Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физика / Тесты / Тесты для 8 класса

Тесты для 8 класса


  • Физика

Название документа 1 нұсқа.docx

Поделитесь материалом с коллегами:

1 нұсқа


  1. Электроплитадан оның үстінде тұрған ыдысқа жылу берілудің тәсілі:

  1. Жылу өткізгішітік

  2. Конвекция

  3. Сәулелену

  4. Жылу өткізгіштік пен сәулелену

  5. Конвекция мен сәулелену

  1. Көп уақыт бойы көрсетуін сақтайтын медициналық термометр құрылысының ерекшелігі:

  1. Температураны өлшеу шегі аз

  2. Аспаптың өлшеу құны аз

  3. Сынабы бар баллон мойыны тарылған

  4. Сынап қолданылады

  5. Шкаласындағы нөлдік мәні жоқ

  1. Дененің ішкі энергиясын өзгерту әдістері:

  1. Жұмыс істеу арқылы

  2. Жылу алмасу арқылы

  3. Энергия алмасу арқылы

  4. Жылу алмасу арқылы мен жұмыс істеу арқылы

  5. Дененің ішкі энергиясы өзгермейді

  1. Металл қасықтың қыздырылған бөлігінен суық бөлігіне энергияның берілу құбылысы:

  1. Конвекция

  2. Сәуле шығару

  3. Сәуле шығару мен жылу өткізгіштік

  4. Конвекция мен сәуле шығару

  5. Жылу өткізгіштік

  1. Массалары 2 кг және 1 кг әр түрлі заттан жасалған денелер (с1 = 230 Дж/кг*0С, с2 = 460 Дж/кг*0С) бірдей температураға қыздырылды. Денелерге берілген жылу мөлшерінің мәнін салыстырыңдар:

  1. Q1 = Q2

  2. Q1 = 2Q2

  3. 2Q1 = Q2

  4. 4Q1 = Q2

  5. Q1 = 4Q2

  1. 00С температурада мұз ериді. Осы кезде энергия:

  1. Жұтылады

  2. Бөлінеді

  3. Жұтылмайды және бөлінбейді

  4. Бастапқыда жұтылады, кейін бөлінеді

  5. Бастапқыда бөлінеді, кейін жұтылады

  1. Массасы 1 кг зат толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін анықтайтын шама:

  1. Меншікті булану жылуы

  2. Меншікті жану жылуы

  3. Меншікті балқу жылуы

  4. Меншікті жылу сыйымдылығы

  5. Жану жылуы

  1. Сұйықтың қайнау температурасы сыртқы қысымға қалай тәуелділігін анықтаңдар:

  1. Тәуелді емес

  2. Қысым артқан сайын қайнау температурасы төмендейді

  3. Қайнау температурасы сыртқы қысымның квадратына пропорционал

  4. Қысым артқан сайын қайнау температурасы да артады

  5. Қайнау температурасы сыртқы қысымның квадратына кері пропорционал

  1. Массасы 5 кг эфирді қайнау температурасында буға айналдыру үшін жұмсалатын жылу мөлшерін анықтаңдар. Эфирдің меншікті булану жылуы 0,4*106 Дж/кг:

  1. 1,25*10-6 Дж

  2. 0,4*106 Дж

  3. 8*104 Дж

  4. 2*106 Дж

  5. 2*10-6 Дж

  1. Қысымы өзгеріссіз болатын термодинамикалық процесс:

  1. Изотермиялық

  2. Изохоралық

  3. Изобаралық

  4. Адиабаталық

  5. Изопроцесс

  1. Жылу қозғалтқышына жатпайтын құрылғыны анықтаңдар:

  1. Іштен жану қозғалтқыш

  2. Дизель

  3. Газ турбинасы

  4. Карбюратор

  5. Реактивті қозғалтқыш

  1. Газға 5 кДж – ға тең жылу мөлшері берілді. Осы кезде газ 2 кДж – ға тең жұмыс атқарды. Газдың ішкі энергиясының өзгеруі:

  1. 5 кДж – ға артты

  2. 2 кДж – ға артты

  3. 3 кДж – ға артты

  4. 2 кДж – ға кемиді

  5. 3 кДж – ға кемиді

  1. Электр өріс кернеудігінің өрнегі:

  1. Е = qd

  2. Е = Fq

  3. Е = hello_html_m57c80c61.gif

  4. Е = hello_html_9752a20.gif

  5. Е = Ud

  1. Электр өрісіндегі зарядтың орын ауыстыру жұмысы нөлге тең болатын жағдайды көрсет:

  1. Күш сызығының бойымен зарядтың орын ауыстырғанда

  2. Кез – келген электростатикалық өрістегі кез – келген тұйық траектория бойынша орын ауыстырғанда

  3. Өрістегі кез – келген тұйық емес траектория бойынша нүктелік зарядтың орын ауыстыру

  4. Біртекті электр өрісіндегі кез – келген тұйық емес траектория бойынша орын ауыстырғанда

  5. Әрқашан нөлге тең

  1. Нүктелік зарядтың электр өрісінің кернеулігі, сол нүктеде өріс тудыратын зарядты 3 есе кеміткенде модулі бойынша өзгеруі:

  1. 3 есе артады

  2. 3 есе кемиді

  3. 9 есе артады

  4. 9 есе кемиді

  5. Өзгермейді

  1. Электр тізбегін құрайтын аспаптар:

  1. Қыздыру шамдары, өткізгіш сымдар мен амперметр

  2. Электр энергиясын қабылдағыштар, сымдар және амперметр

  3. Электр энергиясын қабылдағыштар, амперметр, вольтметр және кілт

  4. Электр энергиясын қабылдағыштар, сымдар және кілт

  5. Электр энергиясын қабылдағыштар, сымдар, кілт және ток көзі

  1. Кернеудің өлшем бірлігі:

  1. Ватт

  2. Ом

  3. Вольт

  4. Ампер

  5. Джоуль

  1. Кедергілері 1 Ом мен 4 Ом екі резистор тізбектей қосылған. Бірінші резистор арқылы 3 А ток өтеді. екінші резистор арқылы өтетін токтың шамасы:

  1. 1 А

  2. 2 А

  3. 3 А

  4. 4 А

  5. 0

  1. Электролиттердегі электр тоғы дегеніміз:

  1. Электрондардың реттелген қозғалысы

  2. Электрон және оң иондардың реттелген қозғалысы

  3. Оң иондардың реттелген қозғалысы

  4. Оң және теріс иондардың реттелген қозғалысы

  5. Теріс иондардың реттелген қозғалысы

  1. 1000С – де қабылданған температура:

  1. Қалыпты жағдайда судың қайнауы

  2. Қалыпты атмосфералық қысымда судың қайнауы

  3. Ащы судың қайнауы

  4. Будың конденсациясы

  5. Судың булануы

Название документа 10 нұсқа.docx

Поделитесь материалом с коллегами:

10 нұсқа


  1. Жылу қозғалтқыштың ПӘК – ін есептеуге арналған формула:

  1. η = hello_html_6e17ad79.gif

  2. η = hello_html_m7cb4a0f8.gif

  3. η = hello_html_1a45bf1b.gif

  4. η = hello_html_52cd37ad.gif

  5. η = hello_html_m36a27bf3.gif

  1. «Суық денеден жылы денеге жылудың өздігінен өтуі мүмкін емес» тұжырымы – бұл:

  1. Термодинамиканың бірінші заңы

  2. Термодинамиканың екінші заңы

  3. Термодинамиканың үшінші заңы

  4. Энергияның сақталу заңы

  5. Энергияның түрлену заңы

  1. Дене температурасын өлшейтін аспап:

  1. Барометр

  2. Термометр

  3. Спидометр

  4. Калориметр

  5. Амперметр

  1. Көлемі тұрақты болатын процесс:

  1. Изотермиялық

  2. Изохоралық

  3. Изобаралық

  4. Адиабаталық

  5. Изопроцестерге жатпайды

  1. -730С – қа сәйкес келетін абсолюттік температура:

  1. 320 К

  2. 300 К

  3. 346 К

  4. 200 К

  5. 216 К

  1. Конвекция құбылысы арқылы жылу тасымалданатын орталар:

  1. Қатты

  2. Сұйық

  3. Газ

  4. Вакуум

  1. 1 және 2

  2. 2 және 3

  3. 1 және 4

  4. 1, 2 және 3

  5. 2, 3 және 4

  1. Меншікті жану жылуының өлшем бірлігі:

  1. Дж/К

  2. Дж/кг

  3. Дж/кг*К

  4. Дж/м

  5. Дж/м*кг

  1. Заттың газ күйден сұйыққа айналу процесі:

  1. Конденсация

  2. Булану

  3. Сублимация

  4. Дессоциация

  5. Аггитация

  1. Бірінші дененің температурасы 100С, ал екінші дене оған қарағанда екі есе ыстық. Екінші дененің температурасы:

  1. 200С

  2. 2930С

  3. 2730С

  4. 0

  5. 400С

  1. Жер тобындағы серіктері бар планеталар:

  1. Меркурий, Жер

  2. Шолпан, Марс

  3. Жер, Шолпан

  4. Марс, Меркурий

  5. Жер, Марс

  1. Изобаралық процесте өзгермейтін шамалар:

  1. Қысым мен көлем

  2. Қысым мен температура

  3. Қысым мен масса

  4. Қысым мен тығыздық

  5. Қысым мен концентрация

  1. Қыздырғыштың температурасы 4270С және суытқыштың 270С болатын жылу машинасының ПӘК – ін есептеңдер:

  1. 70%

  2. 43%

  3. 94%

  4. 6%

  5. 57%

  1. Электр зарядының сақталу заңы:

  1. Денелердің электрлену кезінде электр зарядының сақталу заңы орындалмайды

  2. Тұйық жүйеде денелердің электрлену құбылыстарының барлығында да электр зарядтарының қосындысы сақталады

  3. Денелердің электр заряды нөлге тең болады

  4. Денелердің электр заряды көп болады

  5. Тұйық жүйеде электр заряды нөлге тең болады

  1. Тұйықталған траекторияда электростатикалық өрістің жұмысы:

  1. Теріс болады

  2. Оң болады

  3. Оң да, теріс де болуы мүмкін

  4. Нөлге тең

  5. Анықталмайды

  1. Кернеулігі 2*106 Н/Кл өрістегі 0,01 Кл заряд 10 кДж жұмыс істесе, оның орын ауыстыруы:

  1. 0,4 м

  2. 0,2 м

  3. 0,1 м

  4. 0,5 м

  5. 0,3 м

  1. Тізбектегі ток күшін анықтауға арналған аспап:

  1. Вольтметр

  2. Амперметр

  3. Омметр

  4. Электр есептегіш

  5. Ваттметр

  1. Фарадей заңының формуласы:

  1. m = kUt

  2. m = kRt

  3. m = kIt

  4. m = kQt

  5. m = kAt

  1. Әр қайсысының заряды 14 нКл екі денелердің арақашықтығы 3 см – ге тең. Олардың арасындағы әсерлеу күшін есептеңдер:

  1. 2,96 мН

  2. 1,96 мН

  3. 1,96 кН

  4. 1,96 мкН

  5. 2,96 мкН

  1. Ерітілген, электр тогын өткізетін орталар:

  1. Электролиз

  2. Электролиттік диссоциация

  3. Электролит

  4. Электролиттік рекомбинация

  5. Рафинирлеу

  1. Массасы 200 г затты 100С – тан 200С – қа дейін қыздыру үшін 760 Дж жылу қажет. Заттың меншікті жылу сыйымдылығын анықтаңдар:

  1. 760 Дж/кг*0С

  2. 0,76 Дж/кг*0С

  3. 3,8 Дж/кг*0С

  4. 380 Дж/кг*0С

  5. 0,38 Дж/кг*0С


Название документа 2 нұсқа.docx

Поделитесь материалом с коллегами:

2 нұсқа


  1. Меншікті жану жылуының өлшем бірлігі:

  1. Дж/кг

  2. Дж/кг*К

  3. Дж/м

  4. Дж/м*кг

  5. Дж/К

  1. Сұйықтағы жылу берілудің түрі:

  1. Конвекция

  2. Сәуле шығару

  3. Жылу берілу

  4. Жылу өткізгіштік пен сәуле шығару

  5. Конвекция мен жылу өткізгіштік

  1. Диффузия дегеніміз:

  1. Бір зат молекулаларының басқа бір зат молекулалармен арналасуы

  2. Зат молекулаларының жылулық қозғалысы

  3. Зат молекулаларының ретпен қозғалысы

  4. Зат молекулаларының өзара әсерлесу күші

  5. Зат молекулаларының ретсіз қозғалысы

  1. Дененің жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама:

  1. Заттың тығыздығы

  2. Масса

  3. Температура

  4. Қысым

  5. Күш

  1. 84 кДж жылу беру арқылы 100С – қа жылытуға болатын судың мөлшері (судың меншікті жылусыйымдылығы 4200 Дж/кг*0С):

  1. 20 кг

  2. 2 т

  3. 2 кг

  4. 0,2 кг

  5. 200 кг

  1. Қайнау кезінде сұйық толық буланып болғанша температура:

  1. Анықталмайды

  2. Төмендейді

  3. Сұйықтарға қарай өзгереді

  4. Өзгермейді

  5. Көтеріледі

  1. Бұлтта су буы кристалға айналады. Бұл процестің нәтижесінде ауа:

  1. Суиды

  2. Қызады

  3. Температурасы өзгермейді

  4. Жоғары көтерілгенде қызады, төмен түскенде суиды

  5. Жоғары көтерілгенде суиды, төмен түскен қызады

  1. 1 кг сұйықта қайнау температурасында буға айналдыруға қажетті жылу мөлшерін көрсететін физикалық шама:

  1. Меншікті булану жылуы

  2. Меншікті кебу жылуы

  3. Меншікті жылу сыйымдылығы

  4. Меншікті балқу жылуы

  5. Жылу өткізгіштік

  1. 00С температурадағы мұзды балқыту үшін 34 кДж энергия шығындалады. Мұздың меншікті балқу жылуы 340 кДж/кг. Суға айналған мұздың мөлшері:

  1. 10 г

  2. 1000 г

  3. 100 г

  4. 10 кг

  5. 1 т

  1. Жыл мезгілінің ауысымы бар планеталарды белгілеңдер:

  1. Меркурий мен Жер

  2. Шолпан мен Жер

  3. Марс пен Жер

  4. Шолпан, Марс пен Жер

  5. Барлық планеталарда

  1. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 100% дегені:

  1. Будың түгел сұйыққа айналуын білдіреді

  2. Қою тұманның пайда болуын білдіреді

  3. Жаңбырдың басталуын білдіреді

  4. Конденсацияның кебуден басым болуын білдіреді

  5. Будың қанығуын білдіреді

  1. Жылу машинасы қыздырғыштан бір циклде 10 Дж жылу алып және 4 Дж жылуды тоңазытқышқа берді. Машинаның ПӘК – ін есептеңдер:

  1. 87%

  2. 40%

  3. 60%

  4. 37,5%

  5. 25%

  1. Оң және теріс иондардың қарама – қарсы бағыттағы реттелген қозғалысы электролитте:

  1. Иондар тудырады

  2. Электрондарды тудырады

  3. Электр тогын тудырады

  4. Фотоэффект құбылысын тудырады

  5. Кемтіктерді тудырады

  1. Абсолют температура молекулалардың жылулық қозғалысының орташа кинетикалық энергиясына тәуелділігі:

  1. Тәуелді емес

  2. Квадратына тура пропорционал

  3. Тура пропорционал

  4. Кері пропорционал

  5. Квадратына кері пропорционал

  1. Кедергісі 100 Ом, ток күші 20 мА өткізгіштен 20 секундта бөлінетін жылу мөлшері:

  1. 40 Дж

  2. 4 кДж

  3. 0,8 Дж

  4. 800 кДж

  5. 800 Дж

  1. Механикалық энергияны электр тогының энергиясына айналдыратын құрылғы:

  1. Трансформатор

  2. Микроскоп

  3. Сақтандырғыш

  4. Генератор

  5. Конденсатор

  1. Кедергіні реттеуге арналған құрал:

  1. Реостат

  2. Резистор

  3. Теристор

  4. Транзистор

  5. Диод

  1. Кедергілері 6 Ом және 3 Ом өткізгіштер параллель қосылған. Өткізгіштің жалпы кедергісін анықтаңдар:

  1. 0,5 Ом

  2. 2 Ом

  3. 9 Ом

  4. 18 Ом

  5. 3 Ом

  1. Электролиз кезінде электр тогын 4 есе арттырып, ал токтың өту уақытын 2 есе кемітсе, электродта бөлініп шығатын заттың массасы:

  1. 8 есе артады

  2. 8 есе кемиді

  3. Өзгермейді

  4. 2 есе кемиді

  5. 2 есе артады

  1. Жылу өткізгіштігі ең жоғары болатын заттың күйлері:

  1. Қатты

  2. Сұйық пен газдар

  3. Газдар

  4. Сұйық пен қатты

  5. Сұйық


Название документа 3 нұсқа.docx

Поделитесь материалом с коллегами:

3 нұсқа


  1. Ауаның қозғалуы жылу алмасудың .................... байланысты.

  1. Жылу өткізгіштік

  2. Жылу өткізгіштік пен сәуле шығару

  3. Сәуле шығару

  4. Конвекция

  5. Сәуле шығару мен конвекция

  1. Пышақты қайрағанда оның ішкі энергиясы:

  1. Өзгермейді

  2. Жылу берілу арқылы кемиді

  3. Жылу берілу арқылы артады

  4. Жұмыс жасау арқылы артады

  5. Жұмыс жасау арқылы кемиді

  1. Батарея арқылы бөлмені жылыту жылу берудің түрі:

  1. Конвекцияға негізделген

  2. Жылу өткізгіштікке негізделген

  3. Сәуле шығаруына негізделген

  4. Конвекция мен сәуле шығаруына негізделген

  5. Конвекция мен жылу өткізгіштігіне негізделген

  1. Q = mcΔt формуласы бойынша .................... жылу мөлшері анықталады:

  1. Сұйық буға айналған кезінде

  2. Заттың балқу кезінде

  3. Заттың жануы кезінде

  4. Конденсация кезінде

  5. Денені бір агрегаттық күйде қыздырған кезде

  1. Газ 300 Дж жылу мөлшерін алғанда, ішкі энергия 200 Дж – ға артты. Газдың атқарған жұмысы:

  1. 100 Дж

  2. 200 Дж

  3. 250 Дж

  4. 300 Дж

  5. 500 Дж

  1. Булану кезінде сұйық суиды, себебі:

  1. Бөлшектер сұйықтан жоғары кинетикалық энергиямен шығады

  2. Сұйықтың массасы азаяды

  3. Сұйықтан ең жеңіл бөлшектер шығады

  4. Сұйықтан ең баяу бөлшектер шығады

  5. Сұйықтан потенциалдық энергиясы ең көп бөлшектер шығады

  1. Сұйықтың булану жылдамдығы:

  1. Тек қана сұйықтың тегіне тәуелді

  2. Тек қана температураға тәуелді

  3. Тек қана сұйықтың еркін бетінің ауданына тәуелді

  4. А, В, С және желдің болуына тәуелді

  5. Тек қана температураға және ауданға тәуелді

  1. Сұйықтың қайнау шарты:

  1. 1000С температурада басталады

  2. Сұйықтың буы атмосфералық қысымға тең болғанда басталады

  3. Сұйықта ауа ылғалдылығынының шамасы 100% болғанда басталады

  4. 1000С температурада және қалыпты атмосфералық қысымда басталады

  5. Сұйық температурасы көтерілгенде басталады

  1. Қуаты 1150 Вт электр щәйнекке массасы 0,6 кг су құйылған. Су қайнаған соң қанша уақыттан кейін шәйнектегі барлық су буға айналатынын анықтаңдар. Судың меншікті булану жылуы 2,3*106 Дж/кг:

  1. 1,2 с

  2. 20 с

  3. 1,2 мин

  4. 12 мин

  5. 20 мин

  1. Марстағы заттардың күйін анықтаңдар:

  1. Қатты, сұйық, газ тәріздес

  2. Қатты мен сұйық

  3. Қатты мен газ тәріздес

  4. Сұйық пен газ тәріздес

  5. Қатты

  1. Іштен жанатын қозғалтқыштың жұмыс жасалатын тактісі:

  1. Сорып алу

  2. Сығу

  3. Жұмыстық жүріс

  4. Шығару

  5. Сығу мен жұмыстың жүріс

  1. Идеал жылу машинасының қыздырғыштың температурасы 455 К, ал ПӘК – і 40% болса, машина тоңазытқышының температураны анықтаңдар:

  1. 546 К

  2. 273 К

  3. 182 К

  4. 1820 К

  5. 2730 К

  1. Зарядтардың өзара әрекеттесуін зерттегенде, Ш.Кулон:

  1. Зарядталған бөлшектердің үдеткішін қолданды

  2. Иінді таразыны қолданды

  3. Иірілмелі таразыны қолданды

  4. Электродтары бар шыны колбаны қолданды

  5. Зарядталған пластинканы қолданды

  1. Вакуумде R ара қашықтықта екі нүктелік электр заряды өзара F күшпен әсерлеседі. Диэлектрлік өтімділігі ε болатын ортада осы зарядтардың сол ара қашықтықтағы әрекеттесу күшінің өзгеруі:

  1. ε есе кемиді

  2. өзгермейді

  3. ε есе артады

  4. ε2 есе артады

  5. ε2 есе кемиді

  1. Конденсатордың бір пластинаның заряды +0,2 Кл, ал екіншісінің - -0,2 Кл. Егер электр сыйымдылығы 104 мкФ болса, онда конденсатор пластиналары арасындағы кернеуді анықтаңдар:

  1. 2*10-5 В

  2. 2*10-3 В

  3. 40 В

  4. 4*105 В

  5. 20 В

  1. Кедергіні реттеуге арналған құрал:

  1. Диод

  2. Резистор

  3. Реостат

  4. Транзистор

  5. Теристор

  1. Ток күшінің өлшем бірлігі:

  1. Ватт

  2. Ампер

  3. Вольт

  4. Ом

  5. Джоуль

  1. Ұзындығы 100 м, көлденең қимасының ауданы 0,1 мм2 сымның электр кедергісін анықтаңдар. Сымның меншікті электр кедергісі 1*10-7 Ом*м:

  1. 100 Ом

  2. 10 Ом

  3. 1 Ом

  4. 0,5 Ом

  5. 2 Ом

  1. Гальвани элементтерінде зарядталған бөлшектердің бөлінуі:

  1. Механикалық энергия арқылы болады

  2. Химиялық энергия арқылы болады

  3. Ішкі энергия арқылы болады

  4. Ядролық энергия арқылы болады

  5. Химиялық және ядролық энергия арқылы болады

  1. 50 К температурасын Цельсий шкаласы бойынша өрнектеңдер:

  1. 3230С

  2. 2230С

  3. 500С

  4. -500С

  5. -2230С

Название документа 4 нұсқа.docx

Поделитесь материалом с коллегами:

4 нұсқа


  1. Жүйенің ішкі энергиясы механикалық жұмыс есебімен өзгермейтін жағдай:

  1. Станокта өнделу кезіндегі бөлшектің қыздырылуы

  2. Соғу кезіндегі қорғасын кезектің қыздырылуы

  3. Тежеленген кездегі автомобильдің шиналарының қыздырылуы

  4. Ыдыстағы ыстық шайға салынған қасықтың қыздырылуы

  5. Теңіз суының дауылдан кейін қыздырылуы

  1. Қасықты ыстық шайға салғанда оның ұстап тұрған бөлігіне жылу берілу түрі:

  1. Жылу өткізгіштік

  2. Конвекция

  3. Сәуле шығару

  4. Жұмыс істеу

  5. Диффузия

  1. Калориметрдің көмегімен дененің жылу сыйымдылығын өлшеген кезде нақтырақ нәтиже алуға болады, егер калориметрдің екі ыдысының арасындағы кеңістікте ................... орналасса:

  1. Ауа

  2. Құм

  3. Вакуум

  4. Су

  5. Май

  1. Диффузия жұру қарқындылығы:

  1. Заттың көлеміне байланысты

  2. Температураға байланысты

  3. Молекулалар өлшеміне байланысты

  4. Уақытқа байланысты

  5. Заттың өлшем мен көлімені байланысты

  1. Идеал газ 8 Дж жұмыс жасап, 5 Дж жылу мөлшерін алады. Газдың ішкі энергиясының өзгерісі:

  1. 13 Дж – ға артады

  2. 13 Дж – ға кемиді

  3. Өзгермейді

  4. 3 Дж – ға кемиді

  5. 3 Дж – ға артады

  1. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтайтын аспап:

  1. Гигрометр

  2. Барометр

  3. Психрометр

  4. Термометр

  5. Анероид

  1. Булануға кері процесс:

  1. Компенсация

  2. Диссоциация

  3. Конденсация

  4. Сублимация

  5. Рекомбинация

  1. Сұйықтың тек температурасын арттыру арқылы булану жылдамдығының өзгеруі:

  1. Артады

  2. Азаяды

  3. Өзгермейді

  4. Басында артады, кейін азаяды

  5. Басында азаяды, кейін артады

  1. 5,4*107 Дж жылу бөліну үшін спирттің массасын жағу мөлшерін анықтаңдар. Спирттің меншікті жану жылуы 26*106 Дж/кг:

  1. 2 кг

  2. 0,5 кг

  3. 140 кг

  4. 20 кг

  5. 1,5 кг

  1. Жылу машиналарында болатын айналу процестері:

  1. Отынның ішкі энергиясы механикалық энергияға айналады

  2. Отынның ішкі энергиясы электр энергияға айналады

  3. Отынның ішкі энергиясы жарық энергияға айналады

  4. Жылу энергиясы механикалық энергияға айналады

  5. Жылу энергиясы механикалық және электр энергияға айналады

  1. Сұрапыл жел мен шаңның жылдамдығы 100 м/с – қа дейін болатын планета:

  1. Марс

  2. Жер

  3. Шолпан

  4. Меркурий

  5. Жер мен Шолпан

  1. Газға 300 Дж жылу мөлшері берілгенде, оның ішкі энергиясы 200 Дж – ге артты. Газдың атқарған жұмысы:

  1. 0

  2. 200 Дж

  3. 100 Дж

  4. 300 Дж

  5. 500 Дж

  1. Төменде электр тогы жүріп тұруы үшін қажетті шарттар келтірілген. Дұрыс емес шартты анықтаңдар:

  1. Потенциалдар айырмасының болуы

  2. Тізбекте конденсатордың болуы

  3. Затта зарядталған еркін бөлшектердің болуы

  4. Электр тізбегінің тұйықталған болуы

  5. Өткізгіш ішінде тұрақты электр өрісінің болуы

  1. Дене молекулаларының қозғалыс жылдамдығы неғұрлым үлкен болса, ....................:

  1. Оның температурасы соғұрлым жоғары болады

  2. Оның температурасы соғұрлым төмен болады

  3. Оның температурасы тұрақты болып, кейіннен төмендейді

  4. Оның температурасы тұрақты болады

  5. Тоның температурасы төмендейді

  1. Ауасы бар жазық конденсатор астарларының ара қашықтығын 2 есе кемітсе, ал арасына диэлектрлік өтімділігі 2 – ге тең диэлектрик орналастырса, онда конденсатордың электр сыйымдылығының өзгеруі:

  1. 2 есе артады

  2. Өзгермейді

  3. 2 есе кемиді

  4. 4 есе кемиді

  5. 4 есе артады

  1. Электр өрісінің әрекетінен электр зарядының реттелген қозғалысы:

  1. Ток күші

  2. Ток тығыздығы

  3. Электр тогы

  4. Электр ағыны

  5. Электр өрісінің жұмысы

  1. Тізбектегі ток күші барлық жерде бірдей болса, өткізгіштер .................... қосылған:

  1. Параллель

  2. Аралас

  3. Каскадты

  4. Тізбектей

  5. Амперметрдің көрсетуі қосудың түріне тәуелді емес

  1. Ұзындығы 100 м, көлденең қимасының ауданы 0,2 мм2 сымның электр кедергісін анықтаңдар. Сымның меншікті электр сыйымдылығы 1*10-7 Ом*м:

  1. 50 Ом

  2. 500 Ом

  3. 5 Ом

  4. 0,5 Ом

  5. 2 Ом

  1. Температура жоғарылаған сайын өткізгіштің кедергісі:

  1. Өзгермейді

  2. Артады

  3. Азаяды

  4. Анықталмайды

  5. Азаяды, кейін өзгермейді

  1. Ауасыз кеңістікте бөлінген денелердің арасындағы жылу берілудің түрі:

  1. Жылу өткізгіштік

  2. Конвекция

  3. Жылу өткізгіштік пен конвекция

  4. Сәуле шығару

  5. Сәуле шығару мен конвекция

Название документа 5 нұсқа.docx

Поделитесь материалом с коллегами:

6 нұсқа


  1. Массасы 1 кг затты 10С – қа қыздыру үшін қажет болатын жылу мөлшерін анықтайтын физикалық шама:

  1. Меншікті жану жылуы

  2. Меншікті жылу сыйымдылығы

  3. Меншікті булану жылуы

  4. Меншікті балқу жылуы

  5. Конвекция

  1. Алып планеталарға жатпайтын планета:

  1. Юпитер

  2. Сатурн

  3. Марс

  4. Уран

  5. Нептун

  1. Жылу қозғалтқыштың ПӘК – ін есептеуге арналған формула:

  1. η = hello_html_6e17ad79.gif

  2. η = hello_html_m7cb4a0f8.gif

  3. η = hello_html_1a45bf1b.gif

  4. η = hello_html_52cd37ad.gif

  5. η = hello_html_m36a27bf3.gif

  1. Жылу қозғалтқыштарына жататын:

  1. Іштен жану қозғалтқышы

  2. Бу турбинасы

  3. Реактивті қозғалтқыш

  4. А,В және С

  5. Ешқайсысы

  1. Массасы 200 г алюминийді 200С – тан 300С – қа дейін қыздыру үшін қажет болатын жылу мөлшерін анықтаңдар. Алюминийдің меншікті жылу сыйымдылығы 910 Дж/кг*0С:

  1. 1820 Дж

  2. 9100 Дж

  3. 1820 кДж

  4. 9100 кДж

  5. 45500 Дж

  1. Булану кезінде сұйық суиды, себебі:

  1. Бөлшектер сұйықтан жоғары кинетикалық энергиямен шығады

  2. Сұйықтың массасы азаяды

  3. Сұйықтан ең жеңіл бөлшектер шығады

  4. Сұйықтан ең баяу бөлшектер шығады

  5. Сұйықтан потенциалдық энергиясы ең көп бөлшектер шығады

  1. Конвекция құбылысы арқылы жылу тасымалданатын орталар:

  1. Қатты

  2. Сұйық

  3. Газ

  4. Вакуум

  1. 1 және 2

  2. 2 және 3

  3. 1 және 4

  4. 1, 2 және 3

  5. 2, 3 және 4

  1. Температурасы 00С дененің ішкі энергиясы:

  1. Болады

  2. Болмайды

  3. Болуы да, болмауы да мүмкін

  4. Газ тәрізде болады

  5. Қатты дене түрінде болады

  1. Массасы 63 г суды 400С – тан 800С – қа дейін қыздыру үшін өажет жылу мөлшерін анықтаңдар. Судың меншікті жылу сыйымдылығы 4200 Дж/кг*0С:

  1. 0,5 кДж

  2. 0,63 кДж

  3. 20 кДж

  4. 3 кДж

  5. 10,6 кДж

  1. р тұрақты қысымда газдың көлемі ΔV – ға артты. Бұл жағдайда рΔV көбейтіндісі физикалық шаманың:

  1. газдың жасаған жұмысы

  2. газға сыртқы күштердің жасаған жұмысы

  3. газдың алған жылу мөлшері

  4. газдың берген жылу мөлшері

  5. газдың ішкі энергияның өзгерісі

  1. Жер тобындағы серіктері бар планеталар:

  1. Меркурий, Жер

  2. Шолпан, Марс

  3. Жер, Шолпан

  4. Марс, Меркурий

  5. Жер, Марс

  1. 105 Па тұрақты қысымда жылжымалы поршеньді цилиндрде газ көлемін 20 дм3 – қа ұлғайды. Осы кездегі газдың жұмысын табыңдар:

  1. 2*104 Дж

  2. 2*103 Дж

  3. 2*105 Дж

  4. 2*106 Дж

  5. 5*106 Дж

  1. Электр зарядының сақталу заңы:

  1. Денелердің электрлену кезінде электр зарядының сақталу заңы орындалмайды

  2. Тұйық жүйеде денелердің электрлену құбылыстарының барлығында да электр зарядтарының қосындысы сақталады

  3. Денелердің электр заряды нөлге тең болады

  4. Денелердің электр заряды көп болады

  5. Тұйық жүйеде электр заряды нөлге тең болады

  1. Біртекті электр өрісі дегеніміз:

  1. Бір таңбалы электр зарядтарының төңірегінде болатын өріс

  2. Электр өрісінің кез – келген нүктесінде кернеулік векторының модулі және бағыты бірдей болатын өріс

  3. Электр өрісінің кез – келген нүктесіне орналасқан сыналатын электр зарядына бірдей күшпен әсер ететін электр өрісі

  4. Электр өрісінің кез – келген нүктесінде кернеулік векторының модулі бірдей болатын өріс

  5. Электр өрісінің кез – келген нүктесінде бағыты бірдей болатын өріс

  1. 4 Кл заряд потенциалы 40 В нүктеден потенциалы 0 В нүктеге орын ауыстырғанда, электростатикалық өрістің күші қандай жұмыс жасайтының анықтаңдар:

  1. 80 Дж

  2. 16 Дж

  3. 0

  4. 160 Дж

  5. 10 Дж

  1. Электр өрісінің сандық сипаттамасы болатын шама:

  1. Токтың кернеулігі

  2. Электронның заряды

  3. Ток күші

  4. Электрондардың шоғыры

  5. Кернеу

  1. Тізбектегі ток күшін анықтауға арналған аспап:

  1. Вольтметр

  2. Амперметр

  3. Омметр

  4. Электр есептегіш

  5. Ваттметр

  1. Кернеуі 10 В электр доғасы ток көзіне қосылған. Электр доғасы 20 А ток күші тұтынады. Электр доғасының қуатын анықтаңдар:

  1. 200 Вт

  2. 2 Вт

  3. 0,5 Вт

  4. 20 Вт

  5. 200 Дж

  1. Электр зарядтары еркін орын ауыстыра алмайтын заттар:

  1. Өткізгіштер

  2. Жартылай өткізгіштер

  3. Диэлектриктер

  4. Диамагниттер

  5. Резисторлар

  1. Массалары бірдей меншікті жылу сыйымдылықтары с және 2с екі дене бірдей жылу мөлшерін бергеннен кейін қайсысының температурасы аз өзгереді және неше есе екенін анықтаңдар:

  1. Екіншінікі 4 есе

  2. Біріншінікі 4 есе

  3. Екеуінде бірдей

  4. Екіншінікі 2 есе

  5. Біріншінікі 2 есе


Название документа 6 нұсқа.docx

Поделитесь материалом с коллегами:

6 нұсқа


  1. Темірдің меншікті жылу сыйымдылығы 460 Дж/кг*0С. Бұл:

  1. Массасы 1 кг темірді 10С – қа қыздыру үшін 460 Дж – ға тең жылу мөлшері қажет екенін білдіреді

  2. Кез – келген массалы темірді 10С – қа қыздыру үшін 460 Дж – ға тең жылу мөлшері қажет екенін білдіреді

  3. Кез – келген массалы темірге 1000С кезіндегі 460 Дж – ға тең жылу беріледі

  4. Массасы 1 кг темір 00С температура кезінде 460 Дж – ға тең жылу бөледі

  5. Массасы 1 кг темір 00С температура кезінде 460 Дж жылу жұтады

  1. Температураның тәуліктік ауытқуын «булану эффектісі» кезінде сезбейтін күн жүйесіндегі планетасы:

  1. Меркурий

  2. Шолпан

  3. Марс

  4. Юпитер

  5. Сатурн

  1. Автомобиль қозғалтқышында жұмыс денесінің қызметін:

  1. Отын жанғанда пайда болатын газдар атқарады

  2. Бензин атқарады

  3. Ауа атқарады

  4. Поршень атқарады

  5. Цилиндр атқарады

  1. «Суық денеден жылы денеге жылудың өздігінен өтуі мүмкін емес» тұжырымы – бұл:

  1. Термодинамиканың бірінші заңы

  2. Термодинамиканың екінші заңы

  3. Термодинамиканың үшінші заңы

  4. Энергияның сақталу заңы

  5. Энергияның түрлену заңы

  1. 4 кг дизель отынын шығындау есебінен трактор 42,7 МДж жұмыс атқарды. Отынның меншікті жану жылуы 42,7 МДЖ/кг. Трактор қозғалтқышының ПӘК – ін есептеңдер:

  1. 50%

  2. 33%

  3. 42,7%

  4. 25%

  5. 40%

  1. Полярлық бөрігі бар планеталар:

  1. Меркурий мен Шолпан

  2. Тек қана Меркурий

  3. Тек қана Шолпан

  4. Жер мен Марс

  5. Тек қана Жер

  1. Электроплитадан оның үстінде тұрған ыдысқа жылу берілудің тәсілін анықтаңдар:

  1. Жылу өткізгішітік

  2. Конвекция

  3. Сәулелену

  4. Жылу өткізгіштік пен сәулелену

  5. Конвекция мен сәулелену

  1. Меншікті жану жылуының өлшем бірлігі:

  1. Дж/К

  2. Дж/кг

  3. Дж/кг*К

  4. Дж/м

  5. Дж/м*кг

  1. Идеал газ 8 Дж жұмыс жасап, 5 Дж жылу мөлшерін алады. Гадың ішкі энергиясының өзгерісі:

  1. 13 Дж – ға артады

  2. Өзгермейді

  3. 13 Дж – ға кемиді

  4. 3 Дж – ға кемиді

  5. 3 Дж – ға артады

  1. 00С температурада мұз ериді. Осы кезде энергия:

  1. Жұтылады

  2. Бастапқыда бөлінеді, кейін жұтылады

  3. Бөлінеді

  4. Бастапқыда жұтылады, кейін бөлінеді

  5. Жұтылмайды да, бөлінбейді де

  1. Массасы 1 кг зат толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін анықтайтын физикалық шама:

  1. Меншікті булану жылуы

  2. Меншікті жану жылуы

  3. Меншікті балқу жылуы

  4. Жану жылуы

  5. Меншікті жылу сыйымдылығы

  1. Сұйықтың қайнау температурасы сыртқы қысымға қалай тәуелділігін анықтаңдар:

  1. Тәуелді емес

  2. Қайнау температурасы қысымның квадратына кері пропорционал

  3. Қысым артқан сайын қайнау температурасы төмендейді

  4. Қысым артқан сайын қайнау температурасы да артады

  5. Қайнау температурасы қысымның квадратына пропорционал

  1. 2 МПа тұрақты қысымда газ көлемі 2 м3 – тен 12 м3 –ке дейін артты. Газдың осындай ұлғаюы кезіндегі жұмысты табыңдар:

  1. 2 МДж

  2. 0,2 МДж

  3. 2*10-3 МДж

  4. 20 МДж

  5. 24 МДж

  1. Электр өрісінің кернеулік векторының бағыты:

  1. Өрістегі теріс зарядқа әсер ететін күштің бағытымен бірдей

  2. Өрістегі оң нүктелік заряд жылдамдығының бағытымен бірдей

  3. Өрістегі теріс нүктелік зарядқа әсер ететін күш векторының бағытымен бірдей

  4. Өрістегі теріс нүктелік заряд үдеудің бағытымен бірдей

  5. Өрістегі оң зарядқа әсер ететін күштің бағытымен бірдей

  1. Электр зарядының сақталу заңы:

  1. Тұйық жүйеде денелердің электрлену құбылыстарының барлығында да электр зарядтарының қосындысы сақталады

  2. Денелердің электр заряды көп болады

  3. Тұйық жүйеде электр заряды нөлге тең болады

  4. Денелердің электр заряды нөлге тең болады

  5. Денелердің электрлену кезінде электр зарядының сақталу заңы орындалмайды

  1. Біртекті өріс кернеулігінің бір сызығы бойында жатқан екі нүктесінің арасындағы кернеу 40 В – қа тең. Осы нүктелердің ара қашықтығы 10 см. Өріс кернеулігін есептеңдер:

  1. 0,025 Н/Кл

  2. 0,25 В/м

  3. 4 В/см

  4. 400 В/см

  5. 400 В/м

  1. Металл өткізгішті қыздырған кезде оның кедергісінің өзгерісі:

  1. Өзгермейді

  2. Азаяды

  3. Артады

  4. Өзгерісі металдың тегін тәуелді

  5. Өзгерісі өткізгіштің қалындығына тәуелді

  1. Фарадей заңының формуласы:

  1. m = kUt

  2. m = kRt

  3. m = kIt

  4. m = kQt

  5. m = kAt

  1. Массасы 200 г затты 100С – тан 200С – қа дейін қыздыру үшін 760 Дж жылу қажет. Заттың меншікті жылу сыйымдылығын анықтаңдар:

  1. 760 Дж/кг*0С

  2. 0,76 Дж/кг*0С

  3. 3,8 Дж/кг*0С

  4. 380 Дж/кг*0С

  5. 0,38 Дж/кг*0С

  1. Қаныққан және қанықпаған булардың арасындағы айырмашылығын анықтаңдар:

  1. Қаныққан будың тығызыдығы көбірек

  2. Қаныққан будың қысымы көбірек

  3. Қаныққан бу өз сұйығымен динамикалық тепе – теңдікте болады

  4. Қаныққан бу атмосферамен динамикалық тепе – теңдікте болады

  5. Қаныққан будың температурасы көбірек

Название документа 7 нұсқа.docx

Поделитесь материалом с коллегами:

7 нұсқа


  1. Дене температурасын өлшейтін аспап:

  1. Барометр

  2. Термометр

  3. Спидометр

  4. Калориметр

  5. Амперметр

  1. Заттың сұйық күйден қатты күйге ауысуы кезінде:

  1. Оның молекулаларының арасындағы қашықтық ұлғаяды

  2. Молекулалар бір – бірін тарта бастайды

  3. Оның молекулаларының орналасу тәртіптілігі артады

  4. Оның молекулаларының арасындағы қашықтығы кемиді

  5. Температурасы артады

  1. Аса қатты үрілмеген ауа шары вакуумдік насостың күмбезінің астында тұр. Егер насосты іске қосып, күмбез астынан ауаны шығарып ала бастасақ, онда шардың көлемі:

  1. Бастапқыда үлкейеді, сосын кішірейеді

  2. Кішірейеді

  3. Бастапқыда кішірейеді, сосын үлкейеді

  4. Үлкейеді

  5. Өзгермейді

  1. Болаттан жасалған сақина оттың үстінде қыздырылған кезде, сақинаның ауданы:

  1. Артады

  2. Кемиді

  3. Өзгермейді

  4. Алдымен артады, кейін кемиді

  5. Алдымен кемиді, кейін артады

  1. -730С – қа сәйкес келетін абсолюттік температура:

  1. 320 К

  2. 300 К

  3. 346 К

  4. 200 К

  5. 216 К

  1. Температура артқан сайын молекулалардың қозғалыс жылдамдығы:

  1. Басында кемиді, кейін артады

  2. Артады

  3. Басында артады, кейін кемиді

  4. Өзгермейді

  5. Кемиді

  1. Изотермиялық процесте өзгеріске ұшырайтын шамалар:

  1. Температура мен қысым

  2. Көлем мен қысым

  3. Температура мен масса

  4. Масса мен көлем

  5. Тек қана температура

  1. Ауаның ылғалдылығын өлшейтін аспап:

  1. Манометр

  2. Динамометр

  3. Электрометр

  4. Амперметр

  5. Психрометр

  1. Бірінші дененің температурасы 100С, ал екінші дене оған қарағанда екі есе ыстық. Екінші дененің температурасы:

  1. 200С

  2. 2930С

  3. 2730С

  4. 0

  5. 400С

  1. Барлық планеталардың осьтеріне қарай айналуы бағытына қарсы бағытта өз осінің айналымында айналатын жер тобының планетасы:

  1. Меркурий

  2. Шолпан

  3. Жер

  4. Марс

  5. Ай

  1. Изобаралық процесте өзгермейтін шамалар:

  1. Қысым мен көлем

  2. Қысым мен температура

  3. Қысым мен масса

  4. Қысым мен тығыздық

  5. Қысым мен концентрация

  1. Қыздырғыштың температурасы 4270С және суытқыштың 270С болатын жылу машинасының ПӘК – ін есептеңдер:

  1. 70%

  2. 43%

  3. 94%

  4. 6%

  5. 57%

  1. Резерфордтың атомдық планетарлық моделі бойынша:

  1. Ядро оң зарядталған

  2. Ядроның өлшемдері атомның өлшемдерінен өте кіші

  3. Ядроның массасы барлық электрондардың массасынан өте үлкен

  1. 1

  2. 2

  3. 3

  4. 1, 3

  5. 1, 2 және 3

  1. Электр өрісінің энергетикалық сипаттамасы юолып табылатын электр өрісінің потенциалының формуласы:

  1. φ = Е/q

  2. Δφ = А/q

  3. Е = qU

  4. Е = U/d

  5. Е = F/q

  1. Кернеулігі 2*106 Н/Кл өрістегі 0,01 Кл заряд 10 кДж жұмыс істесе, оның орын ауыстыруы:

  1. 0,4 м

  2. 0,2 м

  3. 0,1 м

  4. 0,5 м

  5. 0,3 м

  1. Электр құбылыстарына жатпайтын құбылысты атаңдар:

  1. Үстіміздегі синтетикалық киімді шешкенде шығатын шатырлаған дыбыс

  2. Шашымызды тараған тарақты кішкене қағазға жақындатқанда олардың өзара тартылуы

  3. Найзағай құбылысы

  4. Екі адам бір – бірімен амандасқанда оларды ток ұруы

  5. Жылудың ыстық денеден салқын денеге берілуі

  1. Бейтарап су тамшысы екіге бөлінді. Бірінші тамшының заряды –q. Екінші тамшының зарядын анықтаңдар:

  1. 2q

  2. +q

  3. 0

  4. 1/2q

  5. +2q

  1. Әр қайсысының заряды 14 нКл екі денелердің арақашықтығы 3 см – ге тең. Олардың арасындағы әсерлеу күшін есептеңдер:

  1. 2,96 мН

  2. 1,96 мН

  3. 1,96 кН

  4. 1,96 мкН

  5. 2,96 мкН

  1. Газ разрядтарына жатпайтын құбылыс:

  1. Найзағай

  2. Электр доғасы

  3. Күндіз шамның жарқырауы

  4. Фосфор жарқырауы

  5. Медициналық кварц шамының жарқырауы

  1. Тізбек бөлігінде 3 Кл заряд орын ауыстырғанда электр өрісі 120 Дж жұмыс атқарды. Осы бөліктегі кернеуді анықтаңдар:

  1. 360 В

  2. 0,6 кВт

  3. 40 В

  4. 4 В

  5. 0,4 кВ

Название документа 8 нұсқа.docx

Поделитесь материалом с коллегами:

8 нұсқа


  1. Әр температурада қаныққан будың қысымы:

  1. Анықталмайды

  2. Тұрақты болады

  3. Әртүрлі болады

  4. Температураға кері пропорционал болады

  5. Температураға тура пропорционал болады

  1. Көлемі тұрақты болатын процесс:

  1. Изотермиялық

  2. Изохоралық

  3. Изобаралық

  4. Адиабаталық

  5. Изопроцестерге жатпайды

  1. Ауаның ылғалдылығын өлшейтін аспап:

  1. Электрометр

  2. Амперметр

  3. Динамометр

  4. Манометр

  5. Гигрометр

  1. Сұйық тығыздығы мен оның қаныққан буының тығызыдығы бірдей болатын температура:

  1. Қайнау температурасы

  2. Балқу температурасы

  3. Кюри температурасы

  4. Кризистік температурасы

  5. Үштік нүкте

  1. Газға 2 Дж жылу мөлшерін бергенде, ол 5 Дж жұмыс атқарған болса, ішкі энергияның өзгерісі:

  1. 7 Дж

  2. -3 Дж

  3. 3 Дж

  4. -2 Дж

  5. 5 Дж

  1. Күннен Жерге энергияның берілуі:

  1. Конвекция арқылы

  2. Жылу өткізгіштік арқылы

  3. Конвекция, жылу өткізгіштік пен сәуле шығару арқылы

  4. Сәуле шығару арқылы

  5. Конвекция мен жылу өткізгіштік арқылы

  1. Жылу берілудің жүру бағыты:

  1. Массасы үлкен денеден массасы кіші денеге қарай

  2. Көлемі үлкен денеден көлемі кіші денеге қарай

  3. Температурасы үлкен денеден температурасы кіші денеге қарай

  4. Жылу мөлшері үлкен денеден жылу мөлшері кіші денеге қарай

  5. Жылу сыйымдылығы үлкен денеден жылу сыйымдылыңы кіші денеге қарай

  1. Заттың газ күйден сұйыққа айналу процесі:

  1. Конденсация

  2. Булану

  3. Сублимация

  4. Дессоциация

  5. Аггитация

  1. Мұздың меншікті балқу жылуы 3,4*105 Дж/кг. 3 кг суды мұзға айналдыру үшін қажет болатын жылу мөлшері:

  1. 10,2*102 Дж

  2. 1,2*102 Дж

  3. 10,2*105 Дж

  4. 1,2*105 Дж

  5. 3,4*105 Дж

  1. Қар жауған кезде даланың жылырақ болу себебі:

  1. Ауадағы су кристалданған кезде жылу шығарылатындықтан

  2. Қар жылы кезде жауатындықтан

  3. Кристалдану процесі кезінде жылу жұтылатындықтан

  4. Жауған қар жер бетіндегі температураны сақтап қалатындықтан

  5. Қар кристалдарының әртүрлі болуынан

  1. Су жақсы суытқыш ретінде көлік моторларында қолданылуының себебі:

  1. Қайнау температурасының жоғары болуы

  2. Жылу сыйысдылығы үлкен болуы

  3. Беттік керілу күшінің аз болуы

  4. Көлемдік ұлғаю коэффициентінің аз болуы

  5. Мөлдір түсті болуы

  1. Газ көлемін 0,3 м3 – тен 0,7 м3 – ке дейін өзгертеді. Осы кездегі газдың жұмысы 400 Дж. Гадың қысымын анықтаңдар:

  1. 1600 Па

  2. 160 Па

  3. 280 Па

  4. 0,12 кПа

  5. 1 кПа

  1. Заряд бірлігіне әсер ететін күшке тең F/q қатынасымен анықталатын физикалық шама:

  1. Электр өрісінің потенциалы

  2. Электр өрісінің кернеулігі

  3. Электр кернеуі

  4. Электр сыйымдылығы

  5. Ток күші

  1. Тұйықталған траекторияда электростатикалық өрістің жұмысы:

  1. Теріс болады

  2. Оң болады

  3. Оң да, теріс де болуы мүмкін

  4. Нөлге тең

  5. Анықталмайды

  1. Электр өрісіндегі 3*10-6 Кл нүктелік зарядтың 10 см қашықтықтағы кернеулігін анықтаңдар:

  1. 2,7*104 Н/Кл

  2. 2,7*105 Н/Кл

  3. 2,7*105 Н/Кл

  4. 2,7*102 Н/Кл

  5. 2,7*103 Н/Кл

  1. Табиғаттағы ең кіші заряд:

  1. Протонның зарядына тең

  2. Электронның зарядына тең

  3. Нейтронның зарядына тең

  4. 1 Кл

  5. Электрон зарядының жартысына тең

  1. Дене теріс зарядталған кезде оның массасы:

  1. Азаяды

  2. Өзгермейді

  3. Басында азаяды, кейін артады

  4. Артады

  5. Басында артады, кейін азаяды

  1. 15 сек ішінде қткізгіш арқылы 120 Кл заряд өтетін болса, тізбектегі ток күшін есептеңдер:

  1. 1,8 кА

  2. 18 А

  3. 180 мА

  4. 8 А

  5. 8 Дж

  1. Ерітілген, электр тогын өткізетін орталар:

  1. Электролиз

  2. Электролиттік диссоциация

  3. Электролит

  4. Электролиттік рекомбинация

  5. Рафинирлеу

  1. 567 К Цельсий шкаласына айналдырыңдар:

  1. 3000С

  2. 2940С

  3. 2860С

  4. 2780С

  5. 2690С

Название документа 9 нұсқа.docx

Поделитесь материалом с коллегами:

9 нұсқа


  1. Электроплитадан оның үстінде тұрған ыдысқа жылу берілудің тәсілі:

  1. Жылу өткізгішітік

  2. Конвекция

  3. Сәулелену

  4. Жылу өткізгіштік пен сәулелену

  5. Конвекция мен сәулелену

  1. Диффузия дегеніміз:

  1. Бір зат молекулаларының басқа бір зат молекулалармен арналасуы

  2. Зат молекулаларының жылулық қозғалысы

  3. Зат молекулаларының ретпен қозғалысы

  4. Зат молекулаларының өзара әсерлесу күші

  5. Зат молекулаларының ретсіз қозғалысы

  1. Пышақты қайрағанда оның ішкі энергиясы:

  1. Өзгермейді

  2. Жылу берілу арқылы кемиді

  3. Жылу берілу арқылы артады

  4. Жұмыс жасау арқылы артады

  5. Жұмыс жасау арқылы кемиді

  1. Калориметрдің көмегімен дененің жылу сыйымдылығын өлшеген кезде нақтырақ нәтиже алуға болады, егер калориметрдің екі ыдысының арасындағы кеңістікте ................... орналасса:

  1. Ауа

  2. Құм

  3. Вакуум

  4. Су

  5. Май

  1. Газ 300 Дж жылу мөлшерін алғанда, ішкі энергия 200 Дж – ға артты. Газдың атқарған жұмысы:

  1. 100 Дж

  2. 200 Дж

  3. 250 Дж

  4. 300 Дж

  5. 500 Дж

  1. 00С температурада мұз ериді. Осы кезде энергия:

  1. Жұтылады

  2. Бөлінеді

  3. Жұтылмайды және бөлінбейді

  4. Бастапқыда жұтылады, кейін бөлінеді

  5. Бастапқыда бөлінеді, кейін жұтылады

  1. 1 кг сұйықта қайнау температурасында буға айналдыруға қажетті жылу мөлшерін көрсететін физикалық шама:

  1. Меншікті булану жылуы

  2. Меншікті кебу жылуы

  3. Меншікті жылу сыйымдылығы

  4. Меншікті балқу жылуы

  5. Жылу өткізгіштік

  1. Булануға кері процесс:

  1. Компенсация

  2. Диссоциация

  3. Конденсация

  4. Сублимация

  5. Рекомбинация

  1. Қуаты 1150 Вт электр щәйнекке массасы 0,6 кг су құйылған. Су қайнаған соң қанша уақыттан кейін шәйнектегі барлық су буға айналатынын анықтаңдар. Судың меншікті булану жылуы 2,3*106 Дж/кг:

  1. 1,2 с

  2. 20 с

  3. 1,2 мин

  4. 12 мин

  5. 20 мин

  1. Қысымы өзгеріссіз болатын термодинамикалық процесс:

  1. Изотермиялық

  2. Изохоралық

  3. Изобаралық

  4. Адиабаталық

  5. Изопроцесс

  1. Іштен жанатын қозғалтқыштың жұмыс жасалатын тактісі:

  1. Сорып алу

  2. Сығу

  3. Жұмыстық жүріс

  4. Шығару

  5. Сығу мен жұмыстың жүріс

  1. Жылу машинасы қыздырғыштан бір циклде 10 Дж жылу алып және 4 Дж жылуды тоңазытқышқа берді. Машинаның ПӘК – ін есептеңдер:

  1. 87%

  2. 40%

  3. 60%

  4. 37,5%

  5. 25%

  1. Дене молекулаларының қозғалыс жылдамдығы неғұрлым үлкен болса, ....................:

  1. Оның температурасы соғұрлым жоғары болады

  2. Оның температурасы соғұрлым төмен болады

  3. Оның температурасы тұрақты болып, кейіннен төмендейді

  4. Оның температурасы тұрақты болады

  5. Тоның температурасы төмендейді

  1. Зарядтардың өзара әрекеттесуін зерттегенде, Ш.Кулон:

  1. Зарядталған бөлшектердің үдеткішін қолданды

  2. Иінді таразыны қолданды

  3. Иірілмелі таразыны қолданды

  4. Электродтары бар шыны колбаны қолданды

  5. Зарядталған пластинканы қолданды

  1. Кедергісі 100 Ом, ток күші 20 мА өткізгіштен 20 секундта бөлінетін жылу мөлшері:

  1. 40 Дж

  2. 4 кДж

  3. 0,8 Дж

  4. 800 кДж

  5. 800 Дж

  1. Кернеудің өлшем бірлігі:

  1. Ватт

  2. Ом

  3. Вольт

  4. Ампер

  5. Джоуль

  1. Механикалық энергияны электр тогының энергиясына айналдыратын құрылғы:

  1. Трансформатор

  2. Микроскоп

  3. Сақтандырғыш

  4. Генератор

  5. Конденсатор

  1. Ұзындығы 100 м, көлденең қимасының ауданы 0,1 мм2 сымның электр кедергісін анықтаңдар. Сымның меншікті электр кедергісі 1*10-7 Ом*м:

  1. 100 Ом

  2. 10 Ом

  3. 1 Ом

  4. 0,5 Ом

  5. 2 Ом

  1. Температура жоғарылаған сайын өткізгіштің кедергісі:

  1. Өзгермейді

  2. Артады

  3. Азаяды

  4. Анықталмайды

  5. Азаяды, кейін өзгермейді

  1. 223 К температурасын Цельсий шкаласы бойынша өрнектеңдер:

  1. 3230С

  2. 2230С

  3. 500С

  4. -500С

  5. -2230С



Краткое описание документа:

Разработка "Тесты для 8 классов" представляет собой сборник тестов для 8 классов, в котором обобщены темы, изучаемые учащимися в первом полугодии 8 класса (Термодинамика и молекулярная физика; Электричество: электростатика и законы постоянного тока).

В сборнике тестов собрано 10 тестов по 20 вопросов в каждом с 5 вариантами ответов, один из которых является правильным.

Сборник тестов разработан на казахском языке в соответствии с государственным общеобразовательным стандартом образования Республики Казахстан. Предназначен для проверки знаний, умений и навыков решения задач учащихся 8 классов общеобразовательных школ, специализированных гимназий и лицеев.

Автор
Дата добавления 01.04.2015
Раздел Физика
Подраздел Тесты
Просмотров3275
Номер материала 470013
Получить свидетельство о публикации

Комментарии:

3 месяца назад
жауаптар қайда
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх