Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Тесты / Тест қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша терендетілген 8 сынып оқушыларына

Тест қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша терендетілген 8 сынып оқушыларына



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

ТЕСТ І нұсқа


1. Мезгіл бағыныңқы сабақтасты көрсетіңіз

А) Бір кезде орман шуылдап, дауыл соқты Ә) Өнімді еңбек атқарам десең, көпке сүйен

Б) Жантас үйге кіріп кеткенде, Асқар мен Ержан тыста қалды.

В) Құлақ салсақ та, ешбір дыбыс естілмейді Е) Көп оқу керек


2. Тура толықтауышты табыңыз

А) Досына риза болды. Ә) Ауданға барды Б) Ауылдан келді

В) Білгенін жасырды Е) Ойында сақтаулы


3. Бастаушы тұйық етістік, баяндаушы есім сөзден болғанда қойылатын тыныс белгі?


А) нүкте Ә) сызықша Б) дефис В) қос нүкте Е) үтір


4. Жақсыз сөйлемді табыңыз

А) Сабаққа кешігуге болмайды Ә) Сен не істеп жүрсің? Б) Өлеңімді өрлеттім

В) Елімізде молшылық орнатамыз Е) Сабақтан кеш келді


5. Құрмаластың қай түрі екенін анықтаңыз . Үйде шешен, - дауда жоқ.

А) түсіндірмелі салалас Ә) себеп бағыныңқы сабақтас Б) қарсылықты салалас

В) ыңғайлас салалас Е) Мезгіл бағынынқы сабақтас


6. Бірыңғай мүшелі сөйлемді көрсетіңіз

А) Дүниеде, сәрі сендей маған жар жоқ. Ә) Жел соқпай, құс шуламай бәрі жым – жырт

Б) Тыңда, дала, Жамбылды В) Ол келмей, ешқайда бармаймын


7. Сын есімнен болып тұрған толықтауышты табыңыз

А) Тапқыр сөзді тау көтерер Ә) Баланы оқытуды жек көрмедім Б) Біз оған риза болдық

В) Үсті икемді қол тігеді Е) Білімдіге дүние жарық


8.Мақсат бағыныңқы сабақтас сөйлемді тап

А) Жамал пешке от жағып, ас әзірлей бастады.

Ә) Жақып тымырсық ауаны жұтып, даланы ұзақ аралады.

Б) Тұрмыс жақсы болу үшін, еңбек өнімді болу керек.

В) Желге тұмсығын төсеп, белгілі иіс күтті


9.Есімшенің қызметін анықта. Көшкен ауылды іздеп табалық.

А) Пысықтауыш Ә) Баяндауыш Б) Бастауыш В) Толықтауыш Е) Анықтауыш


10. Бұрынғы өткен шақты белгіле

А) жазамын Ә) жазармын Б) жазбақпын В) жаздым Е) жазғанмын


11. Жақсыз сөйлемді тап:

А) Таяқ тастам жер Ә) Біз далаға бардық Б) Салқын ауа

В) Театрға барғысы келеді Е) Сыныпқа кірді


12. Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөз қатарын белгілеңіз

А) – Ата шақшаңыз ненің мүйізі – деп сұрапты

Ә) – Ата, шақшаңыз ненің мүйізі? – деп сұрапты

Б) – Ата, шақшаңыз ненің мүйізі? – деп, сұрапты

В) – Ата, шақшаңыз ненің мүйізі деп сұрапты

Е) – Ата? шақшаңыз ненің мүйізі деп сұрапты


13. Септеулік шылау қатарын белгілеңіз

А) мен, пен, бен Ә) бірақ, дегенмен, алайда Б) себебі, өйткені, егер

В) арқылы, қарай бірге Е) -ақ, - ай, - мыс



14. Матасуды тап

А) ақырын жүру Ә) талдырмаш қыз Б) үйдің терезесі В) үйден шығу Е) таулы жер


15. Жалаң сөйлемді көрсетіңіз

А) Рахмет күлді, қуанды Ә) Мен елдің емшісімін Б) талай сырды ақтардық

В) Еріншектің ертеңі бітпес Е) Мен жастарға сенемін


16.Құрмалас сөйлемді көрсетіңіз

А) Өнерге, білімге құштарлан Ә) Бала жүрексініп, тіксініп қалды Б) Жаман айтпай, жақсы жоқ

В) Абайдың денесі іріленген, жауырынды Е) Балам, ақылды болғаның жөн


17. Тәуелдік жалғауындағы сөз тіркесін анықта

А) Ағамнан біл Ә) Білім алдым Б) Кінәлі адам В) Кінәсі ашылды Е) Бітім жасасу


18. Шартты бағыныңқы құрмалас сөйлемді тап

А) Қанша сұраса да, Самат тіс жарып ештеңе айтпады

Ә) Сын түзелмей, мін түзелмейді

Б) Тынысы тарылып, тұла бойы дірілдеп кетті.

В) Әбден шаршағанеді, сондықтан Жамалдың сұрағына жауап бермеді.

Е) Күн бұлттанды, жаңбыр жаумады.


19. Түсіндермелі салалас құрмалас сөйлемді: көрсет

А) Ықылас жалма – жан орнынан атып тұрып, жыланды өлтірді

Ә) Жоспарға сай іс – шара өтті, - нәтиже көңілден шықпады

Б) Өтірік сөз жарақат сияқты: жазылса да орны қалады.

В) Мезгіл кешкіріп кетті, амалсыз қонуға тура келді.

Е) Малшы сырын білем мен: қасында өскем жасымнан


20. – Бұл жөнінде ертең, сағат тоғызда, кеңірек сөйлесейік. Үтір не үшін қойылған?

А) Бірыңғай мүшелі сөйлем

Ә) Құрмалас сөйлем

Б) Қыстарма сөзі бар

В) Оңашаланған айқындауышы бар сөйлем

Е) Оқшау сөзі қатысқан


21. Пысықтауыштың қай түрі екенін анықта. Мен осыны айту үшін әдейі келдім
А) мезгіл пысықтауыш

Ә) себеп пысықтауыш

Б) қимыл – сын пысықтауыш

В) мақсат пысықтауыш

Е) мекен пысықтауыш


22. Жанасуды тап:

А) Батамен ер көгерер Ә) Ұлы педагог Б) Жаман әдет

В) Асығып келді Е) Таста тамыр жоқ


23. Салаластың қай түрі тек шылау арқылы байланысады

А) себеп – салдар Ә) түсіндермелі Б) ыңғайлас В) қарсылықты Е) талғаулы


24. Оқшау сөздер нешеге бөлінеді?

А) 4 Ә) 3 Б) 2 В) 5 Е) бөлінбейді


25.Құрмаластың қай түрі анықта

Абайлар ауылға жете қонбақ болып, аттарын шоқыта, сар желіске сала жөнелді

А) себеп бағыныңқы Ә) аралас құрмалас Б) мақсат бағыныңқы

В) мезгіл бағыныңқы Е) ыңғайлас салалас




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Краткое описание документа:

 

Қазақ тілі өзінің даласындай бай. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап, еркін есіп тұрады. Қазақ тілі қасиетті қазақ домбырасының үнімен үндесіп жатады. Ана тілі – бұл әкенің тілі, туған халықтың тілі.

Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке-шешемізден, әжеміз бен атамыздан біле бастаймыз.

Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңеді. Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадыр-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады.

Сондықтан кез келген мемлекет өзінің аумағында салт-дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды.

Еліміз Қазақстан Республикасы егемен ел атанды. Ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. Тіл туралы заң қабылданды. Президентіміздің 2003 жылғы 15 қарашадағы жарлығымен қыркүйектің үшінші жексенбісі Қазақстан Республикасы халықтары тілдерінің күні ретінде атап өтілетін болды.

Тіл адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді.

Тіл арқылы біз оқып, білім аламыз, қалаған мамандықты игереміз.

Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз. “Өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар. Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді.

Автор
Дата добавления 28.03.2015
Раздел Другое
Подраздел Тесты
Просмотров332
Номер материала 463080
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх