Инфоурок / История / Тесты / Тесты 1 четверта по историй Казахстана " ХХ ғасыр басындағы Қазақстан" (9 класс)
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Тесты 1 четверта по историй Казахстана " ХХ ғасыр басындағы Қазақстан" (9 класс)

библиотека
материалов

І тоқсан қорытындысы бойынша 9-сыныпқа Қазақстан тарихы пәнінен тест тапсырмалары

І нұсқа

1. 1939 жылы қалаларда тұратын қазақтар саны :

А. 235 мың

В. 280 мың

С. 300 мың

Д. 353 мың

Е. 375 мың

2. 1930 жылы Түркісібтің солтүстік және оңтүстік учаскелері түйіскен станция

А. Ақбұлақ

В. Айнабұлақ

С. Лепсі

Д. Ұзынағаш

Е. Шамалған

3. 1923 жылға қарай жалпы Одақта өндірілетін қорғасынның 40 % - ын берген зауыт :

А. Балқаш

В. Риддер

С. Шымкент

Д. Қарсақбай

Е. Өскемен

4. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысқандарды жазалау кезінде 347 адам атылған өңір :

А.Торғай

В. Түркістан

С. Батыс Сібір

Д. Семей

Е. Дала өлкесі

5. «Қарабалықтағы оқиғалар» үндеуін шығарған Қостанай социал-демократиялық ұйымдарын құрушылардың бірі :

А. С. Вербицкая

В. А. Ф. Керенский

С. Н. Кротов

Д. А. Ужгин

Е. М. Скобелов

6. Кадеттер ұйымының Семейде шығып тұрған газеті :

А. «Искра»

В. «Свободная речь»

С. «Қазақ»

Д. «Серке»

Е. «Алаш»

7. «Алашорда үкіметіне» төраға болып сайланды :

А. Ә. Бөкейханов

В. Т. Рысқұлов

С. М. Шоқай

Д. С. Қожанов

Е. А. Байтұрсынов

8. Қазақстандағы азамат соғысы жылдары :

А. 1917-1920 жж

В. 1919-1921 жж

С. 1918-1920 жж

Д. 1918-1921 жж

Е. 1920-1922 жж

9. Азамат соғысы кезінде Б. Қаратаев атқарған қызмет :

А. Торғай уезінің әскери комиссары

В. Дала өлкесінің төтенше комиссары

С. Қазақ атты әскер бригадасы саяси бөлімінің меңгерушісі

Д. Әскери бөлімшенің командирі

Е. Әскери бөлімнің комиссары

10. Азамат соғысы кезеңінде қалыптасқан экономикалық және саяси жүйе

А. Жаңа экономикалық саясат

В. Әскери коммунизм

С. Әскери диктатура

Д. Демократия

Е. Индустрияландыру

11. 1919 жылы «Төңкеріс және қазақтар» деген мақала жазған қазақ зиялысы :

А. А. Байтұрсынұлы

В. Ә. Бөкейханұлы

С. М. Дулатұлы

Д. Т. Рысқұлов

Е. М. Шоқай

12. 1924 ж. Қазақстан астанасы көшірілген қала :

А. Алматы

В. Қызылорда

С. Орынбор

Д. Қостанай

Е. Семей

13. 1921 ж. жер-су реформасының негізгі мақсаты :

А. Қазақ ақсүйектерінің жер үлесін молайту

В. Шаруалардың жерін тартып алу

С. Шаруаларға жер бөліп беру

Д. Қазақ жерлерін шетелге сату

Е. Ресейдің орталық губернияларындағы шаруаларға шеткі аймақтардан жер беру

14. 1917 жылдың шілдесінде Верныйда құрылған ұйым

А. «Солдаттардың орыс-мұсылман ұйымы»

В. «Жас арбакештер одағы»

С. «Қара жұмысшылар одағы»

Д. «Жас қазақ»

Е. «Қазақ жастарының революцияшыл одағы»

15. 1914-1916жылдары Түркістан өлкесінен майдан қажеттілігі үшін жиналып алынды:

А)Аңшы мылтықтары,балық өнімдері

В)Әскери винтовка,бағалы асыл тастар

С)Киім-кешек;жанар-жағар май

Д)Зергерлік бұйымдар,мұнай,алтын

Е)Мақта,ет,жылқы,түйе

16. Ресейде Ақпан буржуазиялық-демократиялық революция болды:

А.1917ж. қаңтар

В.1918ж.ақпан

С.1916ж.ақпан

Д.1917ж.қазан

Е.1917ж.ақпан

17. 1907 жылы 16 мамырдағы Думаның отырысында қоныс аударудың қазақтар шаруашылығына кері әсерін баяндаған саяси қайраткер :

А. М. Тынышпаев

В. Б. Құлманов

С. Т. Нұрекенов

Д. А. Қалменов

Е. Б. Қаратаев

18. Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының тұңғыш астанасы :

А. Семей

В. Қызылорда

С. Алматы

Д. Орал

Е. Орынбор

19. Ираннан Сібірге, Кавказдан Саян тауларына дейінгі ұлан-ғайыр өлке

А. Түркістан

В. Түрік елі

С. Тұран

Д. Алаш

20. «Қазақстан отар болып келді және солай болып қалды» деп күйінішпен жазған :

А. Т. Жүргенов

В. С. Қожанов

С. С. Сәдуақасов

Д. Т. Рысқұлов

Е. О. Жандосов

ІІ нұсқа

1. Бірінші дүние жүзілік соғыс болған жылдар:

А)1914-1918жж

В)1913-1918жж

С)1910-1918 жж

Д)1916-1918жж

Е)1912-1918жж

2. Қазақстанда индустрияландыру жылдарында басым дамытылды :

А. Деталь шығару

В. Машина жасау

С. Химия өнеркәсібінің дәстүрлі салалары

Д. Металлургия

Е. Қорғаныс

3. П.Н. Топорнин, А. Байшағыров, И. Қасқабаев, С. Невзоров-бұлар

А. Мемлекеттік Думаның депутаттары

В. Мұсылман Одағының жетекшілері

С. Жазалаушы отряд басшылары

Д. «Капиталға қарсы орыс-қырғыз одағын құрушылар»

Е. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілері

өнеркәсібі

4. 1917ж.тыл жұмысына тартылған жұмысшыларды елге қайтару туралы шешім қабылданды:

А)Уақытша үкімет

В)Революциялық Кеңестер

С)Патша үкіметі

Д)Алаш үкіметі

Е)Кеңес үкіметі

5.Алашорда автономиясының орталығы болып жарияланған қала:

А.Ақмола

В.Алматы

С.Қостанай

Д.Семей

Е.Орынбор

6. Боралдай асуында жұрт алдында дарға асылған қозғалыс басшысы :

А. А. Иманов

В. Б. Әшекеев

С. Ж. Мәмбетов

Д. А. Қосанов

Е. Т. Бокин

7. 1916 жылы 20 шілдеде Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы болып тағайындалды :

А. М. А. Фольбаум

В. А. Куропаткин

С. Базилевич

Д. Лаврентьев

Е. С. Ужгин

8. «Қазақ секілді іргелі жұрт өзгелер қатарында соғыс майданында қару-жарақ асынып, мемлекетті қорғауға лайық еді, қатарда жоқ қара жұмысқа байлануын кемшілік санаймыз»,-деп жазған :

А. Ә. Бөкейханов

В. А. Байтұрсынов

С. М. Дулатов

Д. С. Меңдешов

Е. С. Сейфуллин

9. Исмайыл Гаспралының 1883 жылы түрік және орыс тілдерінде шығарған газеті :

А. «Түрік»

В. «Үш түрлі саясат»

С. «Біртұтас Түркістан»

Д. «Қазақ»

Е. «Тәржіман»

10. Мемлекеттің қарулы күштерін бейбітшілік жағдайдан соғыс жағдайына көшіру

А. Реквизиция

В. Мобилизация

С. Интервенция

Д. Контрибуция

Е. Ликвидация

11. А. Байтұрсынов пен М. Сералин өз жазбаларында Қазақстанға қосу қажет деп дәлелдеген аймақ :

А. Ақмола

В. Семей

С. Орал

Д. Қостанай

Е. Торғай

12. Қазревкомның тұңғыш төрағасы :

А. Ә. Жангелдин

В. С. Меңдешов

С. С. Пестковский

Д. А. Байтұрсынов

Е. В.А. Радус-Зенкович

13. Түркістан-Сібір темір жол магистралі салына бастады :

А. 1926 ж

В. 1927 ж

С. 1929 ж

Д. 1930 ж

Е. 1931 ж

14. Орталық Қазақстанның минерал-шикізат байлықтарын зерттеген академик :

А. И. М. Губкин

В. Н. С. Курнаков

С. Қ. И. Сәтпаев

Д. Л. Т. Буддаси

Е. С. Б. Голдгор

15. РК (б) П-ның Х съезінен кейін енгізілген салық :

А. Соғыс салығы

В. Табыс салығы

С. Жер салығы

Д. Азық салығы

Е. Шаңырақ салығы

16. Қазақ АКСР-н құру туралы декрет шықты :

А. 1920 ж. 20 қазан

В. 1920 ж. 26 тамыз

С. 1920 ж. 20 желтоқсан

Д. 1920 ж. 20 мамыр

Е. 1920 ж 20 қаңтар

17. Қазақ Революциялық Комитетінің органы болған басылым

А. «Қазақ» газеті

В. «Айқап» журналы

С. «Ұшқын» газеті

Д. «Алаш» газеті

Е. «Абай» журналы

18. Оспан Шоңов хан болып жарияланды ?

А. Шерубай-Нұра болысында

В. Қарашақ болысында

С. Әйелді болысында

Д. Ерексай болысында

Е. Жайымтал болысында

19. Бірінші дүниежүзілік соғысқа қанша мемлекет қатысты ?

А. 37

В. 38

С. 39

Д. 61

Е. 52

20. Омбыда құрылған ұйым :

А. «Жас қазақ»

В. «Жас жүрек»

С. «Жанар»

Д. «Қазақ жастарының революциялық одағы»

Е. «Оқушы жастардың демократиялық одағы»


ІІІ нұсқа

1.Қазақстанда Қос өкімет орнады:

А)Қазан төңкерісінен кейін

В)Ақпан төңкерісінен кейін

С)Азамат соғысынан кезінде

Д)Жаңа экономикалық саясат кезінде

Е)Жаңа экономикалық саясаттан кейін

2. ХХ ғасырдың басында патша өкіметіне қарсы күресте қазақтардың саяси белсенділігінің күшеюіне әсер еткен негізгі оқиға.

А.1905-1907жж. Революция кезіндегі қозғалыстар

В.Автономиялық мемлекеттің құрылуы

С.Қазақ зиялыларының Мемлекеттік Думаға сайлануы

Д.Саяси реформалардың жүргізілуі

Е.Самодержавиенің құлатылуы

3. 1916жылғы көтерілістің Торғай өңіріндегі сардарбегі:

А.А.Иманов

В.Ә.Жанбосынов

С.Ұ.Саурықов

Д.Т.Бокин

Е.А.Қосанов

4. Қазан төңкерісі болған жыл

А. 1916 ж

В. 1917 ж

С. 1918 ж

Д. 1919 ж

Е. 1920 ж

5. 1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынборда болды ?

А. Мұсылмандар партиясының жиналысы

В. Алашорданың ІІ съезі

С. Жалпықазақ съезі

Д. Қазақ АКСР-нің құрылтай жиналысы

Е. Жетісу облыстық съезі

6. Қырғыз халқының тарихи дұрыс атауын қалпына келтіру үшін «Алдағы уақыттарда қырғыз-қазақтар деп аталсын» деген қаулы қабылданды

А. 1925 ж. Кеңестердің Бүкілқазақстандық V съезі

В. 1920 ж. Қазақ АКСР Құрылтай съезі

С. 1921 ж. РПК (б) Х съезі

Д. 1918 ж. Түркістанның V cъезі

Е. 1921 ж. Қазақстан Комсомолының І съезі

7. 1926 жылғы халық санағы бойынша Республика халқының саны

А. 3 млн. 400 мың адам

В. 4 млн. 120 мың адам

С. 5 млн. 230 мың адам

Д. 6 млн. 310 мың адам

Е. 7 млн. 100 мың адам

8. 1921 жылы Түркістан комсомолы ОК-і Қырғыз (Қазақ) бюросының тұңғыш төрағасы :

А. Бақтыгерей Құлманов

В. Мұстафа Шоқай

С. Ғани Мұратбаев

Д. Сейітқали Меңдешов

Е. Мағазы Масанчи

9. 1916 жылғы тамызда 5 мыңнан астам көтерілісші жазалау отрядын талқандап, Қарқара жәрмеңкесін басып алды :

А. Ойыл

В. Темір

С. Жәміш

Д. Қарқара

Е. Қоянды

10. 1917 жылғы қыркүйекте құрылған тұңғыш мұсылман партиясы

А. Иттифок – и –муслимин

В. Түркістан федералистер партиясы

С. Ислам Кеңесі

Д. Мұсылмандар Одағы

Е. Үлкен Түркістан

11. 1905 жылғы 6 тамыздағы Манифест бойынша қазақтарға қандай құқық берілді ?

А. Кәсіподақтар құруға

В. Ресей Мемлекеттік Думасына депутаттар сайлау

С. Петициялық қозғалыс жасауға

Д. Сайлау туралы заңға өзгеріс енгізуге

Е. Мұсылмандық ұйымдар құруға

12. «Бұл соғыстан жалпы жұртқа пайда жоқ..............»,- деп жазған Ә. Бөкейхановтың «Қазақ» газетінде жарияланған мақаласы :

А. «Төңкеріс және қазақтар»

В. «Шығысты азат ету күресінің тарихынан»

С. «Тағы соғыс»

Д. «Қарабалықтағы оқиғалар туралы сөз»

Е. «Үш түрлі саясат»

13. 1919-1920 жж. Қазревком Қазақстанда қолына алған билік :

А. Салық жинау

В. Заң шығару билігі

С. Сот билігі

Д. Әскери-азаматтық билік

Е. Қаржы билігі

14. 1919 жылы желтоқсанда Кеңес үкіметі темір жол желісін салуға шешім қабылдады :

А. Түркістан-Сібір

В. Орынбор-Ташкент

С. Александров-Гай-Ембі

Д. Мойынты-Шу

Е. Өскемен-Зырьянов

15. Азамат соғысы жылдарында Ой болысында партизан жұмысын ұйымдастырушы :

А. К. Саркин

В. Ө. Ыбыраев

С. Ә. Жангелдин

Д. Т. Бокин

Е. А. Иманов

16. Қазақстанда Кеңестер билігі ең алғаш орнаған қала :

А. Семей

В. Перовск

С. Верный

Д. Орал

Е. Черняев

17. Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің құрамы неше адамнан тұрды :

А. 20

В. 10

С. 14

Д. 12

Е. 16

18. Алаш партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды :

А. «Еңбекші қазақ» газетінде

В. «Қазақ» газетінде

С. «Айқап» газетінде

Д. «Ұшқын» газетінде

Е. «Алаш» газетінде

19. «Жас арбакештер одағы» құрылды :

А. Орал

В. Петропавл

С. Семей

Д. Сергиополь

Е. Верный

20. 1916 жылы ұлт-азаттық қозғалыс кезінде Жетісу көтерілісшілері күш біріктірді:

А.Қалмақ,қырғыз шаруаларымен

В.Түрікмен,тәжік шаруаларымен

С.Татар,башқұрт шаруаларымен

Д.Қырғыз,ұйғыр шаруаларымен

Е.Беларус,украин шаруаларымен


ІV нұсқа

1. М. Дулатұлының пікірі :

А. «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды»

В. «Нарлар алысар, ал шаруасын бұзып, қанын төгетін сорлы халық болар»

С. «Кедейлердің ауру балалары жұмысқа жарамды деп танылды»

Д. «Бұл жердегі орыс шенеуніктері білім цензі жағынан да, жергілікті жағдайларды меңгеру жағынан да асып тұрған жоқ»

Е. «Жұрт сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылды»

2. Жазалау шаралары барысында Түркістан өлкесінде атылған адам

А. 168

В. 347

С. 238

Д. 374

Е. 283

3. 1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс кезінде Торғай уезінің қазақтары хан етіп сайлаған,беделді тұлға:

А. Б.Әшекеев

В.Ә.Жанбосынов

С.Ж.Мәмбетов

Д.А.Иманов

Е.Ұ.Саурықов

4. Ферғана хандығының бұрынғы астанасы Қоқан қаласында Бүкілтүркістандық төтенше ІV съезді ашқан қоғам қайраткері :

А. М. Тынышпаев

В. М. Шоқай

С. Ә. Бөкейханов

Д. Б. Қаратаев

Е. Т. Рысқұлов

5. Кадеттер ұйымының «Свободная речь» газеті қай қалада шығып тұрды ?

А. Оралда В. Омбыда

С. Семейде Д. Торғайда

Е. Орынборда

6. 1917 жылдың шілдесінде Верныйда құрылған ұйым :

А. «Солдаттардың орыс-мұсылман ұйымы»

В. «Жас арбакештер одағы»

С. «Қара жұмысшылар одағы»

Д. «Жас қазақ»

Е. «Қазақ жастарының революцияшыл одағы»

7. Уақытша үкіметтің 1917 жылғы 20 наурызда қабылдаған шешімі :

А. Бұратана жұмысшы жасақтарын отанына қайтару туралы

В. Ресейді қайта өрлетудің нысаналы бағдарламасы

С. Ресей азаматтарының белгілі бір дін ұстануына немесе қай ұлтқа жататындығына байланысты құқықтарын шектеуді жойды

Д. Реформашыл жолмен капитализмді дамыту

Е. Шет аймақтардың халқына ұлттық-аймақтық өзін-өзі билеу құқығын берді

8. Семей облысындағы Даубай кенішінің қазақ жұмысшылары ереуіл жасады

А. 1917 жылы маусымда

В. 1917 жылы мамырда

С. 1917 жылы шілдеде

Д. 1917 жылы ақпанда

Е. 1917 жылы тамызда

9. Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің тұңғыш төрағасы

А. Радусь-Зенкович В. Пестковский

С. Бөкейханов Д. Меңдешов

Е. Шоқай

10. 1918 жылы маусымда атаман А. Дутов басып алған қала :

А. Орал В. Верный С. ПетропавлД. Қостанай Е. Орынбор


11. Азамат соғысы жылдары қанша адам қаза тапты ?

А. 2 млн

В. 4 млн

С. 6 млн

Д. 8 млн

Е. 10 млн

12. 1924 жылы Қазақстан астанасы көшірілген қала :

А. Алматы

В. Қызылорда

С. Орынбор

Д. Қостанай

Е. Семей

13. Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты жойылды :

А. Жалдама еңбек жүйесі

В. Еңбек міндеткерлігі

С. Несие жүйесі

Д. Тұтыну кооперациясы

Е. Жерді жалға беру

14. 1924 ж 1 қаңтарынан бастап салықтың тек осы түрі енгізілді :

А. Малдай

В. Көліктей

С. Заттай

Д. Астықтай

Е. Ақшалай

15. ХХ ғ. 20 ж. республика түсті металлургиясының басты ауданы болған аймақ :

А. Қарағанды

В. Екібастұз

С. Кенді Алтай

Д. Қарғалы

Е. Ембі

16. 1927 жылдан бастап мыс өндіре бастаған комбинат :

А. Қарсақбай

В. Балқаш

С. Саяқ

Д. Жезқазған

Е. Жезді

17. Индустрияландыру кезінде Орал-Ембі мұнайлы ауданын зерттеген академик :

А. Қ. Сәтпаев

В. И. Губкин

С. Н. Курнаков

Д. А. Панкратова

Е. А. Миронов

18. Орынбор, Қызылорда, Алматы ..........

А. Тарихи ежелден келе жатқан қалалар

В. Кеңестік Қазақстан астаналары

С. Ірі өнеркәсіпті қалалар

Д. Қазақ халқы көп қалалар

Е. Халқы көп Қазақстан қалалары

19. «Әскери коммунизм» деп аталатын экономикалық жане саяси жүйе қалыптасқан мерзім:

А.Азамат соғысы жылдары

В.Бірінші дүние жүзілік соғыс жылдары

С.Қазан төңкерісі кезі

Д.Ұжымдастыру жылдары

Е.Ұлы Отан соғысы жылдары

20. Көрнекті заңгер, мемлекет және қоғам қайраткері, Әбілқайыр ханның шөбересі. Петербург университетінің заң факультетін бітірген ?

А. А. Байтұрсынов

В. Б. Қаратаев

С.С. Қадырбаев

Д. М. Тұнғаншин

Е. Б. Құлманов




















































































































































































Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-105867

Похожие материалы