Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Школьному психологу / Тесты / Тесты для самопознания
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Школьному психологу

Тесты для самопознания

библиотека
материалов

Өзіңді бағалау тесті

  1. Мен достарымның қолдағанын қалаймын.

  2. Жұмыста өз жауапкершілігімді сезінемін.

  3. Мен болашағым үшін қобалжимын.

  4. Көп адамдар мені жек көреді.

  5. Менің өзгелерге қарағанда бастамашылдығым аздау.

  6. Мен өзімнің психикалық жағдайыма қобалжимын.

  7. Мен ақымақ болып көрінуден қорқамын.

  8. Басқалардың сырт пішіні менікінен жаксырақ.

  9. Мен танымайтын адамдардың алдына сөйлеуге қорқамын.

10.Мен көп қателесемін.

11.Мен дамдармен дұрыс сөйлесе алмайтыныма өкінемін.

12.Мен өзіме толық сенбейтініме өкінемін.

13.Басқа адамдар менің іс-қимылдарымды жиі қолдап отырғанын қалаймын.

14.Мен өте қарапайыммын.

15.Менің өмірім мәнсіз.

16.Көп адамдар мен туралы теріс пікірде.

17.Өз ойларымды өзгемен бөлісе алмаймын.

18.Адамдар менен көп нәрсені күтеді.

19.Менің жетістіктерім өзгелерді онша қызықтырмайды.

20.Мен аздап қысыламын.

21.Көп адамдардың мені түсінбеәйтіндігін сеземін.

22.Мен өзімді қауіпсізбін деп ойламаймын.

23.Мен себепсіз жиі қобалжимын.

24.Мен адамдар отырған бөлмеге кірсем өзімді ыңғайсыз сезінемін.

25.Мен туралы сыртымнан айтатынын сеземін.

26.Мен қысыламын.

27.Өзгелер менен гөрі, бәрін жеңіл қабылдайтынына сенімдімін.

28.Жайсыз нәрсеге кезігетіндей болып тұрамын.

29.Адамдардың қалай қарайтындығы мені толғандырады.

30.Менің көпшіл болғаным өкінішті – ақ.

31.Пікірталастарда мен ойымның дұрыс екндігіне сенімді болғанда ғана ойымды айта аламын.

32. Көпшіліктің менен не күтетіні туралы ойланамын.



«Өзіңді бағалау тесті»Сұрақтың жауабын төрт ұпайлық жүйемен бағаланыз. Ұпай: «Өте жиі» ойлаймын – 4 ұпай, «жиі» - 3 ұпай, «анда-санда» - 2 ұпай, «сирек» - 1 ұпай, «ешқашан» - 0 ұпай.

Егер Сіз 0-ден 25-ке дейін ұпай жинасаңыз, онда сіз өзіңіздің іс-қимылдарыңызға сенімді адамсыз;

26-дан 45-ке дейін – өзіндік бағаның орташа деңгейі;

46-дан жоғары қарай – өзіндік бағаның төменгі деңгейі

Оқу стилінің қабылдау тәсілі тестінің жауабы:

«а», «ә» және «б»-ның жалпы санын санаңыз. Сізде А ұпайы көбірек болса, онда сіз бәрін жеңіл қабылдайсыз.

Егер сізде Ә ұпайы көбірек болса, онда нақты естіп, қабылдағанды жеңіл санайсыз.

Егер сізде Б ұпайы көбірек болса, онда мәліметті сезім арқылы қабылдағанды жөн көресіз.
























Оқу стилінің қабылдау тәсілі


1.Сіз темекі шегудің анатомиясын қалай түсінесіз?

а) кино арқылы

ә) біреудің түсіндіруі арқылы

б) адам денесінің моделін зерттеу мен түсіну арқылы

2. Сіз қандай кітапты оқығанды ұнатасыз?

а) темекі шегу туралы суретті кітапты

ә) темекі шегетіндер мен шекпейтіндер арасындағы сұхбат

туралы кітапты

б) темекі туралы сұрақтарға жауап беретін және жұмбақтарды

шешетін кітапты

3. Сіз сөздің дұрыс жазылғанына күмәнді болсаңыз не істер едіңіз?

а) сөзді жазып көресіз және дұрыс екеніне көзіңізді жеткізесіз

ә) оны айтып көресіз

б) өзіңіздің ойлағаныңыздай жазып көресіз

4. Сіз оқи бастағаныңызда ойыңызға алдымен не қалады?

а) адамдардың есімдері емес, түрлері

ә) түрлері емес есімдері

б) сөздері мен іс-қимылдары

5. Сіз оқуға қалай дайындалуды артық санайсыз?

а) мақалалар оқудиаграммалар қарау

ә) біреудің сізге сұрақ қойғанын өтінесіз

б) деректерді карточкаға жазып аласыз

6. Сіз «Темекі» деген сөзді көргенде не істейсіз?

а) сигареттің белгілі бір маркасының суретін саласыз

ә) өзіңіз іштей «темекі» деп айтасыз

б) темекінің иісін сезінесіңіз

7. Сабаққа дайындалғанда көбіне неге алаңдайсыз?

а) визуальді бейнелер

ә) шулар

б) тамақ ішу сезімі, шөлдеу

8. Сіз оқу бағдарламасын қалай жасауды ұнатасыз?

а) тізім жасайсыз

ә) достарыңызбен және істі білетін кісілермен сөйлесесіз

б) бағдарлама моделін жасап оны ой елегінен өткізесіз

9. Бағдарлама арқылы сіз не істеуге тырысасыз?

а) қабырғадағы плакаттарды көресіз

ә) жаныңызда отырған адаммен сөйлесесіз

б) бөлменің ішінде бір бағытта қозғала бастайсыз

10. ашуланған кезде не істейсіз?

а) түсіңізді суытасыз

ә) айқайлайсыз

б) қатты айтып есікті тарс жабасыз

11. Нені жақсы көресіз?

а) плакатқа қарағанды

ә) музыка тыңдағанды

б) дене жаттығуларын жасағанды

12. Сізге оқиғаны қалай айтып шығу оңай?

а) жазба түрінде

ә) дауыспен айту

б) ойнап көрсету

13. Музыка тыңдап отырып не істейсіз

а) көзіңізді жұмасыңыз, бейнелерді елестетесіз

ә) музыка әуенімен өлең айтасыз

б) музыкамен қозғаласыз

14. Сіз қалай оқығанды ұнатасыз?

а) оқушыларға иллюстрация көрсеткенді

ә) мәліметті дауыстап оқығанды

б) жеңіл ұғыну үшін, тәжірибе жүзінде көрсеткенді


















«Өзіңізді бақылай аласыз ба?»


Егер тұжырыммен келіссеңіз иә – деп, келіспесеңіз жоқ – деп сызыңыз.

1. Меніңше басқа адамдарға еліктеу қиын.

иә жоқ

2. Мен реті келіп тұрса, басқаларды өзіме қарату үшін немесе оларды күлдіру үшін ақымақтануға бола ма?

иә жоқ

3. Менен жаман актер шықпайды.

иә жоқ

4. Басқа адамдар, мені шын мәніндегі әлде қайда терең қайғырады деп ойлайды.

иә жоқ

5. Мен көптің назарында өте сирек болады.

иә жоқ

6. Әр түрлі адамдармен қарым-қатынаста және әр түрлі жағдайда мен өзімді көбінесе әр қилы ұстаймын.

иә жоқ

7. Мен өзімді шын сенген нәрсемді ғана қорғай аламын.

иә жоқ

8. Адамдармен қарым-қатынаста табысты болу үшін, мен басқалар үміт күткендей болғым келеді.

иә жоқ

9. Мен онша ұнатпайтын адамдарға да жылы қабақ таныта аламын

иә жоқ

10. Мен қандай болып көрінсем, өмірде де сондаймын

иә жоқ











«Өзіңізді бақылай аласыз ба?»

1, 5, 7 сұрақтарды «жоқ» деген жауабыңызға 1 ұпайдан есептеңіз. Ұпайларды қосыңыз.

Егер сіз шын жауап берсеңіз, онда сіз туралы мынаны айтуға болады:

0-3 ұпай. Сізде коммуникациялық бақылау төмен. Сіздің мінез-құлқыңыз орнықты және сіз оны жағдайдың өзгеруіне байланысты өзгеріп отыруды қажет деп таппайсыз. Сіз қарым-қатынаста өзіңізді шынайыашуға қабілеттісіз. Кейбіреулер сіздің мінезіңіздің тіктігіне байланысты «ыңғайсыз адам» деп есептейді.

4-6 ұпай. Сізде коммуникативтік бақылау орташа. Сіз шынайысыз, эмоциялық тұрғыдан ұстамдысыз. Айналадағылармен қарым-қатынаста олардың мүддесін ескеріп отырасыз.

7-10 ұпай. Сізде коммуникативтік бақылау жоғары. Сіз кез-келген ролге оңай енесіз, жағдайдың өзгерісіне икемдісіз және араласатын адамдарға тигізетін әсеріңізді алдын-ала болжай аласыз.


« Сіз қандайсыз?»

20 ұпайдан кем Сіздегі тұрақсыз мінез жастығыңыздың әсері болар

20-26 ұпай өзімшілдігіңіз де бар, басқаларға көмекке келуге де дайынсыз

27-31 ұпай өзімшіл емессіз, бірақ жүрегіңізде жылу жоқ.

31 ұпайдан артық. өзімшіл,рақымсызсын
















Сіз қандайсыз?


1. Барлық нәрсенің өз құны бар деп есептейсіз бе?

иә-1, жоқ-3

2. Сіз қандай да бір түсті жақсы көресіз бе?

иә-2, жоқ-1

3. Өзіңізге өзңіз күлесіз бе?

иә-1, жоқ-2

4. Ортада сізді жақсы көре ме?

иә-1, жоқ-4

5. Көп сөйлегенді ұнатасыз ба?

иә2, жоқ-4

6. Өзіңіздің кемшіліктеріңізді жасыра аласыз ба?

иә-1, жоқ-1

7. Сізге қарыздар адамдарды тізіп жазып жүресіз бе?

иә-2, жоқ-1

8. Адамдарды жақсы ажырата аламын деп ойлайсыз ба?

иә-1, жоқ-3

9. Жинақ кассасы керексіз деп ойлайсыз ба?

иә-2, жоқ-1

10. Тағдыр сізді ренжітті деп ойлайсыз ба?

иә-4, жоқ-1

11. Сізді дұщпандарыңыздың сәтсіздігі қуанта ма?

иә-3, жоқ-1















Егер сіздің аяғыңызды басса....


1. Қоғамдық көлікте эмоцияға берілген дау басталды. Сіздің әрекетіңіз қандай болады?

а) қатыспаймын

ә) дұрыс деп есептейтін жақты қорғаймын

б) барлық «ауыртпалықты өзіме алу үшін» дауға белсенді түрде кірісемін.

2. Жиналыстарда басшыларды сынайсыз ба?

а) жоқ

ә) негіз болса ғана

б) кез келген себеппен басшыларды ғана емес, оларды қорғайтындарды да

3. Достарыңызбен жиі айтысасыз ба?

а) егер олар ренжімейтін болса ғана

ә) тек кейбір принципті мәселелер бойынша

б) дауласқанды ұнатамын

4. Кезекте тұрып, біреудің кезексіз зат алып бара жатқанын көрсеңіз не істейсіз?

а) іштей қарсымын, бірақ үндемеймін

ә) ескерту жасаймын

б) алға шығып тәртіп орнатамын

5. Үйде тұзы аздау тамақ берді. Не істейсіз?

а) көңіл бөлмеймін

ә) үнсіз тұз саламын

б) ескерту жасап, тамақ ішпей қоюым мүмкін

6. Егер көшеде аяғыңызды басып кетсе...

а) кінәлі адамға ашуланып қараймын

ә) оған ескерту жасаймын

б) ұялмай ұрсып тастаймын

7. Егер сіздің жақын адамдарыңыздың біреуі сізге ұнамайтын затты сатып алса...

а) үндемеймін

ә) сыпайы ғана түсіндіремін

б) айқай-шу, жанжал шығарамын

8. Егер сіз лотарея ойынынан ұтылсаңыз не істейсіз?

а) мән бермеуге тырысамын, бірақ іштей енді ешқашан қатыспаймын

деп уәде етемін

ә) өкінішімді білдіремін, бірақ әзілмен реванш алуды уәде етемін

б) біразға дейін көңіл-күйім бұзылады



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

"Өзіңді бағалау тесті", "Оқу стилінің қабылдау тәсілі", «Өзіңізді бақылай аласыз ба?», "Сіз қандайсыз?", "Егер сіздің аяғыңызды басса...." тақырыбындағы кез келген адамның өзін бақылауға, бағалауға, темпераментін анықтауға бағытталған сауалнамалар жинағы. Өзін-өзі тану сабақтарында қолдануға да болады.

Автор
Дата добавления 12.05.2015
Раздел Школьному психологу
Подраздел Тесты
Просмотров758
Номер материала 276401
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх