Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Тесты / Тесты по информатике на "5-класс"

Тесты по информатике на "5-класс"


  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:







5 сыныпқа арналған

тест жиинақтары

Дайындаған: Серікбайқызы Ж

















§1. Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру

1. Мониторға дейінгі арақашықтық қанша см – ден кем болмауы керек?

а) 45 – 55 см

ә) 55 – 65 см*

б) 35 – 45 см в) 25 – 35 см

2. Компьютер алдында неше минут оқушы отыру керек?

а) 25 минут *

ә) 35 минут

б) 45 минут

в) 50 минут

3. Компьютермен жұмыс істегенде қандай ережелерді міндетті түрде сақтау керек?

а) Салбырап тұрған сымдарды ұстау

ә) Компьютерді өшіріп тастау

б) Пернелерді қайта-қайта басу

в) Компьютерде кір және су қолдармен жұмыс істемеу*

4. Компьютермен жұмыс істегенде көз шамадан тыс күш түсірмеу үшін не істеу керек?

а) 2 сағат сайын көзге жаттығу жасау

ә) Көзге арналған гимнастиканы 10 – 15 минут сайын жасап отыру*

б) Дене жаттығуын әрбір 2 сағат сайын жасау

в) Компьютерді өшіріп тастау

5. Компьютердегі жұмысты аяқтаған оқушы не істеу керек?

а) Компьютердің розеткасын ток көзінен ажыратып тастау керек

ә) Мониторды сөндіру

б) Мұғалімнің нұсқауы бойынша жұмысты аяқтап, жұмыс орнын ретке келтіру*

в) Кабинеттегі көз көзін ажырату керек

6. Егер компьютер сендердің сұраныстарыңа жауап бермесе, не істейсіңдер?

а) Компьютерді өшіріп тастау

ә) Сыныптасымнан көмек сұрау

б) Ток көзінен розеткаларды ажырату

в) Мұғалімді шақыру*





















§2. Информатика және ақпарат, оның мазмұны, түрлері мен қасиеттері

1. Информатика пәні нені зерттейтін ғылым?

а) Ақпараттар жиынтығын

ә) Мәліметтерді тасымалдау

б) ЭЕМ – нің көмегімен танбалар мен сигналдарды сақтау зандылықтары

в) ЭЕМ – нің көмегімен ақпараттарды алу, жинақтау, сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану тәсілдері туралы ғылым*

2. Ақпарат дегеніміз не?

а) Достармен байланыс жасау

ә) Сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлем туралы мәліметтер*

б) Табиғаттан ақпарат алу

в) Мұғалім мен оқушы арасындағы байланыс

3. Адамның ақпаратты ненің көмегімен алады?

а) сезу мен көрудің

ә) иіскеу мен естудің

б) есту мен көрудің*

в) көру және дәмін тату арқылы

4. Ақпаратты сақтау үшін адамдар нені қолданады?

А) дискіні*

ә) тасты

б) принтерді

в) қағазды

5. Дыбыстық ақпаратты не арқылы жеткіземіз?

А) кітап ә) радио* б) журнал в) тақта

6. Ақпараттың бейнелеу тәсілдері бойынша неше түрі бар?

А) 5* ә) 3 б) 4 в) 6

7. Ақпараттың қабылдау тәсілдері бойынша қандай түрлері бар?

а) көрінетін ақпарат, дәм сезу арқылы, сезу арқылы

ә) сезу арқылы, иіскеу арқылы, естілетін ақпарат

б) көрінетін ақпарат, дәм сезу арқылы, сезу арқылы, иіскеу арқылы, естілетін ақпарат*

в) тыңдау арқылы, иіскеу арқылы, шулау арқылы

8. Ақпараттың қандай қасиеттері бар?

а) объективтілігі, толықтығы, жеткіліктілігі, қолжетімділігі, өзектілігі*

ә) толықтығы, дәм сезетіндігі, искеу арқылы

б) сезу арқылы, иіскеу арқылы, естілетін ақпарат

в) көрінетін ақпарат, дәм сезу арқылы, сезу арқылы


















§3. Ақпаратты өңдеу тәсілдері

1. Ерте заманда ақпаратты сақтау үшін не қолданған?

а) тастар мен папирустар*

ә) кітаптар мен флешкалар

б) дискілер мен тастар

в) флешкалар мен дискілер

2. қазіргі заманда ақпаратты сақтау үшін не қолданған?

а) тастар мен папирустар

ә) кітаптар мен флешкалар

б) дискілер мен тастар

в) флешкалар мен дискілер*

3. Ақпаратты іздеуге не жатады?

а) Интернетпен жұмыс жасау

ә) Іздеу командасын орындау*

б) кітап мазмұнымен жұмыс жасау

в) Мәтінмен жұмыс жасау

4. Адам үшін ұялы телефон – ол...

а) Ақпарат көзі

ә) Ақпарат беруші

б) Ақпаратты өңдеу құралы

в) Байланыс құралы*

5. Ақпаратты жеткізу үдерісіне не жатады?

а) ақпарат көзі және оны қабылдаушы*

ә) ақпарат көзі және тасымалдаушы

б) тасымалдаушы және қабылдаушы

в) жеткізуші және қабылдаушы



























§4. Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері

1. Ақпараттың өлшем бірлігі

а) бид, байт ә) код, бит

б) бит, байт * в) код, бит

3. «Бит» сөзі қандай тілдегі қай сөзден қысқартылып алынған?

а) ағылшын тіліндегі Binary digit*

ә) Латын тіліндегі Binary digit

б) ағылшын тіліндегі Binry dijit

в) орыс тіліндегі один бит

4.Байт дегеніміз не ?

а)10 биттен тұратын код

ә) 8 биттен тұратын код*

б)18 биттен тұратын код

в) 8 бірліктен тұратын ақпарат

5. 1 Кбайт – ол:

а) 100 бит

в) 1000 байт

в) 1024 байт*

г) 1500 Гбайт

6. 1 Мбайт – ол:

а) 100 Кбайт

ә) 1000 байт

б) 1024 Кбайт*

в) 1500 Гбайт

7. 1Гбайт – ол:

а) 1024 Мбайт*

ә) 100 Кбайт

б) 1000 Мбайт

д) 1500 Мбайт

8. 1Терабайт – ол:

а) 1024 Мбайт

ә) 100 Кбайт

б) 1024 Гб*

д) 1500 Мбайт

9. Қандай ақпарат дискіде ең аз орын алады?

а) сурет

ә) Кино

б) мәтін*

в) музыка

10. «Informatio» - сөзі қай елдің сөзі:

а) латын*

ә) грек

б) орыс

в) ағылшын

















§5. Компьютер - әмбебап есептеуіш машина

1. Бірінші ЭЕМ қай жылы жасалды және ол қалай аталады?

а)1823, МИНСК

ә) 1946, ENIAC*

б) 1951, ІВМ

в)1949, ЭНИАК

2. Қазіргі компьютер қандай бөліктен тұрады?

а) суперкомпьютер, үстел үсті, дерес компьютер

ә) Үлкен компьютер, алып жүретін, сервер

б) суперкомпьютер, үлкен компьютер, дербес компьютер, сервер*

в) сервер, алып жүретін, үлкен компьютер, суперкомпьютер

3. Жұмыс қабілеті мен басқаруды қамтамасыз ететін программа:

а) интернет

ә) Операциялық жүйе*

б) Операциялық қабыршық

в) Windows

4. Артығын көрсет:

а) дәу компьютер*

ә) суперкомпьютер

б) үлкен компьютер

в) дербес компьютер

5. Суперкомпьютерлер қайда қолданылады?

а) жұмыста

ә) сыныпта

б) өндірісте*

в) фирмаларда

6. Үлкен көлемді ақпаратты сақтауға арналған қандай компьютерлер?

а) үлкен компьютерлер*

ә) кіші компьютерлер

б) суперкомпьютерлер

в) сервер

7. Ноутбук дегеніміз не?

а) Қолға алып жүретін компьютер*

ә) Үйде тұратын компьютер

б) интернетке қосылатын компьютер

в) Арқалап жүретін компьютер

8. Нетбук деген не?

а) Кішкене мөлшерлі ноутбук*

ә) Алақан компьютері

б) интернетке қосылатын компьютер

в) Арқалап жүретін компьютер

9. Сервер – ол:

а) Компьютерлік желілердің орталық торабы болып табылатын компьютер*

ә) суперкомпьютер

б) Үлкен компьютер

в) Ақпарат сақтауға арналған компьютер

10. Үстел үсті компьютерлері қай жерлерде қолданылады?

а) базарда, сауда орындарында

ә) көшеде, үйде

б) үйде, офисте*

в) офисте, базарда




§6. Компьютердің құрылымы

1. Ақпаратты шығару құрылғысы ол ....

а) пернетақта

ә) процессор

б) принтер*

в) тышқан

2. Ақпаратты енгізу құрылғысы ол...

а) пернетақта*

ә) процессор

б) монитор

в) тышқан

3. Жедел жады дегеніміз...

а) уақытша сақтау жады*

ә) ешнәрсе сақтамайтын жады

б) сақтап өшіп қалатын жады

в) ақпаратты ұзақ уақыт сақтайды

4. Қатты диск дегеніміз...

а) уақытша сақтау жады

ә) ешнәрсе сақтамайтын жады

б) сақтап өшіп қалатын жады

в) ақпаратты ұзақ уақыт сақтайды*

5. Видеокарта қайда орналасады?

а) дискінің ішінде

ә) принтердің ішінде

б) жүйелік блоктың ішінде*

в) монитордың ішінде

6. Дыбыс картасы не үшін қажет?

а) сурет салу үшін

ә) есеп шығару үшін

б) дыбыспен жұмыс жасау үшін*

в) ойын ойнау үшін

7. Желілік карта дегеніміз...

а) компьютерді басқа компьютермен желі арқылы біріктіретін немесе интернет желісіне қосылу үшін*

ә) компьютерді басқа компьютермен тышқан арқылы біріктіретін немесе процессорға қосылу үшін

б) компьютерді басқа компьютермен телефон арқылы біріктіретін немесе принтерге қосылу үшін

в) компьютерді басқа компьютермен принтер арқылы біріктіретін немесе интернет желісіне қосылу үшін

8. Бас әріптер режимін қосу үшін қолданылатын перне:

а) Alt

ә) Tab

б) CapsLock*

в) NumLock

9. Мәтін тергенде сөздердің арасында қандай пернені басады?

а) Бос орын (пробел)*

а) Alt

ә) Tab

б) Ctrl

10. Enter пернесі не үшін қажет?

А) Енгізу*

Ә) Курсорды жылжыту

Б) Қосымша цифрлық пернетақтаны алмастыру

В) Бас әріптер режимін алмастыру









§7. Компьютердің қосымша құрылғылары

  1. Дыбыс колонкалары - ....

а) ақпаратты қағазға басып шығарады

ә) дыбыстық ақпаратты шығарады*

б) ақпаратты тасымалдайды

в) сурет салады

2. Принтер дегеніміз...

а) ақпаратты қағазға басып шығарады*

ә) дыбыстық ақпаратты шығарады

б) ақпаратты тасымалдайды

в) мәтіндік және графикалық ақпаратты қағаздан компьютерге енгізу құрылғысы салады

3. Сканер дегеніміз...

а) ақпаратты қағазға басып шығарады

ә) дыбыстық ақпаратты шығарады

б) телефон желісі арқылы интернетке қосуға арналған

в) мәтіндік және графикалық ақпаратты қағаздан компьютерге енгізу құрылғысы салады*

4. Модем дегеніміз...

а) ақпаратты қағазға басып шығарады

ә) дыбыстық ақпаратты шығарады

б) телефон желісі арқылы интернетке қосуға арналған*

в) мәтіндік және графикалық ақпаратты қағаздан компьютерге енгізу құрылғысы салады

5. Артығын көрсетіңдер:

а) тышқан

ә) принтер

б) процессор*

в) сканер

6. Винчестер дегеніміз...

а) жұмсақ диск (дискета)

ә) қатты диск*

б) лазерлік диск

в) флешка

7. Ақпарат тасығыштардың қайсысының көлемі үлкен?

а) Жұмсақ диск( дискета)

ә) қатты диск*

б) Лазерлік диск

в) флешка

8. Қайсысы ақпарат тасығыш емес?

а) қатты диск

ә) лазерлік дискілер

б) флешка

в) процеесор*

9. Заманауи принтерлер басып шығару тәсілдеріне қарай нешеге бөлінеді?

а) бүріккіш, сканер

ә) лазерлік, бүріккіш*

б) лазерлік, көпфункционалды

в) сканер, көпфункционалды

10. Ақпарат тасығыштардың түрлерін ата

а) қатты диск, процессор, монитор, лазерлік дискілер

ә) жұмсақ диск, монитор, пернетақта, флеш жады

б) қатты диск, жұмсақ диск, лазерлік дискілер, флеш-жады*

в) қатты диск, жұмсақ диск, лазерлік дискілер, принтер


§8. Компьютердің қосымша құрылғылары

  1. Компьютерде орнатылған барлық программалар нені құрайды?

а) Аппараттық жабдықтаманы

ә) Программалық жабдықтаманы*

б) Жады құрылғысын

в) Процессорды

2. Операциялық жүйе....

а) компьютердің жұмысын басқаратын басты программа*

ә) компьютердің жұмысын аяқтайтын программа

б) компьютерлердің жұмысын бастап аяқтайды

в) компьютерлердің аяқталған жұмысын бастайды

3. Операциялық жүйелер қандай программалық өнімдердің құрамына кіреді?

а) Қолданбалы программалық жабдықтаманың

ә) Жүйелік программалық жабдықтаманың*

с) Дерек қорларын басқару жүйесінің

д) Программалау жүйелерінің

4. Жүйелік программалық жабдықтауға не жатады?

а) операциялық жүйе, мәтінді тану программалары, драйверлер

ә) операциялық жүйе, утилиттер, желілік қосымшалар

б) операциялық жүйе, драйверлер, утилиталар*

в) операциялық жүйе, желілік қосымшалар, драйверлер

5. Программалау жүйелері дегеніміз...

а) басқа программаларды құруға арналған орта*

ә) басқа программаларды сақтауға арналған

б) басқа программалармен жұмыс жасауға арналған орта

в) басқа программаларды өшіругге арналған программа

6. Компьютердің программалық жабдықтамасы түрлерінің дұрыс тізімін табыңдар.

а) Басқару жүйелері, қосымшалар мен программалау жүйелері

ә) Жүйелік программалық жабдықтама, қосымшалар мен программалау жүйелері

б) Программалар, ойындар, интернет-қосымшалар*

в) Жүйелік программалық жабдықтама, қосымшалар, дерек қорлары























§9. Операциялық жүйенің негізгі нысандары мен

оны басқару

1. Жұмыс үстелі нысандарының артығын көрсетіңдер:

а) Саймандар тақтасы*

ә) Нысан белгішелері

б) Есептер тақтасы

в) Бастау батырмасы

2. Экранның сағатты көруге болатын аймағы:

а) Жұмыс үстелі

ә) Есептер тақтасы*

б) Бас мәзір

в) Нысан белгішелері

3. Компьютерді өшіру үшін ...

а) Бас мәзірдегі тиісті бұйрықты таңдау*

ә) Компьютердің жүйелік блогындағы өшіру батырмасын басу

б) Менің компьютерім белгішесін пайдалану

в) Тілдер тақтасын қолдану

4. Бас мәзірді шақыру үшін... керек

а) Менің компьютерім ашу

ә) Бастау батырмасын басу*

б) Есептер тақтасын ашу

в) Қоржынды ашу

5. Бас мәзірдің Бейнелер бұйрығы:

а) Музыкалар топтамасын ашады

ә) Құжаттар топтамасын ашады

б) Бейнелер топтамасын ашады*

в) Файлдарды іздетеді

6. Операция жүктелгеннен кейін не көрінеді?

а) Жұмыс үстелі*

ә) Есептер тақтасы

б) Бас мәзір

в) Белгішелер























§10. Терезелер

  1. Терезе дегеніміз не?

а) экранның қоршаулармен шектелген тіктөртбұрышты аймағы*

ә) экранның қоршаулармен шектелген алаңы

б) экранның қоршаланған шеттері мен алаңы

в) экранның қоршаулармен шектелген тіктөртбұрыштың беттері

2. Терезе түрлері:

а) бумалар, қосымшалар, сұхбаттық, анықтама*

ә) бумалар, экран, терезе, сұхбаттық

б) бумалар, қосымшалар, экран, компьютер

в) бумалар, қосымшалар, құжат, экран

3. Windows – те қандай терезелер жоқ?

а) Бума терезелері

ә) Қосымшалар терезесі*

б) Сұхбаттық терезелер

в) Бас терезелер

4. Alt+F4 пернелері тіркесімдерінің қызметі?

а) Терезені ашады

ә) Терезені жабады*

б) Барлық ашық терезелерді жабады

в) Келесі ашық терезеге ауыстырады.

5hello_html_1548f6f7.gif. Мына батырма – қандай қызмет атқарады?

а) Программамен жұмыс аяқтайды

ә) Терезенің мөлшерін азайтады

б) Терезені толық экранға жаяды

в) Терезені жиырады*

6. Мына батырма □ қандай қызмет атқарады?

а) Программамен жұмыс аяқтайды

ә) Терезенің мөлшерін азайтады

б) Терезені толық экранға жаяды*

в) Терезені жиырады

7. Мына батырма х қандай қызмет атқарады?

а) Программамен жұмыс аяқтайды*

ә) Терезенің мөлшерін азайтады

б) Терезені толық экранға жаяды

в) Терезені жиырады
















§11. Файлдар, бумалар және жарлықтар

  1. Файл дегеніміз...

А ) байттардың әлдебір атауы бар тізбегі*

ә) байттардың әлдебір тақырыбы бар тізбегі

б) байттардың негізгі тақырыбы бар тізбегі

в) байттардың атауы мен тақырыбы бар тізбегі

2. Файлдық жүйенің негізгі нысандары:

а) файлдар, бумалар, жарлықтар*

ә) файлдар, процессорлар, жарлықтар

б) файлдар, бумалар, есеп тақталары

в) файлдар, жарлықтар, жұмыс үстелі

3. Жарлық дегеніміз ....

а) нысанға қолжетімді жеңілдететін, сілтемелі нысан

ә) нысанға қолжетімді жеңілдететін, нысанның сілтеме белгісі

б) нысанға қолжетімді жеңілдететін, нысан сілтемесі

в) нысанға қолжетімді жеңілдететін, нысанның сілтеме көрсеткіші*

4hello_html_39504acf.png


Мына белгі нені білдіреді?

а) ойын бумасы (папка)*

ә) ойын бумасының жарлығы

б) ойын жарлығы

в) ойын аты

5hello_html_48759105.png.

Мына белгі нені білдіреді?

а) ойын бумасы (папка)

ә) ойын бумасының жарлығы*

б) ойын жарлығы

в) ойын аты

6. Бумалар түрлері қандай?

а) жүйелік бумалар, жұмысшы бумалар*

ә) жүйелік бумалар, ойын бумалары

б) жұмысшы бумалар, тақырып бумалары

в) ойын бумалары, тақырып бумалары

7. Жүйелік бумалар дегеніміз...

а) Windows операциялық жүйесін тұтынушыға беріп жұмыс жасауға көмектеседі

ә) Windows операциялық жүйесі жұмыс жасауға көмектеседі

б) Windows операциялық жүйесін өзі құрып, тұтынушыға көмектеседі

в) Windows операциялық жүйесін өзі құрып, тұтынушыға жұмыс жасауға көмектеседі*

8. Жұмысшы бумалар дегеніміз...

а) Тұтынушылардың өзі құрады, ол белгішені шерту арқылы ашамыз

ә) Тұтынушылар құрады, ол белгішені екі-үш рет шерту арқылы ашамыз

б) Тұтынушылардың өзі құрады, ол белгішені екі рет шерту арқылы ашамыз*

в) Тұтынушылардың өзі құрады, ол белгішені бір рет шерту арқылы ашамыз

9. hello_html_m7a592053.png - мына белгіше бумалардың қай түріне кіреді?

А) жұмысшы бумалар

Ә) қызметші бумалар

Б) жүйелік бумалар*

Вhello_html_m3ccb3517.png) негізгі бумалар

10.

- мына белгіше бумалардың қай түріне кіреді?


а) жұмысшы бумалар

ә) қызметші бумалар

б) жүйелік бумалар*

в) негізгі бумалар


§12. Нысандармен жұмыс істеу

  1. Windows нысандарында қолданылатын амалдардың артығын көрсетіңдер.

а) көшіру

ә) Жылжыту

б) Жою

в) Сақтау*

2. Нысандарды көшірудің қандай тәсілі алмасу буфері қолданбайды?

а) Ctrl пернесін басып тұрып, тышқанның сол жақ батырмасымен жылжытқанда*

ә) Пернетақталық

б) Көшіру, Кірістіру бұйрықтарымен

в) Контекстік мәзір

3. Пернетақта Қиып алу бұйрығын пернелердің қандай тіркесімдерімен алмастыруға болады?

а) Ctrl + C

ә) Ctrl + V

б) Ctrl + X*

в) Сtrl + Z

4. Нысанды жойғаннан кейін дискіде орын босайтын тәсіл:

А) нысанды тышқанмен Қоржынға жылжыту

Ә) Ерекшеленген нысанға Shift+Del пернелерін басқанда*

Б) Контекстік мәзірде Жою бұйрығын таңдау

В) Нысанды ерекшелеп, Реттеу→Жою бұйрығын таңдау

5. Ерекшеленген нысандар тобына қолдануға болмайтын әрекеттер:

а) Көшіру

ә) Атын өзгерту*

б) Жою

в) Жылжыту



























§13. Ақпаратты іздеу, жазу және оқу

1. Егер буманың терезесінде бір әріптен басталатын бірнеше файл болса, онда келесі файлға өту үшін:

а) Іздеуді бірнеше рет шақырамыз

ә) нысан атының бірінші әрпі бар пернені қажетті файл ерекшеленгенше басамыз*

с) Tab пернесін басамыз

д) Бос пернесін басамыз

2. Файлды сол атпен қайта сақтау үшін қандай бұйрықты таңдау керек?

а) Қалай сақтау

ә) Қайтадан сақтау

б) Сақтау*

в) Құру

3. Файлды жаңа атпен қайта сақтау үшін қандай бұйрықты таңдау керек?

а) қалай сақтау*

ә) Қайтадан сақтау

б) Сақтау

в) Құру

4. Ctrl + O пернелер тіркесімі қандай бұйрықты алмастырады?

а) Қалай сақтау

ә) Ашу*

б) Сақтау

в) Құру

5. Ctrl + S пернелер тіркесімі қандай бұйрықты алмастырады?

а) Қалай сақтау

ә) Ашу

б) Сақтау*

в) Құру

6. Қосымшаның терезесін жабу үшін қандай пернелер тіркесімен қолдануға болады?

а) Ctrl + S

ә) Ctrl + O

б) Alt + F4*

в) Alt + Tab























§14. Сурет салу, сақтау және ашу

  1. Графикалық редактор дегеніміз...

а) графикалық бейнелерді құруға және өзгертетін программа

ә) графикалық суреттерді құруға және өзгертуге арналған программа

б) графикалық бейнелерді құруға және өзгертуге арналған программа*

в) графикалық бейнелерді өзгертуге арналған программа

  1. Paint” сөзі ағылшын тілінен қалай аударылады?

а) жобалау

ә) Оқу, кітап

б) Сурет, сурет салу*

в) Музыка, ән салу

3. Пиксел дегеніміз.....

а) растрлық бейненің ең кішкентай элементі*

ә) растрлық бейненің ең үлкен элементі

б) растрлық бейненің ең көп элементі

в) растрлық бейне элементі

4. Барлық растрлық кескіндер неден тұрады?

а) Кішкене тіктөртбұрыштардан

ә) Нүктелерден*

б) Сызықтардан

в) Символдардан

5. Қандай пішімдегі кескіндер ең сапалы болады?

а) .bmp*

ә) .jpg

б) .png

в) .gif

6. Paint программасын қалай іске қосамыз?

а) Бастау – Барлық программалар – Стандарттық – Paint*

ә) Бастау – Стандарттық – Paint

б) Менің құжаттарым – Менің суреттерім - Paint

в) Жұмыс үстелі – Қоржын – Paint

7. Алдыңғы саптың түсін өзгерту үшін не істеу керек?

а) Түстер тобында Негізгі тіркеме бетіндегі Цвет 1 батырмасымен басып, түс таңдау*

ә) Түстер тобында Негізгі тіркеме бетінде Цвет 2 батырмасын басып, түс таңдау

б) тышқанның сол жақ батырмасымен Палитраның түсті шерту

в) Esc пернесін басу

8. Палитраның неше түсі бар?

а) 256

ә) 2

б) 30*

в) қанша керек болса да

9. Қандай бұйрықты орындап, палитрада жаңа түс құруға болады?

а) Түстер тобы – түстерді өзгерту*

ә) сурет – түстерді қайталау

б) саймандар – түспен толтыру

в) файл – құру










§15. Графикалық редактордың сурет салу құралдары


  1. Қисық сызық салғанда неше бүгіліс санын көрсету керек?

а) 2* ә) 1

б) 0 в) 4

2. «Дұрыс» фигура салу үшін қандай пернені жібермей ұстап тұру керек?

а) Alt ә) Ctrl

б) Shift*

в) Delete

3. Өшіргіштің қандай режимдері болады?

а) қарапайым және түрлі түсті*

ә) қарапайым және күрделі

б) стандарттық және стандарттық емес

в) жұмсақ және қатты

4. Жай-күй жолында не беріледі?

а) инструменттер*

ә) Ағымдағы жұмыс туралы ақпарат

б) Файлдың аты

в) Файлдың көлемі

5. Paint графикалық редакторына қалай кіреміз?

а) Бастау – басқару тақтасы

ә) Paint – Жұмыс үстелінің фоны ету

б) Бастау – барлық программалар – стандарттық – Paint*

в) Бастау – Басқару тақтасы – экранның шешімділігін баптау

6. Көпбұрышты hello_html_f39a060.png қолдана отырып шеңбер сызы аламыз ба?

а) сызуға болады

ә) болмайды

б) Тек Shift пернесінің көмегімен ғана салуға болады*

в) Адамның мүмкіндігіне байланысты
























§16. Сурет бөліктерімен жұмыс істеу

1. Егер ерекшеленген фрагментті тышқанның оң жақ батырмасымен шертсек, онда:

а) Контекстік мәзір пайда болады*

ә) Ерекшеленген фрагмент жоғалады

б) Фрагмент басқа түске боялады

в) Ештеңе болмайды

2. Суреттің ерекшеленген фрагментін Ctrl батырмасын басып жылжыту қандай бұйрыққа парапар

а) қиып алу

ә) жеке көшірмесі*

б) Бейнелеу

в) түсін алмастыру

3. Суреттің ерекшеленген фрагментін Shift батырмасын басып жылжыту қандай бұйрыққа парапар

а) қиып алу

ә) ізі бар көшірмесі*

б) Бейнелеу

в) түсін алмастыру

4. Сурет алмасу буферінен қайда кірістіріледі?

а) экранның ортасына

ә) төменгі оң жақ бұрышына

б) жоғарғы сол жақ бұрышына*

в) экранның төменгі жағына

5. Қандай пернені жібермей ұстап тұрып, «ізі бар» көшірме алуға болады?

а) Esc

ә) Tab

б) Ctrl

в) Shift*

6. Қандай сайманның көмегімен мәтін енгізуге болады?

а) өшіргіш

ә) мәтін*

б) қарындаш

в) қылқалам

7. Мәтіннің түсі:

а) өзгертілмейді

ә) фонның түсімен бірдей

б) палитра тышқанның сол жақ батырмасымен шерту арқылы таңдалады*

в) әрқашан қара

















§17. Масштаб. Суреттің трансформациясы

  1. Егер алмасу буферінен Paint-тегі сурет салу аймағынан үлкен суретті кірістірсек не болады?

а) сурет қырқылады

ә) қате туралы хабарлама шығады

б) Сурет салу аймағы кеңейеді*

в) Түк те болмайды

2. Суретті вертикаль бойынша 2 есе ұлғайту үшін не істеу керек?

а) Мөлшерді өзгерту бұйрығын таңдап, Вертикаль бойынша өрісінде 2 – ні жазу

ә) Мөлшерді өзгерту бұйрығын таңдап, Вертикаль бойынша өрісінде 200-ді жазу*

б) Суретті тышқанмен созу

в) Масштабтан 200% таңдау

3. Масштаб сайманын көрсет

аhello_html_2b30be51.gifhello_html_1fda2a91.gif)

ә) ондай сайман жоқ


б) hello_html_m3fa93adf.png

в) hello_html_613b1a24.png *

4. «Трансформация» сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?

а) Түрлену, алмасу*

ә) Компьютер

б) Тышқан тетігі

в) Принтер

5. Масштабты өзгермеген сурет мәтінінің мөлшері өзгере ме?

а) өзгермейді*

ә) өзгереді

б) мәтін жоғалып кетеді

в) жартылай өзгереді

6. Жай – күй жолындағы Масштаб жүгірткішінің белгісі:

а) hello_html_m596db576.png *

ә) hello_html_m3fa93adf.png

бhello_html_2b30be51.gifhello_html_1fda2a91.gif) hello_html_613b1a24.png

в)



















§18. Суретті басуға дайындау. Суретті басу.

  1. Алдын ала қарау бұйрықтары қайда орналасқан?

а) Менюде Paint батырмасының мәзірінде

ә) Бас тіркеме бетінің Басып шығару тобында*

б) Windows – бас мәзірінде

в) Түр тіркеме бетінің Басып шығару тобында

2. Алдын ала қарау терезесінде нені баптауға болады?

а) Жұмыс істеу аймағы

ә) Беттің экранда көрсетілу масштабын*

б) Беттің толтырылу бағытын

в) Беттің мөлшерін

3. Басып шығару қағазының мөлшері:

а) Принтерден тәуелді*

ә) Әрқашан А4 б) Кез келген

в) Беттің параметрлері терезесінің Масштаб өрісінде өзгертіледі

4. Суретті басып шығару үшін қолданылатын бұйрық

а) Paint - Басып шығару*

ә) Пуск – Paint – Программы – Басып шығару

б) Пуск – Ctrl + P

в) пуск – Paint

5. .... батырмасы басып шығарады.

а) hello_html_5cb4228c.png*

ә) hello_html_65aa3b6a.png


б) Пуск + Ctrl + P


в) hello_html_21b64879.png





















§19. WordPad мәтіндік редакторының интерфейсі.

  1. Мәтіндік редактор мүмкіндіктері...

а) мәтіндік құжат құруға, суретке түсіруге, қиюға, жылжытуға көшіруге, жоюға, қосуға, іздеуге, алмастыру жүргізуге, пішімдеуге, басып шығаруға

ә) мәтіндік құжат құруға, өзгертуге, түзетуге, жылжытуға көшіруге, жоюға, қосуға, іздеуге, алмастыру жүргізуге, пішімдеуге, басып шығаруға*

б) мәтіндік құжат құруға, қиюға, сурет салуға, хат жіберуге, жылжытуға көшіруге, жоюға, қосуға, іздеуге, алмастыру жүргізуге, пішімдеуге, басып шығаруға

в) мәтіндік құжат құруға, өзгертуге, қиюға, көшіруге, сызуға, суретке түсіруге, түзетуге, жылжытуға көшіруге, жоюға, қосуға, іздеуге, алмастыру жүргізуге, пішімдеуге, басып шығаруға

2. Символ дегеніміз....

а) мәтіннің ең кішкентай бірлігі*

ә) мәтіннің ең үлкен бірлігі

а) мәтіннің ең қысқа бірлігі

а) мәтіннің ең ұзын бірлігі

3. Сөз ....

а) бір-бірінен тыныс белгілерімен белгіленіп немесе бос орындарымен ажыратылып жазылған символдар ұзындығы

ә) бір-бірінен елгілерімен немесе бос орындарымен қосылып жазылған символдар тізбегі

б) бір-бірінен бос орындарымен ажыратылып жазылған символдар тізбегі

в) бір-бірінен тыныс белгілерімен немесе бос орындарымен ажыратылып жазылған символдар тізбегі*

4. Мәтіннің элементтері...

а) символ – жол – абзац – сөйлем - бет – мәтін

ә) символ – сөз –жол - абзац – абзац – бет – мәтін

б) символ – сөз –жол – абзац – бет – мәтін*

в) символ – сөз –жол –жол - абзац – бет – мәтін

5. Мәтіндік курсор...

а) мәтіндік редактордың оң жақ терезесінде жыпылықтайтын сопақ сызықша

ә) мәтіндік редактордың бір жақ терезесінде жыпылықтайтын сызықша

б) мәтіндік редактордың бетінде кішкентай жыпылықтайтын үлкен сызықша

в) мәтіндік редактордың терезесінде кішкентай жыпылықтайтын сызықша*























§20. Мәтінді теру және түзету ережелері

1. Бас әріпті қалай енгіземіз?

а) Caps Lock*

ә) Ctrl

б) Tab

в) Enter

2. Бос орын қай кезде қойылады?

а) сөздердің арасы мен сызықшалардан кейін қойылады

ә) сөздер мен суреттердің арасы мен тыныс белгілерінен кейін қойылады

б) сөздердің арасы мен тыныс белгілерінен кейін қойылады*

в) сөздердің арасы мен кестелерден кейін қойылады

3. Дефис қалай қойылады?

а) бос орынсыз*

ә) үлкен сызықпен

б) үтірмен

в) екі бос орынмен

4. Ұзын сызықша(тире) қалай қойылады?

а) алдынан да, соңынан да бос орынмен шеттері қойылады.

ә) алдынан да, жанынанда бос орынмен қойылады.

а) алдынан да, соңынан да бос орынмен қойылады*

ә) алдынан да, жоғарғы жанынанда бос орынмен қойылады.

5. Enter пернесін қай кезде басу керек?

а) абзац соңында*

ә) мәтін соңында

б) бос орыннан кейін

в) кестеден кейін





























§21. Мәтін бөліктерін ерекшелеу

  1. Ctrl + Z пернелері тіркесімі қандай қызмет атқарады?

а) Ерекшеленген бөлікті алмасу буферіне көшіру

ә) Бөлікті алмасу буферіне жылжыту

б) Алмасу буферінің мазмұнын кірістіру

в) Құжатты дискіге көшіру*

2. hello_html_6a5a6106.pngбатырмасының қызметі

а) Ерекшеленген бөлікті алмасу буферіне көшіру*

ә) Құжатты алмасу буферіне жылжыту

б) Ерекшеленген бөлікті алмасу буферіне жылжыту

в) Нысанды алмасу буферінен құжатқа кірістіру

3. Символдар... анықталған жерге енгізіледі.

а) Алдыңғы символдың орнымен

ә) Кез келген

б) адреспен

в) курсордың орнымен*

4. Мәтіндерді солға қарай өшіреді...

а) BackSpace*

ә) Delete

б) Home

в) Insert

5. Мәтінді оңға қарай өшіреді...

а) BackSpace

ә) Delete*

б) Home

в) Insert




























§22. Мәтінді пішімдеу. Әріптер

  1. hello_html_c3d6f07.pngбатырмасы мәтіннің....

а) жуан

ә) асты сызылған*

б) курсив

в) жуан курсив

  1. hello_html_m13601098.pngбатырмасы мәтіннің....

а) жуан

ә) асты сызылған

б) курсив*

в) жуан курсив

  1. hello_html_16acfefe.pngбатырмасы мәтіннің....

а) жуан*

ә) асты сызылған

б) курсив

в) жуан курсив

4. Кегль деген не?

а) әріптің түрі

ә) әріптің мөлшері*

б) әріптің түсі

в) әріптің мәнері

5. Гарнитура деген не?

а) әріптің түрі*

ә) әріптің мөлшері

б) әріптің түсі

в) әріптің мәнері



























§23. Мәтінді пішімдеу. Абзац.


  1. Абзацты пішімдеудің негізгі параметрлері....

а) шегіністер, түзеу, абзац, түзу сызық

ә) шегіністер, түзеу, жоларалық интервал*

б) шегіністер, қисық сызық, абзац

в) шегіністер, орнату, жоларалық абзац интервалы

2. Абзацты түзеулердің ішіндегі артығы қайсы?

а) сол жақ шеті бойынша

ә) Абзац бойынша*

б) оң жақ шеті бойынша

в) ортасы бойынша

3. Сызғыштың көмегімен не істеуге болады?

а) шегіністерді орнатуға*

ә) түзеуді баптауға

б) жоларалық интервалды анықтауға

в) Маркерленген тізімді баптауға

4. hello_html_m4eb86f73.png- батырмасының қызметі

а) абзацтың шегіністерін баптайды

ә) ол табуляция

б) Маркерленген тізім құрады*

в) Абзацтағы түзеуді анықтайды
































§24. Практикум. Аралас құжаттар құру


  1. Мәтінге кескінді неше тәсілмен кірістіруге болады?

а) 3*

ә) 2

б) 4

в) 5

2. Суретті қиып алу үшін қандай құрал саймандар қатарынан қандай белгіні таңдаймыз

а) hello_html_m4eb86f73.png

ә) hello_html_m13601098.png

б) hello_html_613b1a24.png

в) hello_html_m2bca1b2.png*

3. Мәтінге сурет қосу үшін...

а) Кірістіру – Paint суреті*

ә) Түр - Paint суреті

б) Түзету - Paint суреті

в) Ауыстыру - Paint суреті




































§25.Блокнот және Калькулятор


  1. Блокнот дегеніміз...

а) мәтінмен жұмыс жасауға арналған ең күрделі программа

ә) мәтінмен және кестемен жұмыс жасауға арналған программа

б) мәтінмен жұмыс жасауға арналған ең қарапайым программа*

в) мәтінмен және суретпен жұмыс жасауға арналған ең қарапайым программа

2. Калькулятор дегеніміз...

а) стандартты программа – сандық ақпаратты өңдеуге арналған

қосымшалардың бірі*

ә) стандартты программа – текстік ақпаратты өңдеуге арналған

қосымшалардың бірі

б) стандартты программа – суреттерді өңдеуге арналған

қосымшалардың бірі

в) стандартты программа – сандық және текстік ақпаратты

өңдеуге арналған қосымшалардың бірі

3. Калькулятор қандай режимде жұмыс жасайды?

а) инженерлік, сұхбаттық

ә) текстік, қарапайым

б) инженерлік, қарапайым*

в) сұхбаттық, текстік

4. Блокнотты қалай іске қосамыз?

а) Бастау – барлық программалар – стандарттық – блокнот.*

ә) Бастау – барлық программалар – стандарттық – калькулятор.

б) Бастау – барлық программалар – блокнот.

в) Бастау – барлық программалар – калькулятор.

5. Калькуляторды қалай іске қосамыз?

а) Бастау – барлық программалар – стандарттық – блокнот.

ә) Бастау – барлық программалар – стандарттық – калькулятор.*

б) Бастау – барлық программалар – блокнот.

в) Бастау – барлық программалар – калькулятор.

6. Калькулятор қай елдің сөзі, аудармасы қалай аталады?

а) орысшадан аударылған «калькулятор»

ә) түріктен аударылған «есептегіш»

б) латыннан аударылған «санағыш»*

в) ағылшыннан аударылған «kalkylator»


















§26. Калькулятор жады

1. Соңғы ендірілген цифрды өшіреді.

а) Backspace*

ә) CE

б) C

в) sqrt

2. Индикация өрісінде жарықтанған санды өшіреді.

а) Backspace

ә) CE*

б) C

в) sqrt

3. Барлық ендірілген ақпаратты өшіреді.

а) Backspace

ә) CE

б) C*

в) sqrt

4. Квадрат түбірді есептейді.

а) Backspace

ә) CE

б) C

в) sqrt*

5. Жадтағы мәнді өшіреді

а) Backspace

ә) CE

б) МC*

в) sqrt

6. Жадтағы мәнді индикаторға көшіреді.

а) MR*

ә) CE

б) C

в) sqrt

7. Индикаторға мәнді жатқа жазады.

а) MR

ә) CE

б) MS*

в) sqrt

8. Статистика терезесін ашады.

а) MR

ә) CE

б) MS

в) Stа*

9. Статистика терезесіндегі сандардың қосындысын

есептейді.

а) MR

ә) CE

б) Ave*

в) S

10. Статистика терезесіндегі сандардың қосындысын

есептейді.

а) MR

ә) Sum*

б) Ave

в) S



§27. Дыбыстық ақпаратты өңдеу. Дыбыс жазу.


  1. Дыбыспен жұмыс жасайтын программаларды қандай топтарға бөлуге болады?

а) ойнатқыштар, редакторлар, секвенсерлер*

ә) ойнатқыштар, програмалар, секвенсерлер

б) ойнатқыштар, редакторлар, калькулятор

в) ойнатқыштар, блокнот, стандартты

2. Дыбыс жазу файлдары қандай пішімде сақталады?

а) bmp

ә) txt

б) wav*

в) mp3

3. WordPad құжатына дыбыс қосу үшін ... қолданылады.

а) hello_html_2240bf85.png батырмасы

ә) ауыстыру бұйрығы

б) нысанды кірістіру бұйрығы*

в) бұл әрекет мүмкін емес

4. Windows оқиғаларын дыбыстық сүйемелдеуді баптау үшін... қолданылады.

а) Windows Media ойнатқышы

ә) регулятор дыбыс қаттылығын реттеуші

б) дыбыс жазу программасы

в) басқару тақтасы*

5. ... жылға дейін компьютердің дыбыстық карталары болмады.

а) 1977*

ә) 1905

б) 2000

в) 1986

























§28. Практикум. Дыбыс жазу.


  1. Қандай құралдың көмегімен дыбысты жаза аламыз?

а) микрофон*

ә) колонка

б) фонограф

в) дауыс реттеуші

2. Дыбыс жазу үшін қандай программа қолданылады?

а) микрофон

ә) колонка

б) фонограф*

в) дауыс реттеуші

3. Дауыс қаттылығын реттеуші...

а) микрофон

ә) колонка

б) фонограф

в) дауыс реттеуші*


А деңгейі бойынша практикалық жұмыстар.


  1. Дыбыс жазу (звукозапись) программасын қосыңдар.

  2. Дыбыс қаттылығын реттеушінің баптауын тексеріңдер, жазу құрылысы ретінде микрофонды орнатыңдар.

  3. «Терезені таңбаша көмегімен қайта қалпына келтіру» деген сөйлемді жазыңдар.

  4. Дыбысты Жұмыс үстеліндегі 1.wav файлында сақтаңдар.

  5. Дыбыс жазу программасының терезесін жиырыңдар.

  6. «Терезені таңбаша көмегімен қайта қалпына келтіру» оқиғасын дыбыстық сүйемелдеуді өзгертіңдер.

а) Бастау – Басқару тақтасы – Жабдық және дыбыс бұйрығын орындаңдар. Дыбыс бөлімінде Жүйелік дыбыстарды өзгертуді таңдаңдар.

в) 1.wav файлын таңдау үшін шолу батырмасын қолданыңдар.

С) Қолдану батырмасын шерту арқылы таңдауды растаңдар.

7. Дыбыс жазу программасының терезесін жайыңдар. Бұл оқиға сендердің дыбыс

жазуларыңмен сүйемелденуі керек.

8. 1.wav файлын қоржынға салмай жойыңдар.

В деңгейі бойынша практикалық жұмыстар.


  1. WordPad редакторында «Шалқан» ертегісінің мәтінін толтырыңдар.

  2. «Тартып-тартып, шығара алмайды» тіркестерін теріп, файлды өз бумаларыңда «Шалқан» деген атаумен сақтаңдар.

  3. Дыбысты құжатқа қосу үшін Кірістіру – Нысан, Файлдан құру бұйрығын орындаңдар.

  4. «Шалқан» файлын ерекшелеп, ОК шертіңдер.

  5. Мәтінде дыбыстың hello_html_1fb7c4cd.pngтаңбашасы шығады. Ойнату үшін осы таңбашаны екі рет шертіңдер.

Шалқан

Атай шалқан отырғызды. Шалқан үп-үлкен болып өсіп шықты. Шалқанды жерден тартып шығаратын кез келді. Атай тартып-тартып, шығара алмайды.

hello_html_1fb7c4cd.pngАтай әжейді шақырды.

hello_html_1fb7c4cd.pngӘжей немере қызды шақырды.

hello_html_1fb7c4cd.pngНемере қыз Ақтөс итін шақырды.

hello_html_1fb7c4cd.pngАқтөс иті мысықты шақырды.

hello_html_1fb7c4cd.pngМысық тышқанды шақырады.

Шалқанды бәрі шығарып алады.


С деңгейі бойынша практикалық жұмыстар.

Құжатқа дыбыс енгізу.

  1. WordPad редакторында ертегінің мәтінін толтырыңдар.

  2. Әрбір кейіпкер үшін жеке файлға дыбыс жазыңдар да, оны өз бумаларыңда сақтаңдар.

  3. Дыбысты құжатқа қосу үшін Кірістіру – Нысан, Файлдан құру бұйрығын орындаңдар.

  4. Тиісті дыбыстық файлды көрсетіп, ОК батырмасын шертіңдер.

  5. Мәтінде дыбыстың hello_html_1fb7c4cd.png таңбашасы шығады. Ойнату үшін осы таңбашаны екі рет шертіңдер.

Мияулайды торайлар:

hello_html_1fb7c4cd.pngМяу! Мяу

Қорсылдады мысықтар:

hello_html_1fb7c4cd.pngҚор!Қорс!

Үйректер шықты бақылдап:

hello_html_1fb7c4cd.pngБақ! Бақ!

Тауықтар шықты қырқылдап:

hello_html_1fb7c4cd.pngҚырқ! Қырқ!

Торғай келді секіріп

Өңіреді сиыр боп:

hello_html_1fb7c4cd.pngМө – ө -ө!

§31 - 34. Жобамен (проект) жұмыс.


Аралас құжаттар құру.


Мәтіндік редакторда таңдалған тақырып бойынша кітапша құрыңдар. Кітапша кем дегенде 10 бет болып, оның мұқабасы мен безендірілуі, мазмұны болуы тиіс.

Сендер кітаптың электрондық үлгісіне дыбыстық жазбалар қосып, дыбыстық ете аласыңдар.

Сендер 5 – сынып бойынша информатика курсын аяқтап келесіңдер. Енді жобамен (проект) жұмыс жасауларың керек.

«Проект» сөзі латынның projectus («алға тасталған» деген мағынаны білдіреді), сөзінен шыққан. Жоба жасағанда жұмыстарыңның нәтижесін өзгеше етіп көрсететіндей тақырыпқа өз көзқарасыңды білдіруге тырысыңдар.

Жобамен жұмыс жасау кезеңдерінің барысы: мәселелі жағдаят – мәселені шешу жолдары – шешім.





Автор
Дата добавления 01.10.2016
Раздел Информатика
Подраздел Тесты
Просмотров44
Номер материала ДБ-228615
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх