Инфоурок Другое ТестыТесты по казахскому языку "Лексико-грамматикалық"

Тесты по казахскому языку "Лексико-грамматикалық"

Скачать материал

 

Лексика-грамматика

1. Төл дыбыстар қатысқан сөзді белгілеңіз.

А) өзен, ғарыш, қасық

В) алма, айна, адам

С) мектеп, шана, терезе

Д) электр, фильм, футбол

Е) доп, бала, ана

2. Тасымалданбайтын сөздерді белгілеңіз.

А) қала, отан

В) ауыл, дала

С) АҚШ, ТМД

Д) немере,1 см

Е) қалам, дәптер

3.  Көп нүктенің орына керекті қосымшаларды қойыңыз. Мен дәрігер...., Алматы қаласында тұра.......

А) -мін \-мын

В) -бін \ -бын

С) -пін \ -пын

Д) -мын \ -бын

Е) -пін \ -мын

4. Қай сөзге көптік жалғауы жалғанбайды?

А) кереует

В) әдемі қыз

С) сегіз қалам

Д) әдеби кітап

Е) ұлт

5. Топтау сан есімі қатысқан сөйлемді табыңыз.

А) Олар тез-тез жүре бастады.

В) Театрға  екі-екіден кірдік.

С) Айманның жасы жетіде.

Д) Олар бүгін мыңға жуық үйді аралады.

Е) Мен төртінші қабатта тұрамын.

6. Сұраулы сөйлемді белгілеңіз.

А) Түскі асқа қандай тағам түрлерін таңдаған дұрыс?

В) Таңғы асқа қою тағамдар жеген дұрыс?

С) Мен үнемі ағаммен ақылдасып отырамын?

Д) Сағат жетіден кейін тамақтанған дұрыс емес?

Е) Біздің тез арада кетуіміз керек?

7.  «У» дыбысы қай қатарда дауысты болып тұр?

А) жуа

В) ау

С) тау

Д) жау

Е) дауа

8. Септік жалғауы жалғанған сан есімді  табыңыз.

А) Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.

В) Бірінші - байлық  денсаулық.

С) Төрттен екіні ал.

Д) Жігіттің екі сөйлегені өлгені.

Е) Екі жердегі екім төрт.

9. Заттың салмағын білдіріп тұрған сын есімді көрсетіңіз.

А) Мына көйлектің бағасы қымбат екен.

В) Түркістанның ғимараттары аласа.

С) Мына кісінің жүгі ауыр екен.

Д) Қыстыгүні дала ақ қарға оранады.

Е) Бір ұзын бойлы жігіт есіктен кірді.

10. Қай сөйлемде бір нәрсені орындауды талап етіп тұр.

А) Кітап білім бұлағы.

В) Ақылдыдан үйрен, сұмнан жирен.

С) Кісі кірмеген үй - моламен тең.

Д) Қонағы жаман болса, үй иесі қыдырады.

Е) Уақыт - ұлы емші.

11. Нақ осы шақта тұрған сөйлемді көрсетіңіз.

А) Мен осы қалада тұрамын.

В) Асқар университетте оқып жүр.

С) Менің ағам осы университетте оқыған.

Д) Былтыр дайындық бөлімінде оқыдым.

Е) Мен қазақ тілін үйренбекпін.

12. Ауыспалы осы шақты көрсетіңіз.

А) Ол бүгін теледидардан кешкі жаңалықтарды тыңдайды.

В) Мен биыл Түркістан қаласына барсам, А.Ясауи кесенесін көремін.

С) Мен еліміздің үлкен қалаларын аралаймын.

Д) Маған өзім тұратын қала ұнайды.

Е) Ол  ертең жолға шығады.

13. Қай сөзге жіктік жалғауы жалғанбайды?

А) ақылды

В) жақсы

С) бірінші

Д) терезе

Е) жұмысшы

14. Етістікке жалғанған жіктік жалғауын табыңыз.

А) Мен балалар дәрігерімін.

В) Мен қала әкімімін.

С) Ол қалада тұрған.

Д) Мен заңгермін.

Е) Мен мектепте оқимын.

15. «Кіммен» деген сұраққа жауап беретін сөздің қай сөйлемде екенін көрсетіңіз.

А) Біз бөлмені тазаладық.

В) Дүкеннен нан, сүт сатып алдым.

С) Қыста балалар қармен ойнайды.

Д) Мен Нұргүлмен дүкенге бардым.

Е) Марат пен Асан дүкенге кетті.

16. Қаратпа сөзді белгілеңіз.

А) Шіркін, мына жердің кереметін-ай!

В) Иә, ол дәрігерге көрінді.

С) Меніңше, сенің бұл ісің дұрыс емес.

Д) Арман, тақтаға шық.

Е) Әдемі, сұлу, көрікті қыздар көп екен.

17. Екі затты салыстыру үшін қолданылатын қосымшаны көрсетіңіз.

А) -тау \ -теу

В) -бақ \ -бек

С) -ау \ -еу

Д) -ған \ -ген

Е) -ып \ -іп

18. Мезгіл үстеуі қатысқан сөйлемді табыңыз.

А) Қыс мезгілі маған ұнайды.

В) Сен қашан демалысқа шығасың?

С) Күздігүні ағам әскерден келеді.

Д) Университетті қашан бітіресің?

Е) Маған өзім тұратын қала ұнайды.

19. Іс-әрекеттің мекенін білдіріп тұрған сөз қай сөйлемде?

А) Түні бойы ұйықтай алмадым.

В) Мен еліміздің үлкен қалаларын аралаймын.

С) Бүгін Түркістанға барамын.

Д) Ол әрі-бері жүгіріп жүр.

Е) Ол кітапханада сабаққа дайындалып отыр.

20. Барыс септігінде тұрған сөзді көрсетіңіз.

А) Саған қандай кітаптар ұнайды?

В) Менің кино көргім келеді.

С) Қаланың көркі көз тартады.

Д) Үйде қонақтар бар.

Е) Бала туылғанда қазақ отбасы шілдехана береді.

21. Қай сөйлемде бір нәрсені орындауды талап етіп тұр?

А) Ол таңертең ерте тұрды.

В) Біздің тауға шыққымыз келеді.

С) Анаңа ауыр сөз айтпа, атыңа ауыр жүк артпа.

Д) Тіл - қылыштан өткір.

Е) Ел іші – алтын бесік.

22. Септік жалғауы жалғанғанда өзгеріске ұшырайтын есімдікті көрсетіңіз.

А) ешкім

В) бұл

С) өзі

Д) біреу

Е) кім

23. Болымсыздық есімдігі қатысқан сөйлемді белгілеңіз.

А) Айбек сабаққа бармады.

В) Дүкеннен түрлі заттар сатып алдық.

С) Кейбір сәттерде оның көңіл-күйі түсіңкі болады.

Д) Маржан ешқашан сабақтан қалған емес.

Е) Әркімге өзінің туған жері ыстық.

24. Мекен үстеуді табыңыз.

А) Үйдің іші өте жарық екен.

В) Университеттің алдында мәдениет сарайы бар.

С) Олар артқа шегінді.

Д) Әкем бөлмеде газет оқып отыр.

Е) Балалар үйдің сыртында ойнап жүр.

25. Қай сөйлемде синоним сөздер қолданылған?

А) Құдықты шапшаң қазып, самауырды тез қойып жіберіңдер.

В) Ерланның бойы ұзын, Ержанның бойы қысқа.

С) Бұл істің ақ-қарасын ажыратып алу керек.

Д) Ащы мен тұщыны татқан білер.

Е) Білім арзан, білу қымбат.

26. Антоним сөздер қатысқан сөйлемді белгілеңіз.

А) Туған елдің биік, асқар таулары алыстан көз тартады.

В) Оның мөлдір, тұнық айдын көлдері - менің ақ бесігім.

С) Жақын мен алысты жортқан білер.

Д) Ол өте сабырлы, байыпты жігіт.

Е) Олар бізден алыс тұрады.

27. Қай мақалда антоним сөздер қолданылған?

А) Отан отбасынан басталады.

В) Ескі сөз – жаңа сөздің қазығы.

С) Білімді мыңды жығар.

Д) Адам болатын бала, алысқа қарайды.

Е) Туған жердей жер болмас,

     Туған елдей ел болмас.

28. Омоним бола алатын сөзді белгілеңіз.

А) ара

В) келешек

С) бала

Д) жеңіл

Е) өзен

29. Көмекші есім қатысқан сөйлемді белгілеңіз.

А) Туған елдің биік, асқар таулары алыстан көз тартады.

В) Асан мен Айдар сыртқа шықты.

С) Олар ағасының үйіне барды.

Д) Аурухананың жанынан үлкен дәріхана салынып жатыр.

Е) Олар таңертең жолға шықты.

30. Болжалдық сан есім қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

А) Мен анама екі орамал сатып алдым.

В) Үйге біреу кірді.

С) Ағам Абай көшесіндегі алтыншы үйде тұрады.

Д) Бұл ауылда жүзге тарта отбасы бар екен.

Е) Біз партада төрт-төрттен отырамыз.

31. Үнді дауыссыз дыбыстардан құралған сөзді көрсетіңіз.

А) Машина, бөлме

В) ұлу, маймыл

С) Аққу, суық

Д) дәрігер, қағаз

Е) Әдемі, сұлу

32. Көмектес септігіндегі сөзді табыңыз.

А) Айгүл(мен) бірге

В) Есік (пен) терезе

С) Ажар (мен) Кеңес

Д) Қаз (бен) үйрек

Е) Мұрын (мен) құлақ

33. Болымсыз етістіктің жұрнағы жалғанып тұрған сөзді көрсетіңіз.

А) Сағат жөнделді(ме)

В) Үйге келді(ме)

С) Есікті аш(па)

Д) Ақылға келді(ме)

Е) Анасын көрді(ме)

34. Қыстырма сөз қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.

А) Айналайын, маған көмектесіп жіберші.

В) Жақсының өзі өлгенмен, сөзі өлмейді.

С) Дос, досқа жаныңды қос.

Д) Менің білуімше, бұл жерге көкөніс жақсы өседі.

Е) Ағыбайдың ұлы боларсың?

35. Тәуелдік жалғауының III жағындағы сөзді көрсетіңіз.

А) Анасы Алматыдан келді.

В) Сенің сабақтарың қашан бітеді?

С) Менің отбасым Астана қаласында тұрады.

Д) Біздің тобымызда үздік студенттер көп.

Е) Сіздің балаңыз өте ақылды.

36. Тәуелдік жалғауының II жақ сыпайы тұлғасында тұрған сөзді көрсетіңіз.

А) Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.

В) Сенің анаң тамақты дәмді пісіреді екен.

С) Досы көпті жау алмайды.

Д) Оның дұшпандары көп екен.

Е) Сіздің үйіңізге барсақ қалай болады?

37. Күшейтпелі шырайы бар сөйлемді көрсетіңіз.

А) Ата-анаңа мейірімді, халқыңа қайырымды бол.

В) Сап-салқын суды тоқтамастан сіміріп салды.

С) Ол өте үлкен іс бітірді.

Д) Ауа райы салқындау екен.

Е) Әр жерден шыққан көкшіл өсімдіктер көріне бастады.

38. Өзгелік етісті табыңыз.

А) Ақылды мақтанса, іс тындырар.

В)  Қозылар жайлауда жайылды.

С)  Әдемі, сұлу ән үзілген жоқ.

Д) Күн жылынды.

Е) Есенбектің ауылы алыстан көрінді.

39. Ырықсыз етіс қатысқан сөйлемді табыңыз.

А) Суға қарап таранды.

В) Бір құшақ гүл терілді.

С) Ойын Айбала арқылы білдірді.

Д) Олжас үйіне кетті.

Е) Ақылды өтірік шаршатады.

40. Болымсыз етістікті көрсетіңіз.

А) ешкім

В) оқыма

С) келді

Д) оқыған

Е) оқыпты

41. Болымсыз етістіктің жұрнағын көрсетіңіз.

А) Шөп жиналды (ма)

В) Ол келіп (пе)

С) Жаман әдетке жола(ма)

Д) Ол бара  (ма)

Е) Өтірікке жол жоқ.

42. Көптік жалғауында тұрған сөзді табыңыз.

А) дәптер

В) көрсетер

С) кетер

Д) жылдар

Е) жатар

43. Жалпы есімді табыңыз.

А) Сурет

В) Серік

С) Сирия

Д) Сырдария

Е) Серғазы

44. Жалқы есімді табыңыз.

А) Өзен

В) Өлең

С) Көл

Д) Жыл

Е) Орал

45. «Қабағынан қар жауды» тұрақты тіркесінің мағынасын табыңыз.

А) қуану

В) ашулану

С) көңілді

Д) қорқу

Е) шаттану

46. «Бетінен оты шығу» тұрақты тіркесінің мағынасы қандай?

А) әділ

В) өтірікші

С) жалқау

Д) мақтаншақ

Е) ұялу

47. Септеулік шылау қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

А) Менің атам Отан үшін қаза тапты.

В) Мен оған барлық сырымды айтамын, өйткені ол менің досым.

С) Айнұр мен Жанар кітапханаға барды.

Д) Не ұшақпен, не пойызбен барамын.

Е) Мен үйге кеш келдім.

48. Барыс септігіндегі сөзден кейін қолданылатын септеулік шылауды көрсетіңіз.

А) туралы

В) бірге

С) шейін

Д) арқылы

Е) соң

49. Одағай сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

А) Шырағым, маған көмектесіп жіберші.

В) Әттең, үлгере алмадым!

С) Меніңше, ол ертең келеді.

Д) Ол тез-тез киініп сыртқа шықты.

Е) Олай болса, бірге барайық.

50. Одағай сөзді көрсетіңіз.

А) қарағым

В) біресе

С) алақай

Д) қысқасы

Е) біріншіден

 

Жазылым.

1. Берілген үзінді қай ұлттық ойын туралы айтылған? Белгіленген ара қашықтықта үш-төрт жерге шүберекке оралып күміс теңге тасталынады. Шабандоздар кезек алып тізбекке тұрады. Олар шауып келе жатып, ат үстінен еңкейе отырып, жолындағы түйілген шүберекті алуы керек.

А) қыз қуу

В) теңге ілу

С) алтыбақан

Д) көкпар

Е) бәйге

2. Наурыз қандай мереке?

А) діни мереке

В) ұлттық мереке

С) қызықты мереке

Д) қыста тойланатын мереке

Е) егін піскенде тойланатын мереке

3. Қазақ халқының ұлттық бас киімдері жазылған қатарды көрсетіңіз.

А) саптама, ішік, тон

В) шапан, тымақ, қос етек көйлек

С) тымақ, кимешек, сәукеле

Д) сәукеле, ішік, бөрік

Е) бөрік, кебіс, саптама

4. Қ.А.Ясауи кім?

А) дүние жүзіне әйгілі ұлы ғалым, екінші ұстаз атанған бабамыз.

В) 12 ғасырда өмір сүрген ғұлама ғалым, ақын, философ.

С) түркология тарихында ол тұңғыш тарихи-салыстырмалы әдісті қолданып, түркі тілдері тарихи диалектологиясының негізін салды.

Д) дастаны Қашқар қаласында жазылған ұлы әдебиетші.

Е) медицина саласына арналған трактаттар жазды.

5. Жүсіп Баласағұнның еңбегін көрсетіңіз.

А) Диуани хикмет

В)Диуани лұғат ат түрік

С) Құтты білік

Д) Білім кітабы

Е) Музыканың ұлы кітабы

6. Балалық шағы Арыс,Сырдария өзендерінің бойында өткен, білімін тереңдету үшін Бағдад, Дамаск, Каирде болған, «Шығыстың Аристотелі» атанған ұлы ойшыл кім?

А) Ибн Сина

В) Жүсіп Баласағұн

С) Қ.А.Ясауи

Д) Әбу Насыр Әл-Фараби

Е) Махмұд Қашқари

7. Томириске байланысты берілген мәліметті көрсетіңіз.

А) Біздің дәуірімізге дейінгі 2 ғасырда өмір сүрген, қазақ халқының ұл сұрап сыйынатын тұңғыш енесі.

В) Қараханидтер әулетінің негізін қалаушы Қараханның қалыңдығы, сонау скифтер заманынан бастап-ақ қазақтың қолөнеріне енген, содан бері қолданылып келе жатқан ою-өрнек, әшекей түрлерінің бәрін қамтитын күрделі архитектуралық әсем ескерткіштің иесі.

С) Сақ тайпасының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшасы.

Д) Барынша кішіпейіл, алдағы күннің жайын ойлап айтар, болжампаз, көреген қасиетін құрметтеген ұрпақтары сол заманның өзінде-ақ оның атын атамай шағын денесіне қарап «Домалақ ене» деп атап кеткен.

Е) Жас нәресте мен екіқабат әйелдердің сыйынатын пірі болған. Оған хакастар, алтайлықтар, тывалықтар, қырғыздар табынған.

8. «Түркістан», «Алыстағы бауырыма», «Мен жастарға сенемін» өлеңдерінің авторы кім?

А) А.Байтұрсынов

В) М.Жұмабаев

С) М.Әуезов

Д) А.Құнанбаев

Е) Ш.Уәлиханов

9. Ы.Алтынсарин туралы жазылған мәліметті көрсетіңіз.

А) Ол қазақ балалары үшін мектептер ашып, жаңа мектептер салдырды. Мектеп оқушыларына арнап «Қазақ хрестоматиясы» деген кітап жазды.

В) Ыстықкөлге сапар шегіп, қырғыз халқының этнографиясын зерттеді.

С) Ұлы ақын Абайдың өмірін, шығармашылығын зерттеп, ол туралы роман жазды.

Д) «Ыстықкөл сапарының күнделіктері» атты еңбек жазған.

Е) Ол қазақтың біртуар ақыны. Ол өмір бойы түркі халықтарының ынтымағы мен достығын ойлаған ақын.

10. «Қол созым жер, ат шаптырым жер, ит өлген жер» қай өлшемге жатады?

А) Салмақ өлшемдеріне

В) Көлем өлшемдеріне

С) Қалындық өлшемдеріне

Д) Қашықтық өлшемдеріне

Е) Ауырлық өлшемдеріне

11. 1-мамыр Қазақстан Республикасы үшін қандай мереке?

А) Жыл басы Наурыз мерекесі

В) Балалар күні

С) Республика күні мерекесі

Д) Конституция күні

Е) Халықтар достығы, бірлігі мерекесі

12. Б. Момышұлы кім?

А) халық қаһарманы, көрнекті жазушы

В) даңқты жауынгер, әнші

С) суретші, өнер қайраткері

Д) ғалым, дәрігер

Е) көрнекті жазушы, саяхатшы

13. «Менің атым Айша. Мен ас әзірлеймін». Айшаның  мамандығы не?

А) биші

В) сәулетші

С) даяшы

Д) саяхатшы

Е) аспазшы

14. Берілген сөйлемнің жалғасын табыңыз.

Мұстафа халықаралық конференцияларға қатысып сөз сөйлеп,  ....................................................................................................

А) Түркістанның азаттығы жолында күресті.

В) ешкім үшін күреспеді.

С) түрік баспасөзін қалыптастырды.

Д) ол орыс жағрапия қоғамына мүше болып сайланды.

Е) Петербург университетінде дәріс тыңдады.

15. «Жеті жарғы» ата заңын шығарған ханды белгілеңіз?

А) Абылай

В) Жәнібек

С) Әбілқайыр

Д) Тәуке

Е) Кенесары

16. .....................................ІХ ғасырдағы ірі қала болған. Ол тарихта Тұрарбанд, Тұрар, Тарбанд аттарымен де белгілі.

А) Астана

В) Алматы

С) Отырар

Д) Түркістан

Е) Сайрам

17. Г. Булатов екеуі Рейхстаг қабырғасына бірінші болып ту қадаған жауынгер кім?

А) Б. Момышұлы

В) М. Мәметова

С) Р. Қошқарбаев

Д) Ә. Молдағұлова

Е) Т. Мұсабаев

18. Тоқтар Әубәкіровке байланысты мәліметті көрсетіңіз.

А) екінші дүние жүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, жазушы.

В) ғарыш әлеміне ұшқан тұңғыш қазақ ғарышкері, сынақшы-ұшқыш.

С) ол Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының ұшқыш ғарышкері.

Д) 1945 жылы сәуірдің 30-ы күні Рейхстаг қабырғасына бірінші болып ту қадады.

Е) түркі халқының бірлігін ойлаған ұлы қоғам қайраткері.

19.  Мына мәтінде қай мезгіл суреттелген? Күн жылына бастады. Жылғалардан су ақты. Құстар ұшып келді. Ағаштар бүршік атты.

А) жаз

В) күз

С) қыс

Д) көктем

Е) алтын күз

20. Мақалды жалғастырыңыз. Кітап - ......................

А) білім көзі

В) білім бастауы

С) білім кені

Д) білім теңізі

Е) білім бұлағы

 

 

 

Оқылым.

1. Берілген мәтін қандай ресми іс-қағаз түріне жатады? 08.05.2010  күні  сағат 11-де үлкен залда Жеңіс күніне арналған салтанатты жиын болады. Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен кездесу болады.

А) резюме

В) хабарландыру

С) қолхат

Д) кепілхат

Е) сенімхат

2. Берілген мәтін қандай ресми іс-қағаз түріне жатады? Мен, Айман Әділханқызы Есенова. Mersedes 250 маркалы жеңіл көлігімді жүргізуді ағам Асқар Сәкенұлы  Дәулетовқа сеніп тапсырамын.

А) анкета

В) түсініктеме

С) қолхат

Д) кепілхат

Е) сенімхат

3. Сіздің азаматтығыңыз, отбасылық жағдайыңыз, біліміңіз, қысқаша өмірбаяныңыз, кәсіби біліктілігіңіз туралы мәліметтер берілетін ресми іс-қағаз түрін көрсетіңіз.

А) хабарландыру

В) түсініктеме

С) қолхат

Д) сенімхат

Е) резюме

4. «Материалдық көмек беруіңізді сұраймын», «Жатақханадан бір орын беруіңізді сұраймын», «оқуға қабылдауыңызды сұраймын» деген сөз тіркестері қандай ресми құжатта қолданылады?

А) резюме

В) өтініш

С) хабарландыру

Д) қолхат

Е) сенімхат

5. Кепілхат қандай жағдайда жазылады?

А) үлкен көлемде қаржы алғанда

В) жұмысқа қабылданғанда

С) жұмыстан кешіккенде

Д) машинасын досына сеніп тапсырғанда

Е) оқуға түскенде

6. Резюмеде жиі қолданылатын тіркестерді көрсетіңіз.

А) үй сатылады

В) енді қайталанбайды

С) жұмысқа қабылдауыңызды сұраймын

Д) шет тілдерінен ағылшын тілін жетік білемін

Е) көрсетілген уақытта қайтарамын

7. Пәтер сатып алу жөнінде жазылған хабарландыруды көрсетіңіз.

А) 15.03.2010 күні сағат 12-де кіші залда Дайындық факультетінің тыңдауыларымен жиналыс өтеді. Жиналысқа барлықтарыңыздың қатысуларыңызды сұраймыз.

В) Қаланың орталық бөлігінде орналасқан, барлық жағдайы жасалған екі бөлмелі пәтер сатып аламын. Байланыс телефоны: 23 34 32

С) Алматы қаласы, А.Құнанбаев көшесінде орналасқан №43  үй сатылады. Үй бес бөлмелі, барлық жағдай жасалған. Гараж, бақшасы бар. Бағасы келісім бойынша. Байланысу телефоны: 67 54  66

Д) Құрметті студенттер! Әр сенбі сайын бас ғимараттың  203  дәрісханасында ағылшын тілінен курс болады. Қатысам деушілер Филология факультетінің деканатына тіркелсін.

Е) Астана қаласының орталығында орналасқан, барлық жағдайы жасалған, екі бөлмелі пәтер сатып аламын. Байланысу телефондары: 23 25 26, 87012140202

8. Үйлену тойына байланысты жазылған шақыруды табыңыз.

А) Құрметті Асыл! Сізді үйлену тойымыздың қадірлі қонағы болуға шақырамыз. Тойымыз 2010 жылы 20  шілде күні сағат19-да «Мерей» тойханасында болады.

В) Сізді үйіме қонаққа шақырайын деп едім.

С) Құрметті Ерасыл мырза! Сізді 13.02.2010 күні үлкен залда өтетін салтанатты кешімізге шақырамыз.

Д) Құрметті Дәурен! Сізді елу жылдық мерейтойыңызбен құттықтаймыз. Зор денсаулық, ұзақ өмір, еңбекте табыс тілейміз! Тілек білдірушілер: Баспахана ұжымы.

Е) 08.05.2010 күні сағат 10-да мәжіліс залында салтанатты жиын өткізіледі. Салтанатты кездесу Жеңіс күніне арналады.

9. Сіздің өміріңіз туралы мәлімет беретін құжатты көрсетіңіз.

А) Өмірбаян

В) Өтініш

С) Түсініктеме

Д) Хабарландыру

Е) Сенімхат

10. Жаңа үйге көшкен кісіге қандай тілек айтылады?

А) Көш көлікті болсын!

В) Бақытты бол!

С) Ас болсын!

Д) Алдыңа қойған масатыңа жет!

Е) Шаңырағың биік болсын!

11. Берілген үзіндіге байланысты қойылған сұрақты табыңыз. Жазда күн ыстық болады. Жазда демалыс күндерінде қала адамдары саяжайларға барып демалады, жағажайларға барып суға шомылады. Жемістер, көкөністердің көбі піседі.

А) Жазда ауа райы қандай болады?

В) Жазғы демалыста қайда демалғанды ұнатасыз?

С) Жазғы демалыста адамдар не істейді?

Д) Жаздыгүні не піседі?

Е) Жазда адамдар қайда шомылады?

12 .Берілген мақаланың айдарын анықтаңыз. Алматыда жексенбі күні ҚР кубогы үшін болған кездесу жеңімпаздың есімін анықтады. Кубок ойынының ақтық кезеңінде «Алматы» футбол клубымен бақ сынаған «Ақтөбе» ойыншылары ойын басымдығына толық ие бола отырып, оң нәтижеге қол жеткізе алды. «Супер кубокты» жеңіп алған «Ақтөбе» биылғы жетістігінің қатарына ҚР кубогын де қосып алды.

А) саясат

В) мәдениет

С) әлеумет

Д) денсаулық

Е) спорт

13. Таныс емес кісіге тіл қатып, мәлімет сұраңыз.

А) сізге үлкен рахмет

В) Кешіріңіз! Сізден сұрауға бола ма?

С) Жолыңыз болсын!

Д) алғыс айтамын!

Е) Сізбен танысқаныма қуаныштымын!

14. «Сізді құттықтаймын!», «бақыт тілеймін!» деген сөз тіркестері қашан қолданылады?

А) өтініш білдіргенде

В) кешірім сұрағанда

С) тілек білдіргенде

Д) сенім білдіргенде

Е) қуанғанда

15. Таңдануға байланысты қолданылатын сөз.

А) Бірінші рет естіп тұрмын.

В) Сіз жас көрінесіз!

С) Кешірім өтінемін.

Д) Алғыс білдіремін.

Е) Мол бақыт тілеймін!

16. Рұқсат сұрау мағынасында қолданылып тұрған құрылымды белгілеңіз.

А)  Шығуға бола ма?

В) Досың жазылды ма?

С) Шай ішуге барасың ба?

Д) Кітапханаға барасың ба?

Е) Бұл баланы танисың ба?

17. Өкініш мағынасын білдіріп тұрған құрылымды белгілеңіз.

А) Біздің үйге қонаққа келуіңізді өтінемін.

В) Өкінішке орай, ол келмеді.

С) Абырой болғанда, ол ештеңе демеді.

Д) Бұл кітапты сыйлайын деп едім.

Е) Егер сізге қиын болмаса, айтып жіберіңізші.

18. Өтініш мағынасын білдіру үшін қолданылатын сөзді табыңыз.

А) жұмысшы

В) құрылысшы

С) айтушы

Д) көрші

Е) жүргізуші

19. Ескертуге байланысты сөзді белгілеңіз.

А) Танысайық.

В) Байқа, есіңнен шығып кетпесін.

С) Білесің бе?

Д) Қарсы емессің бе?

Е) Бүгін келесің бе?

20. Таңдануда қолданылатын сөзді табыңыз.

А) Әрине, міндетті түрде.

В) Бұлай болуы мүмкін емес.

С) Алғысымды білдіремін.

Д) Айтып жіберіңізші.

Е) Кешірім өтінемін.

 

Сөйлесім.

1. Жағдаяттық тапсырма. Сізді досыңыз кешкі асқа шақырды. Бірақ сіздің уақытыңыз өте тығыз, басқа шаруаларыңыз бар. Кешкі асқа бара алмайтыныңызды айтып, кешірім сұраңыз.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

                                      (досыңыздың өтініш сөздері)

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

                                    (кешірім өтіну сөздері)

 

2. Жағдаяттық тапсырма. Сіздің досыңыз мектеп бітірді. Оның шетелде оқығысы келеді. Сіз оған Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті туралы айтып беріңіз.

1. Қандай факультеттер барын, мамандық түрлері туралы мәлімет беріңіз.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2. Студенттер үшін қандай жағдай жасалғанын әңгімелеңіз.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3. Досыңыздың  пікірін біліңіз.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

                                   (өтініш сөздерін жазыңыз, тағы да келуін өтініңіз)

3. Берілген сөздерді жұптастырып, сөйлем құраңыз.

1) Өзеннің          а) отбасым          ............................................................

2) Менің            в) қаламыз           ....................................................................

3) Біздің             с) жағасында        ..................................................................

4. Күрделі сөйлемдерді толықтырыңыз.

а)  Демалысқа шыға алмадым, ...................................................................

в) Оқытушымыз қатал кісі, дегенмен ...........................................................

с) ................................................................................... сондықтан анаммен сөйлесе алмадым.

5. Мақал-мәтелдерді толықтырыңыз.

Туған жердің күні де ыстық,  ................................................................

..................................................................  Туған жердің түні де ыстық.

 

 

 

 

 

 

 

Дайындаған :              С.Бибекова

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тесты по казахскому языку "Лексико-грамматикалық""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор дома творчества

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 650 753 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.02.2016 3964
    • DOCX 120 кбайт
    • 21 скачивание
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бибекова Сауле Мынбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бибекова Сауле Мынбаевна
    Бибекова Сауле Мынбаевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 24188
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 283 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 846 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 473 человека из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 319 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Эффективная самопрезентация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 52 человека из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 32 человека

Мини-курс

Стратегии B2B маркетинга: от анализа до продаж

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии и инструменты для эффективного продвижения бизнеса в интернете

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов