынан, пайда болған идеядан тайдырудың, иландырудың қиындығы

Той үшін өзінің ойларынан тез қайта салады

Дұрыс емес болса да, қабылданған шешімді мықты ұстанады

Тұлғаның эмоциональды-қажеттілік сферасы

Субъективті күйлері мен оның көріністері

Когнитивті тип (Ақылды-Мыслитель)

Эмоциональды-коммуникативті тип (Үйірсек-Собеседник)

Іскер тип (Пысық-Практик)

Эмоциональды

қажеттілік

Қиын сәттерде жалғыз болуды қалау

Қиын сәттерде көпшілікпен бірге болуды қажетсіну

Қиын сәттерде әрекетпен айналысуды қажетсіну

Тұлғаның эмоциональды-қажеттілік сферасы

Эмойиональды күйзелістер кезінде

Эмоциялық реакциялардың тұтқиылдығы мен оның күшін, формаларын басқалардың болжай алмайтындығы

Эмоцияның бір қалыптылығы мен оның күшін, формаларын басқарудың болжай алатындығы

Орта дәрежеде эмоцияның бір қалыптылығы мен оның күшін, формаларын басқалардың болжай алатындығы

Күйзелістердің көрінісі

Сезімді жасыра алу

Эмоциональдық ашықтық пен мәнерлік

Эмоциональды шыдамсыздық

Тұлғаның мінез-құлқы

Сыртқы көрініс

Когнитивті тип (Ақылды-Мыслитель)

Эмоциональды-коммуникативті тип

(Үйірсек-Собеседник)

Іскер тип (Пысық-Практик)

Жүріс-тұрыс

Қимыл-қозғалыстың ауырлығы, икемсіздігі, жүріс тұрыстағы сылбырлық

Жүріс тұрыстың жеңілдігі, сергектігі

Жүріс тұрыстан қуаттылықтың, сенімділіктің байқалуы

Поза

Позадағы епсіздік

Позаның еркіндігі

Кеудені әркезде тік ұстай алу

Жестикуляция

Жестің болмауы, не ұстамдылық таныту

Жестің көптігі мен әр түрлілігі

Батыл манералар

Мимика

Мимиканың аздығы мен кедейлігі, оның күшті өзіндік бақыланып, тежелуі

Көбінде ішкі күйзелістерге сәйкес келуі

Мәнерлі, артистік

Сөйлеу

Сонша мәнерлі етуге тырыспай, баяу, ақырын сөйлеу, ашудан аулақ болуға тырысу

Қарым-қатынастағы жеңіл, жағымды манера

Дауыстың қатты шығуы, нақтылап, анықтап сөйлеу


Тұлға бағыттылығы


Сауалнама 27 пункттен тұрады. Әрбір пункттің А, В, С әріптерімен белгіленген жауаптары бар. Бұл жауаптардың арасынан зерттелуші өз көзқарасына әлдеқайда жақын келетін бірін таңдайды. Жауапқа сәйкес әріп жауап-бланкідегі "бәрінен-де Менің ойыма жақын келеді" бағанындағы нөмірдің тұсына жазылады. Одан кейін А, В, С жауаптарының арасынан әлдеқайда құндылығы аз немесе бәрінен де азырақ сәйкес келетін жауап таңдалады. Жауапқа сәйкес әріп жауап-бланкідегі "Менің ойыммен сәйкестігі тым аз" бағанындағы нөмірдің тұсына жазылады. Сонда бір пунктгегі әрбір 3 жауаптың екеуі ғана таңдалады.

Сауалнама

Бәрінен де

А. менің іс-әрекетімді қоштағанда

В. іс-әрекетті жақсы орындағанымды өзім сезгенде

С. менің достарымның қасымнан табылатынын білгеннен рахаттанып, қанағаттанамын.

Егер мен футбол (волейбол, баскетбол) ойнасам

А. ойын тактикасын жасайтын тренер

В. атақты ойыншы

С. команда капитаны болғанды қалар едім.

Ең жақсы педагог, ол

А. әрбір оқушыға назар аударады және әркімге индивидуальды тұрғыдан жол таба біледі

В. пәнге деген қызығушылықты оқушы өз білімін осы пән бойынша құлшына тереңдететіндей етіп арттырады

С. ұжымда әркім өз пікірін қорықпай айта алатындай жағдай жасайды.

Маған адамдардың

А. атқарылған іс-әрекетке қуанатыны

В. ұжымда құлшына іс-әрекет жасайтыны

С. өз тапсырмаларын орындауға тырысатындары

ұнайды.

Мен достарымның

А. елгезек болғандары мен басқаларға көмек бергендерін

В. маған адал және сенімді

С. ақылды және тартымды қызық болғандарын қалар едім.

Мен

А. кіммен жақсы өзара қатынас болса,

В. кім өмірде көптеген жетістіктерге жете алса,

С. кімге әр уақытта сенуге болса, соларды ең жақсы дос деп санаймын.

Мен бәрінен де

А. егер бір нәрселерге шамам келмесе

В.. егер жолдастармен қарым-қатынас бұзылса

С. егер мені сынаса жаратпаймын.

Меніңше, бәрінен де педагогтің

А. кейбір оқушыларды жаратпайтындығын жасырмай, оларды кекетіп, мазақ кылғанынан

В.. ұжымда бәсекелестік туғызатындығынан

С. өзі беретін пәнді жеткілікті жақсы білмейтінінен жаман жоқ.

Бала кезімде маған бәрінен де

А. достарыммен уақыт өткізген

В. іс тындырғандағы күй

С. қандай да бір нәрселер үшін мені мақтаған ұнайтын.

Мен

А. өмірде жетістікке жеткендерге

В. өз ісіне шынайы берілгендерге

С.кішіпейілділікпен және бауырмалдықпен ерекшеленетіндерге ұқсағым келер еді.

Бәрінен бұрын білім беру жүйесі

А. өмірде кездесетін мәселелерді шешуге үйретуі керек

В. оқушылардың жеке-дара қабілетгерін дамытуы керек

С. адамдармен өзара әрекеттестік жасауға көмектесететін қасиеттерді тәрбиелеуі керек.

Егер менің бос уақытым көп болса, онда мен оны барынша

А. достарыммен қарым-қатынас жасауға

В. дем алу мен көңіл көтеруге

С. өзім ұнататын істер мен өз бетіммен білім алуға жұмсар едім.

Мен әлдеқайда үлкен жетістіктерге жетемін, егер

А. өзіме ұнайтын адамдармен бір жерде еңбек етсем

В. менің іс-әрекетім қызықты болғанда

С. менін еңбегім жақсы марапатталған болса.

Мен

А. басқалар мені бағаласа

В. жақсы орындалған жұмыстан рахат күйге түскенді

С. достарыммен бос уакытты жақсы өткізгенді ұнатамын.

Егер мен туралы газетке жаза қалса,

А. еңбекпен, оқумен, спортпен т.с.с. байланысты өзім қатысқан кандай да бір қызықты іс жайлы баяндағандарын

В. менің іс-әрекетім жайлы жазғандарын

С. міндетті түрде мен іс-әрекет жасайтын ұжым жайлы баяндағандарын қалар едім.

Мен оқуда әлдеқайда үлкен жетістіктерге жетемін, егер оқытушы

А. менімен жеке-дара жұмыс жүргізсе;

В. пәнге деген менің қызығушылығымды тудыра алса;

С. сабақта қарастырылатын мәселелер бойынша топтық талқылау жүргізсе.

Мен үшін

А. ар-ожданыма тиісіп, қорлаудан

В. маңызды істі орындаудағы сәтсіздіктен

С. достардан айырылып қалғаннан артық жаман нәрсе жоқ.

Мен бәрінен де

А. жетістікті

В. ынтымақтастықта атқаратын жақсы жұмысты

С. терең ақыл мен тапқырлықты аса бағалаймын.

Мен

А. өзін басқалардан кем санайтын

В. жиі ұрсысатын және қақтығысатын

С. небір жаңалыққа қарсы шығатын адамдарды жақсы көрмеймін.

20.

А. көпшілікке пайдасы бар іспен айналысқан

В. достардың көп болғаны

С. барлығына ұнаған және таң қалдырған жақсы.

Менің ойымша, жетекші бәрінен бұрын

А. қарапайым

В. авторитетті

С. талап қоя алатын болуы керек.

Мен бос уақытымда

А. достасу және адамдармен жақсы өзара қатынас жасау

В. атақты адамдардың өмірі

С. ғылым мен техниканың соңғы жетістіктері жайлы кітаптарды рахаттана оқыр едім.

Егер менің музыкаға қабілетім бар болса, мен

А. дирижер

В. композитор

С. солист болуды таңдар едім.

Менің

А. қызықты бір конкурс ойлап тапқым келеді

В. бір конкурстан жеңіп шыққым келеді

С. конкурс ұйымдастырғым және оған жетекші болғым келеді.

Мен үшін

А. өзімнің не істегім келетінін

В. мақсатқа қалай жетуге болатынын

С. мақсатқа жету үшін адамдарды қалай ұйымдастыруға болатынын білген маңызды.

Адам

А. басқалар оған риза болатындай жағдайға

В. өз міндеттерін шешуге

С. орындаған ісі үшін ескерту алмайтындай жағдайға ұмтылуы керек.

Мен бос уақытымда әсіресе

А. достарыммен қарым-қатынас жасағанда

В. көңіл-күйді көтеретін фильм көргенде

С. өзім ұнататын іспен айналысқанда дем аламын.


Сауалнаманың жауап-парағы

Жынысы...................

Жасы.......................

Күні.........................




14-кесте

«бәрінен де Менің ойыма жақын келетіні»

«Менің ойыммен сәйкестігі тым аз»


«бәрінен де Менің ойыма жақын келетіні»

«Менің ойыммен сәйкестігі тым аз»

1



15



2



16



3



17



4



18



5



19



6



20



7



21



8



22



9



23



10



24



11



25



12



26



13



27



14



28




"Тұлға багыттылығы « сауалнамасын өңдеу кілті

15-кесте

Тұлғаның жеке басына бағыттылығы - ЖБ

1А, 2В, 3А, 4А, 5В , 6С, 7А, 8С, 9С, 10С, 11В, 12В, 13С, 14С, 15А, 16В, 17А, 18А, 19А, 20С, 21С, 22С, 23В, 24С, 25В, 26В, 27А

Тұлғаның қарым-қатынасқа бағыттылығы - ҚБ

1С, 2С, 3С, 4В, 5А , 6А, 7С, 8В, 9А, 10В, 11С, 12А, 13А, 14А, 15С, 16С, 17С, 18С, 19В, 20В, 21А, 22А, 23С, 24А, 25А, 26А, 27В

Тұлғаның іс-әрекетке бағыттылығы - ІБ

1В, 2А, 3В, 4С, 5С , 6В, 7В, 8А, 9В, 10А, 11А, 12С, 13В, 14В, 15В, 16А, 17В, 18В, 19С, 20А, 21В, 22В, 23А, 24В, 25С, 26С, 27С


Материалды өңдеу былайша жүргізіледі. Егер "бәрінен де Менің ойыма жақын келеді" бағанындағы жауаптар кілтке сәйкес келсе, әрбір сәйкес жауапқа 2 баллдан беріледі. Ал әріптер "Менің ойыммен сәйкестігі тым аз" бағанында болса 0 балл қойылады. Одан кейін сауалнаманың өңдеу кілтіне қатысты ЖБ, ҚБ және ІБ жолдары бойынша 2 деген баллдар саналады: ЖБ=..., ҚБ=... және ІБ=.... Осылайша енді 0 баллдар қойылған жауаптар саналады. Бұдан кейін әрбір бағыттылық бойынша 2 баллдарының саны мен 0 баллдарының саны арасындағы айырма есептеледі. Бұл айырмаға 27 деген сан қосылады. Осы қосынды бағытгылық түрлерінің даму деңгейін көрсетеді. Ескере кететін бір жай бар. Егер 2 деген баллдардың саны 0-баллдар санынан кем болса онда 27 санына айырма қосылмайды, керісінше шегеріледі. Тұлға бағыттылығынын 3 түрі бойынша балдардың қосындысы 81-ге тен болуы керек.

Сандық өңдеуіне мысал келтірелік.

Барлық екіліктер мен 0-дерді санап шықкан соң, М. деген зерттелушінің бағыттылық түрлері бойынша мынадай нәтиже алынған ЖБ бойынша екіліктен 3 және 0-дерден 11; ҚБ - екіліктен 8 және 0-дерден 5; ІБ - екіліктерден 11 және 0-дерден 6. Тұлға бағыттылығының түрлері М. үшін қандай деңгейде болатындығын былайша есептеп білеміз: ЖБ=27-(11-3) =19; ҚБ=27+(8-5) =30; ІБ=27+( 11 -6) =32. Тексереміз: 19+30+32=81. Зерттеу нәтижесі бойынша М. бәрінен де іс-әрекетке бағытталатыны, яғни іскерлік бағыттылығының доминантты екенін көрсетеді. Олай болса М. жетекшілік функцияны жақсы жүзеге асыра алуы әбден мүмкін.


Ерік-жігерді зерттеу тесті


Ерік-жігерді зерттеу тесті 15 сұрақтан тұрады. Әрбір сұрақтың жауабы "иә", немесе "білмеймін/кейде болады", немесе "жоқ" болады. "Иә" деген жауапқа - 2 балл, "білмеймін/кейде болады" деген жауапқа - 1 балл, "жоқ" - 0 балл қойылады.

Сізге қызық болмаса да, уақыт пен жағдай бастаған істі тоқтатып қойып, артынан қайта айналуды көтерсе де оны аяқтауды күйіңіз көтере ме?

Жағымсыз бір нәрселерді істеу керек болғанда мысалы, демалыста кезекшілік атқару т.с.с. ішкі қарсылықты көп күш жұмсамай-ақ жеңе алдыңыз ба?

Тұрмыстағы немесе ұжымдағы қақтығыстық жағдайда оған максимальды объективтілікпен қарай алатындай дәрежеде өзінізді қолға ұстауға шамаңыз келе ме?

Егер сізге диета сақтау керек болса, кулинарлық тәуелділікті жеңе аласыз ба?

Кешкісін жоспарлағандай ертесінде күндегіден ертерек тұра алуға күшіңіз жете ме?

Куә ретінде мәлімет беру үшін оқиға болған жерде қалар ма едіңіз?

Хаттарға тез жауап бересіз бе?

Егер ұшақпен ұшу немесе тіс емдеу кабинетіне бару сізге қорқыныш тудырса, онда ешбір қиналмай-ақ осы сезімді жеңе алып, дәл соңғы сәтте алған бетіңізден қайтпас па едіңіз?

Сіз дәрігер ішуге міндеттеген аса жағымсыз дәріні ішесіз бе?

Сізге бір істі жүзеге асыру біраз бейнет әкелсе де абайламай, қызбалықпен берген уәдеңізде тұрасыз ба? Басқаша айтқанда сіз сөздің адамысыз ба?

Егер қажет болса, көп ойланбай-ақ бейтаныс қалаға сапарға шығасыз ба?

Ояну, тамақтану, үй жинау сияқты істер бойынша уақытты мұқият бөліп, оны қатаң ұстанасыз ба?

Кітапханаға қарыз болатындарды қоштамайтындар қатарына жатасыз ба?

Ең қызық телехабар жедел және маңызды жұмысыңызды кейінге шегеруге ықпалын тигізе ме?

Қарсы жақтың сөздері қалай жәбірлесе де дауды үзе қойып, үндемей қоя аласыз ба?


Жауаптар бойынша балдарды қосу керек.

0-12 балл. Күш-жігер жақсы жетілмеген. Бұл жағдайда адам жеңіл және қызықты істермен ғана айналысуды қош көреді. Жауапты міндеттерге селқос қарайды. Кез келген өтініш, жауапты іс қатерлі бір жағдайдай қабылданады. Мұнда адамның эгоизмі күш-жігердің дамуына мүмкіндік бермейді.

13-21 балл. Күш-жігер орташа. Кедергілерге кездескенде оны жеңуге әрекет жасалады. Алайда айналып өтуге мүмкіндік болса, ол барынша қолданылады. Артық жауапкершілікті ерікті түрде мойынға алудан қашады, сондықтан басшылықпен келісу қиын болады.

22 — 30 балл. Ерік-жігер жақсы дамыған. Бұл жағдайда адамға сенуге болады. Ешқандай қорқыныш сезімі болмайды. Алайда принципиальді емес мәселелерде әлдеқайда пейілді кеңге салған жөн.


Шешім қабылдай алуды зерттеу


Шешім қабылдай алу жеке тұлғаның ерекше қасиеттерінің бірі. Оны анықтау үшін 12 сұрақтан тұратын тест қолдану аса ыңғайлы. Тестің әрбір сұрағына "иә" немесе "жок" деп жауап беріледі.

Сіз ұжымда бұрын өзіңізге үйреншікті болғаннан мүлде басқаша, жаңа ережелерге, жана стильге жеңіл бейімделе алар ма едіңіз?

Жаңа ұжымда тез бейімделе аласыз ба?

Басшылардың көзқарасына қайшы келсе де, көптің алдында өз пікіріңізді айтуға қабілетгісіз бе?

Егер сізге басқа мекемеде жалақысы әлдеқайда жоғары қызмет ұсынса, ойланбай-ақ жаңа жұмысқа келісер ме едіңіз?

Жіберілген қате бойынша өз кінәңізді мойындамауға және бұған сылтау табуға бейімсіз бе?

Бір нәрселерге өзіңіз қарсы болсаңыз, оның себептерін ашық түрде, әр түрлі жұмсартатын себептермен және жағдайлармен бүркемей-ақ түсіндіре аласыз ба?

Пікірталас нәтижесі бойынша қандай да бір мәселелерге қатысты өзініздің бұрынғы көзқарасыңызды өзгерте алар ма едіңіз?

Сіз біреудің жұмысын оқыдыңыз (қызмет бабымен немесе өтініш бойынша), ойы дұрыс, бірақ баяндау стилі сізге ұнамады - сіз басқаша жазар едініз. Сіз мәтінді жөндейсіз бе? Оны өз пікіріңізге сәйкес өзгертуді талап етесіз бе?

Дүкенде өзіңізге өте ұнап қалған затты сондай тіпті қажет болмаса да сатып алар ма едіңіз?

Өз шешіміңізді тартымды, сүйкімді адамның үгіттеуінің әсерінен өзгерте аласыз ба?

Өз демалысыңызды "артынан көретін шығармыз" демей, алдын-ала жоспарлайсыз ба?

Әрқашан берген уәдеңізде тұрасыз ба?


Әрбір сұрақтың жауабына орай тест кілті бойынша келетін ұпай сәйкес болады. Басқаша айтқанда, жиналған ұпайларды әдістеменің кілті көрсетілген 16-кесте бойынша анықтайды. Ұпайлардың жалпы қосындысы шешім қабылдай алу дәрежесін сипатгайды.

16-кесте

0-9 ұпай. Шешім қабылдай алмау. Қорқақ. Сенім білдіруге болмайды.

10-18 ұпай. Шешім қабылдаудағы аса сақтық. Сын сағаттарда мәселені шешуден тайқы қоймау. Уақыт бар болғанда ғана күмәндану.

19-28 ұпай. Жеткілікті дәрежеде шешім қабылдай алу. Мәселелерді логикалы, бірізді тез және дұрыс шешу. Қабылданған шешімді нық ұстанады. Бірақ бірбеткейлік орын алады.

29 және одан артық ұпай. Шешім қабылдай алмау - беймәлім қасиет. Өзін бар істе компетенттімін деп бағалау. Басқалардың пікірін ескермеу. Сынға төзбеу.












Әдебиеттер тізімі


Шериязданова Х.Т. Психология мамандықтары бойынша практикалар: Оқу құралы / Х.Т. Шериязданова, А.Р. Ерментаева. - Өскемен: С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Баспасы, 2004. – 120б.

Шегебаева Т. Топтағы тұлғааралық қарым-қатынастарды зерттеу.//Мектептегі психология = Психология в школе.-2008.-№1.- Б. 21-23.

Тоқтарова Л. Психолгиялық қызмет.//Қазақстан мектебі.-2009.-№7. - Б. 44-47.

Сырғабаева Т. Психологиялық қызметтің бағдарлы оқудағы рөлі. //Мектептегі психология = Психология в школе.-2008.-№4- Б. 40-42.

Қазығұлова Г. Мен және менің достарым. // Мектептегі психология = Психология в школе.-2007.-№6.- Б. 36-37.

Далдабаева

А. Темпераментті анықтау әдістемесі. // Мектептегі психология = Психология в школе.-2007.-№4. Б. 42.

Алиева А. Баланың мектепке дайындығын анықтау. // Мектептегі психология = Психология в школе.-2007.-№3. - Б. 24-25.

Жақыпова Г. Педагогикалық қабілетті зерттеу. // Мектептегі психология = Психология в школе.-2007.-№1. - Б. 51-55.

Тауырбекова Г. Ашуыңды ірке біл… // Мектептегі психология = Психология в школе.-2006.-№6. - Б. 28.

Қайырова Ж. Күйзеліске қарсы тұра алушылықты және әлеуметтік бейімделуді анықтау. // Мектептегі психология = Психология в школе.-2006.-№6.- Б. 36-39.

Қайырова Ж. Жеке-дара тұлғалық ерекшеліктерді анықтау. // Мектептегі психология = Психология в школе.-2006.-№2.- Б. 23-25.

Жанарбек К. Сіздің адам тани білу мүмкіндігіңіз қандай? // Мектептегі психология = Психология в школе.-2006.-№5.- Б. 40.



































«Дарындылық картасы» әдістемесі...............................3

Оперативтік есте сақтау қабілетін тексеру...................9

К. Томастың кикілжіңді шешуге арналған бес тәсілі..9

Ашуыңды ірке біл... .....................................................15

Күйзеліске қарсы тұра алушылықты анықтау............18

"Психикалық жай-күйді өзіндік бағалау" тесті..........21

Социометрия әдісі.........................................................23

Сьюзен Деллингер әдісі «Психогеометриялық тест» жеке тулғаны фигуралар арқылы зерттеу.................. 28

Л.Г.Матвееваның әдісі «Баланың профильдік қызығушылығын анықтау» сауалнамасы.................. 30

«Графикалық тест» баланың өзін-өзі бағалауын анықтайды......................................................................35

И. Панарин тесті.........................................................36

Темпераментті анықтау тесті ...................................37

Американдық мамандар Ф.Татл және Л. Беккердің балалардың бейімділігінің мүмкіншілігін және дарындылығын анықтау тест-сауалнамасы................39

Педагогикалық қабілетті зерттеу..............................41

Темперамент типін зерттеу ......................................48

Э. Кречмер бойынша темперамент типін анықтау 50

«Ата-ана – Ересек адам – Бала»................................52

Сіз өзгені тыңдай аласыз ба?.....................................53

Сіздің адам тани білу мүмкіндігіңіз қандай?..........54

Тұлға құрылымындағы ерекшеліктер бойыиша типтер..........................................................................57

Ерік-жігерді зерттеу тесті..........................................65

Шешім қабылдай алуды зерттеу...............................67












Қ

16

ұрастырған: М.Нұрғазина, әдіскер-психолог

Редакциялаған: М.Мұқашева,

әдіскер-аудармашы

Шығарылымға жауапты: К.Карчалова


72



Краткое описание документа:

Тесты

по предмету “Физическая культура”

Вариант-1.

  • К какому виду относится выражение “Королева спорта”?
  • На какие дистанции применяются стартовые колодки?

А) тяжелая атлетика

Б) гимнастика

В) легкая атлетика

Г) плавание

А) длинные

Б) средние

В) короткие

Г) марафон

3. Как называют спортсмена, бегающего на короткие дистанции?

А) стайер

Б) спринтер

В) марафонец

Г) бегун.

4. Пробежка это……..?

А) ведение двумя руками

Б) ведение мяча

В) более двух шагов с мячом

Г) мяч в руках

5. Правило “восьми секунд” гласит?

А) бегать с мячом

Б) бросить мяч в кольцо

В) выйти из своей зоны

Г) передавать мяч

6. Сколько очков засчитывают за успешный штрафной бросок?

А) 3 очка

Б) 2 очка

В) 1 очко

Г) 4 очка

7. Сколько периодов играют в баскетболе?

А) 3

Б) 4

В) 2

Г) 5

8. Игра в волейболе заканчивается при счете?

А) 25/25

Б) 25/23

В) 28/28

Г) 30/30

9. Высота волейбольной сетки у женщин равняется?

А) 224см.

Б) 243см.

В) 241см.

Г) 223см.

10. В волейболе игра делится на?

А) тайм

Б) половина

В) партия

Г) четверть

11. Колонна это строй, когда участники стоят?

А) друг за другом

Б) стоят плечем к плечу

В) по росту

Г) по весу

12. Национальные виды спорта?

А) кыз куу

Б) казакша курес

В) кокпар

Г) асики

13. По сколько кумалаков перед началом игры имеют соперники?

А) 78

Б) 86

В) 84

Г) 81

14. Как фамилия казахстанского боксера, чемпиона олимпийских игр в Афинах?

А) Жиров В.

Б) Артаев Б.

В) Ибрагимов Е.

Г) Саттарханов Б.

15. Приспособление организма к воздействиям неблагоприятных факторов внешней среды?

А) физическая культура

Б) закаливание

В) иммунитет

Г) здоровый образ жизни

16. Какой Президентский вид испытания сдается населением в возрасте старше 23 лет?

А) бег, метание, прыжки

Б) плавание 50 м.

В) бег на лыжах 5 км.

Г) бег на 1,5 мили

17. Какие мышцы укрепляют упражнениями: 1) наклон назад, 2) наклон вперед, 3) наклоны влево, вправо?

А) мышцы спины

Б) мышцы ног

В) мышцы туловища

Г) мышцы верхних конечностей

18. Чем грозит падение эстафетной палочки во время эстафетного бега?

А) снятием команды

Б) штрафным очком

В) добавочным временем

Г) добавочным кругом

19. Укажите президентский уровень в беге на 100 метров у юношей

А) 12.4

Б) 11.9

В) 13.0

Г) 12.8

20. Кто возобновил современные олимпийские игры

А) Хуан Антонио Самаранчо

Б) Сильвио Берлускони

В) Пьер де Кубертен

Г) Флоринтина Перес

21.Мужской марафон на лыжах равняется?

А) 45 км

Б) 48.6 км

В) 42.9 км

Г) 50 км

22. Сколько времени длится игра футбол?

А) 45 минут

Б) 80 минут

В) 90 минут

Г) 100 минут

23. В каком году была придумана игра волейбол?

А) 1893 году

Б) 1897 году

В) 1895 году

Г) 1898 году

24.Сборная какого города стала чемпионом РК в 2002 году по волейболу?

А) Петропавловск

Б) Алматы

В) Семипалатинск

Г) Усть-Каменогорск

25.Где проходили последние зимние олимпийские игры?

А) в Швейцарии

Б) в Италии

В) в Германии

Г) в Австрии

Председатель цикловой комиссии

физического воспитания: И.Г. Нуркенов
Автор
Дата добавления 01.04.2016
Раздел Другое
Подраздел Тесты
Просмотров1469
Номер материала ДБ-001440
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх